115
таптым,
жар таптым, бала сүйдім. Сондықтан әр күнім қуаныш еді. Қазір
ойлап тұрсам, осы таршылық заманның өзінде демалыстағы адам сияқты
болыппын. Малдың бар бейнеті әкенің мойнында. Үйдің
бар шаруасы
әйелдің қолында. «Адам тозаққа да үйренеді» деген сөз бар қазақта. Яғни,
тағдыр жазса, пенденің көтермейтін бейнеті жоқ. Әкем мен әйелім бәрін
көтерді. Өздері үшін ғана емес, мен үшін, менің жалғыз қызым үшін... Бұл да
істің бір жағы ғана болар. Қазақ шалы мен қазақ әйелі өздерінің мың жылдық
дәстүрінен оза алмаған, ата-бабаларынан
қалыптасқан табиғи мінезін,
адамдық шартын сақтаған. Сондықтан да бейнет астында жүрміз, қиындық
көріп жатырмыз деп ойламаған, қамықпаған.
Әкем малға қарағаннан
жалықпайды, тіршілік тұтқасы деп қана емес, адал серік, тағдырлас жан иесі
ретінде сүйсіне қызықтайды.
Ас-су әрине, Зағираның қолында. Жалаң еттен тағамның неше түрін
жасайды. Таяу төңіректен тезек тереді, теріскен шабады, түйенің жүнінен
алаша тоқиды, тон тігеді, арқан еседі;
бие сауып, қымыз ашытады, баласын
қарайды... – бір сөзбен айтқанда, ертеден кешке дейін жұмыстан бір
босамайды. Шаршадым деп, қажыдым деп қабақ шытқан емес. Мен көргенде
қазақ әйелі сән де қуды, салтанатқа да малынды, той тойлап, ойын-сауық та
құрды.
Заманына, ортасына лайық күн кешетін. Қайткенде де түңлік ашып,
қазан көтеріп, бала күткеннен артық бақыт бар деп білмейтін, жар құшағы,
ошақ басынан бөтен тілегі болмайтын.
Қызметші, күң емес, шаңырақтың
құты, ауылдың ұйтқысы, айтқаны түгел орнына келетін толық әмірші.
Әлемдегі ең озық саналы әйел – сол өткен күндердегі
қазақ әйелі деп
санаймын.
(М.Мағауин «Сары қазақ» романынан үзінді)
Достарыңызбен бөлісу: