«Осы үйдің қызын үкілей келдік »


жылғы ұстаздық тәлімімді «Зейнеткер-



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата30.03.2017
өлшемі4,52 Mb.
#10618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

43 жылғы ұстаздық тәлімімді «Зейнеткер-

лікке  шықтым» деп бітіре салғым келмейді. 

«Білгеніңді білмегенге айтпасаң, ол да күнә» 

дейді үлкендер. 

нін  де  ескеру  керек.  Қазір  қызды 

жеңгесімен  ортаға    шақырып,  жаға­

лай көрістіріп, құдалар қызды ортаға 

отырғызып,  сырға  салу  әдетке  ай­

налды.


«Есті  қыз  етегін  қымтап  отырады» 

дегендей,  есті  қыз  қашан  табалды­ 

рық  аттағанша  ата­енесіне  көрінбеу­

ге  тырысады.  Бұл  қыздың  беті  ашыл­

маған,  тәрбиелілігін  көрсетеді.  Қыз  

үйінен  шығарда  ата­анасымен,  туыс­

қандарымен  қоштасқанда  ғана  жаға­

лай  көрістіріп  шығарады.  Соңғы  кез­ 

де  беті  ашылмаған  қыздың  азайып 

бара  жатқанын  да  мойындау  керек. 

Бірде  жаңағы  құда  түсу  дәстүрінің 

үстінде  қызын  аяғы  ауыр  күйінде 

көрістіргенін  көріп,  ата­анасына,  қа­ 

лыңдыққа  қатты  көңіліміз  қалды.  Қа­

зір  бір  кездегі  «Қызға  қырық  үйден 

тыйым  беретін»    қыздардың  үйінде 

жүріп­ақ  аяғы  ауыр  болатынына  да 

үйреніп,  селт  етпейтін  болдық.  Қызды 

босағасында  сары  алтындай  сақтау 

–  әр  ата­ананың  парызы.  Өкінішке 

орай,  ұлттық  мұраға  келгенде,  сол 

ноқта­тізгінді  мықтап  ұстай  алатын­

ның  қарасы  аз.  Дәстүр  жалғастығы­

ның  бір  кезде  жұтаған,  жоғалған  ор­ 

ны  үңірейіп  бос  тұр.  «Бос  орынға 

шайтан  да  үйір»  дегендей,  күні  ертең 

өзегіңнен  тебер  өзгенің  қаңсығын 

кейінгі  ұрпақ  мәдениетке  санап  жа­

тыр.  Осы  жерде  айта  кету  керек, 

келін  түсіргенде  келіннің  екі  жағына 

қос жеңгесі келіп тұрады. Жігіттің екі 

жеңгесінің екі жағында тұруы міндетті 

екенін бәрі біледі. Алайда неге солай 

болу  керектігін  жете  ұқпайды.  Қазақ 

халқы  ештеңені  ойсыз,  мақсатсыз 

шығармаған.  Әр  дәстүрдің,  салттың,  

кәде­ырымның  астарында  мән­ма­

ғына,  тәрбие  көзі  жатады.  Жаңағы 

екі  жеңге  –  жаңа  түскен  келінді  қол­

тығынан  демеп,  білмегенін  үйретіп, 

ұқпағанын  түсіндіретін  ақылшы  ке­

ңесшілері  болуы  керек  адамдар. 

Бұлар осы әулетке мына келіннен бұ­

рын  түскендер,  сондықтан  шаңырақ 

дәстүрі, әдеттері басқа үйден келген, 

келіндік  тәжірибесі  қалыптаспаған  

жас  келінді  қамқорлыққа  алатын 

абысындары.  Ал  қазіргі  тойлардағы 

жеңгелердің  жол  көрсетпек  түгілі,  өз 

басына  тәрбие  жетпей  жатқаны  көз­

ге  ұрып  тұрады.  Бастары  жалаңбас, 

талайының  бұттарында  тар  шалбар.  

Оған  өздері  қымсынбайды  да.  Кей 

тойларда  келіннің  жанына  кім  тұра­

тыны  ескерілмей,  «Сен  тұр,  мен  тұр» 

болып,  бірін­бірі  итермелеп  те  жа­

тады.  Түсінемін,  тойдың  қарбалысы  

көп,  дегенмен  бір  естияр  адам  осы­ 

ны  ертерек  қамдап  қоюы  керек 

емес  пе?  Күнде  келін  түсіріп,  шар­

тарапқа  жар  салып  жатқан  жоқсыз, 

қазақтың  тойының  салтанатты  көрі­ 

нісі  осы  –  беташар  ғой.  Келінді  де­

мейтін екі келіншекке екі орамал, екі  

камзолды бұрынырақ дайындап, бет­

ашар  барысында  соны  бір  сәт  киіп 

тұрса,  қандай  жарасымды.  Соңынан 

«Құдай  сендерді  де  келін  түсіріп,  қыз 

ұзатуға  жеткізсін!»  –  деп  ескерткішке  

сыйлап  жіберсе,  олардың  көңілі  кө­ 

теріліп  қана  қоймай,  сонымен  бір­

ге    әрі  қарай  ұмытпай,  өздері  де 

жалғастырар еді. 

Өнеге  айтудан  емес,  көрсетуден 

санаға  сіңеді.  Өзімнің  де  келін  түсір­

геніме  екі  жыл  болған  жоқ.  Қазір  үш 

айлық  Ақберен  атты  немереміз  бар. 

Келін  түсіргенде,  жоғарыда  айтылған 

салт­дәстүрдің  бәрін  сақтай  отырып, 

қазақша  киініп,  сәукелесі  ақ  желегі­

мен  желбіреген  келінімізді  қызыл 

шымылдықпен қарсы алдық. 

«Ақ сүт емген иманды, адал қыз тап 

қыла көр» деген тілегімді қабыл еткен 

Аллаға мың шүкіршілік. «Келіні жақсы 

үйдің әр керегесі – береке» дегендей, 

таңертеңгісін  ата­енесіне  иіліп,  сәлем 

салып  тұратын  келінімізге  күндегісін 

күнде  «Бақытты  бол!»  деп  бата  бе­

реміз.  Ауылдың  қызы  екенін  білмей­

тін,  үйге  келген  қонақтар:  «Келінің 

Оңтүстіктен бе, әлде Ақтау,  Ақтөбеден 

бе?»  ­  деп  сұрап  жатады.  Кісі  келсе, 

орамалын  тастамайтын,  қай  уақытта 

да  шәйнегі  қайнап  тұратын,  үлкенге 

иіліп  сәлем  сала  білетін  биязы  Асыл­ 

затыма  дән  ризамын,  инабатты  да 

иманды  етіп  тәрбиелеген  анасына, 

Гүлсім құдағайыма да алғысым шексіз.  

Адамның  жаратылысы  қызық,  жақ­

сы  нәрсенің  жақсы  екенін  біле  тұрса 

да,  «Басқа  істемейді,  маған  не  жо­

рық?»  деп  өзгелердің  қатарында  тұра 

қалатын  жалған  намыс,  пендешілік 

бар.  Әйтпесе,  ешқандай  қиындығы 

жоқ  ата­бабадан  қалған  сәлем  салу­ 

ды  барлық  келін  дәстүрге  айналдыр­ 

са,  несі  артық?  «Баталы  құл  арымас» 

деген,  күнде  бата  алып  тұрудың  өзі 

бақыт  емес  пе?  Бұларды  айтып  отыр­

ған  себебім,  Батыстың  күл­қоқысы­ 

мен  ластанған  жастардың    санасына 

кішкене  болса  да,  сәуле  түссе  екен. 

Абай айтқандай: «Кімде­кім ішінен ке­

ректі  сөз  тапса,  ойына  тоқысын,    ке­

рексіз десе, өздері білсін...».



ғазиза  РАХМЕтОВА

зейнеткер-ұстаз,

Ақжайық  ауылы, 

теректі  ауданы 

14

oral_oniri@inbox.ru

ПіКіР

Бейсенбі,  28  қаңтар 2016 жыл



Қала  басшысы  болу  – 

өТе жАуАПТы жұМыс



1975 жылы тамыз айында Мұстақым Біләлұлы 

Ықсановты облысымыздың бірінші хатшысы етіп 

сайлаған пленумда Қазақстан компартиясының 

бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 

сөз сөйлеген еді. Онда Орал  Қазақстанның көне 

шаһарларының бірі, бай тарихи мұрасы бар 

екендігіне және көршілес Ресейдің бес облысымен 

шектесіп жатқандықтан, еліміздің Еуропаға 

шығатын қақпасы болып табылатындығына 

тоқталды. Мұндай қақпа мәнді де сәнді 

болуы керек. Сондықтан қаланың сәулетіне, 

инфрақұрылымдарына үлкен мән беріп, дамыту 

қажет деген болатын.

Р

еспублика  басшысының 

бұл  ойын  ұйымдастыру 

қабілеті  жоғары  М.  Ық­

санов  аз  уақыт  ішінде  іске  асыр­

ды.  Айналасы  бес­алты  жылдың 

ішінде  бес  көпір  салынды,  олар 

қаланы  айналып  өтетін  жолдар­

мен  жалғанды.  Қалада  көп  қабат­

ты  тұрғын  үй,  мектеп,  балабақша 

салу  ісі  бұрын  болмаған  қарқын­

да  жүрді.  М.  Ықсановтың  талабы 

бойынша  үлкен  өндіріс  орындары 

өз  қаражатына  мектеп,  балабақ­

ша  салуға  міндетті  болды.  Қазір 

қаладағы  су,  жылу  жүйелері  не­

гізінен сол кезде салынды. М. Ық­ 

санов  облысымызды  он  жыл  бас­

қарды.  Жақсы  басшы  бола  білді. 

Атқарған  ісі  халық  жадында  қал­

ды. Осы жағдайларды ой елегінен 

өткізсек,  адамдардың  тұрмыс­

тіршілігі  көп  жағдайда  басшыға, 

оның  басқаруына  байланысты 

екенін  бағамдаймыз.  Тоқсан  ауыз 

сөздің  тобықтай  түйінін  екі  ауыз 

сөзбен  жеткізген  дана  халқымыз 

«Басқарылмаса  ел  жетім,  құс  қон­

баса  көл  жетім»,  «Елге  жақсы 

басшы  құт­береке  әкеледі,  жа­

ман  басшы  береке  кетіреді»  деп 

айтқан  ғой.  Біздер  осы  өмірімізде 

басқарудың  түрлі  жолдарын  көр­

дік.  Жоғарыда  келтірген  мәтелдер­

дің  мағынасының  дұрыстығына 

көз  жеткіздік.  Сондықтан  көп  әрі­

ге  бармай­ақ,  «Соқырдың  тілегені 

екі  көзі»  демекші,  соңғы  қырық 

жылда  біздің  қаламызды  кімдер 

басқарды, қандай істерімен халық 

жадында  қалды  деген  сұрақтарға 

жауап іздеп көрсек. 

Өткен  қырық  жылдан  бері  қа­

ламызды  қазір  оныншы  басшы 

басқарып  отыр.  Ауыл,  аудан  бас­

шыларының  жөні  бір  бөлек,  ал 

қала  басшысы  болу  оңай  емес. 

Оның қызметін облыс көлеміндегі 

ең  ауыр  әрі  ең  жауапты  қызмет­

тің  бірі  ретінде  санауға  болады. 

Себебі  жылу,  жарық,  су,  газ  секіл­

ді  маңызды  нысандардың  жүйелі 

жұмысын қамтамасыз етуді айтпа­

ғанда,  қалада  әлеуметтік  көмекке 

мұқтаж  жан  көп.  Қала  басшысы 

осы  істердің  бәрін  реттеуі  тиіс. 

Ондай  жұмыстарды  тұрақты,  ұзақ 

мерзімді  жұмыс  жасаған  басшы­ 

дан күтуге болады. Егер қала бас­

шысы  екі­үш  жыл  сайын  ауыса 

берсе,  олардан  қандай  жұмыс 

нәтижесін сұрауға болады?!

Сонымен  бұдан  қырық  жыл 

бұрын  қаламыздың  басшысы  Қа­ 

йырғали  Молдашев  ағамыз  болды. 

Ол  кісі  қаланы  алты  жыл  басқар­

ды.  М.  Ықсановтың  бастамасы­

мен  қолға  алынған  қаламыздағы 

жасампаз  істерді  жүзеге  асыруға 

айтарлықтай  үлес  қосқандардың 

бірі  болды.  Қайрекең  ұйымдасты­

ру  қабілеті  мол,  істі  шапшаң  ше­

шетін  алғыр  адам  еді.  Өзі  басқар­

ғанға  дейінгі  қаланың  жағдайын 

жақсы  білетін  Қайрекең  облыс 

басшысының  қаланы  көркейту, 

дамытуға  деген  оң  көзқарасын 

ұтымды  пайдалана  білді.  Әсіресе, 

білім,  денсаулық  сақтау,  әлеумет­

тік  салаларға  қатысты  мәселелер 

жіті  қойылып,  соның  нәтижесінде 

олар  оң  шешімдерін  тауып  отыр­

ды. Ол ­ халықтың ризашылығына 

ие болған басшының бірі.

Қайрекеңнен кейін 1999 жылға 

дейін  қалада  бес  басшы  ауысты. 

Бірақ  олардың  халық  жадында 

қаларлықтай  іс­әрекеттері  болған 

жоқ сияқты. Болса айтылар еді. Ес­

тілмейді.  Ал  Вениамин  Мұқатаев­

тың  есімін  көпшілік  құрметпен 

айтады.  Оның  қалаға  жетекшілік 

еткен  уақыты  ел  тәуелсіздігінің 

елең­алаң  шағына  сәйкес  келді. 

Ол  кезде  жарық,  жылу,  газ,  ауыз 

суға қатысты мәселелер жиі орын 

алып жүрді. Осы мәселелерді рет­

теуге  ол  көп  күш  салды.  Халық  та 

сол  кездегі  жағдайды  жақсы  түсі­

ніп,  орынсыз  әрекеттерге  барған 

жоқ.  Өйткені  қала  басшылығы­

ның  мүмкіндігінше  жұмыс  жасап 

жатқанын  көрді,  жүректерімен 

сезді.  В.  Мұқатаев  көп  сөзге  жоқ, 

барынша әділ, істің адамы болды. 

Қаланың  тыныс­тіршілігін  жетік 

білетін  нағыз  маман  еді.  Оны  сол 

кезде облыс басшысы болып кел­

ген,  кемел  ойлы  Қырымбек  Кө­

шербаев  бағалай  білді.  Ол  алты 

жылдай  жұмыс  жасады.  Бұл  кез­

дерде  қаламызда  халықаралық 

дәрежедегі  спорт  жарыстарын 

өткізуге  лайықты  мұз  айдыны  са­

райы,  су  спорты  түрлеріне  арнал­

ған  жүзу  бассейні,  көптен  халық­

тың  ойында  жүрген  қазақ  драма  

театры  іске  қосылды.  Сол  жылда­

ры  қалада  дәмхана,  супермаркет, 

дүкендер  көп  қабатты  үйлердің 

төменгі  қабаттарында  жиі  салын­

ды.  Осы  жерлерде  өз  кәсіптерін 

жандандырған  кәсіпкерлер  сол 

үйлердің  қасбетін,  шатырларын 

өз  қаражаты  есебінен  жөндеу 

жүргізуге көмектесті. Бұл қаланың 

келбетін  біршама  өзгертті.  Облыс 

орталығының  көшелерін,  аула­

ларын  жарықтандыру  қарқынды 

жүрді. Әрине, мұның барлығы тек 

қала  басшысының  еңбегі  деуден 

аулақпын.  Шын  мәнінде,  бұлар 

­  облыс  әкімі  Қырымбек  Елеуұлы­

ның  идеясы  мен  еңбегі.  Қала  бас­

шысы  олардың  жүзеге  асуына 

ұйытқы болды.

2004 жылы облысқа басшы бо­

лып  Н.  Әшімов  келді.  Қазақтың 

сөз  өнеріне  басқаларын  былай 

қойғанда,  Махамбет,  Марабай, 

Жұбан,  Тайыр,  Қадыр,  Ақұштап 

секілді  марғасқаларды  берген  

Ақ  Жайық  өңірінде  қалам  ұстауға 

лайықты  журналистер  жетпеген­

дей,  облыстық  газеттерді  басқа­

руға  өзге  өңірлерден  кісілер  әкел­ 

ді.  Қалыпты  жұмыс  істеп  тұрған 

жылу­қуат  мекемесіне  басқарушы  

әкеліп қойып, ол нысанды жедел­

детіп  шетелдіктерге  сатпақшы 

болды,  одан  үлкен  дау­дамай  ту­ 

ды.  Әкім  облыстық  мәслихат  де­

путаттарымен  тіл  табыса  алма­

ды.  Кадрлар  жиі  ауысты.  Жақсы 

жұмысымен  танылған  қала  бас­

шысы  да  жұмыстан  кетті.  Бұл  кез 

дүрбелең  уақыт  болды.  Осының 

бәрі  2005­2006  жылдары  респуб­

ликалық  «Жас  қазақ»  газетінде 

екі рет көлемді мақала болып жа­

рияланды.

Мұндай басқару облыс, әсіресе, 

қала  тұрғындарына  оңай  тиген 

жоқ.  Қаланың  дамуы  бұрынғыдан 

кенжеледі.  Жылу,  су  құбырларын, 

жолдарды  жөндеуге,  қоғамдық 

көліктерге  байланысты  біраз  мә­ 

селе  туындап,  олар  уақтылы  ше­

шімін  таппады.  Бірақ  артынан 

бәрі  реттелді.  2009­2010  жылдар­

дан  бастап  қалада  көп  қабатты 

сәулетті тұрғын үйлер жүйелі түр­ 

де  салына  бастады.  Соның  нә­ 

тижесінде  кезекте  тұрған  тұр­

ғындарға 1004 үй берілді, 180 жас 

отбасы қоныстойын тойлады. Жа­

ңа  шағынаудандар  пайда  болып, 

қаланың  сәулеті  күннен­күнге 

өзгеруде.  Жаңа  мәдени  орын­

дар  бой  көтеріп  жатыр.  Қазақтың 

дана  да  дарынды  ақыны,  жер­

лесіміз  Қадыр  Мырза  Әлі  атын­

дағы  мәденит  және  өнер  орта­

лығы  ашылды,  Салтанат  сарайы 

салынды.  Сондай­ақ  қаламызда­

ғы  Әбілқайыр  хан  даңғылының 

бойында  белгілі  мемлекет  және 

қоғам  қайраткері,  кезінде  Орал 

қаласын  дамытуға  бағыт­бағдар 

берген  Дінмұхамед  Қонаевқа  ар­

нап  ескерткіш­мүсін  қойылып, 

саябақ  ашылды.  Болашақта  жаңа 

шағынаудандардың  бірінде  екін­

ші  саябақ  ашылмақшы.  Қалалық 

мәдениет  және  демалыс  саябағы 

маңынан,  яғни  Шаған  өзенінің 

арғы  бетінен  үлкен  спорттық  ке­

шен,  демалыс  алаңы  салынуда. 

Оған қатынайтын аспалы көпірдің 

құрылысы  аяқталды.  Чернобыль 

мен  ауған  соғысы  ардагерлеріне 

арналған  ескерткіш,  мемориал­

дық кешендер жасалды. Қаламыз­

ды  көркейту  бағытында  істел­

ген  басқа  да  игі  істер  аз  емес. 

Соңғы үш жылда 50­ге тарта көше 

жөнделіп,  жаяу  жүргіншілер  жо­

лы салынды. Бұл жұмыстар облыс 

басшысының  ұйытқы  болуымен 

жүзеге  асып  жатқаны  анық.  Осы­

дан  үш  жыл  бұрын  облыс  әкімі 

Нұрлан  Ноғаев  үлкен  сенім  ар­

тып,  қала  әкімі  қызметіне  А.  Көл­

гіновті  тағайындаған  болатын.  Қа­ 

ла  жұртшылығы,  әзірге,  оның  жұ­

мысына  риза.  Толық  риза  болу 

үшін оның өз жоспарымен жұмыс 

жасауына  мүмкіндік  беру  керек. 

Яғни  оған  уақыт  керек.  Тоқсан 

ауыз  сөздің  түйіні,  қала  басшысы 

жиі  ауыспауы  қажет.  Қала  басшы­

сы ең кемі 5­6 жыл жұмыс істегені 

дұрыс  деп  санаймын.  Тіпті  қала 

әкімін  бес  жылға  сайлап  қойса, 

нұр үстіне нұр.

Нұрлан ІЗТІЛЕУОВ, 

зейнеткер,                       

Орал қаласы


15

oral_oniri@inbox.ru

Анасын  өлтірген  содыр

«Жібек  жолымен» 

АлҒАшқы Пойыз жүРДі

Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің аумағымен 

өтетін жаңа «Жібек жолы» арқылы  Қытайдан 

шыққан  бірінші пойыз Грузияға жетті.  «Жібек  

жолы»  Ресей  жерін  айналып өтеді  әрі  Қытайдан 

Еуропаға жүк  тасымалдау  әлдеқайда  арзандады.

Грузияның    премьер­министрі   

И. Гарибашвили  пойызды  қа­

былдап,    Еуропа  елдеріне 

3­5  күнде  жеткізетінін 

айтты.  «Бұрын  жүк 

Қытайдан 

Еуропаға 

дейін  теңіз  арқылы 

тасылатын  әрі  оған 

40  күн  уақыт  ке­

тетін»,  ­  дейді  ол. 

Енді  «Жібек  жолы» 

арқылы 


Ресей­

ді  сырт  айналып 

өтетін  Қазақстан, 

Әзірбайжан,  Грузия 

бағытындағы  пойыз  

Ақтау 


қаласындағы 

паромды өткелден өтіп, 

12  сағатта  Каспий  теңі­ 

зінің  екінші  шетіндегі  Әзір­

байжанның  Алят  портында 

болады.  Одан  Грузиядағы  Поти 

портынан өтіп,  Қара теңіздегі паромды 

өткелмен Ыстамбұлға жетеді.

Депардье  май  шелпектен 

айырылатын  болды

бес  сағат  

бойы  


сиқыр  

көрсеткен



Қазақстандық 

сиқыршы Руслан Иван-

ченков Гиннестің ре-

кордтар кітабына енді. 

Манкарди  деген  лақап  ат­

пен  өнер  көрсететін  сиқыр­

шы бес сағат бойы тоқтамас­

тан өнер көрсетіп, қазыларды 

қатты  таңғалдырған.  Ғарыш 

саласының  инженері  сиқыр­

шылық  өнерді  ғаламтор    ар­

қылы  үйренген.  Ғарыш  пен  сиқырды  байланыс

тырған  ол:  «Кез  кел­

ген сиқыршы құпияны ешкімге айтпауға 

ант береді», ­ дейді. Бүгінде 

Қазақстанның сиқыршылар клубында 36 и

ллюзионист бар.

1,5  млрд.  

доллардың  

джекпоты

Тұңғыш рет жарияланған 1 млрд.  дол­

лардың  джекпоты  американдықтарды 

 

есінен  адастырған  сыңайлы. Жұрт   кезект



і 

билетті сатып алу үшін ұзақ­ сонар кезекке 

тұруда. Бұдан бұрын қаңтардың ортасын

­

да ойналатын билет иелері  3 млрд.  дол



­

ларды ұтып алуы мүмкін делінген   еді. Бұл 

рекордты ақша мөлшері  өткен ойындар

­

да  ұтыстың болмауынан өсіп отыр. Міне, 



күні кеше АҚШ­та екі адам 1,5 млрд.  дол

­

лар джекпотты ұтып алды. Олардың  есім



­

дері  әзірге  жасырын  ұсталуда. Жүлде

лі 

билеттер АҚШ­тың Флорида және Теннес



­

си штаттарында сатылған.

Соңғы  рет  рекордты  ұтыс  калифор­

ниялық  зейнеткер  Рэймонд  Бакстонға 

бұйырған.  Ол  20  жыл  бойы  ойынға 

қатысып,  ақыры  425,3  млн.  доллар  ұтып 

алыпты.

Француз актері Жерар Депардье 

бұдан 2 жыл бұрын Ресей азаматтығы 

мен төлқұжатын Президент В. Путиннің 

өз қолынан алып, бір емес, екі үйге ие 

болған еді. 

Оның бірі – Грозный қаласындағы 15 млн. рубль 

тұратын бес бөлмелі үй. Бірақ актер біраздан бері 

Бельгияда тұрып жатыр. «Ресейде болған азғантай 

уақытта мен өзімнің француз екенімді білдім». Бұл –  

оның  Бельгияға  кетіп  бара  жатып  айтқан  сөзі.  Де­

пардье өз елінде қарайған байлығы мен табысына 

салық  төлегісі  келмей,  Франция  азаматтығынан 

бас  тартып,  елден  қашып  кеткен  болатын.  Күні 

бүгін  Ресей  оны  ел  азаматтығынан  айыру  туралы 

жұмыстанып  жатыр.  «Бірақ  әлемге  танымал  актер 

Ресей  азаматтығынан  өлсе  айырылғысы  жоқ»,  – 

 дейді оның төңірегіндегілер.

ұшақ  апатынан  аман  қаласыз...

34  жаста 

12  бала  туған

Петропавл    қаласында    12  баласын 

өмірге  әкелген  ана    бар  болғаны  34 

жаста. Ол тұңғышын 20 жасында жеңіл­

денген.  Күйеуі  Павел  перзентханадан 

әйелін  әкету  үшін  шағын  автобусқа 

барлық  баласын  тиеп  келіпті.  «Құдай 

берсе , тағы да өмірге бала әкелерміз», – 

 дейді  діндар отбасының  батыр әкесі.



дайындаған  Ұлдай  қаБОШқыЗы

Украиндық  өнертапқыш  Владимир Та-

таренко ұшақ апатқа ұшыраған жағдайда  

жолаушыларды  аман  алып  қалатын  

капсула-ұшақ ойлап тапқан. 

Ішіне  жолаушылар  мен  олардың  жүктері  сия­

тын капсула­ұшақтың артқы жағына орналастыры­

лады    және  ол  өте  мықты  парашютке  байланады. 

Апат орын алған  сәтте ұшақтан бөлініп шыққан ол 

жерге  немесе  суға  қалықтап  келіп  қонады  да,  әрі 

қарай батпай тұрып қалады. Инженер бұл капсула­

ны үш  жыл бойы жасапты. Бұл туралы хабарланып, 

сауалнамаға  жауап  берген  халықтың    95  пайызы 

қанша қымбат болса да,  осы капсула­ ұшаққа билет 

алатындарын айтқан.

Ұлынан ДАИШ-тың  

(ИГИЛ) бақылауындағы 

аймақтан  кетуді өтінген 

әйел Сирияның Рак-

ка қаласында жүздеген 

адамның көзінше өлтірілді. 

Ол  баласына  ДАИШ­тың  құра­

мындағы  содырлардың  түбі  жеңі­

ліске  ұшырайтынын,  сондықтан 

олардан  іргені  аулаққа  салу  ке­

ректігін  айтып,  қашып  кетуді  өтін­

ген. Ал баласы анасының ол сөзін 

содырларға  айтып,  олардың  бұй­

рығымен  анасын  көшеге  шыға­ 

рып,  өз  қолымен  өлтірген.  Ис­

ламда  әке­шешеңді  өлтірмек  тү­

гілі,  қатты  сөз  айтуға  болмайды. 

Қанішер  ұлдың  бұл    әрекеті  Си­

рияда    исламның  асыл  құндылық­

тарының  аяқ  асты  болып  жатқа­ 

нын айғақтайды.

Бейсенбі,  28  қаңтар 2016 жыл

шАРАйНА


16

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  28  қаңтар 2016 жыл

«Қазақстан  Республикасындағы 

сайлау  туралы»  Қазақстан  Респуб­

ликасы  Конституциялық  заңының 

21­бабы 2­тармағы, 22­бабы 1 және 

2­тармақтарына  және  Қазақстан 

Республикасы  Орталық  сайлау 

комиссиясының  «Қазақстан  Рес­

публикасы  мәслихаттары  депу­

таттарының  кезекті  сайлауын  та­

ғайындау  туралы»  2016  жылғы  20 

қаңтардағы №3/82 қаулысына сәй­

кес 

қауЛы ЕТЕдІ:

1.  Келесі  шекара  аумағында 

облыстық  мәслихаттың  депутат­

тарын сайлау жөніндегі сайлау ок­

ругтері құрылсын:

№1 деркөл сайлау округі (ор-

талығы - Мичурин ауылы)

Зеленов  ауданының  аумағы: 

Макаров, Мичурин, Махамбет (Пав­

лов,  Горбунов),  Краснов  ауылдық 

округтері.

Орал  қаласының  аумағы:  Дер­

көл  кенті,  Ветелки,  Кумыска  елді 

мекендері.

№2  Тайпақ  сайлау  округі  (ор-

талығы - Тайпақ ауылы)

ақжайық ауданының аумағы: 

Ақсуат,  Ақжол,  Тайпақ,  Алмалы, 

Сартоғай,  Базаршолан,  Базартөбе, 

Есенсай,  Қарауылтөбе,  Құрайлысай, 

Көнеккеткен ауылдық округтері.

Теректі  ауданының  аумағы: 

Шағатай ауылдық округі.



№3  ақжайық  сайлау  округі 

(орталығы - Чапаев ауылы)

ақжайық ауданының аумағы: 

Бударин,  Жамбыл,  Алғабас,  Жаңа­

бұлақ,  Ақжол,  Мерген,  Қабыршақ­

ты, Чапаев ауылдық округтері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет