Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет104/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

Этникалық қайта өрлеу»
болса, өзінің «Ғаламдық қайта 
өрлеу» ішіндегі өмір сүруін танытуда. Бір қызығы, жаһандану проблемларына 
арналған көптеген пікірталастарда ғаламдасып жатқан әлемде ұлттық 
мемлекеттер мен мәдениеттер бірте-бірте жоғалатыны талассыз деген 
алаңдаушылық айтылып тұрады. Алайда, бұлай болуы мүмкін емес және 
ол әлі басталған да жоқ. Шындығында, жаһанданудың түрлі үрдістерінің 
өздері-ақ, бұндай болжамдардың күлін көкке ұшырып, әлем халықтары мен 
мемлекеттеріне жақындаса беру мен интеграцияланудың аса қажеттігін, 
ұлттық мемлекеттердің бәсекеге қабілеттерін барынша арттыра түсу олардың 
халықаралық жүйеде өзіне айырықша қолайлы орынды жеңіп алуына жол 
ашуына мүмкіндіктер жасайтынын дәлелдеуде. Сондықтан бүгінде жаһандану 
үрдістерінде 
«жеңімпаздар
» мен «
жеңіліске ұшырағандар
» деген бір-біріне 
кереғар түсініктер қалыптасуда. Неге десеңіз, жаһандануды табысты қолданып 
жатқан мемлекеттер бар да, керсінше, осынау сұрапылда абдырап, тұралап 
қалған елдер де жетерлік. Жаһандануға қарсы қозғалыстардың өзі де осы екінші 
топ өкілдерінің еншісінде.
Жаһандану мен жаһандануға қарсылық бүгінгі халықаралық өмірдің 
ақиқатына айналды. Сайып келгенде, олардың өзара күрестері халықаралық 
жүйенің икемділігін сақтауда. Ақиқатында ғаламдық интеграциялық үрдістердің 
болмай қоймасын түсінген анағұрлым тәжірибелі де батыл қоғамдар онымен 
күреске әсте өзін дайындамайды. Керісінше, олар өз қуаттарын осы жаһандану 


176
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
үрдістерінің алғы шептерінде болуға шоғырлауда. Мұндай әрекеттердің 
қорлануы ұлттық, болмаса, өңірлік субъектілердің ғаламдық кеңістіктегі өз 
орнын анықтаудағы маңызды шартына айналуда. Сондықтан біздер ғаламдық 
үрдістерге айтарлықтай ықпалын тигізетін өңірлік үрдістердің шешуші 
кезеңдерге таяп қалғанын байқап отырмыз. Бұл үрдістердің болмысы негізінен 
өңірлік интеграцияның іс жүзіндегі күшіне ене бастауын байқатады. Сондықтан 
жекелеген өңірлік мемлекеттер аймақтық интеграциялық байланыстарын саяси, 
экономикалық және мәдени негіздердегі деңгейлерге шығаруда. Әлбетте, 
бұл жеткілікті дәрежедегі табиғи үрдіс. Неге десеңіз, ғаламшарымыздағы кез 
келген өңірдің елдері тарихи өзара байланыстарда өзіндік тәжірибелер мен 
дәстүрлерге ие. Егер өркениеті, тілі, діни сенімі, жерінің аумағы, геосаяси 
мүдделері секілді факторлар кешенін есепке алар болсақ, онда жаһандануды 
өңірлік деңгейден халықаралық сатыларға дейін көтерген осынау үрдістердің 
барша мәнін көрер едік. Ғаламдық саясаттағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет