44
3) Ж.Назарқызының бойынан қандай қабілетті байқадыңыз?
4) Жұлдызай тілдік ортаны қалыптастырудың қандай жолдарын айтады?
5) Тіл үйрену үшін адамның бойында қандай қасиет болуы керек?
6) Жұлдызай шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдарда жұмыс
істеп жүріп нені байқады?
7) Тілді өз бетінше үйренудің қандай артықшылықтары бар?
БӨЖ тапсырмасы:
«Мүмкіндік пен қажеттілікті ұштастырудың үлгілері»
- сұхбат құру
(өмір тәжірибелерінен мысал келтіру, әңгімелеу; қорытындылау).
3.3. ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ: САПА МЕН КӨЛЕМ
Тыңдалым. Айтылым
1-тапсырма.
Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз
.
Еңбек өнімділігі, экономикалық көрсеткіш, өнім көлемі, өтпелі
экономика, еңбекақы, әл-ауқат, дағдарыстың ықпалын бұғаттау, толыққанды
дамыту, өндірісті ақсатады,
кәсіпорындарды оңтайландыру, еңбекақының
өсім қарқыны, толыққанды сауықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: