№2(78)/2015 Серия педагогика


Отбасы тəрбиесінде қазақ халық педагогикасының



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата31.03.2017
өлшемі4,99 Mb.
#10744
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45

Отбасы тəрбиесінде қазақ халық педагогикасының  
идеяларын пайдалану 
Мақалада  халық  даналығының  бала  тəрбиесі  жайлы  ойлар  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  тұлға 
ретінде  қалыптасуы,  жас  ұрпақты  еңбексүйгіштікке  баулу  сұрақтары  қарастырылған.  Халық 
тəрбиелеу  жүйесінің  негізгі  бағыттарының  əдіс-тəсілдері  белгіленген.  Жанұялық  тəрбиелеу  бірінші 
қоғамдық  керектілік  ретінде  саналып,  тəрбиелеудің  басының  негізі  болып  көрсетілді.  Авторлармен 
қазақтың  отбасылық  дəстүрлері  көрсетіліп,  əр  дəстүрдің  тəрбиелеу  рөлінің  үлкен  мағынасы 
сипатталған. 
 
 

А.Б.Айтжанова, И.А.Корнилко 
234 
Вестник Карагандинского университета 
А.B.Aitzhanova, I.A.Kornilko 
The use of ideas of the national pedagogics  
of the kazakhs in family education 
In article questions of education of the child, formation of his personality, instilling of young generation 
of love to work are considered. Receptions and methods of the main directions of a national educational sys-
tem are allocated. Family education is defined as the prime public necessity, i.e. a basis of all educational be-
ginnings and parental happiness was a family. Authors described the Kazakh family traditions, each of which 
has a big educational role. 
 
 
References 
1  Turmanzhanov U. Kazakh proverbs and sayings, Alma-Ata: Znaniye, 1980, р. 82–86. 
2  Zhakhan Zh.Zh.  National education and continuity generation of the Kazakh people, [ER]. Access mode: 
http://www.rusnauka.com/16_NTP_2008/Psihologia/34050.doc.htm 
3  Kornilko I.A., Bitabarov E.A., Altayeva B.S. Family traditions of the Kazakh people as factor of moral education of modern 
school students, [ER]. Access mode: http://www .rusnauka.com/6_PNI_2012/Pedagogica/3_101956.doc.htm 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 37.013 
А.Ж.Бəкірова 
«Қуаныш» балабақшасы, Қарағанды 
(E-mail: aigul-bakirova@mail.ru) 
Ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызы 
Мақалада бала өміріндегі ұлттық тəрбиенің рөлі туралы айтылған. Сол мақсатта ұлттық ойындардың, 
ұлттық  мерекелердің,  тілдің,  салт-дəстүрдің  маңызының  ерекшелігі  жан-жақты  қарастырылған. 
Сонымен  қатар  осы  айтылғандардың  арасындағы  сабақтастық  жəне  байланыс  жақсы  көрсетілген. 
Қазіргі замандағы көкейкесті мəселелерді шешуге байланысты ұлттық тəрбие арқылы Отанды сүюге 
балаларды баулу, үлкендерді сыйлау жайлы ойлары жұмыста жүзеге асырылған.  
Кілт  сөздер:  ұлттық  тəрбие,  білім,  ұрпақ,  тіл  мəдениеті,  адамгершілік,  имандылық,  сыйлау,  мақсат, 
көркем сөз, рухани жетілу. 
 
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу — тəрбиенің басты 
міндеттердің  бірі.  Бұл  саладағы  күш-жігер,  алдымен,  бүлдіршіндерді  отаншылдыққа  тəрбиелеуге 
бағытталуы  тиіс. «Отан»  деген  ұғым  балаға  дүние  есігін  ашатын  туған  жері,  кең  байтақ  гүлжазира  
даласы. Балаға «Отан», «туған жер» дегеніміз — тарихи қалыптасқан əлеуметтік, саяси жəне мəдени 
орта.  Тарихқа  көз  жүгіртсек,  халқымыз,  ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы  жинақтаған  өмір 
тəжірибесін,  бай  рухани  қазынасын  жас  ұрпақты  тəрбиелеуді  пайдаланған  бала  тəрбиесіне  ерекше 
мəн бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып, келелі міндеттер 
жүктеген. «Болашақ  ел  қамқоры», «Отан  қораушысы», «Шаңырақ  иесі», — деп  жақсы  сөзін  қазақ 
халқы баласына арнаған. Отанды сүю халық ауыз əдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында, 
халықтың тəрбие-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары, отбасындағы тəрбие, халық ойындары мен мерекелері, 
музыкалық  шығырмалары,  бейнелеу  өнері,  қол  өнері  туындыларында  тəрбиелік  мазмұнда  көрініс 
тапқан.  Жас  ұрпақты  намысшылдыққа,  ерлікке,  отаншылыққа  «Ер  жігіт  елі  үшін  туады»  деп, 
кішіпейілдікке  «Кішіпейіл  болсаң,  кішіреймейсің»  деп,  бауырмашылыққа,  білімпаздылыққа, 
ақылдылыққа «Ақыл азбазды, бегім тозбайды» деген, тазалыққа «Тазалық — саулық кепілі», еңбекке 
«Еңбек  түбі — береке»  дей  келе  туған  жер  табиғатын,  ерлік  дəстүрін  сүюге  тəрбиелеген.  Адам 

Ұлттық тəрбиенің бала… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
235 
бойындағы  сапалы  адамгершілік  қасиеттерді  жаман  əдет,  жат  мінез-құлықтарға  қарсы  қоя  отырып, 
жамандықтан  жирену  керек  деген  екен.  Балалар  тіл  мəдениетін  үйретіп,  шығармашылыққа 
тəрбиеледі. Қанатты асыл, көркем сөздердің ықпалы ерекше тиімді (1-сур.).  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мекемелерінде  бала  жас  кезінен  бастап  көпшіл,  ынтымақшыл, 
үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуға, адамгершілікке тəрбиелейді. 
Халқымыздың  ежелден  берік  ұстаған  əдеп-салтының  бірі — адамдар  арасындағы  ілтипатты 
қарым-қатынастар,  екі  жақты  сыйластық.  Сол  себепті  жас  үлкенді  сыйлап  атын  атамай,  оларды: 
«Ата, əже, апа, аға, тəте, көке, əпке, жеңге» — десе жасы кішілерді үлкендер өз тарапынан: «Інішек, 
қарындас, шырағым, бауырым т.б», — деп құрметтеп атайды. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегелі 
əдепті  біз  қазақтың  мақал-мəтелдермен  нақыл  сөздерінен,  бүгінгі  таңдағы  шығармалардан  көптеп 
кездестіреміз. Мысалы: «Үлкенге — құрмет,  кішіге — ізет», «Əдепті  бала өсірсең,  елдің  абыройы» 
осы сияқты сөздер əрқашанда əдептілікті сақтағаның, сыпайы, кішіпейіл адамды үлгі, жас ұрпақтын 
тəлімді, тəрбиелі болып өсуіне назар аударып, көңіл бөліп отырған. Сондай-ақ сырттан жасы үлкен 
адам  кіргенде,  тұрып  сəлем  беру,  орнынан  тұруға  көмектесу,  шығарып  салу — жас  балаға  тəн  деп 
санаймыз. Қонаққа сай құрмет көрсету — үлкен арыс, бұлжымас міндет. 
 
 
1-сурет. Қанатты сөз, сөз тіркестердің тиімділігі 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  тəрбиесіндегі  ұлттық  тіл  дамытуындағы  басты  міндет — 
балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тіл дамыту əдіс-тəсілдер арқылы жүзеге асыру. Ол сұрақ-жауап, 
сөздік  қорды  дамыту,  сөйлесу,  əңгімелесу,  көрнекілік.  Əр  сабақ  сайын  тақырыпқа  сай  көрнекілік 
құралдар,  түрлі  суреттер,  кестелер,  сабақты  көркемдеп  отырса,  балалардың  сөздік  қоры  біршама 
толығады деген  ойдамыз.  Заман  өзгерген  сайын  əдіс-тəсілдер  көбейіп,  жаңарып,  толығып  отыр.  Əр 
түрлі  жаңа  технологияларды  өз  тəжірибемізде  қолданып  жүреміз.  Сонымен  қатар  қазақ  тіліне 
үйреткенде  балалардың  жас  ерекшелігін  ескеру  əдіс-тəсілдерді  таңдауымен  сай  келеді,  сабақ 
өткізгенде  бірінші  орынға  ойын  түрлері  қойылады.  Адам  мəдениеті  ойын  арқылы  дамиды,  демек, 
балалық  шақтан  бастап  қартайған  кезге  дейін  адамды  ойын  жетелеп  отырады.  Ойын  дегеніміз  не? 
Ойын — қоғамдық тəжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-əрекеттің бір түрі, яғни тəртіпті, өзін-
өзі  басқаруды  жетілдіреді.  Ойын — мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  іс-əрекеті.  Ақын 
Н.Баймұхамедов: «Ойын ойнап əн салмай, өсер бала болар ма?» [1] деп айтқандай, баланың өмірінде 
ойын ерекше орын алады (2-сур.).  
 
Ұлттық тəрбиенің бала 
өміріндегі маңызы 
Ұлттық  мерекелер — 
Тəуелсіздік  күні,  Жаңа 
жыл, 8 Наурыз, 22 
Наурыз,  Қазақстан  хал-
қының  бірлігі  мерекесі, 
Жеңіс  күні,  Астана 
күні, ҚР Конституциясы 
күні, Республика күні 
Қазақ  тілі — казақ  тілі  ұйымдастыру  іс-
əрекетіне  сөздік  қорды  дамыту  жұмыстары 
мынандай  əдіс-тəсілдер  арқылы  жүзеге  аса-
ды: 
сұрақ-жауап, 
сөйлесу, 
əңгімелесу, 
көрнекілік,  əр  түрлі  жаңа  технологиялар, 
рөлдік ойындар, түсіндіру əдісi 
Үлкенді сыйлау — үлкеннің атын атамау, үлкенге сый-құрмет көрсету, адамгершілікке тəрбиелеу, қонаққа 
сай құрмет көрсету, қазақ сөз өнерің қатты құрметтеу, сыпайлыққа үйрету, қол алысып амандасу, үлкендерге 
орыннаң тұрып ізеттілік, өз-өзін еркін ұстау, еркін сөйлеуге үйрену, инабаттылыққа баулу 
Отан  деген  ұғым — ҚР 
рəміздері, 
туған 
жерге 
деген сүйіспеншілігі, тарихи 
қалыптасқан 
əлеуметтік, 
азаматтық, имандылық 
Ұлттық  ойындар:  көкпар, 
асық  ойыны,  теңге  алу, 
ұшты-ұшты,  күміс  ілу, 
бəйге,  қыз  қуу,  ақ  сүйек, 
ақшамшық 

А.Ж.Бəкірова 
236 
Вестник Карагандинского университета 
 
2-сурет. Ойынның балаларға пайдасы 
Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызына байланысты 
келесі жұмыстар түрлері қолданылады: 
1. Қазақ тілі — тіл үйрету барысына əрбір сабақта ойын түрлерін жəне өзара сөйлесу үлгілерін 
қолданған  дұрыс.  Сабақ  барысында  ойын  элементтерін  дидактикалық  материал  ретінде 
пайдаланудың  пайдасы  бар.  Ойын  арқылы  баланың  бойына  адамгершілік  қасиеттерін,  өмірге 
құштарлығын қалыптастыруға болады. 
2. Ұлттық ойындар — сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын жəне ойын түрлері қойылады. Ойын — 
балалар  өмірінің  нəрі,  яғни  оның  рухани  жетілуі  мен  табиғи  өсуінің  қажетті  алғышарты  жəне 
халықтың  салтын  үйренуде,  табиғат  құбылыстарын  тануда  олардың  көру,  есту,  сезу  қабілеттерін, 
зейінділікпен  дамыту.  Ойын  арқылы  балалар  қоғамды  тəжірибені  меңгереді,  өзінің  психологиялық 
ерекшеліктерін  қалыптастырады.  Ойын  баланың  жан-жақты  дамуын  көздейтін,  оның  тілін 
жаттықтыратын,  қимыл-қозғалысын  жетілдіретін,  белсенділігін  арттыратын,  басқа  адамдармен 
қарым-қатынасын  реттеп,  құрдастарымен  ұйымшылдығын  арттыруға  негіз  болып  табылады. 
Халқымыздың тарихи-мəдени мұраларының түрлері өте көп. Солардын қай-қайсы да адам игілігіне 
қызмет  етуге  бағытталған.  Сондай  аса  құнды  мəдени  игіліктердің  бірі  ұлттық  ойындар  болып 
табылады.  Қазақтың  ұлттық  ойындары  ерлікті,  батылдылықты,  дененің  шынығуын  қажет  етеді. 
«Орамал  ілу», «Асық  ату», «Түйілген  орамал», «Қыз  қуу», «Ұшты-ұшты»,  т.б  ұлттық  ойындар 
баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тəжірибесін кеңейтуге, ептілік қабілетін жетілдіруге өз əсерін 
тигізеді. 
3. Ұлттық мерекелер — əрбір халықтың осы күні жарқыратып, көрсететін мəдениет мен дəстүрлі 
ұлттық тағамдары болады. Дəстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл, ел болып, əсіресе 
жастар  жағы  түгелдей  таң  шапағатын  қарсы  алудан,  тазаланған  арықтарға  су  жіберуден,  ағаш 
отырғазып,  гүл  егу  рəсімін  өткізуден  бастайтын.  Қызықшылық  онан  əрмен  халық  ойындармен 
(«Ақ серек  пен  көк  серек»), («Айқыш-ұйқыш»),  т.б  əн  салып,  би  билеумен,  ақындар  айтысымен, 
қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы 
тамашамен аяқталатын. 
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мəселесі — жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тəрбие беру. 
Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінде басталуы керек.  
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда 
оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік, 
мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік,  құнды  қасиеттерді  сіңіріп  өз-өзіне  сенімділікті 
тəрбиелеуге отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік тəрбие — екі жақты 
үдеріс.  Бір  жағынан,  бұл  үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді  ұқпалын, 
екінші жағынан — тəрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-
қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адмгершілік ұғымның əр түрлі 
əдістерін  пайдалана  отырып,  педагог  істелген  жұмыстардың  нəтижелерін,  тəрбиеленушілердің 
жетістіктерін  зер  салып  талдау  керек.  Адамгершіліктің  негізі  мінез-құлық  нормалары  мен 
ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық 
өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, 
өзара  көмек,  сондай-ақ  қоғамға  адамгершіліктің  өзге  де  формалары,  бұл — сананың,  сезімдердің, 

Ұлттық тəрбиенің бала… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
237 
мінез-құлық  пен  өзара  қарым-қатынастың  бөлінбес  элементтері,  оларды  негізінде  қоғамымыздың 
қоғамдық-экономикалық  құндылықтары  деп  жатады.  Баланың  өмірге  белсенді  көзқарасы  бағыты 
үлкендер  арқылы  тəрбиеленеді.  Тəрбиелеу,  білім  беру  жұмысының  мазмұны  мен  формалары 
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтылынады. Адамгершілікке, еңбекке тəрбиелеу күнделікті 
өмірде, үлкендердің қолдан жұмысты ұйымдастыру үдерісінде, ойын жəне оқу ісінде жоспарлы түрде 
іске  асады.  Тəрбиешінің  ең  бастапқы  формалары  педагогтың  балалармен  мазмұнды  қатынасында, 
жан-жақты  іс-əрекетінде,  қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу  кезінде,  балаларға  арналған 
шығармаларымен,  суретшілер  туындыларымен  танысу  негізінде  іске  асады.  Мұндай  мақсатқа 
бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбексүйгіштікке,  ізгілікке  ұжымдық  пен  патриотизм  бастамасына 
тəрбиелеуге,  көп  дүниені  өз  қолымен  жасай  алуды  жəне  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға, 
үлкендер  еңбегін  нəтижесін  бағалауға  тəрбиелеуге  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  мəселе  қазіргі 
зерттеулерде айтылып жүр [2]. 
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге, бірге ойнау, бір нəрсемен шұғылдану, ортақ мақсат 
қою жəне оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бəрі де баланың 
жеке  басының  қоғамдық  бағытын  анықтайды,  оның  өмірге  белсенді  ұстанымын  бірте-бірте 
қалыптастырады.  
Əр  баланың  жеке  басы,  оның  моральдік  дамуы  үшін  қамқорлық  жасау — бүгінгі  күннің  жəне 
алдағы  күндердің  талабы,  оған  педагогтың  күнделікті  көңіл  бөлу  талап  етіледі. «Балалар 
бақшасындағы  тəрбие  бағдарламасы»  мектепке  дейінгі  балалардың  жан-жақты  дамуын,  олардың 
мектепке  дайындығы  қарастырады. Бұл бағдарламаны  жүзеге  асыруда  басты  рөлді атқарады.  Оның 
ықпалы неғұрым белсендірек болып, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын олардың ерік-
күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік 
дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай 
жүзеге асады. Əрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін өзіндік ерекше жағдайлар 
керек.  Мəселен,  ойында  ұнамды  əдеттер,  өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік  сезімдер 
қалыптасады,  еңбекте  еңбексүйгіштік,  үлкендер  еңбегін  құрметтеу,  сондай-ақ  ұйымшылдық, 
жауапкершілік  парыздық  сезімі  сияқты  қасиеттер,  патриоттық  сезімдер  жайлы  мағлұматтар  т.б. 
қалыптасады. 
Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды  адамгершілікке  тəрбиелудің  негізгі  міндеттері  мына 
жайлармен  түйінделеді:  ізгілік  бастамасымен  тəрбиелеу,  балалар  мен  үлкендер  арасындағы  саналы 
қарым-қатынас  тұрмыстың  қарапайым  ережелерін  орындау,  кеңпейілдік,  қайырымдылық,  жақын 
адамдарға  қамқорлықпен  қарау  жəне  т.б.  ұжымға  тəрбиелеу,  балалардың  ұжымда  өзара  қарым-
қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу, əр түрлі ұлт өкілдерін қадір тұту 
жəне  сыйлау.  Осылайша  мейрімділіктің  негізі  қаланады,  немқұрайлықтың  пайда  болуына, 
құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым 
əдеттерді тəрбиелей отырып, педагог балдырғанның бар істі шын пейілімен əрі саналы атқаруына қол 
жеткізеді,  яғни  сыртқы  ұнамды  мінездері  оның  ішкі  жан  дүниесін,  оның  ережеге  деген  көзқарасын 
айқындайды. 
Атақты педагог В.Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан, он екі жасқа дейінгі аралықта əр адам 
өз рухани дамуына қажетті нəрсенің бəрін де ертегіден алады. Тəрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, 
ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дəрежесін  биік,  мəдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол, 
еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан  ұрпақ  тəрбиелеу.  Ертегінің  рухани 
тəрбиелік мəні зор. Ол — балаға рухани лəззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының 
өсіп жетілуіне қажетті нəрсенің мол қоры бар рухани азық» [3], — деп атап көрсеткен. 
Руханилық — жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың  негізінде  адамның 
мінез-құлқы  қалыптасады,  ар-ұят,  өзін-өзі  бағалау  жəне  адамгершілік  сапалары  дамиды. Мұның  өзі 
мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 
Рухани-адамгершілік тəрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларың нормалары, 
ұйымдағы қарым-қатынас мəдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік 
санасының  дəрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс-əрекетін  анықтайды.  Сананың  қалыптасуы  бала 
мектепте  бармастан  бұрын  жақын  адамдардың  өзара  қатынасын  басталады.  Баланы  жақсы 
адамгершілік  қасиеттерге,  мəдениетке  тəрбиелеуде  тəрбиелі  адаммен  жолдас  болудың  əсері  күшті 
екенін  халқымыз  ежелден  бағалай  білген.  Оны  «Жақсымен  жолдас  болсаң — жетерсің  мұратқа, 
жаманмен  жолдас  болсаң — қаларсың  ұятқа...», «Жаман  дос  жолдасын  жауға  қалдырар»  деген 
мақалдарды  көруге  болады.  Мақал-мəтелдер,  жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер — адамгершілік  тəрбиенің 

А.Ж.Бəкірова 
238 
Вестник Карагандинского университета 
арқауы.  Үлкенді  сыйлау — адамгершіліктің  бір  негізгі.  Адамзаттық  құндылықтар  бала  бойында  іс-
əрекет  барысында  əр  түрлі  ойындар,  хикаялар,  ертігілер,  қойылымдар  арқылы  беріледі. 
Адамгершілік — адамның  рухани  байлығы,  ол  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін  руханият 
дəуіріне қадам болып табылады. Адамгершілік тəрбиенің нəтижесі адамдық тəрбие болып табылады. 
Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттері  мен  сапалары,  қарым-қатынастарында  қалыптасады. 
Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, 
іс-əрекеті,  қарым-қатынасы,  көзқарасымен  сипатталады.  Олар  адамды  құрметтеу,  оған  сену, 
əдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанаршылық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. 
Адамгершілік — ең  жоғарғы  құндылық  деп  қарайтын  жеке  адамның  қасиеті,  адамгершілік  жəне 
психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. 
Адамгершілік  тақырыбы  мəңгілік.  Ол  ешқашан  ескірмек  емес.  Жас  ұрпақтың  бойына 
адамгершілік қасиеттерді сіңіру — ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершіліктің қайнар 
бұлағы — халқымда,  отбасымда,  олардың  өнерлерінде  əдет-ғұрпында.  Əр  адам  адамгершілікті 
күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 
Көрнекті педагог В.Сухомлинский: «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай 
бола  алады» [3; 8], — дейді.  Демек,  шəкіртке  жан-жақты  терең  білім  беріп,  оның  жүрегіне 
адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік 
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 
Қай заманда адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін өмірін 
жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тəрбиелеу. Ұрпақ тəрбиесі — келешек қоғам тəрбиесі. Сол 
келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол  мəдени-ғылыми  өрісі  озық  етіп 
тəрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. 
Мектепке  дейінгі  адамгершілік  тəрбие  балалардың  адамгершілік  сана-сезімін,  мінез-құлқын 
қалыптастыруды  қамтиды.  Дəлірек  айтқанда,  адалдық  пен  шыншылдық,  адамгершілік, 
кішіпейілділік,  қоғамдық  жəне  өмірдегі  қарапайымдылық  пен  сыпайылық,  үлкенді  сыйлау  мен 
ибалық — адамгершілік тəрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мəселелері.  
Адамгершілік  тəрбиесінің  əрқайсының  ерешеліктерін  жетік  білетін  ұстаз  халық  педагогикасын 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дəстүрлерді,  əдет-ғұрыпты  жан-жақты  терең  білумен  қатар 
өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. 
Ата-ананың болашақ тəрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. 
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген 
жұмысы — балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер нені айтса соны айтатынын, не істесе соны 
істегісі келетін бəріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені — ол үшін 
адамгершілік тəрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмытылып, жағымды істермен айналысатын 
адамның айналасындағыларға көрсетер, берер тəлімі мол болмақ. 
Жасөспірім  тəлім-тəрбиені,  адамгершілік  қасиеттерді  үлкендерден,  тəрбиешілерден  насихат 
жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы 
адамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуы  осы  бағытта  жүзеге  асады,  сөйтіп  оның  өзі-өзі  тануына, 
өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тəлім-тəрбие берілуі керек. 
Жақсы  адамгершілік  қасиеттердің  түп  негізгі  отбасында  қалыптасатыны  белгілі.  Адамгершілік 
қасиеттер  ізгілікпен  ұштастырады.  Əсіресе  еңбекке  деген  тұрақты  ықыласы  бар  жəне  еңбектене 
білуде өзін көрсететін балаларды еңбексүйгіштікке тəрбиелеу басты міндет болып табылады. 
Өз  халқының  мəдениетін,  тарихын,  өнерін  сүю  арқылы  басқа  халықтардың  да  тілі  мен 
мəдениетіне,  салт-дəстүріне  құметпен  қарайтын  нағыз  мəдениетті  азамат  қалыптасады.  Қазақ 
халқының  əлуметтік  өмірінде  үлкенді  сыйлау  ұлттық  дəстүрге  айналған.  Отбасында,  балабақшада, 
қоғамдық  орындарда  үлкенді  сыйлау  дəстүрін  бұзбау  жəне  оны  қастерлеу  əрбір  адамнан  талап 
етіледі.  Халқымыздың  тəлім-тəрбиелік  мұрасына  үңілсек,  ол  адамгершілікті,  қайырымдылықты, 
мейірбандықты дəріптейді.  
Ата-бабаларымыз  баланы  бесігінен  жақсы  əдеттерге  баулыған. «Үлкенді  сыйла», «Сəлем  бер, 
жолын  кесіп  өтпе»  деген  секілді  ұлғатты  сөздердің  мəні  өте  зор.  Адамгершілікті,  ар-ұяты  бар 
адамның  бет-бейнесі  иманжүзді,  жарқын,  биязы,  өз  парасатты  болады.  Ондай  адамды  халық 
«иманжүзді  кісі»  деп  құрметтеп  сыйлаған.  Балаларымызды  имандылыққа  тəрбиелеу  үшін  олардың, 
ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік,  қайрымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық, 
ізеттілік  сияқты  қасиеттерді  бойына  сіңіру  қажет.  Баланы  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет  көрсетуге, 
иманды болуға, адамгершілікке баулу — адамгершілік тəрбиесінің жемісі. 

Ұлттық тəрбиенің бала… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
239 
Балаларды  адамгершілікке  тəрбиелеуде  ұлттық  педагогика  қашанда  халық  тəрбиесін  үлгі 
ұстайды. Ал адамгершілікке тəрбиелеудің бірден-бір жолы – осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. 
Осы  қасиеттерді  балаға  жасынан  бойына  сіңіре  білсек,  адамгершілік  қасиеттердің  берік  іргетасын 
қалағанымыз. Бұл мəселе Жүсіппек Аймауытовтың еңбектерінде жан-жақты талданған [4].  
Адамгершілік — адамның  рухани  арқауы.  Өйткені  адам  баласы  қоғамда  өзінің  жақсы 
адамгершілік  қасиетімен,  адалдығымен,  қайырымдылығымен  ардақталады.  Адам  баласының  мінез-
құлқына тəрбие мен тəлім арқылы, тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, 
қасиеті мол адамшылық атауының көрінісі болып табылады. 
Адам  бойына  кішіпейілдік,  сыйластық,  рақымшылық,  жанашырлық,  тілектестік  сияқты 
қасиеттерді  жəне  өзгелерді  қадірлей,  сыйлай,  құметтей  білу,  тыңдай  білу,  қолынан  келгенше 
адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пəнінің үлесіне тимек. 
Тəрбиешінің  алға  қойған  мақсаты — бойында  ұлттық  санасы  қалыптасқан,  халқының  əдет-
ғұрпын,  салт-дəстүрлерін  көңіліне  тоқыған,  дені  сау,  шымыр  да  шыныққан,  сымбатты,  рухани 
байлығы мол, жан-жақты азамат тəрбиелеп өсіру. Рухани-адамгершілік тəрбиесінде алдымен баланы 
тек  жақсылыққа,  қайырымдылыққа,  мейірімділік,  ізгілікке  тəрбиелеп,  соны  мақсат  тұтса,  ұстаздың, 
ата-ананың  да  болашағы  зор  болмақ. «Мен  үш  қасиетімді  мақтан  тұтам».  Олар:  жалған  айтпадым, 
жақсылықты сатпадым  һəм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет — əркімнің өз құдайы. 
Өз  құдайынан  айырылған  адам  бос  кеуде,  өлгенмен  тең  депті  Ақан  сері.  Жеке  тұлғаны 
қалыптастыруда,  олардың  жан  дүниесіне  сезіммен  қарап,  əрбір  іс-əрекетіне  мақсат  қоюға, 
жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тəрбиелеу — адамгершілік тəрбиесінің басты 
мақсаты.  Мақсатқа  жету  үшін  сан  алуан  кедергілер  болуы  мүмкін.  Кедергіге  қарсы  тұра  білетін 
қасиеттерді  бала  бойына  жас  кезінен  бастап  қалыптастыру  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  негізін 
қалайды. 
«Еліміздің  күші — патшада,  сəбидің  күші — жылауында»  демекші,  біздің  күшіміз, 
қорғанышымыз, сеніміміз — адамгершілігімізде болуы керек. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Тілеужан М. Рухани өнегелі тəрбие // Бала тəрбиесі. — Алматы, 2006. — № 2. — 24-б. 
2  Ахметова М.Т. Адамгершілік-рухани тəрбиенің маңыздылығы // Өзіндік таным. — Алматы, 2007. — № 2. — 18-б. 
3  Бабаев C.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы // Бастауыш мектепте оқыту. — 2007. — № 4. 
4  Аймауытов Ж. Тəрбиеге жетекші // Бала тəрбиесі. — 2008. — № 47. — 38–43-б. 
 
 
А.Ж.Бакирова 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет