28
парсыша жазылса, бір жерінен бастап кітап араб тілінде жалғасады екен. Өзін
қазірден бай сезінген жас жігіт, бұл құнды кітап туралы басқа біреу біліп
қоймасын, өзінен басқасы қазынаға
жете алмасын деп арабша
жазылғандарды аудартуға қимайды. Содан кітапты ары қарай оқу үшін оған
араб тілін меңгеру керек болды. Араб тілін үйреніп, кітапта жазылғандарды
жақсы түсініп оқиды. Белгілі бір жерден бастап кітап араб тілінде емес,
қытай тілінде жалғасады. Сосын тағы-тағы басқа тілдерде. Жас жігіт бар
ынта-жігерін
салып кітап қай тілде жазылса, сол тілдердің бәрін меңгереді.
Көп тілдерді меңгергені арқасында қаланың ең жақсы аудармашысы атанады.
Жігіттің жағдайы жақсара бастайды.
Көп тілді беттерден кейін кітапта қазынаның қалай жұмсалу керектігі
жайлы нұсқаулар жазылады. Осы беттерді оқып, жігіт экономика мен сауда
салаларын да меңгереді. Сонымен қоса,
қазынадағы асыл тастар мен
гауһарлар туралы ғылымды да оқиды. Оқып үйренгендердің бәрін теориядан
тәжірибеге енгізіп жүреді. Оның көп тілді, көп саладан теңдесі жоқ маман
екені сол елдің патшасының құлағына да жетеді.
Патша жігітті қасына
шақыртып, жақсы қызметке тағайындайды. Алғысөзден кейін кітап негізгіге
өтеді: үңгірдегі үлкен есік қалай жасалғаны жайлы, бұрандалары қалай
құрылғаны жайлы, үңгірге жету үшін не жасалыну керегі жайлы баяндалады.
Осы құпияларды басқа ешкіммен бөліскісі келмеген жігіт сол елдің ең білгір,
ең оқыған адамы болады. Тіпті, кейіннен қаланың
сәулетін көркейтетін
болады. Патша жігіттің біліміне тамсанып, өз сарайының сәулетшісі, ал кейін
өзіне ең жақын уәзірі қызметіне тағайындайды. Расында да, сол елде сол
жігіттен артық білімге жақын бірде-бір адам табылмайды. Осылай жүріп
жігіт кітаптың соңына жетеді. Кітаптың соңғы
бетін ауыстырғанда бір-ақ
сөйлем жазылғанын көреді: «Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы!»
(muslim.kz)
Достарыңызбен бөлісу: