Алматы «Сардар» баспа үйі


Қос сөздердің құрамындағы еліктеуіш



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата21.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#10063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37

Қос сөздердің құрамындағы еліктеуіш
 сөздердің лексика-семантикалық сипаты
Сөздік  қорындағы  сөз  санымен  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың 
сапасымен  де,  мағыналық  ауқымымен  де  өлшенеді.  Әдетте,  тіліміздегі 
көптеген  сөздер  өзінің  бір  мағынасымен  ғана  шектеліп  қалмай,  даму 
барысында екі, үш, тіпті одан да көп мағынада қолданылатындығы белгілі. 
Тарихи жағынан синтетикалық сөзжасам модельдерінен бұрынырақ келген 
деп саналатын аналитикалық сөзжасам үлгілері де еліктеуіш категориясының 
өзекті  проблемасына  жатады.  Оның  біріне  өте  жиі  қолданылатын  есім 
мағыналы қайталама және қосарлама қос сөздер жасайтын модельдері жатады. 
Сөздік  қорымызда  жиі  қолданылатын  кез  келген  сөздер  сияқты  еліктеуіштер 
де  қосарлану  тәсілі  арқылы  жасалатыны  белгілі.  Демек,  әрбір  тілдің  сандық 
дамуынан сапалық дамуына көрнекі мысал бола алатын осы құбылыс. Тілдің 
сапалық дамуын, әдетте, оның «ішкі даму заңдылығы» деп те атайды. Тілдің 
ішкі даму заңдылығына сырттан қабылданған ауыс-түйістер, не тілдің сөзжасам 
модельдері  арқылы  жасалған  жаңа  сөздер  есебінен  емес,  сол  тілдің  өзінде 
бұрыннан  бар,  қолданыста  жүрген  лексикалық  элементтерді  (сөздерді)  бір-
бірімен қосарлап, не өздерін екі рет қайталап, жаңа немесе жаңғырған мағынада 
қолдануын жатқызуға болады.
Сөз  байлығын  толықтыра  түсуге,  сөздік  қорымызды  молайта  беруге 
байланысты жеке сөздерді біріктіріп және өзара кіріктіріп жаңа сөз жасау тәсілінен 
кейінгі өнімді құбылыстың біріне қосарламақоссөздер мен қайталамақоссөздер 

56
жатады. Бұл екеуі – бір құбылыстың екі түрлі көрінісі. Сондықтан да болар, олар 
құрамдық  және  жасалу  принципінде  белгілі  ерекшеліктері  бола  тұрса  да,  тіл 
білімінде «қоссөздер» деген жалпы атау аясында бірге қаралады.
Қос  сөздер  –  бойында  тарих  сыры  мол,  ғасырлар  қойнауында  қат-қабат 
болып қалыптасқан, сөз қорының төрінен орын алатын көне де байырғы, бірақ 
ылғи  жаңғырып-жаңаланып,  толассыз  толығып  отыратын  жанды  құбылыс. 
Қос сөздерге тән ең басты ерекшеліктерінің біріне – олардың тілдегі сөзжасам 
модельдері  арқылы  тосыннан,  жаңадан  пайда  болған  сөздердей  емес,  тіл 
байлығымыздың қорында бұрыннан бар, қолданыста жүрген, көне де байырғы 
сөздерді екі түрлі тәсілмен – қосарлау (жұптау, қабаттау), не қайталау арқылы 
жасалып, қалыптасқан (тұрақталған) сөз тіркесін жатқызуға болады. Қос сөздер 
құрамы жағынан да, сан жағынан да үйлесіп қоймай, сапа жағынан да ұласып 
жатады.  Қазақ  тілі  лексикалық  қорының  бір  бөлігіне  қос  сөздер  үлгісінде 
жасалған еліктеуіш қос сөздер жатады. Қос сөздер категориясын қазақ тілінде 
арнайы зерттеп жүрген І.К.Кеңесбаевтың, Ә.Т.Қайдардың, Ш.Ш.Сарыбаевтың, 
К.Ш.Хұсайыновтың т.б. ғалымдардың еңбегін айтуға болады. Бұлардың бәрінде 
де  еліктеуіш  сөздер  қос  сөз  қорының  қалыптасуына  елеулі  роль  ойнайтын 
бұлақтардың  бірі  болып  саналады.  Қазақ  тіліндегі  5  мыңға  жуық  қорының 
шамамен бір мыңдайы осы еліктеуіш қос сөздерден құралған  13; 5-22 Еліктеуіш 
сөздерді тілімізде қосарлау арқылы қолдану – негізгі мағынадан жаңа мағына 
тудыру.  Осындай  тәсілдердің  негізінде  еліктеуіш  қос  сөздер  пайда  болады. 
Мысалы: тарп-тарп ет, бырт-бырт, сырт-сырт, сылп-сылп, шырт-шырт т.б.  Оның 
қатарына  компоненттерінде  еліктеуіш  сөздер  қатысатын  келетін  қос  сөздерді 
жатқызуға болады. Бұлар, әдетте еліктеуіш, елестеуіш, бейнелеуіш сөздерден 
жасалып,  дыбыс,  жарық  құбылыстары  мен  қимыл-әрекеттердің  өзгермелі, 
құбылмалы  қасиетін  бейнелеу  үшін  қолданылады.  Мысалы,  сатыр-сұтыр, 
жалт-жұлт,  сылдыр-сылдыр,  сақ-сақ,  қарқ-қарқ    т.  б.  Қайталама  қос 
сөздердің өздері іштей екі топқа бөлінеді. Бірінші таза қайталаудан тұратын, 
екінші тұлғасы өзгерген қайталама еліктеуіштер. Мысалы бірінші топқа: қылқ-
қылқ жұту, қылтың-қылтың ету, тарс-тарс ету, қорс-қорс ету т.б. Қайталанушы 
екі  компоненттің  біреуі  дыбыстық,  тұлғалы  өзгерістер  арқылы  жасалатын 
қайталама қос сөздерге: cақыр-сұқыр, тарс-тұрс, шаң-шұң,  т.б. жатады. Қосарлы 
және  қайталама  қос  сөздердің  еліктеуіш  сөздер  негізінде  көптеп  жасалу 
себебі  –  олардың  бейнелі  де  әсерлі  эмоционалды-экспрессивті  мағынасына 
байланысты.  Тіліміздегі  қайталама  еліктеуіштердің  саны  қосарламадан 
әлдеқайда басым. Айналада болып жатқан түрлі құбылыстардың қақтығысып-
соқтығысуынан  шыққан  түрлі  дыбыстарды  сипаттауда  қайталама  еліктеуіш 
сөздердің атқарар міндеті зор. Еліктеуіштердің қайталану барысында дыбыстық, 
тұлғалық өзгерістерге түсуі – сол дыбыстық еліктеуіштердің мағыналарындағы 
біркеліктерді өзгертіп, дыбыстық сипатты дәл беру үшін қолданылады. Тарс-тарс 

57
етіп соғу дегенде қатты затты соққылағандағы дыбыс сипатталса, тарс-тұрс соғу 
дегенде дыбыстың бірде қатты, бірде ақырын болғандығын байқаймыз.
Ал бір-бірінен мүлде басқа-басқа еліктеуіш түбірлердің қосарлануы арқылы 
жасалатын  дыбыстық  еліктеуіш  қос  сөздер  сирек.  Мысалы:  салдыр-гүлдір, 
абыр-сабыр,  абыр-дабыр,  арқыра-күркіре,  шақыр-шұқыр,  қаңғыр-күңгір, 
абыр-дабыр, шақұр-шұқыр, қаңғыр-күңгір, қиқыл-шиқыл, ықылық-шықылық 
т.б.  жатады.  Бұл  дыбыстық  еліктеуіш  сөздердің  сырт  тұлғасы  қайталама 
дыбыстық  еліктеуіштерге  ұқсастығы  –  олардың  соңғы  индикаторлары 
қайталанып  келуінде.  Қайталанушы  түбір  алайда  бірдей  емес:  “салдыр-
гүлдір”, немесе “салдыр” деп те “гүлдір” деп те тілімізде қолданыла береді. 
Сол сияқты, “ықылық”, “шықылық”, “сарыл”, “гүріл” т.б. еліктеуіш түбірлі 
жеке сөздердің компонеттеріне –ыл-да-// іл-де- қосымшаларын қосу арқылы 
айналада болып жатқан түрлі құбылыстардың дыбыстарын, адамның жүріп-
тұруы,  сөйлеуі,  т.т  етістіктер  жасауда  мол  мүмкіндігі  бар.  Әуелде  екі  басқа 
түбір сөздер сөйлеу тіліміздің даму барысында жымдасып, өзара мағыналық 
сипат  алып,  түрлі  дыбыстарды  анықтауда  бейімділік  танытатынын  білуге 
болады.  Мысалы:  “салдыр-гүлдір”  деген  қос  сөздің  бірінші  компонентінің 
бірінші буыны жуан, ал екінші компоненттің бірінші буыны – жуан, келесі 
буындары  үндестік  заңына  бағынып  отырып,  дыбыстық  сипат  бір  келкі 
шықпағандығын аңғартып тұр. Қосарлама дыбыстық еліктеуіш етістіктерінің 
өзіндік  ерекшеліктерін  төмендегі  мысалдардан  байқауға  болады.  Далалы 
жерде  лездің  арасында  бұрқырап,  селдетіп,  қара  жаңбыр  арқырап-күркіреп 
өте  шықты.  Осындағы  “арқырап-күркіреп”  қосарлы  дыбыстық  еліктеуіш 
мол  нөсерлі  жаңбыр  алдында  төніп  келе  жатқан  қап-қара  бұлттардың  бір-
біріне қақтығыса-соқтығысқандағы кең даланы көшіріп жіберердей жаңғырта 
күркіреуін сипаттауда қолданып тұр.    
Қайталама еліктеуіштердің қолданысындағы тағы бір ерекшелік көпшілігі 
дербес етістіктермен тіркесу арқылы жасалады. Мысалдар: кеңк-кеңк күл, күңк-
күңк сөйле, мырс-мырс күл, жалт-жалт қара, маң-маң бас, малжаң-малжаң шайна, 
бырт-бырт үз т.б. Бұл тәрізді қайталама қос сөздер дыбыстық сипаттың қалай 
өрбігенін, өзіндік ерекше тәсілдер арқылы қолданылады. Байқасақ, Қалай күлді? 
– Сақ-сақ күлді. Сонымен қатар нақты етістіктермен тіркескенде сол етістікке 
қатынастық мағынаны білдірсе ет қосымша етістікпен тіркескенде (сырт-сырт 
ет)  жалпылама  мағына  береді.  Ет  қосымша  етістігі  арқылы  жасалған  күрделі 
еліктеуіш етістіктердің барлығы дерлік әуел баста бір құбылыстың қақтығысып-
соқтығысуынан шыққан дыбыстың сипатын дәл беру мақсатында қолданылса, 
келе-келе  құлаққа  үйреншікті,  әрі  сіңімді  болуына  байланысты,  жалпылама 
мағынада  қолданылатын  қасиетке  ие  болады  деп  қорытуға  болады.  Мысалы: 
сылп-сылп  жүрді,  тарп-тарп  басты,  сырт-сырт  жүрді  т.б.  күрделі  еліктеуіш 
етістіктердің о бастағы адамның аяқ алысындағы түрлі дыбыстардың сипатын 

58
білдіру мақсатында туындаса, қазіргі жағдайда “жүру” етістігінің өзін айтпай-ақ 
оның орнына ет көмекші етістігін қолдануға болады. Мысалы: сырп-сырп басып 
жүрді – сырп-сырп етіп басты, бырт-бырт үзді – бырт-бырт етіп үзді, шырт-шырт 
түкірді – шырт-шырт етіп түкірді т.т. 
Қазақ  тілінде  дыбыстық  еліктеуіш  қос  сөздердің  қайталама  және 
қосарлама  түрінде  қолданылуының  қыры  мен  сыры  мол  мұндай  сөздердің 
күрделі  ойды  білдіруде  өз  үлесін  қосатын  категория.  Оларды  сыртқы 
түрлеріндегі  айырмашылықтар  мен  қатар,  ішкі  дыбыстық  сипаттарында  да 
айырмашылықтардың  бар  екенін  аңғарамыз.  Демек,  қазақ  тілінде  дыбыстық 
еліктеуіш етістіктер алуан түрлі экспрессивті-эмоцияны, көркем ойды бейнелі 
түрде білдіруде мол мүмкіншілігі зор.        
Төменде қос сөз түріндегі еліктеуіштердің лұғаттық үлгісі беріліп, оларға 
берілген анықтамалар көркем шығарма материалдарынан дәйектелді.
АБДЫРАП-ДАБЫРАП-  <адамның  асып-сасып,  барша  дауысымен 
дәудірлей сөйлеуін бейнелеуші еліктеуіш етістік>
АБДЫР-САБДЫР <қарбалас жағдайға душар болған адамдардың асығыс-
үсігіс, бейберекет әрекет-қимылын бейнелейтін қосарлы есім еліктеуіш>
*Бірақ казак-орыстар кімнің қаншама барына қарамай, он төрт жылқының 
басын қосып алды да, айдап жүре берді. Ауылдың абдыр-сабдыры содан кейін 
басталды (Қ.Исабаев. Өткелде, 159).
АБЫЛ-САБЫЛ <адамдардың қарбалас, тығыл-таяң жағдайын, асығыс-
үсігіс, бейберекет жүріс-тұрыс күйін сипаттайтын бейнелеуіш есім> *Қашан 
көрсең, қызу іс, абыл-сабыл, қашан көрсең, қарбалас, ауыл солай! (Қ.Мырзалиев. 
Домбыра, 74).
АБЫЛЫП-САБЫЛЫП-  <адамдардың  қарбалас,  тығыл-таяңға 
ұшырауы,  асығыс-үсігіс,  ерсілі-қарсылы  жүріс-тұрысын  бейнелейтін 
еліктеуіш>
АБЫЛЫҢҚЫ-САБЫЛЫҢҚЫ <қарбалас әрекеттен, қалай болса солай, 
ерсілі-қарсы  жүрістен  шаршап-шалдыққан  адамдардың  күйін  бейнелейтін 
еліктеуіш есім>
АБЫР-ДАБЫР  <адамдардың  бір-бірімен  дабырлап,  қатты-қатты 
сөйлеуін  бейнелейтін  дыбыс  еліктеуіші>  *Міне,  кешеден  бері  ауылға  абыр-
дабыр келіп, той басталды (І.Жансүгіров. Шығ., 3, 408).
АБЫР-САБЫР  <адамдардың  қарбалас  тірлікке  байланысты  әбігерге 
әрекеті>  *Таң  бозынан  қала  көшелерінде  абыр-сабыр  басталды  да  кетті 
(«Жұлдыз», 2002, №2, 20). *Шетелдіктер көбейіп, абыр-сабыр жиілеп жатқанда 
ауыл  адамдарының  қалай  түскені  Шөңкеге  қараңғы  (Т.Әлімқұлов.  Кертолғау, 
237).
АҒАЛ-ЖАҒАЛ  <ағарған,  ақшыл  және  сарғылт-сары  түстерге 
боялған,  ала-құла,  сатал-сатал  болып  көрінетін  зат  сипаты>  *Ағал-

59
жағал күзгі дала, зәрсіз күн, жолаушы жанын құлазытып, көңілін күйзелтердей 
реңсіз-ақ (М.Сүндетов. Ескексіз қайық, 159).
АҒАЛ-САҒАЛ  <ақ,  қара,  сары  т.б.  түстер  араласып,  ала-құла,  кір-
қожалақ, салтақ-салтақ болып көрінетін зат сипаты > *– Түу, неғып ағал-
сағал, ала-құла болып кеткенсің? (ҚТС, 14).
АҒАРАҢ-АҒАРАҢ  <~  ет-:  алыстан  ақшыл  түс  болып,  еміс-еміс 
елестеу>  *Бір  мезгілде  ай  астында  ағараң-ағараң  еткен  көк  топты  көрді 
(М.Әуезов. Қараш-қараш, 388).
АДЫРАЙЫП-АДЫРАЙЫП-  <заттардың  өз  қалпынан  өзгешеленіп, 
ісініп-қабынып, алыстан көзге ұрып тұратын, анық болып (тұратын қалпы, 
күйі)>  *Иманжапырақтың  тамырлары  адырайып-адырайып  сөлге  буаз 
болған  кез  екен  (Ш.Мұртазаев.  Жүрекке  әжім  түспейді,  248).  *Адырайып-
адырайып білеуленіп кеткен күре тамырларына қарап кейде аяйсың (О.Бөкей. 
Өз отыңды өшірме, 8).
АДЫРАҢ-АДЫРАҢ  <~  ет-:  күшін,  өктемдігін,  тұрпайы  мінезін 
көрсетіп, қайта-қайта қоқаңдағанды бейнелейтін еліктеуіш>
АЖЫРАҢ-АЖЫРАҢ  <~  ет-:  адамның  біреулерге  қыр  көрсете, 
өктемдігін таныта дауысын көтере сөйлеуі> *Өкіл амандық жоқ, саулық 
жоқ, аттан түсер-түспестен завфермаға: – Шошқалар қайда? – деп ажыраң-
ажыраң етті (Ә.Омаров. Кқрлен кесе, 33).
АЗАН-ҚАЗАН  <айғай-шу,  ақырып-шақырған  көп  адамның,  мал 
атаулының (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) бір мезгілде шығарған әр алуан 
дауысы> *Әркім әр үнмен, әр тілмен, әр жерден азан-қазан айқайлап, затын 
мақтап, ...өткізіп жатыр (С.Сматаев. Елім-ай, 82). *Кәдімгі үлкен бәйгедегідей 
азан-қазан ұран салып, елеурей аударысты (Т.Әлімқұлов. Кертолғау, 41).
АЙ-АЙ <«ай!» одағайын қайталау арқылы өзіне көңіл, назар аударту 
үшін қолданылатын ҚҚС> * – Ай-ай! Өзіме бір атым қалдыр, –  деп өңмеңдеп 
Нығман жүр (Ж.Аймауытов. Шығармалары, 60).
АЙБАҚ-САЙБАҚ <қара.: айдақ-сайдақ> *Даусыз бір шындық, әдетте 
роман  мен  повестің  айбақ-сайбағын  оқушы  кешірді.  Ал,  әңгіменің  олпы-
солпысы жанр ретінде оны жоққа шығарды («Қазақ қдебиеті». 08.08.2003, 4). 
*Мұның артынан мылқау сері болып Әбдінің Омары, өзінің серіктері Ысқақ, 
Мұстафа, Алатай, Төлеуқанды ертіп, салдарша айбақ-сайбақ киініп, балдыр-
бұлдыр тіл қатып, қиқыл-шиқыл ән салып, алуан түрлі әсем ойындар көрсетті 
(С.Бегалин. Замана белестері, 187).
АЙҒАЙЛАП-ҰЙҒАЙЛАП<айғай-шу шығарып, улап-шулап, дабыра 
көтеріп>
АЙҒАЙ-ҰЙҒАЙ  <айғай-шу,  дауыс-көтеріп,  улап-шулап>  *Айғай-
ұйғай,  қыздардың  шыңғырған  дауыстары  үйді  жарып  жібере  жаздады 
(М.Дүйсенов. Ант, 1974).

60
АЙҒЫЗ-АЙҒЫЗ <белгілі бір заттың (әйнектің, тақтайдың, қағаздың, 
көгалдың,  тамның  т.б.)  тегіс,  таза,  бірыңғай  бетінің  қалай  болса  солай 
шимайланған, жыртылған, боялған жолақ-жолақ іздері, таңбалары> *Құлын 
байлайтын  көгалдары  айғыз-айғыз  жыртылған  (Ә.Кекілбаев.  Yркер,  149). 
*Жалпы дүниенің беті дәп-дәле. Айғыз-айғыз қан (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 
39).
АЙҒЫЗ-ҰЙҒЫЗ <қалай болса солай, оңды-солды сидақтатып, шимай-
шатпақ етіп сызылған (жазу, өрнек т.б.)>
АЙДАҚ-ЖАЙДАҚ ара.: айдақ-сайдақ; ашық-шашық, жап-жалаңаш> 
*Жәнібектің бұрынғы астық сарайы айдақ-жайдақ (Б.Майлин ҚТС, 20).
АЙДАҚ-САЙДАҚ <бір нәрсенің бетіне қалай болса солай, көңілсіз түрде, 
ыждағатсыз шимайланып жазыла салған бейне> *Қабырғалар айдақ-сайдақ 
ағартылған (ҚТС, 20).
АЙҚАЙ-ҰЙҚАЙ  <айқайлап,  даурыққан  дауыстар,  у-шу>  *Ұрыс 
басталғанын айқай-ұйқайдан айырады («Жұлдыз», 2002. №5 130). *Жолаушылар 
жолдан адасып, айдалада айқай-ұйқайға басып, әрі-бері сандалды (Т.Әлімқұлов. 
Кертолғау, 138).
АЙҚАП-ЖАЙҚАП-  <жан-жағындағының  (адам,  дүние-мүлік,  өсімдік 
т.б.) бқрін баса-көктеп, апырып-жапырып, аяғымен таптап...>
АЙҚАП-ШАЙҚАП-  <1.  жалғанды  жалпағынан  басып,  күліп-ойнап, 
рахаттанатын  (өмір  өткізу,  жасау);  2.  ауыс.  жан-жағындағының  (адам, 
дүние-мүлік,  өсімдік  т.б.)  бәрін  баса-көктеп,  таптап-жапырып  (жермен 
жексен  ету)>  *Үстінен  шағырайған  күн,  айқап-шайқаған  үйреншікті  ырғақ, 
түйенің  баппен  басқан  мимырт  аяңы  оны  кейде  қалғытып-мүлгітіп  жібереді 
(Н.Әбуталиев. Құрдастар, 40).
АЙҚЫШ-ҰЙҚЫШ <бір-біріне айқасып жатқан заттар>
*Төбесінде  арабша  айқыш-ұйқыш  жазу  бар  (Т.Әлімқұлов.  Дүбәра,  59). 
*Оның  маңында  айқыш-ұйқыш  сызылған  дағарадай  қағаз  (Т.Әлімқұлов. 
Кертолғау, 250).
АЙНАЛЫП-АЙНАЛЫП-  <  1.  бір  заттың  өз-өзінен  бірнеше  рет 
айналып өз орнына келуі; 2. бір орынға қайта-қайта оралу, бір нәрсені тору, 
біраз жерден шарлап о баста шыққан жеріне қайтып келу> *Кемпірі екеуі осы 
әңгімеге айналып-айналып соғып, үміт білтесін тұтатады (М.Сқақбаев. Пенде 
ғұмыр, 21).
АЙПАР-ЖАЙПАР <көпшілік аяғымен таптап, жапырып кеткен жер 
бетінің,  жер  бетінде  өсетін  өсімдіктердің  көрінісі,  ту-талақайы  шыққан 
бейне,  қалпы...>  *Дауылбай,  қыздар  менен  айпар-жайпар,  екеуі  бітім  десе, 
басын шайқар (Абай. Таңд. Шығ., 162)
АЙ-ТYЙ  <~  ге:  қарамау:  анау-мынауға,  «олай  еді,  былай  еді»  деп 
түсіндіруге қарамау>

61
АЙРА-ЖАЙРА  <адамдардың,  заттардың  қалай  болса  солай,  бірінің 
үстіне бірі үйіліп, жапырылып, ат көпір болып жату қалпы, күйі> *Оқу 
басталып, мектеп айра-жайра болып жатса ұят та (Ш.Мұртазаев. Жүрекке 
әжім түспейді, 80).
АЙРАП-ЖАЙРАП  <адамдардың,  заттардың  жапырылып,  үйме-
жүйме болып (жатуы)> *Тамтығы қалмаған деревня айрап-жайрап жатыр 
(Р.Райымқұлов. Бұрылыстар, 195).
АЙТ-АЙТ  <қой  қотанын  күзетуші  қойшы-қолаңның  ит-құстарға 
қарсы иттерін айдақтайтын одағайы> *Әкем қой қотанын айнала кезіп: 
«айт-айт» деп айқайлап жүр (А.Сарбөпин. Аспалы бесік, 9).
АЙТ-YЙТ  <біреуді  біреуге  айдап  салу,  делебесін  қоздыруды 
сипаттайтын сөз>
АЙТЫЛЫП-АЙТЫЛЫП-  <әбден  қайталанып,  сан  рет  айтылып, 
айтыла-айтыла (мезі болған сөз, қасаң болған нәрсе)> *Жаңадан жасалған 
шарттардың  жариялы  болуы  керектігі  де  әбден  айтылып-айтылып  қасаң 
болған нәрсе («Ана тілі», №5, 06.02.2003, 3).
АҚШАҢ-АҚШАҢ <~ ет: біреуге ала көзімен зілдене қарап, басқаларға 
сөз бермей, сумаңдап сөйлеуді бейнелеу>
АЛАҚ-ЖҰЛАҚ <адамның бір нәрседен қорқып, сескеніп, не адасып, 
біреуді  іздеп,  жан-жағына,  алды-артына  қайта-қайта  жалтақтап 
қарауын  бейнелейтін  еліктеуіш>  *Ол  алақ-жұлақ  қарай  берді  (ҚТС,  31). 
*Көздері ұшқын атып, алақ-жұлақ етіп, тұра-тұра ұмтылады (М.Мағауин.
Таңд. шығ. ІІ том, 32).
АЛАҢ-АЛАҢ <~ ет: жан-жағына алаңдай қарап (сасқалақтау)>
АЛАҚАНДАЙ-АЛАҚАНДАЙ <1. алақанның аумағындай үлкен-үлкен 
көзге  байланысты;  2.  алақанның  аясындай  шағын-шағын  (жер  бетіне, 
кигізге т.б. заттарға байланысты)> *Ат жақты, қыр мұрынды, өндірдей 
қара торы жүзін әлде бір жұмбақ нұрға бөлеп, алақандай-алақандай екі көз 
тұңғиық мөлдірейді... (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 134).
АЛАҚТАП-ЖҰЛАҚТАП- <сасқалақтап, жан-жағына (қарай беру)> 
*...Алақтап-жұлақтаған  Жекен  жылдамдата  жүре  бергенде  аяғы  тайып 
тырапай асты («Жетісу». 1.03.2003, 9).
АЛАҢҒЫТ-АЛАҢҒЫТ  <қалың  тоғай,  орман  ара-арасында  ағаш 
өспейтін көптеген үлкенді-кішілі алаңдар, ашық жерлер> *Тіпті қайсыбір 
ағаш  арасындағы  алаңғыт-алаңғыт  жерлер  қарынан  арылып,  қарауыта 
бастаған (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 619).
АЛАПАЙ-ТАЛАПАЙ <~ ын шығару: үйдің, заттың опыр-топырын 
шығару, қәтер-тәптерін шығару>
АЛАС-АЛАС <отқа табынуға, отпен ауруды аластауға байланысты 
емші-домшының қайталап айтатын сөзі>

62
АЛБАҢ-ДАЛБАҢ  <етек-жеңі  желпілдеп,  ашылып-шашылып  жүгіріп 
келе  жатқан  адамның  әрекетін  бейнелеу>  *Шекер  жеңіл  киініпті,  ал  біздің 
әйелдің шапанының етегі албаң-далбаң (С.Бердіқұлов. Пердесіз көңіл, 207).
АЛҒАУ-ДАЛҒАУ  <диал.  ала  сапыран  мазасыз,  аумалы-төкпелі 
жағдайдың сипаты>
АЛДЫ-АЛДЫНА <әркім өз бетінше, бет-бетіне, өзімен-өзі>
АЛДЫҢ-ДYЛДІҢ <арсы-күрсі, алды-артын ойламайтын (адам сипаты)> 
*Ол  сырттай  қарағанда  ештемені  ойламайтын  алдың-дұлдың,  парықсыз  жан 
сияқты (С.Жүнісов. Жапандағы жалғыз үй, 267).
АЛДЫРАП-САЛДЫРАП<көп жүріп, жұмыс істеп шаршаған-дықтан 
не  ұрылып  соғылып  қалған  адамның  бүкіл  денесін,  аяқ-қолын  көтере  алмай 
(былқ-сылқ болған күйі)>
АЛДЫР-БҰЛДЫР  <1.  көмескі,  күңгірт,  әрең-әрең  көрінетін  заттың 
бейнесі, сұлбасы; 2. ауысқара.: балдыр-бұлдыр> *Бұлт басқан ай сәулесінен 
алдыр-бұлдыр  еткен  жер  шарасын  қос  қуғыншы  байқай  отырды  (Ә.Көшімов. 
Қысалаң жыл, 134).
АЛДЫР-  САЛДЫР  <1.  дауысын  көтеріп  қатты-қатты,  жылдам-
жылдам  сөйлегендегі  әртүрлі  дыбыстарды  білдіретін  еліктеуіш>  *...Оның 
алдыр-салдыр, ақпа сөйлейтіні де бар (О.Сәрсенбаев. Таңдамалы шығармалары, 
1, 143).
АЛЖА-АЛЖА  <~  болу:  қартайып,  ет-сүйектен  арылып,  алқам-салқам 
болу; етінен арылып, құры қаңқасы қалу...> *Алжа-алжа кемпір-шал (ҚТС, 34).
АЛҚАМ-CАЛҚАМ  <1.  жан-жағы  ашық-шашық,  қалай  болса,  солай 
жатқан  дүние-мүлік,  үй-жай;  2.  үсті-басына  дұрыс  қарамай,  қалай  болса, 
солай  (етек-жеңі,  омырауы  ашық,  түймесіз  т.б.)  киіну  сипаты;  3.  бас-аяғы 
жинақталмай,  ашық-шашық  қора-қопсы  т.б.  қара:  алқа-салқа  >  *Алқам-
салқам  отырған  батырдың  қолына  қара  суыр  тоғыз  буын  қара  найзасы  іліне 
қапты (С.Сматаев. Елім-ай, 259). *Ломоносовтың алқам-салқамдығы оған заң 
емес (Т.Әлімқұлов. Шежірелі сахара, 169).
АЛҚА-САЛҚА <бас-аяғы жинақы емес, қалай болса солай киінуге, ашық-
шашық  жүруге  қатысты  бейнелеу>  *Күннің  қызуына  шыдай  алмай  алқа-
салқа, шешініп тастаған сияқты (Ш.Мұртаза. Жүрекке әжім түспейді, 56).
АЛПАҚ-САЛПАҚ <1. өзіне-өзі қалай болса солай қарап, дене мүшесін 
секіртіп, үсті-басына не болса соны киіп үйренген ұқыпсыз адам сипаты; 2. 
қалай болса солай, аяғын ширақ баспай, салпаңдап жүретін адам сипаты> 
*Лашкарларды  бастап  келген...  қара  аюдай  алпақ-салпақ  мол  денесі  мен 
бойына біткен алып күші үшін «Қарашық» аталған Дарвиш-Хусаин батыр 
(І.Есенберлин. Алмас қылыш, 211).
АЛШАҢ-АЛШАҢ  <адамның,  малдың  өзін  кербездене  ұстап,  аяғын 
шалқайта асықпай басуын бейнелеу қалпы> *Яшайло бұқадай тұқырайып 

63
алшаң-алшаң  басып  кірді  де,  кабинеттің  тап  ортасында  тұрып  қалды 
(З.Шашкин. Таңд.шығ., 284).
АЛЫП-АЛЫП<~ соқ: бір емес, бірнеше рет жерден көтеріп алып, 
жерге соғуды бейнелеу> *Yндеместен жабылып, екеуін алып-алып соқты да, 
тізерлеп басып-басып алды (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 61)
АНДЫЗДАП-АНДЫЗДАП-  <әр  жерден  бір  бытырап,  көрініп, 
жан-жақтан,  тұс-тұсынан  қаптап  шығу  қалпын  бейнелейтін  етістік> 
*Портта тұрған кемелерден сырық мачталары андыздап-андыздап қоя берді 
(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 711).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет