«Осы үйдің қызын үкілей келдік »


«Кей  қазақ  неге  жат  діни



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата30.03.2017
өлшемі4,52 Mb.
#10618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Кей  қазақ  неге  жат  діни 

ағымға арбалады?» деген бағыт­

та  әлеуметтік  сауалнама  жүргізіп 

көргенбіз.  Бәлкім,  бұдан  былай 

үшбу  дерттің  алдын  алуға  әрі 

адасқан  бауырларымыздың  бетін 

бері  қаратуға  азды­көпті  септігі 

тиер, зер салып көргейсіз...

Қазақ  неге



9

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  28   қаңтар 2016 жыл

Мәселе


арбалады?

–  Соңғы  жылдары  үлкен­кішінің  бір­ 

дей  дінге  бет  бұруы  жиіледі.  Бұл  –  қуа­

нарлық    құбылыс,  өйткені  дін  дегеніміз 

–  имандылық.  Бірақ  Кеңес  дәуірінде 

адамдардың  діннен  қашықтап,  діннен 

бас  тартуы  қандай  қиын  болса,  олар­ 

дың  қазіргі  кезде  дінге  жақындауы 

да  оңай  болып  жатқан  жоқ.  Бір  кезде  атеист  болу  үшін  көп  оқып,  

ғылым  негіздерін  меңгеру  керек  болды.  Сол  сияқты  дінді  қабылдау 

үшін  де  көп  оқып,  көп  нәрсені  білу  керек,  діннің  мән­маңызын  жете 

түсіну  керек.  Атақты  орыс  философы  Владимир  Соловьевтің  «Азы­ 

рақ  ақыл,  азырақ    философия  адамды  Құдайдан  алыстатады.  Көбі­

рек  ақыл,  көбірек  философия  адамды  Құдайға  жақындатады»  деген 

көзқарасы бар.

Дінге бет бұрған жақсы. Тек бұған  үлкен жауапкершілікпен қарау 

қажет.  Шынайы  ниет  керек.  Дін  –  адамның  алдындағы  аса  күрделі 

таңдау. Көп ойланып­толғанып, қабырғаңмен кеңесуің шарт.

Дін – еріккеннің  ермегі емес. Дінмен әуестенуге де болмайды. Дін­ 

ге еліктеудің керегі жоқ.

Мен замандастарыма, әсіресе, жастарға айтар едім, дінге берілдің 

бе, құба­құп, бірақ шын беріл! Құдайға сенесің бе, жақсы, онда Құдай 

жолымен жүр! Өйткені бұл – ең  қасиетті, ең әділетті, ең тура жол.

Соқыр  сенім  адамға  да,  дінге  де  абырой  әпермейді.  Бүйтіп  діннің 

қадір­қасиетін біле алмаймыз, түсінбейміз. Әр жерде қылаң беріп жат­

қан діни  экстремизм, діни төзімсіздік, дін атын жамылған өшпенділік 

осы  соқыр  сенімнің,  діни  фатализмнің  салдары.  Орыста  мақал  бар: 

«Заставь дурака богу молиться – он себе лоб расшибит». Соған ұқсас 

мақал қазақта да бар: «Ақымаққа намаз үйретсең, жайнамазға басын 

жарады».  Соның  кебін  киіп  жүрмесек  жарар  еді.  Ымырасыз  ұстаным 

– дінге  жат. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.): «Еш нәрсеге, тіпті дінге де 

шектен  тыс  берілмеңдер»  деген    өсиеті  бар.  Құранның  бір  аятында:  

«Біз сендерді орта жолды ұстанатын қауым қылдық» делінеді. Филосо­

фияда тең ортаға, тең ортаны таба білуге айрықша мән беріледі. Тең  

орта үйлесімділікке, жарасымға  бастайды.

Жасыратыны  жоқ,  көбімізге,  соның  ішінде  жастарға  діни  сауатты­ 

лық жетіспейді.

Философияда мән және құбылыс деген дәстүрлі ұғымдар бар. Бұ­

лар  бірімен­бірі  байланысты,  бірін­бірі  анықтайды.  Бірақ  бұлардың 

арасында қайшылық та болады. Құбылыс кейде мәннің жайын ашудың 

орнына,  оны  бұрмалауы  мүмкін.  Мектептік  мысал:  Біз  таңертең  күн­

нің шығып, кеште батқанын көріп жүрміз. Күн Жерді айналып тұрған 

сияқты. Шынында, бұл құбылыстың мәні мүлдем басқа. Біздің дін жө­

ніндегі  түсінігіміз  көбіне  құбылыс  деңгейінде  қалып  жатады.  Діннің 

түпкі мәніне үңіле бермейміз. Дін адамға қастық ойлай ма? Дін адамға 

«Шәхид бол!», «Өзіңді өзің идея үшін құрбан ет!» дей ме? Дін экстре­

мизмге  жол  бере  ме?  Жоқ!  Діннің  айналасында  зорлық­зомбылық, 

лаңкестік,  күш  көрсету  болмайтын  нәрсе.  Керісінше  діннің  уағызы  – 

келісім, кешірім, төзімділік, байыптылық, түсіністік. «Діни экстремизм», 

«ислам  терроризмі»  дегендер  –  нонсенс,  ақылға  сыймайтын  нәрсе­ 

лер. Ислам діні – бейбітшіл, бауырмал, меймандос, мәмілегер дін.

Діннің  мәнін  түсіну    үшін  де  біз  Абайға  жүгінуіміз  керек.  Абайдың 

қара  сөздерінде,  соның  ішінде  38­қара  сөзінде  дін  туралы,  Құдай  ту­ 

ралы,  иман,  сенім,  ғылым  туралы  терең  ойлар  жатыр.  «Түсіне  білген 

кісіге, ­ дейді Абай, ­ дін – даналықтың көзі».

Қазақтың жат діни ағымға әуестенуінің әр түрлі себептері бар. Со­

ның  ішінде  ең  алдымен  жастарға  тәлім­тәрбие  беретін  үлкендердің 

де,  сол  тәрбиеге  мұқтаж  жастардың  да  дін  жағынан  сауатсыздығын  

айтар  едім.  Бізде  қазір  идеологиялық  жұмыс  ақсап  тұр.  Діннің  жа­ 

йын  да  халыққа  түсіндіру  керек.  Біз  жастарды  өз  дінімізге,  өз  мәз­

һабымызға  тарта  алмасақ,  осы  жұмысқа  немқұрайлы,  яғни  жүрдім­ 

бардым  қарасақ,  бізге  жат  діннің,  әр  түрлі  секталардың  өкілдері  әр 

түрлі  жолмен  тиімді  уағызымен,  материалдық  көмегімен,  алдап­ар­

бауымен  жастарды  өз жағына тартуды жалғастыра берері анық.

Жасыратыны  жоқ,  қазір  адамдардың  сана­сезімін  рухани  жұтаңдық 

жайлап  алған.  Оқу­білім  баршылық,  бірақ  тиянақты  түсінік,  іргелі 

дүниетанымдық  көзқарас  жетіспейді.  Бүгінгі  адамның  біразы  алды­ 

артын  ойламайды.  Қайдан  шыққанын,  қайда  бара  жатқанын  бағам­

дап  жарытпайды.  Бұл  жағдайды  да  жат  діни  ағымның  шырмауына 

соқтыратын бір фактор ретінде қарастырған жөн.



Тілекжан РыСқаЛИЕВ, 

философия ғылымдарының  

докторы, Жәңгір хан атындағы 

Батыс қазақстан аграрлық- 

техникалық университетінің 

профессоры:

­ Өзімнің 50 жылға жуық педагогикалық ең­

бек өтіліме сүйеніп, сөз саптар болсам, қазіргі 

кезде  жастардың  жат  діни  ағымға  арбалуына 

үлкендердің  айтарлықтай  кінәсі  бар.  Рас,  біз 

бұрын  атеистік  қоғамда  өмір  сүрдік,  қызмет 

істедік.  Бертін  келе  ұлтымыздың  ұлы  арманы  

орындалып,  санаңды  сергітер  еркіндіктің  са­ 

малы  есіп,  тәуелсіздіктің  таңы  атты.  Міне,  сол 

кезден  бастап  айналайын  жастар  діни  сауа­ 

тын  ашуға  жаппай  ұмтылғанда,  біздің  басым  

көпшілігіміз  атеистік  позициямыздан  тапжыл­

мадық. Тіпті әлі де сол қалпымыз. Ал, шын мә­ 

нінде,  арбаның  алдыңғы  дөңгелегі  қайда  жүр­

се,  артқы  дөңгелегі  де  сонда  жүрмеуші  ме 

еді?!  Алда­жалда  аға  толқын  діни  сауатымыз­ 

ды ашуға жаппай ден қойғанда, жастардың бі­

разы  бүгінгідей  адасушылыққа  ұрынуы  неғай­

біл  еді­ау.  Демек,  енді  «Ештен  кеш  жақсы»  

екендігін ескерген жөн болар. 



Есенкелді 

ЕСБОЛСыНОВ, 

Орал қаласын- 

дағы «Шаңырақ»  

жасөспірімдер  

үйі» мемлекеттік 

мекемесінің 

әлеуметтік 

педагогы:

Гүлнұр СаҒаТОВа,   

Батыс қазақстан инже-

нерлік-технологиялық 

колледжінің 

гуманитарлық пәндер 

оқытушысы:

­  «Қазақ  неге  жат  дінге 

арбалады?».  Бұл  сұраққа 

толыққанды  жауап  беру 

үшін  бірнеше  факторды 

ескеру керек. Мәселен, ал­

дымен  әлеуметтік  жағдай. 

Кез  келген  жастағы  адам­

ның алдынан аяқасты тағдыр тауқыметі  шығуы мүмкін.  

Яғни жұмыссыз қалу, үй­жайының отқа оранып, бір күн­ 

де бүкіл материалдық игілігінен айырылуы, жақын ада­

мының  айықпас  ауыр  дертке  шалдығуы  немесе  тіпті 

қайтыс  болуы  деген  сияқты...  Ал  енді  жастардың  ара­

сында  жиі  қылаң  беретін  сезім  сергелдеңі,  яғни  махаб­

бат депрессиясы да қыз­жігіттерді көп жағдайда рухани 

дағдарысқа  тірейтін  фактор.  Міне,  жанына  жылу  іздеп, 

әлгіндей күйзеліске ұшыраған жандарға өзге діндік мис­

сионерлер жылы қабақ танытып, тек рухани демеп қана 

қоймай,  материалдық  көмек  те  көрсетіп,  арбап  алуы 

әбден  ықтимал.  Мұндай  шырғалаңға  шырмалуға  алды­

мен діни сауатсыздық  итермелейді. Кейбір жастар діни 

секталардың жиылыстарына жәй әшейін әуестікпен ба­

рып жүріп, жат діни иірімнен шыға алмай қалуы да кәдік. 

Өйткені  сектаның  белсенді  мүшелері,  әсіресе,  жетек­

шілері адам психологиясына әсер етудің әдіс­тәсілдерін 

шебер меңгергендігін айтпасқа болмайды. Мысалы, жат 

діни  ағымдардың  жиналысын  ұйымдастырушылар  енді 

келіп жүргендерге психологиялық көмек бере отырып, 

діни  басқосуларды  күнделікті  күйбең  тірліктен  сананы 

сергітер  біраз  уақыт  демалыс  түрінде  ұйымдастырып,  

арбауы  да  әбден  мүмкін.  Түптеп  келгенде,  жат  діни 

ағымдардың жетегінде кетіп, адасушылыққа ұрыну фак­ 

торларының  бәрінің  астарында  негізінен  діни  сауат­

сыздық жатыр. Сол себепті ата­ана бала тәрбиесінде бұл 

жағдайды әу бастан мықтап ескеру керек. 

Закария 

СИСЕНҒаЛИ,

Жаңақала 

аудандық 

мәслихатының 

хатшысы:

­  Кешегі  ке­ 

ңестік  идеология  

«дін­апиын»  деп 

атеистік  саясат 

халықты  дінінен, 

ділінен  айырды.  

Мешіттерді  қи­ 

ратты,  медреселерді  жапты.  Ел­жұртты  иман­

дылыққа  үйірген  ықпалды,  ғұлама  дінбасыла­ 

рын қуғын­сүргінге ұшыратты.

Еліміз  егемендігін  алғаннан  кейін  санасы  

коммунистік  идеялармен  уланған,  діни  сауат­ 

сыз  жандар  заңның  пәрменсіздігін,  солқыл­

дақтығын  пайдаланған  миссионерлер  мен  әр 

түрлі  діни  ағым  жетекшілерінің  соңынан  еріп, 

ислам  дініне  жат  көзқарастарды  ұстанып,  уа­

ғыздады. Елімізге сырттан келген ондаған, жүз­

деген  теріс  пиғылдағы  қаскүнемдер  әр  түрлі 

материалдық  құндылықтарды  пайдаланып, 

жастарды  да  соңдарынан  еріте  алды.  Бұдан 

шығатын  бірден­бір  жол    дәстүрлі  ислам  діні­

нің  қағидаттарын  жас  буынға  мектеп  жасы­ 

нан  бастап  үйретіп,  мектеп  бағдарламасына 

дінтану пәнін енгізу қажет. Ол үшін діни жоға­ 

ры  білімі  бар  мамандар,  теологтар  осы  ба­

ғыттағы  жұмысқа  кеңінен  тартылуы  керек. 

Оқулықтар,  әдістемелік  материалдар  көптеп 

шығарылғаны жөн.

Бір  сөзбен  айтсақ,  ұлт  саулығын,  ұрпақ 

амандығын  ойласақ,  жат  көзқарастағы  діни 

ағымдармен  халық  болып  ымырасыз  күресу­ 

ге  тиіспіз.  Әрі,  меніңше,  діни  қызмет  пен  бір­

лестіктерге  қатысты  заң  талаптарын  әлі  де 

қатайта түсу керек. 

ақерке 

дОСБОЛаТ,

Махамбет атындағы 

Батыс қазақстан 

мемлекеттік 

университетінің 

І курс студенті:

­  Біздің  кейбір  құрбы­

құрдастарымыздың 

жат 


пиғылды  діни  ағымдарға 

арбалуы ең алдымен отба­ 

сындағы  тәрбиенің  олқы­

лығынан.  Егер  үй  ішінде,  

дастарқан  басында  үлкендер  тарапынан  дәстүрлі  ис­

ламдық  құндылықтар  туралы  ғибратты  әңгімелер  ай­

тылса  және  ата­ана  дәстүрлі  исламдық  құндылықтар­ 

ды ұстанса, «алма алма ағашынан алысқа түспес еді...».



Сауалнаманы жүргізген Бауыржан ғҰБАйДУЛЛИН,

«Орал өңірі»

­  Қазіргі  жастар  теріс 

ағымдарға  неге  арбалады 

десек,  оның  түп­төркінін 

отбасындағы  имандылық 

тәрбиесінің  төмендігінен 

іздеу  керекпіз.  Отбасында 

діни  сауаты  ашылмаған 

жастар  бүгінгі  ақпараттар 

ағынынан дұрыс­бұрысын аңдай алмай, ғаламтор желі­

сіндегі  насихаты  күшті  теріс  ағымдардың  жетегінде  ке­ 

теді.  Мектеп  қабырғасынан  шыққан  көкөрім  жастың 

көпшілігі  діни  жағынан  сауатсыз.  Өйткені  отбасында 

діни  тақырыпта  әңгіме  айтылмайды,  кеңес  заманын­

да  тәрбиеленген  көптеген  ата­ана  ұл­қызына  дәстүрлі 

дініміздің қадыр­қасиетін  жеткізе алмасы анық. Білім са­ 

ласында  арнаулы  оқу  бағдарламасы  да  жоқ  (енді  ғана 

факультатив  ретінде  енгізілген).  Теріс  ағымның  жете­

гінде  кеткен  жастар  өздерінің  адасқанымен  қоймай, 

қасындағы  оң­солын  танып  болмаған  құрбы­құрдаста­

рын да өздерінің қатарына тартады. 

Шақан НИЕТБаЙ, 

Ж. досмұхамедов 

атындағы 

педагогикалық 

колледж студенті:


10

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі, 28  қаңтар 2016 жыл

әДеБИеТ әлеМі

Бибі-Бәтима

(әңгіме)


Жүз бай шырқап,

              миллион кедей аһ ұрған,

Кім бар татқан

            жүз бай еккен дақылдан?!

Фарабиден «Мықты ел кім?»

                                         деп  сұраса,

«Қайыршысы жоқ ел»

                                 депті  ақылман!



Мұхтар  ШаХаНОВ

Бибі­Бәтима  биыл  47­ге  толды.  

Алайда сырт көзге ол өте кәрі кө­ 

рінетін. Оның көздері күңгірт мон­

шақ  секілді,  ал  жанары  өте  мейі­

рімді  болатын.  Бибі­Бәтиманың 

бір  нәрсеге  назар  аударғанын 

сирек  көруге  болады,  себебі  ол 

әдетте  өзімен­өзі  болып,  томаға­

тұйық жүруге үйренген. Жазы­қы­

сы  сыртта  жұмыс  жасап,  күн  мен 

желдің  өтінде  тұрғанның  әсері 

болар,  бетін  жапқан  ірілі­ұсақты 

әжімдерден терісі умаждалған қа­ 

ғаз  секілді  көрінеді.  Бибі­Бәтима  

бүкір  еді.  Үстінен  тастамай  киіп 

жүретін сұрқай түсті, ұзын көйлегі 

мен  басына  тақпай,  иығына  бос  

тастайтын орамалынан ба, жұмыс­

та  тапжылмай,  бір  орында  отыра­

тын  болғандықтан  ба,  бүкірлігі 

аса  біліне  бермейді.  Жалпы,  Бибі­

Бәтиманы  үлкен  қалада,  әрі­бері 

ағылған  адамдар  арасынан  көп 

ешкім байқай да бермейді, өйтке­

ні  оның  дене  тұрқы  да  сегіз  жа­ 

сар қыздай шағын ғана.

Осы  бір  жалғызбасты,  қорған­

сыз әйелді осы қалаға келгелі бір­ 

де­бір  жан  ренжітіп  не  басынып 

көрмеген  еді.  Ешкім  де  бұған  қо­ 

лын шошайтып не ауыр сөз де айт­

пайтын.  Бір  күндік  табысын  қол  

орамалына  түйіп,  қанша  рет  жұ­

мысынан  үйіне  жалғыз  қайтқан 

кезде  де,  ешкім  оған  көз  алартып,  

қара  бақырын  да  тартып  алмаға­

нын  ол  бақыт  санайтын.  Жалпы, 

ол  өзін  жолы  болғыш  адамдар­ 

дың қатарына жатқызушы еді.

Бибі­Бәтима  он  алтыға  толған 

соң, өгей шешесі оны үйінен қуып 

жіберді.  Сөйтіп,  қиян  түкпірдегі 

шағын ауылда туып­өскен ол қаң­

ғырып  жүріп,  Алматы  қаласына 

тап  болды.  Алып  шаһарда  Бибі­

Бәтиманың  тағы  да  жолы  болды. 

Ол  шетелдік  туристер  көп  ке­

летін, оңтайлы жерден орын теуіп, 

қайыр  сұрауға  кірісті.  Міне,  сол 

жерде табан аудармастан отыз бір 

жыл бойы қайыр­садақа сұраумен 

келеді.  Байырғы  қайыршылар  өз 

аумағын жаңа келімсектерден қыз­

ғыштай  қоритын  болғандықтан, 

бұл жерден орын алу оңай шаруа 

емес.  Бірақ  Бибі­Бәтиманы  ешкім 

көз  алартып,  қуған  жоқ.  Кіп­кіш­

кентай,  қораш  бойымен  көзге  де 

түсіп  жарытпайтын  байғұс  әйелді 

өзгелер  бәсекелеске  де  санамау­

шы  еді.  Алайда  олар  қателескен 

болатын.  Бибі­Бәтимаға  қайыр­

садақа берушілер үнемі табылады. 

Өйткені ол кішкентай әрі бүкір бо­

латын. Өйткені ол ешқашан қолын 

жайып, аяушылық білдіруін өтініп, 

жылап­сықтап,  ешкімнің  мазасын 

да  алмайды.  Жай  ғана,  жанарын 

жерден  көтермеген  қалпында, 

өз  бұрышында  тапжылмай  оты­

рады.  Алайда  оның  болмысында 

өзгелердің  назарын  өзіне  ауда­

рып, оған қамқорлық жасауға, кө­ 

мектесуге ықыласын оятатын бел­

гісіз бір қасиет бар­тын. Оны рен­

жітуге  ешкімнің  де  дәті  бармау­ 

шы  еді.  Өзгелердің  үнемі  қамқор­

лық  танытып,  өзіне  жылы  қараға­

ны  бақыт  емес  пе?!  Бибі­Бәтима 

солай ойлайды.

Жолы  болғыш  емей  немене, 

алып  шаһарға  келгеніне  үш  жыл­ 

дай  уақыт  өткен  кезде  Бибі­Бәти­

маға  үнемі  аяушылық  танытып, 

қайыр­садақа  беріп  жүретін  мейі­ 

рімді  қария  мен  кейуана  бұған  Ал­ 

маты  қаласының  кедей  ауданда­

рының  бірінде  орналасқан,  көлік 

қоюға  арнап  салынған  ескі  там­

ды  сыйға  берді.  Қария  саманнан  

өрілген,  шағын  ғана,  бәкене,  ескі  

қораны  қайта  сылап,  әктеп,  ішін  

ортасынан  пешпен  бөліп  берді. 

Тіпті  от  жаққан  кезде  сыздықтап 

түтін шығатын шағын мұржасы да 

бар. Едені сазбен сыланған, күңгірт 

терезесі  бар  көне  лашықтың  іші  

қашан  да  тап­тұйнақтай,  жинақы­

лығымен  жанға  жайлы  сезілетін. 

Жиһаз атаулыдан ескі кереует, көр­ 

пе­жастық,  екі  ағаш  жәшік,  ескі 

үстел  мен  жалғыз  орындық  қана 

бар  қоржын  тамның  еденінде  кө­

не киіз төселген еді. Мұның бәрін 

Бибі­Бәтима  қоқыс  басынан  өзі 

тауып  әкелген.  Көрпе­жастықты 

кейуана  берді.  Ыдыс­аяқты  үстел 

үстіне  қойып,  киімі  мен  тағамда­

рын  жәшіктерде  сақтайды.  Ал 

есіктің артында беттері қақпақпен 

жабылған,  бірнеше  үлкен  шелек 

тұратын.

Бибі­Бәтима  өзінің  кедей  еке­ 

нін  түсінетін,  алайда  өзінің  үйі  оған 

қатты  ұнаушы  еді.  Жұмысына  да 

қашық  емес.  Бұған  дейін  онда  үй 

тұрмақ,  жеке  бұрышы  да  болған 

емес,  кез  келген  жерге  жатып, 

ұйықтай  салатын...  Күні  бойы  қа­ 

йыр­садақа  сұрап  отыратын  бол­

ғандықтан, үйіне тек кешке, қонуға 

келеді.  Кетерде  үйінің  есігін  мұ­ 

қият  кілттеп,  ашқышты  мойнына 

іліп  алады.  Шағын  бөтелкесіне 

салқын  су  құйып  ала  кетуді  де 

ұмытпайды.  Отыз  бір  жыл  бойы 

жұмысынан  бірде­бір  күн  қалған 

емес. 

Міне,  ол  осылайша  өзінің  ша­ 



ғын әлемінде өмір сүретін.

*  *  *


Күні  бойына  тапжылмай  бір 

орында  отырғанымен,  Бибі­Бәти­

маның  еш  уақытта  іші  пысқан 

емес. Жерге қарап отыра беруден  

жалыққан кездері, әрлі­берлі ағыл­

ған  жүргіншілерді,  өзі  секілді  осы 

жерде  нәпақасын  тауып  жүрген 

өзге  қайыршыларды  көзінің  ас­

тымен  бақылай  қарап  отыру  оған 

ұнайтын.  Қайыршылардың  арасын­

да  аяқ­қолы  мүлдем  жоқтары  да, 

бет­жүздері  адам  шошырлықтары 

да  бар  еді.  Қайыр­садақа  сұрап, 

нәпақа  табу  мақсатымен,  ата­ана­

лары әдейі мүгедек еткен балалар 

да кездесетін.

Жақын  жерде  иін  тіресе,  ығы­

жығы  орналасқан  дүңгіршектер­

де  иістері  мұрын  жаратын,  алуан 

түрлі тағам сатылады. Бибі­Бәтима 

олардан түс мезгілінде самса неме­

се күлше алып жейді. Ал кешкілік, 

үйіне  келген  соң  өзі  дайындаған 

бір  тостақ  ыстық  тамағын  жеп,  тер­

леп­тепшіп,  ыстық  шай  ішіп,  жай­

лы  төсегіне  басын 

қойып,  Жаратқан  ие­ 

сіне өзіне өмір сүру 

бақытын  сыйлағаны 

үшін,  бүгін  де  нә­

пақасыз  қалдырма­ 

ғаны  үшін  мінәжат 

етіп жатып, тәтті ұй­

қыға кететін. 

Ол өзінің қай күні 

дүниеге  келгенін  де  

білмейді. Әкесі мар­

құмның,  бала  кезін­

де  бұған  «Рамазан 

айында  дүниеге  кел­ 

гендіктен,  есіміңді 

Бибі­Бәтима 

деп 

қойдым» 


дегені 

есінде.  Сол  себепті  

қасиетті айды өзінің 

туған  күні  деп  сана­

ғандықтан,  жылына 

бір  рет,  Рамазан  айы  туған  шақта 

аздаған  тәтті  мен  жеміс­жидек 

алып жейді.

Бір  күні  ол  тұратын  ауданды  

полиция қызметкері аралап жүрді  

де,  мұның  да  үйін  тексерді.  Ескі 

тамның ішіндегі есік артында тұр­ 

ған  үлкен  шелектердің  ішінде  

толған  ақшаны  көріп,  таңғалға­

нынан  талып  түсе  жаздады.  Бибі 

«қара күнге» деп ақшаны үнемдеп 

жарататынын,  қалғанын  осылай­

ша жинап, сақтайтынын айтты. Есі 

шыққан  заң  қызметкері  ақшаны 

бұлайша сақтаудың қауіпті екенін, 

банктен  депозит  ашып,  сонда 

сақтауға  болатынын,  үстінен  пай­

да  түсіп  тұратынын  айтты.  Дереу 

мұны  көлігіне  отырғызып,  шелек­ 

шелек ақшаны жүк салғышқа тиеп  

алды да, банкке келді. Ондағылар­

ға қайыршы әйелдің жағдайын тү­

сіндірді. 

Өзге  планеталықты  кездестір­ 

гендей,  орындарынан  өре  түре­

гелген қаржыгерлер қауымы Бибі­

Бәтиманы қоршап алды. Тіпті банк 

директорының өзі де келді. Өзіне 

осынша  назардың  қадалғанынан 

қатты  қысылған  қайыршы  әйел, 

көзін  жерден  алмаған  күйі  по­

лиция  қызметкерінің  қалқасына 

тығыла  берді.  Қызметкерлердің 

ішіндегі  пысықай  біреуі  дереу 

бұқаралық  ақпарат  құралдарына 

қоңырау шалды.

Сол­ақ  екен,  Бибі­Бәтиманы 

шырт­шырт  сүгіретке  түсіріп  алған  

журналистер  «Алматыда  қайыр­

шы  әйел  коммерциялық  банктен 

жеке депозит қорын ашты», ­ деп, 

барлық газеттерге жарыса жазып, 

барлық  телеарналардан  хабар­

лаумен  болды.  Кейбірі  Бибінің 

үйіне,  жұмыс  орнына  дейін  іздеп 

келіп, құлаш­құлаш мақалалар жа­ 

риялады.  Сөйтіп,  ол  бір­ақ  күннің  

ішінде  бүкіл  елге  танымал  адам­ 

ға  айналып  шыға  келді.  Қоғамды 

елең  еткізген  «миллионер  қайыр­

шының» бұдан кейінгі тағдыры не  

болғанын  сұраған  оқырман  хат­

тары Қазақстанның түкпір­түкпірі­

нен  редакцияларға  қарша  борап 

жатты. 


Әлемдегі  барлық  елдердің  әр 

түрлі  тиындарынан  жиналған  ше­ 

лек­шелек  ақшаны,  банк  қызмет­

керлері  жабыла  сұрыптап,  тура 

бір  апта  бойы  санады.  Арасында 

қағаз  ақшалар  да  болғанымен, 

негізгі  «байлық»  қара  бақыр,  те­

мір  тиындардан  жиналған  екен. 

Жалпы  салмағы  157  келі  тарта­

тын «қазына» 1 007 000 теңгені құ­

рады.

Сол  күні  кешкілік  Бибі­Бәтима 



өзіне  үнемі  жақсы  адамдар  жо­

лығатыны  үшін  Аллаға  алғыс  ай­

тып,  үш  күннен  бері  ешқандай 

нәпақа таппаған көрші Мұхаммед 

есімді  қайыршыға  бірнеше  теңге  

садақа  тастады.  Бұл  оның  өзгеге 

берген  тұңғыш  қайыр­садақасы 

еді.  Сол  күннен  бастап  Мұхаммед 

екеуінің  арасында  әлдебір  жылы­

лық орнады. Мұның соңы екеуінің 

шаңырақ  көтеріп,  Мұхаммедтің 

енді  көшеде  түнемей,  Бибі­Бәти­

маның  лашығына  қоныс  аударуы­

мен  аяқталды.  Мұхаммед  өзіне 

күйеуге  шығуға  ұсыныс  жасаған  

сәтте  Бибі­Бәтиманың  есіне  өгей  

анасының: «Сен ешқашан тұрмыс­ 

қа  шықпайсың.  Сен  ешқашан  еш­

кімге  керек  болмайсың,  құбыжық» 

деген  сөздері  оралып,  жанарына 

жас үйірілді...

Баспасөздегі шуылдан соң, көп  

ұзамай­ақ әлеуметтік мекеме қыз­

меткерлері  рейдке  шығып,  бар­ 

лық  қайыршылардың  құжаттарын 

ресімдеп,  қоғамға  бейімдеп,  жұ­ 

мысқа орналастыру бойынша нау­ 

қанға қызу кірісіп кетті. Бибі­Бәти­

маның    да  құжаттарын  ресімдеп, 

мүгедектік  топ  беріп,  зейнетақы 

тағайындады.  Мүгедек  ретінде  “Са­

рыағаш”  шипажайына  екі  аптаға  

тегін,  сауықтыру  жолдамасын  бе­

ріп, барып қайтты. Жұмыспен қам­ 

ту  орталығы  жолдасы  Мұхаммед­ 

ті  құрылысшы  етіп  тұрақты  жұ­

мысқа орналастырды. 

Бибі  депозит  ашқан  қазақстан­ 

дық  банк  болса:  «Банк  тарихын­

да  мұндай  жағдайдың  алғаш  рет  

орын  алып  отырғанын,  аталмыш  

оқиғадан  соң,  банк  тұтынушыла­

рының  саны  күрт  артқанын»  ха­

барлап,  осы  бір  кіп­кішкентай, 

қайсар әйелге алғыс айтып, ерек­

ше  тұтынушы  ретінде  оған  соңғы 

үлгідегі,  түрл­түсті  теледидарды 

сыйға тартты. 

Жергілікті  әкімшілік  жанынан 

құрылған  комиссия  бұлардың 

тұрғынжайларын  тексеріп,  көлік 

қоюға  арнап  салынған  сыз,  апат­

ты  жағдайдағы  лашықты  тұруға 

жарамсыз  деп  тауып,  оларды  пә­

тердің  кезегіне  қойды.  Осылайша  

Мұхаммед  пен  Бибі­Бәтима  қо­

ғамның  қатардағы  мүшелеріне 

айналды. 

Өз  жұмыстарын  асқан  шебер­

лікпен  атқарған  журналистер  қа­ 

уымы болса, өздерінің кезекті сен­

сацияларын  іздеуге  кірісіп  те  кет­

кен еді.

*  *  *


Жары  Мұхаммед  үйге  алғаш­

қы  жалақысын  әкелген  күні  Бибі 

тұңғыш  рет  қазан  көтеріп,  қамыр 

илеп, иісін бұрқыратып, бауырсақ 

пісіріп,  жайнатып  дастарқан  жай­ 

ды. Құтты болсын айта келген көр­ 

шілері  екеуін  ерулікке  шақырды.  

Сол  күні  тұңғыш  рет  шаңырақта­

рының  шамы  түн  ортасына  дейін 

сөнбей, бөлмелерінен көңілді күл­

кі естілумен болды. 

Екеуі оңаша қалып, төсекке бас 

қойған  соң,  Бибіні  шаштарынан 

еркелете сипаған Мұхаммед оның 

енді қайыр сұрамайтынын, жұмыс 

жасап,  өзі  асырайтынын,  әлі­ақ 

жер  алып,  екеуіне  арнап  зәулім  

үй тұрғызатынын айтып жатты. 

Жарын үнсіз тыңдаған Бибі­Бә­

тима болса, әжімді жүзімен сорға­

лай  аққан  көз  жасын  қатпар­қатпар 

қолдарымен сүртумен болды...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет