Нұрсұлтан Назарбаев Ќазаќстан жолы


Глава VII ЭВОЛЮЦИЯ ЗЕМЕЛЬНОГО ВОПРОСА



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата31.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#10872
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Глава VII
ЭВОЛЮЦИЯ ЗЕМЕЛЬНОГО ВОПРОСА
VII тарау
ЖЕР МЄСЕЛЕСІНІЊ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

268
   ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ

Жер мєселесінің эволюциясы
 
 
 
 
269
1994
 жылдың 27 аќпанында Аќмола ќаласы тың жєне
                    тыңайған жерлерді игерудің 40 жылдығына арнал-
ған республикалыќ аграрлыќ кеңеске келген республиканың бүкіл
аграрлыќ басшылығы мен Ќазаќстанның барлыќ ұжымшарлары
төрағаларын ќабылдады. Мерекелік кеңес бірте-бірте ұлғайып, Ќазаќ-
станның апатты жағдайда тұрған ауыл шаруашылығының бола-
шағы туралы салмаќты єңгімеге ауысты.
 Біздің тєуелсіздігіміздің үшінші жылы аяќталып ќалды. Ќоғам
«талма дерттен есеңгіреген» халден жайлап шығып, өз өмірін жаңа
экономикалыќ жағдайға бейімдей бастады. Алайда ќалаларда аза-
маттардың жеке бастамасы шағын жєне орта бизнестің ќарќынды
дамуына демеу болса, ал ауылдыќ жерлерде жағдай мүлде басќа-
ша ќалыптасты. Аграрлыќ секторда экономикалыќ реформалар бе-
луардан батпаќќа батып жатты.
Біздің ауыл тұрғындарының ескі түсінік бойынша мєселенің
шешімін жоғарыдан күткен көңіл күйі мені ќатты алаңдатты. Ескі
дєстүр бойынша, біздің елімізде ауыл шаруашылығына ќашанда
баса назар аударылып келген. Бұл көп жағдайдан көрініс тауып
еді: тың жерлерді игеру жөніндегі бүкілодаќтыќ науќанның ќанат
жаюынан бастап, Ќазаќстанның кеңес елінің «ырысты өлкесі» деп
аталуына дейін, демек, бүкіл кеңестік кезең бойында мемлекет
тарапынан єрдайым ауыл шаруашылығын ќолдау мен дамытуға
айтарлыќтай ќаржы салу жүзеге асырылып келген. Алайда орта-
лыќтандырылған жоспарлы экономиканың күйреуі салдарынан ауыл
шаруашылығына капиталдың ќұйылуы тоќтатылды. Соның нєти-
жесіндей болып, өндіріс көлемі ќысќарды, ауыл тұрғындарының
тұрмыс деңгейі төмендеді, ауылдыќ жерлерде єлеуметтік шие-
леніс күшейді.
Дегенмен де, тұралатќан дағдарысќа жєне ауыл жағдайының
нашарлауына ќарамастан, сол кезеңдері, 90-шы жылдары, аймаќ-

270
   ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
тарда ауыл шаруашылығының өндірушілері бұрынғыша мемлекет
тарапынан көрсетілер көмектің ќайта ќалпына келтірілуін күтті
жєне өздерінің барлыќ экономикалыќ проблемаларын сырттан
шешіледі деп үміттенді. Біраќ, ең ќызығы, бір жаќсылыќ болар деп
осылай күтушілік тєуелсіздіктің бүкіл он бес жылына созылды
жєне сол үміт біздің ауыл шаруашылығы өндірушілерінде єлі күнге
дейін саќталып келеді. Соның ең бір тұраќты мысалы – егін егу
мен астыќ жинау науќандары тұсында жанар-жағар май бағасы
төмендетілсін деп мемлекетке ќойылатын жыл сайынғы талаптар.
Жанар-жағар май өндірушілер де табыс табуға ұмтылған жеке
меншік компаниялары бола тұра, дєл осы талаптар мемлекетке
ќойылады да жатады.
Наќ осы жағдай бізді мемлекеттің ауыл шаруашылығына ќаты-
насын наќтылап айќындауға мєжбүр етті. Осы орайда маған көптеген
жағымсыз жайттарды айтуға тура келетінін сезіне отырып, мен
бєрібір ахуалды түсіндіре бастадым. Сол кезде айтылғандардың
мєнісі мынаған келіп саятын еді.
Кеңес Одағының ќұлауымен бірге Ќазаќстанда саяси жєне эко-
номикалыќ ахуал өзгерді. Мемлекет енді ауыл шаруашылығын
бұрынғы көлемде ќаржыландыра алмайтын халде болды, оның
үстіне, жаңа нарыќтыќ ќатынастар агроөнеркєсіп кешенін түбе-
гейлі ќайта ќұруды талап етті. Бірінші кезекте мұндай экономика-
лыќ тетікті ќұру, бір жағынан, ауыл шаруашылығы ќұрылымда-
рының тиімді жұмыс істеуін ынталандырса, екінші жағынан, ескі
өндірістік ќатынастардан бас тартуға мєжбүр ететін еді. Мен мем-
лекет өзінің ауыл шаруашылығына ќатынасуын ќысќартатынын,
ауыл тұрғындарының ынта-ыќыласына сене отырып, фермерлік
шаруашылыќтарды ќарќынды түрде дамытатынын, мұның бєрі -
ерте ме, кеш пе - ұжымшарлар мен кеңшарларды таратуға жєне
жеке меншікті енгізетінін сездірдім. Сондай кездесулерге ќатысу-
шыларға: көп кешікпей ұжымшарлар мен кеңшарлар болмайды
деп айтќанымда, олардың 99%-ы мұны єдемі ќалжың ретінде ќабыл-
дайтын еді. Сол есімде ќалыпты.
Біздің тарихымыздың өзіне тєн ќайшылығы сол, мен осы идея-
ларды тың жєне тыңайған жерлерді игерудің 40 жылдығына ар-
налған кеңесте жария еттім. Ќазаќстанның ауыл шаруашылығын
дамытуда, тұтастай алғанда, бүкіл еліміздің дамуында тың жер-
лердің ќандайлыќ орасан зор маңызды болғанын біздің барлығы-
мыз түсінеміз. Бұл деректі жоќќа шығару аќылсыздыќ болар еді,
біраќ та кеңестік басшылыќ ойлағандай, бєрі де теп-тегіс, тамаша
бола ќойған жоќ.

Жер мєселесінің эволюциясы
 
 
 
 
271
«Егер де бүгінгі нарыќтыќ көзќараспен тың экономикасы-
ның оң мен теріс жаќтарына талдау жасап байќасаќ, онда
сондайлыќ көріксіз бейне көрініс береді, біраќ маған ол туралы
айтпасќа болмайды. Осы 40 жылдыќ тарихтың 10 жылы мүлде
ќұрғаќшылыќ жыл болды. Ќазаќстанның өзі астыќ пен мал
жемін жиі сырттан сатып алуға мєжбүр болды. Кейбір жылда-
ры мұндай сатып алулар 2 млн. тоннадан астам көлемге жетті.
Ауылдыќ жерлердің ќарыздарын осы 40 жыл бойына жыл сайын
мемлекет жауып келді. Соңғы бесжылдыќта шамамен 350 ша-
руашылыќ үнемі шығынға ұшырап келді, яғни єрбір бесінші ша-
руашылыќ осындай күйде болды. Жалғыз ғана принцип үстем
болды – ќайткен күнде де, ќандай сапада болса да астыќ. Тек
1992 жылы ғана астыќтың орташа шығымдылығы ең жоғарғы
деңгейде болды - гектарына 14,8 центнерден келеді. Осы 40
жылдың тек 13 жылында ғана көрсеткіш 10 центнерден асты.
Єлемдегі бірде-бір ел өз ауыл шаруашылығында мұндай деңгей-
дегі шығынды көрген емес. Ол баяғыда-аќ банкротќа ұшыраған
болар еді. <...>
Біздің агроөнеркєсіп кешеніміз ќазір ең ќиын уаќытты бас-
тан өткеріп жатќанын да өзіміз айќын сезінеміз. Бұл тың
стратегиясы мен тактикасындағы жєне экономикадағы өзгерістер
үрдісінің объективті дамуындағы жаңсаќтыќтардың нєтижесі
еді. Єрине, біз дағдарыстар ахуалынан шығу жолдарын үнемі
іздейміз жєне табамыз да: біраќ ауылдыќ тауар өндірушілердің
тек тиімді жұмыс істейтіндеріне мемлекеттің берген ќаржы-
сын ќайтара алатындарға ғана барынша көмектесетін бола-
мыз. Үнемі шығынға батќан кєсіпорындарды өз мойнында ұстауға
мемлекеттің мүмкіндігі де, ыќыласы да жоќ».
Республиканың агроөнеркєсіп кешені ќызметкерлері
мен ќоғамдыќ өкілдердің салтанатты жиынында
сөйлеген сөзінен, 1994 жыл
1994-1996 жылдар ауыл шаруашылығындағы ең дағдарысты
кезең болды, оған бағаның теңсіздігі деп аталатын жағдай негізгі
себеп болды. Мемлекет энергия ќуаттарына, өнеркєсіп тауарлары
мен басќа да ќызмет түрлеріне бағаны «босатып» жіберді (ырыќ-
тандырды). Негізгі тағамдыќ азыќ-түліктерге бағаның күрт өсуін
болдырмау үшін мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерінің баға-

272
   ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
сын єлі де іркіп ұстап тұрды. Өз өнімдерін єлі белгіленген мемле-
кеттік баға бойынша өткізіп келген шаруашылыќтар бұл жағдайда
өндірістің айналым ќаражатын енді нарыќтыќ баға бойынша алуға
мєжбүр болды. Баспа-бас айырбас жаппай етек алды. Өз өнімін
сыртќы нарыќта өткеру мүмкіндігі тек аздаған өндірушілерде ғана
болды, сонымен ќатар көп жағдайда бұлай өткеру ұшырады, бір
немесе бірнеше делдал жүруі ќажет болды.
Барлыќ ќиындыќтарға ќарамастан нарыќ ережесі бойынша
жұмыс істеуге тырысќан белсенді фермерлермен арада болған көпте-
ген кездесулер, жаңа экономикалыќ жағдайға сєйкес аграрлыќ
реформалар жүргізу ќажеттігіне менің көзімді жеткізді. Экономи-
каның аграрлыќ секторында жаңа ќатынастардың ќалыптасуы,
сондай-аќ жерді тиімді пайдаланбау тенденциясының күшеюі жерге
меншік иесінің мєртебесін айќындау жєне жаңа жер ќатынаста-
рын ќалыптастыру ќажеттігі туралы мєселені алға тартты. Басќа-
ша айтќанда, наќты меншік иесі – өзіне жауапкершілік алып шешім
ќабылдайтын негізгі экономикалыќ агент кім болуы керек, соны
айќындап алмайынша пєрменді нарыќтыќ тетікті жасауға болмай-
тын еді. Жєне, ең алдымен, мұның өзі ауыл шаруашылығындағы
негізгі ќұрал ретінде жерге ќатысты болды.
Алайда реформаның алғашќы жылдары жерге жекеменшік
ќұќығын енгізу ќажеттігі туралы бір ауызды пікір болмады. Ол
былай тұрсын, тұрғындардың басым көпшілігі жерге мемлекеттік
иелікті жекелеген адамдардың ќолына берудің заңдылығын прин-
ципті түрде теріске шығарды. Республикада жерге жеке меншік
институтының ќалыптасуына ќазаќстандыќтардың көпшілігінің
мұндай көзќараста болуы, ең алдымен, ауыл тұрғындарының жаңа
нарыќтыќ ќатынастарға бейімделу деңгейінің төмендігінен еді.
Адамдар тек єлі нарыќтыќ жағдайда өмір сүруді, ең бастысы,
жаңаша ойлауды бастамаған еді.
Сондай-аќ тарихи фактор да айтарлыќтай маңызды рөл ойна-
ды. Ќазаќстан тарихында жерге жеке меншікті іс жүзінде толыќ-
тай жоќќа шығарған ќауымдыќ (рулыќ) жер пайдалану белең ал-
ған кез болған. Єрбір ру өз жерінің аумағында көшіп-ќонған, ал
оның шекарасын тікелей ешкім де өзгерте алмаған. Кейінде, пат-
шалыќ Ресейдің Ќазаќстанда жүргізген 1867-1868 жылдардағы
єкімшілік реформалары жер мемлекет меншігінде болады деген
ережені бекітті, онда бұл жерлердің ауыл-ауылдың пайдалануына
берілетіндігі айтылды. Аќырында, дєл осы заңдыќ актілердің не-
гізінде патша үкіметі Ќазаќстандағы барлыќ жерлерге өз билігін
жүргізді. Мысалы, Бөкей ордасына Еділ мен Жайыќ өзендерінің
аралығындағы жер бөлінді де, оның ең шұрайлы өңірлері казак-

Жер мєселесінің эволюциясы
 
 
 
 
273
тардың ќауымдастығына бекітіліп берілді. Демек, бізде іс жүзінде
ешќашан жерге жеке меншік деген толыќ мағынасындағы түсінік
болған жоќ. Біздің жеріміз єрдайым не рудың, не патшалыќ Ресей,
не Кеңес Одағы, аќыр-соңы Ќазаќстан Республикасы мемлекет-
терінің меншігі болып келді.
Осындай тарихи көрініспен ќатар, Ќазаќстанда жер реформа-
сының бірќатар мыќты ерекшеліктері болды. Ең алдымен, жерге
жеке меншікті енгізу туралы мєселенің күрделілігі жєне ол жөнінде
бірыңғай ќоғамдыќ пікірдің болмауы себепті, ауыл шаруашылы-
ғын реформалау, тегінде, барлыќ өткен жылдардан ќазіргі кезге
шейін созылып келді. Адамдар жерді жеке ќолдарға беруге дайын
болмады, ал онсыз бүкіл ауыл шаруашылығын ќандай да бір мағы-
нада жєне түпкілікті реформалау туралы сөз ќозғаудың өзі мүмкін
емес еді. Сондыќтан барлыќ басќадай салалардан оның айырма-
шылығы - бір жерде уаќыт бізді тыќсырып асыќтырып, енді бір
жерлерде біздің алдымызға түсіп алып озыќ жүрсе, ал ауыл
шаруашылығында біз реформаны мұндай «жанып-күйіп бара жат-
ќан уаќытпен» шектемедік.
Ауыл шаруашылығы мемлекеттің ќолдауынсыз күн көре ал-
майтынын мойындай отырып, біз, сол жылдарда жария етілген
нарыќтыќ экономиканы ќұру мен жекешелендіру бағытына ќара-
мастан, жерге жеке меншік туралы мєселені кейінге ќалдырып,
жартылай шаралармен жєне өтпелі кезең моделдерімен ғана шек-
телдік. Десек те, біздің алдымыздан бой көрсетіп шыќќан, мысалы,
өнеркєсіптегі проблемалар, ауыл шаруашылығында да зєру күйінде
ќала берді. Мемлекеттік мүліктің жаппай тонау мен талан-таражға
салынуы, бұған ќоса азыќ-түлік тағамдары бағасының күрт
төмендеп кетуі бүкіл елімізде аграрлыќ жєне азыќ-түлік секторын
аянышты халге жеткізді. Ќаңыраған дүкен сөрелері, азыќ-түлік
тағамдарының тапшылығы жєне т.б. аға ұрпаќ есінде ұмытылмас-
тай болып саќталып ќалды.
Єйтсе де, біздің асығыстыќ жасауымызға болмады. Ауыл ша-
руашылығы реформасының табысты болуы оның орындалу мерзі-
мінен маңыздыраќ болды. Халќының 40%-ынан астамы ауыл тұрғын-
дары саналатын біздің республикамыз үшін аграрлыќ секторды
реформалаудың тек экономикалыќ ќана емес, сонымен бірге єлеу-
меттік бағыттылығы да болды. Өйткені, барлыќ гектарлар, сүт
өндірулер мен малдың күйлілігін арттыру деген ұғымдар атаулы-
ның ар жағында тек кеңшарлар мен ұжымшарлар ғана емес, ең
алдымен, ауылдыќ жерлердің тұрғындары бар еді, ал олар нарыќ-
тыќ реформаларға єлі єзір емес еді, демек, єлеуметтік тұрғыдан
өте єлсіз еді.

274
   ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Біздің алдымызда екі түрлі мєселе тұрды: біріншіден, ауыл
мемлекеттің ќолдауына өте мұќтаж, екіншіден, мемлекеттік ќар-
жыға арќа сүйеген ауыл шаруашылығымыз ешќашан бєсекеге
ќабілетті бола алмайды. Осындай пайымдауларды негізге ала оты-
рып, жаңағы екі мєселені бірдей ескеретін даму жолын таңдап алу
ќажет болды.
Ал єзірге ауыл тұрғындары нарыќтыќ ќайта ќұрулардан тыс
ќалып келді. Сонымен бірге ауылда түбегейлі нарыќтыќ ќайта
ќұрулардың ќажеттілігі барған сайын айќындала түсті. Дегенмен
шет елдердің тарихи тєжірибесі көрсеткендей, көптеген елдердің
табысты экономикалыќ дамуы жер реформаларын жүргізу мен
аграрлыќ секторды дамытудан басталған. Батыс Еуропа, Солтүстік
Америка жєне Австралия елдері осы жолмен жүріп өтті. Ал енді
бізге даму үлгісі жағынан өте жаќын Шығыс Еуропа елдеріне
келсек, Венгрияда жердің негізгі бөлігі жеке меншік иелігіне 1989
жылдан бастап берілді. Сол жылы жерге жеке меншік ќұќығы
Польшада заң жүзінде бекіді. 1990 жылы Румынияда ќабылданған
аграрлыќ реформалау бағдарламасы еркін шаруашылыќ жүргізу
түрін таңдауға, жерді пайдалану мен билік етуге ќұќығы бар
тиімді жер иеленушілердің кең жүйелі тобын ќалыптастыруға
бағытталды. Жерді сату-сатып алу заң жүзінде бекітілді. Сондай-
аќ Чех республикасында да 1989 жылдан кейін жерге жеке меншік
институты енгізілді.
Осы жер реформаларының барлығы да табысты болды жєне
аталмыш елдер экономикасының дамуына түрткі болды. Алайда,
єділдік үшін айтуымыз керек, барлыќ Шығыс Еуропа елдерінде іс
жүзінде жерге жеке меншік шектеулі мөлшерде болса да социа-
листік басќару уаќытында да болған. Ал оларда жерге жеке меншік
институты Кеңес Одағы ќұрылғаннан көп бұрын пайда болған-ды.
Одаќтас республикалардың бірі ретінде Ќазаќстанда жер толыќтай
мемлекеттің иелігінде болды. Оның үстіне біздің ауыл шаруашы-
лығымыз өзінің таза кеңестік ќұлаш сермеуімен жєне тепе-теңдігі
жоќтығымен ерекшеленген. Яғни, жоғарыда аталған елдердің мо-
делі, жалпы ахуалы жаќын болғанына ќарамастан, бізде ќолда-
нуға келмейтін еді. Иє, тұтастай алғанда, Ќазаќстан – ол Эстония
да, Чехия да емес, олар хуторлыќ жер шаруашылығы деп атала-
тын тарихи дамуды бастан өткерген. Ќазаќстан өзінің табиғи-кли-
мат жағдайы бойынша егін шаруашылығына онша ќолайлы емес,
тєуекелді аймаќќа жатады. Мұнда ќұрғаќшылыќ, көктемгі бозќы-
рау жиі болып тұрады, мұның өзі агротехникалыќ даќылдардың
өнімділігіне кері єсерін тигізеді. Көптеген сарапшылар мен ғалым-

Жер мєселесінің эволюциясы
 
 
 
 
275
дардың айтуынша, осы себептерге байланысты Ќазаќстанда жерді
өңдеу мен еңбектің тек ұжымдыќ түрлері ғана мүмкін делінді.
Олай болса, жерге жеке меншік иесін аныќтау да өзінің алғашќы
мағынасын жоғалтады-мыс. Мен мұндай көзќараспен толыќтай
келісемін немесе толыќтай келіспеймін деп айта алмаймын. Бір
ғана айтарым, тіпті ұжымдыќ еңбек түрі де – кім не істейді жєне
кімге не тиесілі деген наќты түсінікке ќұрылуы керек. Ұжымшыл-
дыќтың негізгі кемшілігі, яғни күні бүгінге дейін бұрынғы көпте-
ген кеңшарлар мен ұжымшарлардың күнєға батып келе жатќаны-
ның  себебі: жеке бастың жауапкершілігінің жоќтығы, бізден
басќаның бєрі кінєлі деушілікте. Кім шешім ќабылдауы керек? Кім
жауапты болуы тиіс? Єрине, жер меншігінің иесі, өйткені жер –
бар байлыќтың түп негізі. Тіпті, ќашан да бір белсенді фермер
пайда болып, бір нєрсеге сол ұмтылса жєне барлыќ жұмысты сол
ұйымдастырса, халыќ ескі түсінігі бойынша барлыќ шаруаны, бүкіл
жауапкершілікті соған артатын жєне барлыќ нєтижені содан
күтетін. Егер де ол сізді алдаса, сол алдауға жол берген өзіңіз
кінєлісіз. Осыны түсінетін уаќыт жетті ғой.
Сонда бізге ќандай ауыл шаруашылығы ќажет? Мемлекеттік
бюджеттен бөлінетін ќаражатпен ғана өмір сүріп, тек єлеуметтік
ќызмет ќана атќаратын ауыл шаруашылығы ма? Єлде, нарыќтыќ
экономиканың ќатал заңы бойынша өмір сүріп, кейде тек ең бєсе-
кеге ќабілеттісі ғана аман ќалатын ауыл шаруашылығы ма?
Осы сұраќтарды алдымызға ќоя келіп, біз бұл екеуінің бірде-
біреуі де таза жеке күйінде біздің ќолдануымызға жарамайды
деген ќорытындыға келдік.
Сол кезеңде өзіміздегі бар тарихи тєжірибеге, сондай-аќ шет
елдер тєжірибесіне сүйене отырып, біз өзіміздікі деген бір аралас
түр жасау ќажет болды. Мұндай септесудің нєтижесінде ауылдыќ
аймаќтардың, бір жағынан, єлеуметтік салалары мен экономика-
лыќ реформаларды мемлекет ќолдап отыратын, екінші жағынан,
тыңғылыќты дамытылған, сыртќы нарыќта бєсекеге ќабілетті ауыл
шаруашылығы болуы керек.
Былайша айтќанда, біз ауылды мемлекеттік ќолдаудан бас тартпай-
мыз. Шынында, ол ауылдың єлеуметтік саласына: білім беруге,
денсаулыќ саќтауға, ауыл тұрғындарының мєдени демалысына,
сондай-аќ ауылды көріктендіру мен олардың инфраќұрылымына
ќатысты инвестицияға топтастыру керек болды. Ќандай да бір
табысы мол фермердің өздігінен ауызсу проблемасын шешуге не-
месе бір өзі жаңа трассалар мен жолдар салуға шамасы жет-
пейтініне, єрине, келісесіздер. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін

276
   ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
өндірушілер өз проблемасын өздері шешетін, өз пайдасын жєне
басќасын таба алатын дербес экономикалыќ агенттер дєрежесіне
көтерілуі керек. Ауыл шаруашылығы да – өнеркєсіп, тасымал жєне
энергетика секілді экономиканың саласы. Оның өз тауары, өз ерек-
шелігі жєне өз артыќшылығы бар, демек, бєсекеге ќабілетті жєне
табысты болуына мүмкіндігі бар. Экономиканың аграрлыќ секторын
реформалаудың барлыќ кезеңі аталған маќсатќа жетуге бағыттал-
ған еді. Экономиканы жүйелі реформалаудың тєжірибесі болма-
ғандыќтан, біз бұл істе бірте-бірте, көбінесе сынаќтар пен ќателік-
тер арќылы жүрдік.
Жер реформасының бірінші кезеңі,
1991-1994 жылдар
Жерге жеке меншік – бұл нарыќтыќ экономиканың жұмыс
істеуінің міндетті бір шарты. Мен бұл пікірді өзімнің сансыз көп
сөздерімде талай айттым, єлі де айта беремін. Меншіктің прин-
циптік маңызы бар, өйткені ол тұраќтылыќ пен сенімділік єкеледі.
Кімге не тиесілі деген сұраќтың жауабына келгенде күмєндана-
тын ќоғам  ұзаќ уаќыт табысты түрде дамуға үміт арта алмайды.
Оның үстіне жеке меншік адамның өзін-өзі ќожайын ретінде сезі-
нуін ќалыптастырады жєне жекелеген бизнесті инвестициялау үшін
кепілдік береді.
Екінші жағынан, 1991-1994 жылдары ауыл шаруашылығы маќ-
сатындағы жерге жеке меншікті енгізу көпшілік ауыл тұрғында-
рының өз жерлеріне билік етуге дайын болмауы жағдайында ке-
леңсіз зардаптарға ұшырауы мүмкін еді. Өйткені, өз мүлкіне ебін
тауып билік ету үшін оның шынайы ќұндылығын білу ќажет
жєне оны біліктілікпен пайдалану керек.
Біз жерге жеке меншікті енгізуге тікелей көшуді бірден жа-
сай алмадыќ. Жер реформасының бастапќы кезеңінде ауыл ша-
руашылығында тұраќты экономикалыќ ќарым-ќатынас болмады,
ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығы күрт төмендеп кетті,
сондай-аќ жердің наќты бағасы болмады. Мұның бєрі ауыл тұрғын-
дарын өздерінің жер телімдерін сатып жіберу туралы ойласты-
рылмаған шешімдер ќабылдауына итермелеп, кейіннен олардың
көбі осы ісіне өкінген болар еді. Нєтижесінде мұндай реформа
тағы да үлкен дағдарысќа, ең алдымен, єлеуметтік дағдарысќа
єкелген болар еді.

Жер мєселесінің эволюциясы
 
 
 
 
277
Реформаны дайындай отырып, біз, єрине, кеңестік Жер кодексі
жер ќатынастарындағы ќоғамдыќ ќажеттерді ќанағаттандыра ал-
майды деген ќорытындыға келдік. 1991 жылдың маусымында ќабыл-
данған «Жер реформасы туралы» Заң жерде єр түрлі шаруашы-
лыќ нысандарының тиімді жұмыс істеуі үшін экономикалыќ жєне
ќұќыќтыќ жағдайларды жасауға тиіс еді. Сонымен ќатар бұл заң
жеке меншік институтын енгізген жоќ. Ол, ең дұрысы, аграрлыќ
сектордағы дағдарысты ахуалды жою үшін жағдай жасады. Атал-
мыш заңның өтпелі сипаты бар екенін бєріміз де түсіндік. Ауыл
шаруашылығында жер ќатынастары бұрынғысынша мемлекеттің
жерді жалға беруіне негіздей ќұрылды.
Аталмыш заңның негізгі бағыттары жерді неғұрлым тиімді пай-
далану үшін оны кейініректе ќайта бөлу маќсатында арнайы жер
ќорын ќұру, ауылдыќ елді мекендердің шекарасын белгілеу, жер
телімдерін пайдалану ќұќығын беретін ќұжаттарды хаттау жєне
ќайта хаттау болды.
Егер ауыл шаруашылығы өндірісінде меншік түрінің өзгеруі
мемлекеттіктен ұжымдыќќа, сонан соң – дербестендірілген, жеке
меншікке ќарай жүрсе, ал ауыл шаруашылығы өндірісінің басќа
салаларында (ќызмет көрсету, өңдеуші, жабдыќтаушы жєне т.б.)
бұл үрдіс ірі мемлекеттік акционерлік ќоғамдар (МАЌ) ќұру
арќылы жүрді, кейін олар жеке иелікке көшті. Сөйтіп, меншік
түрінің өзгеруі аз тиімділіктен жоғары тиімділікке ќарай кезең-
кезеңімен жүрді.
Жер реформасының динамикасында да осындай сатылар бар.
Ауыл шаруашылығы маќсатындағы жерлер үшін ол ауыл тұрғын-
дарына шартты түрдегі жер үлестерін таратып беруден басталып,
2003 жылғы Жер кодексінде жазылған жеке меншікті енгізумен
аяќталды.
90-шы жылдардың басында ќабылданған базалыќ заңнамалыќ
жєне нормативтік ќұќыќтыќ актілер ауыл шаруашылығында жерді
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру жөнінде кең көлемді
жұмыстарды бастауға мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, агроөнеркєсіп
секторындағы реформамен ќатар мемлекет иелігінен алу мен же-
кешелендіру жөніндегі Ұлттыќ бағдарлама ќабылданды. Мемле-
кеттік ауыл шаруашылығы кєсіпорындарын жекешелендірудің
бірінші кезеңінде оларды ұжымдыќ кєсіпорындар етіп ќайта ќұру
жүзеге асырылды. Осындай тєсілмен республика бойынша 472
кеңшар жекешелендірілді. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы
кєсіпорындарының мүлкін еңбек ұжымдарының мүшелеріне мүліктік
жарналар арќылы бөліп беру іске асты да, ол жекешелендіру кує-

278
   ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
ліктермен расталды. Айта кету керек, тұраќты жұмыс істейтін ірі
кеңшарлардың тұтастығын ќамтамасыз ету маќсатында, 20 жыл
басшылыќ жұмыс стажы бар бірінші басшыларына аталмыш ша-
руашылыќтың мүліктік жарнасының 10%-ы біржола меншігіне жєне
басќаруға 10%-ы тағы 5 жылға берілді. Шаруашылыќ ќызметінде
тиімді нєтижелерге жеткен жағдайда бес жылдан кейін мүліктік
жарнаның бұл бөлігі олардың меншігінде ќалдырылды. Мемле-
кеттік ауыл шаруашылығы кєсіпорындарының өндірістік базасын
саќтау мєселесі ќаншалыќты маңызды болғанымен, оның негізі
бєрібір жер болды. Біраќ та кеңшарлар мен ұжымшарлардың же-
кешелендірілген жерлері кімге ќалатын болады, жердің сапасын,
оның ќұнарлылығын саќтау туралы ќамќорлыќты шынында кім
жасай алады, жерді беру ќандай түрде жүргізілуі тиіс? Міне, осын-
дай маңызды сұраќтар маған маза бермеді, мен єрдайым соларға
оралып соғып отырдым. Жердің нағыз, ыждағатты, жаны ауырып
сүйетін, іскер иесін табу керектігі түсінікті болды.
Єрбір ауыл тұрғынына шартты жер үлесін бөліп беруге шешім
ќабылданды. Ұсынылған шартты жер үлесінің мөлшері орташа жер
үлесімен айќындалып, оны єрбір наќты шаруашылыќтың еңбек
ұжымы тағайындайтын, сонсоң, ауданның атќарушы органы бекі-
тетін болады. Орташа жер үлестерін айќындағанда, елді мекен-
дердің аумағына жєне аудандыќ атќарушы органның жер ќорына
жатќызылған алќаптарды алып тастағандағы шаруашылыќтың ауыл
шаруашылығында пайдаланылатын барлыќ жерлері ескерілді.
Республика бойынша жекешелендірудің екінші кезеңінде
(1993-1995 жылдар), тұтастай алғанда, 1490 мемлекеттік ауыл
шаруашылығы кєсіпорындары жекешелендірілді. Шартты жер
үлестері мен мүліктік жарналар иелерінің ерікті түрде бірігуі
арќылы заңды тұлға ќұќығымен мүлікке жеке меншікке не-
гізделген шағын кєсіпорындарды, ауыл шаруашылығы өндірістік
кооперативтерін, шаруа ќожалыќтары мен олардың бірлестік-
терін ќұруына ќұќығы болды.
Бұл шаралар ауыл шаруашылығы ұйымдары мүшелерінің жер-
де шаруашылыќ жүргізу түрін ерікті түрде еркін таңдай алуына
жағдай туғызды. Барлыќ ауыл шаруашылығы кєсіпорындары ќыз-
меткерлерінің шартты жер үлестерінің мөлшерін аныќтау жөніндегі
жұмыстар 1993-1994 жылдары жүргізілді. 1995 жылдан бастап
реформаланған жєне ќайта ќұрылған шаруашылыќтар ќызметкер-
лерінің шартты жер үлесіне ќұќығы туралы куєліктерді толтыру
жєне үлестіріп беру іске асырылды.
Сонымен ќатар тағы бір келісімсіз жағдай пайда болды. Ауыл
шаруашылығы кєсіпорындарының мүлкін жекешелендіргеннен кейін

Жер мєселесінің эволюциясы
 
 
 
 
279
ортадағы жердің иесі де өзгеруі керек еді ғой. Алайда сонымен
бірге 1993 жылғы Конституция бойынша жерге мемлекеттік
меншіктің ерекше ќұќығы  болғандыќтан бұл телімдерді жекеше-
лендірілген нысандардың иелеріне үлестіруге мүмкіндік бермеді.
Яғни, бір жағынан алғанда, былайша болды: біз ауылды ре-
формалауды бастап, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөнінде
белгілі бір нєтижелерге жеттік. Біраќ бұл мүлікті одан єрі ќарайғы
тиімді пайдалану, оны жаңғырту үшін инвестициялауды жүзеге
асыруға келгенде, жер мєселесінің шешілмеуіне байланысты инвес-
торлар күмєнданатын болды. Егер егін егіп, дєн себетін жер бол-
маса, трактор мен тұќым сепкіштер сатып алудың ќандай мағына-
сы бар? Осының бєріне ќоса, бұл шаралар бєрібір біздің кең бай-
таќ жєне бір кезде  жаќсы дамытылған ауыл шаруашылығымызды
ќұтќара алмайтын еді. Ол біздің көз алдымызда ќиратылмай, єлі
күнге осыдан аќырына дейін оңала алмай келе жатќан.
Ќорыта келгенде мынаны айту керек: 1992 жылы Еуропалыќ
ќоғамдастыќ комиссияның тапсыруы бойынша Біріккен Ұлттардың
Азыќ-түлік жєне ауыл шаруашылығы ұйымдары бұрынғы Кеңес
Одағы елдерінде азыќ-түлік жағдайына зерттеулер жүргізді. Ко-
миссия алынған нєтижелерді сараптай келіп, бұл елдердегі азыќ-
түлік жағдайын бағалау үшін жауап беретін ұйымдардың жұмы-
сындағы жалпы кемшіліктерді атап көрсетті. Бұл кемшіліктер наќты
өнім тепе-теңдігінің болмауынан туған. Ол тепе-теңдік бүкіл єлем-
дегі сияќты бір ораќтан екінші ораќќа дейін емес, күнтізбелік
негізде – ќаңтардан ќаңтарға дейін жасалған. Мұндай сєйкессіздік,
бұрынғы Одаќтың басќа республикалары секілді, Ќазаќстанда да:
ќаншалыќты жєне ќандай азыќ-түлікті шетке сатуға жєне оның
ќандай бөлігін сырттан єкелуге болатынын білмеушілікке єкеліп
соќќан.
Комиссия аймаќтағы азыќ-түлік жағдайына талдау жасай келіп,
Ќазаќстан Орталыќ Азияның басќа елдеріне ќарағанда тұрғын-
дарды тағамдыќ өнімдермен ќамтамасыз ету жөнінде айтарлыќ-
тай  орныќты жағдаймен ерекшеленетінін атап өтті. Тексеру
кезінде Ќазаќстан ТМД елдерінің ішінде азыќ-түлікпен жєне бірінші
кезекте, астыќтың молшылығы бар бірден-бір республика болып
шыќты.
Жинаќталған барлыќ келеңсіздіктерге ќарамастан, біз табаны-
мыз тайғаќ болса да, ауыл шаруашылығының одан єрі ќарайғы
ќұрылуы мен реформалануы үшін наќты айќындалған жолды
сезіндік. 1991 жылғы «Жер реформасы туралы» «өтпелі» Заң ауылда

280
   ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
меншікке ќатысты проблеманы уаќытша шешуге мүмкіндік берді.
Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру алғашќы фермерлік жєне
шаруа ќожалыќтарын ќалыптастыру үрдісін жүргізуге жағдай
туғызды.Алайда бұл нєтижелер тұтастай ауыл шаруашылығының
кері кетуін тоќтатпады жєне ауылдың ұзаќ мерзімді дамуының
кепілі бола алмады. Оќиғаның уаќыты мен ќисыны одан ары ќарайғы
ќайта жаңаруларды талап етті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет