Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата27.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#10463
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
232 
ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялары  ерекше  орын  алады.  Жаңа 
ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, 
оны  білім  алушыға  беру  үрдісі.  Бұл  үрдісті  іске  асырудың  негізі  компьютер 
болып табылады» [1, б. 6]. 
«Ақпараттық˗коммуникативті  технологиялар»  дегенімізде  ойымызға 
бірден компьютер және интербелсенді  тақта түседі.  Шын мәнінде, бұл дұрыс 
емес.  Ақпаратты  жеткізу  мен  қабылдауды  жеңілдету  әрі  соған  сай  тиісті 
қарым˗қатынас  орнатуда  пайдаланылатын  құралдардың  саны  анағұрлым  көп. 
Тарихқа  көз  жүгіртетін  болсақ,  сонау  тайпалық˗рулық  кезеңде  адамдардың 
үңгірлердің  қабырғаларына  түрлі  иероглифтерді/белгілерді  салып,  не  қағазға 
(тақтайға) сурет  салу  арқылы  өзара хабар алмаса бастауы, кейінгі кезеңдерде 
радио,  теледидар,  электронды  есептеуіш  машиналардың  пайда  болуы,  бертін 
келе ұялы телефон, ғаламтор, электронды оқулықтардың таралуы сынды жаңа 
өнертабыстардың  барлығы  біздің  бүгінгі  зерттеу  жұмысымыздың  нысаны  − 
АКТ қатарына жатады.  
Демек,  оқыту  үдерісінде  өзімізге  үйреншікті  компьютер,  презентация, 
интербелсенді тақтадан басқа электронды оқулықтар, үлестірмелі карточкалар, 
тақырыптар  бойынша  сараланған  суреттер  топтамасы,  аудиожазбалар, 
«сөйлейтін  кітаптар»  және  тағы  басқалардың  барлығы  да  оқушыларға 
тақырыпты түсіндіруде АКТ ретінде көмекші құрал қызметін атқарады.  
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  замануи  талаптарға  сай 
ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білім 
кеңістігіне енуде қолдану бүгінгі таңда үлкен өзектілікке ие болып отыр. Сол 
себепті  де  оқытудың  ақпараттық-коммуникативті  технологиясы  білімді 
жаңаша беру мүмкіндіктерін ашу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу 
тәрбиесі  үрдісінде  оқушының  жеке  тұлғасын  жан-жақты  қалыптастыру  үшін 
ақпараттық мәдениетті, ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және 
тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір 
сүретін  адам  өзін-өзі  шектей  білетін  негізгі  нормалар  мен  ережелерді  игеруі 
тиіс.  Қазіргі  уақытта  «ақпараттық  сауаттылық»,  «ақпараттық  құзыреттілік» 
деген  түсініктердің  қалыптасып,  кең  таралуының  өзі  аталмыш  мәселенің 
қаншалықты  өзекті  екендігін  айғақтайды  және  өскелең  ұрпаққа  білім  мен 
тәрбие беретін педагогтар үшін ақпараттық˗коммуникативті технологияларды 
пайдаланудың маңызын дәлелдейді. 
Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  қарым˗қатынастық  байланыс 
құралдарын  қолдану  арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  мақсат  етеді. 
Мультимедиялық  оқулықтар,  біріншіден,  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген 
жерлерін  қайта  көруге,  тыңдауға  және  алған  мағлұматты  нақтылауға 
мүмкіншілік  береді,  сонымен  қатар  оқушының  білім  алу  кезеңінде  оқу  іс-
әрекетіне  белсенділігін  арттыра  түседі.  Білім  мен  ғылымның  дамуын  басты 
назарға  алған  қазіргі  заманның  талаптарына  сай  қоғамды  ақпараттандыруда 
мұғалімдердің 
ақпараттық-коммуникативті 
технологияларды 
қолдану 
бойынша  біліктілігін  көтеру  білім  беру  саласындағы  негізгі  міндеттердің 
біріне айналды. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
233 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында 
«Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» [2] деп атап көрсетілген. Сол себепті білім 
беру  саласында  қызмет  ететін  барлық  оқытушылар  бүгінгі  таңда  АКТ 
технологиясына бет бұрып, оны оқу үдерісінде белсене пайдалану үстінде. 
Жалпы алғанда, қандай болмасын пәнді не пәндер тоғысын оқытқанда 
ақпараттық˗коммуникативті  технологияны  пайдалану  келесідей  мүмкіндіктер 
мен артықшылықтарды береді: 

 
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; 

 
Жаңа материалды қабылдау және игеру үрдісін жеңілдетеді; 

 
Оқушылардың 
танымдық, 
ізденімпаздық 
әрекеттерін 
белсендендіреді; 

 
Мұғалімнің уақытын үнемдейді; 

 
Оқушылар  мен  оқытушылардың  бойында  ақпараттық 
сауаттылық пен ақпараттық құзыреттілік дағдыларын қалыптастырады.  
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  тұрғысынан  қарайтын  болсақ,  мұндағы 
АКТ ролі орасан зор. Қазақ тілі әлемдегі бай әрі әдемі тілдердің бірі болумен 
қатар  өз  ішінде  сингармонизм,  ерін  үндестігі  сынды  түрлі  заңдылықтарға 
бағынған  күрделі  жүйе  болып  табылады.  Мұғалімдер  үшін  қанша 
оқушылардың  ішінде  әрқайсысына  осындай  екпін,  ықпал,  грамматикалық 
мағына,  дыбыс  үндестігі  сияқты  күрделі  тақырыптарды  және  фонетикалық, 
лексикалық, грамматикалық талдау үлгілерін түсіндіру оңай емес. Ал әдебиет 
сабағында  кейбір  ақын˗жазушылардың  өмірбаяны  мен  шығармашылық 
жолына үңілу, көркем шығармалардың мазмұны мен ондағы кейіпкерлерге ден 
қою  қосымша  «уәждеуші  құралдарсыз»  қиынға  соғады.  Міне,  осындайда 
ақпараттық˗коммуникативті технологияны пайдалану мұғалімдер үшін жақсы 
қолғабыс болып табылады.  
Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  негізгілерінің  бірі  – 
интербелсенді  тақта,  мультимедиалық  және  онлайн  сабақтар.  Қазіргі  кезде 
ғаламтор  желісінде  еліміздің  түкпір˗түкпірінен  жиналған  мұғалімдер  арнайы 
сайттар  мен  парақшаларды  ашып,  онда  өздерінің  тәжірибелерімен  бөліседі, 
әсіресе  білікті  ұстаздардың  онлайн  сабақтары  жас  мамандарға  және  жалпы 
мұғалімдерге үлкен көмекші құрал қызметін атқарады. Интербелсенді тақтаны 
сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі 
өзекті  мәселелерді  шешуге  болатындығы  анықталған.  Осыған  байланысты 
күнделікті сабақта: 

 
мультимедиялық 
құралдар 
(аудио˗, 
бейне˗материалдар 
мен 
теледидар, радио, электрондық оқулықтарды); 

 
компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интербелсенді тақта); 

 
анықтамалық  мәліметтер  (сөздіктер,  энциклопедиялар,  ғылыми 
еңбектер, электронды жаттығулар жинақтары); 

 
ғаламтор  және  басқа  да  көрнекі  ақпараттық  материалдарды  сабақта 
қолдану айтарлықтай оң нәтиже береді.  

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
234 
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, үлкен 
зейінмен  тыңдауға  және  алған  мәліметтерді  нақтылай  бекітуге  мүмкіндік 
береді. 
«Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің 
әр түрлі  аспектілерін дамытуға болады. Олар:  ақпаратты өңдеудің когнитивті 
аспектілері, 
оқытудың 
мотивациялық 
аспектілері 
және 
оқытудың 
коммуникациялық  аспектілері  және  танымдық  аспектілері.  Мәселен, 
электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап 
алған  тараудың  барлық  тақырыптардың  теориялық  материалдары,  есеп 
шығару  үлгілері,  өз  беттерімен  жұмыс  істеуге  арналған  жаттығулар,  әр 
тақырып  бойынша  орындалатын  зертханалық  жұмыс  тапсырмалары, 
оқушылардың  білім  сапасын  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  беріледі 
және  сынып  оқушыларының  әрқайсысына  жеке-жеке  нұсқаулар  бойынша 
жұмыс  жүргізуге  қолайлы.  Бұндай  бағдарламалардың  ерекшелігі  сол  ˗  әрі 
уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді» [3, б. 2]. 
Қазақ  тілі  және  әдебиет  сабақтарында  АКТ-ны  сабақтың  кез  келген 
кезеңінде қолданып, оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін айтарлықтай 
арттыруға болады: 
1)
 
Үй жұмысын тексеру:  

 
интербелсенді  тақтада  слайд  арқылы  өткен  тақырыптар 
бойынша сұрақтарды ойын түрінде (не басқа да формада) ұсыну; 

 
әдебиеттен  көркем  туындының  желісі  бойынша  түсірілген 
бейнефильм  не  аудиожазбаның  әр  түрлі  бөліктерін  оқушылардың 
назарына ұсынып, қай жерден алынғандығын таптыру; 

 
ақын˗жазушылардың  портреттерін  алып  келіп,  олардың 
өмірбаяны  мен  шығармашылығы  бойынша  өткен  мәліметтерді  еске 
түсіру. 
2)
 
Жаңа тақырыпқа көшу: 

 
интербелсенді  тақтада  көрсетілген  не  шынайы  суретті 
иллюстрацияларға назар аударып, «миға шабуыл» жасау; 

 
«ассоциация» не «ребус» тәсілімен түрлі суреттерді көрсету 
арқылы жаңа тақырыпты анықтау; 

 
музыкалық  композиция  не  қысқа  бейнебаян  арқылы 
оқушылардың бұрыннан білетін мәліметтерін жаңа сабақ тақырыбымен 
байланыстыру. 
3)
 
Жаңа тақырыпты меңгеру: 

 
тақырып  бойынша  бейнебаян  көру  не  аудиоматериал 
тыңдау; 

 
тақырыпқа  сай  белгілі  бір  мәтінді  ұсынып,  мағынасына 
ерекше  назар  аударуды/талдауды/сөздікпен  жұмыс  жасауды  және  т.б. 
қажет ететін сөздерді айрықша белгілеу арқылы ой қозғау; 

 
тақырыпқа 
сай 
газет 
не 
журналдардан 
қызықты 
материалдарды тауып, оқушылардың назарына ұсыну; 

 
онлайн сөздіктер мен энциоклопедияларды пайдалану; 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
235 

 
пәнаралық  кіріктірілген  сабақтарда  карта/глобус/үнтаспа/ 
т.с.с. құралдарды қолдану; 

 
жекеленген жаттығуларды презентация не басқа да қызықты 
формада ұсыну арқылы зейінін аудару; 

 
нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу; 

 
ережені оқып, өз сөздерімен түрлендіріп жеткізу; 

 
қосымша  материалдармен  танысып,  танымдық  әрекетін 
белсендендіру; 

 
жаңа  тақырып  бойынша  өздеріне  бұрыннан  белгілі 
мәліметтерді сызбаға түсіру. 
4) Бекіту: 

 
жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу; 

 
сабақта 
алған 
мәліметтерді 
флипчартта 
кесте/сызба/сурет/т.б. түрінде ұсыну; 

 
Microsoft  office  Power  Point  бағдарламасында  тақырып 
бойынша презентация құрастыру. 
4)
 
Бағалау, кері байланыс: 

 
флипчарт/презентация т.б. құралдарда алдын ала ұсынылған 
бағалау кестесін (әр түрлі формада болуы мүмкін) қолдану; 

 
әр түрлі мәтіндері/суреттері бар карточкаларды пайдалану. 
Сонымен  қатар дәл осы ақпараттық құралдардың  көмегімен  қазақ тілі 
сабақтарында «Ойлан, тап», «Кім жүйрік?», «Не? Қайда? Қашан?», «ХХІ ғасыр 
көшбасшысы»  сынды  танымдық  зияткерлік  ойындарды  өткізу  арқылы  да 
оқушыларды қазақ тілі  мен әдебиет пәндері бойынша алған білімдерін сынап 
қана  қоймай,  олардың  пәнге  деген  сүйіспеншілігін,  оны  әрі  қарай  терең 
зерделеуге  деген  ынтасын  да  арттыруға  болары  хақ.  Ал  Қазақстан  тарихы, 
география,  биология  және  басқа  да  пәндермен  сабақтастыра  отыра 
кіріктірілген  сабақтарды  өткізу  арқылы  мұғалім  оқушылардың  ізденімпаздық 
әрекетін  арттырады  әрі  өзінің  кәсіби˗шеберлігін  шыңдайды.  Сондай˗ақ  түрлі 
тақырыптарға  пікірталас  өткізу,  дөңгелек  үстел,  «квест»  сабағы,  саяхат  не 
ойын  сабақтары  кезінде  оқушылардың  айтылым,  тыңдалым,  жазылым  және 
оқылым  сынды  төрт  маңызды  әрекетін  белсендендіріп,  тақырып  бойынша 
тиісті арнаға «бұруға» болады.  
АКТ-ны оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану оқушының қызығушылығын 
арттырып,  шығармашылық  шабытын  шыңдап,  ғылыми  көзқарасын 
қалыптастырады. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда, әсіресе топпен жұмыс 
жасағанда маңызы зор.  
Қорыта  айтқанда,  ақпараттық  технологияларды  педогогикалық 
тұрғыдан  дұрыс  пайдалана  білу  оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығын 
арттырып, сабаққа деген ынтасын оятады, өз бетімен жұмыс істеуге, пікірталас 
ұйымдатыруға, 
проблемалық 
сұрақтарға 
жауап 
беруге, 
өмірмен 
байланыстыруға  ықпал  тигізеді.  Ал  оқытушы  үшін  ол  келесідей 
артықшылықтармен  ерекшеленеді:  мұғалім  үздіксіз  ізденіс  үстінде  жүреді, 
жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  жауапкершілігі  артады,  инновациялық 
технологияларды 
қолдану 
іскерлігі 
артады, 
жас 
мамандардың 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
236 
қызығушылығын  арттырады,  ғаламтор  жүйесі  арқылы  әлемдік  деңгейде 
іс˗тәжірибе  алмасуды  қалыптастырады  және  оқытудың  түрлі  әдіс˗тәсілдерін 
игеруге қол жеткізеді, оқытушы сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге 
машықтанады. 
Елбасымыз:  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен 
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет,» ˗ деп, 
атап 
көрсеткендей, 
жас 
ұрпаққа 
білім 
беру 
үдерісінде 
ақпараттық˗коммуникативті 
технологияны 
пайдаланудың 
практикалық 
маңызы  өте  зор  және  бұл  технология  жылдан˗жылға  әрі  қарай  дамып, 
болашақта да үлкен сұранысқа ие болатындығы сөзсіз.  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Р.Ж. Бахтиярова. Пән сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімділігі. // 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру  Ұлттық Орталығы»  АҚ филиалы БҚО бойынша 
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты: Орал, 2014. 
2.
 
«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27 
шілдедегі №319 Заңы. 
3.
 
http://www.rusnauka.com/9_SNP_2015/Philologia/1_187867.doc.htm
 
Насыритдинова  Г.Н.  Қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың  білім  сапасын 
арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы.  
 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
237 
 
УДК 004.032.6:37.013.79 
Великодна Євгенія 
(Дніпропетровськ, Україна) 
 
МЕДІА-ПРОСТІР ЯК СКЛАДОВА ФОРМУВАННЯ  
СОЦІАЛЬНОГО ПРОСТОРУ 
 
Розглядається  медіа-простір  як  основна  складова  формування 
соціального  простору.  Аналізується  вплив  продукції  масової  комунікації  на 
свідомість людини. 
Ключові  слова:  медіа-простір,  інформаційне  суспільство,  соціальний 
прострі, масова комунікація. 
 
Considered the media space as a main component of the formation of social 
space. Analyzed of mass communication products for human consciousness. 
Key  words:  media  space,  information  society,  social  space,  mass 
communication. 
 
В  умовах  поширення  електронних  медіа  освітній  простір  як  простір 
буття людини тісно переплітається з медіа-простором. Аналіз медіа-простору 
та  його  освітнього  виміру  стає  важливою  складовою  сучасних  філософських 
досліджень, і у межах такого нового їх напряму, як медіа-філософія.  
Виокремлення  медіа-простору  як  самостійного  предмету  соціальних 
досліджень  пов’язане  з  формуванням  інформаційного  суспільства.  І  дійсно, 
соціальний простір в основі своїй все більше стає потоком інформації. У наш 
час  панує  глобальна  медіасистема,  що  формує  за  допомогою  фільмів, 
комп’ютерних  програм,  телебачення  всюди  той  самий  спосіб  життя  й 
мислення.  Нові  технології  й  породжувана  ними  медіареальність  не  тільки 
стають  самостійною,  але  часто  і  єдиною  онтологічною  умовою  існування 
людини. Вони вже не є технічними посередниками, що щось транслюють, але 
й  самі  стають  всепоглинаючим  і  всеохоплюючим  середовищем,  тобто 
простором  досвіду  й  свідомості  людей.  У  межах  медіа-простору 
інформаційного суспільства медіа знаходяться не поза людьми, а всередині 
них.  Сьогодні  до  будь-якої  сфери  культури,  до  будь-якого  фрагмента 
реальності  можна  поставити  приставку  медіа.  Усе  вказує  на  невідкладність 
філософського осмислення поняття медіа-простору.  
З врахуванням цього сам медіа-простір може розглядатися сьогодні як 
основна  складова  соціального  простору,  який  визначає  соціокультурну 
детермінованість  простору  освітнього.  Він  відображає  динаміку  розвитку 
масових  комунікацій  у  суспільстві  як  механізму  актуалізації  інформації  за 
допомогою  комунікативних  засобів,  більш  загально  -  як  соціального  процесу 
розподілу  інформації  в  суспільстві.  «Масова  комунікація  -  соціокультурний 
феномен, що полягає у формуванні й підтримці соціальної спільноти шляхом 
ФІЛОСОФІЯ 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
238 
масового  тиражування  й  поширення  соціально  значимої  інформації  й 
установлення  між  «розповсюджувачами»  і  «одержувачами»  цієї  інформації 
зворотного зв’язку, який носить, як правило, відстрочений характер» [1, с. 72]. 
Особливістю  масових  комунікацій  є  процес  поширення  інформації  (знань, 
духовних  цінностей,  моральних  і  правових  норм  і  т.п.)  на  чисельно  великі, 
розосереджені  аудиторії.  Масова  комунікація  є  різновид  спілкування  й  саме 
соціально орієнтований вид спілкування; структура інформації в полі масової 
комунікації  охоплює  спектр  типів  психологічного  впливу  від  освідомлення 
(інформування)  і  навчання до переконання й  впливу;  масова  комунікація має 
найширші  семіотичні  можливості  й  забезпечує  опосередкований  характер 
спілкування,  пропонований  сучасною  технікою  передачі  й  отримання 
інформації;  масова  комунікація  забезпечує  органічний  зв’язок  соціальної 
системи. 
Масові  комунікації  охоплює  весь  комплекс  засобів,  наприклад, 
телебачення,  пресу,  радіо,  кіно,  а  також  інші  їхні  форми  -  відеозапис,  DVD, 
фотографію,  афіші,  рекламу  тощо.  У  зв’язку  з  цим  вони  отримали  назву 
«медіа»,  загальноприйнятий  у  західних  країнах  (від  лат.  media  −  засіб).  Саме 
медіа  й  створюють  новий  соціальний  простір  освітньої  діяльності  у  вигляді 
медіа-простору,  що  створює  принципово  нові  її  можливості.  «Інтерактивний 
гіпертекстовий  сектор  медіапростору,  −  вказує  дослідник  А.Калмиков,  −  це 
необмежений  і  поповнюваний  ресурс  найрізноманітнішої  інформації,  яку 
можна розглядати і  як основу  для наповнення освітніх програм, і  як предмет 
навчальних  дослідницьких  робіт.  Крім  того,  Інтернет  є  зовнішньою 
референтною  аудиторією,  якій  можна  доручити  апробацію  виконаних 
навчальних завдань» [2, с. 32]. 
Засобам  масової  комунікації  як  важливому  соціальному  інституту 
присвячені  роботи  філософів  і  соціологів,  засновані  на  модерністських 
концепціях  і  в  цілому  спрямовані  на  аналіз  впливу  цього  інституту  на 
протікання соціальних процесів.  
Глобалізуючий ефект  засобів  масової  комунікації, процес формування 
та розвитку глобального медіа-простору, що включає численні засоби передачі 
інформації,  породила  важливі  соціальні  проблеми,  пов’язані  із  впливом  на 
людство  подібного  феномену.  Цей  аспект  проблеми  досліджували  Д.  Белл, 
М. Маклюен,  П.  Бергер,  Т.  Лукман  та  інші,  а  також  вітчизняні  вчені 
Н. Кирилова, А. Кисельов, І. Мелюхін та інші. Соціальні наслідки збільшення 
обсягів  інформації,  що  загрожують  виникненням  медіа-простору,  який 
спотворює  сприйняття  реальності,  досліджені  у  роботах  Д. Рошкоффа. 
Навпаки,  на  позитивних  аспектах  розвитку  медіа-простору  зосереджує  свою 
увагу М. Кастельс.  
Таким чином, у сучасному світі засоби масової комунікації є активним 
фактором формування соціального простору. Вони служать не тільки засобом 
передачі  інформації, але й  механізмом формування особливої  реальності, яка 
формує  картину  світу  за  межами  чуттєвого  досвіду  індивіда.  Цей  феномен, 
який  виникає  в  результаті  взаємодії  засобів  масової  комунікації  і  аудиторії, 
звичайно і визначають як «медіа-простір». Термін має інтегральну якість, яка 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
239 
полягає в тому, що дозволяє розглянути новий соціальний феномен у контексті 
традиції вивчення соціального простору.  
 
СПИСОК ДЖЕРЕЛ ТА ЛІТЕРАТУРИ 
1.
 
Иванова Л.А. Медиаобразование: взгляд в будущее / Л.А. Иванова // 
Научно-педагогический  журнал  Восточной  Сибири  Magister  Dixit.  –  2011.  – 
№2. – С. 69 − 74. 
2.
 
Калмыков  А.А.  Е-learning  как  инструмент  медиаобразования  / 
А.А. Калмыков // Высшее образование в России. − 2009. – №10. – С. 29 − 32.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет