Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Жазылым 
 
7-тапсырма.
 
Байланысты, бойынша,
 
шығар, екен
 сөздерін тиісті орынға 
қойып жазыңыздар.
Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей ... . 
Абай Құнанбайұлының пікірі ... , адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан 
болады ... . Отағасы жанұясының тамағын, киімін және басқа да 
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбектенуі, адал табыс табуы ... .
 
Жиналыста қаралған мәселе ... біз осындай шешімге келдік. Бәлкім, бақыт 
деген осы ... . Ұлттың кемелденуі жанұяның біртұтастығына ... . Баланың таза 
рухында жақсы нәрселер орнығуы үшін жанұя мүшелері әрдайым жақсы 
әрекеттер жасауы керек ... . Жер бетінде үш мыңнан астам ұлт бар .... .
Мүмкін, бәрі біз ойлағандай бола бермейтін ... . Басына іс түскен, 
қиындықтарға ұшыраған адамға қол ұшын беру керек ... .
 
8-тапсырма. 
Ойды толықтырыңыз.
Әдептілік – адамгершілік әліппесі. Адамгершілік сәлемдесуден 
басталады. ------------------------------------------------------------------------------------ . 
-------------------------------------------------------------------------------------------------- . 
-------------------------------------------------------------------------------------------------- . 
Оқылым 


25 
 
9-тапсырма. 
Мәтінді түсініп оқыңыз.
 
Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. 
«Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік 
– адамшылық, қаталдықпен салыстырғанда жақсылық тілеу қарым-
қатынастары. Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды 
жақтары осы ұғымнан таратылады. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. 
Ол – адам бойындағы ең асыл қасиет. Демек, асыл қасиетіміз – 
еңбексүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, 
инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, адамды қастерлеу, сыйлау, сену, 
ар-ұятты 
сақтау, 
имандылық 
пен 
рақымдылық, ізеттілік пен 
кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б. Яғни, адам бойында осы 
қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.
Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге 
үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін 
сыйламайды. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік 
қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам –
өзінің 
адамгершілігімен, 
қайырымдылығымен, 
адалдығымен 
және 
әділеттігімен ардақты. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге 
болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», - деп бекер 
айтылмаған. Сондықтан бала өз бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, 
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне 
сенімділікті тәрбиелеуі қажет.
Адам өзінің қабілетіне қарай әртүрлі мансап иесі болуы мүмкін, бірақ 
оның адамдық қалпын, адамгершілік рухын, ішкі дүниесін бұл мансаптармен 
өлшеуге болмайды. Адамгершілік сапа – адамдыққа баға берудің өлшем 
таразысы, көрсеткіші.
(massaget.kz›) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет