5 I тарау ішкі саяси дамудың Өзекті мəселелері


ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата31.03.2017
өлшемі479,82 Kb.
#10673
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ

Нұрлан Сейдін

Жуық арада біз Қазақстан Республикасының тəуелсіздігінің 

17 жылдығын атап өткелі отырмыз. Осындай елеулі мереке 

қарсаңында еліміздің осы кезеңге дейін жүріп өткен жолыңдағы 

маңызды оқиғаларды еске түсіріп, салмақтап қарауға деген 

талпыныс болары даусыз. Тəуелсіздіктің осы жылдарындағы 

елеулі жетістіктердің бірі ретінде Қазақстандағы ұлттардың 

мəдени мүдделерін еркін жүзеге асыру шараларын мемлекеттің 

қамтамасыз етіп отырғандығын айтуға болады.

Мəдениет саласы кең ауқымды жəне де адамзат өмірінің 

көптеген жақтарын қамтиды. Көптеген ғалымдардың ойынша, 

мəдениет – бұл адамның ішкі дүниесінің, өмір сүру дағдысы 

мен оның мағынасы деп саналады. Кезінде австриялық психолог 

К. Юнг адам санасы мен психикасының архетипі көп жағдайда 

мəдениет аясында, яғни оның мəдениеті мен оған қатысты өркениет 

құралдары жəне өнімдерінің негізінде қалыптасатынын айтқан. Де-

мек, мəдениет, оның құндылықтары мен рəміздері субьектінің өзін-

өзі танып білу мен сəйкестендіруінің базалық обьектілерінің ішін-

дегі бірегейі болып табылады жəне де ол тұрмыстық тəжиірбеде 

дəлелденіп отыр. Өмірде адамның мəдениет идентификациясы 

негізінде өзін-өзі танып, қауіпсіз сезінуі арқылы алдына қойған 

мақсаттарына жету сенімінің артқандығын талай кез байқағанбыз. 

Бұл жағынан алғанда мəдениет жеке тұлғалардың қауымдастығы 

– əлеуметтік топтардың қалыптасуына қажетті қызығушылықтар 

саласы ретінде танылады.

Этносты – əлеуметтік топ ретінде тану арқылы ұлтшылдықтың 

нақты көрініс беретін саласы мəдениет екендігін мойындаймыз. 

Осыған байланысты адамдардың этникалық идентификация 

үрдісі немесе белгілі бір ұлтқа тəуелділігін анықтау барысын-

да өзінің халқының мəдениетін танып, оның құрамдас бөлігі 

екендігін сезінуі тосын жағдай емес. Сондықтан да, əлемдік 

тарихтағы белгілі бір ұлттың өзіндік мəдениетін дамыту 

құқығына тиым салу əрекетінің арты ұлтаралық қақтығыстар мен 

азамат соғыстарына алып келуі таңқаларлық жағдай болмауы да 

заңды құбылыс.

Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздіген алған соң, көпұлтты 

мемлекет ретінде жоғарыда айтылған жағдайлармен санасуына 

тура келді. Бұл шараға бірнеше фактор кедергі болған еді.

Біріншіден, Қазақстанның мəдени кеңістігі күрделі құрамды 

жүйе болып табылады. Біздің мемлекетіміздің территориясын-

да Батыс пен Шығыстық мəдениеттің тікелей өкілдері өмір 

сүреді.


Екіншіден, қазақстандық мемлекет құрылысын жүзеге асыру 

шаралары бұрынғы кеңестік территориялардағы ұлттық сана-

сезімнің оянуының күшті кезеңімен сəйкес келді. Осы аталынған 

үрдістер кезінде социалистік мемлекеттердің өмір сүруін 

тоқтатқан болатын. Қазақстанның да тəуелсіздік алуына КСРО 

территориясындағы этно-ұлттық қозғалыстардың кең етек алуы 

əсер еткен. Кеңес Одағының халықтарының этникалық сана-

сезімінің көтерілуі жəне оған биліктің назар аудармауы кеңестік 

ұлттың (халқының) жойылуына алып келді. Кеңес үкіметінен 

қалған бұл құбылысты кейін кейбір ТМД елдері де бастан 

кешірді. Ұлтшылдықтың саясаттануы мен этно-ұлтшылдықтың 

күшеюі Чехословакия мен Югославия секілді мемлекеттердің 

де тарауына əсер етті.

Үшіншіден, біздің мемлекетіміздің алдында мемлекеттіліктің 

негізі болатын біріңғай қазақстандық ұлт құру мəселесі туында-

ды. Бұл қажеттілік өз кезегінде этномəдени мүдделерге шектеу 

жасамай, барлық қазақстандықтарға ортақ ұлттық мəдениет құру 

қажеттілігін алға тартты. Осындай ауқымдағы мəдени саясат 

мəселесі Қазақстан тарихында болған жоқ еді. Бұл жағдайда 

мемлекетіміздің кеңестік өткені есепке алынбады, өйткені, 

КСРО-да ондаған жылдар бойы ұлттардың мемлекеттену үрдісі 

жүргізілді жəне де олардың мəдени мүдделері мемлекеттік 

идеологияға сəйкес болмағандықтан тиым салынып, есепке 

алынбады. Осындай бағыттағы мəдени саясат Кеңес Одағындағы 

сепаратистік қозғалыстың жандануына себепкер болды.

Міне, дəл осындай қиын тарихи жағдайда біздің мемлекетіміз 

қоғамдық-саяси жүйенің негізгі принциптерінің бірі – этномəдени 

мүдделердің қорғалуы мен жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін 

мемлекеттіліктің құрылымын жасауға бел буды. Қоғамның 

барлық салаларының өзгеруі мен жаңалануына əсер еткен өтпелі 

кезеңнің қиындықтарына қарамастан, Қазақстан мемлекеті 


134

135


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

этникалық мəдени плюрализм мен ауызбіршілікті дамытуға 

негізделген саясаттың бағытынан ауытқыған жоқ.

Этномəдени мүдделердің негізгі құқықтық кепілі ретінде 

Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады. Қазіргі Ата 

Заңымыз мемлекетімізде азаматтарды этникалық белгісіне 

қарай құқығын шектеуге бағытталған ережелері бар заңның 

қабылданбауының құқықтық іргетасы болып табылады. Еліміз-

де ешкімге де жынысына, ұлтына, нəсіліне, тіліне, діни-наным 

сеніміне, көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе тағы да басқа 

белгілеріне қатысты кемсітушілік көрсетілмейді. Бұл Қазақстан 

Республикасының Ата Заңының 14 бабының 2 бөлімінде нақты 

көрсетілген. Ал Негізгі заңның 74 бабында: «Ата Заңда бекітілген 

адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына шек қоятын 

заңдар мен нормативтік актілер қолданысқа кіргізілмейді жəне 

жойылады» – деп көрсетілген.

Əрбір қазақстандықтың өзіндік мəдениетін сақтау мен 

дамытуы, тəлім-тəрбие мен білім беруде тіл таңдау еркіндігі 

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Қазақстан 

Республикасындағы тілдер туралы», «Қоғамдық құрылымдар 

туралы», «Мəдениет туралы», «Білім туралы», «Тарихи-мəдени 

мұра обьектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдардан 

көрініс беріп, жүзеге асқан.

Осындай саясаттың нəтижесінде біздің республикамызда 

ұлттардың өз тілдерін, салт-дəстүрлері мен басқа да мəдени 

шараларын еркін жүзеге асыруға арналған барлық жағдай 

жасалынған.

Мысалы, республиканың белгілі бір ұлт өкілдері тығыз 

орналасқан аудандарында тəжік, өзбек, ұйғыр, украин тілдерін-

дегі мектептер ашылған. Мемлекетіміздің 126 орта мектептерінде 

Қазақстан халықтарының 15 тілі оқытылады. Аталынған тілдер 

қатарына; əзербайжан, армян, белорусь, грек, дүнген, иврит, кəріс, 

күрд, неміс, поляк, татар, түрік, ұйғыр, украин, шешен тілдері жа-

тады. Ал 76 жалпы білім беру мектептерінде үйірме мен қосымша 

дəрістерде қазақстандық азаматтардың өз ана тілдері оқытылады. 

Бұлардан басқа республика аумағында 196 жексенбілік мектеп 

пен Өскемен, Петропавл жəне Павлодар қалаларында 30 астам 

тіл оқытылатын үш ұлттық жаңару мектептері жұмыс істейді. 

Қазақстанда 19 республикалық жəне аймақтық деңгейдегі ұлттық 

газеттер мен радио-теле бағдарламалар таратылып, 6 ұлттық 

театр жұмыс жасауда.

Еліміздегі ұлттардың өзіндік мəдениетін сақтау мен да-

мытуда Қазақстан халықтары Ассамблеясының алатын орны 

ерекше. Аталынған ұйымның құрамында қазақстандықтардың 

ұлттық мəдени-тілдік ерекшеліктерін сақтауға жақсы жағдай 

жасалынған 470 астам Қазақстан этностарының мəдени 

орталықтары тіркелген. Осы ұлттық-мəдени ұйымдардың 

негізінде Қазақстан халықтары мəдениетінің фестивальі, жек-

сенбілік мектеп оқушыларының ана тілі мен мемлекеттік тілді 

меңгеруін анықтайтын байқау-бəйгелер, тіл саясатына арналған 

халықаралық жəне республикалық ғылыми-тəжиірбелік конфе-

ренциялар мен семинарлар жəне этномəдени даму мəселелеріне 

қатысты дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

Мəдениет саласының негізгі бағыттарының бірі – бұл дін 

мəселесі. Ұлттық идентификация үрдісі көп жағдайда діни 

жəне мəдени мұраға тікелей байланысты. Əлеуметтік зерттеулер 

көрсетіп отырғанындай, біздің еліміздегі діни идентификация көп 

жағдайда ұлттық белгілерге қатысты дамып отыр. Осыған бай-

ланысты қоғамдық өмірінде əр түрлі діни-нанымдағы 130 астам 

ұлттар мен этникалық топтары бар Қазақстанның əлеуметтік-

экономикалық жəне саяси тұрақтылығы діни саладағы жағдаймен 

тікелей байланысты болып отыр.

Сондықтан да, өз тəуелсідігін алған алғашқы жылдары мем-

лекетіміз бірден конфессия аралық пікір алмасу мен келісімді 

қолға алып, діни ұстанымда еркіндік беретінін жариялады. 

Мысалы, 1992 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Жоғарғы 

Кеңесі «Діни ұстаным еркіндігі мен діни құрылымдар» туралы 

ҚР Заңын қабылдаған болатын. Аталынған Заң бойынша; діни 

ұстаным еркіндігі, діни сеніміне қарамастан азаматтардың 

тең құқықтығы, конфессиялар мен діни құрылымдардың заң 

алдындағы тең құқылығы, діни құрылымдардың мемлекеттік 

билік пен басқаруға қатысты сайлауларға қатыспайтындығы жəне 

діни сипаттағы партиялар мен басқа да саяси құрылымдар құруға, 

діни құрылымдардың саяси партиялар қызметіне араласуына 

жəне оларға қаржылай көмек көрсетуіне тиым салынатындығы 

туралы ережелер бекітілді. Діндарлар мен олардың құрылымдары 

халықаралық байланыстар орнатуға жəне оны жалғастыруға 


136

137


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

құқылы болды. Мемлекеттік органдардың діни құрылымдарға 

мəдени орталықтар мен тағы да басқа мүліктерді меншікке не-

месе ақысыз пайдалануға беруге құқығы қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік шаралардың негізінде Қазақстанның діни саласы 

қарқынды дами бастады. Мысалы, 1991 жылмен салыстырғанда 

діни құрылымдар саны 4 есе, конфессиялар саны 2 есе өсіп, 

осындай қысқа мерзім аралығында еліміздің конфессиялық 

кеңістігінің құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Салыс-

тырмалы түрде алар болсақ, мысалы, 1991 жылы 25 мешіт, 

1989 жылы 62 православие приходы болған. Қазіргі кезде 

қазақстандық діни құрылымдарының саны 3100 жетіп отыр. 

Оның ішінде; 2195 – мұсылман мешіті, 257 – православие шір-

кеуі, 89 – католиктік костел, 10 – синагога, 546 – протестанттық 

мінəжат үйі жəне бір будда ғибадатханасы бар.

Көптеген қазақстандық діни ұйымдардың өзіндік оқу-ағарту 

жəне білім беру орталықтары: медіресе, жексенбілік жəне 

приходтық мектептер, семинарлар, университеттер, кəсіби білік-

тілікті арттыру институттары бар. Ерлер мен əйелдерге арналған 

монастырлер мен сопылық ордендер қалыптасқан.

Осылайша, елімізде кез-келген қазақстандықтың өз этникалық 

мəдени мүддесін еркін жүзеге асыруға қажетті жақсы база 

жасалынған. Қазақстандағы этномəдени мүдделерді қорғау мен 

дамуына жағдай жасау саясатының жүзеге асуының нəтижелерін 

қарастыра келіп, мемлекеттің алдына қойған мақсаты – көпжақты 

этникалық мəдениетті дамыту нəтижелі жүзеге асқандығын 

айтуға болады. Этникалық ерекшеліктерді дамытуға негізделген 

ұлттық құрылыстың мультимəдени үлгісі еліміздің тұрақты 

дамуының негізгі іргетасының бірі болып отыр. Қазақстан 

тəжиірбесі көрсетіп отырғандай, этникалық мəдени плюрализмді 

дамыту саясаты – бұл ұлттық бірыңғайлылық немесе азаматтық 

идентификацияның баламасы емес, тек оның толықтырушы 

құрамдас бөлігі ғана болады. 

«Егемен Қазақстан» гезеті №370, 5 желтоқсан 2008.

ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Əсел Назарбетова

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 

14 жыл толып отыр. Конституция əрбір тəуелсіз, егеменді елдің 

Негізгі (Ата) Заңы, яғни кез-келген мемлекет басшылыққа алып 

өмір сүретін басты құжат. Еліміздің Ата Заңы 1995 жылдың 

30 тамызында қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі арқылы 

бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын, сол арқылы 

Қазақстан халқы өзінің егемендік құқығын баянды етті. Міне, со-

дан бері Конституция күні бүкіл ел болып республика көлемінде 

атап өтетін жалпымемлекеттік мейрам ретінде қалыптасқан. 

Қазақстан мемлекеті Ата Заңының кіріспесі: «Біз, ортақ 

тарихи тағдыр қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, 

өзімізді еркіндік, теңдік жəне татулық мұраттарына берілген 

бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік 

қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі жəне 

болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне 

отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, 

осы Конституцияны қабылдаймыз», – деп басталуында үлкен 

мəн-мағына жатыр. Осы Ата Заңды қабылдай отырып Қазақстан 

халқы өзінің жəне келер ұрпақтың болашақтарын, еліміздің 

бағыт-бағдарын, даму жолында ұстанатын принциптерін айқын 

белгілеп алған еді.  

Конституциямыздың алғашқы бабы саяси жəне идеологиялық 

түрғыдан алғанда аса маңызды бөлігі, себебі онда Қазақстан 

Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне 

əлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негізі қаланған, 

жоғары дəрежедегі құндылық ретінде адам мен оның өмірі, 

құқықтары мен бостандықтары бағаланатындығы айқын 

көрсетілген. Ата Заңда қарастырылғандай, азаматтардың еркін 

өмір сүруіне, жетілуіне ешқандай шектеу қойылмаған, дініне, 

түріне қарамастан барлық адамдарға тең құқық берілген. Бұл өз 

кезегінде саяси жəне жалпы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету-

де зор рөл атқарады. Олай болса, басты мəселе – еліміздің əрбір 

азаматы Ата Заңның маңызын, мəнін өз лайықты дəрежесінде 

түйсінуінде. 


138

139


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Тоғыз бөлім, тоқсан сегіз баптан тұратын бүгінгі қолданыстағы 

Конституция Қазақстанның төртінші Ата Заңы (1937, 1978, 1993, 

1995). Соңғы екеуі Қазақстанның жаңа тарихында елеулі орын 

алатын айрықша оқиғалар, себебі онда тұңғыш рет еліміздің 

тəуелсіздігі, егемендігі, мемлекеттік құрылысы, азаматтардың 

құқықтық мəртебесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың 

қызметтік жүйесі заңдық тұрғыдан толық бекітілген. 

Тарихқа көз жүгіртсек, тəуелсіз Қазақстанның алғашқы 

Конституциясы 1993 жылы 28-қабылданды, алайда оның ішкі 

ресурстарының жоқтығынан, ең басты саяси миссияны, яғни 

қоғамды біріктіре алатындығына күмəн туды. Сол себепті 1995 

жылғы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды, сол уақыттан 

бастап мемлекеттің барлық салаларында құқықтық реттелудің 

қарқынды үдерісі басталды. Жаңа Ата Заңымыз күшіне енген 

уақыттан бастап құқықтық мемлекеттің негізі қаланып, заңдылық 

пен тəртіп нығайып, ел азаматтарының конституциялық 

құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде 

ауқымды жəне күрделі жұмыстар атқарылды. 

Дей тұрғанмен, елімізде болып жатқан оң өзгерістер: 

экономикалық реформалардың көлемді жүргізілуі, саяси 

тұрақтылық, тұрғындардың əл-ауқатының артуы, əлемдегі 

дамыған 50 елдің қатарына кіруге ұмтылысымыз, демокра-

тияны күшейту жайлы шешімдеріміз Ата Заңымызға тағыда 

толықтырулар мен өзгерістер енгізуге түрткі болды. Сол се-

бепті 2007 жылдың 21 мамырында Елбасының ұсынысымен 

конституциялық реформа жүзеге  асырылды. Сөзсіз, бұл маңызды 

оқиға қоғамымыздың дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы, 

яғни Қазақстанды демократияландырудың жаңа сападағы сатысы 

деуге толық негіз бар.  

ҚР Конституциясына енгізілген нақты ұсыныстардың ең не-

гізгісі – Парламенттің рөлін арттыру бастамасы. Конституциялық 

реформаға сəйкес Мəжіліс депутаттары пропорционалдық сайлау 

жүйесі бойынша сайланатын болды, мəжілісмендер саны 107-ге 

дейін ұлғайып, оның 9-ы Қазақстан халықтары Ассамблеясы 

атынан өкілдік ететін болды. Сенат депутаттарының саны пре-

зиденттік квота есебінен 7-ден 15 депутатқа дейін ұлғайтылды. 

Сонымен қатар, еліміздің саяси жүйесінің президенттіктен 

президенттік-парламенттік жүйеге ауысуына, Парламенттің 

Үкімет қызметіне бақылау жасау жөніндегі өкілеттігі күшеюіне, 

саяси партиялардың рөлін арттыруға алғышарт жасалды. Жал-

пы алғанда, 2007 жылғы Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен 

толықтыруларды Қазақстандағы демократиялық реформалардың 

жалпыұлттық бағдарламасы деп қабылдау қажет. 

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, еліміздің 

Ата Заңы ғасырлар бойы қалыптасқан адамзат құндылықтарын, 

яғни адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтарын, 

билік институттарын демократиялық жолмен дамыту, еркін 

демократиялық жəне азаматтық қоғам құру туралы либералдық 

идеяларды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарға сай, 

Батыс елдерінің озық тəжірибесіне сүйене отырып жасалған. 

Ерекше тоқталатын жəйт, Конституциямызда бекітілген 

нормалар елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, 

азаматтық топтардың бірге бейбіт қатар өмір сүруін толық 

қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде барлық Қазақстан 

азаматтарының мемлекетімізді өркендету, көркейту мақсатында 

бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін 

жағдай жасалғандығының айқын дəлелі.

Қазақстанның көпұлтты, көпдінді халқының достығын 

нығайту, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қаматамасыз етуде 

Ата Заңның рөлі айрықша екендігі даусыз. Ата Заң кешегі өтпелі 

кезеңде елдің бірлігін сақтап, түрлі ұлыстардың ұюына ұйытқы 

болды. Сол 1995 жылы елімізде ұлт саясатын іске асырудың 

əлемде баламасы жоқ, бірегей тетігі  – Қазақстан халықтарының 

Ассамблеясы құрылды. 2007 жылғы конституциялық реформа 

Ассамблеяның мəртебесін одан əрі жоғарылатты, сол арқылы 

басқа этностардың еліміздің дамуына қосатын үлесіне зор жау-

апкершілік жүктеді.

Қазақстан қоғамы бүгінде əлем сусап отырған ұлтаралық 

татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп 

отыр. Мұндай ұстаным тəуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің 

бүкіл ішкі саясатының өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-

мəдени саналуандық пен бірлікті жаңғырту, əрі дамытудың 

мемлекеттік саясаты жүзеге асырылды. Қазақстанда шағын 

ұлттардың тілі мен мəдениетіне оңтайлы жағдай жасалып 

отыр. Олардың мүддесін қорғайтын арнайы «Қазақстан халқы 

ассамблеясы туралы» Заңының қабылдануы, парламентте 


140

141


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Ассамблея атынан 9 өкілдің депутат болып отыруы осының 

дəлелі. 

Əлемдік қауымдастықта еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық, 

дінаралық татулықтың, тұрақтылықтың аралы ретінде, 

тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлттар мен ұлыстар 

арасындағы татулыққа өз үлесін қосып, əрдайым бейбітшілік 

пен татулық принциптерін ұстанатындығымен танылған. 

Мұның бəрі Конституцияда бекітілген мемлекет қызметінің 

басты қағидаларын қоғамдық жəне саяси өмірде нық ұстанудың 

нəтижесі.

Алайда, ұлтаралық мəселе – бұл күнделікті тыңғылықты 

жұмыс істеуді талап ететін сала, əсіресе бүгінгі қалыптасқан 

жаһандану кезеңінде ұлтаралық, дінаралық татулықты нығайту 

мен қамтамасыз ету бағытында жаңа тың идеялар, ұлтаралық 

қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік ішкі саясатқа 

да оң өзгерістер мен серпілістер қажет. Күн тəртібіндегі Ұлттық 

бірлік доктринасын жасауда бүгінгі қоғамдағы жəне бүкіл əлемде 

қалыптасқан жағдай мен объективті факторларды мұқият сарап-

тап, Қазақстан халқының саналы бірігуінің жəне сапа жағынан 

дамуының алғышарттары мен жолдары айқындалуы шарт.

Конституция қабылданған күннен бастап, демократиялық 

жүйе қалыптастыруда алға жылжып, əлеуметтік-экономикалық 

дамуда оң нəтижелерді иелендік, құқықтық мəдениеттің ір-

гесі қаланды, тəртіп нығайып, жеке азаматтардың құқықтары 

қорғалды, жас мемлекетіміздің халықаралық беделі көтерілді. 

Ата Заңымыз бүгінде тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды 

қызмет етіп келе жатқан басты құжатқа айналды.

Жалпы қоғамдық пікірде Ата Заңға байланысты алуан түрлі 

көзқарастар қалыптасқан. Біреулері Ата Заңымызды адам 

құқықтарына толық жауап беретін, барлық демократиялық 

қағидаттар сақталған Конституция ретінде қарастырса, кейбіре-

улері əрбір қазақстандық үшін Конституцияны құрметтеу, одан 

таймауды ұлттық идея деңгейіне көтеруді ұсынады, сондай-ақ, 

заңдар қабылданады, алайда қағаз жүзінде қалып қояды деген 

жаңсақ пікірлер де жоқ емес. Алайда, соңғылары заңдардың 

өз деңгейінде орындалуы көп жағдайда өзімізге байланыс-

ты екендігін əсте ұмытпағаны дұрыс болар. Осы мақсатта əр 

азамат өз құқықтары мен міндеттерін заңдық тұрғыдан біліп, 

заң талаптарына немқұрайлы қарамай, керісінше, оны қатаң 

сақтауға міндетті болғаны жөн. Əрине, Конституция барлық 

қоғам мүшелерінің көңілінен толық шығуы мүмкін емес, алайда 

бүкіл халық болып Ата Заңды қабылдағаннан кейін, оны орындау, 

құрметтеу – барлық Қазақстан азаматтарының міндеті. 

Қорыта айтқанда, Конституция күні – құнды құжаттың 

қабылданған күні барлық қазақстандықтар үшін ерекше қасиетті 

мереке, олай дейтініміз, еліміздің толыққанды демократиялық-

құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін, азаматтардың өз 

қарым-қабілетіне қарай еңбек етіп, еркін өмір сүруі үшін Ата 

Заңда барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Осы маңызды 

ойды дұрыс қабылдаған əрбір Қазақстан азаматы тəуелсіз 

еліміздің шаңырағын биікке көтеріп, мемлекет пен қоғамды 

өркениетті елдердің қатарына қосу міндетін жоғары дəрежеде 

атқаруға ат салысса, Қазақстанның жарқын болашағына сенім зор 

болар еді. Сондықтан, бүгінгі таңдағы басты міндет – еңбектеген 

баладан еңкейген қарияға дейін Ата Заңды бұлжытпай орындап, 

жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың жəне мемлекеттік 

органдардың ҚР Конституциясына қатысты құрметін арттыру.     



«Айқын» гезеті, 29 тамыз 2009.

142

143


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

ҚАРЖЫ-НЕСИЕЛІК САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ 

ШЕТЕЛДІК ТƏЖІРИБЕСІ

Үлес Нысанбек

Қазақстанның нарыққа өтуі несиелік қатынастар мүмкіндігін 

жүзеге асыру мəселесімен тығыз байланысты. Сондықтан 

да, нарықты қалыптастырудың негізгі талаптарының бірі 

қаржы-несие жүйесін дамыту болып табылады. Қазақстанның 

нарықтық экономикаға өтуі, оның қызметінің тиімділігін артты-

ру мен оған қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру мəселесі 

несиелік қатынастарды пайдалану мен оны одан ары дамыту 

шараларынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстандағы 

экономикалық реформалардың жүргізіле басталғанына 

он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан тиімді банк 

жүйесін құру мəселесі елдегі нарықтық өзгерістердің өзекті 

міндеттерінің бірі болып отыр. 

Республикадағы банк жұмысын дамытуды осы саладағы 

əлемдік тəжірибені жасампаздық қолданыссыз жүзеге асыру 

мүмкін емес. Бұл сонымен қатар, отандық банк жүйесінің шетел 

банктарымен өзара əрекеттестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. 

Отандық банктердің халықаралық қауымдастыққа біртіндеп жəне 

сөзсіз тартылуы қазіргі таңдағы банк мамандарының дамыған 

шетелдердегі əрекет етіп отырған əр түрлі қаржы-несиелік 

институттардың қызметі, қалыптасу жəне даму тарихы, банк 

жүйесін мемлекеттік реттестіру мəселесіне қатысты кең ауқымды 

білімінің болуын талап етеді.

Банк қызметін пайдаланушылардыңда мүдделері өзгеріп, 

кеңеюде. Көптеген өнеркəсіптердің халықаралық нарыққа 

шығуда, ал экспорттық операциялардың көлемі импорттың 

көлемінен жоғары болды. Шетелдік серіктестермен іскерлік 

қатынастар жүргізу белгілі-бір елдегі несиелік мекемелерді 

таңдауға қатысты арнайы білімді талап етеді.

Осы мəселеге байланысты несиелік саясатты жүргізудің ше-

телдік тəжірибесін АҚШ, Ұлыбритания жəне Франция елдерінің 

коммерциялық банктері мысалында қарастырамыз.



АҚШ-тың қаржы-несиелік саясаты. Америка коммерциялық 

банктерінің негізгі кірістік операциялары ретінде несиелік опера-

циялар танылады (1999 жылы олар жалпы операциялық кірістік 

соманың 70% қамтыған)

Коммерциялық банктің активті операцияларын төрт топқа 

бөлуге болады: несиелік операциялар (немесе ссуда); бағалы 

қағаздарға инвестиция; кассалық операциялар; басқа да актив-

тер. 


Банктің несиелік операцияларының құрылымы көптеген 

факторларға байланысты: оның активтерінің жалпы көлеміне; 

бас контораның орналасуы; бөлімшелердің мен оның жүйесінің 

таралымының болуы; клиентурасының құрамы; банктің мамн-

дануынан; жəне де елдегі жалпы экономикалық конъюктура 

жағдайына қатысты.

Банктің несиелік операцияларын жіктеудің негізі ретінде 

түрлі критерилер, мысалы қарыз алушылардың түрлері, несиенің 

мақсаты мен мерзімі, ссудаға қатысты қамтамасыз етілудің болуы 

жəне т.б.

Америка банктері балансындағы қарызды жүйелеудің не-

гізіне несие мақсаттары немесе қарыз алушының банк неси-

елерін қандай бағытта қолдану мүмкіндігі алынған. Америка 

банктерінің берген қарыздарының көп мөлшерін қозғалмайтын 

мүлікке арналған қарыз (ипотекалық қарыз), ол шамамен 35–40%, 

бұдан кейін сауда-өнеркəсіптік мекемелерге берілген қарыз (око-

ло 20%) құрайды. Ал қалғандары – бұл қаржы мекемелеріне, 

ауыл шаруашылық өндірістеріне, лизингтік қаржыландыруға 

жəне тағы басқа жағдайға берілгшен қарыздар. Осылайша, кейбір 

баланстық баптар тек жеке тұлғаларды несиелеуге, ал кейбіре-

улері тек өнеркəсіп несиелеріне қатысты болса, кейбір баптар 

екеуіне де қатысы бар (қозғалмайтын мүлікке арналған) «аралас» 

баптардан тұрады. Бірақ, негізгі айырмашылық қарызды жеке 

тұлғаларға арналған дербес қарыздар мен акционерлік компания-

лар мен өнеркəсіптерге арналған қарыздар деп бөлу барысындағы 

түрлері мен талаптарынада болып отыр. Соңғысы, өз кезгінде 

екі топқа: айналымдағы капиталды қаржыландыруға арналған 

қарыз жəне негізгі капиталды қаржыландыруға арналған қарыз 

деп бөлінеді. 

Қарыздардың жартысынан артығы – бұл өнеркəсіптік 

компаниялардың күнделікті операцияларын жүргізуге қажетті 

айналымдағы капиталдарын толықтыруға берілген қысқа мер-



144

145


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

зімдік қарыздар. Қысқа мерзімдік несиелерді (1 жылға дейін) 

тамақ, жеңіл өнеркісіп, бөлшек сауда компаниялары, мерзімдік 

режимдегі өңдеу өнеркəсіптері жəне тағы басқалар пайдалана-

ды. Айналымдағы капиталды қаржыландыруға арналған қысқа 

мерзімдік қарыздардың түрлері:

•  несиелік желілер (оның ішінде мерзімдік жəне қалпына 

келетін);

•  төтенше жағдайларға қажетті қарыз;

•  айналымдағы капиталды толықтыруға арналған перманентті 

қарыз.

Кредиттік желі – бұл банк пен қарыз алушы арасындағы 

несиенің максимальды сомасы туралы келісім, ол бойынша қарыз 

алушы бар соманы белгіленген мерзім ішінде немесе белгілі-бір 

шарттарға байланысты пайдалануы керек. 

Көп жағдайда несиелік желіні қамтамасыз етуге тауарлық-

материалдық қорлар мен төленбеген есеп-шоттар пайдаланы-

лады. Қаржыландырудың бұндай формасының ерекшелігі – ол 

банк үшін міндетті болмауында: ол келісімді мерзімнің соңына 

жеткізбей-ақ қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлауы-

на немесе келісімнің басқа бір шарттарының орындалмауына 

байланысты тоқтатуға құқылы. Ал қарыз алушы өз кезегінде 

кредиттік желіні жартылай немесе толығымен пайдаланбауына 

болады.

Кредиттік желі бір жылға дейінгі мерзімге, ал кейбір сирек 



жағдайларда екі жылға дейінгі мерзімге ашылады. Келісімнің 

шарттарында клиенттің ағымдағы есеп-шотында несие желісінің 

жалпы сомасының 20–30% құрайтын минимальды өтемақы 

қалдығын сақтау қажеттілігі көрсетіледі. Өтемақылық қалдықтың 

болуы банк пен қарыз алушыны байланыстырады: біріншінің 

мүддесі – депозиттер ауытқуын төмендету, ал екіншісінің қарызға 

қатысты кірісі ұлғаяды, мысалы, несие бойынша жеңілдік 

мөлшерлемесі енгізілсе.

Кредиттік желіні банк қарыз алушының қаржылық жағдайын 

толығымен бағалаған соң ашады. Ереже бойынша, жылына бір 

рет қарызды толығымен «тазалау» жүргізіледі, оның мақсаты 

клиенттің банк алдындағы қарызын болдырмау. Бұндай шара 

клиентті тəртіпке шақырып, несиені төлеу қажеттігін ескертіп 

отырады. 

Америка банктерінің тəжірибесінде кредиттік желінің бірнеше 

түрі қолданылады.



Мерзімдік кредиттік желіні банк өндірістің мерзімдік цикл-

ділігі мен қоймада тауарлар қорын жасау қажеттілігіне байланыс-

ты фирманың айналымдық қаражаттары жетіспеген жағдайда 

ашады. Бұндай желі мысалы, фермер немесе маусымдық тауарлар 

дүкенінің қожайынына жəне сол сияқты т.б ашылады. Несие 

операциялық цикл аяқталған соң, активтерді сатылымы негізінен 

өтеледі. Қарыз бен пайыз өтеуі біруақытты өтеммен жабыла-

ды. Кредиттік желіні ашудағы банктің тəуекелдігі сұраныстың 

төмендеуі, бағаның құлдырауы мен егіннің шықпауына байла-

нысты несиенің өтелмеуімен байланысты. Сондықтан да, банк 

қарыз алушының меншігі түріндегі қамтамасыздықты талап 

етеді.


Жаңартылатын кедиттік желіні банк қарыз алушы өндірістің 

белгілі-бір көлемін сақтап тұруға айналымдағы қаржысының ұзақ 

мерзімдік жетіспеуі жағдайында береді. Несиенің бір бөлігін өтеу 

арқылы қарыз алушы белгіленген лимит пен келісім мерзімі бар 

жаңа қарыз алуына болады. Жалпы қарыз толқын секілді өзгеріп 

тұрғандықтан, шотта барлық кезде өтелмеген қарыз болады. 

Жаңартылатын кредиттің мысалы ретінде көтерме саудагеріне 

берілген қарызды алуға болады, өсімді операциялар көлемі, 

клиенттердің дебиторлық қарызы мен қор дайындау қажеттілігі 

қосымша қаржыландыруды талап етеді. Банктік желі оның айдан 

айға өсіп отырған айналымдық капиталға қажеттілікті жабуына 

мүмкіндік береді. Ал кепілдік ретінде негізгі қаражат немесе 

басқа да қосымша кепілдіктер алынады.

Төтенше қажеттіліктерге арналған қарыздарды банк 

клиенттің тиімді мəміле жасауға, тиімді сұраныс алуға неме-

се басқа да төтенше жағдайларға байланысты қалыптан тыс 

жəне күтпеген қажеттіліктеріне айналымдық қаражат жетпеген 

жағдайда береді.

Айналымдық капиталды толықтыруға қажетті перманент-

ті қарыздар бірнеше жылға беріледі жəне қарыз алушының ұзақ 

уақытқа созылған қаржылық жетіспеушілігін жабуға негізделген. 

Несие өтемі біртіндеп, алдын-ала белгіленген мерзім бойынша 

ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылдық жарналар салу 

арқылы өтеледі. Жоғарыда келтірілген несиелерден бұл несиенің 


146

147


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

айырмашылығы қарыз өтемі активтерді сату арқылы немесе 

қарыз алушының жүргізген операциясы негізінде түскен пайда 

негізінде жабылмайды. Бұндай қарыздар беру банк үшін үлкен 

қауіп, сондықтан да, банк бұл несие үшін қарыз алушының жеке 

мүлкі мен үш адамның кепілдігін қажет етеді.

Коммерциялық кəсіпорындарды арналған несиелердің 

екінші бір үлкен тобын негізгі капиталды қаржыландыруға 



арналған қарыздар құрайды. Бұл топқа қозғалмайтын мүлік, жер, 

жабдықтар сатып алуға, жалға алу ақысын төлеу, компанияларға 

бақылау орнатуға қажетті жəне т.б. ашараларға қажетті орта жəне 

ұзақ мерзімге арналған несиелер жатады. Олардың қатарына 

шұғыл қарыздар; кепілге қарыз алу; құрылыстық қарыздар; 

қаржылық лизинг жатады.

Шұғыл қарыздар бір жылдан артық мерзімге бір реттік несие 

түрінде немесе тізбекті бірнеше қарыз түрінде беріліп, көлік, 

жабдық, ғимаратты жөндеу, қарыздарды қайта қаржыландыру 

жəне т.б шараларға қолданылады.

Көп жағдайларда бұндай қарыздар 5 немесе одан да ұзақ 

жылдарға беріледі. Шұғыл қарыздардың шарттары жеке тұлғаға 

негізделеді. Əр қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігіне тал-

дау жасалады; реттік жарна салу арқылы несиені өтеудің нақты 

шəкілі бекітіледі. Ұсақ жəне орташа қарыздардың кепілі ретінде 

фирманың несие сомасына алатын жабдықтары мен активтері 

алынса, ауқымды қарыздар əлеуметтік қамсыздандырусыз 

беріледі (өйткені бұндай қарыздар рейтингіжоғары фирмаларға 

беріледі). Шұғыл несиелер ірі капитал салынған салалар – көлік, 

байланыс, мұнай өңдеу, химия, көмір өндірісі жəне т.б сала-

ларда қолданылады. Шұғыл несиелердің пайызының тиімді 

мөлшерлемесі қарыз шарттары мен оны өтеудің əдістеріне 

тікелей байланысты. Несиенің құны келісілген мөлшерлемені 

несиенің алғашқы сомасына немесе өтелмеген қалдыққа 

көбейту арқылы шығарылады. Екінші жағдайда қарыз бойынша 

төлемдердің жалпы сомасы аз болады, өйткені шұғыл қарыздар 

реттік жарналар арқылы өтеледі жəне өтелмеген қарыз біртіндеп 

азая береді.

Кепілге берілген қарыздар сатып алуларды, зауыттар салуды, 

жер сатып алуды қаржыландыруға беріліп, ұзақ мерзімге негіз-

деледі (15 немес одан да ұзақ жылдарға). 

Банктер ұзақ мерзімді қарыздар беруге талпынады. Өйткені, 

біріншіден, фирмаларды несиелеудің шарттарын жиі қарастырудан 

құтылады, екіншіден, бұндай қарыздар барынша қауіпсіз болады, 

өйткені сенімді кепілдендіріледі.

Барлық кепілдік (ипотеклық) қарыздар мағынасы жағынан 

бөліп өтеуге негізделген қарыздар болып табылады, ол бойын-

ша қарыз алушы несие сомасы мен оның пайызын алдын-ала 

бекітілген шəкіл бойынша реттік жарналар салу арқылы өтеуге 

міндеттелген. Нақты бекітілген мөлшерлемелік кепілдік қарыздар 

жағдайында айлық төлемдер тұрақты болып қалады. Уақыт өткен 

сайын өтемнің пайызға кететін бөлігі азаяды, осылайша кепілдің 

құны амортизацияланады. Банктер кепілдемелерді сақтаумен 

қатар, оны екінші (қайталама) нарықта сатуға құқылы.

Негізгі капиталды қаржыландыруға арналған қарыздарға 

құрылыс кезеңіне (екі жылға дейін) берілетін құрылыстық 

қарыздар да жатады. Қарыз алушы жүйелі түрде пайызды төлеп 

тұрады. Құрылыс аяқталғаннан соң банк несиесі басқа креди-

тордан кепілге алған ұзақ мерзімдік несие (мысалы, сақтандыру 

компаниясынан) негізінен жабылады. Кейбір банктер құрылыс 

пен ғимаратты пайдаланудың алғашқы кезеңін қаржыландыруға 

негізделген, «мини-тұрақты» деген атпен белгілі несиелерді 5–7 

жылға береді.

 Дəстүрлі ұзақ мерзімге арналған банк несиелері қазіргі кезде 

қымбат құнды жабдықтар – теңіз жəне өзен кемелері, байланыс 

спутниктері, ұшақ, көлік, компьютер жəне кейбір жағдайларда 

қозғалмайтын мүлікті қаржыландыруға арналаған қаржылық 

лизингке алмастырылуда.

Бұндай мəміле арқылы жалға алушы инвестицияға ірі қаржы 

салу немесе капиталын ұзақ мерзімге тоқтатып қоймай-ақ 

жабдықты пайдалануға мүмкіндік алады. Ол алғашқы жарнаны 

салмауы да мүмкін (несиеге сатып алғанда міндетті қажет), не-

месе аз ғана жарна төлейді. 

Америка банктері жалға беру операцияларына банк холдинг-

тері аясында құрылған лизингтік компаниялар арқылы қатысып, 

қаржыландырады, өйткені оларға банктік емес операциялармен 

айналысуға тиым салынған.

Осындай қаржы салу түрі ретінде жалға алушының банк не-

сиесі көмегімен жабдық сатып алуы (жалпы соманың 80-90%), 



148

149


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

ал қарыздық өтем жалға беру арқылы жабылады. Несие беруші 

рөліндегі артық өтем қабілеттілігі жоғары коммерциялық немесе 

инвестициялық банк, сақтандырушы немесе қаржы компаниясы, 

ірі өндірістік фирма қарыздың өтем жауапкершілігін толығымен 

жалға берушіге жүктеп, қарызды жабу мен пайызды өтеуге жар-

налар алып отырады. Жалға беруші операцияға өзінің 10-20% 

қаржысын салып, жабдықты есептен шығаруға жеңілдік жəне 

қаржыландырудағы өзінің үлесін алады.

Жоғарыда көрсетілген іскерлік несиелермен қатар, банк 

қозғалмайтын мүлік, ұзақ мерзімге арналаған тауарлар сатып 

алуға жəне кейінге қалтырылмайтын қажеттіліктерге арналған 

жеке тұлғалар үшін қарыздар да береді.

Кепілдеме арқылы берілетін қарыз. Құрама Штаттарда жаңа 

үйлердің 80% астамы несиеге сатып алынады. Бұндай несиелердің 

орташа мерзімі – 27 жыл көлемінде. Қарыз үй құнының шама-

мен 3/4 бөлігін қамтиды (қалған бөлігін сатып алушы мəміле 

барысында алғашқы жарна ретінде салады). Қозғалмайтын 

мүлікке арналған несиенің негізгі түрі – бұл бекітілген пайыздық 

көрсеткіші бар толығымен амортизацияланған кепілдемелік 

(ипотека туралы келісім) несие. Несиенің кепілі ретінде сатып 

алынған қозқалмайтын мүлік танылады; қарыз сомасы оның 

мерзімдік уақыты аралығында тепе-тең жарналар салу арқылы 

өтеледі; банк бекіткен пайыз өзгертілмейді.

Кепілдемеге қарыз беру барысында қарыз алушының 

жоспарлық кірісімен қатар, оның мүлкінің жағдайы мен құны 

– несиелеу ауқымы да маңызды болып табылады.

Банк тəжірибесінде жартылай амортизацияланған кепілдік 

несиелер, яғни жарна арқылы бір реттік төлем өтелетін несие 

түрлері де қолданылады. Бұндай кепілдемелердің мерзімі – 

5 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Жеке тұлғаларға арналған қарыздардың кең тараған түріне 

тұтынушылық несие жатады. Бұндай несиелер бойынша 

пайыздық мөлшерлеме кепілдемелік несиелер секілді банк 

үшін қымбатқа түсетін жəне тəуекелдік несие болып табылады. 

Тұтынушылық несиенің негізгі екі түрі қолданылады: бөлініп 

өтелетін қарыз жəне жаңартылатын қарыз. 

Бөлініп өтелінетін қарыздар қысқа жəне орташа мерзімге 

негізделіп, екі немесе одан да көп төлемдер арқылы өтелетін 

несие ретінде көп жағдайда тұрмыстық техникалар сатып алуға 

пайдаланылады. Оның негізгі бөлігі АҚШ көлік сатып алумен 

байланысты. Банк көп жағдайда көліктің құнының 90% екі-үш 

жыл мерзімге қарыз ретінде береді. Көп жағдайларда қарыз 

толығымен амортизацияланбаған болады – ол өтем соңында 

ірі төлемнің болатындығын жəне қайта сатып алу шартының 

болуымен, яғни қарыз алушы өз таңдауымен қарызды толық 

өтеуге немесе көлікті қалған қарыздың өтемі ретінде банкке 

беруіне болады.

Бөлініп өтелінетін қарыздардың көп бөлігі банк холдингіне 

кіретін еншілес қаржы компаниялары арқылы беріледі, өйткені 

бөлімшелермен салыстырғанда олар үшін географиялық шек-

теу болмағандықтан барынша тəуекелдікке барып, банктің 

мөлшерлемесінен əлдеқайда жоғары пайыздық несиелер беруге 

мүмкіндігі бар. 

Жаңартылатын қарыздар. Қарыз алушыға белгілі-бір мерзім 

аралығында несие алуға құқық беретін несиелік желі ашылады. 

Несиені өтеу шарттары қарыз алушының өтініші негізінде жа-

салады. Пайыз нақты алынған сомаға есептелінеді. Егер қарыз 

жеңілдігі бар 30 тəулік мерзім аралығында қайтарылса, банк 

пайдасына пайыз есептелінбейді.

Тұтынушы қарыздар сомасының 90% банк несиелік карточ-

калары аясындағы несиелер бойынша беріледі. Карточка иегері 

банкте несиелік желіге құқығы болғандықтан өз кірісіне байла-

нысты белгіленген мөлшерден аспайтын қарызды пайдалануға 

мүмкіншілігі бар. Несие карточка иегерінің «карточкалық 

келісім» мүшелігі бар дүкенде сатып алу мен шотқа қол қойған 

уақытында беріледі. Дүкен иесі өз кезегінде сатылым шотын кре-

диттік карточканы берген банкке апарып, өз тауарының құны мен 

аз мөлшердегі есептік пайызын алады. Карточка иегері қарызын 

30 күн ішінде өтеуі қажет.

Жеке тұлғалар пайдаланатын жаңартылатын несиенің келесі 

түрі – овердрафт. Бұл несие АҚШ көп таралмаған, бірақ, керісін-

ше Ұлыбританияда овердрафт коммерциялық өнеркəсіптер мен 

жеке тұлғаларды қысқа мерзімге несиелеудің негізгі түрі болып 

табылады.

Заңды жəне жеке тұлғалар үшін несие беруге қатысты шешім 

қабылдау үшін банк болашақ клиенттері туралы қажетті ақпаратқа 


150

151


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

ие болуы керек. Бұндай ақпарат барынша толық жəне объективті 

болу үшін ірі банктер өз базасын жасақтаса, кішігірім банктер 

арнайы сараптама-ақпараттық фирмалардың қызметін қолданады 

немесе осы əдістер арқылы өздері жұмыс істейді. АҚШ-та несие-

лік тəуекелдерді жеңілдету мен алдын-алу мəселесінде несие 

алушы заңды жəне жеке тұлғалар туралы ақпарат жинайтын ар-

найы несиелік бюролар (ең ірілері – Экспириэн, Транс Юнион) 

маңызды рөл атқарады. Бұл бюролардың несие алған немесе 

алуға өтініш білдірген АҚШ-тың 200 млн. астам тұрғыны ту-

ралы ақпарат картотекасы бар. Бұл Штаттардың барлық ересек 

тұрғындарының саны. Аларман туралы қарапайым анықтама 

1 доллар тұрса, скоринг мəліметтері бар (болашақ қарызгердің 

несиелік мүмкіндігінің баллдық көрсеткіші) анықтама – 

1,1 долларға дейін жетеді. Несиелік бюро тұрғындардың əр 

түрлі топтарының несиелік тəуекелділігін анықтауды 8-12 негізгі 

көрсеткіштер арқылы есептейді жəне олардың əр қайсысына 

белгілі-бір балл беріледі. Егер несиелік мекеме жеке тұлғаға 

несие беруден бас тартса, ол тұлғаға хат түрінде несие беру-

ден бас тартудың себептері мен қарыз алушы туралы ақпарат 

берген бюроның атауын тегін хабарлауы қажет. Егер ол жерде 

көрсетілген себептар аларманға сенімділік тудырмайтын, ал 

ол туралы ақпарат нақты болмаса, ол несиелік бюроға өзі ту-

ралы өзгерістерді енгізуге қатысты ұсыныс жасауға құқылы. 

Қарыз алушы тұлғалар туралы ақпаратты жинау мен жаңарту 

үрдісі несиелік бюроларда ай сайын несиелік мекемелердің 

қарызгерлердің шотының жағдайына қатысты енгізген ақпараты 

негізінде ай сайын жүргізіліп отырылады. Мəліметтер базасына 

бұдан басқа банкроттық туралы, сот үрдісі, салық жеңілдіктері, 

сайлау тізімдері, жаңартылған телефон анықтамалары жəне т.с.с. 

ресми хабарламалар да енгізіледі.

Ақпараттың қорғанысының қамтамасыз ету үшін оған тек 

арнайы рұқсаты бар адамдардар ғана жіберіледі жəне əр пайда-

ланым міндетті түрде тіркеледі.

Америка банктерінің қарыз беру операциялары АҚШ бақылау 

органдары тарапынан қатаң бақылауға алынған жəне бұл жағдай 

əлемнің басқа да экономикалық дамыған елдерінде байқалады. 

Банктердің қарыздық операцияларын қатаң реттестірудің се-

бептері: 

•  операция сенімдігін қамтамасыз ету, мысалы бір адамға 

қажетті қарыз сомасын шектеу арқылы;

•  белгілі-бір қарыз түрлерін ынталандыру немесе шектеу 

арқылы олардың экономикаға əсерін реттеу, мысалы кірісі төмен 

немесе шамалы аудандарда несие беруді көтермелеу.

Банк несиелері бойынша негізгі шектеу бір қарыз алушыға 

берілетін несие көлемі немесе «он пайыз ережесі», яғни бір 

адамға берілетін қарыз көлемі акционерлік жəне резервтік 

капиталдың сомасының 10%-нан аспауы керек.

Өз қызметкерлеріне арналған қарыз көлемі мен мақсаты 

мұқият бақыланады, ал ревизорларға қарыз мүлдем берілмей-

ді. Сонымен қатар, банк холдингіне кіретін бөлімшелер мен 

компаниялар мен қозғалмайтын мүлікке арналған қарыздар 

(жеке баспанаға арналған қарыз мерзімі мен көлемі) қатаң 

бақыланады.

Жоғарыда қарастырған операциялардан кейінгі банктік бел-

сенді операциялар қатарына кассалық жəне бағалы қағаздарға 

қатысты операциялар жатады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей банктің негізгі мақсаттарының 

бірі – бұл пайда мен төлемпаздықтың ұтымды ара-қатынасын 

сақтау болып табылады. Бұл жағдайда төлемпаздық екі жолмен 

қамтамасыз етіледі: төлемдік активтер қорын жасау немесе 

ақша нарығындағы ресурстарды депозит жəне займ түрінде 

тез жинақтау. Кассалық операциялар мен бағалы қағаздарға 

инвестиция салу төлемпаздықты қамтамасыз етумен тығыз 

байланысты.

Ұлыбританияның қаржы-несиелік саясаты.  Ағылшын 

банктерінің өзіндік ерекшелігі өнеркəсіптерді қысқа мерзімге 

несиелеуге овердрафт несиесін қолдануы болып табылады. 

Овердрафт клиенттің ағымдағы шотымен тығыз байланысты 

жəне оның иегеріне шоттағы несиелік қалдықтан артық, бірақ 

белгіленген шектелім көлемінде чек жазуға мүмкіндік береді. 

Бұндай түрдегі несие алуды аларман шығындары өз шотына 

түсетін кірістен артық болған жағдайда қолданады (мысалы, 

өнеркəсіптің айналымдық капиталын қаржыландыру).

Оввердрафт бойынша несиелеудің толық көлемін анықтау 

үшін банк қарыз алушы-фирманың болашақ ақша түсімдері, 

бизнес-жоспар бойынша төлемдері мен оның өнімдерінің 



152

153


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

таратылуының жоспарларына мұқият талдау жасап, аларманға 

белгілі кезең аралығында овердрафт иегері болуға құқық береді 

немесе банктің салиқалы клиенттеріне тұрақты түрдегі құқық 

береді.

Ұлыбританиядағы овердрафт мерзімі ондаған айдан бірнеше 



жылға дейін бекітіледі, бірақ, ереже бойынша жылына бір рет 

несиелерді толығымен өтеу қажет. Овердрафт бойынша пайыз 

қалдық қарызға күн сайын жүреді. Бұндай несие аларман үшін ең 

арзаны болып табылады, өйткені аларман тек нақты пайдаланған 

сомаға ғана жарна төлейді.

Қарыздық шот бойынша несие ағылшын банктері пайдала-

натын несиелеудің дəстүрлі түрі болып табылады. Оның овер-

драфттан айырмашылығы аларманға арнайы қарыз шоты ашы-

лып, оның дебетіне банк несиесі салынады, ал несие бойынша 

қаржының пайдаланылуы (чек жазу, нақты ақша алу жəне т.б) 

көрінеді.

Қарыздық шот бойынша несие аларманға оның капиталдық 

шығындары мен əр түрлі коммерциялық жобаларын жүзеге 

асыруды қаржыландыру мақсатында беріледі. Бұндай несиені 

берудің міндетті шарты – бұл мəміледе қарызгердің өзінің де 

қаржысының қатысуы болып табылады. Бұл несиелер орташа 

жəне ұзақ мерзімді несиелер қатарына жатады жəне оның өтемі 

қарыз шотының несиесінің есебіне тікелей қосылатын ай сайын 

тепе-тең белгіленген сомада бөлініп төленеді.

Овердрафттың қазіргі таңдағы үлгісі ретінде бюджеттік 

шоттар қолданылады. Қарыз алушы шотқа белгіленген сома 

салып отыруға міндеттелсе, банк реттік өтемдерді төлеп, 

қажет болған жағдайда несие береді. Несиелеудің шектемесі 

жарнаның көлеміне байланысты (көп жағдайда шектеме жар-

надан 30 есе артық болады). Шотты ашу барысында клиент 

өзінің коммуналдық төлемі, кепілдемелік өтемі, сақтандырулық 

жарнасын төлейді, сосын банк қарыздарды төлеудің ай сайынғы 

төлемдердің жылдық көлемін клиент төлемдерінің жалпы 

сомасының 1/12 бөлігі ретінде белгілейді. Шот жыл бойына 

несиелік сальдо немесе овердрафт болуы мүмкін, бірақ жыл 

соңында міндетті түрде жабылуы қажет. Егер бюджеттік шотта 

қалдық қалып қойса, ол клиенттің басқа шотына аударылады 

немесе шешіліп алынады.

Ағылшын қарызгерлері баспана сатып алу үшін құрылыс 

қауымдастықтары 20–25 жылға беретін қарыздарды пайдалана-

ды. Бұндай ипотекалық қарыздардың көлемі баспана құнының 

100% қамтуы немесе сатып алушының қаржы мүмкіндіктері 

мен пайыздық мөлшерлеменің көлеміне байланысты болады. 

Жоғарғы мөлшерлеме жағдайында (мысалы, в 12%) қарыз сомасы 

сатып алушының жылдық кірісінен 2,5 есе көп болуы мүмкін.

Қарыздың төлемі екі əдіспен жүзегше асуы мүмкін:

•  дəстүрлі (ай сайынғы төлемдер жасау арқылы);

•  қарыз сомасын бір рет төлеп, оның пайызын ретімен төлеп 

отыру.

Екінші жағдайда қарыз алушы сақтандыру компаниясымен 



сақтандыру-капитализация келісімін жасайды, ол бойынша 

қарызгер аталынған келісім мерзімінің аяқталуы қарсаңында 

қарыздың негізгі сомасын төлеуге қажетті қаржы алуға мүмкіндік 

береді. Егер қаржы нарығында тиімді конъюнктура қалыптасса 

(сақтандыру компаниялары ұсынатын пайыздың жоғарғы деңгейі, 

қарызгер (сақтандырушы) қарыз сомасынан да артық жиналған 

қаржы алуы мүмкін. 

Құрылыс қауымдастықтарының қарыздарының пайыздық 

мөлшерлемесі көп жағдайда өзгермелі болады; егер пайыздық 

мөлшерлеме өсімі төлем сомасын ұлғайтатын болса, қарызгер 

өтемдер көлемін қалдырып, мерзімді ұзартуға құқығы бар. 

Қарызгерлер өздеріне зияны тимейтіндей жағдайда қарыздарды 

уақытынан бұрын өтеуге мүмкіндігі бар, мысалы тұрғылықты 

жерін ауыстырғанда немесе тиімді ұсыныс жасаған кредитор 

табылған жағдайда.

Францияның қаржы-несиелік саясаты.  Францияның банк 

жүйесінің негізгі буындары: 1) Франции банкі; 2) депозиттік 

банктер; 3) инвестициялық банктер немесе «іскерлік банктер»; 

4) орташа жəне ұзақ мерзімді несиелер банкі. 

Осылайша, Францияның банктік жүйесі қысқа мерзімдік 

несие операциясына маманданған коммерциялық депозиттік 



банктер жəне эмиссия-құрылтайшылдық операциялар жолымен 

өндірісті қаржыландыратын инвестициялық немесе іскерлік 

банктермен ерекшелінеді. Ал депозиттік жəне іскерлік банктер 

арасындағы кеңістікті орташа жəне ұзақ мерзімді несиелер банк-

тері иемденген. 


154

155


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

Екінші дүние жүзілік соғыстан соң, кəсіподақтар мен солшыл 

күштер қысымы нəтижесінде Франция үкіметі 1945 жылдың 

желтоқсанында төрт ірі депозиттік банктер – «Лион несиесі», 

«Бас қауым», Сауда мен өнеркəсіпке арналған ұлттық банк жəне 

Ұлттық санақ конторасын (1966 жылы соңғы екі банк бірікті) на-

ционализацияланды. Бұл национализациялау дəстүрлік мағынада 

жүргізілді: бұрынғы акционерлер мемлекеттен сыйақылар алды. 

Национализацияланған банк активтері 50 жыл ішінде мемлекет 

сатып алуға міндеттелген 3%-дық облигацияларға алмасты-

рылды. Олар бойынша бұрынғы акционерлердің жылдық кірісі 

1944 жылғы дивидендтерден төмен болмады. Сонымен қатар, 

национализацияланған банктер басшылығында бұрынғы ак-

ционерлер қалдырылды (мысалы, «Лион несиесін» бұрынғы 

акционер, өнеркəсіптік алпауыт Шнейдер басқарды).

Национализацияланған ірі депозиттік банктер белсен-

ді несиелік əрекет жасады. Олардың балансы, несие жəне 

салымдарының сомасы бірнеше есе өсті. Бүкіл елде шамамен 

4000 астам бөлімшелері болды. Национализацияланған банктер 

өздерінің көлемі мен рөлі жағынан депозиттік банктер арасында 

алғашқы орында болды. ( 1972 жылы олардың жалпы депозит-

тердегі үлесі 57% болған).

Францияда 25 іскерлік банк жұмыс жасайды. «Іскерлік» атауы 

1945 жылдың 2 желтоқсанындағы заңға сəйкес, құрылтайшылық 

қызмет пен өздері қатысатын өнеркəсіптерді ұзақ мерзімді несие-

леумен айналысатын банктерге берілген. 

Іскерлік банктер тобына негізінен Франция «банк төбелтобын» 

құрайтын бұрынғы банк үйлері кірді. 

Бұл жерде Франция банктерінің арнайылығы сөз жүзінде ғана 

екендігін айта кеткен жөн, өйткені банктердің көптараптылығы 

жиі байқалады. Бір жағынан қарағанда, іскерлік банктер депо-

зиттік операцияларды кең дамытуда жəне салымдар тарту мен 

есептік-қарыздық операциялар қатынасы жағынан депозиттік 

банктерге бəсекелестік танытып отыр. Ал екінші жағынан, 

депозиттік банктер де қысқа мерзімді несиелермен шектелмей, 

өз кезегінде ұзақ мерзімді несиелер жұмысын жандандырып, 

өнеркəсіпті қаржыландыруға аяқ басқан.

Орташа жəне ұзақ мерзімді несиелер банктері депозиттік жəне 

іскерлік банктері арасындағы кеңістікті иемденген. Олардың 

өзіндік ерекшелігі – олар заң бойынша депозиттерді 2 жылдан 

кем емес уақытқа алуға мүмкіндігі бар жəне несиелерді де 2 

жылдан астам уақытқа берулері қажет. Олардың Франция банк 

жүйесіндегі саны мен үлес салмағы шамалы ғана.

Жалпы алғанда, француз банктері өнеркəсіптерге төмендегідей 

қысқа мерзімді (ағымдпағы) несиелер береді:

•  кассалық несиелер – банк алармандарының қысқа мерзімді 

овердрафт (бір немесе бірнеше күн) немесе ұзартылған овердрафт 

(бірнеше аптадан бірнеше айға дейін) пен мен маусымдық несие 

түріндегі өтемдік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған;

•  алармандардың қарыздық міндеткерліктерін қаржыландыруға 

арналған несиелер екі түрде – вексельдер есебі түрі мен 

мобилизациялық несиелер түрінде болады. Банк қарыз алушыға 

есептік несие желісін ашпас бұрын, ол коммерсанттың қаржылық 

жағдайын Франция банкіндегі түзелмеген төлемгерлердің орталық 

картотекасы негізінде тексереді. Аталынған мекеме кезінде век-

сельдердегі қолдың шынайылығын тексеру үшін құрылған жəне 

базасында Франция мен Монако нояндығының заңды жəне жеке 

тұлғалары – резиденттер мен вексель эмитенттерінің құқықтық, 

есептік, қаржылық мағлұматтары жиналған. Банк талаптарын 

фирма клиенттеріне емес, тек қарызгер-фирмаға ғана қоя алады 

(қарапайым мəміледе вексель бойынша соңғы иегер де жауап-

ты);


•  тауарларға берілетін несие өнеркəсіптердің қоймасы мен 

қоғамдық қоймаларда тауар қорын жасақтау үшін беріледі. Соңғы 

жағдайда, тауар иесіне берілетін қоймалық куəлік тауардың 

қоймаға алынғаны туралы сенімхаттан жəне банктен қарыз алуға 

құқық беретін есеп түріндегі варианттан тұрады.

Инвестициялық несиелер (орташа-жəне ұзақ мерзімді) негізі-

нен үш түрде жүзеге асырылады:

•  мерзімдік классикалық банк қарыздары. Орташа мерзімді 

несиелер 2–7 жыл арналған жəне банк өз бетіше немесе арнайы 

несие институттарымен бірігіп береді. Несие беру шарттары АҚШ 

жəне басқа да мемлекеттермен ұқсас, яғни қарызгер қаржы жоба-

сына өз қаржысын да (мəміленің 50–25% қамтуы керек). Банк ұзақ 

мерзімге де несие беруі мүмкін ( 20 жылға дейін), бірақ, олардың 

үлесі аз жəне оны тек арнайы мекемелер ғана қолданады;

•  лизингтік келісімдер, негізінен басқа мемлекеттердегіден 



156

157


Қазақстан қоғамы 

дамуының өзекті мəселелері 

Тарау ІV

Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы

көп айырмашылығы жоқ, тек Францияда қозғалмайтын мүлікке 

лизинг жақсы дамыған (қызмет орындары, қойма жəне т.б);

•  қатысулық несиелер – ұсақ кəсіпке қатысты жеке банк пен 

мемлекеттік мекемелердің біріккен несиелері..

Жеке қарызгерлерге арналған несиелер Францияда келесі 

түрде беріледі:

  кассалық несиелер рұқсат етілген овердрафт түрінде, яғни 

бекітілген шектеме ауқымында;

  бағалы қағаздарға негізделген несие – бағалы қағаздар 

кепілге қойылған овердрафт түрі;

  дербес несие – жеке тұлғаға 3 айдан 3 жыл мерзімге, оның 

жылдық табысының 1/4 бөлігі көлемінде үшінші тараптың 

кепілдемесі негізінде берілетін жаңартылатын несие. Бұл 

жерде маңызды рөлді «кіріс ескерпесі» шарты, яғни қарызгер 

кірістерінің банктегі шотқа түсуі алынады, өйткені банк оның 

қаржылық жағдайын бақылауда ұстайды;

  тұтынушылық қарыздар шарттары бойынша дербес несие-

ге ұқсас, бірақ, пайыз мөлшерлемесі төмен, тұтынушы несиесі 

қамтитын тауарларды дүкенде сатып алу шоттарын жабуға 

беріледі;

  қозғалмайтын мүлікке арналған несиелерді банк 2 жыл-

дан 15-20 жыл мерзімге береді жəне ол бекітілген жəне өзгеріп 

тұратын айлық немесе тоқсандық жарналар арқылы өтеледі.

Айта кететін бір жайт, шетелдік банктердегі қаржы-несиелік 

саясат əр түрлі жəне белгілі-бір өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл 

жағдай Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі барысындағы 

өзгерістер мен өз даму жолын таңдау барысында банк жүйесіне 

реформа жүргізуіне себеп болды. 

Əрине, кез-келген мемлекеттің қаржы-несиелік жүйесі көп 

жағдайда оның экономикасының түріне байланысты болады. 

Орталықтанған экономиканың қаржы-несиелік жүйесі нарықтық 

экономиканың жүйесіне ұқсамайды. Бұны республиканың қаржы-

несиелік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер растайды.

«Қоғам жəне дəуір» ғылыми-сараптамалық журналы №2, 2009.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет