Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

 
Жазылым 
 
10-тапсырма. 
1) Мәтіндегі тірек сөздерді теріп жазыңыз.
 
2) Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. 
3) «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 
ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деген пікірге өз көзқарасыңызды
жазыңыз. 
 
 
2.2. МӘДЕНИЕТ ПЕН БІЛІМНІҢ БАЙЛАНЫСЫ 
 
Тыңдалым. Айтылым 
 
11-тапсырма. 
Сіз не дейсіз? Белгілі тұлғалардың пікірімен келісесіз бе?
 


26 
 
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді 
жұрттардың тілі бай болады.
(Халел Досмұхамедұлы
)
 
Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз. 
(Сергей Капица)
 
Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері.
(Олжас Сүлейменов) 
Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз 
керек.
(Уинстон Черчилль) 
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, 
оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
(Мұхтар Әуезов) 
Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.
(Ғабит Мүсірепов)
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, 
білімді, мәдениетті болсын.
(Ахмет Жұбанов)
Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа 
деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасылардан өсіп шығады. 
(Василий Сухомлинский) 
 
Оқылым. Айтылым 
 
12-тапсырма. 
Мәтінді түсініп оқыңыз. 
 
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және 
жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және 
тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын 
жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан мәдениет саласының өрісі кең. 
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық 
өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің 
алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер 
енгізеді. 
Мәдениеттің қоғамдағы танымдық қызмет-міндетінің сан алуан қыры 
бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе – мәдениет пен 
білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) 
бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне 
жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам өркендеуіндегі «маариф», қазіргі 
өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей 
туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар 
(интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет 
атқарады.


27 
Білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі 
ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті 
қайшылық бар. Ғылымның беталды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет 
мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті 
бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды 
бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер 
арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы – жақсылық пен 
жамандықты айырамыз. 
Мәдениеттің ғажап көріністерінің бірі – адамның әсемдікке, сұлулыққа 
ұмтылуы. Демек, мәдениет – адамның жан әлемі. Жалпы, мәдениет 
көріністері дегеніміз – ақыл-ой, парасат, ізгілік. Сонымен бірге мәдениет – 
адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. 
(Г. Жанұзақова. Қазақ әдебиеті. 15.10. 2019ж.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет