РАЗДЕЛ 4
ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ
Ответственный редактор:
Абикенова Г.Т. – доктор филологических наук
Ведущие эксперты:
Тулебаева К.Т. – кандидат филологических
наук
Абикенова Г.Т. – кандидат филологических
наук
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
162
ОӘЖ 80.808
Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы
филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң
университеті, Семей қ.
Кабдоллаева Улпан Адильжановна
магистрант, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Бұл мақалада қазақ халқының біртуар ұлы, даңқты қолбасшы, жазушы, батыр Бауыржан Момышұлының
шығармашылық қызметі мен өскен ортасы туралы талданған.
Кілт сөздер: қолбасшы, батыр, жазушы, ұлттық тәрбие, өскен орта, мемлекеттік сыйлық, ұрпақ тәрбиесі,
қанатты сөздер, мақал – мәтел, ұлт мүддесі, рух.
В этой статье анализируется творческая деятельность и среда воспитания легендарного батыра казахского
народа, писателя, полководца.
Ключевые слова: легендарный полководец-батыр, писатель, национальное воспитание, среда воспитания,
государственная премия, воспитание подрастающего поколения, крылатые слова, пословицы поговорки, интересы
нации, дух.
This article analyzes the creative activity and education about the environment of the legendary Batyr, writer,
commander. of Kazakh people.
Keywords: the legendary commander-Batyr, writer, national education, upbringing environment State Prize, education
of the younger generation, winged words, proverbs, sayings, the interests of the nation, the spirit.
Қазақ халқының біртуар ұлы, даңқты
қолбасшы, жазушы, батыр, ар мен намысты
өмір бойы берік ұстанған ұлы адам
Б.Момышұлының
жеке
тұлға
ретінде
қалыптасуына өскен ортаның әсері, ұлттық
тәрбие
зор
ықпал
еткендігі
туралы
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романында былай
суреттейді: «Момыш әкемнің айтуынша, мен
мың тоғыз жүз оныншы жылдың қысында,
ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын»
-дейді [1. 479 б.].
Бауыржан атамыздың дүниеге келген
мекені Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы
Көлбастау мекені екенін білеміз.
Атасы Имаш «Өмірге ұл келді» деп
сүйіншілеп, жан – жаққа кісі шаптырып, жар
сала туған туыстары қуаныпты. Шілдехана
жасаса, ол тойға ұласыпты. Той соңында
Имаш атасы ел қарияларынан алақан жайып
бата сұраған екен. Сонда қариялар: «Төл
немерең, бел немерең ғой, бата беру жөні
өзіңіздікі» депті.
Атасы Имаш: «Алатаудың қыраны мол
еді,-
Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді,-
Бұлағы болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді,-
Сыңарлы болсын, құлыным!
Әумин!» деген екен [1. 479 б.]-деп бата
берген екен.
Бауыржан атамызды көзі тірі кезінде көріп
білген, оның шығармашылығын бағалап,
таныған жазушыларымыз: М.Мырзахметұлы,
Ә.Нұршайықов,
Ш.Мұртаза,
Е.Әлімжан,
А.Бек,
т.б.
Бауыржан
Момышұлының
шығармашылығын зерттеумен айналысқанын
айта кетуіміз керек.
Б. Момышұлы 1955 жылы әскер қатарынан
толық босағаннан кейін жазушылық жолға
түсіп, өзінің әскери мемуарлық шығармаларын
жазуға кірісті. Жазушылықпен айналысып
қана қоймай, Жазушылар Одағының қоғамдық
өміріне етене араласып, әскери-патриоттық іс-
шаралар
ұйымдастырып,
заманымыздың
заңғар
жазушысы
М.Әуезовпен
бірлесе
отырып, үнді жазушылары мен Қазақстан
жазушылары арасында шығармашылық көпір
салып, сол қоғамдық ұйымды басқарды.
Бауыржан
Момышұлының
«Офицер
күнделігі» (1952 ж. Калинин қаласы, орыс
тілінде),
«Генерал
Панфилов»
(1963ж),
«Жауынгер тұлғасы» (1959 ж), «Бір түннің
уақиғасы» (1954 ж Калинин қаласы), «Москва
үшін шайқас» (1959 ж), «Қанмен жазылған
кітап», «Соғыс психологиясы», «Ұшқан ұя»
атты кітаптары бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде
алатын орны зор. Адам қиыншылықты жеңу
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
163
үшін алдымен өзін тәрбиелеу керек екенін
талдап берген шығармалар деуге болады.
Ал 1956 жылы жазылған «Ұшқан ұя»
романы Б.Момышұлының орыс тілінде «Наша
семья» деген атпен жазылған алғашқы көлемді
шығармасы болады.
Бұл шығарма мазмұны мен көркемдігі
жағынан жоғары бағаланып, Абай атындағы
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
сыйлығын алды.
Аңызға
аты
айналған
Бауыржан
Момышұлының тұлғасы, батырлығы мен
жазушылығы туралы жазушы Тахауи Ахтанов:
«... Мұның арғы негізін советтік әскери
мектептен іздеу керек шығар» деген сөзіне
«Аптығып алдымды орай берме. Бәрін де рет -
ретімен басынан бастау керек. Кез - келген
бұлтартпас шындықтың өз жөні бар». «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Демек,
ұядан бастауың керек. Қаһармандық эпостың
көбі қазақта. Ерлігімізді елдігімізді ести жүріп
өскенбіз. Қазақтың ең ірі, ең қасиетті сөзі –
Намыс, Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес,
намысын үшін өлсең бопты дейтіні де содан.
Мен өз халқымның намысын аяққа баса
алмаймын» деп айтқан екен. [2].
Момышұлының соғыс кезіндегі Ерен ерлігі,
атақ,
даңқы,
батырлығы
А.Бектің
«Волоколамск тас жолы» (1947, 1960, 1962,
1988; қазақ тілінде «Арпалыс» 1948, 1959,
1977, аударған Қ. Сағындықов) атты кітабында
суреттеліп, жан-жақты жазылып, шығарма
кейіннен
ондаған
тілдерге
аударылып
басылды. Бауыржан Момышұлының өміріне
арналған Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен
аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді.
Момышұлы Ұлы Отан соғысынан кейін
Совет Армиясы Бас штабының Жоғары
Әскери академиясын бітірді. (1950 ж) Әскери-
педагогикалық жұмыспен шұғылданып, Совет
Армиясының әскери академиясында сабақ
берді.
1955 жылы Кубаға барған сапары бойынша
жазылған
«Куба
әсерлері»,
«Төлеген
Тоқтаров» т.б. кітаптары жарық көрді. 1956
жылы «Жонарқа» атты әңгімелер жинағы
шықты. «Артымызда, Москва» шығармасы
бойынша кинофильм түсірілді. 1969 жылы
алғаш рет екі томдық шығармалар жинағы
басылып шықты.
Куба мемлекетінің басшысы Ф.Кастроның
арнайы шақыртуымен бір барған кезінде
Б.Момышұлы
сөйлеген
сөзінде
өзінің
шығармалары туралы: «Менің шығармаларым
тұтастай және толығымен менің өз басымның
естеліктеріне, өте - мөте ерекше делінген
эпизодтар жиынтығынан іріктеп, ерекшелеп
алған
неғұрлым
елеулі
көріністерге
негізделген. Оларда ойдан шығарылған
оқиғалар да, ойдан жасалған образдар да жоқ»
-[3] дейді.
Бауыржан атамыздың шығармашылығының
тағы бір саласы оның өлеңдері мен қанатты
сөздері, мақал – мәтелдері екенін айта кету
орынды. «Ежелден ер тірегі — ел тілегі, Адал
ұл ер боп туса ел тірегі», «Тәртіпке бас иген
құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»,
«Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек»,
«Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып
қызмет ет», «Жерге тер төгіп, халыққа қан
төгіп қызмет ет «Өз ұлтын сыйламау, оны
мақтаныш етпеу – сатқындық», «Ешкім іштен
батыр болып тумайды: батырлық та, мінез
секілді
өскен
орта,
көрген
тәрбиеге
байланысты қалыптасады», «Тіл - ұлт қасиетін
айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі»,
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған
ана тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, бар
тарихымызды ұмыту», «Халықтық тәжірибе -
бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына»,
«Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші
халықтардың
тілдерінен
сорлы
болып,
қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге
жібермегендігіне мың жылдық көне тарих
куә», «Қазақ тілі - сұлулығымен бой
балқытып,
тамыр
шымырлататын,
жан
жүйеңді
жандырып,
құлақ
құрышын
қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер
мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл
жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып
кемел тіл» деген қанатты сөздері бүгінгі
күннің ұранына айналды [4, 16-17бб].
Айтарының бәрі алаш пен ұлттың мүддесі,
халық рухының еркіндігіне арнағандығы
туралы Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп
Ахметова өз естелігінде былай дейді: «Ағыны
жойқын тасқынды алақанмен сипап тоқтатуға
бола ма?... Менің атам әділдік пен шындықтан
соғылған алмас семсер болатын. Сезімтал
жанды, өткір ойлы, табиғаты тәкаппар
жаратылған өзгеше адам» екендігін аса бір
құрметпен еске алады.
Бауыржан Момышұлы туралы айтқанда
келер ұрпақ Бауыржан атаның сөзінен рух
еркіндігін
үйреніп,
жандүниесі
тәрбие
қағидаларымен
байып,
ой-санасы
өсіп,
болашаққа құлаш сермеп, биікке қанат қағары
сөзсіз
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
164
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Момышұлы Б. Шығармалар жинағы 1, 2 т Алматы: «Мектеп» 2001. – 600 бет.
2. Ахтанов Т. «Ел қасиеті - ер қасиеті» Қазақ әдебиеті // 10 маусым, 1983. 18-22 бб.
3. Куба әсерлері [Мәтін]. 8-том: көп томдық шығармалар жинағы / Б. Момышұлы.- Алматы: Өнер, 2009.- 272
бет.
4. Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні. Ұлт тағлымы. // № 1. -
2003. – 16-17 бб.
Абикенова Гулнафис Токеновна
кандидат
филологических
наук,
Казахский
гуманитарно-юридический
инновционный
университет, г.Семей
Кабдоллаева Улпан Адильжановна
магистрант, Казахский гуманитарно-юридический инновционный университет, г.Семей
Творческая деятельность Бауыржана Момышулы
Abikenova Gulnafis Tokenovna
Candidate of Philological Sciences, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
Kabdollaeva Ulpan Adilzhanovna
graduate student, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
Creative activity of Bauyrzhan Momyshuly
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
165
ОӘЖ 80.808
Тлебалдина Нүргүл Қазанбаевна
педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң
университеті, Семей қ.
Катекеева Айдана Қуанышқызы
магистрант, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ.
Т.ӘЛІМКҰЛОВ-СЫНШЫ
Бұл мақалада жазушы Тәкен Әлімқұловтың қаламынан туған сын саласындағы мақалалары туралы
баяндалған.
Түйін сөздер: дарын, сыншы, сыншыл ой, талдау, толғаныс, сараптау, өзіндік ой, дәлел, сыни мақала, әдеби
зерттеу, пайымдау.
В этой статье рассматриваются публикации в области критики писателя Такена Алимкулова.
Ключевые слова:критик, одаренный, критическое мышление, анализ, размышление, собственное мышление,
доказательство, критические статьи, художественное исследование, видение.
This article discusses the publications in the field of criticism of the writer Taken Alimkulov.
Keywords: critic, gifted, critical thinking, analysis, thinking, own thinking, evidence, critiques, art research, vision.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлттық
өнерімізді биікке көтеріп, туған халқының
әдебиеті мен өнерін бағалаған Т.Әлімқұлов –
қазақ әдебиеті тарихынан лайықты орнынға ие
болған ерекше дарын иесі.
Т.Әлімқұловтың: «Кертолғау», «Ақбоз ат»,
«Қараой», «Тұлпардың тағдыры», «Шежірелі
сахара», «Ел мен жер», «Телқоңыр», секілді
көптеген прозалық шығармалары, «Қаратау
өрнектері», «Туған ауыл», «Сапар», «Жазғы
жаңбыр» деп аталатын поэзиялық жинақтары,
Лермонтовты, Пушкинді, Низамиді, Горькийді
тәржімәлауы,
әдеби
сын
саласындағы
еңбектері, сондай-ақ, халық мақтанышына
айналған Абай атамыз жайлы жазылған
«Жұмбақ жан» атты зерттеуі – оның сан
қырлы дарын иесі екендігін, артына мол
рухани мұра қалдырғанын айғақтайды.
Тәкен
Әлімқұлов
шығармаларының
тақырыбы сан алуан, бірде туған ел, өскен жер
тарихынмен танытса, енді бір шығармасында
өткен ғасырларда өмір сүрген халқымыздың
ардақты ұлдары: Абай, Шоқан, Тәттімбет,
Ақан, Махамбет, Сейтек, Ықылас, Сәкен,
Сүгір сияқты тұлғалардың тағдыры, жан сыры
мен өмір белестері көркем суреттеледі.
Әдебиет зерттеушісі Х.Әдібаев: «Қалың
қауыммен ширек ғасырдай ана тілдің кестелі
отауында дидарласып келе жатқан Тәкен
Әлімқұлов – ешкімге ұқсамайтын дара дарын
иесі. Тәкен творчествосының өзекті арнасы –
өнер адамы. Абайдан бастап күні бүгінге дейін
үзілмей, ұдайы жаңа шығармаларды тудырып
келе жатқан өмірдің бұл айдыны Тәкен
творчествосында жаңа бір түйін тапқандай.
Тәттімбет, Шоқан, Махамбет, Сейтек, Сүгір,
Ықылас туралы қаламгер хикаяларынан да
осындай көп дүние түйгенбіз. Зобалаң заман
сарыны, аяулы жандар көз алдымыздан
өткендей. Тәкен творчествосында өнердің өзі
сөйлейді...» [1, 194б.] – деп, жазушы
туындыларын
талдап,
шығармаларының
ерекшелігіне тоқталады.
Тәкен Әлімқұлов Мәскеудегі М.Горький
атындағы
Әдебиет
институтынан
білім
алғанын білеміз. Сол алған білімі сыни
мақалалар мен әдеби зерттеулер жазуға қадам
бастырады.
Тәкен
Әлімқұловтың
сын
саладағы
еңбектеріне: «Бір ақынның екі өлеңі туралы»,
«Поэзия және поэзия сыны», «Дәстүр
жалғасы», «Толғаныс сыры», «Сын – әдебиет
төрешісі», «Әдебиет – қоғам тәрбиешісі»,
«Ақындық нақыш», «Өнер алды– қызыл тіл»,
«Кейіпкер сипаты», «Сезім сұлулығы», «Сөз
зергері», «Советтік сөздің зергері», «Мол
пішім»,
«Ширақ
та
шымыр
келсін»,
«Сыншының табиғаты», «Мәңгілік құбылыс»,
«Жолдас Маяковский» т.б. еңбектерін атауға
болады. Бұл еңбектерінде көркем шығарманың
тілі мен жазылу мәдениетіне қойылатын
шарттар, талаптар жөнінде, әдебиет сыншысы
туралы, оған жүктелетін талаптар мәселесін
қозғайды.
Жазушы
мұраларын
жинақтаған
зерттеушілердің бірі Мархабат Байғұт: «Тәкен
Әлімқұлұлы, егер аса көрнекті прозашы
болмағанның
өзінде,
ұлы
Абай
шығармашылығы турасында жазған «Жұмбақ
жан» атты еңбегімен-ақ айтулы сыншы, ірі
әдебиетші-зерттеуші ретінде тарихта қалар
еді» деген құнды пікір айтады [2].
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
166
Тәкен
Әлімқұлов
туралы
мерзімді
басылымдарда жарияланған мақалаларына,
алғашқы шыққан сыни-зерттеу еңбектерін
талдай отырып, ғалым Р. Бердібаев өзінің
мақаласында: «Ол өзінің творчестволық
тәжірибесінде түрлі тарапқа шашырамаған,
әуел бастан мақсатын айқындап, алтын желіні
іздеген суреткер. Тәкенді «жанрын таныған
жазушы» деп атауға да болады. Ол асылы,
үлкен сыншыл ойдың адамы еді. Көркем
туындыларында да аналитикалық талдау мен
толғаныстар қатарласа келіп отыратыны сол
себептен болса керек. Егер прозаға бармаса,
Тәкен қазақ әдебиетінің маңдайалды сыншысы
атанар еді. Оның сын кітаптарында терең
білімділік, кең құлаштылық, батылдық, әділдік
қатар табылады» [3] деп, баға берген.
Тәкен Әлімқұловтың 1954 жылы жазылған
«Абай»
атты
әдеби-сын
мақаласында:
«...Абайдың өмірі мен творчестволық жолы
әртүрлі еңбектер жазуды керек ететіні де
түсінікті. Және мейлінше терең зерттеген
творчестволық ғылыми еңбектер болуы шарт.
Бірақ біз бұл мақалада ондай үлкен
еңбектерден дәме етпейміз. Абайдың қайтыс
болуының елу жылдығына байланысты,
қадірлі ақынымызды тағы да бір еске түсіріп,
өмірі мен творчествосына азды-көпті шолу,
талдау жасаумен тынамыз» деген пікірін
ортаға салады [4,4б].
Т.Әлімқұловтың 1958 жылы жарық көрген
«Жемісті
жолда»
[5]
атты
әдеби-сын
мақалалар жинағына енген: «Абай Құнанбаев»
(1954), «Поэзия және поэзия сыны» (1954),
«Қасым
Аманжолов»
(1955),
«Жолдас
Маяковский» (1955), «Бір ақынның екі өлеңі
туралы» (1955), «Жеміс жолда» (1958),
«Вл.Маяковский
шығармаларын
аудару
жөнінде кейбір ойлар» (1958), «Жанрын
тапқан жазушы» (1958) сынды мақалалары
берілген.
Сыншы
колхоздастыру
мен
өндіріс
тақырыбының ерекше жырланғандығын атап
көрсету керек. Бұл салада С.Мұқанов,
Т.Жароков, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов сынды
ақындардың елеулі табыстарын алға тарта
отырып, ақын Тайыр Жароковтың «Қырда
туған құрыш» атты поэмасы мен Дихан
Әбіловтің «Алтай жүрегі» атты романдарына
тоқта келе, өзіндік талдау-сараптауларын
жасаған.
«Поэзия және поэзия сыны» мақаласында
Әлімқұлов өз дәуіріндегі поэзия жанрының
кезек күттірмейтін мәселелерін қозғаған.
Поэзияға,
оның
әдеби
сынына
шын
жанашырлық таныта отырып, өз ойын нақты
мысалдармен айғақтай келе сыншы: «Біздің
поэзиядағы көп бұтақты кемшіліктердің түпкі
тамыры примитивизмде жатыр. Схематизмге
де, натурализмге де оңдырмай ұрындыратын
сол. Поэзия мен поэзия сыны жөнінде мықты
сөйлесуіміз керек. Тек, мейлінше принципті,
мейлінше әділ сөз болсын», [6, 251б.] – деген
қортындыға келеді.
Ғали
Ормановтың
шығармашылығына
арналған Тәкен Әлімқұловтың «Бір ақынның
екі өлеңі туралы» атты мақаласы бар. Өзі де
талай өлең-жырды өмірге келтірген Тәкен
Ғ.Ормановты «лирик» ақын деп таниды.
Алдымен, Белинскийдің «Лирика дегеніміз –
поэзия атаулының жаны» деген ойлы сөзін
еске алып, Ғ.Орманов өлеңдерін талдағанда,
лирикаға қойылатын алғы шарттар мүддесінен
көрінуді басты міндет етіп алады.
Сыншы Ғали Ормановтың «Жолда» және
«Бір тілек» деген өлеңдеріне талдау жасайды.
«Жолда» деп аталатын өлеңінде ақынның бала
күнінде жаман тайға мініп, ауылынан қалаға
оқуға келе жатқан бір кезеңі суреттелетіндігін
баяндай отырып, өлең мәтінін толық беріп
талдау жасайды.
Тағы да бір айта кететін жағдай сыншы
М.Әуезовтің кейбір пікірлеріне сын көзімен
қараған, келіспегендігін білдірген. Мысалы, ол
М.Әуезовтің
Сұлтанмахмұт
турасындағы
«Горький мен Маяковский дәуірінің тұстасы
бола отырып, С.Торайғыров революциялық
идеяларға немқұрайлы қарады, бұл мәселені
шығармашылығында көрсете алмады» деген
пікірін «тым қаталдық» деп түсінетіндігін
жеткізеді.
Т.Әлімқұловтың
сыни
мақалаларының
барлығына ортақ нәрсе – «ауырдың үстімен,
жеңілдің астымен» жүріп өтпей, шығарманың
табиғи болмысына тереңдей бойлап, көркемдік
қыры мен сырын ашуға күш салу керек
екендігін баса айтады. Оның өзіндік ойларын
нақты да дәлелді айғақтармен пайымдауы –
зерделі зерттеушінің табиғатын танытады.
Қорыта айтқанда, сонау 50–70 жылдардағы
қазақ әдеби сынының даму белестері жаңа
заманда көзқарақтылықпен қайта сарапқа
салынса да, Тәкен Әлімқұловтың әдеби-сын,
зерттеу
еңбектері
өзінің
құндылығын
жоғалтпауы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
167
1. Әдібаев Х. Көкжиек. –Алматы: Жазушы,1988. – 296 бет.
2. Байғұт М. Ерке болмыстың тәуелсіздігі ұғымын Тәкен Әлімқұлұлы қалай бедіздеген? // Жас Алаш, 2003. 1
шілде. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы,1977.– 300 бет.
3. Бердібаев Р. Іңкәрлік сезім // Жетісу, 1988. 30 қыркүйек. 2 б.
4. Әлімқұлов Т. Абай. –Алматы: Қазмемкөркемәдеббас,1954.– 41 бет.
5. Әлімқұлов Т. Жемісті жолда. О прошлом и настоящем. Әдеби сын мақалалар жинағы. –
Алматы:Қазмемкөркемәдеббас, 1958.– 158 бет.
6.Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. Зерттеулер мен мақалалар.–Алматы: Жазушы,1978.– 368 бет.
Тлебалдина Нүргүл Казанбаевна
кандидат педагогических наук, Казахский гуманитарно-юридический инновционный университет,
г.Семей
Катекеева Айдана Куанышкызы
магистрант, Казахский гуманитарно-юридический инновционный университет, г.Семей
Т.Алимкулов – критик
Tlebaldina Nurgul Kazanbaevna
Candidate of Pedagogical Sciences, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
Katekeeva Aidana Kuanyshkyzy
graduate student, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
T.Alimkulov is critic
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
168
ОӘЖ 80.808
Тлебалдина Нүргүл Қазанбаевна
педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң
университеті, Семей қ.
Көшкенбаева Меруерт Амановна
магистрант, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ.
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Бұл мақалада Қадыр Мырза Әлидің шығармашылық ғұмырнамасы туралы баяндалған.
Түйін сөздер: қазақ ақыны, халық жазушысы, өлеңдер жинағы, топтама, туынды, дархан мінез, бейне,
тарихи шындық, ізгілік, жақсылық, көркемдік шеберлік, арнау өлең, суреткер, көркем сөз.
В этой статье рассказывается о творческой биографии Кадыра Мырза Алия.
Ключевые слова: казахский акын, народный писатель, сборник стихов, сборник, коллекция, произведение,
доброжелательность, образ, историческая реальность, доброта, художественное мастерство, художник,
художественное слово, стихи посвящение.
This article describes biography of Kadir Mirza Ali.
Keywords: the Kazakh poet, national writer, a collection of poems, collection, collection, work, goodwill, image,
historical reality, kindness, art, artist, artistic way, the poems the dedication.
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ.
Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін
бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре
алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін
білмесе де сөзін біледі», [1, 432 б.] - деп баға
берген болатын белгілі жазушы, мемлекеттік,
қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев.
Қазақ елінің мәртебелі Мемлекеттік және
Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты,
Монғолия Халықаралық әдеби «Авияс»
сыйлығының 1993 жылғы бас жүлдегері,
республикалық
«Балауса»
баспасының
директоры,
«Құлыншақ»
журналының
редакторы, 1958-1993 жылы «Балдырған»
журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз»
журналында поэзия және сын бөлімінің
меңгерушісі,
жауапты
хатшы
қызметін
атқарған Қ. Мырзалиев атақты қазақ ақыны,
халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология
факультетін 1958 жылы бітірген. Ақынның
алғашқы
өлеңі
1954
жылы
«Пионер»
журналында жарияланып, «Көктем» атты
тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық
көрді.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы
қаңтардың
5
жұлдызында
Жымпиты
ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын
аудандық комсомол комитетінде пионер және
мектеп
бөлімінің
меңгерушісі
болған.
Облыстық «Екпінді құрылыс» газеті (қазіргі
«Орал өңірі») алғашқы ақынның «Бейбітшілік
көктемі» атты өлеңін жарияланады.
«Өмірбаян орнына» өлеңінде :
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.
Мырзалының
Үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.
Жүз демеймін-
Түсінеді жөнді ұққан
Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан,
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!
Өлең жаздым тоғыз тарау,
Жеті өрім.
Сездім соның жүректерге жетерін,- [2]- деп
жырлаған ақынның қаламынан әдебиеттің әр
жанрына қатысты шығармалар туды. Олар:
«Жаңғалақтар»
(1960),
«Кішкене
қожанасырлар» (1961), «Данышпан» (1961),
«Ноян-қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963),
«Сабақ» (1964) атты кітаптары қазақ балалар
әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. Ақын
«Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966),
«Ақ отау» (1968), «Домбыра» (1971), «Көш»
(1973), «Жерұйық» (1976), «Алақан» (1977),
«Қорамсақ» (1980, 1981), «Қызыл кітап»
(1983), «Күміс қоңырау» (1970 – 85) жыр
жинақтарында нәзік лирикалық сезімді терең
философиялық ой-толғаныстарымен шебер
ұштастырған. «Мәңгі майдан» (1993), «Биік
баспалдақ» (1993), «Үкілі үзінділер» (1996),
«(Ұибратнәмә» (2001), «Алаштың арманы»
(2001), «Жазмыш» (2001), «Еңіреп өткен
ерлер-ай» (2001), «Иірім» (2004), «Шырғалаң»
(2004), «Алмас жерде қалмас» (2004), тағы
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
169
басқа 40-тан астам жыр жинақтары мен
балаларға
арналған
топтамалары
қазақ
поэзиясында бұрын –соңды болып қөрмеген
жаңа туынды ретінде қабылданды.
Ақынның
«Дала
дидары»
кітабында:
Көптеу болып жанғанынан өшкені,
Көздің жасы – бүкіл елдің кешкені.
Бұл дала ма? Бұл далада болыпты-
ау
Бақыт пенен қасірет те көшпелі, -
деп туған жердің басынан кешкен қайғысы
мен қуанышын суреттейді.
Қадыр Мырза Әли - ұлттық ақын.
«Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты
атақты өлеңінде қазақ даласында ғұмыр
кешкен қазақ халқының дархан мінезін,
бейнесін тарихи шындыққа сай үлкен
көркемдік шеберлікпен суреттеп береді.
Бабамыздың шоқ басқан табынымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен.
Бір жаманы – тынымсыз көше
берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы - тілге ерік берген
екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген
екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік
шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға
сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып
қашқан.
Бір
жаманы
–
шаруасын
маңдытпаған,
Бір жақсысы – қулықпен жанды
ұтпаған.
Бір жаманы – үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы – жесірін қаңғырпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы – сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы – абақты тұрғызбаған
[2, 13 б.].
Ақын өлеңдерінен адам бойында кездесетін
ізгілікті, жақсылықты, жарқын сипаттарды
көре алуға болады. Ақынның адамға деген
шынайы сүйіспеншілігі, махаббатынан нәр
алуға болады.
2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан Қадыр
Мырзаәлидің таңдамалы туындыларының 12
томы жарық көрді.
Өз елін, халқын өлшеусіз махаббатпен,
жан-тәнімен, жалынды жүрегімен беріле
сүюдің үлгі - өнегесін де Қадыр Мырза Әли
өлеңдерінен тануымызға болады.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
Асқар тауы аспанымен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем!
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем! [2,
319 б.]
Сонымен қатар ХІХ ғасырдағы қазақ
әдебиетінің алыптары Абайға («Күні келген
кемеңгер»), Шоқанға («Шоқан»), Ыбырайға
(«Ыбырай»), ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің
классиктері
Ахметке
(«Ахмет
Байтұрсынұлы»),
Мұқтарға
(
«Мұқтар
Әуезов»), Ғабитке («Қара шал») арнаған
Қадыр ақынның өлеңдері қазақ поэзиясындағы
арнау өлеңдерінің жақсы үлгілерінің қатарын
толықтыра түскендігін айта кету керек.
Қадыр Мырза Әли көркем аударма
саласында да жемісті еңбек етті. Әлемдік
әдебиет
ғұламаларының
талайының
шығармаларын ол қазақ тіліне аударды.
Ақынның таңдаулы өлеңдері ағылшын,
француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин
тілдерінде аударылып, оннан аса кітабы
бұрыңғы КСРО халықтарының көптеген
тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек,
Алматы,
Мәскеу
қалаларында
басылып
шықты.
Қадыр Мырза Әли - драма жанрына да
белсене араласқан ақын. Оның «Әмір Темір»,
«Жаралы жолбарыс» атты драмасы, «Мың бір
мұң» атты трагедиясы, «Сақал саудасы»,
«Түрт сайтаным түрт!» атты комедиялары,
«Отырар ойраны» (Ә.Хасеновпен бірлесіп
жазылған), «Төле би» (Ә.Таразимен бірлесіп
жазылған)
атты
либреттолары
қазақ
драматургиясының
қоржынын
толтырған
туындылары.
Ақынның шығармаларына баға берген
академик
Зейнолла
Қабдолов:
«Қадыр
Мырзалиев
-
сөздің
сәйгүлігі,
ойдың
озарманы. Ол жеке бастың дара мұңынан
бастап,
қым
-
қиғаш
халықаралық
қайшылықтарға
шейін
қысылмай,
қымтырылмай еркін жырлай алады. ... «Демек
қазіргі қазақ поэзиясының көп дауысты,
қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
170
Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы
мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр
ақынның лирикасының сыңғыры бөлек, сыры
терең», [3, 485 б.] -дейді.
Қадыр Мырза Әли - мазмұны терең
шығармаларымен қазақ сөз өнеріне зор үлес
қосқан ірі суреткер, көркем сөздің шебері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Кекілбаев Ә. Алғы сөз. Кітапта: Мырзалиев Қ. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1, - Алматы: Атамұра,
1995. – 432 бет.
2.Мырза Әли Қ. Таңдамалы. 12 томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Қазығұрт, 2001. – 443 бет.
3.Қабдолов З. Қадырдың қадірі. Кітапта: Қадыр Мырза Әли. 1-т. - Алматы: Атамұра, 2001. – 485 бет.
Тлебалдина Нүргүл Казанбаевна
кандидат педагогических наук, Казахский гуманитарно-юридический инновционный университет,
г.Семей
Кошкенбаева Меруерт Амановна
магистрант, Казахский гуманитарно-юридический инновционный университет, г.Семей
Творческая биография Кадыра Мырза Али
Tlebaldina Nurgul Kazanbaevna
Candidate of Pedagogical Sciences, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
Koshkenbaeva Meruert Amanovna
graduate student, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
Kadyr Myrza Ali’s performer resume
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
171
РАЗДЕЛ 5
ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ
Ответственный редактор:
Арынова Р.А. – доктор биологических наук
Ведущие эксперты:
Силыбаева Б.М. – кандидат биологических
наук
Кыдырмолдина
А.Ш.
–
кандидат
биологических наук
Тазабаева К.А. – кандидат биологических наук
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
172
УДК: 664.769
Асенова Бахытгуль Кажкеновна
PhD, Государственный университет имени Шакарима города Семей
Сыдыкова Мархаба Кенжигалиевна
магистрант, Государственный университет имени Шакарима города Семей
ОЦЕНКА МИКРОБИОЛОГИЧЕСКИХ И ХИМИЧЕСКИХ РИСКОВ ОТДЕЛЬНЫХ ВИДОВ
ПИЩЕВЫХ ПРОДУКТОВ ДЛЯ ЗДОРОВЬЯ ЧЕЛОВЕКА
М.К. Сыдыкованың мақаласы адам денсаулығы үшін тамақ өнімдерін белгілі бір түрлерінің
микробиологиялық және химиялық қауіптер бағалау, сондай-ақ тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы
ұйымдастыру жөніндегі шараларды жақсарту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстарды анықтауға арналған.
Авторлар өз көзқарастарын нақты дәлелдей алған. Осы тақырып бойынша проблемалар қарастырылып,
тағам қауіпсіздігін басқару саласында ұсыныстар дайындаған.
Түйін сөздер: Тағам қауіпсіздігі, ластаушы, микробиологиялық және химиялық тәуекелдер, азық-түлік
өнімдері
Статья М.К. Сыдыковой посвящена оценке микробиологических и химических рисков отдельных видов
пищевых продуктов для здоровья человека, а также определению последующих выводов и предложений по улучшению и
совершенствованию мер по организации контроля в сфере пищевой безопасности.
Авторы успешно аргументируют свою собственную точку зрения. Рассмотрены проблемы по данной
тематике и разработаны предложения по управлению пищевой безопасностью.
Ключевые слова: пищевая безопасность, контаминанты, микробиологические и химические риски, пищевые
продукты
Article M.K.Sydykova devoted to the evaluation of microbiological and chemical risks of certain types of foods for
human health, as well as the definition of the following conclusions and proposals on improvement of the organization on the
control measures in the field of food safety.
The authors successfully argue his own point of view. The problems on this subject and developed proposals for food
safety management.
Keywords: food safety, contaminants, microbiological and chemical risks, food
Опасные
химические
факторы
(контаминанты) пищевых продуктов могут
быть, как естественного происхождения, так и
привнесенными в процессе их переработки.
Высокие уровни присутствующих вредных
химических факторов, как правило, являются
причинами острых пищевых отравлений и
болезней пищевого происхождения, а также
вызывать хронические заболевания при более
низких уровнях контамированности [1].
К наиболее часто встречающимся опасным
химическим
факторам
естественного
происхождения
относятся:
аллергены,
микотоксины (афлатоксины), скумбриотоксин
(гистамин), сигуатоксин, токсины грибов,
токсины моллюсков (паралитический яд
моллюсков, диаррейный яд моллюсков,
нейротоксины моллюсков, амнезиотоксин
моллюсков, пирролизидиновые алкалоиды,
фитогемагглютинин), токсические элементы и
соединения (свинец, цинк, кадмий, ртуть,
мышьяк,
цианид),
пищевые
добавки,
витамины
и
минералы,
контаминанты
(смазочные вещества, чистящие средства,
средства
санитарии,
покрытия,
краски,
охлаждающие смеси, химикаты для обработки
воды или пара, химикаты для уничтожения
вредителей.
Привнесенными химикатами являются:
полихлорированные бифенилы (ПХБ) и
сельскохозяйственные химикаты (пестициды,
удобрения, антибиотики, гормоны роста).
Группу опасных химических факторов из
упаковочных
материалов
чаще
всего
представляют: пластификаторы, винил хлорид,
чернила для печати и кодирования, клеи,
свинец, олово.
К самой большой группе пестицидов
относятся:
гистамин,
нитраты,
N-
нитрозамины,
инсектициды,
гербициды,
фунгициды, зооциды и др.
В группу опасных пищевых добавок
входят:
-
вещества, изменяющие цвет продукта;
-
вещества,
ускоряющие
и
облегчающие ведение технологических
процессов (технологические добавки);
вещества, улучшающие аромат и вкус
продуктов;
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
173
вещества, регулирующие консистенцию
продуктов;
-
вещества,
способствующие
увеличению
сроков
годности
пищевых
продуктов.
Пестициды представляют один из наиболее
вероятных химически опасных факторов
загрязнения пищевых продуктов, т.к. они
обладают многоплановыми отрицательными
эффектами на различные органы и системы
организма
[2].
Вредное
воздействие
пестицидов на окружающую среду и здоровье
человека проявляется через загрязненную
воду, почву, продукты питания, в развитие
хронических
и
острых
отравлений,
злокачественных заболеваний врожденных
аномалий развития, детской смертности и т.д.
[3].
Поступая в организм человека, даже в
микроколичествах, с воздухом, пищей, водой,
пестициды
меняют
ход
биологических
процессов в организме. Практически у всех
обследованных,
контактирующих
с
пестицидами отмечены изменения клеточного
и гуморального иммунитета [4].
Каждый пестицид содержит действующее
вещество — это биологически активная его
Достарыңызбен бөлісу: |