Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет101/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

тарихи-өркениеттік сананың»
жағдайларын тұғыр етуде. Осынау 
уақыт өткен сайын тереңдей түсіп жатқан қарым-қатынастар ғаламшарымыздағы 
жекелеген өркениеттер кеңістіктерін қозғалысқа келтіріп, ғаламдық 
интеграциялық үрдістерге жол ашып берді. Бүгінде біздерге арғы бабаларымыз-
түріктердің адамзаттың тарихи-өркениеттік сана мен өркениеттераралық 
қарым-қатынастарды қалыптастырып, әлемдік кең ауқымды интеграцияға бас 
жетелейтін әуелгі жолдың бастауында болғанын мақтан тұтуға болады.
Түркі халықтары Еуразияның байтақ кеңістіктерінде өткен ғасырлардың 
ұзын сонар жолдарында айналысында шағын этностарды өз одақтастарына 
айналдырып, көпұлтты және сан түрлі мәдениетті жүйені құрып, түрлі 
көзқарастар мен сенімдер арасында төзімділік ахуалдарын орнатып, сан 
тілді және түрлі діни сенімдегі қоғамдарды саяси тұрғыдан басқарудың 
институттарын құра білді. Бұл тұрғыдан алғанда, әлемдік өркениеттердің ешбірі 
де түркі өркениетінің әмбебаптығының сапасы жағынан теңдесе алмайды. Тіпті 
ең «Әмбебап өркениеттің» өздерінде 
«бұзуға болмайтын шекаралар мен 
тосқауылдар
» бар болғандықтан, тараптар бір-бірлерін үнемі де қабылдай 
бермейді. Осынау түркі өркениетінің «
шамадан тыс әмбебаптығын
» 
дәлелдейтін үрдістердің басты себебін айқындайтын жәйтті оның барлық 
кезеңдердегі 
«ашықтығы
» мен өзге өркениеттердің ең сапалы қасиеттеріне 
деген табиғи құмарлығынан оларды өз болмысына терең сіңіре білуінен іздеген 
дұрыс. Айтары жоқ, өркениеттер аралық кеңістіктердің қайнаған ортасында, 
Еуразияның нақ жүрегінде орналасқан түркі өркениеті айналасындағы елдерді 
шоғырлаушы міндетін атқарумен болды. Ол мемлекеттік жүйелерді империялық 
деңгейлерге көтеріп, бірегей әлеуметтік, саяси мәдени және әмбебап түрлі 
қоғамдардан құрылған 
«синтез-сала» 
құра алды.
Сонымен, түркі өркениетінің тарихи дамуының заңдылық ерекшелігі әр елдің 
түпқазық сәйкестігін жоғалтуынан тумағандығын айтқымыз келеді. Жекелеген 
түркі халықтарының тарихи-мәдени саралануы үрдістерінде мемлекеттер мен 
олардағы ұлттық мәдениеттердің қалыптасулары осынау заңдылықтардың 
негізінде, яғни, түркі өркениетінің ішкі жаңғыруынан туғаны анық.Түркілер 
өзара жіктелу барысында өздерінің бағзыдағы көне өркениеттерімен терең 
тамырластығын бар болмыстарымен сезініп, осынау бірліктері тұрғысында 


174
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
рухани толғаныстарға берілді. Бір тектілік пен әмбебап қасиеттері мол түркі 
әлемінің кеңеюі оның әлемдік интеграция үрдістерін алға бастырушы күшке ие 
әлеуеттердің құрамдас бір бөлігіне айналуына мүмкіндіктер берді. Сондықтан 
да, бүгіндегі Еуразия кеңістігінде жүріп жатқан ғаламдық интеграциялық 
үрдістердің ең үлкен геосаяси және де геоөркениеттік арнасы бар түркі халықтары 
мен олардың мемлекеттерінің жауапты қатысуларынсыз елестету мүмкін емес. 
Бір сөзбен айтқанда түркі әлеуеттері Еуразияның ғаламшарымыздағы ең үлкен 
геосаяси кеңістік қана емес,сонымен бірге ғаламдасуға қарай беттеген қозғалыс 
атаулының «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет