Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет27/34
Дата27.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#10463
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
189 
Күллі әлемнің ашу-кегі 
Орна менің кеудеме кеп, 
Жау жолына атам сені, 
Бомба бол да, жарыл, жүрек! –  
деп қайтыс болады. 
Ақын-реалист  Аманжолов  солдаттың  сезімін  жан-жақты  сипаттай 
алған:  уайымын,  қуанышын,  қайғысын.  Оның  адам  сезімін  толғандыратын 
өлең жолдарры бүкіл майдан жолында жазылған туындыларында жатыр. Осы 
жерде оның ешқандай да әбестігі жоқ. Себебі, өлім мен өмірдің арасында адам 
туған  жерін,  балаларын,  сүйген  жарын,  отбасын,  анасын,  үйін  сағынбай 
қоймайды?! осы жерде орыс жазушылары К. Симонов пен А. Сурковты алсақ, 
олардың  да  майдандық  өлеңдерінде  солдаттың  туған  жеріне,  жарына, 
достарына үйіне деген сағышы айтылады.  
Соғыс  жылдары  қай  халық  болмасын  өзінің  ұлттық  намысы  мен 
батырлығы асқақтата жырлағаны бәрімізге де мәлім. Себебі, әр елдің азаматы 
өз  жерін  жаудан  қорғауға  аттанған.  Ертеңгі  күні  ұлымыз  құл,  қызымыз  күң 
болмасын деп шыбын жандарын шырқыратқан жаужұрек халықтың ұрпақтары 
Отан жолында өз жандарын аяған жоқ.  
Ал  коммунист  ақын  Аманжолов  соғыстың  бірінші  күнінен  бастап 
аяғына дейін өз өлеңдерінде Отанын асқақтата жырлаған.  
Соғыстан  кейін  де  Қасым  Аманжоловтың  өлеңдері  өзекті  болып  қала 
бермек.  Бұл  өлеңдерде  замандастарымыздың  өмір  жолы  мен  еңбектері, 
тыныштық,  бейбітшілік  үшін  күрес  жолы  жырланған.  Қасымның  соғыстан 
кейінгі  шығармашылығында  Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбы  едәуір  орын  алды. 
Ақын  соғысты  еске  алу  арқылы  адамның  бүгінгі  әлем  алдындағы  азаматтық 
парызын суреттейді («Біз Отанның солдаты»). Мұндай сезім соғыста бір аяғын 
жоғалтқан балдақты жігіт басында да байқалады. 
Көріп тұрсың бір аяғым осында
Екіншісін басып тұрмын Берлинде, − дейді ол. 
Бұл тұстағы Қасым лирикасының әдемі бір үлгісі – «Дариға». 
Өңімде ме еді, түсімде ме еді, 
Көріп ем ғой бір армандай қызды... 
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, 
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды. 
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз, 
Тулады толқын, шайқалды шың-құз... 
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз, 
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?! (Қ.А) 
Бұл  –  майданнан  жеңіспен  оралған  солдаттың  монологі.  Ол  барлық 
құштарлығымен  сүйгенін  іздейді.  Соғыс  сұрапылын  еске  алады.  Ол  суреттер 
орасан. «Тулады теңіз, шайқалды шың-құз, қып-қызыл оттың ішінде жүрміз». 
Осы  жағдайдан  оны  өлтірмей  алып  шыққан  –  махаббат  күші.  Дариғаға  деген 
сезім. Дариға – ақынның өмір сүйгіштігінің бейнесі. 
Қасым  Аманжолов  шығармашылық  күші  әлі  де  өшпеген  1955  жылы 
қайтыс  болады.  Оның  өлімінен  кейін  оның  барлық  шығармалары  үш  том 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
190 
болып  жарияланды.  1958  жылы  Мәскеуде  ақынның  таңдаулы  өлеңдері  мен 
поэмалары басылымға шықты. 
«Фархад  пен  Шырын»,  «Ромео  мен  Джульетта»,  «Қозы  Көрпеш  пен 
Баян  Сұлу»,  «Қыз  Жібек»,  Татьянаның  Онегинге  хатын  толғаныспен, 
тебіреніспен,  махаббатпен  оқитын  біздің  халық,  Кеңес  дәуірінде  өмір  сүрген 
замандастарымыздың  еңбегін,  бартырлығын,  махаббатын  жырлайтын 
поэмалар  мен  өлеңдердің  жазылуына  үлкен  мән  берген.  Халықтың 
сұранысына  Аманжолвтын  керемет  лирикалық  өлеңдері  жауап  болған. 
Танымның  тазалығы,  махаббаттағы  адалдық,  сезім  тереңдігі  –  лирикалық 
қаһарманның баға жетпес қасиеті. 
Қасым  шығармашылығы  –  қазақ  поэзиясының  нағыз  халықтық 
үлгілерінің  бірі.  Халықтың  қарапайым  ортасынан  шыққан  жалынды  жасақын 
өз  тағдырын  туған  елі  тарихымен  тұтастықта  сезініп,  өз  өлеңдерінде  залық 
жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның шешен 
де сыршыл поэзиясы әркімнің-ақ көңілінен шығатыны да осыдан.  
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
http://www.nomad.su/?a=15-201109050014.  Светлый  путь  Касыма 
Аманжолова. К 100-летию со дня рождения поэта. 05.09.2011 / история. 
2.
 
Құрастырушылар:  Сәрсенбаева  Ж.,  Мұқатай  Б.Қ  17  Қазақ  көркем 
сөзінің шеберлері:Анықтамалық. – Қарағанды: Экожан, 2010. – 512 б.   
3.
 
Қ  53  Қирабаев  С.  Кеңес  дәуіріндегі  қазақ  әдебиеті:  Қысқаша  очерк: 
жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  арналған  оқу  құралы.  –  Алматы: 
«Білім», 2003. – 224 б. 
4.
 
Қасым  Аманжолов  А-52  Өмір  өлең  Алматы:  «Олжас  кітапханасы» 
Баспа үйі, 2012. – 172 б. 
 
 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
191 
УДК 811.16:372.881.1 
Кайркызы Айдана 
(Павлодар, Казахстан) 
 
ҚАЗАҚ СИНТАКСИСІНДЕГІ ТҰЛҒАЛАР ТАНЫМЫ 
 
Қазақ тіліндегі синтаксис мәселесі әрқашанда тіл саласында көптеген 
еңбек сіңірген ғалымдардың назарында. Сол жолда жазылған еңбектер де аз 
емес.  Мақала  мазмұнында  осы  тұлғаларды  және  олардың  тағылымды 
еңбектері  жайлы  баяндалады.  Қазақ  синтаксисінің  қай  жылдардан  бастап 
зерттеле  бастағандығы  мен  қазіргі  таңда  қандай  жағдайда  екендігін 
байқауға  болады.  Тоқсан  ауыз  сөзді  түйіндейтін  болсақ,  тілге  тиек  болар 
мәліметтер аталмыш мақалада көптеп көрініс табады. 
Түйінді  сөздер:  грамматикалық  құрылым,  синтаксис  мәселелері, 
лингвистикалық принцип, көп қырлы құбылыс, тілдік сала. 
 
The issue of syntax in Kazakh language is always paid attention by scientists, 
who invested their labor in philology. There are many    works written on this theme. 
It is narrated about these people and their enlightening works in the content of the 
article. One can observe since which years Kazakh syntax has been investigated and 
what  the  condition  of  it  nowadays.  Summarizing  all  of  what  was  said,  the 
information that can be an occasion to talk is revealed itself in the article. 
Key  words:  grammatical  construction,  issues  of  syntax,  linguistic  principle, 
versatile phenomenon, linguistic branch. 
 
Әрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері болады. Қазақ 
тіл  білімнің  бұғанасы  бекініп,  қалыптасқан  қай  саласын  алсақ  та,  олардың 
әрқайсысының  даму  кезеңдері  болған.  Ғылым  салаларының  даму  барысында 
оның әдепкі біртұтастық түйдегінің жеке мәселелері бөлшектеніп танылып сол 
саланың дербес бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.  
Қазақ  тілінің  синтаксис  мәселелері  ол  баста  жалпы  сөйлем  құрылысы 
орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950-
жылдары  бой  көрсетіп,  оның  жеке  мәселелері  көптеген  ғылыми  зерттеудің 
объектілері  болып,  қазір  солардың  жүйелі  тармақтары  айқындалып,  жасалу, 
жұмсалу заңдылықтары ашылды.  
Синтаксис  жайлы  мағлұматты  оның  зерттелу  тарихымен  ұштастыра 
ұғыспайынша  көп  мәселенің  байыбына  бара  алмай  қаламыз.  Егер  орыс  тіл 
білімінде  бұл  синтаксис  ғылымының  бірнеше  жылдық  тарихы  бар  дейтін 
болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдан әрі аспайды. Ол 
қысқа  тарихтың  тіл  біліміне  қосары  айтарлықтай  мол  болғанмен,  сөз  тіркесі 
синтаксисі  енді  ғылымдық  дербестігіне  оқшауланып,  бұғанасы  бекіп  келе 
жатыр. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуы заңды.  
Қазақ  тілінің  синтаксистік  жүйесі  жөнінде  сол  заманның  өзінде 
тартымды-тартымды толғаныстар мен тоқтамдар болған. Солардың қатарында 
А.  Байтұрсынұлы,  Қ.  Жұбанов,  С.  Сарықұлұлы,  С.  Аманжолұлы,  М. 
Балақайұлы,  Н.  Тінәліұлы  сияқты  ірі  ғалымдардың  қазақ  тілінің  синтаксис 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
192 
саласына  жиырмасыншы  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарында  елеулі  үлес 
қосқанын айрықша атау орынды. Кейінгі буын ғалым-зерттеушілер синтаксис 
мәселелерінде  өз  үлестерін  қосқанда  сол  алғашқы  үлгілерден  бағдар  алады. 
Олай дейтін себебіміз де баршылық.  
1920-жылдары  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Тіл  –  құралында»  ситаксиске 
қатысты  бастапқы  мағлұмат  баяндалады.  Ғалым  синтаксис  мәселесін  зерттей 
отырып,  оның  табиғатын  дұрыс  түсіндіріп,  грамматикалық  құрылымды  жете 
білуге  жол  салды.  Автор  жай  сөйлемді  синтаксистік  ғылыми  тұрғыда 
қарастыру  үстінде  дұрыс  тоқтам  жасайды.  «Сөйлем  мүшелері  тұрлаулы, 
тұрлаусыз болып екіге бөлінеді», – дейді де, сол пікірін дәлелдеу үшін сенімді 
де  нанымды  дәлелдер  келтіреді.  Ғалымның  ойынша  сөйлемде  қалмай 
айтылатын  сөздер  немесе  қалса  да  қалғандығы  сезіліп  тұратын  сөздер 
тұрлаулы  мүшелер болады да,  «сөйлем ішінде бірде  болып,  бірде болмайтын 
сөздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай 
қалып  тұрған  сөздер,  түсіп  қалғанда,  қалғандығы  ашық  сезілмейтін  сөздер 
тұрлаусыз мүше деп аталады». Осы тұжырым күні бүгінге дейін өзінің мәнін 
жойған  жоқ.  Бұдан  кейінгі  зерттеушілер  де  А.  Байтұрсынұлының  ережесіне 
сүйеніп  келеді.  Бұның  өзі  қазақ  тіл  білімі  ғалым-зерттеуші  бастаған  дәстүрді 
толықтай  жалғастырып  келе  жатқанын  көрсетеді.  Біздің  байқауымызша,  А. 
Байтұрсынұлы,  әсіресе,  жай  сөйлем  синтаксисін  үлкен  білгірлікпен  зерттеген 
жан. Жай сөйлем синтаксисін жазғанда автор қолма-қол ереже ұсынудан гөрі 
сол тұжырымға әкелгендей дәлеледерді келтіруге әуестік танытады.  
20-ғасырдың  отызыншы  жылдарындағы  синтаксис  мәселелерінің 
қарастырылуы  жоғарыдағыдай  болса,  қырқыншы  жылдары  оқу  орындарына 
арналған ғылыми грамматика алынды. Бұл орайда Сәрсен Амажолұлы «Қазақ 
тілінің  ғылыми  синтаксисінің  қысқа  курсы»  атты  еңбек  жазды.  Міне  осы 
кезден  бастап  қазақ  тілі  синтаксисін  жан-жақты  зерттеу  қолға  алынды. 
Зерттеушілердің  бірден-бір  сүйенетіні  сөйлем  болатынын  жақсы  түсінген 
қазақ  тілі  мамандары  жан-жақты  ізденіп,  мақалалар,  диссертациялар  жазу, 
республикалық,  одан  да  кеңірек  көлемде  конференциялар  өткізу  сияқты 
жұмыстар басталып кетті.  
1930  −  1940  жылдары  қазақ  тілінің  бірнеше  грамматикасы  шықты, 
синтаксиске  арналған  азын-аулақ  зерттеулер  мен  шағын  мақалалар 
жарияланды.  Оларда  жай  және  құрмалас  сөйлемдер  синтаксистерінің  негізгі 
мәселелері  біршама  тәуір  баяндалады  да,  сөз  тіркесінің  синтаксисі  атаусыз 
қалады.  1936  жылы  профессор  Құдайберген  Жұбановтың,  1939  жылы 
С. Аманжолв  пен  Н.  Сауранбаевтың  бірігіп  жазған  оқулықтары  шықты. 
Бұларда  сөйлем  мүшесінің  тіркесі  жайында  айтылғандарды  сөз  тіркесіне 
қатысы  бар  деп  қарауға  болар,  бірақ  синтаксистің  еленбей  жүрген  келелі 
саласы сөз тіркесі екенін де, оның жекелеген мәселелерін де авторлар ғылыми 
зерттеудің  объектісі  деп  танымайды,  танымағаны  былай  тұрсын,  сөз  тіркесі 
мүлде ауызға алынбайды.  
Дегенмен де, 30-жылдардың аяғына дейінгі синтаксис саласын зерттеу 
практикалық  грамматикалар  шеңберінен  ұзап  кете  алмады.  Істелген 
жұмыстардың 
барлығы 
дерлік 
мектеп 
оқулықтарында 
қамтылған 
бағдарламалық  материалдарды  кеңірек,  дәлірек  айқындауды  көздеді.  Бұл 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
193 
көлемнен  шығып,  тілдік  материалдарды  жоғары  оқу  орындарында  оқылатын 
теориялық  курстарға  сәйкес  жалпы  лингвистикалық  принциптер  тұрғысына 
қарап  шешу  талабы  40-жылдардың  бас  кезінен  басталатындығын  байқаймыз. 
Бұл  онжылдық  ішінде  синтаксистің  алуан  түрлі  мәселелеріне  арналған  15 
шақты ғылыми мақала, С. Аманжоловтың, Н. Сауранбаевтың, М. Балақаевтың 
еңбектері шыққандығы мәлім.  
1940  жылдары  Мәулен  Балақаев  жай  сөйлем  синтаксисімен  терең 
айналысып,  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем  синтаксисінің  негізгі 
мәселелері»  деген  тақырыпта  докторлық  диссертация  қорғады.  Ғалым  тілдік 
материалдарға  сүйене  отырып,  сөйлем  мүшелерінің  байланысы  ретінде 
қарастырылып  келген  сөз  тіркесін  терең  де  жан-жақты  зерттеп,  оны 
синтаксистің негізгі  нысандарының бірі  ретінде көрсетті. Ол кезде сөйлемнің 
өзін сөз тіркесінің бір түрі деген пікірлер де бар болатын. Орыс тіл білімінің 
өкілі  М.  Петерсон  синтаксистің  негізгі  нысаны  сөз  тіркесі,  ал  сөйлем  сөз 
тіркестерінің  бір  түрі  деп  есептеген.  Қазақ  тіл  білімінде  бұл  пікірді 
М. Балақаев  қолдады.  Қазақ  тілі  материалдарының  негізінде  арнайы  еңбек 
жазған  Мәулен  Балақаев  зерттеулерінде  сөз  тіркесі  мәселесі  кеңінен 
қарастырылып,  онда  сөз  тіркесінің  құрылысы,  өзіне  тән  белгілері, 
ерекшеліктері,  сөздердің  байланысу  тәсілдері  мен  формалары  және  олардың 
тіркесу  қабілеттері  ашып  көрсетілді.  Сөз  тіркесіне  толық  мәнді  ереже 
шығарып,  осы  ережеге  сүйене  отырып,  оның  негізгі  қағидаларын  ашып 
көрсетеді.  М.  Балақаев  Синтаксис  сөз  тіркесін  сөйлемді,  олардың  түрлерін, 
сөйлем  мүшелерін  және  басқа  синтаксис  формаларды  адамның  ойын  білдіру 
грамматикасының  тәсілдері  ретінде,  өзара  байланысты  категориялар  ретінде 
қалыптастырады»  −  деп  атап  көрсетеді.  Осы  пікірлер  негізінде  синтаксис 
ғылымының зерттеу аясы екі жақта түсіндіріледі. 
1.
 
Нақтылы  процестің  пайда  болуын  зерттейтін  жасау  құралдары  мен 
қағидалары түсіндіріледі. 
2.
 
Сөйлеу  процесінің  пайда  болуын  зерттейтін  грамматиканың  бір 
саласы.  Онда  сөйлем  ішіндегі  мен  сөздердің  үйлесуі,  сөйлемнің  жалпы 
қасиеттерін зерттейді. 
1941  жылы  С.  Жиенбаевытың  «Синтаксис  мәселелері»  деп  аталған 
шағын  кітапшасы  шықты.  Мұнда  жай  сөйлемді  синтаксистің  бір  бөлімі  деп 
дұрыс  есептейді.  Жай  сөйлемнің  барлық  мүшелері  басқа  тілдерде 
болатындығы  сияқты,  қазақ  тілінде  де  бар  екендігін  дәлелелдейді.  Сөйлем 
мүшелерін  жіктеу,  олардың  арасында  болатын  синтаксистік  қатынастар 
туралы  айтқандары  болмаса,  бұл  кітапшаның  алға  қойған  негізгі  мақсаты  – 
құрмалас сөйлемді жіктеу болғандықтан, бұнда құрмалас сөйлемді сөз еткен.  
50-жылдары  С.  Аманжолов  тілдік  және  құрылым  мәселесі  бойынша 
тым өткір тақырыпқа арнап бірнеше мақала жазып, өз пікірін жұртшылықтың 
ортасына  салды.  Әсіресе,  синтаксиске  қатысты  ой-пікірлері  тереңдігімен  із 
қалдырды. Оның бастылары мыналар:  
1.
 
Сөйлем  –  тіл  ғылымының  синтаксис  саласын  зерттеуде  ең  басты 
объекті болып табылады

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
194 
2.
 
Сөйлем – күрделі, көп қырлы құбылыс. Сөйлемді зерттеу тарихында 
пайда  болған  түрлі  пікірлер  мен  тұжырымдар,  бағыттар  мен  мектептер  оның 
осы сипаттарынан туындайды; 
3.
 
Сөйлемнің  көп  қырлы  тұтастық  екендігін  осы  мәселені  арнайы 
зерттеуге  арналған  кейінгі  зерттеу  еңбектері  дәлелдейді.Осы  аталған 
тұжырымдар  түркологияға  да,  соның  ішінде  қазақ  тілі  синтаксисін  зерттеуге 
елеулі  дәрежеде  әсерін  тигізіп,  олардың  ғылыми  деңгейде  дамуына 
көмектесті.Қазақ  тіл  білімінің  туып  қалыптасуы,  дамуы  бүгінгі  кемелденген 
шағына  жетіп,  биіктерге  көтерілуі  оның  іргетасын  қалап,  қазақ  тілін  ғылым 
ретінде  қалыптастырған  ардақты  есімдермен  тығыз  байланысты.  Қазақ  тіл 
білімінің  тарихында  синтаксистің  негізін  салған  ғалымдардың  әрқайсысының 
орны ерекше. 
 
КӨЗДЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Б.Р. Оспанова «С. Аманжолов еңбектеріндегі синтаксис теориясының 
ғылыми негіздері» монография , Алматы 2010. 
2.
 
М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі». 
3.
 
М. Серғалиев «Синтаксистік зерттеулер» антология. 
4.
 
Қ. Шәукенов «Синтаксис» Алматы, 1996. 
5.
 
М. Сайрамбаев «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі». 
 
 
УДК 81'35:81'367/7 
Шақаман Ырысгүл, Муздыбаева Оразбике, 
(Астана, Казахстан) 
 
СЫН ЕСІМНІҢ СӨЗ ТАБЫ БОЛУ БЕЛГІЛЕРІ 
 
Сын  есім  –  лексикалық-грамматикалық  мағынасы  жағынан,  сөз 
сөзжасамдық  пен  морфологиялық  қызмет  белгілері,  жүйесі  жағынан, 
аналитикалық-семантикалық  қызметі  мен  қолданысынында  қазіргі  қазақ 
тіліндегі өзіндік ерекшелігі бар сөз табы. Қазақ тіл білімінде сын есімнің сөз 
табы  болу  орны,  оның  жеке  лексикалық-грамматикалық  сипаты  жағынан 
нақты  белгілері  қарастырылып,  шырай  категориясы,  мағыналық  топтары, 
заттануы,  аналитикалық-семантикалық  қызметі,  басқа  да  грамматикалық 
өлшемдері зерттеліп ашылған.  
Негізгі сөздер: сын есім, сөз табы, сөзжасамдық, шырай түрлері, зат 
есім, теориялық белгілер. 
 
The  adjective  is  a  lexical  and  grammatical  meaning  of  the  word formation 
and  morphological  features,  in  terms  of  semantic  and  the  application  of  modern 
analytical Kazakh language original word class. In Kazakh linguistics the adjective 
took  place  of  the  word  class,  lexical  and  grammatical  considered  in  terms  of  the 
nature of the symptoms, the degree category, meaning groups. 
Key  words:  adjective,  the  word  class,  word-formation,  friendly,  nouns, 
theory. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
195 
 
Н.Т. Сауранбаев сын есімдердің жеке сөз табы болудағы ерекшелігіне 
назар  аударып,  олардың  жеке  сөз  табы  болуы  жеке  сөйлем  мүшесі  бола 
алатындығымен байланыстырып, айтып өтеді. 
А. Ермеков біріккен сөзге арнайы еңбек жаза отырып, сын есімдердің бірнеше 
қасиетіне кеңінен тоқталады, олардың сөздікте бір сөз ретінде берілуі туралы 
пікір білдіреді.  
Ғ. Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы болуына екі түрлі 
дәлел бар екендігін айтады: бірі – сын есімде форманттың жоқтығы, бұл – оны 
зат  есімнен  бөліп  алуға  керекті  белгі,  екіншісі  –  сын  есімнің  аналитикалық-
семантикалық-семантикалық қызметі, негізінен, анықтауыш екендігі. 
Ж.  Шакенов  сын  есімнің  шырайларын,  жасалу  жолдарын  көрсетеді. 
Аналитикалық-семантикалық-семантикалық  қызметін  талдайды.  Тіпті  сын 
есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестері жайын да сөз етеді, сын 
есімдерді топтастырады [1, б. 91]. 
Ғалым сын есімнің өз алдына сөз табы екеніне бұдан басқа да бірнеше 
дәлел  келтіреді.  Өзінің  еңбегінде  сын  есімнің  төрт  түрлі  тұрақты  белгісін 
ерекшелеп береді: 
1.
 
лексикалық (жеке) мағынасының болуы; 
2.
 
бірнеше  түрдегі  шырай  жұрнағының  бар  болуы  оның  жеке  белгілік 
сипаты болып таыбалтыны
3.
 
зат  есімге  тән  жұрнақ-жалғаулардың  сын  есімге  тікелей 
қосылмайтындығы; 
4.
 
сөйлемде  бөлек  мүше  қызыметін  (анықтауыш)  атқаруын,  егер  осы 
төрт түрлі белгісі бір жерде түйісіп шықса, онда сын есім болатынын, егер бұл 
сипаттары үйлеспесе, онда сын есім болмайтынын атап өтеді. Бұл белгліер сын 
есімге қоылатын өлшемдер болып табылатынын ескертеді. (2, б. 10). 
Ж.  Шакенов  сын  есімнің  жасалу  жолдарын  беруде  аналитикалық-
семантикалық  тәсіл  сипатын  түсіндіреді.  Сын  есім  қызметінде  болатын 
тұрақты  сөз  тіркестерін  сөз  етеді,  сын  есімдерді  топтастырады  [2,  б. 93].Сын 
есімнің  нақты  қызметі  түбір  күйінде  тұрып,  зат  есіммен  тіркесіп,  оның  түрлі 
қасиетін, сындық белгісін білдіруінен көрінетінін мысалмен талдайды  
Сын  есімді  жеке  сөз  табы  ретінде  белгілерін  ашып  сипаттауда  оның 
құрамындағы сөздердің белгілерін бір-бірінен жеке бөліп, кейбірін ғана негізге 
алу дұрыс емес. 
Сонымен  ғалымдардың  еңбектері  негізінде  сын  есімнің  басқа  сөз 
таптарынан ажырататын өзіне тән түрлі белгілері: 
1.
 
Қазақ  тілінде  сын  есім  тікелей  септелмейді,  көптелмейді, 
тәуелденбейді.  Аталып  отырған  түрлену  жүйесінің  бірінің  қосымшасы 
жалғанса,  сын  есім  заттанып  кетеді.  Өйткені  септік,  көптік  және  тәуелдік 
категориялары  –  зат  есімге  тән  құбылыс.  Сын  есімнің  текелей  көптелмей, 
септелмей, тәуелденбейтін ерекшелігі оны зат есімнен бөлек, дербес сөз табы 
екенін түсіндіретінің белгілі. 
2.
 
Сын есімінің келесі белгісі – өзіндік морфологиялық тұлғаларының, 
шырай  жұрнақтарының,  болатыны.  Түркітанушы  ғалымдардың  көбі  осы 
үлкен грамматикалық белгіні сын есімнің ерекшелігін ашатын, оны дербес сөз 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет