Issn 1607-2782 Республикалық


АЙМАҚТАҒЫ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР ӨНДІРІСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

АЙМАҚТАҒЫ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР ӨНДІРІСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ
 
 
А.С.ШАЙНҰРОВ, экономика ғылымдарының кандидаты,
 
А.С.САРЖАНОВ, магистрант,
 
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Қызылорда  облысының  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  негізгі  бағыттарының 
бірі  агроөнеркәсіп  кешені  жүйесін  тиімді  жүргізу  және  бәсекеге  қабілетті  ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады.  
Агроөнеркәсіп кешенінде негізгі бағыт күріш шаруашылығын, мал шаруашылығын, 
көкөніс-бақша және балық шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Облыста өсімдік 
шаруашылығының басым бағыты дәнді дақылдар  ішінде күріш  өндірісі болып табылады. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  жиналатын  күріштің  жалпы  өнімінің  шамамен  90  %    осы 
жерде өндіріледі. 
Күріш жоғары өнімді дәнді дақыл ретінде Қазақстанда суармалы жерлерде өсіріледі, 
отандық    ішкі  және  әлемдік    сыртқы  нарықта  үлкен  сұранысқа  ие.  Әлемдік  статистика 
күріштің  дәнді  дақылдар  арасында  өзінің  егістігінің  көлемі  мен  жалпы  түсімі  бойынша 
екінші орын алатынын көрсетеді.  
   Мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру нәтижесінде аймақта соңғы жылдары 
ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  дамуында  оң  нәтижелер  байқалуда.  Жыл  сайын  саланы 
мемлекеттік  қолдау  көлемі  артуда.  Облыстың ауыл  шаруашылығын  қолдауға  2008  жылы 
барлығы  1,5  млрд.  теңге  бағытталды.  Мемлекет  2011  жылы  мемлекетік  қолдау  көлемін 
айтарлықтай  көбейтіп  3,3  млрд.  теңгеге  дейін  жеткізді.  2012  жылы  саланы  қолдауға 
бөлінген  қаржы  3,7  млрд.  теңгені  құрап,  2008  жылмен  салыстырғанда  2,5  есеге  артып 
отыр.    
 
Жыл  сайын  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  өндіріс  көлемінің  өсуі  байқалуда. 
Егер  2008  жылы  ауыл  шаруашылығының  жалпы  өнімі  29,7  млрд.  теңгені  құраса,  2011 
жылы 44,7 млрд. теңгені құрады.  
Соңғы үш жылдың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 14,7 мың 
гектарға арттырылды. 2012 жылы шаруашылықтардың барлық нысандары бойынша 157,9 
мың гектарға егіс егілді. Оның  ішінде дәнді  дақылдар 81,5 мың, о.і. күріш 73,2 мың,  мал 
азығындық дақылдар 51,4 мың, картоп, көкөніс, бақша 21,9 мың, майлы және техникалық 
дақылдар 3,0 мың гектарды құрады. 
Мемлекеттік  қолдаудың  мақсатты  бағытталуының  нәтижесінде  өңірде  қайтадан 
күріш  өндірісі  қарқынды дами бастады. 2012 жылы  өңірдің  негізгі дақылы күріш егісінің 
көлемі  2008  жылмен  салыстырғанда  15,8  мың  гектарға  көбейтіліп,  73,2  мың  гектарды 
құрады.  
Сонымен  қатар,  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  өнімділігіне  үлкен  көңіл 
бөлінуде. Күріштің өнімділігін арттыруда басқа факторлармен қатар дақылдың өндірістік 
тұқым  шаруашылығының  маңызы  зор.    Облыстың  негізгі  дақылы  күріштің  орташа 
өнімділігі 48,6 центнерден келіп, барлығы 376,2 мың тонна күріш салысы жиналды. 
Тұқым  жаңалау  бойынша  жұмыстар  жүргізілуде.  Ресейдің  ғылыми-зерттеу 
институтымен  ынтымақтастық  орнатылды.  Ресей  селекционерлерінің  Лидер,  Янтарь, 
Новатор сорттары өндіріске енгізіліп, аудандастырылды.  
2011  жылы  2008  жылмен  салыстырғанда  күріштің  жалпы  өнімі  39,5  %  көбейді. 
Күріштің өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 11,2 % артты.  

83 
 
Соңғы  жылдары  өңірде  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келетін  14  ірі  күріш 
өңдейтін зауыт іске қосылды. Бұл зауыттардың жылдық қуаттылықтары 514 мың тоннаны 
құрайды, бұл жыл сайынғы жиналатын барлық көлемді қайта өңдеуге мүмкіндік береді. 
Облыстың  күріш  егетін  ұйымдарында  өндірістің  рентабельділігі  мен  тиімділігін  
арттыруға  мына  нәрселердің  қажеттігі  туындайды: 
-  күріш    өсіретін  құрылымдарда,  олардың    меншіктік    және    шаруашылық  
нысандарымен  байланысты  оңтайлы  мөлшерлерін  анықтау; 
-  күріш    шаруашылығының    ерекшелікті    өзгешеліктеріне    қарай    өндірістің    ірі  
немесе  орташа  нысандарын  ұйымдастыру  әр түрлі  меншікті  формаларына  негіздеу; 
- қаржыландыру  нәтижелілігін  жоғарылату  және  субъектілердің  төлем  қабілетін  
жақсарту    мақсатымен      қаржылық    төлем    өткізу    ерекшеліктерін    механизмін  
ұйымдастыру; 
-  ірі,  орта    шаруашылық    нысанын    ауылшаруашылығы    өндірісін    жүргізуде  
кооперативтік  қағидаларын  пайдалану; 
-  күріштің    және    тағы    басқа    ауылшаруашылық    дақылдары    өндірісінің  
рентабельділігін  жоғарылату  мақсатымен  оны  ұйымдастыру, өндірістік, экономикалық, 
нарықтық,  әлеуметтік,  экологиялық  және  тағы    басқа    факторларды    нәтижелілікпен  
жүзеге  асыру; 
-  нарықтық    механизмнің    салық    салу,  сақтандыру    жүйесін    және    тағы    басқа  
шараларды    және    нәтижелік    қаржылық–несие    механизмдерін    жақсарта    отырып, 
өндіріске  ендіруді   ұйымдастыру. 
2008-2012  жылдар  аралығындағы  күріш  өндірісінің  тиімділік  көрсеткіштерін 
салыстырғанда облыс бойынша барлық шаруашылықтардан мынадай қорытынды жасауға 
болады.  Қызылорда  облысы  үшін  күріш  өнімі  шаруашылық  өндірісінің  ең  бір  негізгі 
саласы  болып  табылады.  Қызылорда  облысы  зерттелінген  кезеңдерде    ТМД  елдерімен 
салыстырғанда күріш өндірісі саласынан көптеген жетістіктерге жеткен. Облыстың күріш 
өндірісінің  тиімділігін  көтеруге  және  күріш  шаруашылығын  толығымен  жоғарлатуға 
резервтері бар. 
Меншік  формасы  мен    шаруашылық  жүргізудің  әртүрлілігін,  олардың  сатып  алу 
икемділігінің  түрлі  мүмкіншілігін  тұқым,  тыңайытқыш  сатып  алу  және  иемдену,  өсіру 
технологиясының  деңгейі  бойынша  қолдану  аясының  әртүрлілігін  есепке  ала  отырып, 
болашақта  Қызылорда  аймағында  қолдануға  аудандастырылған  күріш  сорттарының 
түрлерін орналастырып егу қажет.  
Оңтүстік аймақта кең таралған күріш сорты «Маржан», ол Қызылорда облысындағы 
күріштің  егістік  жерінің  80  пайызын  алады.  Ал  «Кубань-3»  сорты  Арал  аймағының  тек 
солтүстік  аймағында,  сондай–ақ,  Қармақшы  ауданында  (орталық  аймақ)  өсіріледі.  Күріш 
сорттарының  агрономиялық  және  биологиялық  ерекшеліктері  әртүрлі,  сондықтан  олар 
өсірудің  белгілі–бір  технологиясын  сақтауды  талап  етеді,  ал  күрішті  егетін  субъектілер 
оны барлық кезде бірдей сақтамайды, соның салдарынан олардың өнімділігі төмендейді. 
Сондықтан, Арал аймағы агроэкология тәжірибесі және ауыл шаруашылығы ғылыми 
зерттеу  институты  ғалымдарының  пікірінше,  сорттық  талаптар  негізінде  күріштің  бұл 
сорттарын егу кезінде минералды тыңайытқышты енгізу мөлшерін сақтау шарты қажет. 
Аймақтағы  шаруашылық субъектілерінің ауыр жағдайында қарамастан   үлкен дене 
және  моральдық  халге  душар  болған.  Және  бұған      шаруашылықтардың    қайта  
құрылуымен    байланысты    қосымша    мәселелер    қосылған.  Агралық    өндірістің 
материалдық-техникалық    базасының    жағдайын    жақсарту    үшін    алғы    шарттар  
жасалуда. 
Облыстағы күріш өсіретін әртүрлі шаруашылықтардың өндірісін көпжылдық зерттеу 
және  тәжірибелік  енгізулер  жасау  негізінде  «Маржан»  сортының  минералды 

84 
 
тыңайытқышты  сүдігер  жыртуды  енгізуге,  ал  «Кубань  -  3»  сортының  керісінше, 
вегетациялық кезіндегі қоректендіруге бейімділігі байқалады. 
Сонымен қатар, «Маржан» сортының аспаздық сапасы басқа сорттарға қарағанда өте 
жоғары. Олардың арасындағы өндірістік дәрежеге жеткізіліп, егістікке себуге былтырдан  
бастап  рұқсат алған  «Арал-202» деген сорт  әлемнің үздік  сорттарымен  деңгейлес  болып 
саналады.  
Аймақта  тұқым  саласын  дамытуда  да  ілгерлеушіліктер  бар.  Күріш  сорттарының 
суперэлита,  элита  деп  аталатын  деңгейдегі  тұқымдарын  даярлаумен  «Түгіскен»  және 
«Қарауылтөбе»  мемлекеттік  кәсіпорындары  мен  «ІІІ  -  Интернационал»  ЖШС 
шұғылданады. 
Қызылорда    күріші  соңғы  жылдары  сапасының  жоғарылығы    және  бағасының 
тиімділігі  арқылы  еліміздің  ішкі  нарығында  өзінің  тұрақты  орнын  алып отыр.  Ал,  соңғы 
екі  жылдың  беделінде  сыртқы  нарықтағы  сұраныстың  арта  түскені  байқалады.  Тек 
былтырғы  жылдың  өзінде  біздегі  экспорт  74  мың  тоннаны  құрады.  Қазақстан  күрішіне 
жақын  шетелдерден  Ресей,  Тәжікстан,  Қырғызстан  қызығушылық  танытса,  алыс 
шетелдердің арасында Түркия, Италия сынды мемлекеттер бар.  
Қызылорда  облысында  4  ірі  зауыт  күріш  өңдеумен  айналысып,  450-500  тоннаға 
дейінгі  салыны  ақтап  шығарады.  Бұлардың  екеуі  халықаралық  ИСО–  9000  стандартына 
сәйкес сапа менеджменті жүйесін ендіруге әрекет жасау үстінде. 
Бұдан басқа соңғы жылдары аймақтағы барлық агроқұрылымдар бойынша  өз бетіне 
жіберілген, қазір оны жақсартуға мұқтаж күріш егісі дақылдарының тұқым шаруашылығы 
үлкен мәнге ие. 
Әртүрлі  меншік  формаларындағы  субъектілерде  күріш  егісі  дақылдарының 
технологиясымен  қатар  тұқым  шаруашылығының  барлық  талаптарын  сақтау  күріш 
өнімінің  шығымын    15–20  пайызға  дейін  көтереді.  Сондай–ақ,  нарықтық  қатынастар 
жағдайында  шаруашылықтың  қаржылық  жағдайын  жақсартуға  және  күріш  өндірісінің 
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Соңғы жылдары Қызылорда облысының күріш егетін аймақтарында суаратын судың 
жетіспеуі  күріш  егісінің  көлемін  63-68    мың  гектар  деңгейінде  анықтауды,  құрғақ 
дақылдардың «астық үшін жүгері, силостық жүгері, бидай»  үлесін көбейтуді талап етеді. 
Бұл ол жерді суландыру жағдайында суды үнемдеуге мүмкіндік береді.  
Сондай–ақ,  күріш  егісін  көбейту  жоспарлануда,  өз  кезегінде  ауыспалы  егіс 
құрылымын  115 мың гектарға және жоңышқаны  17,5  мың  гектарға  жеткізсе,  бұл  әртүрлі 
шаруашылық субъектілерінің жем базасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 
Күріш  өсіретін  шаруашылықтарда  соңғы  жылдары  ауылшаруашылығы  дақылдары 
егісінің  оптимальды  құрылымы жиі сақталынбайтын болды. Ауыспалы егіс, оның  ішінде 
көпжылдық 
шөптерді 
және 
басқа 
да 
алдыңғы 
дақылдарды 
кезектестірудің 
сақталынбауынан  күріштің  ауыспалы  егісі  дақылдары  өнімінің  шығымдылығы 
төмендейді. 
Күріш өсіретін шаруашылық салаларындағы өндірістік шығындарды басқару, өзіндік 
құнды  төмендету  факторларын  жүргізу,  шаруашылық  жүргізудің  шығынға  қарсы 
нарықтық механизмін қалыптастыру және пайдаланудың қажеттілігі өсті. 
Тауар  өндірушілерге,  меншікті  иемденуге  өндірістік  құралдарды  пайдалану  мен 
оның  нәтижелерін  бөлу  де  еркіндік  беру  «кооперативтік  және  фермерлік»  шаруашылық 
жүргізу мен меншіктің көпжақты формалары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.  
Ауыл  шаруашылық  ұйымдарының  күріш  шаруашылығының  тиімділігін  арттыру 
мәселесі одан әрі өзекті мәселеге айналды.    
Осындай  мақсатпен  мынадай шараларды жүзеге асыру қажет: 

85 
 
- нәтижелі және орынды түрде күріш–жоңышқа және тағы басқа ауыспалы егістердің 
түрлерін  қолдану,  инженерлік  суару  жүйелерінің  бірлігін  және  кешенін  есепке  алып, 
пайдалану; 
-  қазіргі  кездегі  ресурстарды  сақтайтын  ауыл  шаруашылық  өнімдердің  сортты 
ерекшеліктерін және арнайы агротехниканы есепке алып, қолдану; 
-  тұқым  шаруашылығын  және  ауыл  шаруашылығы  өсімдерін  селекциялау 
жұмыстарын  жақсарту,  күріш  егу  аймақтарында  тұқым  шаруашылығының  базаларын 
жасақтау; 
-  тұқым  алу  жұмысын  жақсарту,  жергілікті  малдың  тұқымдарын  басқа  елдерден 
әкелінген өнімді малдармен шағылыстыру (Санта–Гертруда, Шествил тұқымы); 
-  жаңадан  ұйымдастырылған  агроөнеркәсіп  құрылымдарында  тұқым  өндіру 
жұмыстарын жақсарту, оларға қаржы жағынан жәрдем беру; 
-  мемлекеттік  ауыл  шаруашылық  жағынан,  өткізілетін  агротехникалық  шараларын, 
өсімдіктерді  қорғауға  арналған  заттарды  қолайлы  түрде  қолдануды,  дер  кезінде  егін 
орағын  өткізу  және  өнімдерді  сақтау  қоймаларды  дайындау  мәселелердің  орындалуын 
бақылау; 
-  шет  ел  және  жергілікті  инвесторлардың  инвестицияларын  қолдана  отырып, 
инженерлік–суландыру жүйелерін қайта жасау. 
Сонымен,  қорыта  келгенде  бір  Қызылорда  аймағында  күріш  өндіру  ісіне  тиімді 
талдау 
жүргізе 
отырып, 
біздер 
жүргізген 
зерттеулер 
ауыл 
шаруашылық 
кәсіпорындарының бейімделу үрдісінің объективті негізі бар екенін, өндіріс тиімділігі мен 
бәсекеге  қабілеттілікті  көтерудің  өнім  өндіру  рентабельділігімен  тікелей  байланысты 
екенін айқын дәлелдейді.  
 
Әдебиеттер: 
1
 
Күрішбаев А.Қ.  Қазақстандағы ауыл шаруашылығы дақылдары селекциясы мен тұқым 
шаруашылығының бүгінгі жай-күйі мен болашағы // Жаршы. – 2010. - №4 (143). – 3-6 б.  
2
 
Статистический  сборник  социально–экономического  положения  Кызылординской 
области за 2008 - 2011 гг.  – Кызылорда, 2011. – 30с.  
 
Резюме 
В  статье  рассмотрены  проблемы  повышения  эффективности  производства  продукции 
зерновых  культур  в  условиях  Кызылординской  области.  Предложены  основные  пути  повышения 
рентабельности  рисовой  продукции  путем  расширения  новых  и  качественных  сортов  риса  и 
внедрения  попеременных  полевых  работ.  Выявлены  пути  совершенствования  качества  рисовой 
продукции.  
 
Summary 
A  problem  which  connected  with  the  increasing  an  effectiveness  to  control  the  quality  of  rice 
production is relevant in modern conditions in our country. The object of research is control of production 
quality, forming the management of quality of rice production in local conditions. 
Increasing of rice production profit in Kysylorda region depends on an adoption of alternately field 
activities,  repair  of  hydro  technical  equipments,  and  decrease  of  production  prime  cost  shows  an  index, 
cooperation based on economic mechanism makes up a list of clusters industrial functions which include 
the  organization  of  industry,  watery,  holding  selective  activities  by  rice  manufactures  and  scientific 
researching  Institute,  changes  in  quality  and  appraisal  management  in  agricultural  rice  enterprises  are 
suggested. 
 
 
 
 
 

86 
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
 
 
ӘОЖ  57.088. 6 : 577. 121 : 577.171. 55 : 581.13  
 
КСЕНОБИОТИКТЕР  БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫНДАҒЫ  МЕТАБОЛИЗМ 
ПРОЦЕСІ  НӘТИЖЕСІНДЕ  ТҮЗІЛГЕН ӨНІМДЕРДІҢ  ТҮРЛЕНУІНЕ 
ЖҮРГІЗІЛГЕН  ЗЕРТТЕУЛЕРДІ  ТАЛДАУ
 
 
Н.Б.ЕРМҰХАНОВА, техника ғылымдарының магистрі,
  
С.Т. АБДРАХМАНОВ,
 техника ғылымдарының кандидаты, профессор, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Ксенобиотиктер  —  тірі  организмдерге  жат  химиялық  заттектер  (пестицидтер, 
токсиндер, т.б.. поллютанттар), олар биологиялық процестерді бұзуға қабілетті.  Олардың 
3 тобын бөліп көрсетеді:  
1)  адамның  шаруашылық  әрекетінің  (ауылшаруашылық,  өнеркәсіп,  көлік  өнімдері) 
өнімдері;  
2)  тұрмыстық  химия  заттары  (  жуғыш  заттар, паразиттерге  қарсы  күреске  арналған 
заттар, парфюмерия);  
3) көптеген дәрі-дәрмектер.  
Көптеген  жағдайларда  ксенобиотиктер  тірі  ағзаларға  түскеннен  кейін  оның 
жағымсыз  әсерлерінің  биотрансформациясынан  уытты метаболиттер пайда болады. XX  ғ 
ортасында  антропогендік  әсер  жаңа  бағыт  қалыптастырды  және  экологиялық  сипат 
қоршаған  ортаға  ғана  емес,  адамға  да  әсерін  тигізді.  Бұл,  біріншіден,  ауылшаруашылық 
мәдениетіндегі зиянды заттармен күресуі үшін кең көлемді жаңа классты препараттардың 
практикаға  енуінен  білінсе,  яғни  пестицидтер,  ал  екіншіден,  химиялық  заттар  мен 
процестердің  өндірісте  және  шаруашылықта  пайдалану  интенсификациясынан  білінді. 
Халық  тұтынатын  тамақтық  өнімдер,  су,  топырақ,  өсімдік    және  ауа  химиялық 
қосылыстармен  зақымдануы  адамның  өмір  сүруі  үшін  қауіпті  де,  қатерлі.  Себебі  адам 
ағзасына жылдар бойы сыртқы ортадан түсетін ксенобиотиктер жинақтала келе адам үшін 
аса маңызды бауыр, бүйрек тағы басқа да органдарда ауру пайда ету қабілетіне ие болады. 
Организмге 
енген 
зиянды 
заттар 
әртүрлі 
химиялық 
айналымдарға, 
яғни 
биотрансформацияға немесе  метаболизмге ұшырайды. 
Көптеген  ксенобиотиктер  де,  ағзаға  түсе  отырып  биотрансформацияға  ұшырайды 
және  метоболит  түрінде  бөлініп  шығады.  Ксенобиотиктердің  метаболизміне  30-дай 
фермент  қатысады.  Оның  2  фазасы  бар:  1)  модификация  -  функциялық  топтар  түзіледі 
немесе босатылады. 2) конъюгация - функциялық топтарға басқа топтар мен молекулалар 
қосылады.  Көп  жағдайда  ксенобиотиктер   метоболизмі  осы  ретпен жүріп  отырады,  бірақ 
ксенобиотик  молекуласында  функциялық  топ  болатын  болса,  ол  бірден  конъюгацияға 
ұшырап кетеді. Әдетте 2 кезеңі, әсіресе бірлесе әсер етсе молекулалардың гидрофилділігі, 
белсенділігі  мен  улылығын  төмендетеді.  Үшінші  кезені  бұл  енді  –  метаболизм  емес, 
ксенобиотиктердің тіршілігі - ксенобиотиктің өзі мен оның метаболиттерін байлап тастап, 
клеткадан,  соңынан  организмнен      шығарылып  тасталуы  Биотрасформацияның  негізіне, 
көп  жағдайда,  молекулалардың  энзиматикалық  түрленуі  жатады.  Бұл  құбылыстың 
биологиялық  мәні  –  химиялық  заттектің  ағзадан  шығаруға  ыңғайлы  формаға  айналуы, 
сонымен қоса, оның әсер ету уақытының қысқаруы.  
Көптеген ксенобиотиктердің  метоболизмі нәтижесінде түзілетін  өнімдер  уыттылығы 
жағынан шығатын  өнімдерден кем түспейді және ол  өнімдердің  түзілуімен  қатар жүреді. 
Сонымен, 
цианидтердің 
биологиялық 
түрлену 
процесі 
нәтижесінде 
түзілетін 
роданидтердің  улылығы  шығатын  ксенобиотиктердің  улылығына  қарағанда  бірнеше  жүз 

87 
 
есе  кем  болып  келеді.  Зарин,  зоман  дизопропилфторфосфаттың  молекуласынан  фтор 
ионын  гидролитикалық  бөлу,  бұл  заттектердің  ацетилхолинэстераздардың  активтілігін 
шектеу  қабілетін  жоғалтуына  және  олардың  улылығының  төмендеуіне  әкеп  соқтыруы 
мүмкін. 
Биотрансформация 
нәтижесінде 
улардың 
улылығын 
жоғалту 
процесі 
«метаболитикалық детоксикация» деп аталады. 
Кейбір  заттектер  метаболизм  процесі  барысында  улылығы  үлкенірек  қосылыстар 
түзіледі. Мұндай типті түрленуге мысал ретінде  фторэтанолмен интокцикациялау кезінде 
ағзада фторсірке қышқылының түзілуін алуға болады.  
Көптеген  жағдайда  ксенобиотиктердің  биотрансформациясы    барысында  шығатын 
агенттерге қарағанда, ағзаға мүлдем басқаша әсер ете алатын заттектер түзіледі.  
Метаболизмнің  І-ші  фазасы  кең  мағынада  биотрансформациясының  деңгейі  ретінде 
анықталады. Биотрансформацияның деңгейі барысында байланыс молекуласына полярлы 
функционалды  топтар  қосылады  немесе  жабық  формада  субстратта  болатын  ондай 
топтардың  экспрессиясы  жүзеге  асырылады.  Бұған  қышқылдану  және  оксидо-редуктаз 
көмегімен  молекулаларды  қалыпқа  келтіру  арқылы  немесе  оларды  эктераздар  мен 
амидаздар көмегімен гидролиздеу жолымен қол жеткізуге болады.  
ІІ фаза – метаболизмнің аралық өнімдерінің эндогенді молекулалармен биологиялық 
конъюгациясы жүретін деңгейі.  
Биологиялық түрлену барысында липофильді және қиын шығарылатын ксенобиотик 
гидрофильді өнімге айналады, бұл оның жылдам экскрециясын туындатады.  
Сонымен,  кейбір  спирттер  (этиленгликоль),  бүкіл  молекуласымен  әсер  ете  отырып, 
седативті  –  гипнотикалық  эффект  (  мас  болу,  наркоз  )  тудырады.  Олардың  биологиялық 
түрленуі  кезінде  паренхиматозды  мүшелер  мен  бүйректі  зақымдай  алатын,  сәйкесінше 
альдегидтер мен органикалық қышқылдар ( щавельді  қышқыл ) түзіледі.  Көптеген төмен 
молекулалы    заттектер,  факультативті  аллергент  бола  отырып,  ағзада  аралық  реакцияға 
қабілетті өнімдер түзумен байланысты метаболитикалық түрленуге ұшырайды. Сонымен, 
молекуласында  амин  немесе  нитротобы  бар  қосылыстар  метаболизм  барысында                
қан  мен  ұлпа  протеиндерімен  белсенді  араласатын,  толық  антигендер  түзетін 
гидроксиламиндерге  айналып,  түрленеді.  Ағзаға  мұндай    заттектердің  қайта  түскен 
кезінде өзіндік  іс-әрекетпен  қоса  аллергиялық  реакциялар  жүреді.  
Сенсибилизация – улы заттардың екінші мәрте әсер еткенде, алдыңғысына қарағанда 
күшті  әсер  берген  кездегі  организмнің  күйі.  Сенсибилизацияның  әсері  қолдағы  токсинді 
заттардың әсерінің жүргізілуімен байланысты. Өте әлсіз токсинді улардың қайтадан қарсы  
денелермен  әсер  етуінің  нәтижесінде  организмде,  жағымсыз  реакциялар,  яғни 
сенсибилизация тәрізді аллергиялар туғызады. 
Залалсыздандырудың 
бірінші 
және 
басты 
жолы 
– 
улардың 
химиялық 
құрылымының  өзгерісі.  Мысалы,  органикалық  қосылыстар  көбінесе  гидроксилденуге, 
ацетилденуге,  қышқылдануға,  метилденуге,  тармақталуға,  қалпына  келуге  ұшырайды, 
яғни соңында организмде үлкен мөлшердегі улы және активті заттардың түзілуіне әкеледі. 
Улы  әсерлердің  төмендеуінде  белгілі  рольді  атқаратын  және  екінші  жолы  болып 
депанирлеу болып табылады[6, б.115]. 
Депарнирлену қандағы циркуляцияланатын удың төмендеуінің уақытша жолы болып 
табылады.  Мысалы,  көбінесе  сүйекте,  бауырда,  бүйректе  ауыр  металдық  (қорғасын, 
кадмий) қалып қоюы, нерв жүйесіндегі кейбір заттардың қалуы. 
Бұл процесс қиын және толық залалсыздандыру әдісі болып саналмайды, себебі улар 
деподан  қанға қайтадан келіп,  өткір созылмалы улануға ұшырауы мүмкін. Удың  деподан 
қантамырға  келуі  ішімдік  қабылдағанда,  ауырғандағы,  жүйкенің  ширығуы  кезінде  тез 
көтерілуі  мүмкін.  Уды  залалсыздандырудың  үшінші  жолы  –  олардың  организмнен 
шығарылуы әртүрлі жолдармен өтеді: тыныс алу органдары, асқорыту жүйесі, бүйрек, тері 
жамылғысы  арқылы.  Уды  шығару  жолдары,  олардың  организмдегі  айналымына  және 

88 
 
физико-химиялық  құрамына  байланысты.  Мысалы,  алифатикалық  және  ароматикалық 
қатарлардың органикалық қосылыстары көбінесе, жұтылатын ауа түрінде бүтіндей бүйрек 
және  асқазан  мен  ішек  жолы  арқылы  бөлінеді.  Ауыр  металдар,  ережеге  байланысты, 
негізінен асқазан мен ішек жолы арқылы шығарылады. Майлы және тері бездерінің өзегі 
арқылы  бөліну  аз  ғана  мәнге  ие.  Кейбір  улар  (қорғасын,  кобальт  және  т.б.)  бала  емізетін 
ананың сүтіне жиналуы мүмкін.  
Адам мен жануарлардың ағзасындағы ксенобиотиктер метаболизмінің негізгі мүшесі 
бауыр  болып  табылады.  Өйткені,  мұндағы  трансформация  ферменттері  әртүрлі  және 
олардың  берсенділігі  жоғары.  Асқазан-ішек  жолдары  арқылы  түскен  заттар  қан 
айналымына  енгенге  дейін  бауыр  арқылы  өтеді.  Бұл  сәйкесінше  бауырдың  атқаратын 
қызметтік деңгейін анықтайды. 
Бүйрек  капиллярларының  жіңішке  желісі,  қан  мен  гепотациттер  беткейінің 
арасындағы  байланыстың  кең    ауданы,  жасуша  деңгейінде  токсиканттың  бауыр 
эпиминациясының жоғары қарқындылығын  қамтамасыз етеді.  
Метаболизмнің  I-фазасының  өнімдері    жалпы  қан  айналымына  түсіп  ағза  мен 
жүйелерге  әсер  етуі  мүмкін.  Бауыр  қанға    метаболизмнің    II-фазасының  өнімдерін  де 
өткізеді. Түрлену өнімдерін қаннан бүйрек, өкпе, т.б., сонымен бауыр да қайталай сіңіруі 
мүмкін.  Өтпен  метаболиттер  ішекке  де  түседі.  Ішекте  олардың  кей  түрлері 
реабсорбцияланып, қайтадан бауырға барады. 
Ксенобиотиктер  метаболизмінің  бауырдағы  басымдылығына  қарамастан,  бұл 
процеске басқа органдар да қатысады. Бүйрек пен өкпеде метаболизмнің I-II-фазаларының  
энзимдері болады. Соның ішінде бүйректің маңызы ерекше, бұл мүшеде бауырда түзілетін 
катаболизм  өнімдерінің  коньюгациясын  ұстап  қалу  жүйесі  жұмыс  атқарады.  Ішек,  ұйқы 
безі,  ұрық,  ми,  қан  секілді  басқа  мүшелердің  белсенділігі  төменірек.  Бірақ,  уытты 
ксенобиотиктермен  улану  кезіндегі  биотрансформация  процестерін 
өршіттіретін 
энзимдердің  болуы    бұл  органдардағы  патологиялық  процестердің  дамуының  негізі 
болады. Бауырдан тыс метаболизм процесі барысында кейде бауырдағыдан да  өте жақсы 
өнімдер  түзілуі  мүмкін.  Ксенобиотиктердің  метаболизміне  қатысатын  энзимдер негізінде 
жасуша  ішінде  жинақталған.  Олардың  аздаған  саны  циотозолдың  еру  фракциясы 
нәтижесінде,  митохондрияда  болса,  көпшілігі  жұмсақ    эндоплазмалық  торда  болады. 
Ксенобиотиктердің 
метаболизмінің 
ферментті 
жүйелерінің 
бір  бөлігі 
ағзадағы 
сұйықтықтарда  жинақталады.  Сондықтан,  ксенобиотиктердің  метаболизміне  қатысатын 
ферменттердің  негізгі  тобы  «микросомалық  энзимдер»  атауын  алған.  Ксенобиотиктердің 
метаболизмінің  энзимдік  қышқылдану,  сілтілену  мен  қосылыстардың  қалпына  келуі 
реакциясында  қан  плазмасында  микросомдар  және  цитозоль  жинақталады.  Асқазанның 
қышқыл ортасы  мен  ішектің  әлсіз  сілтілі  ортасы  кейбір  уытты  қосылыстардың  (мысалы: 
қорғасын  сульфаты  аз  сорылатын  ерігіш  қорғасын  хлоридіне  көшеді)  белсендірілуіне 
қатысады. Удың (сынап, цезий, уран және т.б.) асқазанға түсуі оның сілекейлі қабығының 
бұзылуына  алып  келеді.  Зиянды  заттардың  адам организміне  терінің  бұзылмаған  қабығы 
арқылы  да  енеді.  Бұл  токсикалық  заттардың  тек  ерітінді  және  шаң  түрінде  кір  қолдарға 
енуі  ғана  емес,  сондай-ақ  жұмыс  аймағында  ауадағы  токсикалық  булар  мен  газдардың 
терінің  тер  мен  май  арқылы  сорып  алады,  содан  кейін  қанға  кетеді.  Мұндай  заттарға  су 
мен  майларға  тез  еритін  көмірқышқылдары,  ароматты  аминдер,  бензол,  анилен  жэне  т.б. 
жатады. Егер тері зақымданған болса, зиянды заттардың ену мүмкіндіктері жоғарылайды. 
Удың  қанға  енуінен  кейін  ол  организмге  белгілі  бір  заңдылықтармен  жойылады.  Заттың 
жойылуының  I  кезеңін  қан  айналымының  интенсивтілігінен  анықтайды.  Уақыт  өте  келе 
тканьның сорбциялық қасиеті басты роль ойнайды. Зиянды заттың жинақталуының 3 жері 
болады:  жасушалық  емес  сұйықтық  (70  кг  шамадағы  адам  үшін  -14л),  клетка  ішіндегі 
сұйық  (28л) жэне  майлы ткань.  Заттардың  жойылуы  олардың  3  негізгі  физико-химиялық 
қасиеттеріне  байланысты:  суда  ерігіштігі,  майда  ерігіштігі  және  диссоцияға  қабілеттілігі. 

89 
 
Металдар қатары (күміс, марганец, хром, ванадий, кадмий және т.б.) қаннан тез бөлінеді, 
бірақ  бүйрек  пен  бауырға  жиналады.  Тез  диссоциаланатын  барий,  берилий,  қорғасын 
қосылыстары  кальций  мен  фосформен  берік  қосылыс  жасайды  және  сүйек  тканьдеріне 
жиналады [5, б.22]. 
Кейде, ксенобиотик метаболизмі процесінің өзі интоксикацияның дамуына бастапқы 
түрткі  болады.  Мысалы,  ароматты  көмірсутектердің  биологиялық  қышқылдануы 
барысында  жасушаларда  нуклеофильді  құрылысымен  ковалентті  байланыс  түзетін 
(ақуыздармен,  сульфгидрильді  топтармен,  нуклейнді  қышқылдармен),  асқын  тотықтың 
қышқылдануын белсендіретін ареноксидтер түзіледі.  
Дәл  осындай  механизммен  ағзаға  галогенирацияланған  бензол,  нафтонол  және 
көптеген басқа ксенобиотиктер  әсер етеді. Метаболизмнің  токсикалық өнімдерінің  түзілу 
процесі  «токсификация»,  ал  токсикалылығы  жоғары  биотрансформация  өнімдері  – 
токсикалық  метаболиттер  деп  аталады.  Көп  жағдайда  токсикалық  метаболит  одан  арғы 
түрленуге ұшырайтын тұрақты өнім болмайды. Бұл жағдайда ол аралық немесе реактивті 
метаболит  деп  аталады.  Реактивті  метаболиттер  дегеніміз  –  молекулалы  деңгейде 
биожүйелердің  зақымдануын  тудыратын  заттектер.  Барлық  реактивті  метаболиттердің 
ортақ  қасиеті  –  олардың  электродефицитті  күйі,  яғни  жоғары  электрофильділігі.  Бұл 
заттектер  электронға  (нуклеофильді)  бай  молекулалармен  өзара  әрекеттесіп,  оларды 
зақымдайды.  Соңғылардың  қатарына  –  құрылымына  көп  мөлшерде  бор,  оттегі,  азот 
атомдары кіретін жасушалардың макромолекулалары жатады. Бұл, көбінесе, ақуыздар мен 
нуклеин  қышқылдары.  Реактивті  метаболиттер  нуклеофильді  молекулаларға  қосылып, 
олармен  ковалентті  байланыс  түзеді  немесе  олардың  қышқылдануын  тудырады.  Екі 
жағдайда да макромолекулалардың құрылымы бұзылады, оған сәйкес, олардың атқаратын 
қызметтері де бұзылады.  
 
Биоактивтілік  барлық  жағдайда  биосубстраттың  зақымдануымен  қатар  жүрмейді, 
өйткені  ағзада  бір  уақытта  детоксикация  және  репарация  процестері  жүреді.  Бұл 
процестердің  қарқындылығы  (интенсивтілігі)  реактивті  метаболиттер  түзілуімен 
байланысты  шыққан  шығынның  орнын  толтыра  алады.  Бірақ,  токсиканттың  жоғары 
мөлшерін енгізгенде, қайта әсер еткенде қорғағыш механизмдер әлсіз болуы мүмкін, ал ол 
өз кезегінде  токсикалық процестің дамуына алып келеді.  
Қазіргі  кезде  барлық  табиғи  ортада  бақыланып  отыратын  ластаушы  химиялық 
заттардың  негізінің  бірі  –  ауыр  металдар.  Олар   органикалық  қосылыстар  сияқты 
трансформацияға  берілмейді,  биохимиялық  айналымға  түскенде  ұзақ  сақталады.  Қазіргі 
уақытта  ауыр  металдардың  қоршаған  ортаға,  яғни  топырақ  пен  тірі  организмдерге  әсері 
күннен  күнге  күшейіп  келеді.  Әсіресе  3  элементтің    улағыш  қасиеті  өте  жоғары  болып 
келеді.  Олар  –  сынап,  қорғасын,  кадмий.  Қоршаған  орта  нысандарына  жүргізілген 
зерттеулерде(1,2-сурет) 
Арал 
өңірінде 
де  
органикалық 
қосылыстар 
сияқты 
трансформацияға  берілмейтін  ауыр металдардың  миграциялануы тіркелген [10,б.5-6]. 
Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Кеңесінде  «Арал  өңірі  халқының  әл-ауқатын 
түбегейлі 
өзгерту 
шаралары 
жөніндегі» 
ережесіне 
(18.01.1992ж) 
негізделген, 
аудандастыруға  сәйкес  Аралдың  Қазақстан  бөлігін  3  аймаққа  бөліп  қарастырдық.  
Аймақтың  қоршаған  ортасының  ауасы,  суы,  топырағы,  өсімдіктер  мен  жануарлар 
дүниесінің  табиғилығы жойылып, олардың құрамында, токсиндердің,  ауыр металдардың, 
пестицидтер  мен  гербицидтердің,  дефолинттердің,  өндірістік  гидрозиндердің  көлемі 
өскен. Судың  сапасының төмендеуі, топырақтың деградациясы, шөлді аймақ көлемі  өсуі, 
ауаның  ластануы  халық  арасында  ауру  көрсеткіштерінің  өсуіне  алып  келіп  отыр.  Оның 
басты себептерінің  бірі халық тұтынатын ауыз су сапасының сын көтермеуі. Ауыз судың 
физикалық-химиялық қосылыстарының сапалық көрсеткіштеріне экологиялық факторлар 
әсер етуі.  
 

90 
 
    
 
 
Сурет 1 - Арал өңірі аймақтарындағы зерттелген судағы (Cd)  кадмийдің 
концентрациялары 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет