Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата31.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#10658
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

 
Тәрбие
 
Білім беру
 
Денсаулық 
сақтау
 

 
120 
а) адам; 
б) ағза (еркек, әйел); 
в) индивид (түрдің өкілі); 
г) тұлға (саналы индивид). 
Мысалдар көп, бірақ біреуі анық: «4» саны санаға іс-әрекет, белгілі бір тәртіп және 
форманың толықтығын енгізеді.  
Ғылымға  деген  тетраэдрлі  тәсіл  біршама  жаңа  құбылыс.  Ол  бірліктер  деңгейінде 
ойлау  арқылы,  дихотомия  көмегімен  де  (жай  және  диалектикалық),  гегельдік  әрекеттік 
логиканың  да  көмегінсіз  ойлауға  көнбейтін  феномендерді  зерттеуге  мүмкіндік  берді. 
Сонымен  қатар,  бұл  тәсіл  толыққанды  әрі  жан-жақты  зерттеуге  талаптанбайтынын  сезу 
қиын емес. Ол зерттеушіге өзара байланыстағы зерттеу нысанын анағұрлым толық  және 
дәл  табуға  мүмкіндік  беретін  «Гегель  әдісі»  сияқты  тағы  да  бір  құрал  болып  табылады. 
Бұл  әдістің  өзі  әлі  де  толық  зерттеле  қоймаған.  Аталған  тәсілді  бірден  жоққа  шығарып 
немесе оның орнына ескі әдістерді пайдалануға болар еді. Бірақ, мысалы, педагогикалық 
ғылым  саласында  ол  айтарлықтай  қызықты  нәтижелер  көрсетуде.  Ал  бұл  маңызды  әрі 
қызықты. 
Дизайн мәселелерін зерттеу жүйесінде тетраэдральді логика педагогикалық үрдістің 
мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайтын құралдың орнын басып, жаңа білімді 
өте қатаң және дұрыс пайдалана отырып жұмыс істеуі мүмкін. 

 
Кәсіби өзіндік анықталуға дайындықты қалыптастыру мәнін табу. 
С.  Фукуям  мен  Е.В.  Малинкина  ұсынған  өзіндік  анықталудың  түсініктемелерін 
салыстырып  талдай  келе,  анықталу  үрдісі  барысында  төмендегілердің  динамикалық 
синтезі жүзеге асады: 
а) өзіндік талдау; 
б) кәсіпті талдау
в) қоғамдық сұраныс талдау; 
г) кәсіби ой; 
д) кәсіби бағытталу мен еріктің көрінісі ретінде кәсіби үлгілер. 
Сонымен, кәсіби өзіндік анықталу – бұл өз қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, олардың 
аналитикалық  және  іс  жүзіндегі  нарықтың  сұранысымен  ара  қатынасын  түсіну  негізінде 
дербес жасампаз іс-әрекетке даярлықты сезіну үрдісі. 
Кәсіби  өзіндік  анықталудың  маңызы  нақты  мәдени-тарихи  жағдайдағы  тіршілік 
әрекеті  мен  атқарылатын  жұмыстың  мәнін  саналы  және  өз  бетімен  түсіну  болып 
табылады. 
Кәсіби өзіндік анықталуға дайындықты қалыптастыру мәнін зерттеу - оның педагог 
пен студенттің келесідей ынтымақтастығының негізіне құрылғандығын көрсетті:  

 
тұлға мүмкіндіктерінің, 

 
тұлға мүдделерінің, 

 
еңбек нарығы қажеттіліктерінің диагностикасынан; 

 
«еңбек  нарығының  қажетттіліктері»,  «тұлға  мүдделері»,  «тұлға  мүмкіндіктері» 
түсініктерінің  көлемі  алмасып  жатқан  мамандықтарға  студенттерді  бағыттайтын 
ұйымдастырушылық және психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.  
Кәсіби өзіндік анықталуға дайындықты қалыптастыру үрдісін үйрену және талдау  - 
педагогикалық  заңдылық  ретінде  көрініс  табатын,  нақты  айтқанда,  педагогикалық 
ықпалдың  детерминенденуі,  бір  жағынан,  іс-әрекеттегі  тұлғаның  өзін-өзі  іске  асыруға 
(самореализация) деген қажеттілік, өзінің кәсібіне және кәсіби іс-әрекет субъектісі ретінде 
өзіне  деген  қарым-қатынас,  екінші  жағынан,  кәсіби-тұлғаларға  еңбек  нарығындағы 
қажеттілік  негізінде  жатқан  тұрақты,  объективті,  адамдардың  ерік-жігері  мен  санасына 
тәуелді  емес  себеп-салдарлық  байланысты  табуға  және  қисынға  келтіруге  мүмкіндік 
береді. 

 
121 
Бұл  заңдылықты  төмендегідей  көрсетуге  болады:  кәсіби  өзіндік  анықталуға 
дайындықты  қалыптастырудың  нәтижесі  «еңбек  нарығының  қажеттіліктері»,  «тұлға 
мүдделері»,  «тұлға мүмкіндіктері» түсініктерінің алмасу аймағы мен педагогикалық күш 
жұмсау нүктесінің сәйкес келгендігіне тәуелді болады. 
Егер кәсіби өзіндік анықталу дегеніміз  - еңбек нарығы үндейтін, адамның өзі  істей 
алатын және істегісі келетін іс-әрекет аймағы деп айтсақ, онда графикалық түрде «Эйлер 
шеңберлері» көмегімен, жоғары мектеп күшінің кәсіптік бейімделуде қолданылу аймағы 
келесі түсініктер көлемінің қиылысында жатуы керек: 

 
тұлғаның мүмкіндіктері; 

 
оның тілектері; 

 
нарық қажеттіліктерін детерминдеуі, міндеттенуі (2-сур. қараңыз). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет 
 
Біздің ойымызша, кәсіби өзіндік анықталу үрдісінің құрылымы келесіні қамтиды: 

 
өзіндік  талдау,  өзін-өзі  тану  және  өзін-өзі  бағалау  бойынша  жас  маманның  іс-
әрекеті; 

 
мамандық  талаптарына  өзіндік  ерекшеліктерінің  сәйкестік  деңгейін  түсіну 
бойынша іс-әрекет; 

 
өзінің  таңдаған  мамандығына  және  өзі  ұмтылған  маманмен  неғұрлым  толық 
сәйкестікке  жету  мақсатында  кәсіби  дайындық  барысында  өзіндік  даму  бойынша  іс-
әрекеттер. 
Біздің  түсінігімізше,  кейінгі  кәсіби  дайындықта  тұлғаның  күш  жұмсауын 
анықтайтын кәсіби  бағытталу  мен  ерік  –  тұлғаның  кәсіби  өзіндік  анықталуын  көрсетеді. 
Осыған  байланысты,  мекемелерде  заманауи  менеджментте  ерекшеленетін  дәстүрлі 
міндеттердің  үш  категориясымен  қатар,  біз,  өзіндік  даму  бойынша  өз-өзімен  жұмыс,  өз 
тұлғаңды одан әрі дамыту сияқты - төртінші міндеттер тобын ерекше атап өтеміз [2, 88 б.]. 
Кәсіби өзіндік анықталу дайындығын қалыптастыру үрдісіне құрылымдық-деңгейлік 
әдісті  қолдансақ,  біз  дайындықтың  төмендегідей  төрт  деңгейлі  көрінісі  бар  деген 
қорытындыға келдік: 

 
ояну; 

 
орнату; 

 
жүзеге асырудың келешегі; 

 
жүзеге асыру. 
Дизайнның маңызды сипаттамаларының есебі. Тетраэдральді әдісті қолдана отырып, 
когнитивті,  интенциональды,  эмоционалды  және  іс-әрекеттік  сияқты  төрт  саланың 
ынтымақтастығы  деп  айтуға  болады.  Әдетте,  ЖОО  эмоционалды  саланы  ұмытып, 
білімділік  пен  іс-әрекеттік  сияқты  салаларға  бар  күшін  салады.  Атап  өтсек,  іс-әрекеттік 
белсенділік – біршама эмоционалды болып табылады. Құмарлық, бірінші болуға ұмтылыс, 
қуаныш,  шығармашылыққа  байланысты  желік,  рақат,  жеңіліс  мұңы,  қайғы,  күйзеліс, 
дизайнердің  дизайнерлік  емес  мінез-құлқына  деген  ашу-ыза,  қорқыныш,  үрей  –  дизайн 
саласындағы  эмоционалды  сипаттамасының  аз  ғана  көрінісі.  Қысқа  мерзімді  күшті 
эмоционалды  күйлерге  (аффектілерге)  негізделген  шешім  қабылдаудағы  біз  зерттеп 
Істей аламын 
Істегім келеді
 
Істеуім керек 

 
122 
жатқан  әдіс  көбінесе  сайыс  кезіндегі  жастардың  дизайнерлік  емес  мінез-құлқыларының 
көзі  болып  табылады.  Қатысушының  (кәсіби  дизайнер,  әуесқой  дизайнер,  дизайнер) 
шығармашылық  белсенділігі  кезіндегі  эмоционалдық  күйінің  қалыптасу  мәселелерін  кез 
келген  педагог  ойлана  бермейді.  Қарқынды  саланың  қажеттілігі  туралы  бірер  ауыз  сөз 
қозғасақ.  Қозғалысты  іске  қосатын  бірегей  тетік  болып  табылатын  ерік  мақсатты 
тұжырымдаудың  болуына  тікелей  байланысты.  Ол  өз  кезегінде  ұмтылыс,  тілек, 
қызығушылық,  қажеттіліктер,  уәждер,  ақиқатты  өзгертуге  бағытталған  белсенділікті 
ұтқырлық  әдістерін  игеру  негізінде  қалыптасып,  дизайнның  қарқынды  құрылымын 
құрайды.  Атап  айтқанда,  қарқынды  құрылым  дизайнның  архитектоникасын 
қалыптастыратын  эмоционалды,  зияткерлік  және  іс-әрекеттік  элементтерімен  қатар 
қажетті төртінші элемент болып табылады. 
Сонымен,  біз  дизайнды  дизайн  субъектілерінің  келесілерді  игеру  шегі  ретінде 
атаймыз: 
а)  білім  (сурет,  кескіндеме,  жобалау,  психология,  педагогика,  шығармашылыққа 
тәрбиелеу  әдістемесі),  қозғалыс  белсенділігі  мен  тәртіпте,  қарым-қатынаста  көрінетін 
білік пен дағды; 
б) эмоциялар мен сезімдер
в)  тәртіп  пен  іс-әрететтің  ережелері,  сенімдері,  құндылықтары,  ара  қатынасы, 
мақсаттары, үлгілері; 
г) 
қарым-қатынас 
пен 
іс-әрекет 
(жобалау, 
креативтілік, 
дизайнерлік 
шығармашылық). 

 
Кәсіби  білім  беруде  білім  беру  парадигмасының  тұлғаға  бағытталып  жүзеге 
асырылуын мақсат етуі. 
Сабақты топтық түрде өткізу шарты басым тұрғанда, тұлғаға бағытталған білім беру 
парадигмасын  эксперттік  баға  бекітілген,  өзін-өзі  бағалауға  негізделген  студенттерді 
топқа  бөлуді  қарастыратын  сараланған  әдіс  түрінде  іске  асыруға  болады.  Бізге 
студенттердің  1)  «Мамандығың  бойынша  жұмыс  істеуге  қабілеттісің  бе?»;  2) 
«Мамандығың бойынша жұмыс істегің келе ме?»; 3) «Өз күшіңе сенімдісің бе?» деген үш 
сұраққа  жауаптарын  жеңілдетілген,  бірақ  өте  жылдам  саралау  кестесін  (студенттерді 
тестілеу  және  топқа  бөлу  уақыт  бойынша  бес  минуттан  аспайды)  жүйелеуге  мүмкіндік 
болды [3, 98 б.]. 
Аталған  сұрақтардың  негізінде  студенттердің  8  түрін  анықтаймыз.  Осы  саралауға 
сәйкес,  студенттермен  жеке  жұмыс  жоспары  құрылады.  Төменде  ЕҰУ-дың  «Дизайн» 
мамандығында  оқитын  студенттер  арасында  өткізілген  сауалнаманың  нәтижелері  (2015-
2016 жж.) келтірілген. Сауалнамаға әр курстан 30 адам қатысты. 
 
1-кесте – Студенттердің дизайнерлік қызметке қабілеттілігі, онымен айналысуға    
 деген ықыласы мен өз күшіне сенімділігі бойынша бөлу, % 
№ 
Нұсқа 
1-курс 
2-курс 
3-курс 

Қабілетті,  жұмыс  істеуді  қалайды  және 
өзіне сенімді  

22,2 
40,7 

Қабілетсіз,  бірақ  жұмыс  істеуді  қалайды 
және өзіне сенімді 
5,5 



Қабілетті,  бірақ  жұмыс  істеуді  қаламайды 
және өзіне сенімді 
31,5 
18,5 
29,5 

Қабілетсіз,  жұмыс  істеуді  қаламайды  және 
өзіне сенімді 




Қабілетті,  жұмыс  істеуді  қалайды,  бірақ 
өзіне сенімсіз 
40,7 
37 
18,5 

Қабілетсіз,  жұмыс  істеуді  қалайды,  бірақ 
өзіне сенімсіз 
9,3 
5,6 
3,7 

 
123 

Қабілетті,  бірақ  жұмыс  істеуді  қаламайды 
және өзіне сенімсіз 
9,3 
11,0 
7,4 

Қабілетсіз,  жұмыс  істеуді  қаламайды  және 
өзіне сенімсіз 
3,7 
5,6 

 
1-кестенің  талдануы  бойынша,  университетте  жүзеге  асатын  оқу-тәрбие  үрдісі 
студенттердің  белгілі  бір  тобының  (қабілетті,  өзіне  сенімді  және  жұмыс  істеуді 
қалайтындар)  40,7  %–ға  дейін  өсуіне  және  қабілеті  бар,  жұмыс  істегісі  келетін,  бірақ  өз 
күшіне  сенімсіздердің  азаюына  алып  келгенін  көрсетеді.  Сонымен  қатар,  үш  жылда 
қабілетті, өз күшіне сенімді, бірақ мамандық бойынша қызмет еткісі келмейтіндердің саны 
сол қалпы қалуы, кәсіби білім беру мен кәсіби іріктеудің жетіспеушілігін көрсетеді және 
бұл  жағдай  алаңдатушылық  тудырады.  Алынған  мәліметтерді  талдауды  жалғастыра 
беруге  болады.  Бірақ,  тұлғаға  бағытталған  білім  беру  парадигмасы  өткен  ғасырдың 
ортасында  американ  экономист-ғалымдары  Э.  Деминг  пен  Дж.  Джуран  көтерген  сапаны 
көтеру мәселесінің бетін ашатыны айдан анық. 
Барлық  оқу  жылдарында  жүзеге  асып  келе  жатқан  өзгеру  динамикасының  анализі 
тенденцияларды анықтап, құндылықтарды құруға мүмкіндік береді. Осындай мониторинг 
педагогикалық үрдісті тиімді түзетуге жағдай жасайды. 

 
Педагогикалық пәндер мазмұнының нақты құрылымдылығы. Әлеуметтік-мәдени, 
тұжырымдалған-теориялық,  технологиялық  және  тұлғалық-мағыналық  сияқты  төрт  блок 
бар, демек, педагогикалық пәндердің мазмұны осы блоктарға сәйкес келуі тиіс. Сонымен 
қатар, кәсіби білім берудің мазмұны еңбек нарығының қажеттіліктері мен тұлғаның кәсіби 
қажеттіліктері  мен  оның  мүмкіндіктерінің  сәйкестігіне  жетуге  бағытталған  бүтін  бір 
жүйені  құрауы  тиіс.  Осыған  байланысты,  Г.Г.Солодова  атап  өткен  кәсіби  өзіндік 
анықталудың  мазмұнды  сипаттамасымен  танысып  өткен  абзал.  Олар  бесеу:  танымдық-
бағдарлық,  құндылықты-бағдарлық,  тұлғалық-бағдарлық,  практикалық-бағдарлық  және 
рефлексиялы-бағдарлық.  Осыған  сәйкес  кәсіби  өзіндік  анықталуының  құрылуының 
белгілерін  ерекшелеген:  когнитивті,  аксеологиялық,  акмеологиялық,  іс-әрекеттік  және 
рефлексивті-бағалаушылық [4, 21 б.].  
Қорыта  келгенде,  өзіндік  анықталуды  қалыптастыру  белгілері  мен  келтірілген 
мазмұнды  сипаттамалар  қажетті,  бірақ  әлі  де  жеткіліксіз.  Адамда  өмірге  қажетті  білім, 
білік,  дағды  мен  адамгершілік  бағдарлар  жүйесі  қалыптасқаннан  кейін,  өзін-өзі 
қалыптастыру үрдісі жүзеге асады. Өзін-өзі қалыптастыру үрдісі өзін-өзі көрсету мен өзін-
өзі  дәлелдеу  сияқты  екі  компонеттен  тұрады,  ең  алдымен,  студенттерді  оқу  пәнінің 
құралдарымен  және  педагогикалық  іс-әрекет  тәсілдерінің  көмегі  арқылы  дамыту 
мақсатымен анықталады. 
Зерттеудің  нәтижелері  ретінде  тәжірибе  көрсеткендей,  кәсіби  өзіндік  анықтау 
үрдісін  белсенді  етуне  жылдамдатудың  негізгі  жолдарының  бірі  -  дизайнерлік  кәсіпке 
кәсіби  бағдар  берудің  ұзақ  мерзімді  түрлері  (ЖОО-да  мамандық  бойынша  кәсіби-
шығармашылыққа баулу) болып табылады. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Каппасов  О.  Современному  образованию  -  современный  педагог  //  Справочник 
руководителя образовательного учреждения. - 2012. - №10(70). – 241 с. 
2
 
Подласый  И.П.  Педагогика:  учебник  для  высших  пед.  учеб.  заведений  / 
И.П.Подласый. – М.: Просвещение, 2005. – 245 с.  
3
 
Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. – СПб.: Питер, 2001. – 288 с. 

 
124 
4
 
Батракова  С.Н.  Динамика  профессиональных  функций  педагога  как  представителя 
культуры  /  Ярославский  психологический  вестник.  –  Вып.2.  –  М.:  Ярославль: 
Российское психологическое общество, 2004. – 502 с. 
5
 
Ангеловски  К.  Учителя  и  инновации:  книга  для  учителя  /  К.  Ангеловски.  –  М.: 
Просвещение, 1991. – 159 с. 
6
 
Гришина  И.В.  Профессиональная  компетенция  руководителя  школы  как  объект 
исследования [Текст]: Монография – СПб.: СПбГУПМ, 2002. – 197 с. 
7
 
Поташник М.М. Управление прфессиональным ростом учителя в современной школе. 
Методическое пособие. - М.: Центр педагогического образования, 2009. – 325 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматривается  вопрос  о  совершенствовании  профессиональных  навыков 
студентов  с  помощью  использования  различных  педагогических  и  инновационных  методов 
обучения.  
 
RESUME 
 
The  article  deals  with  the  improvement  of  professional  skills  in  students,  through  the  use  of 
different teaching and innovative teaching methods. 

 
125 
ӘОЖ 41 612 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Х. Калменова  
«Тұран-Астана» университеті,  
магистрант 
 
Креативтікті және 
шығармашылық 
әлеуетті 
қалыптастырудың 
теориялары мен 
тұжырымдамалары 
 
Аннотация 
Мақалада мектеп оқушыларында креативтік 
пен  шығармашылық  әлеуетті  қалыптастырудың 
теориялары  мен  тұжырымдамалары  сипатталады. 
Креативтікті  қалыптастырудың  қағидалары  мен 
дамыта оқытудың мүмкіндіктерін қолдай отырып, 
креативтікті  қалыптастыруда  дербес  әрекеттің 
тиімділігі  тұлғалық-бағдарлы  оқыту  теория-
сындағы  қызметтер  қарастырылады.  Креативтікті 
қалыптастыру  үрдісі  тиімді  де  табысты  жүруіне 
көмектесетін сабақ формалары көрсетіледі. 
Түйін  сөздер:  креативтік,  шығармашылық 
әлеует,  креативті  ойлау,  шығармашылық  ойлау, 
шығармашылық тұлға, тұжырымдама. 
 
 
 
 
«Тұжырымдама»  деген  сөз  түсіндірме 
сөздікте  кең  мағынада  «белгілі  бір  құбылыстың 
нақты 
тәсілдері 
және 
әртүрлі 
әрекеттің 
құрылымдық  ұстанымы,  жетекші  ой,  бағыт» 
дегенді білдіреді, ал бағдарлама – нақты әрекеттің 
мазмұны  мен  жоспары  немесе  негізгі  ережелер 
мен 
әрекет 
мақсатының 
баяндалуы 
деп 
түсіндіріледі  [1,  603  б.].  Сол  себепті  тұжырым-
дама  білім  беру  жүйесі  дамуының  мақсаты  мен 
міндеттерін, 
құрылымы 
мен 
мазмұнын 
анықтайтын  ғылыми-теориялық,  әдіснамалық 
құжат болып есептеледі. 
Педагогикалық  зерттеулерде  тұжырымдама 
– кез келген құбылысты ұғынып түсінудің белгілі 
тәсілі,  оны  жарыққа  шығудың  басшы  идеясы, 
белгілі  бір  ойдың  әр  түрлі  көзқарастағы  жетекші 
идеялардың нақты негізі болып қарастырылады.  
Осы  айтылғандар  негізінде  бүгінгі  күні 
креативтікті  қалыптастыру  қажеттігін  және  оның 
мақсатқа  сәйкестігін  мына  себеппен  түсіндіруге 
болады: бүгінгі іргелі жаңалықтармен ақпараттық 
технологияға  толы  қоғамда  маңызды  әлеуметтік 
мақсат  –  бұл  жаңа  ойлау  стилін  қалыптастыру 
болып  отыр.  Интеллектінің  аса  үдетпелі  дамуы 
бастауыш  мектеп  жасында  жүреді  және  зейін 
ерікті  болып,  ойлау  көрнекі  бейнеліктен  сөздік 
логикалыққа ауысуы жүреді, қабылдау талдамалы 
және сараланған сипатқа ие болады.  
Жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына 
және  тәжірибемізге  сүйене  отырып,  креативтікті 
қалыптастырудың  келесі  өзара  байланысқан 
қағидаларын негізге аламыз: 

 
126 
1.  Тану  ынтасы  қағидасы.  Оған  сәйкес  ерікті,  өз  бетімен,  саналы  ойластырылған 
ойлау әрекетін қалыптастыру көзделеді және арнайы тапсырмалар арқылы оқушылардың 
ойлау жұмысы ынталандыру көзделеді.  
2. Баланың жас ерекшелігіне оқыту үрдісін ұйымдастыру мазмұны мен формасына 
психологиялық  сәйкес  келу  қағидасы.  Баланың  дүниетанымдық  негізінің  мазмұндық 
сипаттамалары  еріксіз  мектепке  дейінгі  кезде-ақ  қалана  бастайды  және  бастауыш 
мектепте  оқушылардың  дүниетанымын  саналы  қалыптастыру  жұмысы  кең  орын  алады. 
Өйткені саналы да мақсатқа бағытталған ойлау әрекеті аса тиімді және балалар бұл жаста 
қоршаған  шындық  болмысты  біртұтас,  «зерттеу  объектісі»  ретінде  қабылдайды,  бұған 
қоса бөлек объектілерді ажыратып, олардың белгілерін анықтап, түрлі объектілерді өзара 
салыстыра алады. 
3.  Өзіндік  жеке  дүниетанымдық  көзқарасқа  ие  болу  қағидасы.  Бұл,  біздің 
ойымызша,  креативтікті  қалыптастыруда  маңызды  қағидалардың  бірі  болып  табылады. 
Мұғалімге  оқушының  өзінің  жинақтаған  өмірлік  тәжірибесіне  сәйкес  дүниені  түсіну 
құқығын мойындау міндетті болып табылады. Себебі, кері жағдайда басты қағиданың бірі 
-  ерікті  ойлау  әрекеті  қағидасы  бұзылады,  соған  сәйкес  танымдылық  үрдісіне  де  зиян 
келеді.  
4. Белсенділік пен өз бетінділік қағидасы. Оқушының белсенділігі мен өз бетінділік 
жұмысы  оның  іс  әрекеті  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ал  қазіргі  инновациялық 
технологиялармен  жұмыс  барысында  оқушының  белсенділігі  мен  өз  бетінділік  жұмысы 
тек мақсат емес, нәтижелі жұмыстың қажетті шарты болып табылады. Білім оқушыға бере 
салатын  зат  емес,  оның  тұлғалық  қаситетіндегі  сапалық  өзгеріс  екендігі  және  нақты 
мақсатқа бағыталған белсенділік пен өз бетімен іздену жұмысы нәтижесінде жүретін үрдіс 
екендігі  дәлелді  түрде  меңгертіледі.  Сондай  ақ  өз  бетінділік  жұмыс  шығармашылық 
жұмыстың  негізі  екенін  ескеріліп,  оқушының  әрбір  өз  бетімен  ізденісі  марапатталып, 
мадақталып отырылады.  
5.  «Өткір»  талдау  қағидасы.  Бұл  өмірлік  тәжірибесі  аз  бастауыш  мектеп 
оқушылары  үшін  маңызға  ие  ұстаным  болып  табылады.  Өйткені  объектілерді, 
құбылыстарды  үнемі  жүйелі  талдау,  яғни  олардың  мәнді  белгілері  мен  қатынастарын 
ажырату,  оқушыларға  шексіз  көп  құбылыстар,  деректер  жүйелер  мен  заңдылықтар 
ортасынан бастауыш сынып оқушылары үшін қиын болып табылатын әлеуметтік, табиғи 
және техникалық жүйелердің өзара ұқсастықтарын аша білуге көмектеседі.  
6. Кіріктіру қағидасы. Ол пәнаралық компоненттер тұтастығына сәйкес іргелі білім 
қалыптастыруға  көмектесетін  оқу  материалының  қатаң  логикалық  тәртіпте  реттелуін 
қарастырады.  
7.  Теорияның  тәжірибемен  бірлігі  қағидасы.  Бұл  қағиданың  қазіргі  инновациялық 
технологиялармен  жұмыста  өзектілігі  басым.  Өйткені  нәтиженің  оң  болуы  теория  мен 
тәжірибенің дұрыс сабақтасуына байланысты болады. 
8. Ізгілендіру қағидасы. Аталған қағидаға сәйкес әрбір оқушыны жоғары әлеуметтік 
құндылық  иесі  деп  танып,  рухани  адамгершілік,  интеллектуалды  қабілеттерін  дамытуға 
қолайлы жағдай туғызуды көздейді [2, 97-98 б.]. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  креативтігін  қалыптастырудың  теориялық 
негіздерін айқындау тұлғаны оқыту мен дамытудың ара қатынасы мәселесі баланың ақыл-
ойының  дамуы  қаншалықты  мөлшерде  оқытуға  тәуелді,  қандай  дәрежеде  баланың 
ағзасының  табиғи  өсіп  жетілуі  мен  дамуына  байланысты  екендігі  дидактиканың  аса 
маңызды  әдіснамалық  мәселесі.  Дамыта  оқытудың  мүмкіндіктерін  қолдай  отырып, 
креативтікті  қалыптастыруда  дербес  әрекеттің  тиімділігі  тұлғалық-бағдарлы  оқыту 
теориясында  мынандай  шешімдер  шығаруға  толық  мүмкіндік  береді  және  келесі 
қызметтерді атқара алады: 
Әдіснамалық қызмет қоршаған ортаның алуан түрлілігін үйретуде тұтастық бірлігін 
қамтамасыз  етеді.  Әдіснамалық  қызметтің  кіріктірілген  амалы  жалпыланған  білімдерді, 

 
127 
әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  картинасын  және  тұтас  ғылыми  дүниетанымды 
қалыптастыру тиімділігімен анықталады. 
Біліми 
қызметі 
оқушыларда 
қоршаған 
әлемдегі 
объектілер, 
заңдары 
мензаңдылықтары,  жалпы  ғылыми  ұғымдары,  тану  әдістері,  дүниетанымдық  сипаттағы 
іргелі теориялар мен идеялар туралы білімдердің жалпы жүйесі туралы білімдер жүйесін 
қалыптастырумен тұжырымдалады. 
Тәрбиелік  қызметі  білімнің  тұтастық  жүйесін  және  ғылыми  дүниетанымын 
қалыптастырумен  сипатталады,  сонымен  бірге  оқушылардың  білімдері  мен  біліктерін 
дамытуға бағытталған оқу еңбегін оңтайландырудан да көрінеді. 
Дамыту  қызметі  оқушының  тұлғасының  жан-жақты  және  тұтас  дамуы, 
қызығушылықтарының, ынталарының, тану қажеттіліктерінің дамуы үшін қажетті [3, 45-
46 б.].  
Креативтікті  қалыптастыру  үрдісі  тиімді  де  табысты  жүруіне  көмектесетін 
және дәстүрлі оқытуда да қалыптасып, басты орын алатын екі форманы көрсетуге 
болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет