Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Мырзашоқы ауылы
«І.Жансүгіров атындағы№28 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Рысбекова Халия Камалқызы
Өзін- өзі тану-өмірді тану
Қазіргі таңдағы жаңалыққа толы ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен
іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Өзін-өзі тану пәні
оқушылардың өз ойын дұрыс жеткізіп нақты тұжырым жасау үшін зор мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Білім сапасын арттыру
әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді. Әр оқушыға терең де тиянақты білім беру, мұғалімнің басты
мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігіне байланысты. Сабақты қызықты, тартымды
өткізу мұғалімнің білімділігіне, қабілеттілігіне, дарындылығына, тапқырлығына және сонымен бірге сабақтың әр түрлі әдіс-
тәсілдерін орынды қолдана білуінде. Қоғам баланың бойына адами құндылықты, әділдікті, амқорлықты бойына сіңіріп
тәрбиелеуді талап етеді. Бала бойындағы қабілетті жан-жақты ашып, өзіне сендіру қаншалықты маңызды десеңізші. Өзін-өзі
тану пәні балалардың үлкенді құрметтеуге бір-бірін сыйлауды, қатарластарымен жағымды қарым-қатынаста болуға
үйретеді. Бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы достықты нығайтуға, достарының қатарын көбейтуге болатынын
ұғындырады.Түрлі тақырыптағы әңгімелер жүректі тебірентіп,сезімді толқытады. Әрбір әңгіме, ертегінің өлеңнің, әннің
өзіндік ерекшіліктері мен терең мағынасы бар. Олардың тәлім-тәрбиелік, өнегелік мәні кең.
«Өзін-өзі тану» сабақтарының ерекшілігі-оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы.Тылсым дүниеден жан
тербеген рахат, мейірім, қуаныш сезіміне бөленетіндей шапағат сыйлай білу керек.Сонда ғана бала жүрегі
мейірленеді.Басқаға жан жылуын жеткізе алады. «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік сабағы-сол қөздеген нысанаға
жетелейтін пән. «Жүректен -жүрекке» шеңбері бұл сабақ барысында әр баланың өз эмоциялық жәй-күйін бақылап, өзіне
«Мен бүгін нені үйрендім» бағытында өзіндік баға беріп, ойын қорытындылауға септігін тигізеді. Сабақтың соңында
ризашылық сезіммен орындалатын «Ризамын» әнінен үзінді бала бойындағы айналасына деген жайма шуақ сезімін күні
бойы сақтап тұруға мол әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, «өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін
сыйлауға,өзін өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне
білуге тәрбиелейді.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласы №16 колледж МКҚК
Пәні: Автомобильдердің құрылымы
Оқытушының аты – жөні: Махашов Қалдарбек Ширинтаевич
Сабақтың тақырыбы: Гидравликалық тежеуіш жетегі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Білім алушыларға гидравликалық тежеуіш жетегінің құрылысы, оның
атқаратын қызметі жайлы түсінік беру, білімін, дағды шеберліктерін бақылап теориялық
білімдерін пысықтау.
Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін, дүние
танымдық көзқарастарын тереңдету, ұйымшылдыққа, топтық тіл табысуға, ұтымды шешім
қабылдауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, өз бетімен
жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,
164
Сабақтың түрі: Сайыс-сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ұлттық педагогика және ойын элементтерін қолдану,
түсіндіру, көрсету, пысықтау.
Көрнекілігі: Электронды оқулық,интербелсенді тақта, плакаттар, тарқатпалар, сөзкесте,
жұмбақ, жаңылтпаш, автомобиль бөлшектері.
Пәнаралық байланыс: «Материалтану», «Техникалық сызу», «Физика».
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ (5 минут)
- Білім алушыларды түгелдеу, топ кезекшісінің есебі;
- Білім алушылардың оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
Білім алушыларды екі топқа бөліп отырғызып, әр команданың жетекшісі сайланады;
- Команда басшыларына қойылатын ұпай саны көрсетілген бағалау парағы беріледі.(1-қосымша);
- Білім алушылар арасынан бір ойыншы жәрдемші- бақылаушы есебінде таңдап алынады.
- Сабақ барысында 6 кезеңнен тұратын сайыс өткізіледі.
2. КІРІСПЕ (25 минут)
2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2.2 Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру.
Өткен тақырыптар бойынша білім алушылардың теориялық дайындығын тексеру 4 кезең бойынша өткізіледі.
І-кезең. « Блиц-турнир» Өткен тақырып бойынша жалпыға бірдей сұрақтар қойылады.
Сұраққа жауабы дайын команда ойыншысы қол көтеру арқылы дайындығын білдіреді.
Бірінші қол көтерген команда ойыншысының жауабы тыңдалады. Дұрыс жауап берген
ойыншыға екі ұпаймен бағаланатын жасыл жетон беріледі. Қате жауапқа 0 ұпаймен
бағаланатын қызыл жетон, толық болмаған жауапқа 1 ұпаймен бағаланатын сары жетон
беріледі. Қате немесе толық болмаған жауаптар берілгенде қарсылас команда ойыншылары
дұрыс жауапты табу немесе толық болмаған жауаптарды толықтыру арқылы өз
командаларына ұпай жинай алады. Қызыл жетон алған команда келесі сұраққа жауап беру
құқығынан айырылады.
І- кезең осылайша барлық сұрақтар қойылып болғанша жалғасады және кезең соңында ойыншылар жинақтаған жетондар
саналып, нәтижелері бағалау парағына түсіріледі.
1. Тежеуіштер не қызмет атқарады?
Жауабы: Тежеуіштер автомобильдің жылдамдығын баяулатуға тегіс емес жерде бір
орнында ұстап тұруға арналған
2. Тежеуіштердің қандай түрлері бар?
Жауабы: 1.Жұмыстық тежеу жүйесі.
2.Тұру тежеуі
3.Қосымша тежеу жүйесі.
4.Көмекші тежеу жүйесі.
5.Тіркемелік тежеу жүйесі.
3. Тежеу жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
Жауабы: Тежеу жүйесі бір немесе бірнеше тежеу механизмдерінен (тормоздардан) және
тежеу жетектерінен тұрады.
4. Автомобильді тежеуге тежеу механизмдерінен бөлек қандай тежеуді пайдаланады.?
Жауабы: Автомобильді тежеуге тежеу механизмдерімен қатар қозғалтқышпен тежеуді,
аэродинамикалық тежеуді пайдаланады.
5.Аэродинамикалық тежеуді не үшін қолданады?
Аэродинамикалық тежеуді (парашют, арнайы қалақша, т.б.) спорттың автомобильдерде
жарыс кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін қолданады .
6. Автомобильдерде қандай тежеуіш түрі өте көп тараған ?
Жауабы: Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіш түрі механикалық тежеуіштер. Оларды
фрикционды тежеуіш механизмдер деп атайды
7. Фрикционды тежеуіш механизмдерінің қандай түрлері бар?
Жауабы: Фрикционды тежеуіш механизмдер дискілі және атанақты болып бөлінеді
8. Атанақты және дискілі тежеуіштер жұмысындағы негізгі айырмашылық неде?
Жауабы: Атанақты тежеу механизмінде тежеу атанағы доңғалақпен жалғасқан, айналып
тұрады, айналмайтын қалыптар атанаққа қарай керіліп, оны тежейді.
165
Дискілі тежеуіште диск доңғалақпен бірге айналады, қалыптар айналмайды. Тежеу кезінде қалыптар дискіні екі жағынан
қысып тежейді..
9. Автомобильдерде қандай тежеуіш жетектерін қолданады?
Жауабы: Автомобильдерде атқаратын қызметтеріне және қолданатын типтеріне
байланысты әр түрлі тежеуіш жетектерін қолданады, механикалық, гидравликалық, пневматикалық және аралас
(механикалы-гидравликалық, пневмо-гидравликалық, пневмо- механикалық) типті жетектер.
10. Механикалық тежеуіш жетектерін қай тежеуіштерде қолданады?
Жауабы: Автомобильдерде механикалық тежеуіш жетектерін тұру тежеуіштерінде
қолданады.
2-кезең. «Кім жылдам?» Бұл кезеңде команданың сұрақтарға жауап беру жылдамдығы
есепке алынады, команда капитаны өз- ара талқылау кезінде дұрыс жауап берген
ойыншының аты-аты-жөнін сол ойыншы жауап берген сұрақтын тұсына жазып қояды. Бұл
ойыншылардың жауабын бағалауға мүмкіндік береді.
ІІ-кезең сұрақтары мен жауаптары
Төмендегі кестеде тежеуіш жүйесіне қатысты терминдердің атаулары буындарға бөлініп, ретсіз орналастырылған.
Буындардан атауларды құрастырыңыз. Қанша бөлшектің атауын таптыңыз?
ша
лық
мыс
ка
а
тір
ка
ке
қр
мек
рав
а
фрик
ха
жұ
ра
ма
гид
лік
лық
та
ни
кө
сым
пнев
цион
лас
лық
тық
ка
ші
ме
нақ
ти
ды
ли
ме
Жауаптары:(1.а-та-нақ, 2.гид-рав-ли-ка-лық, 3.пнев-ма-ти-ка-лық, 4.ме-ха-ни-ка-лық,
5.фрик-цион-ды, 6.а-ра-лас,7.тір-ке-ме-лік, 8.қо-сым-ша, 9.жұ-мыс-тық, 10.кө-мек-ші )
3- кезең «Қазақшамыз қалай?»
Бұл кезеңде өткен тақырыптар бойынша қолданылатын техникалық термин сөздердің орысша атаулары беріледі. Білім
алушылар сол сөздердін қазақша аудармасын немесе баламасын табуы керек. Термин сөздің қазақша атауынан бөлек бұл
сөздің қандай бөлшекке, механизмге тиісті екенін анық айтып беру арқылы қосымша ұпай жинауға болады.
3 - кезең сұрақтары мен жауаптары
1 тормоз-тежеуіш
2 Система-жүйе.
3 Стояночный тормоз-тұру тежеуіші
4 Дополнительний тормоз-қосымша тежеуіш
5 Прицепный тормоз-тіркемелік тежеуіш.
6 Рабочий тормоз-жұмыстық тежеуіш.
7 Вспомогательний тормоз-көмекші тежеуіш
8 Барабан-Атанақ
9 Колодка-қалып
10 Комбинированный-аралас
11 Рычаг-иін
12 Трос-сымарқан
13 Педаль-басқыш
14 Толкатель-итергі
4-кезең «Сергіту» Бұл кезеңде команданың ұйымшылдығы, тапқырлығы, сауаттылығы
ескеріледі, нәтижелері бағалау парағына түсіріледі.
1.Жұмбақ
Қорадағы қос батыр қолын кере оянды,
Шарбақтағы жас батыр қос бүйірін таянды.
Зырылдауық диірмен айналып тұрған оқтағы,
Алып күшке шыдамай, айналудан тоқтады . Жауабы: Қалып
2.Жұмбақ-жаңылтпаш
Салық қалыпты атанақтан алыпты,
Халық қалыпты дискіге алып салыпты.
Салық Халықтың қалыбын қайта алыпты,
Халық қалыпты дискіге қайта салыпты.
Салықтың алған қалыбы қалыпты ма?
Халықтың салған қалыбы қалыпты ма?
166
3. «Әу демейтін қазақ жоқ» Көп нүктелер орнына өлең жолдарын жазыңыз
1) Еңіске түсіп келемін, салмағы ауыр жүгімнің,
Тежегішті басып ем, иісі шықты түтіннің.
Қалып қызып кетіпті, қайдан көмек тосамын,
............................................................................
Оқытышы нұсқасы:Көмекші тежеу жүйесін іске енді қосамын.
2) Жол көктайғақ-сырғанақ,
Тежесең кеттің сырғанап.
Шетке шыққан көліктер,
Қызғана маған тұр қарап.
Бүрі кеткен доңғалақ-
Кебісіндей әжейдің,
Ылдиға қарай көлікті,
............................................
Оқытышы нұсқасы: Қозғалтқышпен тежеймін.
3) Үйкелістің күшімен,
Орындайды тапсырма.
Бетіндегі қалыптың
....................................
Оқытышы нұсқасы: Фрикционды жапсырма
3 ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ (40 минут)
Электронды оқулықтың «Тежеуіш жүйелері» тақырыбы бойынша гидравликалық тежеуіш жетегінің құрылысы, оның
атқаратын қызметі жайлы түсінік беріледі.
3.1 ТЕЖЕУІШ ЖҮЙЕЛЕРІ (Тірек-конспект)
Тежеуіш жетектері
Тежеуіш жетектері басқарушы педаль немесе рычагты тежеуіш механизмімен жалғастырады. Автомобильдерде атқаратын
қызметтеріне және қолданатын типтеріне
байланысты әр түрлі тежеуіш жетектерін қолданады, механикалық, гидравликалық, пневматикалық және аралас
(механикалы-гидравликалық, пневмо-гидравликалық, пневмо- механикалық) типті жетектер.
Механикалық тежеуіш жетектері рычагтар, тростар, тартқыштар арқылы педальдан немесе рычагтан жүргізушінің
басқарушы күшін тежеуіш механизмге жеткізеді. Автомобильдерде механикалық тежеуіш жетектерін тұру тежеуіштерінде
қолданады. Оның қүрылысы қарапайым. Кемшілігі — пайдалы әсер коэффициенті төмен, шамасы 0,4 және
жиі реттеуді қажет етеді.
3-сурет. Гидравликалық жетек:
1-итергі(шток), 2,7-піспектер,
3,6-бас және доңғалақты тежеуіш цилиндрлері,
4,11-серіппелер, 5-шығару клапаны,
8-қалып, 9-атанақ
Гидравликалық тежеуіш жетек
Гидравликалық тежеуіш жетектерінде сығылмайтын сұйық пайдаланылады. Бұл жетектер
жеңіл, кіші және орта салмақты жүк автомобильдерінде қолданылады. Гидравликалық
жетекке тежеу сұйығы (тормозная жидкость) толтырылады. Басқышты басқанда, онымен
байланысқан итергі (1) (3-сурет) сұйықты ығыстырып, піспек арқылы қалыпты (8) айналып
тұрған атанаққа (9) тірейді. Үйкелістен атанақ (9) және онымен байланысқан автомобиль
дөңгелегі айналу жылдамдығын азайтады, қажет болса тоқтатады. Басқышты босатқаннан
кейін (4-сурет.) (11) және (4) серіппелердің әсерінен сұйық бас цилиндрге (3)
қайтарылады, ал қалыптар (9) атанақтан ажырайды.
4-сурет. Гидрожетекті тежеуіш сызбасы:
а- бөлінбейтін,б-бөлінетін жетек
Гидравликалық тежеуіш жетектері бір және екі контурлы болады.
Бір контурлы гидравликалық тежеуіш жетектерінде бір бас тежеуіш цилиндрмен (3)
барлық доңғалақтың тежеуіш механизмдері (1,5) басқарылады. Бұл жетектің кемшілігі, бір жерінің зақымынан тежеу жүйесі
толық істен шығады.
Бөлек контурлы гидравликалық жетектерінде тежеуіштің сенімді жұмыс істеуі және
автомобильдің жүру қауіпсіздігі артады. Бөлек контурлы жетек екі контурдан тұрады. Бір
басқышпен (4) байланысқан екі секциялы бас тежеу цилиндрі (3) бірінші және екінші
контурлар арқылы жұмыс істейді. Бірінші контур (6) алдыңғы (1), ал екінші контур артқы
доңғалақтардың (5) жылдамдығын тежеу механизмдері арқылы басқарады. Бір контурда
167
зақым пайда болып тежеу сұйығы ағып кетсе де, бірінші контур істен шыққанда, екінші
контур арқылы автомобильді тежеуге болады.
Жеңіл автомобильдерде гидравликалық жетектер күшейткішсіз және вакуумдық күшейткішті болады. Жүк
автомобильдерінің гидравликалық жетектерінде вакуумды, гидровакуумды және пневматикалық күшейткіштер
қолданылады. Бұл күшейткіштер жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді. Басқышты басу күші 250...300 Н шамасында болады.
Күшейткіштері жоқ автомобильдерді шұғыл тоқтату үшін басқышқа жүргізушінің 800... 1000 Н аяқ күші әсер етуі қажет.
Гидравликалық жетектер шағын, салмағы аз және барлық доңғалақтарға бірдей тез әсер етеді. Пайдалы әсер коэффициенті
(ПӘК) 0,95-ке жетеді. Кемшілігі - минус 30° және одан төмен температурада ПӘК төмендейді.
3.2 Жаңа тақырып бойынша білімдерін тексеру, пысықтау (10 минут)
5-кезең «Нені білдім?» Бұл кезеңде жауаптардың нақтылығы мен толықтығы ескеріледі,
нәтижелері бағалау парағына түсіріледі.
1) Гидравликалық тежеуіш жетектері ненің күшімен жұмыс істейді?
Гидравликалық тежеуіш жетектерінде сығылмайтын сұйық- тежеу сұйығы
пайдаланылады.
2) Бұл жетектер қандай автомобильдерде қолданылады?
Бұл жетектер жеңіл автокөліктерде, кіші және орта салмақты жүк автомобильдерінде қолданылады.
3) Гидравликалық тежеуіш жетектерінің қандай түрлері бар?
Гидравликалық тежеуіш жетектері бір және екі контурлы болады
4) Бір және екі контурлы жетектердің бір-бірінен айырмашылығы неде?
Бір контурлы жетектің кемшілігі, бір жерінің зақымынан тежеу жүйесі толық істен шығады. Екі контурлы жетекте бір
контурда зақым пайда болып тежеу сұйығы ағып кетсе де, бірінші контур істен шыққанда, екінші контур арқылы
автомобильді тежеуге болады.
5) Гидравликалық жетектердің артықшылығы мен кемшілігі неде?
Гидравликалық жетектер шағын, салмағы аз және барлық доңғалақтарға бірдей тез әсер етеді. Пайдалы әсер коэффициенті
(ПӘК) 0,95-ке жетеді. Кемшілігі - минус 30° және одан төмен температурада ПӘК төмендейді.
6-кезең «Нені таныдым?» Бұл кезеңде жауаптардың сауаттылығы мен анықтығы
ескеріледі, нәтижелері бағалау парағына түсіріледі.
4 ҚОРЫТЫНДЫ (5 минут)
Білім алушылардың бағалау парағындағы жетондар арқылы жинаған ұпайлары есептеледі, көрсеткен нәтижелері
бойынша қортынды шығарылады. Көзге түскен білім алушылар атап өтіледі және бағаланады. Олардың жетістіктері мен
кемшіліктері атап өтіледі.
5 ҮЙГЕ ТАПСЫРМА(5 минут)
«Тежеуіш жүйесі» тақырыбын қайталау.
1-қосымша БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
№
Команда мүшелерінің тізімі
Ойыншылардың
Жинаған ұпайлары
Команданың жинаған
ұпайлары
Коман-
даның алған
орны
Кезеңдер
Жалпы
ұпайы
Кезеңдер
Жалпы
ұпайы
1 2 3 4 5 6
1 2 3 4 5 6
1
2
3
4
5
6
7
8
* * * * *
168
Кенжетаева Алтынгуль Азигалиевна
Алмалы орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алмалы селосы
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жаңа технология- сапалы білім кепілі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практикалық жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының,
әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып қазіргідей жаһандану дәуірінде
сабақ үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, сабақ үдерісінде жаңа инновациялық
технологияларды қолдана отырып, сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқытуды жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі. «Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді халқымыз. Ұрпақ
жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.
«Надан жұрттың күні- қараң, келешегі тұман»,- деп М.Дулатов айтқандай, еліміздің тірегі- білімді ұрпақ.
Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол
заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде
жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын
еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз
пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса
алса, онда мұғалім биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан»
білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың
жаңаша әдіс- тәсілдерін-7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның
артықшылықтарына көз жеткіздім. Жеті модульді оқу процесінде тиімді пайдаланып,
оқушылардың жұппен, топпен жұмыстануға, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға,
құрметтеуге, өздерін және өзгелерді бағалауды үйреніп келеді. Мұндай тәсіл бұл үдеріске
оқушының өзініңде қатысуын талап етеді. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру
барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сапалы оқыту білім алуға
мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз
байланыста болады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар
құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.
Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті
құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін
арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Кез келген оқушының логикалық іскерлігін ашатын жоғары деңгейлі сұрақтар екеніне көзім жетіп отыр. Сондықтан
оқушыларға диалогта оқушылардың өзіндік ой-пікірлері қалыптаса бастайды.
Осының нәтижесінде:
жалпы топтағы қарым-қатынас жақсарады
бағалау кезеңінде ашық ой пайда болады
тапсырма орындаудың ұйымшылдық қалыптасады.
Мысалы: 7 сыныпта «Қысым» тақырыбын бастамас бұрын, оқушыларды бірден ойлауға жетелейтін күнделікті өмірмен
байланыстыратын сұрақтар арқылы ауызша жауап беруге тарту барысында қолдандым.
Сурет бойынша физикалық құбылысты түсіндір.
Неліктен шаңғысы жоқ балаға қарағанда шаңғы байлаған бала қар үстімен жеңіл жүреді?
Сөйтіп, оқушылардың зейін қойып ойлауы мен тақырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол
ашып беремін. Мұғалім тек қана оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырушысы, ұйтқысы ғана болады.
Оқушыларға берілген сабақтағы әрбір тақырып бойынша өз ойларын дамытуға, әрі ойларын ірікпей, еркін жеткізуге,
батыл да тапқыр шешімдер шығаруға көптеген мысалдар келтіру арқылы қол жеткіземін. Әр оқушы «Менің ойымша ...»,
«Мен онымен келісер едім, егер...», «Мен былай түсінемін...», «Мен топтың шешімімен келісемін...» деген ой пікір бар
тұлға екенін сезінеді.
Сонымен, дамыта оқытудың нәтижесінде оқушылардың да ой-өрістері кеңейгенін, өздігінше ой қорытуға, әрекет етуге
жаңаша талпынып, төселіп қалғанын байқадым. Мысалы:
Сабақтың тақырыбы:Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы
берілуі.
Сабақтың мақсаты: Қысымға анықтама беру және қысымды арттырып, кеміту тәсілдерімен
танысып, тәжірибеде қолдана білу
169
Күтілетін нәтиже: Қысымның математикалық өрнегіне есептер шығара алатын болады,
қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуін біледі және
анықтамаларды анықтай алуын, дәлелдерін келтіру, орындағын тапсырмаларды қорғауын
қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:слайд, интернет желісі, Паскаль шары, суреттер, шар, электронды
оқулық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО элементтер, шаттық шеңбері, «Балық
қаңқасы»
Сабақтың жоспары:
І. Мотивациялық кезеңде:
1.Ұйымдастыру: Оқушылардың психологиялық дайындау;
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
б) Ынтымақтастық атмаосферасын қалыптастыру және топқа бөлу.
Үй тапсырмасына шолу.
Білімді жан – жақты тексеру
Зат құрылысы, зат неден тұрады?
Диффузия және температураға тәуелділігі
Заттың күйлері, қасиеттері, молекулалық құрылысы
Механикалық қозғалыс, оның түрлері.
Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.
Заттың тығыздығы.
Күш. Күштің түрлері. Күшті өлшейтін аспап.
Деформация, оның түрлері. Гук заңы
Достарыңызбен бөлісу: |