11
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 28 қаңтар 2016 жыл
АРДАГеР
Тұлға
туралы сөз
Әскерғали Шамғонұлы - Жайық өңіріне
кеңінен танымал тұлға. Ал тұлға туралы
пікір білдіру әсте артық емес. Пәлсафалық
тұрғыдан «тұлға» деп айшықты ісі, өзіндік
пікірі бар, айналасындағы адамдарға ықпал
ететін, жауапкершілікті мойнына ала білетін
адамды айтады. Оның калыптасуына
негізінен үш ахуал: гендік түп,
білімі және еңбек ететін ортасы әсер етеді.
Г
ендік түп қазақшалағанда, «ата
ана» немесе «үрімбұтақ» деген
сөз. Біздің университеттің доценті,
техника ғылымдарының кандидаты, Әсе
кеңнің ауылдасы әрі замандасы Әндеш
Әбдірахмановтың айтуынша, Әсекеңнің
атаанасы елге сыйлы әрі жайсаң адам
дар болған. Ал Әсекеңнің ағасы Төлеген
ауылдағы алғашқы жоғары білімді инже
нер екен. Өткен ғасырдың 5060жылда
рында жоғары білімді маман ауыл түгілі,
ауданда некенсаяқ. Осыдан Әскерғали
Шамғонұлының тегі білімге ұмтылған қа
білетті адамдардың ортасы болғаны бай
қалады.
Білім таусылмайтын мәңгілік тақырып.
Ешкім іштен біліп тумайды. Осы арада тұл
ғаға ұлағатты ұстаздың, білім алған мек
тептің орны зор әсер етеді. Әндеш ағай:
«Әскерғали менен бір жас үлкендеу,
әрине, біз де бала болдық. Бірақ соның
бал дәмін таттық деп айта алмаймыз. Се
бебі балалық шақ соғыс салған лаңмен
тұспатұс келді. Соның өзінде аракідік
асық атып, доп қуған кезде, бала болып
ойнаған Әскерғалиды көп көргенім жоқ»
дейді. Шынында ойын емес, ой қуған зе
рек Әсекең оқу кезінде оқ бойы қатарынан
алда болды. Мектепті күміс медальмен
бітірді. Ол жанына білім нұрын сепкен,
химия пәнінен берген Шынмұхамбет Ғұс
мановты, математика пәнінен есепті емес,
есептеуді үйреткен Зиба Мұхамбетқалие
ваны ыстық ықыласпен еске алады. Мек
тепті бітірген Әсекең әскердегі парызын
абыроймен өтеп, Саратов ауыл шаруашы
лығы институтының студенті атанды. Жанұя
жағдайына байланысты ол оқуды Оралда
ғы бүгінгі Жәңгір хан атындағы БҚАТУда
жалғастырды. Ауыл шаруашылығы инс
титутында сол кездегі Кеңес одағының
түкпіртүкпірінен келген, сонымен бірге
жергілікті білікті ғалым ұстаздардың дәрі
сіне сусындап, машықтану сабақтарында
таңдаған мамандығының қыры мен сыры
на терең бойлады. Осы орайда Хайрол
ла Кенжеғұлов, Эмқанат Сатқанов сынды
тұлғалардың жарқын бейнелері мен тағы
лымды сабақтары оның жадында жатта
лып қалды. Алған білімін баянды етіп, әрі
ғылыммен ұштастырып, Әсекең 32 жасын
да кез келгеннің уысына түспейтін, бақша
сында піспейтін «ғалым» атағын иеленді.
Енді ортаға келетін болсақ, қазақ ата
мызда мынадай нақыл сөз бар: «Бір қарт он
баланың ортасында отырса, ол бала бола
ды, бір бала он қарттың ортасында болса,
ол дана болады» деген. Әсекең Абайдың
тілімен айтқанда, мыңмен жұмыстас болды,
мыңға қызмет жасады. Жалғыз істеген жоқ.
Әсекеңнің жанында басшысы да, қосшысы
да болды. Қызмет бабында талай сын са
ғаттар мен сындарлы өткелдер кезікті.
Әрдайым ғалымның жанында түрлі мінез
ді, түрлі деңгейдегі адамдар жүрді. Тегінде
адаммен қоянқолтық жұмыс жасау, олар
дың тілін табу, іске жұмылдыра білу кез
келгенде болмайтын өнер, керек десеңіз
Ұстаз
мерейі
Ол ұстаз болуды
балалық шағынан
армандаған. Қиындығы
мен қызығы бірге жүретін
осынау мамандықтың
шынайы иесі болу үшін
көп қиындықтардан
өтеді. Әр сабағыңа жете
дайындалып, балаларға
білім беріп қана қоймай,
тәлім-тәрбие беру, өмірге
икемдеу, адалдыққа
баулу, адамгершілік
қасиеттерді бойына
дарыту оңай шаруа емес.
О
сындай абыройлы ұстаздардың
бірі Маржан Хайруллина Жаңа
қала ауданының Толыбай ел
ді мекенінде дүниеге келген. 1967 жылы
Ф. Энгельс атындағы орта мектепті бітіріп,
Орал педагогикалық институтының шет тілі
факультетіне оқуға түсіп, оны 1971 жылы
аяқтаған. 19711986 жылдар аралығында ол
Құрманғазы атындағы мектепинтернатта
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, тәрбиеші, аға
тәрбиеші болып қызмет еткен. 19861995
жылдар аралығында Қ. Сағырбаев атын
дағы орта мектепте мұғалім, 1995 жылдан
бастап осы аталған мектептің директоры
болып қызмет етті.
Білікті маман, шебер ұстаздың шәкірт
алдындағы ерен еңбегі елеусіз болған
жоқ. Маржан Қабесқызы 1989 жылы ҚР
Білім және ғылым министрлігінің құрмет
грамотасымен марапатталса, 1993 жылы
Білім беру ісінің үздігі белгісіне ие болған.
1991 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл»
мерекелік медалімен марапатталған. Ты
нымсыз еңбек етудің, жалықпай ізденудің
нәтижесінде қатардағы мұғалімнен жоғары
санатты ұстазға айналған Маржан Қабес
қызының алдынан білім алған шәкірттері
бүгінгі күні Қазақстанның түкпіртүкпірінде
еңбек етіп жүрген білікті маман иелері.
Осы уақытқа дейін Маржан апайымыз аб
зал ана, аяулы жар, адал дос, іскер бас
шы, сүйікті ұстаз ретінде елге таныла білді.
Оның ұлқыздары да ана жолын қуған
ұстаздар. Өзіне де, өзгеге де талап қойғыш
мінезімен, ұйымдастырушылық қабілетімен
әріптестері арасында мерейлі жан бола
білген ұстазананы мерейлі туған күні
мен құттықтап, бар жақсылықты тілегіміз
келеді.
Нұрсұлу ҚҰСМАНОВА,
Орал қаласы
Тілекжан РыСқаЛИЕВ,
Жәңгір хан атындағы БқаТу-дың
философия ғылымдарының докторы, профессор:
Әскерғали Шамғонов менен екі жас кіші болса да, сөзінің де, ісінің де ірілігіне
қарап, оны «Әсеке» деп кеттім. Өйткені шәкіртінің бірі: «Әскерғали Шамғонұлы біз
ді кәсіби мамандыққа ғана баулып қойған жоқ, адамдыққа, адам болып өмір сүріп,
адам болып қалуға үйретті» деп айтып еді.
Әсекеңнің мамандығы, жарты ғасыр бойы айналысып келе жатқаны кәсіби
бухгалтерлік есеп. Орта мектепті күміс медальмен бітірсе де, бірден оқуға түсуге
мүмкіндігі болмай, кеңшарда есепші болып істеді. Сөйтіп, оның болашақта кім бо
латыны өзіненөзі анықталды. 1964 жылдан бастап, оның өмірі, қызметі, жетістігі,
мақсатмұраты Жәңгір хан атындағы БҚАТУмен тығыз байланысты.
Рухани саланың өкілі ретінде бухгалтерлік мамандықтар жөнінде «ең қызықсыз,
адамды жалықтыратын пәндер» деп ойлайтын едім. Алайда оның дәрістері,
сабақтары студенттерді бастанаяқ баурап алатын ең қызықты өнер екендігіне
көзім жетті. Әсекеңнің сабақтарында білім де, ғылым да, қағидат та бар. Сонымен
бірге тәжірибе, адам, өмір, мамандық туралы әзілшыны аралас әңгімедүкен де
жеткілікті. Онымен жолдас, дос болу бізге бақыт, өмірде кездескен сәттілік сияқты.
Өмірде қиындықтар, келеңсіз жайттар болмай тұра ма? Ғалымның басында да
олар орын алды. Соларды еңсеруіне өзі де ғалым, бәрімізге де жақын сыйлас жан,
жары Хамида Ихсанқызы себепкер. Хамиданың қасында, Әсекең кейде дана, кейде
бала болып еркелеп кетеді. Хамида оны Әсекеңнің анасындай, баласындай күтеді.
Әсекең мен Хамиданың арасындағы осындай жарасым балалары Асқар мен
келінінің, Дана мен күйеу баланың, Ернар, Елжана, Искандер немерелердің ара
сында жалғаса берсе екен. Әсекеңнің жасына жас қосыла берсе екен деп тілей
мін. Оның үлкен немересі Ернар да ата жолын қуып, экономистқаржыгер
мамандығын таңдады. Ол тура «атасының баласы, байсалдылығы, асықпай әрі
ден ойлап, оңды шешім іздейтін қасиеті атасынан аумайды. Ата жолы – ұрпақ
жалғасы деген осындай болса керек.
байлық. Сол өнер мен байлық Әсекеңнен та
былды. Соның бәрі жоғары оқу орнындағы
ортада өтті. Сол орта арқылы өзі өсті, өр
кендеді және қанатын қатайтты.
Менің түсінігімше, жоғары оқу орны ол
бір киелі орын. Мұнда кез келген адам жұ
мыс жасай алмайды. Мұнда тек тұлғалар
жұмыс жасайды. Ал тұлғалармен жұмыс
жасау тұлғалардан да жоғары болуды та
лап етеді, дарындылықты, мінезді және
сұңғылалықты қажетсінеді. Әсекең сондай
қасиетке ие азамат. А. Конкин, Б. Шах, С. Жұ
баев секілді тұлғалармен қоянқолтық жұ
мыс жасау арқылы оның өзі де үлкен тұл
ғаға айналды.
Әсекеңнің бойындағы тағы бір ерек
шелігі адам танығыштығы. Ол сирек қасиет.
Тегінде ол адамның өзіндегі зияткерлік
пен өмірдегі оқудан емес, тоқудан, көруден
емес, түюден пайда болатын қабілет.
Осы қасиеті арқылы ол адамның жанына
үңіліп, оны биікке жетелей әрі жігерлен
діре алды. Ол басқарған кафедра болсын,
факультет болсын, үлкен міндеттерді ше
шіп, қойылған талаптарға сай болуы
ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығаруының сыры азаматтың осы дара
қабілетінен болса керек.
Халқымызда «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дей
ді. Бұл арада ұстазсыз мектеп те тұл. Се
бебі мектептің әлеуеті мен даңқы ондағы
ұлағатты ұстаздардың есімімен тығыз бай
ланысты. Мұқағалидың тілімен айтқанда,
«Тарыдай адамды таудай маман» қылатын
ұстаз. Жәңгір хан атындағы БҚАТУдың
экономика факультетінің тарихы, оның же
тістігі мен жарқын беті 75 жасқа келіп отыр
ған профессор, ғалым әрі тұлға Әскерғали
Шамғонұлы Шамғоновтың есімімен тығыз
байланысты. Ол осы факультеттің алтын
діңгегінің бірі. Ол әлі ат үстінде. «Ұстаздық
еткен жалықпас» демекші, болашақ маман
дарды бухгалтерлік кәсіптің кәнігілігіне ға
на емес, сонымен бірге өмірде адами биік
ке жетудің қыры мен сырына үйретуде.
Ағаның 70 жылдық мерейтойында оған
қолқа салғаным бар: «Әсеке, сіздің осы
өмірдің өрісінде, еңісінде, бұлтарыс қалта
рыстарындағы көргенбілгеніңіз, түйгеніңіз
мол. Соларды естелік ретінде қағаз бетіне
түсіріп шығарсаңызшы. Ол мына өскелең
ұрпаққа керек, өмірдің соқтықпалы жол
дарында әрдайым адами биікте қалудың
сара жолын білгісі келетін адамдарға қажет»
деп. Мүмкін, ол бүгінде есіндегілерін жа
зып та жүрген шығар. Мүмкін, ол келесі 80
жылдық мерейтойына жарыққа шығар. Сон
дықтан сол уақытқа дейін алдымен Әсекең
мен оның жанұясына баянды ғұмыр тілеп,
бәрімізге сол мерейтойда жарқын жүзбен
қауышуға жазсын деймін.
Зейін АйДыНОВ,
С. Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық
университетінің
аға оқытушысы,
экономика ғылымдарының
кандидаты,
Астана қаласы
12
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 28 қаңтар 2016 жыл
Ауыл-АйМАқ
Ө
ткен жылғы дәл осын
дай кездесу жиындары
ның барысында 13 ұсы
ныспікір түскен екен. Тұрғындар
сауалдарының басым бөлігі жол
дарды жөндеу, көшелерді жарық
тандыру, ауыз су мәселесін құра
ған. Күні бүгінге сол ұсыныстар
дың алтауы оң шешімін тауып, өз
ге мәселелердің шешілуі қаржы
«Ауылды көркейте береміз», -
ДЕЙДІ ЕСЕПТІ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
Табиғаты сұлу мекеннің
соңғы жылдар белесінде-
гі келбеті одан бетер шы-
райлана түскендей. Тал-
теректерін ақ ұлпа қар
көмкерген, кең көшелері
кішігірім шаһарға ұқсас
селоға араға тура бір
жыл салып келгендегі
алғашқы әсеріміз бұл.
Л. Қылышев атындағы
мектеп ғимаратының
үлкен залы лық толы
адам. Шыңғырлау
ауылдық округінің
әкімі Ғ. Жұмағазиевтің
тұрғындар алдындағы
есебі белгіленген уақытта
басталды. Әкім болып
сайланғанына екі-үш жыл
болса да, мемқызметте он
шақты жыл басшы болған
Ғұсман Ғұмарұлының
баяндамасы нақты шықты.
тапшылығына байланыс
ты кейінге қалдырылған.
Тоғыз мыңнан астам тұр
ғыны бар ауылда жыл
ішінде 82 адам жаңа жұ
мысқа орналасса, 114
адам ақылы қоғамдық
жұмысқа тартылған. «Жұ
мыспен қамту 2020 жол
картасы»
мембағдар
ламасының II бағыты
бойынша округтің 12
тұрғыны 22 млн. теңге
көлемінде жеңілдетілген
пайызбен несие алып
ты. Олардың дені мал
шаруашылығымен айна
лысса, бірі көкөніс сақ
тайтын қойма салып, ен
ді бірі жолаушы тасыма
лы қызметін көрсетуде. Есепті
мерзімде тоғыз адам әлеуметтік
жұмысқа орналасқан.
Округтегі 19 шаруа қожалығы
ның тоғызы мал шаруашылығы
мен айналысса, жетеуі мал азығын
дайындайды. Ал екі шаруашылық
көкөніс пен баубақша өсіруде.
Шоқтыбай ауылындағы тұты
ну кооперативінің құрылуы өткен
жылдың басты жаңалықтарының
бірі деуге негіз бар. Шағын ауыл
дағы 50 отбасының басын бірік
тірген ұжымның бүгінгі қамқаре
кеті бұйырса, бөлек мақалаға ар
қау болмақ.
«Бекманов» шаруа қожалығы
үшін өткен жыл сәтін салған сы
ңайлы. Қожалық «Құлан» бағдар
ламасы бойынша 4,9 млн. теңгеге
15 жылқы, «Алтын асық» бағдар
ламасы бойынша 4 млн. теңгеге
150 бас еділбай қойын алып, қо
расын кеңейткен.
Округ әкімі жыл ішінде атқа
рылған жұмыстарды баяндап бол
ған соң, жаңа жылға межелеп отыр
ған жұмыстардың негізгі бағытта
рына да тоқталып өтті.
Жыл ішінде 37 қылмыс тіркел
се, оның 14і – өзгенің мүлкін ұр
лау. Алты қылмыс әзірге ашылған
жоқ. Ал жалпы құқықбұзушылық
тың дені – ұсақ бұзақылық пен
тұрмыстық жанжал. Тұрғын үйдегі
өрт қауіпсіздігін де қаперден шы
ғармауымыз керек. Жуырда ғана
бізге жаңа ғимараттан орын бөлі
ніп, округ әкімдігі үш компьютер
жиынтығын алып берді. Келешек
те қызметімізді алаңсыз атқаруға
толық жағдай бар. Округ басшы
сының жұмысына жақсы деген ба
ға беремін, деді баяндамадан
соң сөз алған учаскелік полиция
инспекторы Иван Кива.
Мұнан кейін сөз алған аудан
дық туризм және экология орта
лығының директоры Галина Вол
когон жерлестерін ауыл тазалы
ғына жіті мән беріп, әрбір талте
регін күтіп ұстауға шақырса, Шың
ғырлау шекара заставасының
бастығы Евгений Попков шекара
шыларға тұрмысқа қажетті бар
лық құралжабдықтарымен жай
лы вагон орнатып берген жергі
лікті атқарушы билікке мінберден
алғысын жеткізді.
Ауылдық округтегі ақсақалдар
алқасының төрағасы Сағынғали
Имашев тұрғын үйлерді жаңғыр
ту бағдарламасы бойынша облыс
та көшбасшы аудан екендіктерін
тілге тиек етіп, жөндеуден өткен
көп қабатты тұрғын үй иелерінің
кейбірі әлі күнге несиелік бере
шектерінен құтылмай жүргендігіне
қынжылыс білдірді. Ал жастар
мен жұмыс жөніндегі ресурстық
орталық жетекшісі Айдос Хайы
ров жиналғандарды Елбасы Жол
дауында айтылған тапсырмалар
ды бірлесе орындауға шақырып,
округ әкімінің жұмысын оң баға
лады.
Жүзден астам тұрғын қатысып,
екі сағатқа созылған жиын соңын
да есеп берушіге қаңғыбас иттер
ді аулау және тротуарларды қар
дан тазалау жөнінде жазбаша екі
сұрақ түсті.
Менің білуімше, ауылда қаң
ғыбас ит жоқ. Бәрінің де қожайы
ны бар. Ақпан айынан бастап ит
аулаушылар іске кірісетін болады.
Шамашарқымызға қарай, көше
лерді қардан тазартудамыз. Қар
жы түскен соң таяу күндерде тро
туарлар да тазаланатын болады,
деген округ әкімінің жауабына
көпшілік қол шапалақтап жіберді.
Есепті жиынды қорытындыла
ған аудан әкімінің орынбасары
Қалияр Айтмұхамбетов ауданның
әлеуметтікэкономикалық көрсет
кіштеріне қысқаша тоқталып, ме
шін жылында қолға алынатын не
гізгі шаруалармен тұрғындарды
құлағдар етті.
Айтпақшы, өткен күзде ауылға
19 түрлі 1727 түп талтерек әке
лініп, үш саябақ пен көшелерге
отырғызылған. Ауыл аумағынан
жеке тұрғын үй құрылысына жер
алу үшін 217 адам есепте тұрса, 22
тұрғын жеке үй құрылысын салу
ды бастап кеткен екен. Ендеше,
Шыңғырлаудың ажары бүгінгіден
бетер шырайлана түсеріне үміт
артайық.
Сырымбек ЖӘРДЕМҰЛы,
«Орал өңірі»,
Шыңғырлау ауданы
Қаратөбе ауданының әкімі
Асхат Шахаров пен Егіндікөл
ауылдық округінің әкімі
Абат Зейнуллин өткен жыл-
да атқарылған және алда
тұрған жоспарлы жұмыстар
туралы ауыл тұрғындары
алдында есеп берді.
болашаққа сенім мол
О
кругте 21 шаруа
қожалығы бар. Өт
кен жылы бруцел
лез ауруына тексерілген 2650 бас
ірі қара малынан 11, 1150 бас
қойешкіден бір бас ауруға шығып
жойылды. Малды асылдандыру
арқылы өнім сапасын арттыру ба
ғытында қолдан ұрықтандыру қо
сыны жұмыс жасайды. 2014 жы
лы бұл қосыннан 160 бас ірі қа
ра өтіп, одан 107 бас бұзау алын
са, 2015 жылы 159 бас өтті. Тұр
ғындар мен шаруа қожалықтары
91 мың центнер мал азығын жи
нады. Бұл жұмыстарға 65 адам
уақытша жұмысқа тартылып, ең
бекақыларына мал азығын алды.
Мал азығы шаруа қожалықтары
мен келісімге орай 15000 теңге
ден сатылды.
Округ бойынша тоғыз жеке кә
сіпкер бар. Олардың бесеуі сауда,
үшеуі жолаушылар тасымалы, бі
реуі басқа қызмет түрімен айна
лысады. Қала мен ауыл бағытын
да үш «ГАЗель» автокөлігі, бір ав
тобус жүріп тұр. Ауылға көгілдір
отын берілді. Күні бүгін 23 үйге
газ қосылды. Бұл игі жұмыс әлі де
жалғасады. Су мәселесі мен бай
ланыс та жақсы жолға қойылды.
Бес мекеме және 81 тұрғын үй ау
лаларына су тартып алды.
2014 жылы күрделі жөндеуден
өткізілген Егіндікөл орта мектебі
20142015 оқу жылын 204 оқушы
мен аяқтады. Жиырма бес оқушы
мектеп бітіріп, оның тоғызы ҰБТ
ға қатысып, қорытындысы бойын
ша орташа балл 71 пайызды құра
ды. Төрт кезеңдегі оқушылардың
жазғы лагерінде 140 оқушы демал
ды. Өткен жылы «Дипломмен
ауылға» бағдарламасы арқылы
келген екі жас маман баспанаға
ие болды. Отыз балаға арналған
«Балбұлақ» балабақшасы жұмыс
жасайды. Ауыл жастары спорттық
шараларға белсене қатысады. Қыс
мезгілінде орталық саябақта хок
кей алаңы ашылып, ауыл бірінші
лігі өткізілді. Қоғамдық тәртіпті
және ұрлыққа қарсы күресті кү
шейту мақсатында округте жеті
адамнан құралған халық жасақ
шылары жұмыс жасайды.
«Өңірлерді дамыту бағдарла
масы бойынша» бұлақты абаттан
дыру жұмысын аяқтауға бюджет
тен қаражат бөлінді. Жұмысы сә
уірмамыр айларында басталады.
Ауылдағы бұрынғы жатақхананы
жөндеуден өткізіп, жазғы лагерь
ашамыз, деді өз есебінде ауыл
әкімі Абат Зейнуллин.
Аудан әкімі А. Шахаров жыл
бойына ауданда атқарылған ау
қымды жұмыстар туралы айтып,
Абат Зейнуллиннің жұмысына оң
баға берді.
Нұрлан МЕҢДЕШОВ,
Ерболат РАйСОВ,
Қаратөбе ауданы
Бейсенбі, 28 қаңтар 2016 жыл
13
oral_oniri@inbox.ru
«Осы үйдің қызын үкілей келдік...»
АйНАМКөз
Өзім Ақтөбе облысының Ойыл ау
данында, салтдәстүрдің қаймағы бұ
зылмаған қазақы жерден тәрбие алып
өстім. Ұлттық тәрбиені санама сіңіріп,
қазақ тілінің маманы болғаннан ке
йін Мұхтар Әуезов айтқандай, «Туған
жерімді, туған тілімді, салтдәстүрімді,
туған тарихымды жантәніммен қор
ғап өстім». Сондықтан асабалық қыз
метімде де, ұстаздық жұмысымда да,
халықтың ортасында да салтдәстүрі
мізді дәріптеумен келемін. Қатқабат
тарих түкпірінен жетіп, сақталған салт
дәстүрді, үлгіөнегені кейінгі ұрпаққа
жеткізу – міндетіміз.
Бір мемлекетте тұрғанмен, әр өңір
дің қалыптасқан дәстүрі бар. Мысалы,
Кіші жүзде, әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қа
зақстан, Атырау облыстарында құда
түсуге барғандар «Құдайы қонақ» бо
лып барады. Тіпті мейлі, көршісінен
қыз алып жатса да. Құда келетінін ес
тіген ағайынтуыс бір шаңырақтың
астына жиналып, «Құдайы қонақты»
танымайтын, білмейтін адам ретінде
қарсы алып, құрметтейді. Өзара аға
йынтуыстың тілегінен кейін, «Құдайы
қонақтарынан» жөн сұрайды. Осы
кезде ғана «Құдайы қонақтар» өзде
рін таныстырып, «Екі тектің баласын
ептемекке келгенбіз, елдестірмек ел
шіден...» дегендей, осы елдің немесе
осы үйдің қызын үкілей келгендігін,
яғни елші құда екендігін білдіреді.
Бірақ соңғы кезде «Құда түсу» дәс
түрінде көңілге қонымсыз жайттар
кездесіп жүр. Бұрын атабабадан қал
ған дәстүрде құда келерде қалыңдық
жағы қызын туысының үйіне жіберіп,
қашан бөтен үйдің есігін аттағанша,
құдалар жағына көрсетпеуге тыры
сатын. Әкелген сырғасын тағуды қыз
жеңгесіне аманаттап, табыстайтын жә
не «Қызыңызға сырға тағуға келдік»
демей, «Үкілей келдік» дейді екен.
«Сырға салуға келдік» деген тіркес
«ен салуға келдік» дегендей естілеті
Достарыңызбен бөлісу: