Нұрсұлтан Назарбаев Ќазаќстан жолы


Болашаќќа ќарай алға, интеграцияға ќарай кейін



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата31.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#10872
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

Болашаќќа ќарай алға, интеграцияға ќарай кейін
Теңгенің енгізілуімен байланысты еліміздің тєуелсіз ќаржы
жүйесінің  өмір сүруінің есебі басталды, ол ќазіргі ағымда дүние-
жүзілік еңбек бөлінісі жүйесіне кіруге жєне бєсекеге жеткілікті
түрде дайындалған деп танылуда. Сол уаќыттан бастап макро-
экономикалыќ көрсеткіштерді тұраќтандыру жөнінде кешенді
шаралар іске асырыла бастады. Ол көрсеткіштер 1993 жылы ќара-
шада негізі ќаланған экономикалыќ өсудің іргетасы болды.
Біз ең басынан-аќ аралыќ валютадан бас тартып, ұлттыќ мүдде-
мізге жауап беретін, өзіміздің бюджеттік жєне аќша-кредиттік
саясатымызды  іске асыруға кірістік. Біздің валюта, бүтіндей
алғанда, бүкіл осы кезеңде өзінің тұраќтылығын көрсетті жєне
бірќатар көрші елдерде орныќты сұранысќа ие болды.
Мұндай нєтижелерге жету оңай болған жоќ. Ұлттыќ валюта-
ны енгізу өздігінен ешќандай да єлеуметтік-экономикалыќ про-
блемаларды шешпейтінін біз түсіндік. Ол былай тұрсын, аќша-
ның ќұнсыздануына ќарсы саясаттың жєне ќаржыны пайдала-
нуға ќатаң баќылаудың болмауы жағдайында, валютаны енгізу
осы проблемаларды ќатты асќындырып, халыќтың жаңа валю-
таға сенімін бұзуы мүмкін еді. Оны ќалпына келтіру өте ұзаќќа
жєне ќиындыќќа соғатыны аныќ.
Басќа елдердің тєжірибесі көрсеткендей, өз валютаңды сєтті
енгізіп, оны ќолдап отыру үшін, ќатаң аќша-кредит жєне салыќ-
бюджет саясатын жүргізу керек. Менің бұрын айтќанымдай, бұл
жұрттың бєріне ұнаған жоќ, біраќ та біз ќалтамызға ќарап, тек
өз күшімізге сүйеніп өмір сүруді үйренуге тиіс болдыќ.
Сонымен ќатар, Ќазаќстан 1992-1993 жылдары Ресейге ќара-
ғанда єлдеќайда жұмсаќ аќша-кредит саясатын жүргізді, ал біраќ,
айта кету керек, бұл бізге аса пайдалы болған жоќ. Сондыќтан
да сол кезде Ќазаќстанның үкіметіне де, ұлттыќ банкіне де аху-
алды өзгерту үшін жұмысты ќайта ќұру ќажет болды. Біраќ та
оның есесіне ќазір осыдан он жыл бұрынғы ахуалды бір кездегі
Одаќќа кірген мемлекеттердің экономикалыќ жүйесінің бүгінгі
жағдайымен салыстыру ќиын. Халыќаралыќ валюта ќоры мен
Дүниежүзілік банктің тєуелсіз сарапшыларының бағасы бойын-
ша, іске асырылып отырған экономикалыќ реформалардың ќар-
ќыны жєне тиімділігі жөнінен Ќазаќстан көшбасшылардың ќата-
рына шыќты. Ќазаќстан 400 млн. АЌШ долларына тең Халыќ-
аралыќ валюта ќорына берешек ќарызын уаќытынан бұрын төледі

178
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
жєне 350 млн. АЌШ долларына тең еврооблигацияны уаќытын-
да жапты. Бұл біздің халыќаралыќ беделіміздің едєуір өсуіне
алып келді. Біздің табыстарымызға берілген жоғары бағаны Ре-
сейдің жоғарғы лауазымды мемлекеттік шенеуніктерінің ауызда-
рынан да естуге болады.
Ресей – зор перспективасы бар кең байтаќ ел. Біз, ќазаќстан-
дыќтар, көршіміздің гүлдене беруін шын жүректен тілейміз. Біздің
ортаќ тарихымызда жаќсы да, жаман да аз болған жоќ. Бұл,
єрине, тарих. Тєуелсіздік жағдайында біз Ресеймен достыќ, тепе-
тең стратегиялыќ ќатынастар орнатќымыз келеді. Бұл Ресейдің
мүддесіне де сай келетініне мен сенімдімін. Біздің елдер арасын-
дағы келісімдерде де осылай жазылған. Біздің елдер арасында
көбірек сенім орныќтыру жолында В.В. Путин екеуміз алға ќарай
ұзап кеттік.
Біраќ Ресей біркелкі емес. Онда єртүрлі ағымдар бар. Басшы-
лыќќа бұрындары ешкім білмеген, біраќ өркөкірек, кеңестік өткен
тарихтың экономикалыќ, адами байланыстарын аз білетін адам-
дар келіп жатты. Жоғарыдағы жєне аймаќтардағы биліктің
єлсіздігін пайдаланып, олар ойларына келгенін істеді. Єрине, өзара
сенім мен байланыстарды саќтай отырып, Ресейдің де, көршілердің
де стратегиялыќ мүдделерін ескере отырып, істің бєрін саќтыќ-
пен жүргізуге болатын еді.
Олардың кейбіреулері біздерді, «банан республикасына» ай-
налдыруға єрекет жасағандарын ќазаќстандыќтар ұмытќан жоќ.
Наќ солардың ойластырмай айтќан мєлімдеулері біздің бірталай
отандастарымызды Ќазаќстандағы жылы орындарын тастап, Ре-
сейден жаќсы өмір іздеп кетуге итермеледі. Бүгіндері олар өздерінің
орталыќтары мен ассоциацияларында «тозаң басќан» ќағаздар-
дың астында отырып, көзєйнектерінің ќалың шынысының ар
жағынан сығырая ќарап, тоќсаныншы жылдардың басында Ќазаќ-
стан ұсынған интеграциялыќ идеяларға біртіндеп ќайтадан ора-
лудың ќалай жүріп жатќанын самарќау баќылайды.
Бүгіндері Ресейде шатќаяќтаулар мен экономикалыќ «єуес-
ќойлыќтың» орнына ұстамды есеп пен прагматизм келгеніне мен
ќуанамын. 1994 жылы мен айтќан Евразияшылдыќ идеясы, соны-
мен ќатар біздің мемлекеттердің интеграцияға ден ќоюы біздің
азаматтарымыздың ұзаќќа баратын бұдан да жоғары өмір дең-
гейіне жетуіне мүмкіндік береді деп үміттенемін, КСРО ыдыра-
ғаннан кейін он жыл өткенде-аќ, бүкіл ТМД аумағында біздің
мемлекеттердің экономикалыќ интеграциясына ќарай икемдел-
ген саясаткерлер көзќарастарының эволюциясын баќылауға бо-

Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
  179
латын еді. Сонымен бірге, осы бірігу процестерінің біздерге бе-
ретін артыќшылыќтары айдан аныќ.
Интеграциялыќ процестердің елеулі түрде жандануы Ресейдің
президенттігіне В.В. Путиннің сайлануына байланысты болғанын
атап айтуым керек. Ол аз уаќыттың ішінде елдегі билікті нығайт-
ты, реформаландыруды жеделдетті жєне біздің ТМД-ғы интегра-
циялау жөніндегі күш-жігерімізді біріктіруге көп күш салуда.
Міне сондыќтан да бұдан үш жыл бұрын біз Біртұтас эконо-
микалыќ кеңістік (БЭК) ќұру идеясын ұсындыќ. Бұл бағыттағы
жұмыстар ортаќ валютаны енгізуге алғышарттар жасауға мүмкіндік
береді, ал валюталыќ одаќќа кіретін елдердің Интеграциялыќ
ынтымаќтастығы мен экономикалыќ саясаттарын жаќындасты-
рудың тиімділігін көтеру жөніндегі шаралар осының базалыќ
шарттары болып табылады.
Аталмыш жұмыста ештеңені де жаңадан ойлап табудың ќажеті
жоќ. КСРО-ның ыдырауы кезеңінде бүтіндей интеграциялыќ про-
цестермен айналысќан Еуропалыќ одаќтың мысалы бар. Біртұтас
экономикалыќ кеңістік елдері еуропалыќ сєтті тєжірибені сауат-
ты жєне парасатты түрде ќабылдаулары керек.
Егер де біртұтас экономикалыќ кеңістік Украинаның позиция-
сына байланысты іске аспайтын болса, онда барлыќ ќатысушы-
лар: интеграция – бұл ќажеттілік деген ұғым деңгейіне жеткен
кезде біздің жинаќтаған тєжірибеміз ЕурАзЭБ немесе басќа бірлес-
тіктерде пайдалы болмаќ. Бұл –бєріне де пайдалы. Бұл –
ќауіпсіздік жєне даму.
Біраќ өткен уаќыттың өн бойында «интеграция» атауына ма-
ғыналыќ толыќтырулар адам танымастай өзгерістерге ұшырап,
кейде не туралы єңгіме болып жатќанын баз біреулер түсінбей
де ќалады. Сондыќтан да интеграцияның біздерде бұрын ќалып-
тасќан мағынасын сөзсіз ќабылдап, оны көп жағдайда толыќ
пайдаланбадыќ. Бұған объективті де, субъективті де факторлар-
дың єсері болды. Егер біз оны өз бетімізбен пайдалана алмасаќ,
онда бұған үйрену керек. Өзара байланысќа, ынтымаќтастыќќа
жєне ортаќ маќсатќа жетуге үйрену керек. Ол үшін еуропалыќ
одаќќа ќарасаќ та жеткілікті. Ќандай да болмасын ќайшылыќтарға
ќарамастан (ондайлар жеткілікті), олар интеграцияны толыќ
түсінуге жеткен. Оның дєлелі – біртұтас валюта – «евроның»
енгізілуі, Еуропарламенттің болуы жєне басќа көптеген жєйттер.
Менің ойымша, мен былай да интеграциялыќ процестердің
пайдасына байланысты жеткілікті түрде айттым. Елдерді жаќын-
дастыру жолында наќты ќадамдарға баратын уаќыт келді. Бірінші

180
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
кезекте, біртұтас экономикалыќ кеңістік шеңберінде. Иє, мойын-
дауымыз керек, интеграция, єсіресе валюталыќ одаќ біздің ел-
дерден экономикалыќ жєне саяси тєуелсіздік принциптерінен
белгілі дєрежеде шегінуді талап етеді. Біраќ, интеграция нєтиже-
лері мемлекет үшін, барлығынан бүтіндей тєуелсіз болу тілегінен
єлдеќайда зор пайда єкелмек. Биік шыңға жалғыз шығу мүмкін
емес, єріптестің мыќты сүйемелі ќажет. Шыңды бірлескен күшпен
ғана бағындыруға болады.
Менің пікірімше, «үлкен аға – кіші іні» сияќты ап-айќын,
наќты жікке бөлінген бұрынғы одаќтыќ «бауырластыќтағы» ба-
сымыздан өткен ќолайсыздыќтардан арылып, байсалды интегра-
цияға бару үшін біздің елдерімізге ұзаќ уаќыт керек. Біздің ортаќ
стратегиялыќ экономикалыќ мүдделеріміздің болуына жєне ре-
формалардың ќатарлас бағытта жүруіне ќарамастан, осылай бол-
маќ. Сондай-аќ біздің елдердің институттыќ өзгерістерінің бағы-
ты да бір ыңғайда алынған. Бұдан басќа, интеграцияға бөгет
жасайтын жүйелік проблемалар да баршылыќ. Біріншіден, бұл
сенімнің төмен дєрежесі, оны тек елдің өз ішіндегі заңды сол
сияќты мемлекетаралыќ келісімдерді сыйлау арќылы көтеруге
болады. Екіншіден, біртұтас экономикалыќ кеңістік елдеріндегі
(Белоруссияның, Ќазаќстанның, Ресейдің жєне Украинаның) сая-
си режимдер өздерінің мєні жағынан єртүрлі жєне Еуроодаќ
елдері арасындағы айырмашылыќќа ќарағанда бұлардың ай-
ырмашылыќтары едєуір үлкен. Осы себептен біздің елдеріміз
ќол ќойған келісімдер єлі де тұраќты емес, олар ішкі саяси
ағымдарға тєуелді болмаќ.  Үшіншіден, біз єрбір елдің ұлттыќ
мүддесінің түйіні неде жатќанын єлі түпкілікті шешкеніміз жоќ.
Өз мүдделерімізді өзіміз түсінуіміздің проблемалары интегра-
циядан бұрын шешілуге тиіс. Мұнысыз кез келген интеграция
ұзаќќа бармайды.
Ұлттыќ валютаны енгізу тєуелсіздіктің рємізіне айналды жєне
оның одан арғы ќызметі елдің єлеуметтік-экономикалыќ дамуын
жаќсартуға бағытталған түбегейлі нарыќтыќ реформаларды іске
асырмайынша мүмкін емес. Реформалардың барысында барлыќ
экономикалыќ ќайта өзгертулерді басты ойыншыларсыз яғни
меншік иелерінсіз жүзеге асыру мүмкін емес екендігін ұмытпау
керек. Наќ осы меншік иелері табының болуы нарыќтыќ эконо-
миканың түйінді элементі болып табылады. Бұған ќарай жасал-
ған алғашќы ќадамның бірі бүкіл елде көлемді жекешелендіруді
іске асыру болды.

V тарау
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТЕН –
ЖЕКЕ МЕНШІККЕ

182    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ

Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке
    183
Ж
екешелендіру Ќазаќстанның ќазіргі тарихында нағыз ќай-
 шылыќты кезең болды. Тарихтың бұл кезеңі бұрынғы
социалистік елдердің бірде-бірінде бірыңғай баға алған жоќ. Польша,
Венгрия жєне Чехия елдерінен айырмашылығымыз – біз жекеше-
лендіруді мемлекеттік институттар ќұрылысымен ќатар жүргіздік.
Шығыс Еуропада батыс инвесторлары өз өндірісін апаруға дайын
тұрып, мемлекеттік меншіктің жедел сатылуына ыќпал етсе, Ќазаќ-
станның «бандиттік капитализм» үстемдік еткен өз єріптесі Ресей-
мен істес болуына тура келді.
Біз мемлекеттік институттар түпкілікті ќалыптасќанға дейін
жекешелендіруді кейінге ќалдыра алдыќ па? Өзбекстанның тєжіри-
бесі көрсеткендей, жеке меншік иелерін ќалыптастыру үрдісін
кейінге ќалдырсаќ, экономикалыќ жағдайымыз тіпті ќиындай түскен
болар еді. Біз тєуелсіздікке кіргенде, бізде тиімсіз єскери-өнеркєсіптік
экономика үшін толыќ өңделмеген жєне бєсекеге ќабілетсіз өнімдер
өндіретін алып кєсіпорындар бар еді, ол экономика кеңестік мем-
лекеттің тарихымен бірге келмеске кетті. Польша Президентінің
экономикалыќ кеңесшісі Марек Белка, ал одан кейін Премьер-
Министрдің өзі мойындағанындай, Польша Еуропалыќ ќауымдас-
тыќтың толыќ ќұќыќты мүшесіне айналған кезде, Польшаның та-
бысты кєсіпорындарының басым бөлігі таќыр таза жерде ќұрылған
жєне олардың социалистік кезеңде жекешелендірілген кєсіпорын-
дарға ешќандай да ќатысы болмаған.
Егерде жекешелендіруге баға беру керек болса мен, біріншіден,
бұл Ќазаќстанда єр түрлі тиімді де ынталы меншік иелерінің ќалып-
тасуына ќолайлы жағдай туғызған тарихи үрдіс болғанын айтар
едім. Бізде өсудің мыңдаған дербес нүктелерін солар жасады. Же-
кешелендіру жаңа экономикалыќ жєне ќоғамдыќ ќатынастар үшін
кеңістік ашып берді. Мемлекет түу басынан-аќ өнеркєсіпке ыќпал
етушіліктің жетегінде еріп кетпейтінін жєне шығынға белшесінен
батќан кєсіпорындарды ќолдай алмайтынын бірден аңғартты.

184    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Екіншіден, жекешелендіру кезінде жіберілген ќателіктер біздің
бєрімізге үлкен сабаќ болды. Мемлекет жекешелендірудің инвес-
тициялыќ купондары уаќытында жаңа пісіп жетілген ќазаќстан-
дыќ бизнесмендерді ќолдай отырып, инвестициялыќ ќорлардың
жұмысы жөнінде ќажетті заңнамалыќ база жасамады, ќорларды
басќарушыларға ќойылатын кєсіби біліктілік пен ќаржы талаптар-
ды аныќтамады; олардың салымшылар алдындағы жауапкершілік
деңгейі айтылмады. Соның салдарынан мемлекетке жекешеленді-
рудің осы кезеңіндегі сєтсіздіктің нєтижесінде пайда болған ха-
лыќтың сенімсіздігі мен түңілісін жою үшін мемлекеттің ұзаќ жұмыс
істеуіне тура келді. Үш жылдан соң біз зейнетаќы реформасын
жүргізу кезінде осы ќателіктердің бєрін ескердік. Мемлекеттік емес
зейнетаќы ќорларымен ќатар мемлекеттік жинаќтаушы зейнетаќы
ќорлары ќұрылды. Нормативтік-ќұќыќтыќ база барлыќ зейнетаќы
ќорларының жұмыс істеуі мен орналастырылуына ќатаң талаптар
белгіледі. Бұл істердің нєтижесі ұзаќ күттірген жоќ, бүгінде біздің
зейнетаќы жүйеміз барлыќ посткеңестік кеңістікте ең ойластырыл-
ған жєне сенімді жүйе болып табылады.
Ал ќане, ең басынан бастайыќ. Жекешелендірудің ќисынын
түсіну үшін сол кезеңде ќалыптасќан жалпы жағдайды суреттеп
көрейік. Ќазаќстан экономикасы жалпы одаќтыќ экономиканың
басќа одаќтас республикаларды шикізатпен ќамтамасыз ету міндетін
атќаратын жеке бір элементі болып табылатын. Мысалы, Ќазаќ-
станнан өндірілген мұнайдың 70%-ы, темір рудасының 55%-ы,
көмірдің 28%-ы, ќара металдың 46%-ы, синтетикалыќ каучуктің
86%-ы жєне негізгі химия өнімдерінің 54%-ы шетке шығарылды.
Сөйте тұра, республика сырттан єкелінетін, жан басына шаќќан-
дағы халыќ тұтынатын тауарларды өндіру жөнінде бұрынғы
КСРО-ның 15 республикасы ішінде 12-ші орынды иеленді.
Ќазаќстан тауар айналымының жалпы көлемінің ќалыптасуын-
дағы айќындаушы рөл бұрынғы КСРО-ның басќа республикалары-
мен өзара ќатынасына тиесілі болды, яғни, Ќазаќстанға жалпы
сырттан єкелінетін материалдыќ ресурстардың көлемі 84%-ды, ал
одан жалпы сыртќа шығарылатын өнім көлемі 91%-ды ќұрады.
Мысалы, сырттан єкелінетін өнімдердің ең көп үлесі (34%) металл
өңдеу мен машина жасау салаларына  тиді.
Єрине, мұның бєрі, тағы да ескертейін, ќазаќстандыќ экономи-
ка ќұрылымдарының табиғи шикізатты өндіру мен оны республи-
кадан тысќары жерлерге жеткізіп беруге бағытталып ќалыптасуы-
нан көрініс тапты. Ќазаќстандағы өндіруші салалардың үлес сал-
мағы бұрынғы Одаќ бойынша орташа көрсеткіштен 1,7 есе, Ресей-

Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке
    185
дегіден – 1,5 есе, Украинадағыдан – 2 еседен асып түсті. Ќазаќ-
станның негізгі өнеркєсіптік-өндірістік ќорларының 30%-дан аста-
мы өндіруші салалардың үлесіне тиді. Сол мезгілде рентабельділік
ќабілетін барған сайын жоғалтып жатќан өндірістік маќсаттағы
мүліктердің 90%-дан астамы мемлекеттің иелігінде болды.
Тағы бір «ерекше» кезең мемлекеттік меншіктерді тұрғындар-
дың жаппай талан-таражға сала бастауы болды. Бізде нарыќтыќ
идеяның өзіне нұќсан келтірген осы талан-таражды тоќтатуға шама
жетпеді. «Халыќтыќ меншікте» оның саќталуы жөнінде ќам жейтін
наќты айќындалған ие жоќ еді. Экономиканың мемлекеттік секто-
рын түбегейлі өзгерту үрдісін басќару, мемлекет меншігін  жос-
парлы түрде жекешелендіруді кеңінен жедел өрістету жєне мем-
лекеттік меншікті заңды түрде жекешелендіру түйінді мєселелер-
ге айналды.
Мемлекеттік ќамќоршылдыќтың бұрынғы ќалыптасќан жүйесін
неғұрлым тезірек ќиратып, мемлекеттік меншіктен жекешілдікке,
масылдыќ пен бєрін де «жоғары жаќ» шешеді деп күтушіліктен
жауаптылыќ пен іскерлікке ќарай жедел көшудің ќажеттігі айќын
болды.
Осының барлығына ќоса, Ќазаќстанда бұрын-соңды бұған ұќсас
іс-шаралар жүргізілмегенін де есепке алу керек болды. Бєрі де
бірінші рет, бєрі де жаңадан іске асырылып, жатты. Өмірдің на-
рыќќа ќарай күрт бет бұруын алғашында түсінбей, сенімсіздікпен
ќабылдағанына адамдар кінєлі емес еді. Сондыќтан оларды ќоғам-
дағы болып жатќан оќиғаларға неғұрлым көбірек тартып, жаңа-
лыќќа ќарсы пиғылдарын өзгерту өте маңызды болды.
Көп жағдайда үй іргесіндегі жєне саяжайлыќ жер телімдерін
жұртќа үлестіріп беру, сондай-аќ мемлекеттік пєтерлердің азамат-
тардың иелігіне берілуі осыған игі ыќпалын тигізді. Ќазаќстанда
болған жағдайдың аса күрделілігі жєне алда тұрған міндеттердің
мүлде жаңалығы осындай тың шешімдерді талап етті.
Оќиғалардың жылдам дамығаны соншалыќты, кейде болып
жатќан жағдайларды басќарудың орнына, олардың соңынан жүгіру-
ге тура келді. Бізге сол кездегі экономикалыќ ќатынастарды түбірімен
өзгерту ќажет болды. Кейбір жағдайда туындаған проблемалар-
мен күресу мүмкін болмай ќалды.
Өнімдері өтпегендіктен кєсіпорындар тоќтай бастады немесе
олардың шығарған өнімдері ќоймаларды толтырумен болды. Өткен
тарауда айтќанымдай, халыќ тұтынатын тауарларды өндіру үздіксіз
ќысќартылды. Бос ќалған сөрелер ұсыныс пен сұраныстың сєйкес
еместігін көрсетті. Ондаған мың адамдар жұмыссыз, күнкөріске
ќажетті ќаржысыз ќалды.

186    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Ауылдыќ жерлерде де аса ауыр жағдай ќалыптасты. Өнімдерін
орталыќтың сатып алуына бағытталған ұжымшарлар мен кеңшар-
лар  тауарларын өткізе алмай, аќшасыз ќалды. Бюджетке ешќан-
дай түсім болмағандыќтан, жалаќы мен зейнетаќыны төлейтін
ќаражат та болмады.
Елімізде түбегейлі реформалардың бастау алуына дейін жеке-
шелендірілген өз кєсіпорындарын аман саќтап ќалып, олардың рен-
табельділігін арттыруға, сөйтіп экономикамызды көтеруге ұмтыл-
ған жеке меншік иелерінің шоғырын ќалыптастыру ќажет болды.
Бұрынғы мемлекеттік кєсіпорындарды жеке кєсіпкерлердің ќолы-
на бергенде, оларды мемлекеттік басќару мен араласудан арыл-
тып, еркін ұстауға тырыстыќ. Ондай жеке меншіктегі фирмалар
мен кєсіпорындар жаңадан жұмыс орындарын ашып, өндіріс көлемін
реттеудің тың экономикалыќ байланыстарын өз еркімен орнатуға
мєжбүр болды, єрине, бұл экономиканың өздігінен сауығып, ты-
ңаюына алып келетін еді.
Алайда жекешелендіру ќажет болған өнеркєсіп орындарының
көпшілігі «экономикалыќ» мешелдік күйде болды. Олардың көбі
тек инвестициялар мен жаңа технологияны ғана емес, бұрынғы
кеңестік үлгідегі басшылар ќамтамасыз ете алмайтын, олардан гөрі
мыќты – сауатты менеджментті ќажет етті. Ол өз алдына болсын,
онсыз да бейберекеттік пен жазасыздыќ жайлап алған жағдайда,
сол кездегі ірі жєне орта өнеркєсіп кєсіпорындарындағы, ќызмет
көрсету саласы мен ауыл шаруашылығындағы басшылардың көбі
ќұрып бара жатќан зауыттар мен олардың еңбек ұжымдарының
есебінен өздерінің жеке басының баюын негізгі міндет етіп ќойды.
Мұндай басшылар еліміздің экономикасындағы аласапыран күңгірт
жағдайды пайдалана отырып, өздері ќалт-ќұлт етіп зорға тұрған
кєсіпорындарды ұрлап-тонаумен болды, өйткені олардың көпшілігі
одаќтыќ министрліктерге бағынышты болғандыќтан, Ќазаќстанның
олармен ешќандай байланысы да, ол үшін моральдыќ міндеттемесі
де жоќ болатын. Директорларды «сайлап алушылыќ» деп атала-
тын жағдай оларды бар жауапкершіліктен ќұтќарды.
Мұндай кезеңде республика үкіметінің єлі де сол кездегі мем-
лекет иелігіндегі меншіктерді талан-таражға салуды тоќтатарлыќ
наќты мүмкіндіктері болмағанын мойындаймын. Меншіктің тиісті
заңдары, айќын ережелерінің болмауы «ќызыл директорлардың»
жауапкершіліктен ќұтылып кетуіне жағдай туғызды.
Ќазір «халыќтыќ меншікті таратып бердіңдер» деп жєне тағы
басќадай деп бізді кінєлаушылар бар. Біздің осылай істегеніміз
үшін ќұдайға шүкір дейміз. Ондай жағдайда жєне белгілі бір

Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке
    187
кєсіпорындардың шынайы ќұндылығы мен келешегі ќандай екендігін
айќын білу ќиын еді. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, көпте-
ген өнеркєсіп орындарында ескірген ќондырғыларға толы орасан
зор өндірістік жєне єкімшілік ғимараттар ќалќайып тұрады. Олар-
дың көбінде таудай болып жинаќталып ќалған ќарыздар еңсе көтерт-
пейді. Бұл кєсіпорындарда рентабельді өндірісті ќұру төтенше
көп күш-жігер, уаќыт пен ќаржы жұмсау талап етілді. Жағдайды
тұраќтандыруға бағытталған жедел де тиімді шаралар ќажет бол-
ды. Сол кезеңде жаппай сипат алған мүлікті талан-таражға салу-
шылыќ пен ысырапќорлыќ та мемлекет меншігінен алып, жекеше-
лендіру үрдісін еңсерудің ќосымша факторы болып табылды.
Осыған байланысты біз кең көлемді жекешелендіруге бардыќ.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру төрт кезеңмен жүргізілді.
Бұл кезеңдердің єрќайсысы өз маќсаттары мен міндеттерін көздеді.
Єрбір кезеңнің өз ерекшелігі болды. Бүгінде бұл жекешелендіру
үрдістерінің кезеңдері біз єуелде жоспарлағандай болып жүргізілді
деп айтуға келмейді. Дұрысында, єрбір кезең одан бұрынғылар-
дың ќисынды жалғасы болып табылды. Єрбір келесі кезеңде өткен-
дегі кезеңдердің барлыќ ќателіктері мен мүлт кетушіліктерін еске-
руге тырыстыќ. Ал ќателіктер мен сєтсіздіктер болды.
Өкінішке ќарай, жекешелендірудің инвестициялыќ купондары
дейтінге байланысты біздің көптеген үміттеріміз аќталмады. Мєсе-
лен, тұрғындарға жекешелендірілген кєсіпорындардың акцияла-
рын сатып алу үшін жекешелендірудің инвестициялыќ ќорларына
салатын жекешелендірудің инвестициялыќ купондарын таратып
бергенде, аталмыш ќорлардың өз активтерін өздерінің астыртын
фирмалары арќылы жымќырып ќалуына саңылау туғызылды. Бұл
алғашында олардың алдында ќаржылыќ міндеттемелерді алу, со-
нан кейін ондай міндеттемелерді жекешелендірудің инвестиция-
лыќ купондары есебінен сатып алынған активтер арќылы өтеу
жолымен жүргізілді. Нєтижесінде, жекешелендірілген кєсіпорын-
дар белгілі бір азғана топ адамдардың ќолында ғана ќалды, сөйтіп
халыќтыќ жекешелендіру идеясына нұќсан келтірілді. Егер де ќазір
сол жылдардағы инвестициялыќ жекешелендіру ќорлары басшы-
ларының аты-жөнін жарияласаќ, онда бүгінде шалќып-тасып өмір
сүріп жатќандардың кімдер екені белгілі болар еді. Ал ќарапайым
адамдар кєсіпорындар акциясын ала алмады. Бұл енді сол кездегі
жоғарыдағыдай жағымсыз єрекеттерге барған жандардың ар-ұятын-
дағы іс.
Ќазаќстандағы жекешелендіру тетіктерін жєне оның жөнді-
жөнсіздігін түсіндіру үшін осы кезеңдердің єрќайсысын сипаттап
өтейін.

188    
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Бірінші кезең: ынталы жекешелендіру,
1991-1992 жылдар
1991 жылдың 22 маусымында «Мемлекет иелігінен алу жєне
жекешелендіру туралы» Заң ќабылданды. Осыған сєйкес мемле-
кеттік органдар кєсіпорын ұжымынан тек тиісті өтінім келіп түскен-
нен кейін ғана шешім ќабылдайтын болғандыќтан, мұндай жеке-
шелендіру ынталы деп аталатын сипат алды. Тек сонда барып
аукциондар, конкурстар өткізілді немесе өндірістік жєне єлеу-
меттік инфраќұрылымдарды еңбек ұжымына тегін беру жүзеге
асырылды.
Аталмыш заң жекешелендірудің бірінші кезеңіне (1991-1992
жылдардағы) бастапќы негіз ќалады, міне, соның нєтижесінде
меншік түрін өзгерту үрдісіне еліміздің азаматтарын еңбек ұжым-
дары арќылы барынша көп тарту идеясына негізделген алғашќы
нұсќадағы «Ќазаќ КСР-інде мемлекеттік меншікті мемлекет иелі-
гінен алу мен жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған
Бағдарламасы» жасалды. Бұл бағдарламада ымыраға келушілік көп
болды.
Аќша ќұнсыздануының ерекше ќарќын алуы жєне тұрғындар-
да ќаржының болмауы ескеріле келіп, Ќазаќстанда бүкіл тұрғын-
дардың бірі ќалмастан тұрғын үйлерді жекешелендіруге ќатысу
үшін төлем ќұралы ретінде оларға тұрғын үйді жекешелендіру
купондары тегін ұсынылды.
Бір купонның ќұны сол кездегі рубльге пара-пар болды. Беріл-
ген купондардың саны еңбек стажымен айќындалды, ал біреудің
асырауындағы адамдарға екі мыңнан купон таратып берілді. Бағ-
дарлама тұрғындардың ынтасын арттырып ќана ќоймай, жекеше-
лендіру үрдісінде бұрынғы мемлекеттік мүлікті еліміздің белсенді
тұрғындары арасында єділдікпен бөлуге болатынына халыќтың
үмітін оятты. Купондарға пєтер сатып алудың ќарапайым тетігі
ќысќа мерзімде тұрғын үй нарығын ќалыптастырып, халыќтың
белсендігін жєне нарыќтыќ ќатынастарды дамытудың басќа да
шарттарын ќамтамасыз етті. Єрі ќарай тұрғын үй купондары ша-
ғын жекешелендіру нысандары мен ауыл шаруашылығы нысанда-
рын сатып алу кезінде ќолданылды. Жекешелендірудің бірінші
кезеңі көбінесе жалдамалы жєне ұжымдыќ кєсіпорындардың ќұры-
луымен, сондай-аќ коммуналдыќ нысандардың аукциондарда са-
тылуымен сипатталады. Соның өзінде еңбек ұжымдарына ерекше
жеңілдіктер ұсынылды.

Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке
    189
Республикада біртіндеп ќызмет көрсету нарығы ќалыптасты.
Жекешелендірудің бірінші кезеңінің нєтижелері меншік иеленуші
топтарды ќалыптастыратын кєсіпкерліктің дамуына түрткі болды.
Бірінші кезеңнің ќорытындысы бойынша мемлекеттік мүліктің 4771
нысаны ќайта ќұрылды. Жекешелендірілген кєсіпорындардың жалпы
санының 60%-ын бөлшек сауда, ќоғамдыќ тамаќтандыру, тұрмыс-
тыќ ќызмет көрсету, коммуналдыќ шаруашылыќ жєне басќадай
нысандар ќұрады. Соның басым бөлігі сауда (29,6%) жєне тұрмыс-
тыќ ќызмет көрсету (25,8%) нысандарының үлесіне тиді.
Алайда Ќазаќстандағы жекешелендірудің бірінші кезеңінің
тєжірибесі ұжымдыќ ынта білдіруге бағытталып жасалған меншікті
ќайта ќұру ќұралдарының мүмкіндігі шектеулі екенін көрсетті.
Елімізде ынталы жекешелендіруден бірыңғай сценарий бойын-
ша жекешелендіруге көшу туралы жедел шешім ќабылдау ќажет
болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет