Қоқыс та кәдеге асады
Соңғы жылдары қоршаған ортадағы қоқыс жайлы мәселе жиі қозғалып
жүр. Бірақ оның қаупі азаяр емес, адамдар бұрынғыдай пластик бөтелкелерді
көрінген жерге лақтырып кетіп жатыр. Калифорниялық жеті жасар бала
Райан Хикман жағдайды өзгертіп, басқаларға үлгі болу үшін
қоқыстарды
өңдейтін өзінің компаниясын құрды.
Бәрі Райанның кішкентай кезінде, әкесі екеуі пластик бөтелкелерді
жинап, өткізу туралы шешім қабылдаған сәттен басталды. Сол кезде Райан
өзінің алғашқы бірнеше доллар еңбекақысын алған. Бұл оған қатты әсер етіп,
әкесіне қоқыстарды жиі жинап, сұрыптап отыруға өтініш айтты. Содан бері
Райан Хикман көшеде көрген әр бөтелкені әкесінің көлігіне тасып, жинай
берді. Содан кейін олар жиналған қоқыстарды қайта өңдеу орталығына
өткізетін.
7 жасқа келгенде Райан Хикман екінші шикізатты жинап, тазалап және
сұрыптайтын жеке фирмасын құрмақ болды. Оны «Ryan’s Recycling
Company» деп атады. Әуелі Райан әкесі екеуі көршілерінің барлық
қоқыстарын жинап алды. Содан кейін оларға қалған қоқыстарын қоқыс
қапшығына жинай берулерін өтінді. Бұл оның алғашқы қадамы еді. Қазір
«Ryan’s Recycling Company» 5 ауданда жұмыс істейді. Фирмада бар болғаны
130
40 адам еңбек етеді. Ал қоқыстарды сұрыптап, тазалау Хикмандардың үйінің
артқы ауласында жасалады. Қазіргі уақытта сұрыпталып тазаланған қоқыс
жиырма тоннадан асты. Қоқыстан өткізуден түскен ақшаны Райан Хикман
қайырымдылыққа және өзі оқып жүрген колледжге жұмсайды. Қазір Райан
қайырымдылық футболкаларының жеке желісін де ұйымдастырды.
(https://massaget.kz/)
Ұлттық болмыс
Өзбек халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бізге ұқсас
тұстары аз емес. Десек те, өзбек халқының біз білмейтін ерекшеліктері де
жеткілікті. Соның бірі бала тәрбиесіне қатысты. Халықтың саулығы –
отбасының беріктігіне, ал берік отбасы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді.
Өзбектердің мемлекеттік саяси ұстанымы осындай қағидаға негізделеді.
Мемлекеттің әрбір азаматы дүниеге келгеннен бастап, салт -сана, әдет-
ғұрып, дәстүрді отбасында меңгеріп өсуге тиіс. Сондықтан әрбір өзбек
азаматы отбасының өзіндік заңдылықтары қатаң сақталып, атадан балаға
беріліп, ұлттық тәрбиенің жалғасуына үлкен мән береді. Өзбек отбасындағы
тәрбие беру махалладан басталады. Махалла – бір аймақтағы ағайын-
туыстың бірімен - бірі жақын араласып, көршілес өмір сүретін жері. Өзбектер
көне дәстүр, салт - ғұрпын осы күнге дейін сақтап қалған ұлт саналады.
Дүниеге келген сәтінен бастап баланың бесігін ана тіліндегі тарихи-
эпикалық жырлармен тербететін ата-анасы баласының нағыз өзбек азаматы
болғанын қалайды. Сондай-ақ, отбасының басқа мүшелері де «өзбек баласы
өзбекше тәрбиеленуге тиіс» деген ұстанымды сақтайды. Махаллада тұратын
барлық адамның өзіне бауыр екенін сәби шағынан біліп өсетін бала кейін осы
қауыммен бірге болудың мағынасын түсінеді. Қайғыда да, қуанышта да
махалла тұрғындары бірге болады. Егер бір тұрғын көшеге ағаш отырғызса,
міндетті түрде өзгелері де бұл істі жалғастырады. Махалладағы барлық
мәселені көпті көрген ақсақалдар ақылдасып шешеді. Үлкендердің айтқанын
жастары бұлжытпай орындауға міндетті. Үлкен мен кішінің арасындағы
айырмашылық пен сыйластықты сақтау – өзбек халқының басты парызы
болап саналады. Міне, осындай ортада өскен бала күні ертең айналасынан
көргенін қайталап, жасы үлкендердің ісін өнеге тұтары анық.
Өзбек отбасында бір-екі баламен шектелу деген түсінік бұған дейін де
болмаған. Қазір де жоқ. Олардың ерекше бауырмал болып өсуіне осындай
көпшілік орта әсерін тигізеді. Бұған махалладағы өзге туыстарды қосыңыз,
сонда өзбек жұртының бір-бірін қорғап, қолпаштау сырын түсінесіз.
Бұл елде үйленген жас жұбайлар ата-анасының шаңырағынан ұзап
кетпейді. Үлкен әулеттің жанынан үй салып, туыстарына жақын
қоныстанады. Өзбек отбасындағы басты құндылықтардың бірі – баланың ата-
анасына деген шексіз құрметі. Бұл елде ата-анасының разылығын алмай,
тіпті үйленулеріне да рұқсат жоқ. Өзбекстанда кәрі әке-шешесін қараусыз
тастау немесе қарттар үйіне өткізу сияқты жағдайлардың сирек кездесетіні
содан болса керек.
131
Есін білгелі әке-шешесінің өзара қарым-қатынасын бойына сіңіретін
өзбек баласы сол тәрбие-тәртіпті өз шаңырағында жалғастырады. Өзбек
қыздары күйеуін ерекше құрметтеуді анасынан үйренеді. Олар күйеуіне
дауыс көтермейді, тым ашық киімдерді кимейді. Осылардың бәрі бұл
халықтың шынайы ұлттық болмысы саналады.
(Әлем халықтарының салт-дәстүрлері. anabol.kz)
Достарыңызбен бөлісу: |