Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Ұлт мүддесін консолидация кеңістігіне



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Ұлт мүддесін консолидация кеңістігіне 

сабақтастырудың  мақсаты:  Білімденудің 

инновациялық  технологияларын  интел-

лектуалды  ұлт  құрау  үдерісіндегі  тиімді 

қолданудың мүмкіндігін анықтау және оның 

теориялық  негізін  құрып,  моделін  қазіргі 

жоғары оқу орындары жүйесінде пайдалану 

жолдарын ашу.

Зерттеу  әдістері:  Зерттеу  проблемасы 

бойынша 


әдебиеттерге 

(этнопедагоги-

калық, 

философиялық, 



мәдениеттану, 

тарихи-этнографиялық, 

әлеуметтану, 

пси  хологиялық-педагогикалық, 

фило-

ло гия лық) 



тарихи-теориялық 

талдау; 


деректік  материалдарға  салыстыр малы 

талдау,  қазақ  халқының  озық  мәдени 

педагогикалық 

дәстүрлерін 

зерделеу; 

жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу-

әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге, 

студенттердің 

зерттеу 

проблемасына 

қатысты  жазба  жұмыстарына  талдау  жа-

сау,  жүйелеу,  қорытындылау,  сауалнама 

жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық 

эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу.

Қорыта  келгенде,  біздер  интерактивтік 

дәрістегі  ұсынылған  мәселелерді  шешудің 

бірінші қадамы – интеллектуалды ұлт болу 

бағдары.  Осындай  сүбелі  іске  орталықтың 

проектісі арқылы өз үлесімізді қосуды жөн 

көрдік.  Осындай  мақсатпен  проектінің 

толық құрылым-жүйесін ұсынып отырмыз.

Резюме

Статья  посвящена  интерактивной  лекции  в  Назарбаев  Университете  Президента  

Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева. Глава государства определил 

основные  приоритетные  задачи  и  направления  работы  для  научной  и  педагогической 

общественности  Республики,  студенчества,  обучающейся  молодежи  в  соответствии  с 

новыми требованиями времени. 

Summary

The  article  is  devoted  to  interactive  lecture  in  Nazarbayev  Universitete  of  Prezidenta  the 

Republic of Kazakhstan Nursultan Abishevich Nazarbayev. The head of state defined the main 

priority objectives and the work directions for the scientific and pedagogical community of the 

Republic, the students, being trained youth according to new requirements of time.

БІЛІМДАРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ҚУАТ, ҰРПАҚҚА ШУАҚ

Молдабеков Ж.Ж. – 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, 

Ы. Алтынсарин сыйлығының жүлдегері

Елдің  еселі  қуаты  –  білім  мен  ғылымда, 

білгірлік  пен  білімдарлықта.  Тарих  тал-

қысынан  туындаған  тоқтам.  ХХІ  ғасыр 

өркениеті  бұл  шындықты  жан-жақты 

ширатып,  оның  тұлғалық,  әлеуметтік  және 

рухани мағынасын бірден алға тартуда. 

Терең  білім,  білім  қоғамын  орнықтыру 

–  тәуелсіздігіміздің  тірегі,  білгірлік  –  бә-

секелестіктің  жүрегі,  білімдарлық  –  тәлім-

тәрбиенің  сабақтастығы.  Тәуелсіз  еліміздің 

таусылмас  рухани  байлығы  –  сауатты-

лықта,  салауаттылықта,  сабақтастықтың 

серпілісінде.  Тәуелсіздігін  ту  еткен,  ті-

рек  еткен,  соған  ұмтылған  еліміздің  ер-

азаматтары  білімді  дамыту  стратегиясына 

жаңа  талап  қоюда,  жаңа  жағдай  жасауға 

ұйытқылық  етуде,  жауапкершілігін  арт-

тыруда.

Бүгінгі  Қазақстан  үшін,  деді  Президент 



Н.Назарбаев  «Қазақстан  білім  қоғамы 

жолында»  деген  тақырыпта  оқыған  дәрі-

сінде, маңызды мақсат – білім беру, зерттеу 

құндылықтары  мен  дәстүрлерінің  төл 

жүйесін қалыптастыру; білім беру жүйесінің 

зияткерлік  және  инновациялық  әлеуетін 

үдету;  білім  мектебін,  білім  арнасын,  білім 

қоғамын ашу, олардың арасында пәнаралық 

байланысты  ұйымдастыру.  Бұл  тұжырым-

дама – жаңғырудың стратегиялық артықшы-

лығы. Бүгінгі қоғамның артықшылығы оның 

табиғи  және  интеллектуалды  ресурсын-

да,  бәсекелестік  қабілетінде.  Негізгі  осы 

үш  көрсеткіш  бойынша  Қазақстан  әлемге 

танымал.  Ал  бәсекелестік  қөрсеткіші 

бойынша  әлемде  51  орынға  тірелді.  Жаңа-

лыққа жол ашатын, іздемпаз ортадан қолдау 

табатын мүмкіндіктер. Жаңа деңгейде даму-

дың  іріктеулі  құрылымы  мен  тетіктерін 

жанғырту – президенттік тұжырымдама ның 

басты ұстанымы.

Білім, ғылым, мәдениет адам мен қоғам-

ның  қарқынды  дамуына  іріктеулі  ықпал 

ететін факторлар. Білімге деген құштарлық 

қажеттілік пен қоғамдасуға орай артуда. Білім 

қоғамын  құру  –  білімді  басты  бағалылық 

деп  қабылдау,  оқу  жүйесінің  әдістемелі, 

технологиялық  және  ұлттық  инновациясын 

өзара  үйлестіру.  Бұл  –  әлемдік  құбылыс, 


55

54

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

өркениеттің  туындысы,  бәсекелестіктің 

талабы. Ендігі ауқымды осы бағдар жүйелі 

ізденіске, қарқынды әрекетке мұқтаж.

Білімге  деген  құштарлықтың  тамыры 

тереңде,  қарқыны  іргелі  гуманистік 

бетбұрысқа,  әлеуметтік  факторларға  орай 

жаңғырды.  Кейбірін  сабақтап  өтелік. 

Антикалық  дәуір  білімнің  гуманистік 

және  әлеуметтік  мағынасына  ерекше 

мән  берген.  Білім,  Платонның  пікірінше, 

мемлекеттік  билікті  жетілдіретін  және 

мемлекеттік мүддеге керекті адамды қалып-

тастыратын  құрал.  Ол  сонысымен  құнды. 

Аристотель  үшін,  білім  адам  болмысында 

рухани  адамгершілік  пен  үйлестікті 

қалыптастыратын  мүмкіндігімен  маңызды. 

Антикалық  дәуірде  адамды  әлеуметтік 

қызметке  дайындауға  үлкен  мән  берілді. 

Адамды  жетілдіру  біліктілерге  жақын 

міндет  еді.  Білікті  адам  өзін-өзі  де,  өмір 

сүретін  ортаны  да  жетілдіруге  күш  салды. 

Өзін  жетілдірмек  адам  белсенділікке, 

шығармашылыққа,  сұлулыққа,  үйлестікке 

ұмтылды.  Тәуелділіктен  жоғары  тұрған 

адамның  мерейі  үстем,  мәртебесі  жоғары 

болатынын  Я.А.  Коменский  сияқты  ағар-

тушылар  әрдайым  еске  салды.  Техникасы 

дамыған  жаңа  дәуірде  өзін-өзі  жетілдіретін 

қабілет  адамның  мәртебесін  жоғарылатты. 

Техникалық  прогресс  адамның  еркіндігін, 

өзіне деген сенімді арттырды. Ғылыми білім 

адамды  тәрбиелеп  қана  қоймай,  әлеуметтің 

құрамы, мүшесі ретінде қалыптасуға ұйыт-

қы  болады.  И.Канттың  осы  тұжырымдама-

сы,  адамның  әлеуметтенуіне  білімнің 

тигізер ықпалы ерекше екеніне бағытталған. 

Практикалық  іс-әрекет  пен  қоғамдық 

қатынас  жүйесінің  жетілуі  адамның  тұтас 

дамуына, ортаның оңтайлана ықшамдалуы-

на себепкер. Маркстік бұл тоқтамда адамды 

адам ететін, социуммен теңестіретін құнды 

негіз  –  өндіргіш  күштің,  оның  қоғамдық 

тетіктері  –  адамның  тұлғалануы  мен 

әлеуметтенуінің рөлі айқындалынған. 

Осы  жетістіктер  мен  құндылықтарды 

бақылауға  ХХ  ғ.  түрлі  ағымдар  атсалысты, 

араласты.  Көзқарастар  жіктелуде.  Білім 

түсініктерді  топтастыратын,  біріктіретін 

қуатты күшке айналуда. Өйткені білімге де-

ген әлеуметтік сұраныс та, мемлекеттік мүд-

де де артуда, білім туралы алуан ізденістер 

мен  көзқарастар  көбеюде,  қатар  өрбуде. 

Индустриалды  деңгейге  дейінгі  қоғамда, 

(1)  адамды  адам  етіп  қалыптастыратын 

әлеуметтік  бағдар  мен  тәрбиелейтін 

қызметке,  олардың  жиынтығына  баса 

назар  аударылды;  (2)  әлеуметтік,  халықтық 

тәжірибені  білу,  үйрену,  игеру  –  оқу 

жүйесінің басты мәселесіне айналды. 

Білім  алудың  бастапқы  дәстүрі  адам-

ның  қалыптасуының  әлеуметтік  факторын 

не гізгі  объект  ретінде  қарастырды.  Ға-

лым дар  адамның  әлеуметтену  үрдісін, 

ортаға  бейімделу  түрлерін  сипаттаумен 

шектелді.  Ал  адамның  қоғамдағы  өмірлік 

позициясы,  оның  қоғамдық  құндылықтар 

мен  талаптарды  игеру  әдістері,  бір  сөзбен 

айтқанда  адам  мен  қоғамның  арақатынасы, 

ондағы  тұлғалық  белсенділік  кеңінен 

талқылана  берілмеді.  Дәстүрлі  қоғам  мен 

педагогикада  адам  тек  объект,  зат,  құрал 

ретінде  қарастырылды.  Постиндустриалды, 

посттехникалық  қоғамда  адам  дамудың 

субъектісі, бастапқы мақсаты ретінде қарала 

бастады, бағаланды, қабылданды, оған жаңа 

міндеттер жүктелуде. 

Адамның әлеуметтік-этникалық жүйеден 

және  ұлттық-мәдени  фактордан  тәуелділігі 

даусыз.  Ал  әлеуметтік  жүйені  өзгертудегі, 

жаңғыртудағы адами фактордың рөлі қандай, 

ол  қандай  бағытта  жаңармақ?  Сұрақтың 

өткірлігі  артуда,  ал  оған  жауап  ұстаздарды 

қанағаттандыра  бермейді.  Оқу  жүйесінде, 

білім  қоғамында  жалпы  интеграциялық 

процесс пен ұлттық мүдденің арақатынасы, 

арасалмағы әрқалай анықталуда. 

Жаңа  заманның  өткір  проблемасы 

адамның  рухани-адамгершіл  жетілуін  қам-

та масыз  ету  талаптарынан  туындайды, 

сол  бағдарға  бағытталған.  Осы  уәжбен 

келіссек, онда білім берудің ұлттық бағдары 

мен  жүйесінің  үйлестігін  сақтай  алмай, 

одан  ауытқуымыз  ақылға  сыймайды.  Білім 

саласындағы  ұлттық  бағдардан,  дәстүрден, 

үлгіден  ауытқыған  сайын,  біріншіден,  тео-

рияның  фундаменталды  қағидалары  мен 

заңдылықтарын жеке адамның практикалық 

қажетіне  бағыттау  жұмыстары,  екіншіден, 

әлеуметтік-гуманитарлық  білім  мен  тәр-

биенің  ықпалы  әлсірейді.  Содан  білімді 

әлеуметтік  әрекетпен  және  әдістермен  то-

лықтыру жұмысы ақсауда, белгі үшін жалаң 

жүргізілуде. Әлеуметтік-гуманитарлық білім 

мен тәрбиенің басты мәселесі.

Қазақстанның  жетістігі  нені  аңғартуда? 

Стратегиялық бағдар аясында барымыз бен 

жоғымызды, орындалған жұмыс пен жүзеге 

асыратын міндетті, кемшілік пен жетістікті, 

жаһандану үрдісіндегі өз мүмкіндігіміз бен 

орнымызды сараптай аламыз. Қазақстандық 

дамудың  стратегиялық  бағдарлары  ір-

гелі  межелерге  жөн  сілтейді,  ұлықты 

ұстанымдардан  үйренетін  тартымды  іс-

әрекетті  реттеуге  дайындайды.  Ол  үшін 

еліміздің  табиғи  мүмкіншілігін,  тарихи-

мәдени  үлгілерін  ескеруіміз  жөн,  өз  мүм-

кіндігімізді арттыру жолын іздестіру қажет-

ақ. 

Таусылмас  ресурсымыз  бен  қуатымыз 



мемлекеттік  егемендікте,  рухани  естілікте, 

зияткерлердің  ептілігінде  екеніне  көзіміз 

жетуде.  Егемендік,  еркіндік,  ептілік  –  ұл-

тымыздың  сақтық  қоры,  өсер  ұрпақтың 

оңтайлы  жағдайы,  тұлғалықты  қолдаушы 

қарқын. Президенттік жаңа ұстаным мәнісі: 

білім  –  адамға,  ғылым  –  қоғамға  қуат 

әкелетін  стратегияны  бетке  ұстағанда,  оны 

жер-жерде  басшылыққа  алғанда,  нақты 

жүзеге  асырғанда;  білім  мен  ғылым  қорын 

мемлекетіміздің  ұлттық  және  мәдени 

саясатының түбегейлі негізіне әрі өлшеміне 

айналдырған сайын айқындала бермек.

Білім  берудің  бұрынғы  дәстүрлі  жүйесі 

қазіргі  ғылым  жаңалықтарынан  кенже  қа-

луда,  бәсекелестікке  баяу  икемделінуде. 

Икемсіздік  пен  инновациялық  жүдеушілік 

жаңа  сатыға  көтерілуде  солақайлық 

пен  солқылдақтыққа  ұшыратуда.  Білім 

саласында  әр  қадымды  үлкен  жетістікке 

баламақ,  тарыдай  ұсақты  таудай  қып 

көрсетпек әуестік науқанға айналуда. Мұнда 

белсенді әрекет, жаңаша ойлану, жеке басты 

жауапкершілік жетіспейді. Барлық кемшілік 

пен әлеуметтік қауіп түбірі осында.

Ендігі  білім  қоғамының  стратегиялық 

бағыты  анықталынды,  ұзақ  мерзімдік  идея 

ұсынылды,  зерттеу  нысандары  айқын, 

көш  басталды.  Жаңа  қарым-қатынастың 

артықшылығы неден білінбек? Артықшылық 

әрқалай.  Десекте  тұжырымдамалы  ұс-

танымның  маңызы  –  білім  берудің  ин-

новациялық және бәсекелі жолдарын нақты 

орта мен салада дұрыс жүзеге асыру, әр сала 

мен  өлкеде  сондай  іс-әрекеттің  жүйесін 

қалыптастыру,  оның  үйлесті  сипатын 

қолдау  барысында  айқындалады.  Бірақ 

тұжырымдамалы  ұстанымның  бағдары  бір-

жақты,  бірсыдырғы  емес.  Жаңғырудағы 

сарын,  біржағы  қоғамдық  тұрақтылыққа, 

әлеуметтік  тұтастыққа  бағындырылған 

әрекеттен құралады, біржағы, адамның жеке 

басының  құндылық-қасиеттерінен,  оның 

адамгершіл,  этикалық,  эстетикалық  көз-

қарастарынан қолдау табады. Бұл бағыт пен 

бастаулар  өркениетті  кеңістікте  өмір  сүру 

тәсілдерін  іріктейтін  әрі  бәсекелі  рухты 

көтермелейтін кепілдіктер.

Президент  Қазақстанның  даму  саясатын 

түзетуде,  толықтыруда,  оны  нақты  нысанға 

бейімдеуде.  Не  нәрсе  түзелуде?  Әлеуметтік 

және  информациялық  жүйенің  даму  ерек-

шеліктерінің,  орнығу  заңдылықтарының 

танымдық,  тәрбиелік  және  өркениеттік 

маңызын  көрсету  –  тұжырымдамалық 

негізде іске асуда. Интеллектуалды, рухани 

өсім-өнімді  қалыптастырудың  ұлттық,  ел-

дік  негіздерін  жетілдіру  қолға  алынуда, 

өнімді  істің  жаңа  ұрпақтық  күштерін 

қалыптастыруға  ерекше  назар  аударылуда. 

Дәстүрлі  және  жаңа  қарым-қатынастың 

түрлері тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз 

ететін,  ынтымаққа  жетудің  жаңа  жолдарын 

іздестіруге  бағытталуда.  Әлеуметтік  осын-

дай  бетбұрыста  шығармашылықты  реттей-

тін  функционалды  әрекеттер  пысықталуда. 

Бірақ  жүйесіз  ырғақта  олардың  тиімділігі 

көңілдегідей емес екені де шындық. 

Күрмектің бір тұсауы шығармашылықтағы 


57

56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

жеке  өнімнің,  әсіресе  гуманитарлық  сала-

дағы  ғалымдардың  еңбегінің  құндылығы 

мен  ауқымына  тіреледі.  Оларды  қалай 

дәлірек  бағалауға  болады?  Таптаурыннан 

шығуға  септігін  тигізетін  тиянақты  жауап 

немесе  өтімді  ұсыныс  тым  жеткіліксіз. 

Жағдайды  жөндеу  үшін  әлеуметтік-

гуманитарлық  саладағы  шығармашылықты 

басқару  құрылымын  оңтайландыру,  әдісті 

әрекетті  жандандыру,  қысқасы  өтемелі 

білімге  бетбұру  қажет.  Өнімді  өткірлік 

мемлекетке  де,  білім  қоғамына  да  тікелей 

қатысты, маңызы зор мәселе. Өкінішке орай, 

бұл жұмыстар екі жақта да баяу, жартылай 

жүргізілуде. 

ХХІ  ғ.  өркениет  деңгейі  кәсіби,  ұлттық, 

аймақтық тәжірибе мен олардың түрлерінің 

дүниетанымдық 

мән-маңызын 

ашуға, 

мәдениеттің  адами  өлшемдерінің  құн-



дылығын  айқындауға  сұранысты  үде ту де. 

Ғылыми білімді өндіру, өрістету – техника-

сы дамыған елдердің қоятын іргелі талабы. 

Себебі  өтпелі  кезеңде  шындықты  тану, 



жағымды  да  жауапты  шешім  қабылдай 

алу,  жаңа  идеяны  ұсыну,  іс-әрекеттің 

пайдалы  тиімділігін  арттыру  –  тұрақты 

да  тұрлаулы  мұқтаждық.  Мұны  әр  азамат 

пен маманға тән, ортақ төрт функционалды 

қызметке жатқызуға болады. Ортақ мақсат-

мүддеге  жан  мен  тәннің,  жүрек,  ерік, 

ақылдың  қызметі  қатар,  бірге  жұмылдыру 

қажеті  артуда.  Қажеттілік  –  мамандардың 

функционалды  қызметін  сабақтастыра 

жетілдіруде  және  гуманитарлық  мәдениет-

тің  ықпалын  арттыруда.  Қажеттіліктің 

адами  өлшемі  –  жаһандық  үрдіске  және 

ұлттық  дәстүрге  тамыр  жайған  пәрменді 

әрекетте, адам өз бейнесін мәнерлей алатын 

өнерде.  Өнерлі  де  өнегелі  іс-әрекетте  адам 

өз беделі мен белсенділігін нығайта алады. 

Әзірге  адам  болмысында  бедел  мен  өнімді 

белсенділіктің  салмағы  бірдей  емес.  Жаңа 

ұрпақтың  бейнесін  жасау,  белсенділігі 

қолдау,  беделін  қалыптастыру  –  білім  мен 

мәдениеттің  шоқтығы.  Оған  ынталылық 

таныту  –  парызымыз.  Өкінішке  орай, 

гуманитарлық  білім  мен  мәдениетке  деген 

қарқын  құлдырауда,  оның  танымдық 

құндылығы мен өзара тәуелділігі әлсіреуде. 

Білім 

беру 


саласындағы 

әлсіздік 

дегеніміз  әрекетсіздік,  дағдыға  бейімделу, 

бірқалыптан  шыға  алмау,  жаңалықты 

жатсыну,  ілгері  ұмтылмау.  Бұл  –  ішкі 

дағдарыстың 

нышандары. 

Әлсіздіктің 

сыртқы  көріністері  жіктелуден,  дәстүр  мен 

әдісті  бір-біріне  қарсы  қоюдан  білінеді. 

Бұрынғы университеттік білімнің олқы, ос-

ал жақтары неде еді? 

Мамандандырмақ  білімге  жалпы  іргелі 

ізденістер жетісе бермеді, ал университеттік 

білім  жүйесіне  мамандану,  мамандықтың 

практикалық  жақтарын  жүйелеу  жұмыста-

ры  аяқсыз  артта  қалды.  Мұндай  кемшілік-

те  мамандардың  ойлану  және  мінез-құлық 

мәдениеті  толыққанды  жетілмеді,  кәсіп-

ке,  мәдениетке  және  адамгершілік ке 

үйрету  сабақтары,  жұмыстары  бірін-бірі 

толықтырмады.  Ғалымдар  мен  мамандар-

дың  кәсіби  функционалды  қызметін  өзара 

үйлестірмей  рухани  байлықты  көтермелеу 

немесе игеру, адам өмірінің күш-қуаты мен 

мән-жайына ену жасандылыққа ұшырады. 

Жасандылық  қандай  жағдайда  ушықты? 

Қордаланған  білім  мен  мұраны  сауатты 

жеткізу,  қалыптасқан  жүйеге  үйрету 

жұмыстары  өзінше  бір  өнер  ретінде 

қабылданбағанда,  ал  меңгерген  тәсіл-

тәжірибеге сүйене отырып өзіндік көзқарас 

қалыптастырылмағанда,  адамның  өзіндік 

бейнесі  және  өмірлік  жолы  қалыптаспады, 

іргелі  мақсатсыздықта  босаңсыды,  тоқыра-

ды,  адасты.  Тек  жасампаздар  мен  өз  бол-

мысымен  жарасқандар  ғана  білімнің, 

тәрбиенің,  өнердің  жоғары  түрін,  әлеумет-

те  жүйеленген  арнасын  құрастыра  алды. 

Жасампаздар 

адамның 

интеллектісін, 

шығармашыл  қуатын,  рухани  жігерін  же-

тілдіре,  нақты  қажеттілікке  жеге  алды. 

Ол  дегеніміз  адамның  мінез-құлқы  мен 

ойлану  үрдісіндегі  таптаурынды,  біржақты 

көзқарасқа, күнделікті тұрмыстағы ынжық-

тыққа  көндікпеу,  бағдары  мен  құндылығы 

басым тұлғалық тіректерді іске қосу еді.

Әзірге  қоғамдық  сана  өндіргіш  және 

өнімшіл  пайдакүнемдіктің  кәмелетті  дең-

гейін толық қабылдай, қолдай алмауда; ұж-

ым дық,  корпоративті  талпыныстар  жалпы 

ұлттық  мүдденің  жеке  қыры  мен  кезеңі нен 

ас ып кетпеуде. Содан сана-сезімдегі келтелік 

пен мінездегі кенжелілік өзара ұласуда. Кел-

те қылықтардың зардабын жасыра алмауда-

мыз. Содан тірлікті аяқсыз қалдыратын тар 

көзқарастың қаупі өршімесе, басылмауда.

Шашыранды  қимыл  ойды  матап  жат-

қанда  қомақты  міндеттер  күн  тәртібіне 

оралуда.  Олар:  қоғам  мен  адамның  әл-

ауқатының өсуіне жігерлі ықпал ететін іскер 

азамат-мамандарды  тәрбиелеу,  маманның 

мемлекетпен  әріптестігін  жетілдіру;  жаңа 

ұрпақтың  рухани-білгір  және  интеллекті 

мәдениетін 

қалыптастыру. 

Қарқынды 

сарынға  негізгі  үш  фактордың,  біріншіден, 

әдістемелі  мәдениеттің,  қоғамдық-гумани-

тарлық  білімнің,  рухани-гуманистік  дәс-

түрдің,  екіншіден,  ана  тілінің,  ұлттық 

мәдениеттің,  халықтық  педагогиканың, 

үшіншіден,  кәсіби  мамандыққа  үйрететін, 

әрі оны жетілдіретін оқу жүйесінің маңызы 

да,  қажеті  де  артуда.  Бұл  сүбелі  мәселелер 

әлеуметтік-гуманитарлық  ұстанымның  қы-

рат тарын құрауда.

Білім  берудің  ұлттық  жүйесін  біріз-

ділікпен  жаңғыртудамыз,  деді  Елбасы. 

Бірізділік – информациялық технология мен 

рухани-гуманистік  дәстүр  ритміне  енуде. 

Информациялық  технология  әдістемелі 

мәдениет  пен  прагматикалық  ұстанымға 

жол  ашуда.  Әдістемелі  мәдениет  пен 

прагматикалық  ұстанымда  «білім-ғылым-

инновация» 

үстемдігін 

орнықтырмақ 

талпыныс  басым.  Информациялық  тех-

нология  «білім-ғылым-инновация»  жүйесі-

нің  байланысын  тездетеді,  айналымға  ен-

гізеді,  ал  сол  үстемдік  ұлттық  мәдениет 

аясында  жүзеге  асады,  өз  қажетіне  жа-

ратылады.  Қос  бастаманы  бірізділікке 

келтірудің пайдасы неде, не ұтамыз?

Прагматизм  пайданы,  пәрменді  де 

парасатты  әрекетті,  тұлғалықты  көтер-

мелейтін  саналы  тірлікке  бағытталады, 

күнделікті тіршіліктегі тиімді амал-әрекетті 

ескереді.  Прагматикалық  ұстанымның  қол-

данбалы талабы – аз шығын жұмсап, артық 

табысқа  қол  жеткізу;  өзгеге  кесір  жасамай, 

өз үлесіңді арттыруымен; барыңмен сауатты 

саудаласып,  озық  жүйемен  араласуымен; 

кластер  және  корпоративті  мүдделердің 

өзара байланысын реттеуімен құнды. 

Білім  беру  жүйесі  бұл  талаптармен 

шек телмейді.  Оның  арқауын  қоғамдық-

гуманитарлық  пәндер  және  рухани-

гуманитарлық  дәстүр  ширатады.  Себебі  ол 

өнімді  еңбекке  тұлғалық  келбетті  енгізудің 

басты әрі таптырмас құралы. 

Әлеуметтік-гуманитарлық  білім  сала-

сы  ғылымға,  саяси  ағымдарға,  жалпы 

техникалық  өмірге  деген  тұлғалық  және 

сыни  көзқарасты  жүйелейді,  жаңғыртады. 

Ал  рухани-гуманитарлық  дәстүр  қуаты  – 

білім, ғылым, өнер, діннің тоғысында, рухани 

қуаттың  ұлттық  арнасында  сарындайды. 

Рух  пен  ұлттық  мұра  өзара  тоғысқан 

сайын  маманның  кәсіпқойлығы,  азаматтың 

функционалды,  патриотты  қызметі  арта 

түсетіні даусыз. 

Рухани-гуманитарлық  дәстүрдің  артық-

шылығы  –  салауаттылығы  мен  қайырым-

дылығы  артық  өмір  салтын  ұстанудан; 

татулықты аялау, сақтау, қолдау ұстанымын 

жүзеге  асырудан;  жеңімпазы  жоқ  қақ-

тығыстан  аулақ,  сақ  болудан  құралады.  Ол 

дегеніміз  кемітушілікті,  бос  байбаламды, 

іріткі  салушыларды  құптамау;  жақсы  мен 

жаманның,  ынтымақ  пен  зұлымдықтың 

айырмашылығын  байыппен  түсіну,  құр-

метпен 


қабылдау; 

радикализм 

мен 

экстремизмді  қабылдамау.  Рух  қыңырлық 



пен  келтеліктен  жоғары  әрі  күшті  болуы 

шарт.


Бұл  қажеттілікке  кім,  қай  пәндерде 

үйретеді,  қандай  жағдайда  үйренеді? 

Өзіндік  қабілеттерді  қандай  әдістермен 

қалай  қалыптастыруға  болады?  Осы 

бағытта  мемлекеттік  ұстаным  мен  формат 

анықталды.  Бірақ  оның  сала  мен  өңірдегі, 

әрбір  оқу  орнындағы  мазмұны  мен 

қарқыны  әлі  де  болса  елеусіз,  қоғамдық 

талдаусыз  қалып  қоюда.  Кәсіби  қызметтің 


59

58

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

білімнің  бар  саласынан  нәр  алатыны, 

өмірлік тәжірибеде ерекше қарқындайтыны 

айғақ.  Инновациялық  бастау  –  бәсекелі  де 

дәстүрлі  өмірге  келбет  қарқынымен  бірге 

бейімделуге,  әлеуметтік  күшті  бейімдеуге 

төтенше жол ашады.

Іргелі  бетбұрыста  жоғары  оқу  орнына, 

әсіресе  ұлттық  университет  ұстаздары  мен 

ғалымдарына  түсетін  салмақ  артуда.  әл-

Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  уни вер-

ситетінде  осы  бағыттағы  іргелі  ізденіс тер, 

қарқынды  реформалық  және  құрылымдық 

өзгерістер  жүзеге  асырылуда.  Көңіл 

тоқитын  тәжірибе  нені  аңғартуда?  Әлемдік 

озық  тәжірибе  оқу  жүйесіне  толыққанды 

ену 

үшін 


инновациялық 

қызметке 

лайықты  материалды-техникалық  жабдық, 

ұйымдасқан  корпоративті  және  кластерлік 

негіз,  кәсіби  дайындығы  жоғары  кадрлар 

құрамы және оларға деген қолқабыс сақадай 

сай болуы шарт. Көп жағдайда осы үш негіз 

толық  және  жүйелі  ескерілмейді.  Содан 

білімде  де,  ғылымда  да  сапалы  нәтижеге 

тұрақты әрі жалпылама қол жетпейді. 

Оған себеп – жеке шараны жүйелі де жеміс-

ті  іс  деп  қабылдаушылық  психологиямызға 

енуде.  Сүйтіп  әр  нәрсеге  алдану,  дайын 

нәрсемен  шектелу,  нұсқау  төңірегінде 

өзін  жұбату  дағдысы  қалыптасуда.  Бір-

жақты  мұндай  қылықтар  ішкі  кедергінің 

таусылмас әрі қырсық түрлері. Келтелік те, 

қырсықтық  та  жеке  да  алшақ  әрекеттердің  

жартыкеш  бастамалары.  Жартыкеште  алға 

ұмтылдыратын  өмірлік  көзқарас  осал, 

өзіндік ұмтылыс ырықсыздыққа ұшырайды. 

Босаңдық  пен  жайбарақаттықтан  арылу 

үшін а) дүниені дұрыс қабылдай, бейнелей, 

түсіну,  ашу,  жасай  білу  керек;  ә)  адам 

пайымшыл,  оқиғаға  қатысушы,  ортаны 

жөндеуші,  әлді  де  әділ  істің  төрешісі 

бола  білуі  абзал;  б)  ортаға  бейімделуде  өз 



бейнесін тұтас сақтап, өзін батыл көрсете 

білу қажет. Мұндай амал-әрекет үнемі және 

қатар  өрбуі  керек.  Тағлымды  ұстанымда 

адамды  шығармашыл  және  қоғамдық 

өмірдің  қозғаушы  күшіне  айналдыратын 

әдістемелі  тетіктер  мен  тәсілдер  тоғысады, 

сондай мақсат көзделеді. Жүйелі жаңалыққа 

сол үшін назар аударамыз. 

Байыбына  барсақ,  әдістемелі  мәдениет 

те,  қоғамдық-гуманитарлық  білім  мазмұны 

да  екіжақтама  –  рухани-гуманистік  дәстүр 

мен информациялық технологияның қарқы-

нынан  кенже  қалуда,  ұлттық  мәдениеттің 

деңгейімен  үйлесе  бермеуде.  Білім  сала-

сының  рухани-гуманитарлық  жүйесін  ұлт-

тық  мәдениеттің  негізінде,  мемлекеттік 

қолдау  аясында  көтермелемей,  адамдық 

жетілуде  ірі  жетістікті  уыстан  шығарып 

аламыз,  іштей  ілгерілеуден  қаламыз.  Оны 

әлемдік тәжірибе көрсетуде.

Көңілді  сыздататын  жай  мұнымен 

шек телмейді.  Республикада  жоғары  оқу 

орындарының  жалпы  саны  қажеттіліктен 

асып жатқаны әйгілі. Бірақ республика және 

әрбір  жоғары  оқу  орнында,  әр  мамандық 

саласында  білікті  кәсіби  мамандармен 

қамтамасыз  ету  дәрежесі  қандай  екенін 

көпшілік  біле  бермейді.  Көпшілікке 

«жырмаланған»  мәліметтер  жетеді.  Маман-

дардың  кәсіби  деңгейі  жаңа  талапқа  орай, 

әлемдік  стандартпен  салыстыра  ашық 

талқылау  өз  бабына  сәйкес  емес.  Бұрынғы 

аумалы-төкпелі  кезеңде  ғалым  бейнесі 

қоғамдық  санада  бірыңғай  күңгірттенді, 

беделі  төмендеді,  әлеуметтік  жағдайы  күрт 

нашарлады.  Ғалым  еңбегін  құрметтеу, 

қадір  тұту  әлеуметтік  деңгейден  құлдырап, 

әкімшілік  ырықпен  шектелді.  Ғалымдар, 

әсіресе  қоғамдық-гуманитарлық  саладағы 

мамандар  әлі  де  шатысқан  күрмектен  есін 

жия  алмауда.  Білім  әкімшілігіне  іргелі, 

пәнаралық ізденістерді қолданудан гөрі (оған 

арнайы  қомақты  қаражат  та,  мемлекеттік 

қолдау  да,  қоғамдық  талпыныс  та  керек), 

нақты,  жеке  іс-шараны  қолдау  анағұрлым 

оңтайлы, ұтымды көрінеді. 

Білім  әкімшілігінің  ырқынан  қандай 

осалдық  аңғарылуда?  Батыстық  жаңа 

тех нологияға  ұмтылыс  күш  алуда,  ал 

оқытушының  сабағы  бұрынғыдай  көп, 

шығармашылық  жұмыс  істеуге  жағдай 

шектеулі.  Жаңа  әдістемені  іріктеуде  озық 

тәжірибе  де,  ортақ  кемшілік  те  үнсіздікте 

елеусіз  қалуда.  Инновациялық  үдеріске 

жан-жақты  дайындықсыз,  тәуекелге  бару-

шылық  үдеуде.  Президент  «тәуекел-қауіп-

терді  мейлінше  азайту»  қажеттігін  бекер 

ескертпеді.  Түймедей  табысты  таудай 

көрсетпек  талпыныста  білім  саласы  мен 

ғылым  арасындағы  алшақтық  үдей  бермек, 

ол  қауіпті.  Алшақтықты  байқамаушылық 

та қауіпті. Ол шығармашыл топтың еңсесін 

басуда.


Осыдан  білім  мен  ғылым  саласындағы 

білікті  кадрлардың  еңбегі  жер-жерде,  әр 

мекемеде  қалай  бағалануда,  оларға  қандай 

стимул  жасалынып,  құрмет  көрсетілуде? 

деген  сауал  әр  ғалым-ұстазды  мазалайды. 

Өйткені  мәлімет  сирек,  ақпараттар  жүйе-

сі  бұл  бағытқа  ықылас  танытпайды. 

Қоғам  өз  ғалымдарын  білмейді,  ел-жұрт 

тани  бермейді.  Бұлыңғыр  көзқарастан  ға-

лымдарға  бей-жай  қараушылық  етек  алуда. 

Ғалымдардың еңбектену мотивін көтермелеу 

туралы арнайы мемлекеттік бағдарламаның 

қабылданбағаны өкінішті-ақ.

Білікті  кәсіби  мамандар  дегеніміз, 

кімдер, олардың қабілеті қалай жүйелі және 

дәлірек бағалануы керек? Әкімшілік қолдау 

әрқалай  «тіріліп»  келеді.  ҚазҰУ-де қажетті 

бастамалар  мен  іс-шаралар  жүргізілуде. 

Тәжірибе  жинақталуда,  бірақ  жаңа  жүйе 

мен  дәстүр  өз  үйлесін  тапты  деуге  тіл 

бұрылмайды.  Шет  елдік  жағдайға  тікелей, 

бірден  бейімделеміз  деп,  технологиялық 

талапты 

ұлттық  мәдени 

фактордың 

ықпалынан  жоғары  қоюдамыз,  еліміздегі 

кәсіби  және  халықтық  тәжірибе  нақты 

жөнімен ескерілмеуде. Технологиялық және 

мәдени  факторлар  арақатынасының  өзіміз-

ге  лайықты  модельдері  жасалмауда.  Онсыз 

білім саласы мен ұлттық мемлекеттегі білім 

қоғамының  стильдік  тәсілдерін  теңестіру 

ұзаққа  созылмақ.  Тәлімдік  жұмысты 

жандандыру  үшін  уақыт  та,  қосымша 

қаражат та керек. Сапалы білімнің жаңа та-

лаптарын жүзеге асыруға кадрлар да дайын 

емес.  Кадрлар  корпусы  жоғары  да  аталын-

ған кемшіліктердің түбегейлі оң шешімін өз 

практикасына  толық  және  әрдайым  ендіре 

алмауда.  Тұйықтаулы  кемшіліктер  кәсіптің 

мәртебесі  мен  қатынастар  мәдениетін 

көтермейді,  мамандардың  бір-бірінен  өзара 

үйренуіне ұйытқы бола бермейді. Әйтсе де 

әр  ұжымда  білікті  мамандардың  мәртебесі 

көтерілмей,  президенттің  сарабдал  саясаты 

баянды,  тиімді  іске  асады  деп  батыл  айта 

алмаймыз.  Талпынысты  іштей  тұзақтайтын 

ащы шындық осында.

Оның  үстіне,  мамандар  арасында  ұр пақ-

тық  алмасу  кезеңі  айналымға  енуде.  Кеңес 

Одағында білім алған алдыңғы буындардың 

орнын  білім  жүйесін  жаңа  бағытта  (шет 

елде,  өз  елімізде)  бітірген  жас  буындар 

басуда. Алдыңғы буында кешенді көзқарас, 

патриоттық  сезім,  ұстаздық  жұмысқа 

берілгендік  тән,  ал  кейінгі  жас  мамандар 

арасында  прагматикалық  түсініктер  мен 

есептер  басым.  Оқу  жүйесінде  бұрынғы 

зияткерлік  ресурс  пен  құбылмалы  ағымдар 

арасындағы  теңдік  әзірге  орныққан  жоқ. 

Іштей  тартыс  біртіндеп  шиеленісуде.  Білім 

саласында  дәстүр  мен  инновацияның 

теңдігін  сақтау,  сол  теңдіктің  тұлғалық 

бейнесін қалыптастыру – қоғамның да, білім 

саласының да өткір сұранысына айналуда. 

Сауатты  ұстаз,  шығармашыл  ғалым, 

жастармен беріле жұмыс істейтін қабілеттер 

ұзақ жылдар бойы қалыптасатын, жетілетін, 

шыңдалатын  тәжірибе.  Білім  қоғамы  осы 

шындықты  дер  кезінде  дұрыс  басшылыққа 

алса,  өзара  ынтымақтастар  мен  әріптестер 

білім мен ғылым саласын жаңаша дамытуға 

атсалысары  хақ.  Осы  алмасу  үрдісінің 

барысында  нені  қалаймыз,  нені  ұсына 

аламыз?  Таңдағанымыз  дұрыс  шешімін 

қалай  таппақ?  деген  сауалдар  ұстаздар 

алқасын тұтас мазалайды.  

Таңдарымыз  –  адамгершіл  ұстанымдар 

мен  прагматикалық  талпынысты  парасатты 

тұрғыда  орнықтыру.  Адамгершіл  ұстаным-

ның  ұлағаттылығы  тұлғаның  өзіндік  құн-

дылығы  мен  адамның  өзіндік  дамуының 

ішкі  үйлестігін  арттырудан  айғақталады. 

Өзіндік  даму  төртбірдей  позицияға  – 



бақылаушы, 

араласушы, 

жасампаз 

және  төреші  болу  рөліне  негізделеді. 



61

60

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

Бұл  тұлғалық  рөлдердің  үйлестігі  әлеу-

меттік  серіктестік  пен  әріптестікке  ұйыт-

қы.  Бірақ  жіктелген  қызметте  іштей 

тұйықталу,  бей-жайлық  үдейді  де,  білім 

берудің  сапалы  қарқынына  кедергіні 

көбейтеді. 

Қауымдасудың 

кедергілері 

жетелі  қауымдастықты  ұйымдастыру  тех-

нологиясын  жетілдірткізбейді.  Оған  үй-

рететін әлеуметтік орталықтар жоқтың қасы, 

бары кәсіби деңгейін көрсете алмауда.

Прагматикалық  ұстаным  жасампаздық 

бастауға  негізделеді.  Ол  «мәдени  эво-

люция  мен  логиканың»  қуатты  әдісіне, 

интеллектуалды  талпыныстың  басалқы 

арнасына сүйенеді. Қос ағымның жаңашыл 

рухын көре және қолдай білу – өсер ел мен 

ұрпақтың  мекем  түйіні  және  тетігі.  Бірақ 

прагматик халықтық мұраны сақтаудан, мә-

дени мұраны көбейтуден гөрі пайда жолын 

тез  табуға  ықшамды,  пайда  тапқандардың 

жеке  үлесін  ұлғайтуға  бейім.  Содан,  а) 

ұлағатты  ұстаз  бейнесі,  оның  ғылыми-

педагогикалық  беделі  күңгірттенуде,  ә) 

ғылыми және ұстаздық жұмыстағы сапалық, 

сандық  өлшемдер  дұрыс  анықталмайды, 

бағаланбайды.  Онсыз  шығармашылық 

немесе  тәлім-тәрбиелік  жұмысты  тұлғалық 

кәсіпке айналдыру екіталай, күмәнді.

Кәсіпті  қабілет  ретінде  қалыптастыру 

–  адами  өлшеудің,  әлеуметтенудің  басты 

көрсеткіші.  Ал  адамгершіл  келбетті  қа-

лып тастыру,  салауатты  өмір  сүру,  ел 

патриоты  болу,  отанына  адал  қызмет  ету  – 

мамандықтан  биік  тұрған  рухани  ұстаным. 

Мұндай ұстанымға әдебі айқын жан, кәсіпке 

ұйысқан  маман,  өзін-өзі  басқара  алатын 

әлеуметтік  орта  ғана  тоғыса  алады.  Себебі 

ұйымшыл орта мәселені дер кезінде, қажетті 

жерде дұрыс шешім табуға ықыласты.

Ғалым-ұстаздарды  ойландырып,  маза-

лап  жүрген  тағы  бір  созылмалы  мәселе 

–  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  сапа-

сына,  авторлық  шығармашыл  топты 

іріктейтін  талап-тәртіптің  «жабық»  күйде 

жүзеге  асуына  қатысты.  «Тендрден»  өтті 

деген  әлеуметтік-гуманитарлық  саладағы 

оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  басым 

көпшілігі  жоғарғы  талаптарға  сәйкес  кел-

мейтіні айдан анық. Оқулықтардың сан және 

сапа  жағынан  жетіспеуі,  олардың  бүгінгі 

оқырманды 

қанағаттандырмауы, 

білім 


қоғамының жұмысын қиындатары даусыз. 

Біз тендрлік конкурс та іске ассын, сондай-

ақ әр саладағы әйгілі жеке ғалымға немесе 

ғалымдар  тобына  мемлекеттік  сұраныс  та 

болсын  демекпіз.  ҚР  білім  және  ғылым 

Министрлігінде  білімнің  әр  саласында  елі-

мізге әйгілі ғалым-ұстаздардың тізімі болуы 

керек. Ал базбіреу өзінше талпыныс білдірсе 

қоғамдық кеңес сол ғалымның қабілеті мен 

ұсынысын  сынақтан  өткізсін.  Баламалы 

оқу  құрал-жабдықтар  білім  саласының  қай 

түрлеріне,  мамандыққа  болмасын  керек, 

пайдалы.  Бұрыннан  айтылып  жүрген  бұл 

идеяны  тағы  да  қайталап,  көтеріп  жатсам, 

оны  теориялық-тұжырымдамалы  және 

әдістемелі-педагогикалық  тұрғыдан  жүзеге 

асыруға  өзімнің  дайын  екенімді  ашық 

айтамын.


Нағыз іскер адамды іздемпаз деп қабыл-

даймыз.  Ал  іздемпаз  ғалымды  ұлағат ты 

іскер деген түсінік қалыптаспаған. Ұлағат ты 

іскер  адамгершіл,  әрекетшіл,  тұрақты  және 

кәсіпқой қасиетімен құнды. Өзін көрсеткен 

ұстаз-ғалым  жаңашылдықтың  саптаулы  да 

сақтаулы түрлі мағынасын тереңдетеді. Өзін-

өзі  алып  жүретін,  көрсететін  іздемпаздық 

лайықты  құрметтелсе  ғой,  онда  серіктестік 

пен  әріптестік  бірін-бірі  толықтырмақ. 

Ұстаз  бен  шәкірттің  серіктес  болуы  а) 

білім  саласына  жаңа  сапа,  қуатты  қарқын 

енгізбек;  б)  серіктестің  келбетін,  оның 

өзін-өзі  ұстау  және  жүзеге  асыру  стилін 

айқындай  түспек.  Мұндай  дүниетанымдық 

бағдар мен кәсіпкерлік ұстанымда адам ның 

тұлғалануы мен әлеуметтенуі қатар жүр мек, 

білім  қоғамына  жол  төтесінен  ашылмақ. 

Осы қызметті үйрену, соған үйрету, үйренер-

лік және үйретерлік іс-әрекетті қауымда сып 

қолдау  –  әлеуметтік-гуманитарлық  басты 

ұстаным,  білім  саласындағы  басалқы  ұлт-

тық қажеттілік.

Резюме

В статье раскрываются приоритеты модернизации общества знания в Казахстане, а 

также роль социогуманитарных наук и ученых в ней.

Summary

In the article is considered the priorities of modernization social education in Kazakhstan, as 

well the role of socialhumanitarian sciences and scientists in it.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет