Бастауыш: «Мынау менің жұлдызым,
қиял жұлдыз...», «Адамға адам жат емес»,
«Спорт – жанның да тәрбиешісі»;
Негізгі: «Еңбекпенен ел көгерер», «Адам
болам десеңіз...», «Оқығанның көзі ашық»;
Бағдарлы: «Бабалар сөзі – даналық
сөзі», «Мен ертеңіме сенемін», «Жаным
жақсылыққа жаралғандай...» т.б.
Ұлттық тәрбие мәселесін түбегейлі зерт-
теумен айнылысып жүрген зерттеуші ғалым
Қ.Бөлеевтің жетекшілігімен болашақ мұға -
лім дердің жеке тұлғаға тұтастай және ке-
шен ді ұлттық тәрбие беру іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыру үшін педагог-
тық мамандықтардың ерекшеліктерін ес-
кере оты рып, элективті курстар ретінде
төмендегідей оқу пәндерін оқытуды ұсын-
ған. 1. Отбасында балаларға ұлттық тәрбие
беру; 2. Мектепке дейінгі мекемелерде
ұлттық тәрбие беру; 3. Бастауыш сынып
оқушыларына ұлттық тәрбие беру; 4. Негізгі
және бейінді мектеп тер оқушыларын ұлт тық
тәрбие беру; 5. Техникалық және кәсіптік
білім алушыларға ұлттық тәрбие беру; 6.
Студент жастарға ұлттық тәрбие беру; 7.
Болашақ мұғалім дерді оқушыларға ұлттық
беруге дайындау. Осы бағдарламалары жур-
нал беттерінде жария ланды.
Енді жарияланған бағдарламалардың
қыс қаша сипаттамасын берелік.
1. «Отбасында балаларға ұлттық
тәрбие беру (Авторлары: Бөлеев Қ.,
Ибраимова Л.Н.)» бағдарламасы түсінік
хаттан, бағдарлама мазмұнынан және қа-
жетті әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түсінік хатта отбасында балаларға ұлттық
тәрбие берудің маңызы мен міндеттері, ал
бағдарлама мазмұнында 11 тақырып беріл-
ген: қазақ отбасының тәлімгерлері, орта
ғасыр ойшылдары мен қазақ ағартушы-
педагогтарының отбасылық тәрбие туралы
ой-пікірлері, қазақтың құрсақ тәрбиесі, бесік
тәрбиесі, қыз бала тәрбиесі, келін тәрбиесі, ұл
бала тәрбиесі, ер жігіт тәрбиесі, отбасылық
өмірге дайындау, қазақтың туысқандық
қарым-қатынастарының тәрбиелік мәні.
2. «Мектепке дейінгі мекемелерде
ұлттық тәрбие беру (Авторлары: Бөлеев
Қ., Оспанбаева М.П., Керімбаева Р.Қ.,
Ережепбаева А.С.)» бағдарламасы түсінік
хаттан, бағдарлама мазмұнынан және қажет-
ті әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бағдарлама мазмұнында 8 тақырып бар:
мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің
нормативтік-құқықтық құжаттарындағы ұлт-
тық тәрбие беру мәселелері, мектепке дейінгі
мекемелерде қазақ халқының денсаулық
педагогикасын қолдану ерекшеліктері, қазақ
халқының қарым-қатынас ерекшелігімен
мек теп жасына дейінгі балаларды танысты ру
әдістемесі, көшпенділер танымы – мектепке
дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісінде,
бала шығармашылығының қалыптастырып,
дамытуда халықтық педагогиканы қолдану
әдістемесі, ұлттық құндылықтар арқылы
балаларға әлеуметтік орта нормаларын мең-
герту, балабақшада пәндік–дамытушы ор-
таны ұйымдастыруда халықтық педагогика
элементтеріне сүйену, балабақшада ұлттық
құндылықтар негізінде педагогикалық үр-
діс ті ұйымдастыру.
3. «Бастауыш мектеп оқушыларына
ұлттық тәрбие беру» және «Негізгі және
бейінді мектептер оқушыларына ұлт
тық тәрбие беру (Авторлары: Бөлеев
Қ., Бұзаубақова К.Ж., Елубаева М.С.,
Досмұхамбетова К.С.)» бағдарламалары
түсінік хаттан, бағдарламалар мазмұнынан
және қажетті әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бағдарламалар мазмұндары 7, 8 тақырып-
тан тұрады: оқушыларға ұлттық тәрбие
берудің теориялық-әдіснамалық және пси-
хологиялық-педагогикалық негіздері, оқу-
шы ларға ұлттық тәрбие берудің мазмұны,
оқушыларға ұлттық тәрбие берудің
әдістемесі, оқушыларға ұлттық тәрбие бе-
ру де инновациялық технологияларды пай-
далану, оқушыларға ұлттық тәрбие беру
кезінде ұжымды қалыптастыру, оқушы-
лардың ұлттық тәрбиелілігін анықтаудың
диагностикалық әдістері.
4. «Техникалық және кәсіптік білім
алушылар үшін «Қазақ халқының салт
дәтүрлері – ұлттық тәрбие берудің негізі
(Авторлары: Бөлеев Қ., Абикеева М.Е.)»
бағ дарламасы түсініктеме хаттан, бағдарлама
мазмұны мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түсінік хатта техникалық және кәсіптік
білім алушыларға қазақ халқының салт-
дәстүрлері арқылы ұлтық тәрбие берудің
маңызы мен міндеттері, ал бағдарлама
мазмұны мынандай 6 тақырыптан құрас-
тырылған: қазақтың бала тәрбиесіне бай-
ланысты салт-дәстүрлері, қазақтың тұрмыс-
тық салт-дәстүрлері, қазақтың әлеуметтік-
мәдени салт-дәстүрлері, қазіргі заман салт-
дәстүрлері, қазақ салт-дәстүрлері – ұлттық
тәрбие берудің негізі.
5. «Болашақ мұғалімдерді 12жылдық
мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие
беруге дайындау тұжырымдамасында
(Авторлары: Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ.,)»
тұжырымдаманың қажеттігі, оның мақ-
саты, этнопедагогикалық білім беру маз-
мұны, этнопедагогикалық білім беру тұжы-
рымдамасын жүзеге асыру жағдайлары мен
жолдары және болашақ мұғалімдерді оқу-
шыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың
моделі берілген.
Журнал беттерінде жарияланған бұл бағ-
дарламалардың тәрбиеленуші, оқытушы,
тұрақты оқырмандар үшін маңызы өте зор
29
28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
туынды. Сонымен қатар, жастарға ұлттық
тұрғыда тәрбие беру үшін Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінде
жеке тұлғаға ұлттық тәрбие берудің кешенді
бағдарламасы жасалынып, ол сол жүйенің
оқу-тәрбие үрдісіне ендірілгенде ғана
Мемлекеттік білім беру бағдарламасы ар-
қылы жоғары азаматтық және адамгершілік
ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеу-
меттік жауапкершілі қалыптасқан интел-
лектуалды ұлтты қалыптастыруға болады
деп сенеміз.
Журналымызда жарияланған материалдар
«Қазақстан Республикасында білім берудің
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру
мақсатында жасалынған – білім беру жүйе-
сін де жеке тұлғаға ұлттық тәрбие берудің бір
тетіктері деп білеміз.
Қазіргі уақытта Елбасының тікелей наза-
рында тұрған аса маңызды мәселелердің
бірі – еліміздің инновациялық тұрғыдан
дамуы болып табылады. Бұл жүйенің бас-
ты қозғаушы күші ғылым мен білімнің
жаңалықтарының жедел жүзеге асуына бай-
ланысты. Ал оны жүзеге асыратын адам-
ның ерекше білікті, білімді болуымен қатар
ұлттық тәрбиелік біліммен қаруланып
отыруы қажет. «Ұлттық тәрбие» журналы
Ел басының осы ұстанған тәрбиелік білім
қағидатын басшылыққа ала отырып жария-
лаған жұмыстарының алатын орны ерекше.
Журналымыз оқырман қауым үшін, оқытушы,
ізденуші, зерттеуші ғалымдар үшін таптырмас
қазына екені баршамызға аян.
Университетімізде өмірге келіп, дамып
жатқан ұлттық тәрбие пәні балабақ шаларда,
мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу
орындарында қолға алынып жатса, «Ұлттық
тәрбие» ғылыми-көпшілік бағыттағы жур на-
лымыз Мемлекеттің қолдауымен Қазақстан-
ның барлық аймақтарының балабақшалары,
мектептері, колледждері мен ЖОО-ның
кітапханаларынан орын тауып жатса –
нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық тәрбие
– бізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл
қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп,
көпшіліктің ой-пікірлерін қаум елге жеткі-
зетін негізгі құрал – ғылыми-көпшілік жур-
нал екені даусыз.
Ендігі міндет электрон дық-ақпараттық
техниканың шарықтап биікке көтерілген
заманында журналымыздың жеке өз сай т-
ын ашу. Интернет желісінде үздіксіз отыр-
ған қауым жұрт журнал сайтынан керек-
ті мағлұматтарын тәрбие ісіне қол данып
жатса, ұтылмас едік. Журналдың ғалам тор
сайтына ұлттық құндылықтарды насихат-
тайтын материал дар ды толтырып тастасақ,
оның жас ұрпаққа тигізер ықпалы мол болар
еді. Біз алдағы уақытта педагог, этно граф
ғалымдарымызды осы мәселеге жұмыл-
дырсақ деген ниеттеміз. Сонымен қатар,
алдағы 2013 жылдың наурыз айында жоғары
атестациялық комиссия (ЖАК) тексерісінен
өтіп, ЖАК-тың қатарындағы журналдарға
қосылу.
Журналдың мәртебесін көтеру үшін
болашақта редакциялық алқалардың қата-
рына шетел ғалымдарын жұмылдыру үстін-
деміз. Шетелмен тығыз байланыс орна-
ту арқылы журналымыз шетел оқырман-
дарының сөрелерінен өз орындарын тауып
жат са нұр үстіне нұр болары анық.
Қазіргі жаһандану заманында басты
міндет студент-жастарымызға сапалы білім
беру болса, біздің ойымызша, студенттердің
университет қабырғасында терең білімді
игеруі олардың тәрбиесіне тікелей бай-
ланысты. Алайда, студент тәрбиесіз, көр-
генсіз, тәртіпсіз болса, қаншалықты жағдай
жасасаң да, ата-бабаларымыздың сөзімен
айт қанда, басына алтын құйсаң да, тіпті шет-
ел университетінде оқытсаң да, ол ешқашан
тиянақты білім ала алмайды. Білім беру
үрдісінде ең әуелі ұлттық тәрбие ісін алдыға
шығару керек. Ұлттық тәрбие төңірегінде
аса ауқымды зерттеулер жүргізіліп келеді.
Енді осы зерттеулерді басшылыққа ала
отырып, Қазақстандағы барлық балабақша,
мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында
қолданысқа ендірсе. Тәрбие жұмысындағы
кемшілік осы. Бұл мәселеге жоғарыдан тиіс-
ті көңіл бөлінбей келе жатқаны өкінішті.
ШӘМША КӨПБАЕВА ЕңБЕКТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Иманбаева Сәуле Тохтарқызы
«Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор, ХҒБПА-ның академигі,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазіргі заман алдында тұрған негізгі
міндеттердің бірі зияткер ұлтты қалып-
тастыру. Оның негізгі тұлғалар өмірі
арқылы бүгінгі егемен еліміздің азамат-
тарын тәрбиелеу. Өмір атты тылсым кемеде
дана, дара да, данышпан тұлғалар көптеп
табылады. Сол дана тұлғалардың өмірі
мен өнегелі ісі тарих толқынында өсіп
келе жатқан жас ұрпақтың жан дүниесін
қалыптастыруда негізгі орын алары сөзсіз.
Адамзатқа ми рас болған рухани құн-
ды лық – білім мен ғылымды игеріп, соған
халық ты бас тай білген тұлғаларды тілге тиек
ет сек, білім-ғылымға қызмет етудің соны
үлгісін көрсеткен қазақ зиялы қыздарының
бірі Беркімбаева Шәмшә Көпбайқызының
орны айрықша. Себебі, ақылшы ұстаз, ға-
лым, іскер басшы, үлкен парасат иесі Шәмша
Көпбайқызының өмірі жүрегі ұлтым деп
соққан алаш азаматтарына үлгі боларлықтай.
Шәмша Көпбайқызы – бүкіл саналы өмірі-
нің негізгі бөлігін білім беру мен ұстаздыққа
арнаған тұлға. Бұл көрнекті ғалым, қоғам
қайраткері туралы айтылар сөз, ақтарылар
сыр көп. Оның бәрі ол кісінің жауһардай
жарқыраған жақсы қырларын аша түсетіні
шындық. Олай дейтініміз, атқарған қызметі
мен қайраткерлігі арқасында жарты ғасырдан
аса уақыт білім жүйесімен біте қайнасып,
оның қиын кезеңдерін бастан өткізді.
Еңбек жолын мектептің орыс тілі мен
әде биеті пәнінің мұғалімдігінен бастап,
ком сомол, партия орындарында, Алматы
облыстық комсомол комитетінің бірінші
хат шысы, Алматы қаласы Совет аудандық
партия комитетінің бірінші хатшысы,
31
30
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Алматы облыстық партия комитетінің хат-
шысы, Қазақстан Республикасы Білім
министрінің орынбасары, Қазақстан Респуб-
лика сының Қырғызстандағы Елшілігінің
бірінші хатшысы, Алматы облыстық
білім басқармасының бастығы, Сенатор,
Қазақстан Республикасы Білім министрі,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
уни вер си тетінің ректоры қызметіне дей-
ін гі сатылы баспалдақты ұстаздыққа
лайық абыроймен атқарған тұлға, өзін
білім беру ісінің ұйымдастырушысы ғана
емес, халқының қалаулы, ұлтының жана-
шыры ретінде таныла білді. Қарапайым
мұғалімнен, мектеп директорынан білім
минис трі қызметінде жүріп, еліміздегі білім
беру ісінің мән-жайына, даму үрдісі мен
мүмкін діктеріне терең бойлады. Болашағын
парасат тылықпен пайымдай білді.
Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылда-
рында Шәмша Көпбайқызы Қазақстан
Республикасының Қырғызстандағы Елші-
лігінің бірінші хатшысы қызметіне ауысып,
сөз тыңдар адамның азайған тұсында, білім
министрлігінің алқа залында үлкен мәжіліс
болды. Әсіресе ұлттық төл оқулықтар
жазылып, ұлттық педагогикалық мұралар
жинақталу үстінде біршама кедергілер
болып тұрған тұс еді. Сол кезде қарапайым
халық өзінің Шәмшасін іздеді...
Сол күні, сол залда ұлттық педагогика
ғылымының негізін салушы ғалымдардың
бірі, профессор С.Қ.Қалиев сөз алды. Білім
саласындағы өзекті мәселелерге тоқтала
ке ле, сөз аяғында «Білім министрлігінде
ұлттық білімнің дамуына жанын шүберекке
түйіп, ұлттық білім мен ғылымды дамытуға
бар ғұмырын арнаған, жүрегі ұлтым
деп соққан бір адам бар еді. Ол Шәмша
Көпбайқызы еді. Ол кеткеннен кейін ұлттық
білім беру жүйесі құлады» деп қатты айтып,
залдан шығып кетті. Қатты айтса да, ащы
шындықты айтты.
Профессор Г.Ж.Пірәлиеваның «Шәмша
апайдың төрт ерлігі» атты мақаласында
апай дың бейбітшілік өмірдегі ерлік істерін
жан-жақты ашып көрсеткен. Ерлік соғыс
кезінде де, бейбітшілік өмірде де кездесетін
туа бітетін қасиет. Халық жазушысы Қабдеш
Жұмаділовтің «Егер үлкен жиындарда
тұрып, ащы шындықты айту бұл үлкен ерлік»
деп бағалауы Шәмша апайдың ерліктерін
нақтылай түседі.
Шәмша Көпбайқызының ерлік істерін
1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан да анық
көруге болады. Халқым деп соққан жүрегі
оның мансаптан кетуге бел буғызды...
Ешкім нің қолынан келе бермейтін бұл қасиет
ананың ақ сүтімен, атаның ақ батасымен
келген, туа біткен қасиеті, табиғатынан
беріл ген зияттылығы пен парасаттылығы-
нан екеніне еш күмән туғызбайды.
Оның қоғамдағы қызметі мен еңбегінің
айғағы ретінде “Қазақстанның еңбек сіңір-
ген қызметкері” атағы, Халықаралық
«Сократ» сыйлығымен, «Еңбек қызыл ту»,
«Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат»
ордендерімен марапатталды. Педагогика
ғылымының кандидаты дәрежесі, Халық-
аралық педагогикалық білім және ғылым
академиясының академигі және респуб ли-
ка дағы көптеген жоғары оқу орындарының
құрметті профессоры атақтары берілді.
Шәмша
Көпбайқызының
ғылым
саласындағы ізденістері білім жүйесін
жетіл діру ге, білім сапасын көтеруге арнал-
ған еңбектері көптеп табылады. Ол көптеген
материалдарды, әр түрлі деректерді ғылы-
ми зерттеулерді жинақтап, “Ізгілікті іздеп
келем”, “Әлі де ізгілікті іздеп келемін”,
“Қазақ тәлімінің тарихы”, “Тәрбие тағы-
лымы», «Қазақ қыздарының парасат
мектебі»(2004; 2011 жж.), т.б. жазды, 200-
ден аса ғылыми мақалалардың авторы. Ғы-
лы ми шығармашылығының жетістіктері,
ғылыми еңбектері бүгінгі егемен еліміздің
жас тарына үлгі болумен қатар,
бұл күндері
педагог ғалымдардың құнды еңбектері
ретінде ғылыми айналысқа еніп отырғаны
бел гілі.
Жоғарыдағы еңбектердегі зерделегенде
бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің бойындағы ұлт-
тық құндылықтарды қалыптастыруға негіз
болады. «Ізгілікті іздеп келем”, “Әлі де
ізгілікті іздеп келемін”, «Мен қазақтың
қызымын» атты еңбектеріндегі ғылыми тұ-
жырым дарды сұрыптай отырып болашақта
«АР» кодексін дайындауға болатыны дау
тудырмайды.
Әр айтылған тұжырымның тұлға
бойындағы рухани-адамгершілік құндылық-
тарды қалыптастыруда маңызы ерекше.
– «Жүрек тазалығы, адамзаттың бәріне
деген мейірбандық сезімі, кешіре білу, түсіне
білу, адам өмірін сақтау ең басты дүние емес
пе?»
– «Иман нұры жүректерінде болсын,
адам баласы бауырың, табиғат бағып қаққан,
ауа берген ару анаң. Ендеше, тіршіліктің
сақтаушысы – өзіңсің».
– «Ұлттық рух пайда болмай, балада
ұлтына деген ерекше сезім пайда болмайды».
– «Жеріміз бен еліміздің тұтастығының
кепілдігі – мемлекеттік тілімізде».
– Білімді іздесең табасың, тәрбиені
көрсең аласың, ал тектілік дейтін текті ұғым
сатылмайды, айырбасқа түспейді».
– «Текті адам рухани құндылықтарға адал
келеді. Арын салып қорғайды, жанын салып
қолдайды, жақындарының жар жағына пана,
күн жағына сая болады».
– «Тәлім-тәрбие – ата-анадан, оқу-білім
ұстаздан. Осы екеуі сәйкес келсе, талай
ұрпақтың жұлдызы жанып, мәртебесі
биіктейді».
– «Елорда – ұлтымыздың қаны мен
жанында, рухы мен тектілігінде бар
бауырмашылдығын, дарқандығын танытып,
әлемге қазақты табыстырды, таныстырды».
– «Қазақ үшін ерекше қасиетті, Құран
сөзіңдей құдіретті үш ұғым бар. Ана! Жер-
Ана! Отан –Ана!» [1].
Әсіресе, 65 жылдан аса тарихы бар
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің тарихын, оны бітіріп,
жан-жақта
қызметте
жүрген
қазақ
қыздарының өмірлерінен дерек беретін
«Қазақ қыздарының парасат мектебі» атты
жинақтың оқырман қауымға ұсынылуы
педагогика ғылымын қосылған іргелі үлес
деп бағалауға болады.
Әсіресе, білім министрінің орынбасары
қызметі тұсында қазақ мектептерінің
дамуымен қатар, халықаралық деңгейдегі,
яғни қазақ-түрік лицейлерінің, ағылшын
тіліндегі мектептердің ашылуына тікелей
басшылық жасады. Сонымен қатар,
қазақ мектептері үшін жалпы орта білім
тұжырымдамасын, стандарттарын, оқулық-
тарын және оқу-әдістемелік кешен-
дерін мемлекетік бағдарлама аясында
дайындатқызды. Осы тұста жалпы білім
беру жүйесінде ұлттық тәрбие беруге баса
көңіл бөлінді.
Шәмша Көпбайқызы туралы жазғанда
тіл мәселесіне соқпай кету мүмкін емес.
Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның
қолдану аясын кеңейтуді қамқорлыққа және
басшылыққа алды.
«Егер бала ана тілінде оқып, ана тілінде
білім алған болса, міндетті түрде, елінің,
халқының тарихына үңіледі, әдебиетін
іздейді. Өнерін меңгеруге тырысады...
Егер өз тілінде оқымаған болса, мұның
бәріне немқұрайлы қарайды. Тілдің құдіреті
деген осы. Жетпіс жыл бойы біз орыс
тілін үйренсе ғана жақсы қызметкер бола
алады, өмірден өз жолын таба алады деген
тәрбиемен келдік қой. Құлдық психология
– буын-буынымызды жайлап алды. Барлық
жақсы нәрсе өзге мемлекетте деп ойлаймыз.
Ал, халқымыздың өзіне тән өркениеті
болғандығын, мәдениеті, қайталанбас өнер
барлығын, ешкімге ұқсамайтын болмысы
бар дегенді баланың санасына құя беру
керек. Сонда ғана ұлттық рух пайда болады.
Біз сол жетпіс жылда ұлттық рухтан ажырап
қалдық. Ұлттық рух пайда болмай, балада
ұлтына деген ерекше сезім пайда болмайды.
Сондықтан, ұлттық рухты жаңғырту керек»,
– деген тұжырымнан ұлттық дәстүрдің,
ұлттық рухтың тәлімдік мәнін жан-жақты
ашып көрсетеді [1].
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетіне басшылыққа келуі оқу ор-
ны ның қыздардың сындарлы мектебіне ай-
налуына да үлкен із қалдырды. Қыздардың
кие лі шаңырағын ақ мәрмәрмен жарқыратып,
33
32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
керемет ғимаратқа айналдырды. Халықтың
там сана, мақтана қарайтын білім ордасы
болды.
2003 жыл жоғары оқу орындарының білім
жүйесінің эксперименттік тұрғыда кредит-
тік оқыту жүйесіне көшу кезеңі еді. Алғаш-
қылардың бірі болып университет халық-
аралық деңгейдегі кредитттік жүйені (ESTS)
қабылдады.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетін басқарып отырған тұста да
рес публикалық деңгейдегі мәселені шешуде
де салмақ түспей қалған жоқ. Қарамағындағы
ғалымдарды іскерлікпен ұжымдастыра білген
басшы білімді жаңарту, жетілдіру барысында
жаңа жүйеге көсем салушылардың бірі бол-
ды. Ол кісінің жетекшілігімен мемлекеттік
деңгейде “Қазақстан Республикасы жоғары
педагогикалық оқу орындарында кредиттік
жүйені оқу-әдістемемен қамтамасыз ету»
атты ғылыми жобаны ұтып алып, жақсы
ғылыми нәтижелерді көрсетті. Университет
ғалымдарының қатысуымен «Қазақстан
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесін-
де тәрбие тұжырымдамасы», «Қазақстан
Республикасы жаңа формацияда қазақстан
пе да гогын қалыптастыру тұжырымдамасы»
жа салды.
Расында да, Шәмша Көпбайқызы ауыл
мектептерін дамытумен бірге, жоғары оқу
орындарынды оқу-әдістемемен қамтамасыз
етуге аса мән берді. Оқулық дайындау
мәселесіне қаржыны көптеп бөлдірді.
Уақытша ғылыми-зерттеу топтарын құрды.
Осыған дәлел, өзінің басшылығымен
«Педагогика тарихы», «Әлеуметтік педа-
гогика» атты оқулықтар дайындалып, бүкіл
республиканың педагогикалық жоғары оқу
орындарына таратылды.
Шәмша Көпбайқызының оқу министрі-
нің орынбасары болып тұрған кезінде
«Қазақ стандағы 14 ғасырлық педагогикалық
ой-пікірлердің көптомдық антологиясын»
дайын дауға рұқсат берген ғылыми еңбекті
20 жыл өткеннен кейін, өзі ректор болып
отырған тұста, 2011 жылы дайындалып,
10 томдықтың тұсауының кесілуі оның пе-
да гогика ғылымына қосқан іргелі үлесі
болуымен қатар, тарих беттерінде мәңгілік-
ке қалары дау туғызбайды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті – еліміздегі ең алғашқы
ашыл ған қазақ қыздарының киелі қара
шаңырақтарының бірі. Қазақстанда сауат-
сыздықпен күресуді бастауыш пен орта
мектепке мұғалімдер дайындауда жалпы
қазақ интеллигенциясын қалыптастыру-
да атқарған міндет, істеген еңбегі зор.
Кезінде елімізге елеулі, халқымызға
қалау лы
азаматтар
Т.М.Мырзабеко-
ва,
М.Ғ.Сармурзина,
К.Қ.Құнантаева,
Ж.Т.Елемесова, С.М.Исаев, С.Ж.Пірәлиев
бас қар ған бұл оқу орнын Қазақстан халқы
жақ сы біледі. Бүгіндері еліміз рухани ғы-
лым-білім ошағы деп құрметтейді. Акаде м ик
Ш.К.Беркімбаева өзінің білім саласындағы
жемісті еңбегінің сегіз жылын аталған уни-
вер ситеттің басшысы ретінде атқарды.
Университет – іргелі білім мен ғылым
ордасы. Оның қыры мен сырын меңгеру көп
уақытты қажет етеді. Аталған оқу орнының
«университет» атануына үлкен еңбек сіңірді.
Еліміз егемендік алғаннан кейін де
жоғары оқу орындарында жаңаша тұр-
патта білім беру жүйесін реформалауға
және оның дамуына қомақты үлес қосты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Се-
натының депутаты болған тұс Қазақстан
Рес публикасы білім беру жүйесінің даму-
ын реформалаудың ерекше кезеңі болды.
Осы тұста Ш.К.Беркімбаева ауыл мектебі
мәселесін жетілдіруді негізге алды, оны
министр болып тұрған тұсында да жақсы
жолға қойды, ал ректор болып ауысқан кезде
де қазақ мектебінің мәселесін ғылыми-
теориялық тұрғыда дамытып «Қазақ
мектебі» атты зертхананы құрды. Зертхана
қызметкерлері ауыл мектебінің дамуы
бойынша үлкен монографиялық еңбек
дайындады.
Шәмша Көпбайқызы қай кезде де өзі-
нің іскерлігі мен қажыр-қайратының мол-
дығымен танылды. Өзі басқарған оқу
орнын өтпелі кезеңде сол күйінде сақтап
қана қоймай, қарқынмен дамытып, егемен
елдің өскелең талабына сай, жаңа заман
мамандарын даярлауға ерекше күш салды.
Ол басқарған оқу орны жетекші оқу орын-
дары дәрежесіне жетті.
Ш.К.Беркімбаеваның басшылығымен еу-
ропа лық сандартқа сай салынған «Студент-
тер үйі» бүгінгі таңда қаланың негізгі сәулет
өнеріне қосылған өнер ғимаратына айнал-
ған, Шәмша Көпбайқызының есімі студент
жа дында мәңгілікке сақталары сөзсіз.
Расында да, қазақ академиялық жоғары
білімнің қара шаңырағы атанған оқу орны
еліміздің экономикасын, мәдениетін, бі-
лімін дамытуға ұлан байтақ елімізге талай
мамандарды берді.
Шәмша Көпбайқызы басқарып тұр-
ған шақта университет “Алтын сапа”
сыйлығына ие болып, биіктен көрінді. Әлем
университеттерінің ұлы хартиясына Қа-
зақстаннан алғаш қол қойғандардың бі рі
осы университет ректоры болды.
Алматы – жетекші оқу орындары
шоғырланған
орталық.
Академик
Ш.К.Беркімбаева қаладағы ЖОО-ның іс-
қи мы лын тығыз байланыстырып, иннова-
циялық дәстүр, маман даярлаудың озық
үлгілерімен танысып, тарату сияқты ұйым-
дастырушылық істерді ұстаз ретінде шебер
үйлестіре білді.
Шәмша Көпбайқызы білім жанашыры
ретінде көптеген білім және ғылым саласы
бойынша құжаттарды жасауға ат салысты.
Әсіресе жоғары оқу орындары бүкіл әлемдік
жоғары білім беру мәселесіне байланыс-
ты Болон декларациясының ұсыныстарын,
ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру жөніндегі
ұсы ныстарын негізге ала отырып оқу-тәр бие
үдерісінде іске асырылды.
Ғылымдар бойынша көптеген қолданбалы
және іргелі ғылыми жобалар бойынша
зерттеулер жүргізілді. Өзі басқарған жоғары
оқу орнында кандидаттық және докторлық
диссертация кеңесі де ұлттық ғылым мен
білімнің дамуына үлес қосты.
Қатардағы оқытушылардан профессор-
ака демиктерге дейінгі құраммен қарым-
қатынаста адами қағидаға сүйене отырып,
тіл табысудың өзіндік үлгісін көрсететін.
Студенттер мен аспиранттардың, іздену-
шілер мен докторанттардың ғылымға деген
талпынысын құрметтейтін, көзқарастарын
да елеусіз қалдырмайтын. Негізі, Шәмша
Көпбайқызының қызметкерлермен жара-
сым ды сыйластықты, зиялы сыпайы лықты
сақтайтын қырын басшылар үйренсе, ұйым-
дастырушы ретінде бағасы биіктей түскен
болар еді.
Шәмша Көпбайқызы ұстаз қауымы үшін
қыруар еңбек етті. Еліміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Ұстаздардың құрмет ті
ата ғын қайтаруымыз керек. Олар елі міз дің
интеллектуалды болашағын қалып тас ты-
ру шылар. Сондықтан, олар еңбектеріне сай
жалақы алу керек» деген тұжырымын іске
асырушы алғыр басшы бола білді.
Шәмша Көпбайқызы ректорлық қызметін
абы роймен атқарып, кейінгі толқын өкіліне
табыстаған соң, Алматы қалалық “Нұр
Отан” партиясының мүшесі, Алматы қала-
лық филиалының саяси Кеңесінің мүшесі
ретінде халықпен тығыз байланыста жұ-
мыс жасауда өмірлік тәжірибесін адам гер-
шілікпен астастыра білген тұлға енді елі-
міздің әл-ауқатын жақсартуға, қоғамдағы
бір лікті сақтауға бар күш-жігерін жұм сап
отыр. Ұйымдастырушылығы мен іскерлігі
бұл істе де көрініс тапты.
Егемен еліміздегі ұлттың және ұрпақтың
зият керлігіне қамқорлық жасауда жоғары
оқу орнының басшысы ретінде де, қоғам
қай рат кері ретінде де қыруар істер атқар-
ды. Ол басқарған жоғары оқу орнын бітір-
ген жастар “Болашақ” бағдарламасы бой-
ын ша білімін жетілдірген қаншама жас
ғалым дар, профессор-оқытушылар елжан-
дылықпен ұлттық экономиканы, білім мен
мәдениетімізді дамытуға үлкен үлес қосып
жүр. Кезінде талабынан үлкен үміт күттірген,
өзі шақырып оқуға қабылдатып, ректордың
гран тын тағайындаған Мая Манеза Қазақ-
стан ның, университеттің атын әлемге таныт-
қан олимпиада чемпионы аталуы да Шәмша
Көп байқызының көрегендігі деп тү сіну ге
болады.
35
34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Расында, республика жұртшылығына
таны мал осындай таза, кішіпейіл, ұлағатты
ұстаз, қоғам қайраткері, академик Шәмша
Көпбайқызы өзінің досы, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері Гүлзада Раманбердіқызы
туралы жазған «... қазақтың қызы, даланың
қырмызы гүліндей биязы, Алатауындай
тәкаппар, халқындай қарапайым, ұлтындай
ұлық, аналарындай парасатты, аруларындай
сұлу» деген тұжырымынан да дәл өзінің
бекзаттық бейнесін көреміз.
Ш.К.Беркімбаева еліміздегі рухы биік,
өз халқының тарихын, салт-дәстүрін жетік
менгерген, ұлтын жанымен сүйетін кемеңгер
тұлға деп айтуға тұрарлық. Оның ұлттық
ғылымның дамуына қосқан үлесі, ұлттық
білім жүйесін басқарудағы атқарған іс-
шаралары істері кейінгі ұрпаққа үлгі.
Достарыңызбен бөлісу: |