Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет94/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

 
 


111 
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР 
 
аға тұту
 
туыс/жақын санау 
айды аспанға бір шығарды
жеңу, аты шығу 
айрандай ұйып отыру 
тату 
айырмасы жер мен көктей
тым өзгеше 
ақсаусақ жан
жанын қинап жұмыс істемейтін адам 
алақанға салып өсіру
мәпелеп өсіру 
ардақ тұту
құрметтеу, қадірлеу 
артына тұяқ қалдыру
соңында ұрпақ қалдыру 
аспан айналып жерге түседі
тым ыстық 
ат салысу
көмектесу 
аузы сөзден босамау
көп сөйлеу 
аузын ашса көмекейі көрінетін
ақкөңіл 
аузынан суы құру
таңғалу, өте қызығу 
аузынан түсіп қалғандай
дәл/айнымай ұқсаған 
аяқ астынан
кенеттен, ойламаған жерден 
ашуға мінді
ызалану, ашулану 
аяқтан шалу
зиян тигізу 
әңгімесі жараспау
сөздері келіспеу 
бағасы удай
қымбат 
бала сүю
сәбилі/балалы болу 
басы ауырып, балтыры сыздау
ауыру, сырқаттану 
бел буу
бір нәрсені істеуге шындап кірісу 
беті қайту
көңілі қалу/қайту 
бетінен оты шығу
ұялу 
бой түзеу
сәндену 
бөркін аспанға лақтыру
қатты қуану 
бір киер киім
той-думанға киетін киі 
біреудің ала жібін аттамау
адал болу 
дауасы жоқ
емі жоқ 
дауыс көтеру
ұрысу, ашулану 
дәм-тұзы жараспады
тату-тәтті тұра алмады 
дертті болу
ауыру, ауруға шалдығу 
екі көзі төрт болу
күту, алаңдау 
екі ойлы болу
күмәндану 
ел орынға қонғанда
кешкі уақыт 
жаны ашу
аяу, мүсіркеу 
жерге қарату
ұятқа қалдыру 
жұлдызы оңынан туу
жолы болу 
жүрегі су етті
бойын қорқыныш биледі 
зардап шегу
зиян шегу 
зейін қойды/салды
көңіл бөлді 
зердесіне сіңіру
жадына/ойына сақтау 
ит өлген жер
алыс 


112 
көзді ашып-жұмғанша
тез, жылдам 
көзіне ілмеу
елемеу, қарамау 
көйлегі көк, тамағы тоқ
тоқшылық, бәрі жеткілікті 
көк жалқау
жалқаулық 
көне көз
жасы үлкен адам 
көңілі толмау
ойдағыдай болмау 
көңілін жықпау
бетін қайтармау 
күн ұзақ
күні бойы 
кіндік қаны тамған жер
туған жер, өлке 
кірпідей жиырылу
жақтырмау, ұнатпау 
қалталы азамат
ақшалы, дүние-мүлкі көп адам 
қамын ойлау
жағдайын ойлау, қамқор болу 
қара жүректі
мейірімсіз, рақымсыз 
қара шаңырақ
үлкен үй, тәрбие алған, ұшып шыққан ұя 
қараңғы адам
оқымаған адам 
қол қусырып отыру
ештеңе істемей бос отыру 
қол ұшын беру
көмектесу 
қолы ашық
береген адам, жомарт 
қолы қысқа
жоқшылық, жетіспеушілік 
қолы тимеу
бос уақыты болмау 
құлағына шалыну/жету
есту 
құлақ салмау
тыңдамау 
құшақ жая қарсы алу
шын көңілмен қабылдау 
қызметі көтерілу
қызметі өсу 
қыстың көзі қырауда
қатты суық, аяз 
майда-шүйде шаруа
ұсақ-түйек шаруа 
маңдай терін тамшылату
аянбай еңбектену, ерінбей жұмыс істеу 
мезі ету
ығыр болу 
мін іздеу
айыптау, кінәлау, кемшілігін іздеу 
ойына тоқу
есінде қалдыру 
оң мен солын айыру
ержету, есею 
отау тігу
үй болу 
өрісі кең
білімді 
санын соғу
өкіну 
сөзін сөйлеу
жақтасу (біреуге) 
су тегін
арзан 
сүттей ақ, судай таза
адал 
сыйға бөлену
құрметке бөлену 
табан ақы маңдай тер
адал еңбек 
тайға таңба басқандай
өте анық 
талабы таудай
қабілетті, үміті зор 
тасы өрге домалау
жолы болу 
таяқ тастам жер
өте жақын жер 
тәнті болу
риза болу 
тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
тоқ етері, тұжырымы 


113 
түйіні
төрт түлігі сай
бай, ауқатты 
түтін түтету
үйлену, үй болу 
тыным таппау
жұмысбастылық, босамау 
тіл табысу
түсінісу, сөздері жарасу 
тіл үйірді
дәмді 
тірнектеп жүріп табу
аз-аздап жинау/басын құрау 
шаңырақ құру
үйлену 
шаруасы басынан асу
жұмысы тым көп 
шық бермес Шығайбай
өте сараң кісі 
іздегенге сұраған
сәті түсу 
 
 
 
 


114 
ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ҚОСЫМША ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
1.
 
ӘУЛЕТ

АҒАЙЫН ТУЫСҚАН ӘЛЕМІ 
Әкенің орны 
«Әкеміз жақсы тәрбиеші бола білді. Балаларына ерекше көңіл бөлді. 
Қандай киім киеміз, қай мектепке барамыз, бәрін бақылап отыратын. 
Шешеме жазған хаттарынан да осыны аңғаруға болады. 1949 жылы әкем 
бізді Алматыға көшіріп алды. Ол кездері Алматыда екі-ақ қазақ мектебі 
болған. Бірінде ұлдар, екіншісінде қыздар оқитын. Әкем қолымнан жетектеп 
№18 мектепке апарып, директорына тапсырып, менің ана тілімде білім 
алуыма мән берген. Мен үш жыл сол мектепте оқыдым», - дейді Мұрат 
Мұхтарұлы Әуезов. Бозбала Мұрат орта мектепті бітіргенде әкесі оған кеңес 
беріп, бағыт көрсетті. Арманшыл жеткіншек алдымен химик, сосын 
астрофизик болсам деді. Дегенмен ішкі түйсігі арқылы мән беріп қарап, өзіне 
гуманитарлық білім жақын екенін түсінді. Сонда әкесі оған жымиып қарап 
отырды да: «Гуманитарлық білімнің өзі екі түрі болады. Бірі – судың 
жағасында сая жерде жүріп, өзін гуманитармын дейді, ал нағыз гуманитарлар 
теңіздің тереңіне, дауылына шыдайтын болады. Жеңіл алған біліміңмен өз-
өзіңді алдап алысқа бара алмайсың»,- деп кеңес берді. Бұл арманшыл жасқа 
үлкен сабақ болды. Тарихты, әдебиетті, философияны нағыз ірі ғалымдардан 
үйрену керектігін түсінді. 
 
Менің оқуым жақсы болды. Мектептегі көшбасшылық қасиетім 
институтта да жалғасын тапты. Мәскеуге барғанда алдымен вьетнам, корей 
тілін үйренуді бастағанмын. Сосын әкем «араб тілін оқуың керек» деді. Араб 
тілін оқу үшін мектепте ағылшын тілінен сабақ алу керек екен, ал мен неміс 
тілін оқығанмын. Осылайша қытай тілін меңгеруіме тура келді. Әкем тіпті 
осылай болғанының өзіне қуанды. «Қытайда қазақтың тарихына байланысты 
көптеген қолжазба бар, сондықтан сенің бұл тілді меңгергенің халқың үшін 
пайдалы», - деп оң көзқарасын, қолдайтынын білдірді. 
Мен үшін әрине, әкемнің орны бөлек. Мұрат Мұхтарұлы өзінің мақтан 
ететін сапалық қасиеттерін әкесінің тікелей әсерімен байланыстырады. 
«Әкемнің 50 томдық шығармалар жинағын әзірлеу барысында бұрын еш 
жерде жарық көрмеген көптеген жаңа дүниелер тауып алдық. Ол – мұхиттай 
шексіз, барлық уақытын, өмірін қазақтың рухани өмірін көтеруге арнаған 
жан», - деп сағынышпен еске алады ол.
(Мұрат Әуезов https://stan.kz/murat-auezov-mukhtar-auezovtin-uly-eke/) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет