66
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Физическая культура и спорт
Ф И З И Ч ЕС КАЯ КУЛ ЬТУ РА И С П О Р Т
Дене тәрбиесі сабағында сөзді қолдану әдісі
Есіркепов Жандос Мергенбайұлы
1
, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;
Зулпыхаров Хайролла Шариатуллаұлы
2
, мұғалім
1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан);
2
«Қаражон» шағын жинақталған мектебі (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Қаражон ауылы, Қазақстан)
Д
ене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі сабағында сөз
әдісін қолданбай сабақты жүргізуі мүмкін емес.
Оқу үдерісі сөзді қолданудан, оқушылар алдында мін-
деттер қоюдан басталады. Сөз арқылы мұғалім өз қызметі
мен оқушылардың қызметін, сыныпқа жетекшілік етуді,
білімді қалыптастырыды, оқушыларға оқу тапсырмасын
берді, орлардың орындалуын бағалайды.
Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жұмысында сан алуан сөз
тәсілдері мен түрлерін пайдаланады.
Дидактикалық әңгіме. Бастауыш сыныптарда бала-
ларды қимыл-әрекеттердің жаңа түрлерімен жаңа ойын-
дармен таныстыруда кеңінен қолданылады. Бастауыш
сыныптарда сабақты дене жаттығуымен қимыл-қозғалы-
стармен дидактикалық әңгімелер түрінде жүргізген тиімді
өтеді. Бұл әрекеттер сюжетті әңгімеге біріктіріліп, балалар
оны қимыл әрекеттермен көрсетеді.
Мұндай дидактикалық әңгімелер-туристік жорықтарға,
аймақ территориясына серуендегенде, экскурссияларда,
тауға және өзен жағасына саяхатқа шыққанда жақсы
нәтиже береді.
Бұл әңгімелер сан алуан жакттығуларды, мысалы:
сапқа тұру жүру және жүгіру, таяз суды кешу, бөрененің
үстімен жүру, бұлақтан өту тастан-тасқа секіру, таяқша,
тас, бүрлер және доптарды нысанаға лақтыру, бөренеге
өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға мініп, төмен түсу,
бөрене, қбырғадан асып түсу және қыздырыну түріндегі
жаттығулар кешенін реттілікпен орындауға негіз болады.
Осы жаттығулардың барлығын ойын және жарыс
түрінде өткізеді.
Мұғалімнің сабақ барысында сөйлеу мәдениетінің
маңызы зор. Сөздің эмоциялық сипатын өзгерте білу- қу-
анышты, екпінмен, толқып, құпия, дауысты күшейтіп
және бәсеңдетіп бейнелік өрнектер орынды нақылдар қа-
натты сөздер және мақал-мәтелдермен сөзді түрлендіру
оқушының сабаққа деген ынтасы мен ықыласын артты-
рады [1]. Бастауыш сынып оқушыларына мұғалім ойын
мазмұнын түсіндіруде сөз ырғағын жеделдетіп асығы-
стыққа көшпеуі тиіс, сөздің аяғы жұтылмауы керек да-
уысты жуаннан бәсеңдетуге ауыстыру қимыл мағынасына
сай болуы керек. Мұндай бейнелі баяндау оқушылардың
қызығушылығын тудырады.
Әңгіме. Барлық сыныптарда қолданылады. Әңгіме
кіріспе, негізгі жәнеқайталау немесе белімді бекіту кезін-
дегі болып бірнеше түрге бөлінеді.
Ұйымдастырушылық немесе кіріспе бөлімдегі әңгіме
оқу жылы, оқу тоқсаны, сабақтың жаңа циклі алдында
өткізіледі. Мұғалім оқушыларғасабақ өткізу тәртібі, мі-
нез-құлық ерекшеліктері, спарт киімдері құрал-жаб-
дықтары туралы ережелерді әңгімелейді.
4-сынып оқушыларына I тоқсанның бірінші сабағында
өткізілетін кіріспе әңгімеге мысал келтірсек:
4-сыныпта жүгіру, секіру, лақтыру кедергілерден өтуді
жалғастырамыз, жаңа қозғалыс ойындарды гимнасти-
калық жаттығуларды орындауды және арқанмен өрме-
леуді үйренеміз.
Көп жаттығулар бізге таныс, бірақ 4-сыныпта жоғары
секіруге, жылдам жүгіруге, допты алысқа лақтыруға дағ-
дыны қалыптастырамыз. Ол үшін ептілік, күш, шыдам-
дылық, шапшаңдық дене қабілеттерін дамыту қажет. Сон-
дықтан әрбір жаттығуды бірнеше рет қайталау керек.
Жақында бастауыш сыныптар арасында сыныпаралық
жарыс өткізіледі, сол жарысқа дайындалуымыз керек.
Сіздер сапта түзу жүріп, бұрылуларды дұрыс орындап,
мәліметті қатесіз тапсырып, 1–3 сыныптарға үлгі болу-
ларың керек. Бұл жаттығуларды сабақ барысында үй-
ренеміз. Алғашқы оң сабақты спорт алаңында өткіземіз.
Онда біз жүгіру, екпін алып ұзындыққа секіру және допты
алысқа лақтыруды, үйде орындайтын теңертеңгілік гимна-
стика жаттығулар кешенің үйретуді жетілдіреміз. Осы жат-
тығуларды дұрыс орындаған оқушыларға баға қойылады.
Кіріспе бөлімде этика-эстетикалық бағыттағы тақы-
рыптардың тәрбиелік маңызы зор. Әңгіме белгілі мақ-
сатқа бағытталған, қысқа әрі нұсқа тақырыбы қызықты
болуы тиіс. Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдай отырып,
мәдениетті түрле қателіктерге дер кезінде түзетулер ен-
гізіп, сабақты сенімді қорытындылауы керек.
Мұғалім топпен іскерлік қарым-қатынас орната
алса, әңгіме өте табысты өтеді. Бұл жағдайда оқушылар,
67
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Physical Culture and Sports
сұрақтарға ынтамен жауап береді. Атақты спортшылар
өмірінен қызықты мысалдар, жарыстардағы эпизодтарды
еске түсіріп, оқушылардың қызығушылығын тудыратын
сөздер табу керек.
Негізгі бөлімде жаңа жаттығуларды таныстыру мақса-
тында әңгіме оқушының бұрын алған білімдері, тәжірибе
негізінде жүргізіледі. Мұғалім өткен оқу материалдарымен
жаңа сабақты байланыстырып, сұрақтарды ойластырады
және оқушыларға алдағы міндетті сезінуге мүмкіндік береді.
Қайталау немесе білімді бекітуге арналған әңгіме жеке
оқушы немесе бүкіл топтан жаппай сұрау түрінде жүр-
гізіледі.
Нұсқау беру. Ұсынылатын жаттығу, тапсырма мәнін
ойын ережелерін сөзбен түсіндіруде қолданылады.
Мұғалім жаттығуды атайды, оның ерекшеліктерін ашады
және оның орындау техникасын көрнекті түрде көрсетеді,
мысалы, серпілу алдында аяқ жартылай бүгіледі, аяқты
тез жазу қатты серпілуді қамтамасыз етеді т. б.
Түсіндіру реттілікпен болуы тиіс. Алдымен үйретілетін
қимыл техникасының басты элементтеріне назар ауда-
рылады. Егер ол күрделі болса, оны бөліп көрсетіп түсін-
дірген жөн (бөлшектеп көрсету әдісі). Түсіндіру қысқа,
дәл, барлық жастағы оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
Бастауыш сыныптарды түсіндіру бейнелі және
нақтылықпен ерекшеленуі тиіс.
Түсіндіру барынша түсінікті және жеткілікті болу үшін
көрнекілік құралдар мен практикалық көрсету мен то-
лықтиыру ұсынылады.
Түсіндіруде осы бөлімге тән спорт атаулары кеңінен
пайдаланылады (жеңіл атлетика, гимнастика, күрес т. б.).
Спорттық атауларды қолданутүсіндіруді одан әрі қысқар-
тады.
Түсініктемелер. Озат оқушы орындаған жаттығуларға
қысқа түсініктемелер мен ескертулер жасау немесе қа-
былдауды тереңдету және бағыттау мақсатында көрнекі
құралдарды көрсету.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындағанда қысқа
ескертулер (1–2 сөз түрінде) кеңінен қолданылады.
Ескерту барлық оқушыларға немесе бір оқушыға жа-
салуы мүмкін.
Нұсқаулар. Егер жаттығу орындау барысында
оқушылар қателіктер жіберсе, мұғалім жаттығуды
тоқтатып, тиісті түзетулер енгізіп, жаттығуды орындау
техникасын қысқа және анық көрсету керек.
Нұсқаулар бастауыш сыныптарда жиі қолданылады.
Ал, жоғары сыныптарда, жаттығу барысындағы қатенің
себептерін анықтап, оқушыларға оны өз бетімен түзетуге
дағдыландырған жөн.
Нұсқаулар алдын-ала нұсқау беру, міндеттер қою,
тапсырманы нақтылау мақсатында пайдаланылады.
Нұсқаулар түрі жағынан қысқа, дәл, түсінікті, сонымен
бірге сенімділік тудыратындай болуы тиіс.
Бұйрық пен пәрмен беру ауызша ықпал етудің өзіндік
түрі. Олар ерекше қысқа және өте түсінікті болуымен
ерекшеленеді, оқущылар қызметін оперативті басқарудың
негізгі құралы болып табылады.
Пәрмен беру дегеніміз — мұғалімнің сабақта сөзбен
нұсқауы, оның белгілі түрі жоқ. Пәрмендер барлық сы-
ныптарда негізінен бастауыш сыныпта көп қолданылады,
ал бірінші сыныптың бірінші тоқсанында балаларды жат-
тығулар орындауға біртіндеп дайындаудың негізгі құралы
болып табылады [2].
Пәрмен қандай болмасын қимыл-әрекет, жаттығулар
орындауға («саптал», «оң-ға», «сол-ға», «ай-нал» т. б.)
сабақ өткізетін орынға құрал-жабдықтарды дайындау,
жинау т. с. с беріледі.
Тәжірибелі мұғалімдер пәрменді балалардың жас ерек-
шеліктеріне қарай қысқа және анық береді. Мысалы: «ке-
зекші доптарды тарат», «бірінші топ орында», «екінші топ
оң-ға» т. б.
Бұйрық берудің белгілі нысаны, белгіленген тәртібі
және нақты мазмұны бар. Бұйрық — оқушыларды қандай
болмасын әрекетті тез, сөзсіз орындауға немесе тоқтатуға
итермелеудің сөз әсерінің ерекше түрі.
Мұғалімнің нұсқауды, пәрменді қалай беретініне, са-
науды қалай жүргізетініне қарай, оның кәсіби дайын-
дығына тұжырымды қатесіз жасауға болады.
«Алға адымда!», «Топ тік тұр!», «Тоқта!», «Жат-
тығуды баста!» т. с. с. бұйрықты жас мұғалім де бере
алады. Мәселе, пәрменді (бұйрықты) айту мәнері, сен-
діру, талап ету, анықтық, өктемдік т. б.) қалай беруінде.
Мұғалімнің бұйрық беру кезіндегі тұрысынын да маңызы
зор.
Тәжірибелі мұғалім сапқа тұру талаптарын өте жақсы
біледі. Оның бұйрықтары әрдайым аса дәлдікпен ерекше-
ленеді, ол ешқашан бұйрық беруде де, өзінің тұрысында
да ол қылыққа жол бермейді. Егер топ шағын болып, са-
бақтар залда жүргізілсе, ол бұйрықты қатты дауыстап бер-
мейді. Ол әрдайым алдын алу және орындай командалары
арасында үзіліс жасайды және топтың дайындығы мен ке-
лесі қимылдардың күрделілігін есепке алып қатесіз үзіліс
жасайды. Мұндай мұғалімнің бұйрығы, оқушылардың қи-
мыл-әрекеттерді дұрыс орындауына әсер етеді. Мұндай
бұйрық өктем беріледі.
Сөзбен бағалау. Қол жеткен жетістіктер дәрежесін ғана
емес, тапсырма орындау барысында әрекеттерді бағалауға
қолданытатын аса маңызды оқыту тәсілі. Сөзбен бағалау
(«жақсы», «нашар», «өте жақсы» т. б.) оқушы назарын
тапсырманың сапалы орындалуына бағыттайды және қи-
мыл-әрекет ағымындағы түзету құралы (әдісі) болып та-
былады.
Тапсырма орындағаннан кейін оқушы нұсқауды күтеді.
Мұғалімнің шеберлігі — жаттығудың қалай істелгенін
тез әрі дұрыс анықтау, қателерді табу және оларды түзету
жолдарын көрсету болып табылады.
Сөзбен есеп беру және өзара түсіндіру. Негізінен
жоғары сыныптарда қолданылады. Оқушы мұғалімнің
нұсқауымен немесе өз бастамасымен алынған тапсырма,
орындалған жаттығуды өз түсінігімен дәлірек тұжы-
рымдауға тырысады. Мұғалім ақпарат дәлдігі негізінде
осы кезеңдегі өз әрекеттерінің тиімділігі жайлы айтуға қо-
сымша мүмкіндік алады.
68
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Физическая культура и спорт
Оқушыларға құрбысының қателерін ескерту ғана емес,
оған кеңестер беріп, түсіндіруге тапсырма беру де пай-
далы. Бұл сөзсіз, білім, дағды және шеберліктің қалыптасу
процесін тереңдетеді, оқушыларға дене жаттығуларымен
белсенді шұғылдануға, өздігінше білімді тереңдетуге үйре-
тудің қазіргі талаптарына жауап береді.
Әдебиет:
1. Әбілдаев Х. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі // Оқу құралы. — Алматы, 2004. — 215 б.
2. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері // Оқу құралы. — Өскемен, 2001. — 66 б.
69
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Philology
Ф И Л ОЛ О Г И Я
Ағылшын тіліндегі фитокомпонентті тұрақты тіркестердің ұлттық-мәдени
коннотациясы
Алибекова Айгуль Орынтаевна, магистр, аға оқытушы;
Қадырова Гүлнұр Мақсатханқызы, магистр, аға оқытушы;
Ержанова Айжан Садыковна, магистр, оқытушы
«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
А
ғылшын тілінде жер өңдеу ісі мен түрлі жидектердің
атауларымен байланысты ботаникалық компоненттер
кеңінен қолданылады, мысалы: throw straws against the
wind-сәтсіз қадам жасау; make hay-мүмкіндікті сәтті пай-
далану, қолын жылы суға малу; a grain of wheat in a bushel
of chaff-қажырлы еңбектен кейінгі болмашы нәтиже; make
a long harvest about a little corn-айдағаны бес ешкі ысқы-
рығы жер жарар; the whole tree or not a cherry on it- бар
не жоқ қылу; get the huckleberry-күлкілі жағдайда қалу;
give somebody the raspberry-біреуге жайбарақаттылық та-
ныту. Бұндай компоненттер ағылшын халқының этномә-
дениеті мен тарихи жағдайын көрсетеді.
Ұлттық-мәдени коннотация (лат. connotatio, connoto)
бірқатар еңбектерде экстралингвистикалық фактор-
лармен байланысты жүретін кең ұғым ретінде танылады.
Лингвистикалық тұрғыда бұның бәрі тарихи, тұрмыстық,
эмоционалды-экспрессивті- бағалауыштық белгілер, олар
фразеологиялық бірліктердің семантикасында ұлттың өзін
тануы мен рухани дүниесін білдіріп, коннотативтік сема-
ларда көрініс табады.
Мәдени-ұлттық коннотация фразеологиялық бір-
ліктердің барлығында бар, тарихи, мәдени, этногра-
фиялық, тұрмыстық және халықтың рухани өмірімен
(әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, сенімдер) байланысты
фразеологизмдер сияқты ұлттық-мәдени ақпараттардың
мағына деңгеңі әртүрлі болса да коннотация міндетті түрде
көрінеді. Олардың белгілі бір тілдік қауым мүшелерінің
мәдениеттанымдық, ұлттық және халықтық поэтикалық
дүниетанымында негізі қаланады. [1]
Л.
В. Мельниковтың пікірі бойынша, фразеологи-
ялық бірліктердің ұлттық-мәдени коннотациясы алдымен
ұлттық символдар, терең ұлттық-мәдени аялық лексе-
малар сияқты мәдени реңктегі компоненттерге негіз-
делген. Бұндай лексемалардың қатарына ботаникалық
компоненттер де жатады.
В. Крупаның пайымдауынша, фразеологияда ең жиі
қолданылатын ағаш (tree) образы ең алдымен өзінің
әлемдік мәдени маңыздылығымен байланысты. Көптеген
мәдениеттердің мифологиялық жүйелерінде ағаш әмбебап
концептуалды модель ретінде қолданылады.
Ағылшын фразеологиялық бірліктері құрамында tree
фитокомпоненті сирек болса да ұшырасады: you can not
judge a tree by its bark-адам аласы ішінде, мал аласы сы-
ртында; as the tree, so the fruit- алма алма ағашынан алыс
түспейді; flourish like a bay tree — гүлдену, shake the
pagoda-tree –тез байып кету, the tree of life- өмір тірегі;
shake the tree when the fruit is ripe- темірді қызғанында
соқ; the tree is known by its fruit-адамды ісінен, ағашты
жемісінен таниды; [2]
Фразеологизмдердің арасында ең белсенді қолданы-
латын ботанизмді лексемалар емен (oak) ағашымен бай-
ланысты.
Емен- ежелгі германдықтар үшін қасиетті ағаш, сон-
дықтан осы ағаштың атауының құрамы көркем бейнелі
коннотацияларға ие. Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де
емен мықтылықты, қуаттылықты, кейде батылдықты бей-
нелейді, мысалы, every oak has been an acorn, little strokes
fell great oaks, a heart of oak; Айта кетерлік жағдай, емен
(oak) фитокомпоненті бар фразеологиялық бірліктер
дәстүрлі жағымды символиканы білдіріп қана қоймайды,
сондай-ақ жағымсыз коннотацияны да білдіреді, бұған an
oak may fall when reeds stand the storm (oak фитокомпо-
ненті иілгіш, сынғыш, жасық мағынасында қолданылады).
Қазақ тілінде еменге қатысты емендей мықты, емендей
ерегесу, емендей қату, кәрі емендей құлау, қара емендей
қасқию сияқты тіркестер бар.
Ағылшын тілінде бұта (bush) компонентті фразеоло-
гиялық бірліктер де көптеп кездеседі. Бұта- аң-құстардың
табиғи панасы, сондықтан бұл тілде бұта образы артында
қауіп-қатері бар жұмбақ, жасырын, бұлыңғыр нәрсе-
лермен ассоциацияланады, мысалы, beat the bushes for
smb-барлық жерден шарлап іздеу; he thinks every bush
is boggard- қорыққанға қос көрінер; he that feareth every
bush must never go a- birding- шегірткеден қорыққан егін
70
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Филология
екпес; ағылшын тіліндегі to beat around the bush (уақытты
босқа кетіру, айналсоқтап жүру) тіркесі де ұлттық-мәдени
реңкке ие. [3]
Ағылшын фразеологиялық бірліктері гүл компо-
нентімен де өте жиі кездеседі. Британ мәдени дәстүрінде,
әсіресе, раушан гүлінің орны айрықша. Longman
Dictionary of Language and Culture түсіндірме сөздігінде
британдықтардың ұғымынша раушан- нағыз ағылшын
гүлі деп көрсетілген.
Раушан- Англияның ұлттық символы, осыдан келіп
елдің ботаникалық атауы The Land of Rose — Раушан
гүлінің отаны деп аталады. Осындай ботаникалық атауға
XV ғасырдағы Ұлыбританияның тарихында ұзақ жылдарға
созылған The War of the Roses (Қызыл және ақ раушан
гүлдер соғысы) шайқасы да ие болды (қызыл және ақ ра-
ушандар жауласушы Ланкастерлер мен Иорктердің сим-
волдары).
Тарихтан Англияның бірнеше ғасыр Рим Империя-
сының қол астында болғаны мәлім, сондықтан Ежелгі Рим
салт-дәстүрлері ағылшын тілінде де өз іздерін қалдырды.
Ежелгі Римде раушан гүлі салтанаттың, бекзаттылықтың,
бақытты да қамсыз өмірдің символы болған. Осы фактілер
ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерден де көрініс
тапқан: path strewn with roses- раушан гүлі төселген жол;
life is not bed of roses- өмірдің де өз қиындығы бар; gather
life's roses-өмірдің ләззатына бөлену; not all roses- барлық
нәрсе оңай емес;
Ағылшын тіліндегі раушан гүлді фитонимдік тіркестерін
әйел сұлулығымен салыстыра суреттеу тән: a rose between
two thorns, milk and roses, with roses in one's cheeks, as
faif as a rose, rose-bud lips т. б. Әсіресе ашылмаған ра-
ушан гүлінің қауызымен өрімдей жас қыздар суреттеледі.
Қазақ халқының мәдени дәстүрінде де раушан гүлі бол-
маса да сұлулықты, жастықты гүлмен бейнелейді: гүл өссе
жердің көркі, қыз өссе елдің көркі; үкісіз қыз болмас, ті-
кенсіз гүл болмас; қырдың қызыл гүліндей, жауқазындай
жайқалу, қызғалдақтай үлбіреу;
Ағылшын тіліндегі гүлмен байланысты өте жиі қолда-
нылатын тіркестердің қатарына лалагүлді (lily) жатқызуға
болады. Лалагүл тазалық пен пәктіктің символы болған-
дықтан (as pure as a lily) одан ұлттық мәдениеттің ізі бай-
қалады. Осылай бола тұра лалагүл тіркесті lily-liver фра-
зеологиялық бірлігі қорқақтықты, әлсіздікті, жасықтықты
білдіреді. Бұның астарында лалагүлдің ақ қауызы жатыр,
өйткені ағылшын халқының ұғымынша ақ түс- адам ағ-
засындағы бауырда өттің жетіспеушілігін білдіреді және
осыған орай ол күш-жігердің сарқылғандығын, еңсенің тү-
суін, енжарлықты бейнелейді. [4]
Келесі бір белсенді қолданылатын фразеологиялық
фитокомпонент- шөп (grass). Қазақ тілінде шөппен бай-
ланысты жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды, бір қозы
туылса бір уыс шөп артық шығады, шөп те басынан қу-
райды, шөптің басы айыр туады, жүрген жерінде шөп
шықпайды, сәуір туса күн күркірер, күн күркіресе шөп
дүркірер, шөбі жоқ деп жерден түңілме, мал бітпес деп
ерден түңілме, жабайы шөп егінді аздырар, еріншектік
ерді аздырар, т. б. мақал-мәтелдер мен тіркестер ха-
лықтың тұрмыс-салтынан, дүниетанымынан хабар бе-
реді. Ағылшын тілінде hear the grass grow-сыбдыр еткенді
есту; let the grass grow under one's feet- уақытты текке өт-
кізбеу; to look for the grass on the top of the tree-пайдасыз
іспен айналысу; the grass roots- қоғамдағы қарапайым
адамдар деген тіркестер болса, қазақ тіліндегі теріс конно-
тацияны білдіретін арам шөптей қырқу, күзгі шөптей, қу-
арған шөптей, қырыққан шөпше сылқ ету, солған шөптей
кілбию, шапқан шөптей отау, шөпше шабу деген тіркестер
кеңінен қолданылады.
Ағылшын тілінде өрімдей жас, өмірлік тәжірибесі жоқ
жасөспірімдерді көк шөпке теңейді: between grass and hay
–жастық шақта, as green as grass-көктей жас т. б. Сон-
дай-ақ grass компоненті жайбарақат, қамсыз өмірді, дема-
лысты да бейнелейді: send somebody to grass-біреуді дема-
лысқа жіберу; run at a grass- демалыста болу, жұмыссыз
отыру;
Ағылшын тілінде жемісті білдіріп, фразеологиялық
бірлік құрайтындардың қатарына apple лексемасын
жатқызуға болады. Алма қазақ тілінде фразеологиялық
бірлік тудыруға аса көп қолданыла қоймайды, сондықтан
екі тілде ұқсас жайттар жоқтың қасы. Ағылшын тілінде
шіріген алма сырты бүтін, іші түтін адамды бейнелейді: the
rotten apple injures its neighbours- бір құмалақ бір қарын
майды шірітер; a bad apple- нашар адам; there is small
choice in rotten apples- апама жездем сай;
Сондай-ақ Библияда алманы алдамшы жетістікпен ас-
социациялау ағылшын дүниетанымына тән. Кітапта Өлі
теңіздің жағалауындағы Содом қаласында жалт-жұлт
еткен алмалар өсетіні, бірақ олардың адам қолы тиісімен
түтін мен күлге айналатыны айтылған. Библиямен байла-
нысты тұрақты тіркестердің қатарында the apple of Sodom-
алдамшы табыс, dead sea apple-алдамшы жеміс бар. [5]
Жаңғак (nut) фитокомпоненті әмбебап әрі ұлттық
мазмұнға бай кең қолданылатын фразеологиялық бір-
ліктердің бірі. Жаңғақтың қабығын аршып, өзегіне жету
өмірдің қиындықтары мен ауыртпалықтарын бейнелейді: a
hard nut to crack- шағылмайтын (қатты) жаңғақ; he that
will eat the kernel must crack the nut- бейнет түбі зейнет;
сондай-ақ жаңғақ түкке тұрғысыз деген теріс коннота-
цияға да ие.
Ағылшын тіліндегі орман (wood) фитокомпоненті де
назар аударуға тұрарлық. Орман жабайы аңдардың мекені
болғандықтан адамдарға айтарлықтай қауіп-қатер әке-
летіні сөзсіз. Міне, осы жағдай ағылшын түрақты тірке-
стері семантикасында көрініс таба білген: do not halloo till
you are out of wood (сөзбе-сөз орманнан шықпай жатып
асыр салма) асатпай жатып құлдық деме; out of wood- қа-
уіп-қатерден тыс, to get out of the wood- қиындықтан сы-
тылып шығу;
Осылайша фитокомпонентті тұрақты тіркестер бір
жағынан ұлттық ерекшеліктерге ие болса, екінші жағынан
сол тілдік қауым мүшелерінің бейнелік — ассоциациялық
дүниетанымы мен өзіндік рухани және материалдық мәде-
ниетін көрсетеді.
71
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Philology
Әдебиет:
1. Алефиренко Н. Ф. Фразеология и культура // Язык и культура: Тез. Второй международ. конф. — Часть 1. —
К., 1993.
2. Алехина А. Семантические группы во фразеологии современного английского языка. — Минск: «Вышэйшая
школа», 1978.
3. Арсентьева Е. Ф. Сопоставительный анализ фразеологических единиц (на материале фразеологических единиц,
семантически ориентированных на человека, в английском и русском языке). — Казань: Изд-во Казанского
университета, 1986.
4. Артемова А. Ф. Прозвища в английском языке // Иностранные языки в школе. — 1981. — № 6.
5. Воркачев С. Г. Лингвокультурология, языковая личность, концепт: становление антропоцентрической пара-
дигмы в языкознании // Филологические науки. — 2001. — № 1.
6. Телия В. Н. Метафоризация и ее роль в создании языковой картины мира // Роль человеческого фактора
в языке. — М.: Наука, 1988.
7. Krupa V. The Tree as a Cognitive Model in Speech and Literature // Asian and African Studies. — 1998. — V. 7. —
№ 1.
Достарыңызбен бөлісу: |