«Осы үйдің қызын үкілей келдік »



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата30.03.2017
өлшемі4,52 Mb.
#10618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Екатерина ШМИдТ, 

«қазақстан – Орал» телеарнасы:

–  Жер  қойнауын  пайдалануға 

байланысты  өткен  жиында  мине­

ралды су қорларын кәдеге жарату 

үшін  кәсіпкерлерді  тарту  мәселе­

сі    айтылғаны  есімде.  Бұл  бағытта 

қандай   жұмыстар   атқарылады? 

–  Бұл  іске,  алдымен,  кәсіпкер-

дің  өздері  ықылас  танытуы  тиіс. 

Өңірімізде  минералды  су  қорла-

ры  баршылық.  Осыған  орай  жер 

телімдерін  анықтау,  облыстық 

кәсіпкерлік  басқармасымен  бірле-

се  отырып,  бизнесмендерге  жағ-

дай  жасау  мәселесі  ұдайы  назар- 

да  ұсталады. 



Нұртай  ТЕКЕБаЕВ,

«Орал өңірі»  газеті:

–  Облысымызда  дала  өртінің 

әсерінен  мал  шаруашылығы  үшін 

ерекше  маңызды  пайдалы  жайы­

лымдар мен шабындықтар жарам­

сыз болып қалып жатады. Бұл мә­ 

 селеге  басқарма  тарапынан  на­ 

зар  аударыла  ма?  Жәнібек  және 

Бөкей  ордасы  аудандарында  тұр­ 

ғындар  пайдаланатын  жер  асты 

тұщы  су  қорлары  азайып  келеді. 

Көршілес  Ресей  елінен  келетін  су 

арналарының  күл­қоқысқа  жақын 

орналасқан  тұстары  бар.  Осы  мә­ 

селе  бойынша  шалғай  аудандар­ 

ға  да  басқарма  тарапынан  сарап­

тау жұмыстары жүргізілмей ме?

–  Облыстық  табиғи  ресурс-

тар  және  табиғат  пайдалану-

ды  реттеу  басқармасы  орман 

өртіне  қарсы  күрес  қызметімен 

айналысады.  Орман  шаруашылы-

ғына  қарасты  арнайы  өрт  сөн- 

діру  стансасы  бар  және  қыз

 

мет- 


керлер  тиісті  техникамен,  құ-

рал-жабдықтармен  қамтамасыз 

етілген.  Дегенмен  көбіне  далада-

ғы  шабындық,  жайылымдардан 

шыққан  өрт  орманға  ұласып, 

орасан  зиянын  тигізуде.  Сондық-

тан  басқарма  құзырына  кірмесе 

де,  біздің  қызметкерлер  дала  өр- 

тін  сөндіруге  қатысатын  бола-

ды.  Бұл  бағытта  облыстық  өрт 

қауіпсіздігі  басқармасы  және  ау-

дандардағы  жергілікті  атқару- 

шы  органдармен  тізе  қосып  қи- 

мылдауға  дайындалып  жатыр-

мыз. 

Тұщы  су  қорын  анықтау  үшін 



арнайы зерттеу жұмыстары жүр-

гізілуде. Бұл үшін әдетте екі жыл- 

дай  уақыт  кетеді.  Табылған  жағ-

дайда  мемлекеттік  бағдарлама-

лар арқылы тұрғындарға тұщы су 

құбыры  тартылады.  Бөкей  орда- 

сы  ауданындағы  қарағай  отыр- 

ғызылған  аумақтағы  жер  асты 

суы  бойынша  туындаған  түйт-

кілді  анықтауға  тұрғындар  сұра- 

нысы бойынша  облыс  әкімінің  қол- 

дауымен 15  миллион теңге бөлін- 

ді.  Жәнібек,  Қазталов  аудандары-

на  Ресейден  тартылған  су  арна- 

сының  айналасындағы  күл-қоқыс-

ты  таза  ұстауға  жергілікті  ат-

қарушы  органдарға  ықпал  ете- 

тін  боламыз.  Экологиялық  таза-

лық  мәселесіне  қоғам  болып  на- 

зар  аударуымыз  қажет. 

–  Соңғы  уақытта  киіктердің  се­

бепсіз қырылу оқиғасының жиілеуі 

жұртшылықты  едәуір  алаңдатты. 

Төрт жыл бұрын Жәнібек ауданын­

да осындай жайттың орын алғаны 

белгілі.  Бұған  қатысты  қандай  ал­ 

дын  алу  шаралары  өтеді?  Біздің 

өңірдегі  киік  популяциясы  қал­

пына келді ме?

–  Қостанай  және  Қарағанды 

облыстарында  киіктер  жаппай 

қырылды.  Осы  жайт  бүгін  респуб-

ликалық  селекторлық  кеңесте  ке- 

ңінен  талқыланатын  болады.  Об- 

лыс  әкімдігінің  ұйымдастыруы-

мен  арнайы  рейдтер  жүргізілуде. 

Біздің  облыста  киіктердің  са- 

ны  қалпына  келді,  қазір  20  мың 

басқа дейін жетті. 

Нұртай  тЕКЕБАЕВ,

«Орал өңірі»

118  кісіге  906 520  теңге  айыппұл 



Қаңтардың 26-сын-

да «Қазақстан – Орал»  

телеарнасында  Батыс 

Қазақстан облысы табиғи 

ресурстар және табиғат 

пайдалануды реттеу бас-

қармасының басшысы 

Амангелді Дәулетжановтың 

қатысуымен брифинг өтті. 

се  кеңейту  бойынша  аудан  тұр­ 

ғындарынан  кәсіпкерлік  негізде­

ріне  15  адам  оқытылып,  10  адам 

шағын  несиеге    ие  болды.  Жоға­

рыда  аталғандай,  ауданда  кәсіп­

керліктің  дамуына  қолайлы  бағ­

дарлама  «Жұмыспен  қамту  2020 

жол картасы» бағдарламасы арқы­ 

лы  берілетін  несие  де  бар.  Осы 

орайда  бағдарлама арқылы аудан 

бойынша    өткен  жылы  кей  кәсіп­

керлік  нысандар,  Жымпиты  ауы­

лынан  «М­32»,  «Жарқын»  кафесі, 

«Сержан»  жарнама  орталығы,  То­ 

ғанас  ауылынан  наубайхана,  Қо­

соба  ауылынан  халыққа  тұрмыс­

тестігі алған 95 млн. теңге несиені 

толық  қайтаруға  үкім  шығарды. 

Сонымен  қатар  бір  кәсіпкердің  кө­ 

лігіне,  наубайханасына,  мейрам­ 

ханасына мүлікті  тұтқындау  салып, 

екі кәсіпкерге шетелге шығуға ты­

йым  салынды.  Нәтижесінде  бір  

несие  серіктестігі  «Орал  ӘКК  ҰҚ» 

АҚ  алдындағы  негізгі  қарызы  

3  млн.  500  мың  теңге  несиені  то­ 

лықтай  төледі.  Сот  орындаушы­

сы  және  Орал  әлеуметтік  ұлттық  

корпорациясы  мүліктік  тұтқын­ 

дау  жұмысын  жалғастырады.

«Жастар  тәжірибесі»  бағдарла­

масына  республикалық  бюджет­

тен 2 млн. 997 мың және жергілікті 

бюджеттен  9  млн.  995  мың  теңге 

бөлінген.  Сол  қаржыға  44  меке­



4

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  28  қаңтар 2016 жыл

БРИФИНГ


Б

асқосуға  облыстық  қар­ 

жы  басқармасы  басшы­

сының  орынбасары  Фа­

рида  Раджапова,  «Орал  әлеумет­

тік­кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» 

департаментінің  директоры  Ан­

дрей  Локтев,  облыстық  энергети­

ка  және  тұрғын  үй­коммуналдық 

шаруашылық  басқармасының  бас­

шысы Бауыржан Талдықбаев және 

жергілікті  БАҚ өкілдері  қатысты. 

Жиында  сөйлеген  облыстық 

қаржы  басқармасы  басшысының 

орынбасары  Фарида  Раджапова 

өңіріміздегі  жекешелендіру  жұмы­

сының  жай­күйін  баяндады. 

–  Қазіргі  таңда  Елбасы  тапсыр­

масын орындау мақсатында еліміз 

бойынша  дағдарысқа  қарсы  қай­ 

та  құрудың  үшінші  бағытын  жүзе­ 

ге  асыру  үшін  квазимемлекеттік 

сектор  және  мемлекеттік  нысан­

дарды  жекешелендіру  және  мем­

лекет  иелігінен  алу  бойынша  ау­

қымды жұмыстар атқарылуда. Бұл 

бағыттағы  жұмыс  біздің  өңіріміз­ 

де де қолға алынды. Бұл ретте об­ 

лыста  2014  жылы  мемлекеттік  қа­ 

тысу үлесі бар коммуналдық мен­

шіктегі  үш  нысан  және  «Орал  әлеу­

меттік­кәсіпкерлік  корпорациясы 

ҰК»  АҚ­ның  екі  нысаны  сатылды. 

Өткен  жылғы  тізім  бойынша  бес 

жекешелендіру нысаны ішінен екі 

спорт  нысаны  («Ақжайық»  фут­

бол  және  спорт  клубтары)  сатып 

алушылардың  жоқтығына  байла­

нысты  таратылды,  бір  денсаулық 

сақтау  («Салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру  орталығы»  МКҚК) 

нысаны сатылды. 

Биыл ел Үкіметі 2016­2020 жыл­

дарға  арналған  жекешелендіру­ 

дің  кешенді  жоспарын  бекітті. 

Осыған орай облыс әкімдігі ағым­

дағы  жылдың  19  қаңтарында  бә­ 

секелес  ортаға  беруге  жататын 

коммуналдық  меншіктегі  ұйым­

дардың  тізбесін  бекіту  туралы  қау­ 

лысын  шығарды.  Осы  тізім  бо­

йынша  бәсекелес  ортаға  12  ме­

кеме  берілетін  болды.  Бұл  ретте 

әрбір  жергілікті  атқарушы  орган 

аудандық  коммуналдық  мүлікті 

жекешелендіруге  өз  тарапынан 

шешім  қабылдай  алады.  Қазіргі 

таңда  бюджеттік  шығындарды 

қысқарту  аясында  мемлекеттік 

заңды  тұлғаларды  оңтайландыру 

жұмыстары жүргізілуде. 2014­2015 

жылдар  аралығында  облысымыз­

да  үш  мекеме  таратылып,  үш  ме­

кеме  қайта  құрылды.  Ел  Үкіметі  

акциялар  пакетінің  50  пайыздан 

астамы  мемлекетке  тиесілі  заңды 

тұлғалар  көрсететін  қызмет  түр­

лерінің  тізбесін  бекітті.  Бұл  тізбе­

де  коммуналдық  меншік  аясында 

көрсетілетін    22  қызмет  түрі  көр­ 

сетілген.  Облыс  бойынша  28  ква­ 

 зимемлекеттік    субъектілер  қыз­

метінің  аталған  тізбеге  сәйкес  ке­

летіндігіне  талдау  жасау  керек. 

Сонымен қатар 2016 жылдың 1 сә­ 

уіріне  дейінгі  мерзімде  барлық 

басқарушы  органдарға  өздеріне 

бағынысты  заңды  тұлғалардың 

(мемлекеттің  қатысу  үлесі  тікелей 

немесе жанама түрде 50 пайыздан 

астамы)  тізбеде  көзделмеген  қыз­

мет  түрлерін  олардың  жарғылық 

құжаттарынан  алып  тастау  арқы­

лы  сәйкестендірілуі  керек.  Осын­

дай  жұмыстар  «Орал  әлеуметтік­

кәсіпкерлік  корпорациясы  ҰК» 

АҚ­ға  бағынысты    11  нысан  бо­

йынша да жүзеге асырылуы тиіс, – 

деген  Фарида  Тоқтасынқызы  жи­

налғандарды  мүлікті  заңдастыру 

жағдайынан да хабардар етті. 

Оның  сөзінше,  елімізде  мүлікті 

жария  ету  науқаны  2014  жылдың 

1  қыркүйегінен  басталып,  2016 

жылдың  31  желтоқсанына  дейін 

жүргізілмек.  Өңірімізде  бұл  ба­ 

ғытта  да  ауқымды  жұмыстар  жүр­

гізілуде. Соның нәтижесінде  2014 

жылдың  1  қыркүйегінен  бастап 

күні  бүгінге  дейін  Орал  қаласы 

мен  аудан  әкімдіктері  жанында 

құрылған  комиссиялармен  заңна­

маға сәйкес жалпы құны 1,7 млрд. 

теңгенің  235  нысаны  жариялан­ 

ды.  Бұл  нысандардың  101­і  тұр­

ғын үй болса, 134­і – тұрғын  емес 

жайлар.    Жария  ету  науқанының 

аяқталуы  жалпыға  бірдей  кіріс­ 

тер  мен  шығыстарды  жариялау­

дың  басталуымен  сәйкес  келіп 

отыр.  Кірістер  мен  шығыстарды 

жариялау екі кезеңде өтеді. Бірін­

ші  кезең  2017  жылдан  басталып, 

бұған  мемлекеттік  қызметшілер 

мен  квазимемлекеттік  сектордың 

және бюджеттік ұйымдардың қыз­

меткерлері мен жұмысшылары, ал 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 

қалған  барлық  азаматтар  қа

 

тыса­



ды.   

–  Мүлікті  жариялау  субъекті­

леріне  мемлекет  тарапынан  кепіл­ 

 діктер  беріледі.  Азаматтарға  қа­ 

 тысты  мемлекеттік  органдар  та­ 

рапынан  кез  келген  қудалаушы­

лықтарға  жол  берілмейді.  Жария­

ланған  мүліктер  тәркіленбейді  жә­ 

не  мүлікті  жариялау  туралы  ақпа­

раттар  құпия  сақталады.  Комис­ 

сия  мүшелерінің  жүгінген  адам­ 

дар  туралы  және  олардың  мүлік­ 

тері жөнінде мәліметтерді жария­

лауға  еш  құқығы  жоқ,  –  деді  ол 

сөзінің  соңында.   

Бұдан  соң  «Орал  әлеуметтік­

кәсіпкерлік  корпорациясы  ҰК» 

департаментінің  директоры  Ан­

дрей  Локтев  сөйлеп,  аталмыш 

мекеменің міндеті туралы баянда­ 

ды.  Оның  сөзінше,  «Орал  әлеу­

меттік­кәсіпкерлік  корпорациясы 

ҰК»  АҚ­ның  негізгі  міндеті  –  өңі­

ріміздің 

әлеуметтік­экономика­ 

лық  дамуына  мемлекетік  және 

бизнес серіктестігі  ретінде ықпал 

ету. 


–  Жалпы,  әлеуметтік­кәсіпкер­ 

лік корпорациясының қызметі эко­ 

номиканың  басым  салаларында­ 

ғы  болашағы  зор,  бәсекеге  қабі­

летті    жобаларды  жүзеге  асыруға 

бағытталған.  

Облыс  әкімдігінің  қаржы  бас­

қармасы – «Орал әлеуметтік­кәсіп­

керлік  корпорациясы  ҰК»  АҚ­ның 

бірден бір акционері болып табы­

лады.

Жекешелендірудің  кешенді  жос­ 



парына сәйкес Үкімет «Орал әлеу­

меттік­кәсіпкерлік  корпорациясы 

ҰК» АҚ­ның коммуналдық меншік­

тен  немесе  инвестициялық  жо­

баларды  жүзеге  асыру  жөніндегі 

келісімшарттар  негізінде  берілген 

11  еншілес  және  тәуелді  компа­ 

нияларының  акциялары  мен  қа­

тысу  үлесін  бәсекелестік  ортаға 

беру  жөнінде  ұсынбалар  енгізді. 

Қазіргі таңда «Жайық­Недра» ЖШС 

үлесінің  49  пайызы  серіктестік­ 

тің  өзге  қатысушыларынан  қаты­

су  үлесін  сатып  алуға  басымдық 

құқығы  бар  серіктестікке  сатыл­

ды.  Сондай­ақ  2016  жылы  негізгі 

қызметі жалпыға пайдалы кен өн­ 

діру  орны  болып  табылатын  «Құ­

рылыс  құм»,  «Нұр­Батыр»,  «EVRO­

Батыс»  ЖШС­ның  жұмысына  қа­ 

тысу  үлесі  осындай  жолмен  өткі­

зіледі.  Ал  2017­2020  жылдар  ара­ 

лығында «Желаев құмтасы», «Мир­ 

город  құмтасы»,  «Licorice  Kazakh

­

stan» ЖШС­ның үлесін өткізу жос­ 



парлануда.  «Орал»  шағын  қаржы­

лық  ұжымы»  ЖШС­ның  51  пайыз 

үлесі  gosreestr.kz­да  электрондық 

аукцион  түрінде  саттыққа  шыға­

рылады, ­ деді Андрей Локтев. 

Оның  сөзін  жалғастырған  об­

лыстық  эгнергетика  және  тұрғын 

үй­коммуналдық 

шаруашылық 

басқармасының  басшысы  Бауыр­

жан  Талдықбаев  «Батыс  су  арна­

сы»  ЖШС­на  қатысты  өткен  тен­

дер  барысы  жайында  баяндады. 

Оның  сөзінше,  «Батыс  су  арнасы» 

ЖШС­ны сенімгерлік басқарушыға 

тапсыру  бойынша  тендер  ашық 

өткен. Тендерге қатысушылардың 

саны небәрі екеу болған. Олардың 

қызметі  мен  құжаттарын  мұқият 

қараған  арнайы  комиссия  «Вод­

ные  ресурсы­Маркетинг.  Уральск»  

ЖШС­ны жеңімпаз деп танып, атал­

ған  серіктестікке  «Батыс  су  арна­

сы»  ЖШС  сенімгерлік  басқаруға 

берген.  Бұл  серіктестік  «Водные  ре­ 

сурсы­Маркетинг. Чимкент» ЖШС­

мен  келісімшарт  бойынша  жұмыс 

істейді.  Ал  Шымкент  қаласында­

ғы  «Водные  ресурсы­Маркетинг.

Чимкент» ЖШС­на келетін болсақ,  

бұл мекеме 1998 жылдан бері жұ­

мыс  істейді.    Бұл  –  еліміз    бойын­

ша  жұмыс  сапасы  жөнінен  үздік 

көрсеткіштерге  қол  жеткізіп  келе 

жатқан су саласындағы бірден­бір 

компания.  Жұмыс үдерісіне зама­

науи  технологияны  кеңінен  ен­

гізген  тәжірибелі  серіктестіктің 

2014  жылғы  жылдық  табысы  3,5 

млрд.  теңгені  құрап,  жылды      354 

млн. теңге табыспен аяқтаған.  Ин­

вестицияны  игеру  бойынша  да 

алда  көпке  үлгі  болып  келе  жат­

қан  компания  жұмыс  сапасы  бо­ 

йынша түрлі марапаттар мен сер­

тификаттарға ие.  «Водные ресур­

сы­Маркетинг. Уральск» ЖШС «Ба­ 

тыс су арнасының» жұмысын одан 

әрі  жалғастырып,  халыққа  сапа­

лы  қызмет  көрсетпек.  Бұл  ретте 

кәсіпорын  жұмысшыларының  жұ­ 

мыс  орны  сақталмақ.  Және  талап 

бойынша  сенімгерлік  басқарушы  

кәсіпорынға  жаңғырту  жұмыста­

рын  жүргізіп,  жаңа  жұмыс  көзде­

рін ашуы тиіс.  

Жиын  соңында  сөйлеген  об­

лыстық  қаржы  басқармасының  бө­

лім  басшысы  Жеңіс  Нығметуллин 

жиналғандарға  жекешелендіру 

үдерісінің  қалай  өткізілетінін  тү­ 

сіндірді.  

–  Жекешелендіру  үдерісі  меке­

ме,  кәсіпорындарды  сенімгерлік 

басқаруға  беру  арқылы  мемле­

кетке  мол  пайда  әкеледі.  Өйткені 

жеке  кәсіпкерлер  қашан  да  мол 

табыс  табуға  ынталы,  олар  бар 

күшін  салып,  шаруашылықтарын 

дамытуға  ұмтылады.  Жекешелен­

діру  үдерісі  екі  нұсқада  өтеді.  Бі­ 

ріншісі  –  кәсіпорындарды  аук­ 

ционға  салу,  яғни  кәсіпорындар 

бағаны төмендету немесе жоғары­

лату  арқылы  сатылады.  Екіншісі 

–  коммерциялық    тендер  өткізу. 

Жекешелендірудің  бұл  нұсқасы 

арқылы  өткізілген  тендерге  қаты­

сушыларға    мемлекет  тарапынан 

бірқатар  шарт  қойылған.  Оның 

ең  бастысы,  сенімгерлік  басқару­

ға  берілген  серіктестіктер  қызмет 

бейінін  келісімшартта  көрсетіл­

ген  мерзімге  дейін  одан  әрі  жал­ 

ғастыруы  тиіс.  Бұл  мерзімді  са­

тушы  өзі  белгілейді.  Және  сенім­ 

ді  басқарушы  қызмет  көрсету  са­

пасын  жетілдіріп,  жұмыс  бары­

сында  жаңа  технологияны  енгізіп 

отыруы  керек.  Сондай­ақ  жаңа 

басқарушы  жұмыс  орындарын 

сақтап  қана  қоймай,  сонымен  қа­ 

тар  жаңа  жұмыс  орындарын  ашу­

ға    да  мүдделі  болуы  тиіс,  ­  деген 

ол  облыс  бойынша  2014  жылы  

үш  нысанның  сатылғанын  жеткіз­

ді.  Олар    №3  монша,  «Бірлік»  мал 

зауыты  және  «Орал­Жер»  ЖШС. 

2015  жылы  коммерциялық  тен­ 

дер  бойынша  «Салауатты  өмір  

салтын  қалыптастыру  орталығы» 

МКҚК 17 млн. теңгеге сатылса, «Ақ­

жайық»  футбол  және  спорт  клуб­

тары  сатып  алушылардың  бол­

мауына  байланысты  сатылмады. 

Биыл  облыстық  деңгейде  «Батыс­ 

агросервис»  ЖШС  саттыққа  шы­ 

ғарылмақ,  ­  деген  Жеңіс  Махам­

бетұлы  қазіргі таңда «Горкомхоз» 

ЖШС,  «Жігер»  және  «Сарыарқа» 

спорт  клубтарының  таратылу  үс­ 

тінде  екенін  жеткізді.



Айша ӨтЕБӘЛІ, 

«Орал өңірі»

Сейсенбіде «Жайық 

Пресс» медиахолдингінің 

баспасөз орталығында 

«2016-2020 жылдарға 

арналған жекешеленді-

ру кешенді жоспарының 

облыста жүзеге асырылу 

барысы»  тақырыбында 

брифинг өтті. 

Жекешелендірудің      

    бүгінгі  жай-күйі

жылдың  1  қыркүйегінен  басталды.  Менің  қолымда 

дәл қазір  2015 жылдың мәліметі жоқ. Ал жалпылама 

айтар  болсам,  2014  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап 

күні бүгінге дейін Орал қаласы мен аудан әкімдіктері 

жанында  құрылған  комиссиялармен  заңнамаға  сәй-

кес  жалпы  құны  1,7  млрд.  теңгенің  235  нысаны  жа-

рияланды.



айша ӨТЕБӘЛІ,

 облыстық  «Орал  өңірі»  газетінің  тілшісі:

– Жекешелендірілген мекемелер жұмысына мем­

лекет  тарапынан  қандай  да  бір  қадағалау,  бақылау 

бола ма? 



Жеңіс НыҒМЕТуЛЛИН,  

облыстық қаржы басқармасының  

бөлім басшысы:  

–  Мемлекет  коммерциялық  тендер  бойынша 

ұтып  алған  серіктестіктерге  шарт  қойып,  олар- 

дың жұмысын бақылай алады. Талап бойынша мұндай 

мекемелер,  ең  бірінші  кезекте  қызметін  өзгерт- 

пей,  сол  бағыттағы  жұмысын  жалғастыруы  тиіс. 

Және  жаңа  жұмыс  көздерін  ашып,  кәсіпорынды  же-

тілдіруі керек. Қысқасы, жеке кәсіпкерлер кәсіпорын-

ды  жекешелендіріп  алғаннан  кейін  белгілі  бір  жыл- 

 дар  аралығында  сол  салаға  инвестиция  тартуы 

тиіс. Осы талаптар орындалмаған жағдайда кәсіп-

орын  мемлекет  меншігіне  қайтадан  қайтарылып 

алуы мүмкін.

дмитрий  ТЕРЕЩЕНКО, 

«Надежда»  газетінің  тілшісі:

–  Сенімгерлік  басқаруға  өткен  нысандардың  та­

риф  бағасын  көтеруге  құқығы  бар  ма? 

Бауыржан ТаЛдықБаЕВ,  

облыстық  энергетика  және  тұрғын 

үй-коммуналдық  шаруашылық 

басқармасының  басшысы: 

-  Бұл  жөнінде  айтуға  әлі  ерте.  Өйткені  жекеше-

лендіру  үдерісі  елімізде  енді  ғана  қолға  алынды,  көп 

нәрсенің  бағыты  жұмыс  барысында  белгілі  бола-

ды  деп  ойлаймын.    Меніңше,  тариф  бағасын  өзгер- 

ту үшін жаңа басқарушы кәсіпорын жұмысына  тал-

дау жасап, бұл жөнінде құзырлы мекемелер алдында 

есеп  беруі  керек.  Соның  нәтижесінде  тиісті  шешім 

қабылданып,  табиғи  монополияларды  реттеу  жә-

не  бәсекелестікті  қорғау  комитетінің  жергілікті 

департаментіне  ұсыныс  жасауы  тиіс.  Ал  аталған 

мекеме өз кезегінде сол кездегі жағдайды есепке ала 

отырып,  тиісті  шешім  қабылдауы  керек. 

 Юля МуТыЛОВа, «Мой город» газетінің тілшісі:

–  Мүлікті  жария  ету  науқанына  сәйкес  облысы­

мызда 2015 жылы қанша мүлік жария етілді?  

Фарида РадЖаПОВа, 

облыстық қаржы басқармасы басшысының 

орынбасары: 

–  Елімізде  мүлікті  жария  ету  науқаны  2014 



5

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  28  қаңтар 2016 жыл

жАсАМПАз еңБеК

«Сапалы  қызмет  –  бізге  міндет», –

ДейДі сАлАуАТ жАқсыҒАлИев



«Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»

Жақсыбайлық 

кәсіпкер Сәния 

Сұлташевамен 

әңгімелеcе қалсаңыз, 

нағыз істің адамы 

ретінде сөзге сараң, 

ұстамды, сырбаз, 

сыпайы болып ке-

летін қасиетіне тәнті 

боларыңыз кәміл.

­  Бала  кезден  арманым  қазақ  

тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 

болу  еді.  Жақсыбай  ауылындағы 

орта  мектепті  аяқтаған  соң,  А.  Пуш­

кин  атындағы  Орал  педагогика­

лық  институтына  оқуға  аттандым. 

Алайда  емтиханнан  жолым  бол­

май, ауылға келген соң, интернат­ 

та  тәрбиеші  болып  еңбек  жолым­ 

ды бастадым. Орал сауда технику­

мының  біржылдық,  кейін  үшжыл­

дық  толық  курсын  аяқтап,  сату­

шы  мамандығын  игеріп,  Борсы 

ауылында  мамандығыма  сай  қыз­

мет  істедім.  1972­1976  жылдары 

Свердлов  атындағы  кеңшардың 

бастауыш  комсомол  ұйымының 

хатшысы  болдым.  1974  жылы  Жұ­

мабек Сарнауловқа тұрмысқа шы­ 

 ғып, өмірге ұлымыз мен қызымыз 

келді.  1976­1987  жылдар  аралы­

ғында  кеңшарда  кадр  бөлімінің 

меңгерушісі қызметін атқардым.

1982  жылы  жұбайым  жол  апа­

тынан  қайтыс  болды.  Он  күннен 

кейін  кіші  ұлымыз  дүниеге  келді. 

Ата­енем  мен  келін  болып  түспес 

бұрын  өмірден  ерте  озған.  Шиет­

тей  жас  баламен  жесір  қалдым. 

Ол  мезгілде  заң  бойынша  сәби 

екі  айға  толғанда,  кері  жұмысқа 

шығамыз. Белсенді коммунист ре­

«кәсіпкер  ел-жұрттың  сенімінен  

шыҒуы ТИіс»

тінде  сақман  уақытында  Алты  ка­

шар  қыстағындағы  малшылардың 

жұмысын  бақылаймыз.  Түнгі  ауы­

сымда кіші ұлымды бесікке бөлеп, 

тоғыз  жасар  ағасы  Мейірбекке 

аманаттап, жұмысқа кетемін. 

Мүлкай  Зұлхашев,  Амангелді 

Уәлиев,  Мұса  Мұрадымов,  Қай­

рат  Тұрдәлиев,  Айтқали  Абдолов, 

Шалгез  Мұхамбетқалиев,  Екпін 

Жәрдемов,  Үмбетқали  Әубекеров 

сынды  азаматтармен  жұмыстас 

болдым, олардан білмегенімді үй­

рендім.  Негізгі  жұмысыммен  қо­ 

са  қоғамдық  жұмысты  қатар  ат­

қарған  еңбегім  ескерілсе  керек, 

1987  жылы  Свердлов  атындағы 

кеңшар  директорының  орынба­

сары  болып  тағайындалып,  сегіз  

жыл  осы  қызметті  абыройлы  ат­

қардым,  ­  деп  әңгімесін  өрбітті 

Сәния апай.

Қайсарлығымен,  еңбекқорлы­

ғымен  еңсесі  биік  шыққан  апай  

балаларына  тәлімді  тәрбие  бере 

білді.  1997  жылы  ұлы  Мейірбек 

пен  қызы  Мейрамгүл  мектепті 

бітіріп,  оқуға  кетті.  Ол  кезде  кең­ 

шардың шаруасы шатқаяқтап, же­ 

кешелендіру  үрдісі  басталған­ды. 

Жалақы, зейнетақы айлап берілмей­

ді. «Тәуекел  түбі  жел  қайық,  өтер­

сің  де  кетерсің»  деген  Сәния  апа 

ала  сөмкені  арқалап  Алматыдан 

тауар  тасуға  шықты.  Кеңшардан 

пай есебінде үлесіне ескі дүкен ти­

ген  болатын,  соны  жөндеп,  азық­

түлік және киім­кешек дүкені етіп 

қайтадан жабдықтап, атауын «Тұл­

пар»  деп  қойды.  Балаларға  қам­ 

қор болып, бір жағынан қолында­

ғы мал басын азайтпай, керісінше 

көбейтіп  отыруды  мұрат  тұтқан  

болатын.  Мемлекеттен  350  мың 

теңге  несие  алып,  «УАЗ»  автокө­

лігін сатып алды.

­  Баққан  малымның  сауданы 

алғаш  бастап,  тауар  айналымын 

жөнге  келтіруде  көп  көмегі  тиді, 

дейді  Сәния  апа.  ­  Сол  мезгілде 

Ресей  Федерациясының  Саратов 

облысына қарасты Новоузен қала­

сындағы  кәсіпкерлермен  келісіп, 

бір  айға  қарызға  азық­түлік  әкеліп, 

ауылдастарға  жаздырып  беремін, 

уақыты  болғанда  өз  малымды  са­

тып,  ресейліктермен  есептесетін 

едім. Кейін еліміздің экономикасы 

еңсе  көтерген  кезде  бұл  жайттың 

өзі  көрген  түстей  болып  қалды 

ғой.


2008  жылы  ауылдан  200  адам­

дық  тойхана,  2010  жылы  күніне 

жиырма,  тапсырыс  болған  жағ­

дайда  қырық  бөлке  нан  шығара­

тын  наубайхана  аштым.  «Тұлпар» 

дүкенінде  Ұлданай  Әубекерова 

атты  сатушым  он  жылдан  бері 

жұмыс  жасаса,  наубайханада  Ұл­ 

 жан  Мұратова  тұрғындарға  сапа­

лы қызмет көрсетуде. Уақтылы жа­ 

лақыларын  беріп,  жинақтаушы 

зейнетақы  қорына  ақшасын  ауда­ 

 рып  отырамын.  Мен  жұбайымнан 

қапыда  айырылып  қайғыға  бат­ 

қанымда,  апталап  сауда  қамымен 

жолда  жүргенімде,  көршілерім 

Сансызбай,  Жаңылтай  Закарин­

дер,  Рахым,  Надя  Ғұбайдуллин­ 

 дер,  Берік,  Ақлима  Есенғалиев­

тер,  Қарлығаш  Каргенова,  Қа­ 

 лиахмет,  Мәрзия  Нәсеновтар  ру­ 

хани  және  шаруамен  көп  көмек­

терін  берген  болатын.  Үміт  Ғұма­

рова  апамның  берген  кеңестерін 

қалайша  ұмытайын.  Қазір  шү­

кіршілік  етемін,  үлкен  ұлым  Ме­

йірбек  Алматы  қаласынан  дене 

шынықтыру  институтын  аяқтап,  

М.  Ықсанов  атындағы  мектеп­ба­ 

лабақшаның  директоры  қызме­

тін  атқарып  отыр.  Келінім  Жанна­

гүлдің  мамандығы  –  мұғалім­тәлім­

гер.  Олардан  Аймира,  Айбатыр,  

Асылтек  атты  немерелерім  бар. 

Ақтөбенің  Алға  аудандық  ауыл 

шаруашылығы бөлімінің басшысы 

болып  қызмет  атқаратын  құдам 

Әнуар  Сәрсенғалиев  пен  құда­

ғиым Гүлсайранға осындай әдепті 

қызды  өсіргені  үшін  ризашылы­ 

 ғым шексіз. 

Қызым  Мейрамгүл  мен  күйеу 

балам  Жақсылықтың  отбасының 

да  түтіні  түзу  ұшуда.  Жиендерім 

Нұрдәулет,  Ерасыл,  Нарқыз,  Құн­

дыз  қызғалдақтай  құлпырып  өсіп 

келеді.  Кіші  ұлым  Меңдіғұл  –  жо­

ғары  білімді  геодезист,  әзірге  от­

басын  құрған  жоқ.  Орал  қаласын­

да  жұмыс  істейді.  Адал  еңбекпен 

нәпақа  тауып,  қаладан  үй  сатып 

алдық, бас­басымызға көлікті бол­ 

 дық.  Ең  бастысы,  кәсіпкер  адал, 

тұтынушылардың  сенімінен  шы­

ға  білуі  керек.  Ризығымызды  ең­

бектен  тауып  отырған  жайымыз 

бар,  ­  деген  қажырлы  ананың  жү­

зін  қанағат  сезімі  рәуішке  бөлеп 

тұрды. 

Сәния  апай  үзеңгілес  інілері 



Неғметолла  Нәсенов,  Жайсаңбек 

Молдағалиев  сынды  кәсіпкер­

лермен  бірге  ауылдағы  мәдени, 

спорттық,  қайырымдылық  шара­

ларына  үнемі  демеушілік  көрсе­

тіп  отырады.  Өзі  балабақшадағы 

бүлдіршіндерге  заманауи  теле­

дидар сыйласа, мектеп ауласында 

болашақта  салынатын  мұзайдын­

ға  200  мың  теңге  ақшалай  көмек 

берді.  Құрыш  білекті  жігіттердің 

өзі  масылдықты  мін  санамайты­

нын  көргенде,  атпал  азаматқа  

тән  қайраты  бар  65  жастағы  кә­

сіпкер  әже  қажырлылығына  ерік­

сіз сүйсінесіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет