Байланысты: В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова
Іскерлік бастауы Әр уақыттың өз қағидалары мен лозунгтары болады. Қазіргі құбылмалы,
өзгеріске толы нарықтық экономика кезеңінде әрбір адам бәсекеге қабілетті
болуы және соған сай имиджі болуы тиіс. Заманға сай, жағымды имидж –
жетістікке жеткізер жолдардың бірі.
Іскерлік ортада имидж көп нәрсеге әсер етеді, өйткені жағымды имидж
адамдардың көңілін аудару мүмкіндігін береді. Соңғы кездері имидж
қалыптастыруға адамдардың қызығушылығы артуда. Іскер адам тек өз ісінің
білгір маманы ғана емес, өзі туралы жақсы пікір қалдыра алатын,
адамдардың сенімін тудыра алатын тұлға болуға міндетті.
Бизнес – тұрақсыз, қиындығы мол жол. Егер сіз уақытпен қатар келе
жатқан тұлға пікірін қалдырғыңыз келсе, сіз сол тұлға имиджін жасаңыз.
Оған, біріншіден, сізге имидж туралы білім қажет.
Имидж – адамның сыртқы болмысы мен ішкі жан дүниесінің сай
болып, уақыт талабына жауап бере алатын психологиялық типі. Имиджге
«қазіргі талаптар қандай?» деп сұрақ қоярсыз. Қазір дамуға ұмтылған, өз
істеріне ғашық, адал, белсенді, қиындықтың бәрін жеңе алатын, жаңа
идеяларға бай адамдар керек. Әр адамның имиджі өзгеше болуы мүмкін,
өйткені ол әр адамның даму сипаты әртүрлі.
Имидж – өзгерісте болатын құбылыс. Нарық сұранысына сай имидж
қалыптасады, өзгереді, дамытылады. Имидж төрт бағытта дамиды. Біріншісі
- адам образы, яғни ол адамның өзі туралы қалдырған пікірі, тіпті өзінің жоқ
болған кезінде де ол кісі туралы ойға келетін пікір немесе эмоциялар. Екінші
бағыты – сырт келбеті: түрі, әдебі, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, ым-шара
мен киген киімі. Үшінші бағыт – процессуалды бағыт, яғни процесс
кезіндегі адам белсенділігі, эмоциясы, темпераменті. Ең соңғысы – ішкі
факторлар: интеллект, ойлау үрдісі, ойлары, мақсаттары және эрудициясы.
Осы төрт бағытта дамуға тырысыңыздыр, сонда жағымды пікірге ие болып,
жетістіктерге жетесіздер.
(Кәсіпкерлік құпиясы. wall-47154093_966)