БЫЖ-ТЫЖ <~ ол: берекесі кету, әуре-сарсаңға түсу> *Бригадир оларды
атпен қуып, быж-тыж болып жүр (О.Бөкеев. Мынау аппақ дүние, 145). *
«Пұшық шіркін келді де быж-тыж қылды» деген екен біреу (Т.Әлімқұлов.
Кертолғау, 185).
БЫЖЫҢ-БЫЖЫҢ <адамның міңгірлеп көп сөйлеуін бейнелейтін
еліктеуіш; қара: мылжың-мылжың>
БЫЖЫР-БЫЖЫР <бет-әлпеті, үсті тегіс емес, кедір-бұдыры, қисық-
қыңыр жерлері көп заттың бейнесі> *Оның өсімдік шөптері быжыр-быжыр
әріптер тәрізді (М.Қаратаев. Даладағы дабыл,78).
БЫҚ-БЫҚ <быжынаған, бірінің үстіне бірі үймелеп, құжынаған
көпшілік, не қалың мал, насекомдар (шыбын-шіркейі маса, құрт-құмырсқа)>
*Көп столдардың айналасында қонақтаған құстардай дүйім жұрт бық-бық етеді
(«Қазақ әдебиеті», 1969. 19.07. 4).
БЫЛДЫР-БЫЛДЫР <жаңадан тілі шыға бастаған жас балалардың
әлі толық қалыптаса қоймаған, бұзып айтатын «шалалау» тілінің жалпы
сипатын білдіретін еліктеуіш>
БЫЛҚ-БЫЛҚ <~ ет: заттың, дененің жүргенде, қимылдағанда
жұмсақтығын, бұралып, былқылдап тұратындығын бейнелейтін еліктеуіш>
*Жас баланың еңбегі сияқтанып, аяғыңның асты былқ-былқ етіп ойыла жаздап
жатыр (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 57). *Былқ-былқ басып, бұралып, ханның
қызы, Жеңгелері жанында, жақындады (Б.Майлин. Шығ., 1958, 209).
БЫЛҚ-СЫЛҚ <1. бойы, бітім-болмысы бос, қатайып тұра алмайтын,
қалай болса солай, былқылдап тұруын бейнелейтін еліктеуіш; 2. ауыс. денесін
бос ұстап, былқ-сылқ етіп, сәнденіп жүру бейнесі> *Аурудың оң аяғы былқ-
сылқ етеді. Келіншек былқ-сылқ басып келеді (ҚТС, 125). *Күн сайын талай
үйден ет жеп, іркіт ішіп, ер үстінде отыра алмай, былқ-сылқ етіп қалжырап келе
жатқан (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 86). *Балтаны ұстаған түрін қарашы: тұла
бойы былқ-сылқ, осылай да ағаш шаба ма екен (Б.Майлин. Шығ.).
БЫЛҚЫЛ-СЫЛҚЫЛ <босаңсыған әрекет...> *Былқыл-сылқылыңды
көрсетпе, аулақ әкет! – деді (М.Әуезов. Абай жолы, 1, 25).
БЫЛШ-БЫЛШ <~ ет: 1. су кешкенде, жұмсақ нәрсені қолмен ұрлағанда
қайталап шығатын дыбысты бейнелейтін еліктеуіш> *Өң мен түстің
арасындай мұнар дүние. Бетіме былш-былш шашыраған балшықты сезем
(Т.Ахтанов. Боран, 325). *Ерден Ақботаны қамшының астына алып ұрады. Бас
демей, көз демей былш-былш ұрады (З.Шашкин. Ақбота, 25).
БЫЛШЫҚ-БЫЛШЫҚ <көзі іріңдеп, былшық басқан қалпын
бейнелеу>
72
БЫЛЫҚ-ШЫЛЫҚ <су басып әрі былқылдап, әрі шылқылдап
жатқан (лай-батпақ жер сипаты)> *Бұл да былық-шылыққа үйір
(ҚТС, 125).
БЫР-БЫР <қорылдап ұйықтағанда қайталап шығатын дыбысты
бейнелейтін еліктеуіш> *Быр-быр ұйықтаған жылқышыны төбеттің
анда-санда маңқ еткен даусы, үйде қымызға тойғандардың күжілі
дамыл-дамыл аунақшытып қояды (Ғ.Мұстафин. Қарағанды, 1952, 57).
БЫРҚ-БЫРҚ <1. қазандағы қойыртпақ ботқаның бырқылдап
ұзақ қайнағанда шығатын дабысты бейнелейтін еліктеуіш; 2. біреудің
сыртынан ұрсып, айыптап өзінше сөйлеуін бейнелейтін еліктеуіш>
*Құйрық жалбырап тағы жыртылады Көнбіс ана бырқ-бырқ ұрса отырып
тағы жамайды (Б.Соқпақбаев. Бастан кешкен, 1970, 65).
БЫРТ-БЫРТ <малдың көк шөпті үзіп жеп, шайнағанда шығатын
қайталанып естілетін, адамның арқасын уқалап, желін үзгенде
естілетін дабысын бейнелейтін еліктеуіш> *Yйдің іргесіндегі отқа
кенеліп, оймақтай аузымен жас көкті бырт-бырт үзіп жеп жатады
(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 15). *Қыл арқан бырт-бырт кесілді
(С.Сматаев. Елім-ай, 110).
БЫРТИЫП-БЫРТИЫП- <адамның т.б. заттардың әбден семіріп,
пісіп-толып домаланған, быртиған күйге келген қалпын бейнелейтін
еліктеуіш етістік> *Башпаларының да быртиып-быртиып ісіп кеткен
түрі бар (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 218).
БЫРЫСЫП-ТЫРЫСЫП <адамның, жан-жануарлардың әртүрлі
сыртқы да ішкі әсерден дене мүшелерінің, табиғат-болмысының
жиырылып, құрысып, тартылып (қалуы)> *Алдымен белі бүкшиіп
Өскенбай келді, одан соң бармақтары сексеуілдің жігеріндей бырысып-
тырысып Сәмбет келді (Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 148).
БЫТЫР-БЫТЫР <ұсақ заттардың жерге үзіліп түскендегі,
алыста атылған мылтықтардың бытырлаған дыбыстарын
бейнелейтін еліктеуіш> *Әрқайсысынан бытыр-бытыр еткізіп алдына
төкті (Ғ.Мүсірепов. Таңд. шығ., 2, 63). *Асқар көшеде бірдемелер
бытыр-бытыр еткенде селк ете түсіп, құлақ түре қоймады (С.Мұқанов.
Ботагөз, 1956, 411).
- Г -
ГУ-ГУ <1. желдің толассыз гуілдеп, қатты соғуын білдіретін
дыбыс еліктеуіші; 2. ауыс. әр жерден, әрбір топтанған адамдар
тарапынан шыққан және ұзаққа созылған әр түрлі әңгіме, сөздер>
*Құдықтан екі аттам жердегі киіз үйден гу-гу дыбыс шығады
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 214). *Айнала гу-гу әңгіме («Жұлдыз»,
2002. №7. 96).
73
ГУ-ГУЛЕ <«гу-гу» дыбыс еліктеуішінен туындаған еліктеуіш етістік>
*Түн ортасында тойда әркім билеп, гу-гулеп, тоқтаусыз ән айтып, еркінсіп кетті
(А.Жақсыбаев. Қайырлы таң, 1970, 115).
ГYЖ-ГYЖ <1. қайта-қайта гүжілдеп шығатын дыбыс еліктеуіші; 2.
Бұқаны күйлеу кезінде шабытын келтіріп, құмарлығын арттыра түсу үшін
айтылатын сөз> *Шоферлердің жүзі көрінбейді, тек дауыстары ғана гүж-гүж
етеді (К.Жұмабаев. Жұмбақ үй, 99). *Томырық қара бұқа гүж-гүж етіп, Қояды
қойды кейде нұқып, жекіп, Қой, бірақ қабақ шытпай қарсы алады, Жатса да
ойсыз (С.Сейтенов. Сапар соңы, 109).
ГYЖ-ГYЖДЕ <қара.: гүж-гүж>
ГYМП-ГYМП <өте терең шұңқырға, не терең құдықтағы суға ауыр
заттың жоғарыдан қайта-қайта құлап түскенде шығатын дыбыс сипаты>
*Түтін де от, Гүрсілде оқ. гүмп-гүмп гүрсоқ, Көк теңіз шоқ (С.Сейфуллин. Шығ.
ІІ том, 118). *Гүмп-гүмп піскен қара саба, Жүгірді, әне бала-шаға. Бәйбіше, ойбай,
бұрқылдады: «Бір ішкізбей оңашада!» (Б.Майлин. Шығ. 145).
ГYР-ГYР <1. техника (машина, трактор, т.б.) моторының тоқтаусыз
жүргенде естілетін дыбысының сипаты; 2. дауысы жуан адамның гүрілдеп
шығатын үні> *Ол жұмыстан келгенде үй ішіне арыстан кіріп кеткендей жуан,
зор даусы гүр-гүр етіп, солдат етігі жаман еденді сындыра жаздап, солқ-солқ
басып жүреді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 392). *Бастық отыратын жақтан ер
адамның гүр-гүрлеген жуан дауысы естіліп қалып тұр («Жұлдыз», 75, 2002. №2.).
ГYРС-ГYРС <қомақты, үлкен де ауыр заттың сынып, опырылып құлап
түсіп жатқан дыбысының сипаты> *Гүрс-гүрс піскен сабаның дауысына
ілесе, түрулі іргеден қымыздың хош иісі аңқиды (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ,
279). *Ауыздығымен алысқан ақ езу тентек, көбік түкірген толқындар жағалауды
бар пәрменімен ұрғылағанда, асау тепкіге шыдай алмаған жарқабақ гүрс-гүрс
омырылады (О.Бөкеев. Мынау аппақ дүние, 80)
ГYРСІЛ-ДYРСІЛ <қайта-қайта гүрс-гүрс, дүрс-дүрс етіп естілетін
дыбыс сипаты> *Қала іші гүрсіл-дүрсіл (ҚТС, 138).
ҒЫШ-ҒЫШ <жылқы малын суарғанда айтылатын ишарат сөз>
- Д -
ДАБЫР-ДАБЫР <жиналған көп адамның бір-бірімен дабырласып,
дауысын көтеріп сөйлескендегі қаңғыр-күңгір үндеріне еліктеу> *Мәжіліс
тарады. Жұрт дабыр-дабыр сөйлесіп үйді-үйіне қайтты (С.Бақбергенов. Адам
және көлеңке, 355).
ДАБЫР-ДҰБЫР <дабырласып сөйлесіп отырған адамдардың әр түрлі
дыбыстары> *Бір кезде құлағым даладан әлдебір дабыр-дұбырды шалды
(Қ.Байсейітов. Құштар көңіл, 15)
ДАБЫР-ДYБІР <сырттан естілген көп кісінің өзара қатты дауыстап,
бейберекет сөйлегендей үндері; қар. дабыр-дыбыр>
74
ДАҚ-ДАҚ <адамның аяғын тік те нық басып жүргенде шығатын дыбыс
еліктеуіші> *Жүсіп әскери тәртіппен сол жағымен айналып, аяғын дақ-дақ баса
шығып кетті (ҚТТС, 3, 34).
ДАЛА-ДАЛА <әдетте, адам үстіндегі киімнің немесе денесінің тігілгенін,
жыртылып пәре-пәре болуына, қасқырға таланып, жарақаттанған малдың
денесіне байланысты «жыртылудың», «таланудың», «жарақаттанудың»
дәрежесін күшейту үшін қолданылады...> *Төрт шанаға бөліп салған дүниеміз
бар. Бетімізді үсік шалғандай дала-дала (С.Жүнісов. Жапандағы жалғыз үй, 286).
*Өне бойын дала-дала қылған қыран шеңгелінің ең болмаса бір өткір тұяғын
шайнап кетпек еді (М.Әуезов. Шығ. 6 том, 112).
ДАЛАҚ-ДАЛАҚ <адамның етек-жеңін бос жіберіп, жаяу, не атқа
мініп бекер-босқа шапқылай беретін әрекетін бейнелейтін еліктеуіш> *Ең
алдымен ескі шекпенінің екі етегі екі шалғайға кетіп, далақ-далақ шауып келе
жатқан жылқышы Кенже екен (Ш.Мұртазаев. Қызыл жебе, 177). *Екі етек
екі жақта, далақ-далақ етіп, құланы қос өкпеге тепкілеп аямай төпеп келеді
(Т.Жақыппайұлы. Хасан ата, 23).
ДАЛАҢ-ДАЛАҢ <адамның қалай болса солай, мақсатсыз етек-жеңін
салпылдатып шапқылай беруін бейнелейтін еліктеуіш>
ДАЛАҢ-ДҰЛАҢ <қара.: далаң-далаң> *Баланы орынсыз еркелету көбіне
опық жегізеді, далаң-дұлаң қылық содан шығады (ҚТТС, 3, 39).
ДАЛБА-ДҰЛБА <заттың (мата, қағаз, т.б.) быт-шыт болып
жыртылған, алба-жұлба, пәре-пәре болған қалпы> *Дене бітімі
бұрынғыдан әлдеқайда кішірейіп кеткен сияқты, тіпті, далба-дұлба, тым
қораш (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 188).
ДАЛБА-ЖҰЛБА <қара.: далба-дұлба> *...Yстінде жыртық жерлерін
ескі шүберекпен жамаған далба-жұлба жарғақ көйлек еді (ҚТТС, 3, 39).
ДАЛБАҚ-ДҰЛБАҚ < қара.: далба-дұлба>
ДАЛБАҢ-ДАЛБАҢ <1. адамның беталды, мақсатсыз қалай болса солай,
далбаңдап шаба беруін, жүгіре беруін бейнелейтін еліктеуіш 2. ~ ет: үсті-
басы алма-жұлма, жыртық-жыртық күйінде далбаңдап жүгіруді бейнелеу>
*Мен жеткенше қарақұс далбаң-далбаң етіп аспанға қайта көтеріліп кетті
(Қ.Әжікеев. Саятшылық, 7).
ДАЛБАҢ-ДҰЛБАҢ <қара.: далбаң-дұлбаң>
ДАЛ-ДАЛ <матаның, қағаздың, т.б. сол сияқты заттардың пәре-
пәре болып жыртылып айырылып, быт-шыты шыққан күйі> *Мысықтың
отырысына, өнебойына қайтадан көзі түскен сары бәйбіше, оның ішкі
көйлегінің жағасы дал-дал болып жыртылып тұрғанын көрді (С.Бегалин.
Шоқан асулары, 23). *Ершенің үстіндегі көйлегі дал-дал (ҚТТС, 3, 41).
ДАЛДЫҢ-ДҰЛДЫҢ <жиналған топ адамның өзара қалай болса
солай, дабырлап қатты-қатты сөйлеп, бейберекет жүріп алуы (?)>
75
ДАЛП-ДАЛП <етек-жеңін далпылдатып жүгіруді бейнелейтін
еліктеуіш> *Қанатын үсті-үстіне сілтеп, далп-далп қағады (Ә.Нұрпейісов.
Қан мен тер, 836).
ДАҢҒЫР-ДАҢҒЫР <темір-шелек, ағаш бөшке, т.б. осы сияқты
іші қуыс ыдыс-аяқтың өзара соқтығысқанда шығатын дыбыс еліктеуіш>
*Түйе артқан тең-тең жүктің жан-жағына байлаған қазан, шелек жол бойы
даңғыр-даңғыр етеді де отырады (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер, 233).
ДАҢҒЫР-ДҰҢҒЫР <қара.: даңғыр-даңғыр> *Осы кезде мектеп
жақтан даңғыр-дұңғыр сөйлескен адамдар дауысы естілді (Ә.Нұршайықов.
Махаббат қызық мол жылдар, 111).
ДАҢ-ДҰҢ <даңғыр, дүңгір еткен әртүрлі дыбыс еліктеуіші> *Боз
көлдің айналасы қиқу, даң-дұң, ...біреуді біреу біліп болмайды (ҚТТС, 3, 49).
ДАР-ДАР <матаның, қағаздың, т.б. осы сияқты заттардың қайта-
қайта ұзына бойымен жыртқанда шығатын дыбыс еліктеуіші> *Тұп-
тұнық ауа дар-дар жыртылып, әкесінің алдында қара көк мөлдір шеңбер шыр
көбелек айналады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 78). *Тоз-тоз бөлініп, дар-
дар айрылған қаралы ел қаһар шақырып, қайратын «Елім-аймен» шыңдады
(С.Сматаев. Елім-ай, 244).
ДАРДАҢ-ДҰРДАҢ <адамдардың әдепсіздік жасап, ел алдында
тайраңдап, тойтаңдап, дардаңдап қалай болса солай, жүру қалпы>
ДӘЛДYҢ-ДYЛДІҢ <ақыл-есі аздау, есерсоқтау, не айтып, нені
қойғанына мән бермейтін адамның сипаты>
ДЕДЕК-ДЕДЕК <~ жүгір: аяғы жерге тиер-тимей дедектеп жүгіруді
бейнелейтін еліктеуіш>
ДЕЛБЕҢ-ДЕЛБЕҢ <бір нәрсенің өзінен өзі, не жүгіргенде, жел
тұрғанда желп-желп етіп, желбіреп, желкілдеуін бейнелейтін еліктеуіш>
ДЕЛДЕҢ-ДЕЛДЕҢ <желпіген желдің әсерінен етек-жеңнің қайта-
қайта жоғары көтеріліп, жалпылдауын бейнелейтін еліктеуіш> *Оның
жүрегі ... дірілдеп, өкпелі көріктей көмпиісіп, танауы делдең-делдең етті
(ҚТТС, 3, 101).
ДЕЛЕҢ-ДЕЛЕҢ <адамның көңілі шалқып, жан-жағына қарап, қайта-
қайта алаңдап, елеңдеуін бейнелейтін еліктеуіш> *Алтын басты азаматтың
абыройын ұрғашының делең-делең етегіне тәуелді қылған құдай шебер ай!
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 164).
ДОБАЛДАЙ-ДОБАЛДАЙ <ебедейсіз, рабайсыз, қолапайсыз тым
үлкен заттардың сипаты>
ДОДА-ДОДА <көкпар ойынында додаға түскен малдың (көбінесе
серкенің) көкпаршы жігіттердің қарулы білектерімен жан-жаққа
тартқылдауынан, жыртылып, бас-аяғы араласып мылжаланып кетуіне
салыстыра-салғастыра бір нәрсенің ұйпа-тұйпа болуын бейнелеу...> *–
76
Есіктен қылтиып шашы дода-дода, орта жастардағы қатқан қарасұр қйелдің
басы көрінді (М.Мағауин. Қияндағы қыстау, 251). *Шашы дода-дода
Өмірбай анадай жерде отыр ... (ҚТТС, 3, 145)
ДОРБАҢ-ДОРБАҢ <~ ет: ебдегейсіз, қолапайсыз қимыл-әрекет
жасауды білдіретін бейнелеуіш еліктеуіш>
ДӨҢКИІП-ДӨҢКИІП <жер бетінен көтеріліп, оқшауланып
жататын, көзге ұрып тұратын қомпиып, дөңкиіп (тұратын заттардың
бейнесі) > *Жағасында дөңкиіп-дөңкиіп түйе тастар жатыр (Ш.Мұртазаев.
33).
ДУ-ДУ <у-шу, дабыр-дұбыр, гу-гу т.б. осы сияқты әр алуан
дыбыстарды білдіретін еліктеуіш> *Айғыр жиын ду-дудың ортасында
отырсын мейлі, төрт жағында төрт ұлы тұрсын мейлі, өзін-өзі бір түрлі
жалғыз сезінеді (Ә.Кекілбаев. 30).
ДYБІР-ДYБІР <сырттағы малдың, адамның, т.б. қимыл-қозғалыс,
жүріс-тұрысынан естілетін дүрсіл, тарсыл дыбыс еліктеуіші> *Дәліз
есігінің сыртында дүбір-дүбір, күтір-күтір естіледі (ҚТТС, 3, 193)
ДYК-ДYК <сырттан, жер басудан естілетін дүк-дүк еткен дыбыс
бейнелеуіші> *Сыз қабырғаны дүк-дүк ұра бастады (Ә.Кекілбаев. Бір уыс
топырақ, 251).
ДYМБІР-ДYМБІР <домбыраның, кең күмбездің қайта-қайта
дүңгірлеп шығатын үнін білдіретін дыбыс еліктеуіші>
ДYМП-ДYМП <малдың т.б. жүрісінен естілетін дүңкілдеген,
дүрсілдеген дыбыстардың сипаты> *Па шіркін, қасқа айғырдың аяқ басуы-
ай! Жерді дүмп-дүмп еткізеді (ҚТТС, 3, 202)
ДYҢГІР-ДYҢГІР <қоңырау, т.б. ұрмалы-үрмелі аспаптарды
(даңғыра, дауылпаз т.б.) ұрып-соққанда шығатын дыбыстарды білдіретін
еліктеуіш> *Түбірдегі аттың доғасына ілген үлкенді-кішілі үш қоңырау
... сыбызғы үнді скрипкаларға ұқсайды; сыңғыр-сыңғыр, дүңгір-дүңгір
шылдыр-шылдыр (ҚТТС, 3, 208).
ДYҢК-ДYҢК <1. даңғыра, барабан, т.б. аспаптарға ұрғанда дүңкілдеп
шығатын дыбысты білдіретін еліктеуіш; 2. ауыс: алып қашты, ел арасына
тарап кеткен дақпыр, өсек-әңгіме> *Көк тасты дүңк-дүңк тоқпақтап жатқан
өзге дүрсіл бұрынғыдан да күшейе түсті (Ә.Кекілбаев. 254). *Жалғыз ат
жеккен тасты бидай бауларының үстімен дүңк-дүңк айналдыра береміз...
(Ш.Мұртаза. Ай мен Айша, 26).
ДYР-ДYР <қайта-қайта, не тұрақтап дүрілдеген дыбысты білдіретін
еліктеуіш> *Бүркіттің бой жүнін түлету үшін қатты семіртсе жетіп жатыр.
Дүр-дүр сілкінгенде жапырақтары төгіліп түсіп қалады (А.Сейдімбеков.
Күңгір-күңгір күмбездер. 137). *Сырттан дүр-дүр еткен машина даусы
естілді (ҚТТС, 3, 214).
77
ДYРС-ДYРС <бір емес, бірнеше қайта, не қайта-қайта соғып тұрған
жүректің, тамырдың, т.б. соған ұқсас заттың шығаратын баяу дыбысын
білдіретін еліктеуіш> Кенет дәл қасынан дүрс-дүрс дыбыс естілді (Ә.Кекілбаев.
Бір уыс топырақ, 254).
ДYРСІЛ-КYРСІЛ <аттың жүрісінен, ауыр заттардың (машина,
трактор, поез, танкі т.б.) қозғалысынан (жер асты арқылы) естілетін
дүрсілдеген, гүрсілдеген дыбыстар>
ДYРІЛ-КYРІЛ <моторлы техниканың (трактор, машина, танк, ұшақ
т.б.), сондай-ақ басқа да дыбысы қатты шығатын құралдардың қозғалып,
жүргенде естілетін дүрілдеген, гүрілдеген дыбыстары> *Дүріл-күріл, ызы-шу
самсаған қол. Сары дала (М.Жұмабаев. Шығ., 2, 59).
ДYСІР-ДYСІР <ауыр заттардың жоғарыдан түскенде, құлағанда
шығатын дүрсілдеген, дүсірлеген дыбыстары> *Дүсір-дүсір тұяқ үні анық
естілетіндей (Ә.Кекілбаев. Yркер, 10).
ДЫБДЫР-ДЫБДЫР <жай ғана сөйлегенде баяу сыбырлаған дыбыстарды
білдіретін еліктеуіш> *Жұмағұлдың асығып-үсігіп дыбдыр-дыбдыр айтқан
сөзінен еш нәрсе түсінсем бұйырмасын (ҚТТС, 3, 222)
ДЫБЫР-ДЫБЫР <жай сөйлескен адамдардың баяу естілетін
дыбыстарына еліктеу> *Көрші үйдегі адамдар түнімен дыбыр-дыбыр етіп
ұйықтатпай қойды (ҚТТС, 3, 222)
ДЫЗ-ДЫЗ <1. қара.: қыз-қыз (қайнау); 2. ~ ет: маса, ара, т.б. шағып
алғанда удай ашып, дызылдайтын сезім сипаты> *Күні бойы суды кешіп келіп,
артынан дыз-дыз қайнап, таң ата қайта мұздап шыға келетіні бар еді (ҚТТС, 3,
224)
ДЫҚ-ДЫҚ <аяғын тік те нық басқан адамның жүрісінен естілетін
бірыңғай тықылдаған дыбыс сипаты> *Қожан бір күні жолдастарымен мәжіліс
құрып отырса, аяғын дық-дық басып, бір солдат қыз өтіп барады екен (ҚТТС, 3,
226)
ДЫҢҒЫР-ДЫҢҒЫР <домбыраны жай ғана шертіп, тартқанда
шығатын дыңғырлаған дауысын білдіретін еліктеуіш сөз> *Құлағыма
домбыраның дыңғыр-дыңғыр үні естілді (ҚТТС, 3, 229).
ДЫҢ-ДЫҢ <дың-дың етіп, қайталап шыққан (сағат, есік, телефон
қоңырауының) дыбысқа еліктеу> *Yйден дың-дың домбыра үні келді
(Ә.Кекілбаев. Бір уыс топырақ, 280).
ДЫҢҚ-ДЫҢҚ <дыңқылдаған, тыңқылдап қайталап шыққан баяу
дауысқа еліктеу> *Манадан бері сабырлық етіп, домбыраның шегін дыңқ-дыңқ
еткізіп ... отырған Қазбектің жүрегі әлде нені сезгендей мұздап сала берді (ҚТТС,
3, 330)
ДЫР-ДЫР <~ айыр: қағазды, матаны дар-дар айыруды бейнелейтін
еліктеуіш; 2. ~ ет: қайта-қайта, үздіксіз дырылдап («дыр» дыбысын шығарып)
78
бара жатқан трактор т.б. көлік техникасының дауысына еліктеу > *Күнге
күйіп, жел қағып тотыққан жирен мұртын оң қолымен дыр-дыр уқалап қояды
(С.Сейфуллин. Әңгімелер, 37). *Машинам кешеден бері дыр-дыр етіп тартпай
қалғанды шығарды (М.Хасенов. Қайсар, 143). *Тек ылдида дыр-дыр етіп ...
бара жатқан трактор ғана бұрын бұл атыраптың түсіне кірмеген нәрсе (ҚТТС,
3, 232).
ДЫРДАЙ-ДЫРДАЙ <дырдай-дырдай, ержетіп қалған соқталдай-
соқталдай (жігіттер сипаты)>
ДЫРП-ДЫРП <аяғына киген кең етігін, т.б. аяқ киімін сүйрете
басып, жерге қайта-қайта дырпылдата соққан дауысын бейнелейтін
еліктеуіш> *...Сірісінен басқан көн етігін дырп-дырп сүйретіп үйден шықты
(Т.Дәуренбеков. Таң атып келеді, 243).
ДІК-ДІК <~ ет: 1. бір нәрсенің жүректің, жүрістің т.б. «дік-дік»
етіп соғуын білдіретін қайталама еліктеуіш; 2. ауыс. біреуге қатал да
ожар мінезін көрсетіп, дікілдеп қатты сөйлеу> *Ақбөкен орнынан да
жылжымапты. Әрі-беріден соң дік-дік басып, баяу қозғалып, өзіне қарсы
жақындап келеді (С.Сматаев. Елім-ай. 49). *Аяқтары дік-дік түседі - жүз аяқ
бір аяқтай Іле «Марсельеза» әні қаланы күңірентті (З.Шашкин. Т.Бокин, 253).
ДІКЕҢ-ДІКЕҢ <~ ет: біреуге үстемдік көрсетіп, тықақтау, қайта-
қайта дікілдей беру> *Кенжебек дікең-дікең етеді (ҚТТС, 3, 236).
ДІКІҢ-ДІКІҢ <~ ет: біреуге билік айтып, үстемдігін танытып,
қоразданып қақаңдауды, менмендеуді білдіретін еліктеуіш>
ДІҢГІЛ-ДІҢГІЛ <діңкілдеген жіңішке дыбыс>
ДІҢГІР-ДІҢГІР <домбыра, т.б. аспаптарды тартқанда шығатын
дыңғыр-дыңғыр дыбыстың жіңішке түрі>
ДІҢК-ДІҢК <~ ет: біреуге қоқаңдай, қоқиланып, үстемдігін көрсету,
діңкілдеп, ауыр-ауыр сөз айтып ұрысу> *– Оным солай, басқарма! Әлгі қата
қалғыр біригәтің аузын жаялықтай кере бергенше, көзін де ашып жүрмей
ме, әз неме! Мені көре қалыпты ғой түге. Кеше осында маған діңк-діңк етеді
(О.Сәрсенбаев. Сағым, 103). *«Мыналарың болмас!» дейді маған шүйіліп.
Аяқ басқан сайын апшымызды қуырып барады. Қойшы, діңк-діңк, дүрс-дүрс
(К.Ахметбеков. Алқакөл, 178).
ДІРДЕК-ДІРДЕК <~ ет: 1. қатты суықтан қалш-қалш, дір-дір етіп
тоңу, тісі-тісіне тимей жаурау; 2. ауыс. денеден, мұрыннан шыққан қанның
атқылап, тоқтамай ағуын бейнелейтін еліктеуіш > *Өзін жаудан босатып
алып тұрған қазақтардың қолындағы салаңдаған қамшыларын көріп дірдек-
дірдек етеді (Ә.Кекілбаев. Yркер, 171).
Достарыңызбен бөлісу: |