36
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Психология
стай дүниетанымды қалыптастыру үшін өз бетінше ойлай
алу қабілетін қажет етеді. Даралық өз бетінше ойлауды,
сезімнің күрделілігін, қайрат-жігерді, белгілі дәрежеде
жинақылық пен іштей талпынысты көздейді. Мұндайда
тұлғаның шынайылықтан көтеріліп, сол іс-әрекетке те-
реңірек енуіне жетелейтін жәйттер болады. Тұлғаның те-
рендігі мен байлығы және әлеммен, басқалармен байла-
нысының кұндылығы; яғни ол байланыстардың үзілуі оны
бездіреді. Ағза бірлігінің негізінде қиылыса, тұлға тәнін
өзінің «мен» — іне жатқызып, оны иемденеді. Адам өзінің
тұлғалығын белгілі бір сырт бейнемен азды-көпті тығыз
байланыстырады, себебі сол бейнеде өмірінің салты және
іс-әрекетінің стилі көрінеді. Сондықтан, тұлғаға адамнын
тәні де. санасы да қосылғанмен, физикалық және рухтық
тұлға туралы айтуға болмайды, себебі тәннің тұлғаға қо-
сылуы тұлғаның физикалық және рухтық жақтарының
әрекеттестіктеріне негізделген. Мұның тұлғаның рухтық
жағына да қатысы бар. Рухтық тұлға өз бетінше тәнсіз
өмір сүруі мүмкін емес. Өз бетінше субъект ретінде
алғашында тек қана материалдық тірі жан болып қор-
шаған ортаға әсер ете алады. Сонымен, физикалық және
рухтық — тұлғаға ішкі ара байланысы және олардың бір-
лігі ретінде енеді. Өзінің ''Мен''-iнe адам тәнінен төрі ішкі
психикалық мазмұнын жаткызады.
Адам психикалық сферасынан өзінің «мен» — іне қа-
білетін және мінезі мен темпераментін
— қылықтары
арқылы өзгешелігін аныктайтын тұлғалық қасиеттерін
атайды. Адамның басынан кешіретін ахуалдары мен күй-
лері, бар өмірінің психикалық мазмұны тұлғалық құра-
мына кіреді. Бірақ арнайы мағынасына, өзінің «мен» —
іне қатысы барлардың ішінде психикасында бейнеленіп
ішкі өмірінің тарихына, сезіміне әсер еткендерді ғана тән
алады. Кез келген санасына қатысы бар дайын күйін-
дегі ойларды емес, тұлғаның қоғамдық болмысында өзі
зейінділікпен терең ойларды игергендерді ғана өзінікі
деп санайды. Өзінің психологиялық ерекшеліктерінің
шынайы көрінісін, айналасындағылармен катынастағы
мінез-құлкының мазмұнын және атқарылған іс-әрекетін-
дегі өзімен болғандарды менікі дейді. Сонымен, жоғары-
дағыларды ескере отырып, өзіндік сана, зейінділік және
«мен» тұжырымы тұлғалық дамудың негізі және себепшісі
ретінде жан жақты әрі терең практикалық зерттеуді талап
ететінін ұғына, болашақта тәжірибелік әдістемелерлі
накты үрдіске бағдарлап іске асыруға болады. Өзін-өзі
бағалаумен ақыл-одың байланысын қарастыруда өзіндік
сана мәселесіне тоқталған жөн. «Мен» — тұжырымда-
масы өзіндік сана сезімінің негізін қалайды және құрамдас
бөлігі болып табылады. Нақты өмірлік әрекет барысында
«Мен» — тұжырымдамасы және өзін-өзі бағалау саналы
және сезілмейтін деңгейде көрінеді [4].
Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табы-
стары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына карай жылжудың
сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Б. Ананьев өзін-өзі
бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын түлғалық білім
алу, белсенді қалыптасу ретінде қарастырады, оның
оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар
екендігін айтады. Оның пікірінше, оқу үрдісіңде езін-өзі
бағалаудың қалыптасуы, педагогтердің, I сыныптағы және
отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады. Ол
«оқушыда оның білімдері, жетістіктері мен үлгірмеушілігі
жайлы түсінік тоқсанның аяғындағы бекітілген үлгірім
бойынша ғана емес, сондай-ақ, оқу үрдісінде жекелеген
парциальдық, бағалар бойынша да қалыптасатындығын,
мұғалімнің жеке парциальдық, бағалауы неғұрлым айқы-
нырақ, нақтырақ болса, оқушының білімге соғұрлым бей-
імделе түсетінін» атап көрсетеді.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдеби-
етті талдау жасау келесі тұжырымға келуге негіз болады,
өзін-өзі бағалау оның кіші жастағы окушының оқу-та-
нымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады.
1. Өзін-өзі бағалау оқыту үрдісінде белсенді қалыпта-
сатын тұлғалық білім алу ретінде алға шығады жөне кіші
жастағы оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды
ықпал жасайды.
2. Өзін-өзі бағалау — оқу ерекеті тұтастай қүрылы-
мының ерекше бөлігі, оның қызметі кіші жастағы оқушы
осы әрекет субъектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде
оның қаншалықты алға жылжығанын анықтай білу болып
табылады.
Өмірде өз орнын табуда өзін-өзі тәрбиелеп, өз бетінше
оқып білім алу, өз білімін өзі жетілдіру, өзін-өзі шектеу,
өзіндік бақылау, өз-өзін ынталандыру әдістерін тұлға
уақытылы пайдалана алғанда, зор нәтижеге жеткізіп
өзін-өзі бағалай алудың аясы кеңейді.
Тұлғаның «Мен» — бейнесі, «Мен» — бағдарлама-
лары мен өзіндік бағалауы жинақталып, «Мен» тұжы-
рымдамасын кұрайды. Өзін-өзі бағалау арқылы тұлға мі-
нез-құлқын реттейді. Тұлғаның өзіңді бағалауы қалай
жүзеге асады? Тұлға бірлескен іс-әрекет және қарым-қа-
тынас нәтижесінде қалыптасады. Тұлға танымдық әре-
кетке араласа отырып, қарым-қатынаста бағдарланады
және қоршағандардың күтулерімен салыстырады [5].
Өзіңді бағалау өзіндік сана сияқты әлеуметтік жағдай-
ларға негізделеді. Кеңес психологтарының зерттеулерінде
өзіңді бағалау — еңбектің, танымның және қарым-қаты-
настың күрделі өнімі болып табылады.
Әдебиет:
1. Құдиярова Ғ. М. Жас өспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтары — Алматы, 2004.
2. Аймауытов Ж. Психология — Алматы, 1995.
3. Тәжібаев Т. Жалпы психология — Алматы, 1993.
4. Адамзат ақыл — ойының қазынасы — Алматы, 2005.
5. Құдиярова Ғ. М. Жас өспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтары — Алматы, 1996.
37
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Education
П ЕД А ГО Г И КА
Педагогика ғылымында өзіндік зерттеу жұмыстарының алатын орны
Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Ажмолдаева Клара Байжигитовна, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азақстан Республикасының «Білім туралы» заңында
білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап
көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мем-
лекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден
төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге,
жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін
жағдай жасауға міндетті» — делінген.
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы
негізгі басымдықтарының бірі — мектеп білімін жаңарту.
Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны
іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағыт-
талған.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі баланы оқыту мен тәр-
биелеудің мақсаты — жан-жақты дамыған жеке тұлға қа-
лыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат — өздігінен
дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шында-
лады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін
ұстар азаматтар — бүгінгі мектеп оқушылары.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес,
Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық
тіресіп тұруы үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі ке-
зеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын,
қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұс-
таздың міндеті [1].
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең
жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге
ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген
қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әре-
кетін бақылап, бағалай білумен сипатталады.
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін
анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Ба-
лалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі — терең білімнің
негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму
кепілі болып табылады [1, 2].
Жеке тұлғаның дамуында маңызды рөл атқаратын
оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;
сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін
жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру. Осыған
орай өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты — оқушылардың
танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қа-
білеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштар-
лығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс — тәсілдерді пайда-
лана отырып, балалардың ұсыныс — пікірлерін еркін
айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін
арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқытудың
жаңаша әдіс — тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ
оқушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді.
Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау
қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі —
баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрби-
елеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге,
дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде
ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына бел-
сенді қатысып тартылады [3].
Білім берудегі ең басты қағида -оқушыларды үнемі
шығармашылық әрекетке шыңдай отырып, өзін-өзі дамы-
туға жетелеу.
Оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсы-
рмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің
тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұ-
мыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік
жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен
жаңа амал-тәсілдер қолданып, жасайтын шығармашылық
жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім оқушылардың
өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әре-
кетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұшта-
стыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек
пен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Оқушылардың
өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оқушылардың
өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен
белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне,
жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің
ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы
даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т. б.
белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын
бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір
38
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Педагогика
тобы — сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың
түрлері:
а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау,
мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін
жасау т. б. тәсілдерге үйрену);
ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т. б.)
б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тек-
серу (түрлі жазбаша, практикалық жұмыстар). Оқушы-
лардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен
оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмы-
стардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және
басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу;
шығармашылық жаттығулар, бақылау және т. б. [4, 5].
Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай
олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік
және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репро-
дуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу
негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп
жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру,
берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс
істеу т. б.) жатады. Шығармашылық жұмысқа оқушы-
лардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, пікір жазу,
модельдер т. б. жатады. Репродуктивтік және шығар-
машылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі
екіншісіне ауысып отырады
.
Төртінші топқа — мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті
түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жа-
сайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы,
ғылыми үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласып,
байқау, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұ-
мыстарға, үгіт-насихат, көпшілік мәдени-ағарту, өлкетану
жұмыстарымен шұғылдану т. б.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей
талаптар қойылады:
1. Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын
арттыруға көңіл аудару.
2. Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының
басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.
3. Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім
алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.
4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден
алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабар-
ларды енгізу.
5. Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана
білуге дағдыландыру.
6. Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық
тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет
жасауға баулу.
Биология пәні
бойынша
өзіндік жұмыстың түрлері
көп болғанымен, оның оқушылардың бағыттылығын ұй-
ымдастыруға бағытталған түрлерін, оны орындауға жұм-
салатын уақытты және нәтижесін айқындайтын критери-
лерін саралаудың да өзіндік ерекшелігі бар.
Орта білім беретін мектептерде жеке өзіндік жұмыстың
түрлері өте көп, олар: дәрістерге дайындық; практикалық,
зертханалық жұмыстарға, эссе жазуға, пікірталас, бақы-
лауға дайындық, рефераттарды орындауға дайындық.
Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс түр-
лерін әр түрлі тұрғыдан қарастырып, төмендегідей
жіктейді: 1) ұйымдастыру түрлеріне қарай: ұжымдық,
топтық, жеке-дара жұмыс; 2) мақсатқа бағытталу сипа-
тына байланысты: теориялық және практикалық; 3) ло-
гикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау
және ұғымның белгілерін айрықшалау, құбылыстар ара-
сындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтату;
өз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды
анықтату және игергендерді жинақтау; кейбір типтес құ-
былыстарды айрықшалау; фактілер арасындағы байла-
нысты анықтату; 4) іс-әрекеттің сипаты бойынша: ре-
продуктивті (қайталаушы), реконструктивті-вариативті,
жартылай ізденісті және зерттеушілік (шығармашылық)
өзіндік жұмыс; 5) танымдық үдерістегі қолдану орнына
байланысты: жаңа білімді қабылдау және игеру үшін ар-
налған; алынған білімнің негізіндегі өзіндік жұмыстар;
бекітуге бағытталған; білімі мен білігін жүйелеп, жалпы-
лауға бағытталған; қайталау мен білім, білік және дағдыны
тексеруге арналған өзіндік жұмыс түрлері; 6) мұғалім ұй-
ымдастыратын өзіндігінен зерттеу жұмыстарының өткізілу
уақыты мен орнына, мұғалім тарапынан жасалынатын
жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау
тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай түр-
лерге бөлуге болады: негізгі дәрістік сабақ (зертханалық
жұмыс) үстінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар; жоспар
бойынша жүргізілетін кеңестер, шығармашылық байла-
ныстар, оқу және шығармашылық сипаттағы үй тапсыр-
маларын орындаудағы мектептен тыс оқушының өзіндік
жұмыстары; 7) оқушының өз бетімен жұмыс істеу (дер-
бестілік) деңгейіне қарай: еліктеу, жаттықтыру, шығар-
машылық, зерттеу өзіндік жұмыстары; 8) білім көздері
мен мұғалімнің тарапынан бақылаудың дәрежесіне байла-
нысты: оқулықтармен, оқу әдебиеттерімен, анықтамалық
әдебиеттермен жұмыс; жаттығулар, шығарма және сипат-
тама беру, қадағалау және басқа да жұмыстар [6].
Бұл жұмыстарды бірнеше кезеңдерге бөліп жүргізуге
болады.
1. Тапсырма, кеңес алу және жұмыстың жоспарын
жасау;
2. Тапсырма тақырыбына қатысты материалдарды
жинау, әдебиеттерді оқу;
3. Материалды өңдеу;
4. Жұмыстың жоспарын нақтылау;
5. Пән бойынша өзіндік жұмысын қорғау.
Педагогикалық тұрғыдан өзіндік жұмыстар, танымдық
белсенділік ұғымдарына берілген бірнеше анықтамалар
бар. Танымдық белсенділік — білім мен іс-әрекет тәсіл-
дерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын
жеке тұлғалық қасиет (Т. Ш. Шамова), танымдық белсен-
ділік — дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен
ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы
шешу үшін қолдана білуі сияқты және адамның сапасы
(И. Я. Лернер), танымдық белсенділік -мектеп оқушы-
39
“Young Scientist” . #7.2 (87.2) . April 2015
Education
ларының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын
екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысы (Н. А. Половни-
кова), өзіндік оқу жұмысы оқушының мәселені қойып, оны
шешкенге дейінгі жеңілден күрделіге өту, өзін-өзі бақылау
және түзету ізденісінің белгілі бір деңгейдегі дербес оқу
әрекеті; өздігінен білім алу, танымдық қабілетті қалып-
тастырудың құралы болып табылады (педагогикалық
сөздік). Өзіндік жұмыс оқу әрекетінің арнайы бір формасы.
Оқушылардың күрделі әрекеттерінің бір түрі. Оқушы-
лардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бой-
ынша олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап,
оның нәтижесін бағалап, орындайтын жұмыстар жатады
(Т. С. Сабыров). Өзіндік жұмыс — бұл оқытуды ұйымда-
стырудың формасы да емес, оқытудың әдісі де емес, ол
оқушының алдына қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір
іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып
табылады (П. И. Пидкасистый), өзіндік жұмыс дегеніміз —
мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі
уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орын-
далатын жұмыс, бұл кезеңде оқушылар өздерінің ой-өрі-
стерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып, алға
қойған мақсатына жетуге ұмтылады (Б. П. Есипов) және
т. б.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір
сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік
көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі
білім беру саласының маңызды міндеті баланы өзіндік із-
денушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін үйрету.
Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның
танымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге
дайындау қажет.
Оқушыларды өзіндік жұмыстарға баулу арқылы біз өз
бетінше шешім қабылдай алатын, терең ойлайтын, тың
пікірлер айта білетін жеке тұлғаны тәрбиелейміз.
Әдебиет:
1. Катубаев Н. «Шығармашылық жұмысқа баулу» / Оқушылардың танымдық ізденісін арттыру // Қазақстан мек-
тебі. — 2002. — № 4. — 60–61 бб.
2. Қожамқұлова Б. Е. Физиканы оқытуда дидактикалық материалдар жүйесі арқылы оқушылардың өзіндік жұмы-
старының тиімділігін арттыру: автореферат. — Алматы. 1996. — 200 б.
3. Елубаев А. О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі // Дарын. — 2009. — № 5. — 112–116 бб.
4. Мизамбаева Р. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту // Қазақ тарихы. — 2005. — № 4. — 52–56 бб.
5. Сыздықова М. Оқушы — ізденісі // Биология, география және химия. — 2002. — № 3. — 61–62 бб.
6. Дабысова. Ж. Ж. Орта мектепте оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі оқу- әді-
стемелік нұсқаулық. — Ақтау, 2011. — 35 б.
Сюжеттік — рөлді ойындар және оны ұйымдастыру әдістемесі
Абдраманова Гульмира Бостановна, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Байзулдаева Гулсим Опабековна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
А
дам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі — ойынның
пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз
еңбектерінде ойын — өнер мен көркемдік іс-әрекеттің
алғашқы қадамы деп түсіндіріледі. Ойында шындықтың
көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр
түрлі құбылыстары мен үлкендердің әр түрлі әрекеттеріне
еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты түрде
мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы
іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі
деуге болады. Балалар ойын барысында:
1) Өзін еркін сезінеді.
2) Ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.
3) Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психи-
калық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйт-
кені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне
өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы
өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын,
мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын
өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана
қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне
де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы
қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:
1) адамдар іс-әрекеттің жақсы жақтарын аңғарады,
жағымды ойлауды үйренеді.
2) жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі,
оларды қуантуға асығады.
3) бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оя-
нады, қамқорлық жасай біледі.
4) кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.
Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі
деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқа-
40
«Молодой учёный» . № 7.2 (87.2) . Апрель, 2015 г.
Педагогика
растарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те
ерекше бағалаған.
Ойынға басшылық жасау кезінде бұйыруға болмайды.
Егер мұғалім баланың эмоциясына, қиялына әсер ету
арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, онда ба-
ланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі.
Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда әр мұғалім
өзінің әдісін оқушының психологиялық және физиологи-
ялық дамуын ескере отырып іске асырады. Ненің жақсы,
ненің жаман екенін ойын үстінде ауызекі сөйлесу бары-
сында түсінеді. Ойын балаларға өмірде кездескен қиын-
шылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,
ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Күн-
делікті өмірдегі қиындықтың бірі күтпеген жағдайлардағы
адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс
жағдайға тап келген адамның дұрыс шешім жасай алмауы
жиі кездеседі.
Осындай жағдайларды яғни, сюжеттік-рөлдік ойын-
дарды сахнада ойнап көрсету балалардың бойындағы
жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қа-
білетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған
ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай
білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып
шешуге үйренеді.
Сюжеттік-рөлдік ойындарды сабақ үстінде де, үзілісте
де, бос уақытта да, өткізілетін ертеңгіліктер мен кеш-
терде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдала-
нуға болады. Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең
қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкер-
шілікке, ептілікке тәрбиелейміз.
Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айнала-
дағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кез-
дескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қой-
майды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсін-
діріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен
тыңдап, толық меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі
сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға
ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез
сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету
үшін, оқушылардың оған толық қатысуы үшін сыныпты
4–6 адамнан тұратын топтарға бөлген жөн. Топтар бір ой-
ынды кезек-кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары
көрермен болып отырады. Содан соң бүкіл сынып болып
әрекеттерді талқылауға болады.
Алғашқы кезде балаларды белгілі әңгіме, ертегі немесе
мысалды сахналауға үйрету оңай болады. Кейіннен олар
мұны меңгеріп болған соң, олардың өз шығармаларын
ойнап көрулеріне болады. Мысалы, «Сүйіспеншілік» ой-
ынын алайық.
Мұғалім бағыттаушы сөзді таңдап айтады. Ойынға қа-
тысушылар соған мәндес сөзді айтып, допты келесі ойын-
шыға лақтырады. Мысалы, сен әдемісің, сен бүгін сүй-
кімдісің!
«Құнды қасиеттер» ойыны.
Музыка ойнайды. Балалар шеңбер құрып отырады.
Күні бұрын даярланып қойған парақтарға құнды қасиеттер
жазылады. Бала соның мағынасын аша білу керек.
«Пантомима» ойыны.
Балалар топтарға бөлінеді. Әр топқа, мысалы: достық,
қамқорлық, сыйластық, сүйіспеншілік деген секілді тақы-
рыптар беріледі. Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өз-
дері құрастырған сюжетті көрсетеді. Соңынан тапсырма-
лардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға
жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастырады.
Спорт, ойындар, серуен, мектептен тыс кездесулер
кезіндегі пікірталастар, әсерлі әңгімелер, мұражайға, те-
атрға немесе классикалық музыка концертіне бірге бару,
үйірмелер, театрланған сабақтар — осының бәрі руха-
ни-адамгершілік тәрбие үшін тамаша құралдар. Олар ба-
ланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезінетін
тамаша ойларға жетелейді. Ал одан жағымды қасиеттер
туындайтыны белгілі.
Еліміз білімді, ақылды жастармен толығып келеді. Ен-
деше, болашаққа деген сенімділік те мол. Өмір талабының
әсерімен өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу мен оқы-
тудың жаңа мақсаттары, тәсілдері анықталады. Біздің ре-
спубликамызда әлеуметтік, экономикалық, білімділік өсу
адамдардың санасының өзгеруін қажет етеді. Олар білім
мазмұнын қайта құрылуын және оны білім жүйесі арқылы
жүзеге асыруын талап етеді. Білім стандартының негізгі
қағидалары: «Білім туралы заңы», 2005–2010 жылдарға
арналған ҚР-ның білімді дамыту мемлекеттік бағдарла-
масы, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын және оқыту про-
цесінің гуманизациялық бағыттарын анықтап көрсетеді.
Осының барлығы оқушының шығармашылық қабілет-
терін ашуын және тәрбиеленушінің жеке басына тән пси-
хологиялық ерекшелігін қадағалауын талап етеді. Біздің,
яғни ұстаздардың алдында азаматтарды тәрбиелеу және
отанымыздың интеллектуалды потенциялын сақтап қалу
ғана емес, оны мүмкіндігінше одан әрі өркендету міндеті
тұр. Сонымен қатар педагог үнемі ізденіп, өз шеберлігін
жетілдіріп, оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін ізде-
стіріп отыру қажет. Сабақта оқушылар тек жаңа матери-
алды оқып, есте сақтап қана қоймай, өмірдің түрлі бағалы
тәжірибесінен үйреніп, әлемдік зерттеу ақпараттарымен
танысып, солармен біте қайнасып, бағалай білуге үйренсе
ұстаз еңбегінің зая кетпегені деп білеміз. Әр ұстаз өз са-
бағының қызықты да тартымды болғанын қалайды, бұл
үшін өз пәнін жақсы білу жеткіліксіз, ұстаз жақсы әң-
гімешіл болуы қажет.
Оқушылардың күнделікті оқу материалын қабілдауын
қызықты да, тартымды ететін, олардың шығармашылық
ізденісін шыңдай түсетін, оқу үрдісінің бірден-бір тиімді
тәсілі — ойын технологиясы болып табылады.
Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоциональды және
тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл бала үшін табиғи
дұрыс тәсіл. Ойын кезінде бала өзінің нақты өмір ты-
нысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының
оқиғаға деген ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын
дамытады.
|