42
оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса,
иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына
қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да,
туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни,
адам неғұрлым
қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке
бөленеді. Иә, адамдар үшін
өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне
жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай,
кейбір
адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше қабілет қатар кездеседі. Бұл –
Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі.
Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске
кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдайым өз ісіңе сын
тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет.
(Қабілет Malimetter.kz)
Достарыңызбен бөлісу: