Ж. М. Адилов академик, доктор экономических наук, профессор



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата31.03.2017
өлшемі38,33 Mb.
#10662
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51

Пириттің  «FeS
2
–H
2
SO
4
–NaClO» және «FeS
2
–H
2
SO
4
–KClO
3
» жүйелерінде өзгеруі 
Түйіндеме. Мақалада алтынқұрамды минерал – пиритті мықты тотықтырғыш: гипохлорит натрий және 
перхлорат  калийдің  қатысуымен  күкірт  қышқылында  шаймалаудың  термодинамикалық  талдау  үрдісі 
келтірілген.  Алынған  нәтижелерден  көргеніміздей,  «FeS

–  H
2
SO
4
  –  О
2
  –  NaClO»  және  «FeS

–  H
2
SO
4
  –  О
2
  – 
KClO
3
»  жүйесінде  сулы  фазада  үрдіс  температурасы  298  К  –  нен  жоғарылаған  кезде  гипохлорит  натрийдің 
қатысуымен  немесе    перхлорат  калийдің,  оттегінің  және    үрдісте  фазалық  түрлену  кезінде  пайда  болған 
пироксидикүкіртті қышқылдың әсерінен пириттің толық тотығуы жүреді. 


 Технические науки 
 
                                                    
№2 2014 Вестник КазНТУ  
                    
260 
Негізгі  сөздер:  Натрий  гипохлориті  және  калий  перхлораты;  Пирит;  Пурбэ  диаграммасы;  күкірт 
қышқылы;Термодинамикалық талдау. 
 
Жунусова Г.Ж., Еденбаев С.С., Буленбаев М.Ж., Алтайбаев Б.Т., Хабиев А.Т. 
Поведение пирита в системах «FeS
2
–H
2
SO
4
–NaClO» и «FeS
2
–H
2
SO
4
–KClO
3
» 
Резюме. В данной статье проведен термодинамический анализ процесса окислительного выщелачивания 
золотосодержащего  минерала  -  пирита  в  серной  кислоте  в  присутствии  сильных  окислителей:  гипохлорите 
натрия и перхлорате калия. Полученные результаты расчета диаграмм Пурбэ показали, что в системах «FeS

– 
H
2
SO
4
 – О
2
 – NaClO» и «FeS

– H
2
SO
4
 – О
2
 – KClO
3
» в водной фазе происходит полное  окисление пирита при 
увеличении  температуры  процесса  более  298  К  в  присутствии  гипохлорита  натрия  или  под  воздействием 
перхлората калия, кислорода и образуемой в процессе фазовых превращений пироксидисерной кислоты. 
        Ключевые  слова:  Гипохлорит  натрия  и  перхлорат  калия;  Пирит;  Диаграмма  Пурбэ;  Серная 
кислота; Термодинамический анализ. 
 
Zhunussova G.Zh., Yedenbayev S.S., Bulenbayev M.Zh., Altaibayev B.T., Khabiyev А.Т. 
Behavior of pyrite in «FeS
2
–H
2
SO
4
–NaClO» and «FeS
2
–H
2
SO
4
–KClO
3
» systems 
Summary. This paper includes a thermodynamic analysis of the oxidative leaching of gold containing mineral 
as pyrite in sulfuric acid in the presence of strong oxidizing agents: sodium hypochlorite and potassium perchlorate. The 
Pourbaix diagrams calculated results showed that in «FeS

– H
2
SO
4
 – О
2
 – NaClO» and «FeS

– H
2
SO
4
 – О
2
 – KClO
3
» 
systems in the aqueous phase occurs  complete oxidation of pyrite at process increasing temperature higher 298 K in the 
presence of sodium hypochlorite or under the influence of potassium perchlorate, oxygen formed during pyroxide acid 
phase transformations. 
Key  words:  Oxychlorides  of  sodium  and  potassium;  Pyrite;  Diagrams  of  Pourbaix;  Sulfuric  acid;  The 
thermodynamic analysis. 
 
 
 
ОӘК 004.451.25:663.8 
 
Ж.Б. Сатбаева, Ф.А. Сатыбалдиева, К.Е. Арыстанбаев  
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет,  
Шымкент, Қазақстан Республикасы) 
 
LABVIEW БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БАЗАСЫНДА ШЫРЫН 
ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ 
 
Андатпа.  Шырын  өндіру  өндірісінің  технологиялық  процесін  модельдеу  негіздері  бұландырғыш 
негізінде  қарастырылды.  Математикалық  модельдеу  әдістерінің  көмегімен  берілген  процестің  математикалық 
модельінен қымбат тұратын және қиын орындалатын тәжірибелерінсіз зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. 
Тәжірибе  жүргізу  барысында  технологиялық  регламент,  процестің  математикалық  модельі  және 
тапсырманы  шешу  алгоритмі  қарастырылған,  дайындалған  бағдарламалық  қамтамасыздандыруды  қолдануы 
бар  есептеулер жүргізілді. 
 Шырын  өндірісіндегі  технологиялық  параметрлерді  бақылау  мен  басқаруда  NI  ELVIS  зертханалық 
стендін пайдалану оқу процесінің сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. 
Кілттік  сөздер:  Шырын  өндірісі,  технологиялық  процес,  бұландырғыш  қондырғысы,    LabVIEW, 
бағдарламалау, автоматтандыру. 
 
Кіріспе.  Қазіргі    кезде      Қазақстандағы      мәселелердің  бірі    –    шырын  өндірісіндегі 
технологиялық  процесстерді    автоматтандыру  және  жоғары  сапалы  өнімді  алу.  Компьютерлік 
технологиялардың жылдам даму өрлеуі оларды әртүрлі салаларда пайдалануда, әсіресе  өндірістерде 
технологиялық  процестердің  автоматтандырылған      басқару    жүйесін      дайындау  кезінде    дұрыс 
шешім тапты.  
Заманауи  компьютерлік  технологиялардың  көмегімен  шырын  өндірісіндегі    технологиялық 
процесстердің  математикалық  модельдерін  National  instruments  фирмасының    LabVIEW  (Laboratory 
Virtual Instrumentation Engineering Workbench)  графикалық программалау  ортасында жасау арқылы 
объектердегі жүріп жатқан технологиялық процестерді   басқаруға, басқару алгоритмдерін зерттеуге, 
дайындауға   және автоматтандыруға   [1]
 
 мүмкіндік береді.  
 


 Техникалық ғылымдар 
 
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014  
 
261
LabVIEW  графикалық  программалау  ортасының  кең  функционалдық          мүмкіншіліктерінің  
көмегімен  мәліметтерді  өңдеу  мен  жинау  жүйесін  құруға,  қондырғылардың  жұмыстан  шығуын 
болжауға  және  алдын-алуға,  дайын  өнімнің  сапасына  әсер  ететін  факторларды,  қалыпқа  сәйкес 
келетін  параметр көрсеткіштерінің ауытқудың себептерін аз уақытта анықтауға болады.   
Есеп  қойылымы.  Шырын  өндірісіндегі    технологиялық  процесстерді  басқаруда  сенімділігі 
мен  тиімділігін  арттыру,  техникалық  деңгейін  арттыру,  кешенді  бағдарламаларды  пайдаланып, 
математикалық модельдерді құрып автоматтандыру, тиімді реттеу, өнімнің сапасын арттыру. 
Технологиялық  процестің  басқару  мен  бақылаудың  функционалды  схемасын  құрастырып, 
қажетті өлшеу мен реттеу құралдарын таңдап ұсыну, LabVIEW графикалық программалау ортасында 
технологиялық  процестерді  автоматты  бақылау  мен  басқару  үшін  қажетті  виртуалды  өлшеу 
құралдарының көмегімен параметрлердің тапсырмаға сәйкес реттеп отыру программасын құру.  
Шырын өндірістің технологиялық процестерін басқару мәселелері 
Алма шырынын алу процесі жеміс жидек шырыны өндірісі кезіндегі еңбекті көп қажет ететіні 
саналады. Алынған шырынның сапасына қойылатын талаптар, сонымен қатар ұнтақтайтын, сығатын, 
престейтін  және  т.б.  құрылғылардың    жұмысының  ресурс    үнемдейтін  режимін  қамтамасыз  ету 
қажеттілігі  алманы  кесу,  майдалау,  престеу,  шырынын  алу  процесінің  математикалық  сипатталуын 
жетілдіру  қажеттілігі  ескертіледі.  Басты  мәселе  шнекті  престеу      күшін,  кесу  күшін  анықтау  және 
кесудегі  пайдалы  кедергі  күшін  есептеу.  Шнекті  престеу  жұмысын  математикалық  сипаттау  шнекті 
престеу  материалы  жағдайының  теңдеуі,  энергия,  қозғалу  теңдеуінен  тұратын  теңдеулер  жүйелерін 
шешу арқылы анықтауға болады.  
Жоғарыда  келтірілген  мәселелерді  шешу  үшін  процестің  толық  қасиеттерін  зерттеу  негізінде 
эффективті  математикалық  моделін  жасау  қажет.    Алма  шырынын  алу  процесін  идентификациялау 
тапсырмасы басқару ықпалындағы және ішкі мен сыртқы факторлар әсеріндегі объектте  өтіп жатқан 
процестің толық бейнесін келтіру.   
Зерттеу  объектісіне  әсер  ететін  барлық  факторлардың  жиынтығын    екі  негізгі    топқа  бөлуге 
болады.  Сыртқы факторлар Е
1
(t) қоршаған орта  жағдайының өзгеруімен бейнеленген: температура, 
ылғалдылық,  ауа  қозғалысының  жылдамдығы,  газ ортасының  құрамы және  т.б.  Бұл  параметрлердің  
алма  шырынын  алу  процесіне  әсер  етуін  толық  болдырмау  мүмкін  емес.  Олардың  өзгеру  мінезі  әр 
түрлі.  
Кейбірі  аспаптық  бақылауда  және  автоматтандыру  жүйелерін  жасау  кезінде  ескеріледі.  Ішкі 
факторлар  Е
2
(t)  өңделетін  шикізатттың    табиғатымен,  жалпы  физикалық,  химиялық  және 
биологиялық  құбылмалылығымен  анықталады.  Қазіргі  кезде  алма  шырынын  шығаратын  өндірістегі 
технологиялық  бақылау      тәжірибесі  қондырғыларда  шикізат    жағдайын  периодты  бақылаудан 
(ауысымында  3-5  рет)  тұрады.  Бұл  сапалы  көрсеткіштерді  бақылаудың  сенімді  өлшеу 
құрылғыларының  болмауымен  түсіндіріледі,  барлық  талдаулар  қолмен  басқару      әдісіндегі 
зертханалық жағдайларда   орындалады.  
Осылардың  негізінде  ақпараттық  жоспардағы  қарастырылып  жатқан  объект  өңдеудің  барлық 
уақытысында  x
1
(t), x
2
(t),  …, x
n
(t)  дискретті  жағдайлар  тізбегі  түрінде  келтірілген.    Бір  жағдайдан 
екіншісіне өту бақыланатын және бақыланбайтын ықпалдардың әсерімен іске асырылады, кездейсоқ 
жүреді,  объекттің  әр  жаңа  жағдайы  жаңа  ақпараттың  түсу  моментімен  анықталады.  Автоматты 
басқару жүйесін жасау үшін параметрлер жағдайының ағымдағы бағалануын жүргізу керек.   
Сыртқы  бақыланбайтын  немесе  таңдаулы  бақыланатын  әсерлер  алдымен  қоршаған  ортаның 
параметрлерімен  анықталады.  Жыл  бойы  жұмыс  істейтін  өндірісте  температураның  өзгеруі  
маусымды дрейфпен анықталады. Сонымен, алма шырыны өндірісі процесіне ықпал ететін әсерлерді 
нақты екіге бөлуге мүмкін емес. Сондықтан, барлық басқарылмайтын айнымалыларды бақыланатын 
және бақыланбайтын деп бөлеміз. 
Алма шырыны өндірісінің құрылымдық идентификациясының мақсаты, басқару және ішкі мен 
сыртқы  факторлардың  ықпалындағы  өңделетін  материалдың  алғашқы  материалдан  соңғы  өнімге 
дейін  өтудің  толық  көрінісін  жасауға  мүмкіндік  беретін  зерттеу  объектісінің    моделін  құру.  Алма 
шырыны  өндірісі    процесінің  құрылымдық  идентификациясы  төмендегі  суретте  бейнеленген. 
Берілген  құрылымдық  схема  үлкейтілген  және  әр  блокта  шырын  өндірісінің  негізгі  этаптары  1 
суретте келтірілген: 
 


 Технические науки 
 
                                                    
№2 2014 Вестник КазНТУ  
                    
262 
 
 
1-сурет. Алма шырыны өндірісі процесінің құрылымдық схемасы 
 
Шырынды алу мөлшерінің өзгерісін анықтайтын маңызды параметрлер болып алмаларды кесу 
құрылғыларына жіберу жылдамдығы,   майдаланылған алманы шнекті престеуге жіберу жылдамдығы 
және  престеу  қысымы  саналады.    Басқару  объектісінің  құрылымдық  моделінің  жеңілдетілген  түрі 
төмендегі 2-суретте келтірілген:  
 
 
 
2-сурет. Зерттеу объектісі ретіндегі (кесу құрылғысы және алманы престеуге арналған құрылғы) алма шырыны 
өндірісі процесінің құрылымдық идентификациясы 
 
Екі құрылымдық блоктардың біріншісі I алманы кесу құрылғысы ретінде келтірілген,  алманы 
кесудің оптималды режимін  жасау, ал II блокта — шырынды алуға арналған құрылғы — алынатын 
шырынның  мөлшерін  максимизациялау  тапсырмасы  шешіледі.  Шырынның  мөлшеріне  әсер  ететін 
факторлар  болып  жеміс  жидектердің  сапасы,  шнекті  престеудегі  қысым  мен  жылдамдық  саналады. 
Әр  блок  үшін  жеке  математикалық  моделді  құрудың  қажеттілігі  туындайды,  себебі  әр  блок  үшін 
бөлек тапсырмалар шешіледі.  I блокта құрылымдық идентификация нәтижесінде шырынды алу үшін 
адекватты емес, алдын ала дайындалған жемістерді дайындау тапсырмасы шешіледі. II блокта шнекті 
престеудегі  қысым  мен  жылдамдықты  басқару  және  піскен  жемістерді  оптималды  жіберу  жолымен 
шырынның мөлшерін максимизациялау тапсырмасы шешіледі. 
Шырын  өндірісіндегі  LabWIEW  ортасы.    Технологиялық  процесті  басқарудың  басты 
мақсаттары, ол обьектідегі процестердің технологиялық параметрлерін өлшеу және сол мәліметтерді 
өлшеу  құралдарына,  бақылаушыларға  жеткізу.  Яғни,  дер  кезінде  технологиялық  параметрлердің 
өзгеруі туралы нақтылы деректерді өлшеу құралдарына жеткізу мәселесі қарастырылыған. 
Қазіргі  кезде  басқару  машиналарының  дамуы  технологиялық  процестерді  автоматтандыруды, 
автоматты  жүйелерді  жобалауды  жеделдетуге  және  де  осы  жетістіктерін  пайдалана  отырып, 
обьектілерді  басқарудың  негізі  болатын,  олардың  метематикалық  моделін,  процестерді  реттеу, 
басқару мәселелерін [1-5] тез арада шешуге болады. 
Технологиялық  процестерді  бақылау  мен  басқаруда  сол  объектерді  модельдеудің  негіздерін 
білу  автоматтандыру  мен  басқару  мамандықтары  бойынша  дайындалатын  мамандарға  қажетті 
мәселенің бірі болып есептелінеді.  
Математикалық модельдеу әдістері өте қымбатқа түсетін ғылыми тәжірбиелердің көп мөлшерін 
оның  математикалық  модельдерінде  жүргізуге  мүмкіншілік  береді.  Мұндай  әдістер  көптеген 
технологиялық  процестер  үшін  іс  жүзіне  асырылған  да.  Бірақ  та,  кездесетін  математикалық 
модельдеу  әдістері,  әсіресе,  тамақ  өндірістерінде  кездесетін  технологиялық  процестер  үшін 
қолданылатын  математикалық  модельдердің  дәлдіктері,  қазіргі  заманауи  талаптарға  сай  келе 
бермейді. 
 Қазіргі  кезде  жеке  алынған  процестердің  модельдері  қарастырылған.  Бірақ,  тамақ 
өндірістерінде  кездесетін  технологиялық  процестер  үшін  математикалық  модельдердің  жүйелі 
түрінде мәліметтер қорының жоқтығына байланысты, қарастырылған модельдерді автоматты түрінде 
жобалауды тежеуде.    


 Техникалық ғылымдар 
 
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014  
 
263
Сондықтан  да,  студенттердің  қажетті  деңгейде  білім  алулары  үшін,  зертханалық  тәжірибеде 
технологиялық  процестерді  модельдеуге  қажетті  алдыңғы  қатардағы  программаларды  игерулері 
қажет. 
Мәселелерді шешуде National Instruments [2] фирмасының графикалық LabVIEW программалау 
ортасын қолдануға болады. Осы графикалық ортада объектегі негізгі технологиялық параметрдің бірі 
болып  есептелінетін  сол  ортаның  температурасын  бақылап,  оның  мәндерін  арнайы  кестедегі  жазып 
сақтауға болатын программа дайындалды.  
Шырын 
дайындау 
өндірісіндегі 
буландырғыш 
қондырғысының 
технологиялық 
параметрлерін  бақылау  мен  басқару  программасының  алгоритмі.  Шырын  дайындау 
өндірісіндегі  буландырғыш  қондырғысының  технологиялық  параметрлерін  бақылау  мен  басқару 
программасы LabVIEW графикалық программалау ортасында дайындалған. 
Ол 
үшін, 
жоғарыда 
қарастырылғандай, 
төрт 
технологиялық 
параметрлерін, 
яғни, 
температураның  өзгерулері  таңдалынып  алынған.  Сол  параметрлердің  минимум  мен  максимум 
мәндері анықталынып, сезгіш элементтерінің кедергілерінің өзгеру шектері анықталынған.  
3-суреттегі программаны іске қосып, Rt = Ro(1+αt) теңдігінде  келтірілгендей температура мен 
сезгіш  элементтің  кедергісінің  арасындағы  тура  пропорционалдық  қатынасты  пайдаланып,    аi0-  ai2 
каналдарына  (аі0  каналының  шамасын    (min=100  Om;  max=110  Om);    аі1  каналының  шамасын  
(min=110  Om;  max=120  Om);  аі2  каналының  шамасын    (min=125  Om;  max=138  Om)  )  қатысты  үш 
каналдағы  сезгіш  элементтердің  кедергілерінің  өзгеруі  мен  соған  сәйкес  объекттердегі 
температуралардың өзгеруіне арналған программа келтірілді. 
Block Diagram тақтайшасындағы  (4-сурет) DAQmx Assistant өлшеу құралы осы программаның 
негізін құрайды.  
Бұл  осциллограма  объектегі  температураның  өзгеруін  көрсетеді.  Кедергінің  әрбір  мәніне 
объектегі температураның белгілі бір мәні сәйкес келеді.  
 
 
 
3-сурет. Программаның іске қосылуы 
 


 Технические науки 
 
                                                    
№2 2014 Вестник КазНТУ  
                    
264 
 
 
4-сурет. Block Diagram тақтайшасы 
 
3,  4-суреттегі  қарастырылған  программа  болса,  тек  қана  буландырғыш  қондырғысындағы 
температураны бақылау мен басқаруға арналған.  
DAQmx  Assistant  өлшеу  құралының  ерекшеліктерінің  бірі,  ол  сезгіш  элементтерден  келіп 
түсетін сигналдардың санын аi0- аin жеткізуге мүмкіншілік туғызады. 
Осы  алгоритмді  LabVIEW  графикалық  программалау  ортасында  пайдаланып,  шырын 
өндірісіндегі технологиялық параметрлерді толығымен бақылап басқаруға болады. 
5-суретте  стандартты  подпрограмма  Thermometr.vi  пайдаланып,  объектегі  температураны 
шектеп,  яғни,  83-85  °С  аралығында  реттеуге  болатындығына  мысалы  келтірілген.  Объектегі 
температура 85 °С асатын болса, мах мәнін көрсететін қызыл шам жанып, реттеудің қажет екендігін 
білдіреді.  Ал,  объектегі  температура  83  °С  аз  болған  жағдайда,  төменде  орналасқан,  мин  мәнін 
білдіретін көк шам жанады.  
Сонымен қатар, объектіге келіп түсетін будың шығынына байланысты сол жердегі  орналасқан 
атқарушы  механизм  қызыл,  не  болмаса  көк  болады.  Атқарушы  механизм  қызыл  болып  жанғанда, 
объектке бу жіберу тоқтатылады. Бұл дегеніміз – объектегі температура мах мәнінен асып кеткендігін 
білдіреді де, будың шығыны азайтылып, температураның төмендеуіне әкеліп соғады.  
 
 
 
5-сурет. Объектегі температуралардың өзгеруі 
 
Атқарушы  механизм  көк  болып  жанғанда  объектке  бу  жіберу  (5-сурет)    басталады.    Себебі, 
объектегі  температураның  мәні  мин  мәнінен  төмендеген.  Сондықтан,  будың  шығынын  көбейтіп, 


 Техникалық ғылымдар 
 
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014  
 
265
температураны қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіншілік береді. 
Бұл  мысалы  тек  қана  LabVIEW    көмегімен  объектілердегі  технолгиялық  параметрлерді 
автоматты түрінде бақылауға және реттеуге болатындығын көрсету.  
Шырын өндірісіндегі технологиялық процесті басқаруға локальді  есептеу желісін ұсыну. 
Күрделі  өндіріс  орындарындағы    технологиялық  процестерді  басқару  үшін  қолайлы  желілік 
технология  мен  қажетті  топология  қолданылады.  6-суретте  келтірілгендей,  орталық  басқару 
компьютеріне объектерде орналасқан сезгіш элементтерден, сол процес туралы мәліметтер, электрлік 
сигнал  түрінде,  мысалыға,  аналогты  сигнал  4-20  мА  түрінде,  не  болмаса,  сандық  сигнал  түрінде 
контроллерге келіп түседі.  
Ғылыми  зерттеулерді,  тәжірбиелерді  жүргізудің  нәтижесінде,  объектегі  процестің  ыңғайлы 
технологялық  параметрлері  анықталынған.  Сол  параметрлерді  ескере  отырып,  алдыңғы  қатардағы 
программаларды  пайдаланып,  мысалыға,  SCADA  жүйесіндегі  Step7,  LabVIEW,  т.б.,  технологиялық 
процесті бақылау мен басқару алгоритмдері жазылып, контроллерге орнатылады.  
Яғни, контроллерлер объектегі технологиялық процестерді бақылау мен басқаруға дайын.  
Егер  технологиялық  процестің,  мысалыға,  бір  параметрі,  объектегі  газдың,  не  болмаса, 
сұйықтың,  температурасы  ыңғайлы  мәнінен  ауытқитын  болса,  онда  контроллер  оған  талдау  жасап, 
сол  параметрді  бастапқы  қалпына  келтіреді.  Ол  үшін  объектке  келіп  түсетін,  газ  бен  сұйықтың 
температурасын бастапқы қалпына келтіру үшін будың шығынын өзгертеді.  
Осындай  алгоритммен  объектердегі  барлық  технологиялық  параметрлерді  ыңғайлы  басқаруда 
контроллер,  сезгіш  элементтер,  пайдалы  желілік    топология  мен  технология  және  кабельдердің 
керекті түрлерінің бір тұтас болып жұмыс істеуінің нәтижесінде, сапалы өнім алуға болады.   
Күрделі  технологиялық  процестерді,  мысалға,  мұнай  өнімдерін,  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 
өндіруде,  түсті  металлургия  өндіріс  орындарындағы  процестерді  бақылау  мен  басқаруда  негізгі 
қондырғылардың  қатарына  контроллерлер  жатады.  Технологиялық  процесті  басқару  үшін 
контроллерді арнайы программалармен қамтамасыз ету керек.  
Сондай программалардың қатарына SCADA жүйесі жатады. Автоматтандырылған жүйелердің 
параметрлеріне  кіруге  мүмкіншілік  беретін  бірнеше  жүйелер  бар,  солардың  қатарына  келесілер 
кіреді: AdappKool (Danfoss),Дания; Televis (Eliwell), Италия; SuperVisor (Omron), Жапония; PlantVisor 
(Carel), Италия; TK-Visor (Термокул), Россия. 
SCADA  (Supervisory  Control  And  Data  Acquisition)  жүйесі  технологиялық  процестер  туралы 
қажетті мәліметтерді жинап, басқаруға және бақылауға қолданылады. 
 SCADA  жүйесінің  көмегімен  кез  келген  технологиялық  процестерді:  энергияны  өндіруде; 
қайта  өңдеу  өндірістерінде;  ағын  сулар  мен  таза  суларды  тазартуларда;  газ-  мұнай  тасымалдау 
өндірістерінде;  ауе  жайларындағы  бақылау  мен  басқаруды;  сауда  кемелерінде;  ғарыштық  кемелерді 
басқару мен бақылауға болады.   
Осы жүйенің көмегімен нақты уақыт аралықтарында объектегі болып жатқан процестер туралы 
барлық мәліметтерді талдап, SCADA жүйесінен мониторға жеткізіледі.  
SCADA жүйесінің ерекшеліктері:  
• 
технологиялық  процестер  туралы  ақпараттарды,  мәліметтерді  жинау  және  талдау,  сонымен 
қатар қондырғылардың жағдайын анықтау; 
• 
мониторда мнемосхема түрінде технологиялық процестің параметрлерінің өзгеруін көрсету; 
• 
технологиялық  параметрлерге  нақты  уақыт  аралығында  кіру,  төменгі  деңгейдегі 
қондырғыларға және сигналдау жүйелеріне кіру; 
• 
апаттық жағдайды анықтау; 
• 
компьютердің экранына технологиялық параметр мен апаттық хабарламаларды шығару; 
• 
технологиялық параметрлердің өзгерулерін қорға жинау; 
• 
технологиялық процестерді басқару үшін оператордың кіруі; 
• 
технологиялық параметрлердің өзгерулері туралы есепті көрсету; 
• 
шығынды азайту үшін өндірістік жүйлердің жұмыстарын оптималдау.  
SCADA  жүйесі  күрделі  өндірістерді  автоматтандыруға  жұмсалған  шығындарды  азайтуға 
мүмкіншілік береді. 
ТП АБЖ негіздері сезгіш эементтер мен атқару механизмдерін объектерде дұрыс орналастыру, 
контроллерді  программалау,  операторлық  интерфейсті  дайындау  болып  келеді.    SCADA    жүйесінде 
контроллерді программалауда DCS (үлестірілген басқару жүйесі) қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет