129
буады. Жас кәсіпкерлер шағын кәсіптерін өздерінің жинаған қаржыларына
ашты. Ғалым мен Талғат кәсіпорынның
қожайыны болғанымен, оларды
жұмыс басында сәнді галстукпен немесе костюммен көрмейсіз. Өйткені
басты мамандар да, негізгі жұмысты атқарушылар да – өздері.
«Автокөлік жөндеу орталығын ашу деген оңай нәрсе емес, ең алдымен,
әрине,
қаржы қажет, одан соң, қаланың ортасынан жер алған жөн. Содан
кейін, өз ісін білетін мамандарды іріктеп аласың. Көтергіштер,
темір
түзететін роботтар, көліктерді сырлайтын камера қажет. Оларды алу үшін
біраз қаржы керек болды», - дейді Талғат. Банктерден несие алу олар үшін
тиімсіз болған, әрі кәсіптерін жаңа бастаған жас жігіттерге банкттер несие
бермей қойыпты. 10 пайыздық несиені өз ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерге
ешкім де бермейді. Қажетті қаржыны екеуі Алматыдағы “Қамқор” автокөлік
жөндеу орталығында жұмыс істеп жүріп жинаған.
Талғаттың айтуынша,
қазіргі табыстары өте жақсы, Ғалым екеуі де биыл көптен армандап жүрген
баспанаға қолдарын жеткізіпті.
Жас кәсіпкерлер Ғалым мен Талғаттың иелігіндегі автокөлік
орталығында жұмыс істейтін 12 адамның көбі жастар. Мұндағылар
автокөлікті сырлаудан бастап, қозғалтқыш бөлігін, электр желілерін жөндеу
секілді күрделі жұмыстарды да жасайды. Алматы қаласының орталығындағы
автокөлік жөндейтін шағын кәсіпорын иелері Талғат пен Ғалым үшін
табыстың кілті – ерінбей еңбек ету. Кәсіпкерлер
кәсіпорындарын кеңейтіп,
шетелдермен байланыс орнатқысы келеді. “Ең бастысы – өзіңе сеніп, аздан
бастау. Келесісі – еткен еңбегіңе байланысты” дейді жас кәсіпкер жігіттер.
(www.azattyk)
Достарыңызбен бөлісу: