Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата31.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#10658
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Климов  Е.А.  Психология  профессионального  самоопределения.  –  Ростов  на  Дону: 
Феникс, 1996. – 156 с. 
2
 
Лебедев  В.И.  Проблемы  руководства  жизненным  самоопределением  личности 
старшеклассников: Автореф. дис. канд. пед. наук. – Москва: НИИ общей педагогики, 
1974. – 164 с. 
3
 
Липкина А.И. Психология самооценки школьника: Автореф. дис. канд. психол. наук. 
– М., 1974. – 138 с. 
4
 
Филиппов 
А.А., 
Кондратьева 
М.Л. 
Профессиональная 
ориентация 
и 
профессиональное самоопределение личности // Активность личности в общении и в 
профессиональном самоопределении. – Москва, 1976. – С. 65-76. 
5
 
Түрікпен-Ұлы  Жолмұхан.  Мектептегі  кәсіптік  бағдар  жұмысы.  Көмекші  құрал.  – 
Алматы, 1992. – 147 б. 
6
 
Акмеология: оқулық / А.А. Деркачтың редакциясы. – М.: РАГС, 2002. – 681 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье авторами раскрыта методологическая основа профессионального образования, его 
закономерности и принципы.  
 
RESUME 
 
In  this  article  the  authors  fully  cover  the  methodological  basis  of  professional education,  its  laws 
and principles.  

 
112 
ӘОЖ 159 922.762 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ш.О. Орынгалиева  
Қазақ инновациялық гуманитарлық-
заң университеті,  
пед. ғыл. магистрі 
 
Психикалық 
дамуында тежелуі  
бар балалардың  
ата-анасымен өзара 
қарым-қатынасының 
ерекшеліктері 
 
Аннотация  
Мақалада психикалық дамуында тежелуі 
бар 
балалардың 
ата-анасымен 
қарым-
қатынасындағы  қиындықтар,  отбасындағы 
позитивті  эмоциялық  байланыстары  сипат-
талады.  Дамуында  тежелуі  бар  балалар  ата-
аналарымен  өзара  арақатынасының  бұзылуы, 
олармен 
жүргізілетін 
психокоррекциялық 
жұмыстың  формалары  көрсетілген.  Ғылыми 
теорияларға  негізделе,  психодиагностикалық 
әдістемелердің 
қорытындылары 
берілген. 
Отбасымен  өзара  әрекеттестік  жұмысының 
негізгі бағыттары ұсынылған.  
Түйін  сөздер:  даму,  психикалық  тежелу, 
интраиндивидуалды, 
интериндивидуалды, 
макрожүйелік. 
 
 
Психикалық дамудың тежелуі – қалыпты 
бала 
дамуының 
бұзылуында 
көрінетін 
аномалияның  ерекше  типі.  Оның  себептері  әр 
түрлі болуы мүмкін: бала конституциясындағы 
кемшіліктер,  соматикалық  аурулар,  орталық 
жүйке  жүйесінің  органикалық  жарақаты. 
Мамандар  бұндай  балаларды  «жалпы  психи-
калық  жетілмеуінен  жасына  сай  психикалық 
дамудың 
потенциалды 
мүмкіндіктерінің 
жүзеге асырылмауы» деп атайды [1]. 
Психологиялық  зерттеулер  негізінде 
баланың 
қалыпты 
дамуына 
отбасылық 
факторлар  тікелей  әсер  ететіні  жөнінде  нақты 
пікір  айтуға  болады.  Егер  отбасылық  әл-
ауқаты  жеткіліксіз  болса,  бала  дамуының 
бұзылыстары  көбірек  болады.  Мәселен, 
жекелей отбасылық мәселе, дамуында тежелуі 
бар  балалар  талдаулары:  Т.Г.  Богданов,       
Н.В.  Мазурова,  Л.М.  Шипицин,  Т.А.  Добро-
волский, 
А.И. 
Захаров, 
В.В. 
Ткачева,           
И.И. Мамайчук, В.Л. Мартынов, Г.В. Пятаков, 
Е.М. Мастюкова, А.Г. Московкина, О.Г. Кома-
ров,  И.Ю.  Левченко  және  т.б.  еңбектерінде 
қарастырылған. Зерттеу нәтижелері (Т.Н. Вол-
ковский,  А.И.  Захаров,  М.М.  Либлинг,               
Н.В.  Мазурова;  Л.И.  Солнцева,  В.В.  Ткачева) 
кез  келген  дамуында  тежелуі  бар  балалардың 
ата-аналарымен  өзара  арақатынасының  бұзы-
луында орын алатынын көрсетеді [2]. 

 
113 
Табиғатынан  дамуындағы  ауытқушылықты  терең  білмегендіктен,  ата-аналар 
балаларының  оқудағы  қиындықтарын  әрқашан  түсіне  бермейді,  олардың  мүмкіндіктерін 
адекватты емес түрде бағалайды, мұндай балаларға өздерінің тәрбиедегі және дамуындағы 
рөлдерін қабылдамай, түзету-тәрбиелік процестегі тиімділігі жағымсыз түрде көрсетіледі.  
Психикалық  дамуында  тежелуі  бар  балалармен  түзету-дамыту  жұмыстарының 
тиімділігі  ата-аналары  мен  психикалық  дамуында  тежелуі  бар  балалардың  арасындағы 
жұмыстың  дұрыс  жоспарланғанына  және  нақты  құрылғанына  тікелей  байланысты. 
Бастауыш  мектеп  жасындағы  психикалық  дамуында  тежелуі  бар  балалармен 
психологиялық диагностика  әдістері  мен  түзету-дамыту  психологиясында  әртүрлі  тиімді 
бағдарламалар,  формалар,  әдістер  қажет  екендігі  туындайды.  Психикалық  дамуында 
тежелуі  бар  балалардың  ата-аналарымен  түзету-дамыту  қызметтін  анықтап  алу  үшін, 
оларда  бар  индивидуалды  ерекшеліктеріне  мінездемесі,  сонымен  қатар  отбасында 
психикалық  дамуында  тежелуі  бар  балалардың  дүниеге  келуіне  байланысты  ата-
аналардың стрестік жағдайларды қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Ата-аналарының және ұстаздарының көмегімен өздерін шынайы бағалайтын балалар 
өз  кемшіліктерін  түсінеді,  мүмкіндігінше,  оларды  жояды.  Бала  –  ата-аналар  қарым-
қатынасындағы  айтарлықтай  қиындықтардың  жүргізілген  талдауы  олардың  себептерін 
анықтауға мүмкіндік береді, осы себептерді үш негіз бойынша жіктеуге болады: 
-
 
интраиндивидуалды, тұлғаның биологиялық ерекшеліктеріне тәуелді болады; 
-
 
интериндивидуалды, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктерімен байланысты; 
-
 
макрожүйелік, отбасы өмірінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен байланысты.  
Интраиндивидуалды  себептер  баланың  темперамент  ерекшеліктері  арқылы 
қарастырылады,  оның  негізінде  туа  біткен  физиологиялық  үрдістер  жатады.  Бұл  жерде 
үлкен  қызығушылықпен  шетелдік  авторлар  С.Чесс  және  А.Томастың  еңбектерін  атауға 
болады. Олар балаларда тоғыз түрлі туа пайда болатын темперамент түрлерін ажыратып 
сипаттаған,  бұл  темпераменттер  ары  қарай  баланы  өсіру  және  күту  қаншалықты  қиын 
болатынын анықтауда үлкен рөл атқарады.  
Интериндивидуалды  себептер  баланың  ата-анасымен  сөйлесу  дағдысын  көрсетеді, 
бұл сенімді және сенімсіз өзара әрекеттесу терминдерінде интерпретацияланады. Бірінші 
жағдайда  ата-аналар  мұқият  түрде  өз  баласының  сезімдері,  қажеттіліктері,  ойларына 
жауап  қайтарады,  олардың  іс-әрекеттерін  алдын  ала  болжамдай  алады,  баланың  өз-өзіне 
сенімділігін  демейді.  Сенімсіз  өзара  әрекеттесу  жағдайында  ата-аналар  өз  баласының 
мұқтаждықтарын  сезбейді,  тітіркенгіш  болады,  өздерін  дұрыс  ұстамайды,  оны  жақсы 
көрмейді.  Нәтижесінде  балада  әлемге  сенім  қалыптаспайды,  бұл  оның  дамуында  теріс 
әсер  көрсетеді:  танымдық  белсенділігі  тежеледі,  өз-өзін  бағалауы  төмендейді, 
құрдастарынан алшақтау жүзеге асады. 
Макрожүйелік  себептер  отбасы  орналасқан  әлеуметтік-мәдени  жағдайлардың 
жиынтығымен  анықталады:  отбасының  экономикалық  жағдайы,  ата-анасының  білім 
деңгейі  және  отбасындағы  қарым-қатынастар  сипаты,  сонымен  қоса  отбасының  мәдени 
дәстүрлері [3]. 
Ата-анасының  білім  деңгейі  де  балаға  деген  қарым-қатынас  сипатына  әсер  етеді. 
Ғалымдардың  ойынша,  ата-аналардың  білім  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болса,  олар 
балаларын  эмоционалды  жазалау  әдістерін  соғұрлым  жиірек  қолданады,  оған  баланы 
эмоционалды шеттету де жатады. Төменірек білім деңгейі бар ата-аналар жиі физикалық 
жазалауды  қолданады.  Бұл  баланың  көтеруіне  жеңілірек  және  оның  ары  қарай  дамуына 
азырақ  әсер  береді.  Өз  баласын  эмоционалды  шеттететін  ата-аналарға  оның  тәртібін  аса 
қатал  қадағалау  тән,  олар  баладан  мүлтіксіз  тыңдауды  және  дисциплинаны  талап  етеді, 
балаға  барлық  тұрғыда  өз  ойын  байлағысы  келеді.  Мұндай  ата-аналарда  баланы 
инфантильдендіру  тенденциясы  басым  болады,  яғни  олар  баланы  шынайы  жасына 
қарағанда  кішірек  қылып  көреді;  баланың  қызығушылықтары,  ойлары,  сүйікті  іс-
әрекеттері  және  сезімдері  оларға  балалық,  салмақты  емес  болып  көрінеді.  Бала 

 
114 
бейімделмеген,  табысты  емес,  бөтен  әсерлерге  ашық  сияқты  болып  көрінеді,  осымен 
байланысты  ата-ана  баланы  өмір  қиындықтарынан  қоршағысы  келеді  және  оның 
әрекеттерін қатаң бақылағысы келеді. Баласын эмоционалдық шеттететін ата-аналар оның 
жұмыстары мен жоспарларына қызығушылық танытпайды, баланың интеллектуалды және 
шығармашылық қабілеттерін төмен бағалайды, оған сенбейді және көмектеспейді [4]. 
Бала мен ата-ана арасында жақын қатынастардың жетілмегендігі әрі қарай баланың 
өзіндік «Менін» тұрақты шеттетуге әкеледі, бұл өз кезегінде әлеуметтік қатынастар әлемін 
жаһандық  қабылдамауға  әкелуі  мүмкін.  Мұндай  адамға  жалпылық  сезімі  және  басқа 
адамдармен  ортақтасу  жат,  сондай-ақ  басқа  адамдар  да  оның  жан  дүниесіне  жол  аша 
алмайды.  Отбасында  позитивті  эмоциялық  байланыстардың  тапшылығы  ата-анамен 
идентификацияны  қиындатады,  ал  бұл  өз  кезегінде  баланы  жанашырлық  пен  еліктеуді 
отбасынан тыс іздеуге мәжбүр етеді. 
К.  Хорни  бұл  жағдай,  бір  жағынан,  өзіндік  «Мен»  құндылығына  сенімсіздік,  өзін 
құрметтеуі  төмен,  кейде  өзін  кемсітуді  туғызады,  басқа  жағынан,  өзге  адам 
сүйіспеншілігіне ие болу үшін үнемі тырысу, оны бар күшімен ұстап қалу деп түсіндіреді. 
Сонымен  қатар  үрей  сезімі,  өзіне  сенімсіздік  басқаларға  дұшпандық  және  күдіктенумен 
аяқталуы мүмкін [5]. 
Психикалық  дамуында  тежелуі  бар  балалар  мен  олардың  ата-аналарымен  қарым-
қатынасын анықтауда В.В. Ткачеваның «Ата-ананың психологиялық типі» сауалнамалық-
анкетасын,  А.Я.  Варга  мен  В.В.  Столиннің  «Ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-
қатынасты анықтауға арналған тест – сауалнамасын» жүргіздік.  
В.В.  Ткачеваның  сауалнамалық-анкетасы  негізінде  жүргізілген  әдістеме  қорытын-
дысы  бойынша  38%  психосомотикалық  типті  құрады.  Психосоматикалық  ата  –  аналар 
жақсы мамандарға жүгінеді. Мұндай ата-аналар балаларының өміріне белсене қатысады: 
балаларға білім беру мекемелерінің қызметтеріне қатысып, өзінің білім сапасын көтеруге 
тырысып,  бала  мәселесіне  байланысты  өз  мамандығын  ауыстыруға  дейін  барады. 
Невротикалық  типті  –  25%  құрады.  Берілген  типті  былай  сипаттаймыз:  мұндай  ата  – 
аналарға  енжарлық  тұлғалық  қасиеттер  тән,  оларды  келесідей  сипаттаймыз:  «Қандай 
болса  да,  солай  қала  береді.  Ештеңені  өзгерте  алмайсың.  Бала  қандай  болып  туылды, 
сондай  болып  кала  береді».  Бұл  санаттағы  ата  –  аналалар  бала  мәселесін  қабылдауға 
қабілеттері  қалыптаспаған,  жағдайдан  шығу  жолы  жоқ  деп  есептейді,  әрі  өздерінің 
психологиялық жағдайларына кері әсерін тигізеді. Невротикалық типтегі ата – аналар бала 
дамуына  өзінің  бейқамдық  қарым  -  қатынасын  қандай  да  бір  мамандардың,  туыстардың 
және  достарының  нұсқаулығының  болмағандығымен  түсіндіреді.  Мұндай  ата-аналардың 
өмірлік  позициясы:  өмір  өз  ағымымен  жүре  береді.  Авторитарлы  типті  37%-ды  құрады. 
Авторитарлық  типтегі  ата-аналар,  баласының  дефектісін  білген  сәттен  бастап,  шығу 
жолын  өзі  үшін  де,  баласы  үшін  де  іздей  бастайды.  Мұндай  ата-аналар  жақсы  дәрігер, 
жақсы емхана, емдеудің жақсы әдістерін және жақсы педагогтарды іздеуге бар күштерін 
салады. Алайда, авторитарлы ата-аналардың  тәрбиелеу мәселесіне келгенде қатаң болып 
табылады.  Мысалы:  жазаның  қатігез  түрлері  (айқайлау,  тұлғаны  кемсіту,  ұрып  –  соғу). 
Мұндай жағдайда ата-аналар өкініш сезімін сезінбейді. Авторитарлы типті ата-аналар жиі 
балаларының мүмкіндіктеріне сай емес, қисынсыз талаптар қояды. 
 

 
115 
 
№ 1 диаграмма - Ата-аналардың психологиялық типтерінің көрсеткіші 
 
А.Я.  Варга  мен  В.В.  Столиннің  «Ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынасты 
анықтауға  арналған  тест  –  сауалнамасы»  арқылы  ана-ана  мен  бала  қарым-қатынасы 
анықталды. Жүргізілген әдістеме қорытындысы бойынша ата-ананың барлығы «Қабылдау 
–  тәркі  ету»  шкаласы  бойынша  орташа  қөрсеткішті  құрайды,  100%.  Бұл  көрсеткіш 
зерттелушінің  балаға  деген  оң  көзқарасын  білдіреді.  Ересек  адам  баланы  сол  қалпында 
қабылдайды,  оның  тұлғалық  ерекшелігін  қадірлейді  және  сол  қалпында  қабылдайды, 
қызығушылығын құптайды, баламен барлық уақытын өткізгеніне өкінбейді. 
«Кооперация»  шкаласы  бойынша  орташа  деңгейде  37,5%-ды,  жоғарғы  деңгейде 
62,5%-ды  көрсетеді.  Жоғарғы  және  орташа  көрсеткіш  ересек  адамның  баланың 
қызығушылығына  көңіл  бөлетінін,  қабілетін  жоғары  бағалайтынын  білдіреді.  Баланы 
өзімен тең деңгейде қабылдайды деп есептеді. 
«Симбиоз» шкаласы бойынша орташа 25%-ды, жоғары деңгейде 75%-ды көрсетеді. 
Бұл  көрсеткіш  зерттелушінің  баласымен  ешқандай  психологиялық  шекараны  бөліп 
көрсетпейтінін  аңғартады,  оның  негізгі  қажеттіліктерін  қанағаттандырады  және  баламен 
үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға тырысады. 
«Авторитарлық  гиперсоциализация»  шкаласы  бойынша  орташа  деңгейде,  75%-ды, 
жоғарғы  деңгейде,  25%-ды  көрсетеді.  Бұл  ересектін  балаға  тым  авторитарлық  қарым-
қатынаста екендігін білдіреді, баладан мойынсұнуды және қатаң тәртіпті ұстануын талап 
етеді. Барлық уақытта өз еркін жүктеп отырады. Мұндай ата-ана жақсы тәрбиелеуші бола 
алмайды. 
«Кішкентай  бейбақ»  шкаласы  бойынша  төмен  62,5%-ды,  орташа  25%-ды,  жоғары 
12,5%-ды  көрсетті.  Жоғары  немесе  орташа  көрсеткіш  бұл  ересек  адам  баланы  кішкентай 
бейбақ  деп  есептеп,  ойлауы  төмен  деп  қабылдайды.  Мұндай  адамға  баланың 
қызығушылығы  мен  сезімдерін  шынайы  деп  қабылдамайды.  Мұндай  ата-ана  жақсы 
тәрбиелеуші бола алмайды. Төмен көрсеткіш бұл, керісінше, баланың бейбақтығы ересек 
адам үшін кездейсоқ жағдай және оған сенбейді. Мұндай ересек адам жақсы мұғалім және 
тәрбиеші бола алмақ.  
 

 
116 
 
№ 2 диаграмма - Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау көрсеткіші 
 
Ата-аналар мен ПДТ (психикалық дамуында тежелу бар) балалар арасындағы өзара 
әрекет ерекшеліктерін зерттеу мақсаты ретінде диагностикалық бағдарлама құрдық. «Ата-
ана  –  ПДТ  балалар»  қарым-қатынасында  келесідей  өзара  әрекет  ерекшеліктерінің 
мінездемесі  алынды:  психикалық  дамуында  тежелуі  бар  балалардың  ата-аналардың 
көпшілігінде «Қабылдау – теріске шығару» және «симбиоз» шкалаларының бұзылыстары 
бақыланады.  Баланы  шектен  тыс  бақылауының  әсерінен,  авторитарлық  ерекшелігі 
болуымен  көрсетіледі.  Бір  жағынан,  мұндай  балаларды  аяғандықтан,  ал  басқа  жағынан, 
оған жағымсыз түрде қарайды. Зерттеулерге келетін болсақ, ананың балаға деген мінезінің 
өзара әрекеті, оған жағымсыз эмоциялық қатынастың болуымен көрсетіледі.  
Жоғарыда көрсетілген зерттеу жұмысының нәтижесі ПДТ бар балалар және олардың 
ата-анасымен  де  психологиялық  жұмыстардың  жүргізілу  қажет  екенін  көрсетеді.  Соған 
байланысты,  ПДТ  балаларға  психологиялық  көмек  көрсетуде  мамандардың  отбасымен 
жүргізілетін  жұмыста  өзара  әрекеттестіктің  негізгі  бағыттарын  ұсынуға  болады.  Оларға: 
жарнамалық  (стендтар,  ашық  есік  күні,  мекеменің  сайты,  БАҚ  әріптестік), 
диагностикалық  (анкеталар,  сұрақнамалар,  әңгімелесу,  тест,  кешенді  зерттеу,  пошта 
жәшігінің  жұмысы),  ата-аналар  клубы  (шебер  сыныптар),  білім  беру  процесінде  ата-
аналардың  үздіксіз  қатысуы  (балалардың  жобалы-танымдық  әрекеттеріне  бірлесе 
қатысуы,  ата-аналардың  мәдени  сауық  іс-шараларды,  спорттық,  еңбек  іс-әрекетіне 
қатысуы).  
Жалпы, қарым-қатынас өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, 
қуанышта  ортақтас  болу  сенімді  кең  ауқымды  эмоция  спектрлерін  қамтиды.  Қарым-
қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, 
мінез-құлық,  қылық-жорықтар,  келісім,  не  өзара  түсіністік  тұрғысында,  не  болмаса 
қақтығыс,  талас-тартыс,  қарама-қайшылық  тұрғысындағы  мәмілелі  процесс  іске  асады. 
Отбасылық  қарым-қатынаста  оның  осы  функциялары  толық  орын  алады.  Сондықтан 
психикалық  дамуында  тежелуі  бар  балалар  және  олардың  ата-аналарымен  жұмыс  істеу, 
психологиялық  көмек  көрсету  қазіргі  таңда  әлі  де  зерттеуді  қажет  ететін  өзекті  мәселе 
болып табылады.  
 
 
 
 
 

 
117 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Лебединский  В.В.  Нарушение  психического  развития  в  детском  возрасте.  -  М.: 
«Академия», 2003. – 54-67 б. 
2
 
Никишина В.Б. Практическая психология в работе с детьми с задержкой психического 
развития: Пособие для психологов и педагогов. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 
2003. – 123 с. 
3
 
Соколова  Е.В.  Психология  детей  с  задержкой  психологического  развития.  2008  – 
278с.  
4
 
Мастюкова  Е.М.,  Московкина  А.Г.  Семейное  воспитание  детей  с  отклонениями  в 
развитии:  Учеб.  пособие  для  студ.  высш.  учеб.  заведений  /  под  ред.  В.И. 
Селиверстова. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2003. – 408 с. 
5
 
Хорош С.М. Влияние позиции родителей на раннее развитие ребенка / Дефектология. 
- 1991. - №3. – 45 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  описаны  трудности  взаимоотношений  родителей  с  детьми  с  задержкой 
психического  развития  и  позитивные  эмоциональные  связи  в  семье.  Показаны  причины 
ухудшения  взаимоотношений  родителей  и  детей  с  ЗПР  и  формы  психокоррекционных  работ, 
проводимых  с  ними.  Даны  результаты  психодиагностических  методик,  основанных  на  научных 
теориях. Предложены основные направления работы по взаимодействию с семьей.  
 
RESUME 
 
Relationship  difficulties  of  parents  with  the  children,  who  suffer  from  mental  retardation  and 
positive  emotional  relations  in  the  family  are  described  in  the  article.  The  reasons  of  interrelations 
decreasing of parents and children with mental retardation and forms of psychocorrectional works, which 
are  held  with  them  are  also  shown.  The  results  of  psychodiagnostical  methodologies  are  given  on  the 
basis  of  scientific  theories.  The  basic  directions  of  work  about  the  interrelation  with  the  family  are 
offered. 
 

 
118 
ӘОЖ 37.09 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ.М. Нағымжанова  
«Тұран-Астана» университеті,  
пед. ғыл. д-ры, профессор 
 
Ш.М. Түсіпбекова  
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті
аға оқытушы 
 
Өзгермелі қоғам 
жағдайында ЖОО 
студенттерінің 
кәсіби өзіндік 
анықталуының 
қалыптасуы 
 
Аннотация 
Мақалада  әр  түрлi  педагогикалық  және 
инновациялық  білім  беру  әдiстерін  қолдану 
арқылы 
студенттердің 
кәсіби 
дағдыларын 
жетілдіруі қарастырылған. 
Түйін  сөздер:жоғары  оқу  орнындағы  оқу 
үрдісі, кәсіби қалыптасу. 
 
 
Кез  келген  ЖОО-ның  міндеті  тек  жоғары 
деңгейлі білімді мамандарды дайындау ғана емес 
студенттердің  кәсіби  өзіндік  анықталуының 
қалыптасу 
мәселесінің 
маңыздылығын 
да 
қамтиды.  Кәсіби  өзіндік  анықталу  өзгермелі 
қоғам 
талаптарында 
жастардың 
бейімделу 
қажеттілігінен 
туындайды. 
Өз 
кезегінде 
тұжырымдамалары  амалдардың  негізделуі  мен 
педагогикалық  ресурстардың  даму  талаптары 
ЖОО-ның  оқу  үрдісінде  жүзеге  асырылғанда, 
педагогикалық  іс-әрекеттің  мәселелерін  шеше 
алатын  тұлғаның  кәсіби  өзіндік  анықталуын 
қамтамасыз етеді. 
Кәсіби 
өзіндік 
анықталу 
теориясы 
зерттеушілердің  мол  тәжірибесін  анықтады. 
Соның  ішінде  В.А.  Сластенин,  Б.Т.  Лихачев,         
Л.И.  Новикова,  И.Ф.  Харламов,  Г.В.  Селевко,  
Н.Е.  Щуркова,  В.П.  Беспалько,  П.И.  Пидка-
систый,  В.Н.  Кваша,  С.А.  Лазарев,  Н.И.  Лапин, 
А.И.  Пригожин,  Б.В.  Сазонов,  В.С.  Толстой,    
Қ.Б.  Сейталиев,  Р.К.  Бекмағамбетова,  Г.К.  Ахме-
това,  А.Д.  Қайдарова,  Н.Д.  Хмель,  С.Т.  Каргин, 
Г.М.  Кертаева,  А.Қ.  Рысбаева,  А.С.  Мағауова, 
Ш.М.  Мұхтарова,  Н.А.  Завалко,  Л.А.  Шкутина, 
Л.М.  Нәрікбаева,  Р.Б.  Мұхитова,  Т.С.  Сабыров, 
Е.Ө. Жұматаева, Н.А.  Асанов, С.Ә. Әбдіманапов, 
Е.А.  Климов,  А.К.  Маркова,  Л.М.  Митина,     
Ю.П.  Поваренков,  Н.С.  Пряжников  және  т.б. 
ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады. 
Аталған  ғалымдардың  еңбегіне  сүйене 
отырып,  уақыт  талап  ететін  кәсіби  өзіндік 
анықталу  жайында  өз  пікірімізді  ортаға  салатын 
болсақ,  мәселенің  аясы,  бір  жағынан,  адамның 
мінез-құлқы  мен  күнделікті  экономикалық  және 
әлеуметтік-мәдени  іс-әрекетінен  бастау  алатын 
индивидтің 
сыртқы 
ортамен 
құрылымдық 
ынтымақтастығының, 
іс-әрекеттің 
түрлері, 
әдістері,  амалдары  мен  құралдарын  игеру 
қажеттілігінен,  екінші  жағынан,  негізінен  тұлға 
білімділігінің өзінді құндылығынан туындайды. 

 
119 
Бүгінгі күнгі талаптар бойынша ЖОО студенттерінің кәсіби өзіндік анықталуын көп 
мөлшерде тиімді қалыптастыратын жағдайларды талдасақ: 
Адам  әлемнің  орталығы  және  онда  болып  жатқан  барлық  оқиғалардың  мақсаты 
деген пікірді дәлелдеу. Педагогтің антропоөзектілік ұстанымы есептеу нүктесін, әр адамға 
деген  көзқарастар  жүйесін  айтарлықтай  өзгертеді,  өзіне  деген  жаңа  қарым-қатынасқа 
мәжбүр  етеді.  Адамның  қабілеті  шексіз  деген  сенімділік,  ол  жер  бетіндегі  жаңарып 
тұратын  жалғыз  қор  болғанның  өзінде  де,  өркениеттің  келешегі  неғұрлым  алға  басқан 
сайын,  соғұрлым  тұлға  әлеуетінің  ашылу  деңгейімен  анықталуы  артығырақ 
болатындығын  түсінуге  көмектеседі.  Дарынсыз  адам  болмайды.  Белгілі  бір  объективті 
және субьективті сипаттағы себептермен өздерінде бар әлеуетті тауып, аша және дамыта 
алмай  қалған  адамдар  бар  [1,  17  б.].  Мұны  жүзеге  асыруға  көмек  беруде  қазіргі 
педагогикалық  білім  бейімделген.  Соның  өзінде  студенттерге  алдымен  біліп,  кейіннен 
бейімделуге  тура  келетін  басқарылмайтын  құбылмалылық  сияқты  қарау  деген 
педагогикалық  сұрақ  туындайды.  Аталған  жағдай  «субъект-субъектілік»  қарым-
қатынастың  дамуы  мен  іс-әрекеттің  бар  мақсаты  әрбір  студенттің  мүддесін 
қанағаттандыру  болып  табылатын  педагогикалық  саясатты  жүргізуді  болжайды. 
Өзгермелі  қоғамдағы  дизайн  саласындағы  ЖОО  студенттерінің  кәсіби  өзіндік 
анықталуына қатысы бар нақты құралдар туралы айтар болсақ, олар (құралдар) қоршаған 
ортаны жаңалауға бейімделген. 
Педагогикалық іс-әрекетке де жоғарыдан қарауға мүмкіндік беретін әдістеме ретінде 
тетраэдральді амалды қолдану. Тетраэдральді амалдың негізінде «4» саны жатыр. Ертеден 
Олимпиада ойындары төрт жылда бір рет өткізілетін, жылдың төрт мезгілі бар, дүниенің 
төрт жағы бар, адам өмірі де төрт кезеңнен тұрады, мектептегі оқу жылы да төрт тоқсанға 
бөлінеді. Сондай-ақ дизайнерлер үшін сурет салу кезеңі де төртке бөлінеді. 
Егер  тәрбие,  білім  беру,  денсаулық  сақтау  және  даму  сияқты  төрт  үрдістің 
ынтымақтастығы  мен  бірлігі  деген  ЮНЕСКО-ның  білім  беруге  берген  анықтамасын 
ұстансақ,  онда  барлығы  сөз  қозғаған,  бірақ  графикалық  түрде  ешкім  бейнелей  алмаған 
білім беру кеңістігі белгілі бір қалыпқа түскен көлем ретінде көрсетілуі мүмкін (1-сурет). 
Білім беру ортасының бұл түрі бізге тетраэдр түрінде келтірілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет 
 
Тетраэдр  –  жалпыға  бірдей  байланыс  пен  педагогикалық  үрдістердің  келісімділігі 
сияқты  педагогикалық  заңдылықтардың  графикалық  көрінісі  болып  табылады. 
Тәрбиелеуші  білім,  дамытушы  білім  және  т.б.  сияқты  белгілі  ұстанымдар  шекараларын 
айқындайды.  Байқағанымыздай,  назар  аударатын  ұстанымдар  қолданылатын  әдіс-
тәсілдердің  арқасында  ойлағанымыздан  да  көбірек  табылды:  мұнда  білім  беретін  тәрбие 
де, денсаулықты сақтайтын даму т.б. да бар.  
Мысалдарды  жалғастырсақ.  Менеджментте  басқарудың  төрт  негізгі  қызметі 
ерекшеленеді.  Тұлғаның  төрт  жағы  бар.  «Homo  sapiens»  келесідей  бiрдейлендiрілуі 
мүмкін: 
Даму

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет