Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет97/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
Арменияны өзінің әскери базалармен нығайтуы және осылардың барлығына 
қоса айтылатын тағы бір мәселе, қуыршақ мемлекеттермен әскери одақтар 
құру туралы келісімдер жасасуы, «постимперлік мемлекеттің» (310. 17 бет) 
аймақтың дамуына әлі де болса кедергілер келтіру саясатын тоқтатқысы 
келмей отырғанын байқатады. Әзербайжан мен Грузияның күшейе түсуінің 
және олардың өздерінің аймақтық тұтастығын қамтамасыз етулерінің нәтижесі 
кавказдық геосаясаттың жаңа бағыттарын тереңдете түседі. Қолға алына 
бастаған жаңа жобалар аясында Кавказдың осы аталған екі елінің мүдделері 
арасындағы байланыстардың пайда бола бастауы мен халықаралық саясаттың 
прогрессивтік үдемелі міндеттерін бірлесе жүзеге асыруы аймақтағы Ресей 
гегемониясының «күні батқанын» білдіреді. Ал басқыншы Армения үшін бұл 
«бітті» деген сөз. Орталық Азия осыдан жиырма жыл бұрын геосаясаттың 
жаһандық координатында әлемнің қақ ортасындағы қара ойық («
black hole
») 
секілді көрінетін. Дегенмен, тәуелсіз мемлекеттер құрудың күрделі мәселелерін 
біртіндеп шеше келе, олар тіпті этникалық даудың шиеленісін шешудің кілтін 
де тапты. Саяси және экономикалық тұрғыдағы көзқарас бойынша Орталық 
Азия республикаларының күшейе түсуі, әрқайсысының өз тәуелсіздігінің 
тарихи сындарлы кезеңінен сүрінбей өткендігін және батыл түрде алға қарай 
дами беруге қабілетті екендіктерін көрсетті. Дәстүрлі қоғамдарға тән саналатын 
бірқатар белгілерге ие бұл елдер дәл қазіргі сәтте ұлттық бостандық базасында 
жаңғырудың табиғи үдерісінен өту үстінде.
Халықтың ұлттық бірлігі мен мемлекеттің саяси-экономикалық тәуелсізді- 
гінің кепілдігін толығымен қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықтағы 
өзінің лайықты орнын алу үшін аймақтық және жаһандық тиімді жобаларға 
қатысуға деген ұмтылыс ел басшыларының бүгінгі күндегі ең басты міндеті 
мен мақсатына айналып отыр. Жалпы жер көлемі 4 млн шаршы метр аумақты, 
ал халқы 65 млн адамды құрайтын Орталық Азия аймағының негізгі геосаяси 
мақсаты, өңірдің ортақ бөлігінде тұрып жатқан елдердің әрқайсысына тиімді 
негізде 
аймақішілік және оның маңындағы елдермен саяси-экономикалық 
қатынастар 
орнату болды. Осындағы елдердің әрқайсысының өзіндік 
аймақтық ерекшеліктерінің болуымен қатар, олардың бір-біріне қатысты 
қалыптасқан әлеуметтік-мәдениеттанымдық таңдаулары, сондай-ақ өндіріс 
және шаруашылық жүргізу тәжірибелері де бар. Этносаяси жүйеден ұлттық 
мемлекеттік құрылымға ауысу үдерісі кезінде байқалып қалатын қайшылықтар 
кей жағдайда этникалық жанжалдың туындауына себеп болады. Алайда, 
осының барлығына қарамастан, жас та болса Орталық Азияның көне тарихын 
жетік меңгерген республикалардың өз тәуелсіздіктерін «көздің қарашығындай» 
етіп қорғай да оны жан-жақты дамыта да алатындықтарына ешқандай күмән 
болмаса керек. Сондай-ақ, аймақ ішіндегі және оның маңындағы әлеуметтік-
экономикалық қатынастарды жоғары деңгейге көтере алу, Орталық Азияның 
геосаяси қауіпсіздігінің негізі болып табылатыны ақиқат. Бүгінгідей геосаяси 


167
Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»
ахуалда Орталық Азияның – Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және 
Қырғызстан секілді төрт мемлекеті, сондай-ақ Тәжікстан аймақтың тұрақтылығы 
мен дамуының негізгі жауапкершілігін өз міндетіне алып, өз әлеуеттерін осы 
бағытқа жұмылдыруға тырысуда. Олардың барлығы да басым бағыттарды 
жаһандық күштерге 
қарсы тұруға
емес, керісінше 
ынтымақтастыққа 
айналдырғылары келеді.
Орталық Азияның геосаяси шекарасының бойына орналасқан Ресей, Қытай, 
Иран және Пәкстан осы аймақта ықпалының арту мүмкіндігіне қол жеткізгілері 
келеді (218. 211 бет). Аймақтағы ықпалы Кавказбен салыстырғанда күштілеу 
Ресей өзінің осындағы үстемдік менмендігін өзгелерден артығырақ деңгейде 
көрсетуге тырысады. Ресей Орталық Азияны ТМД-ны «Еуразиялық одаққа» 
өзгертудің полигондық лабораториясы ретінде қарайды. Ал Америка Құрама 
Штаттары болса Орталық Азияны Ресейдің ықпалынан шығарып алып, оны 
жаһандық жобалардың аренасына айналдырғылары, осы аймақты өздерінің 
«ықпал жүргізу ландшафты» ретінде көруге ниетті. АҚШ-тың НАТО-мен 
бірлесе жүзеге асырып келе жатқан «террорға қарсы күрес» операциясы 
көршілес қоныстанған елдердің барлығының да тынышын кетіріп, олардың 
мазасын алып отыр. Батыстық Альянстың «Халықаралық Қауіпсіздіктің 
Көмек Күші» Еуразияның аталған драмалық аймағында толық табысқа қол 
жеткізе алмағанын тілейді, сондай-ақ операциялар жүргізу үшін жұмсалған 
миллиардтаған шығындарға қарамастан, аймақтағы этникалық, діни және 
саяси жанжалдарды бейтараптандыруға және оны басқаруға үлкен құлшыныс 
танытып отыр. Еуразияның «өзегіне» мықтап бекітіп қою үшін олар АҚШ-тың 
Тынық мұхиты командованиесіндегі қарулы күштерінің бір бөлігін ортаазиялық 
командованиенің құрамына әкеліп қосып қойды (298. 57 бет). Ресейліктер құрып 
отырған «Еуразиялық Одақ» атты торға түсіп қалмау Орталық Азия елдері 
үшін қаншалықты маңызды болса, Батыстық альянстың «Террормен күресу» 
алаңына айналып кетуінен аман қалу да соншалықты қымбат. Ауғанстан, 
Иран және Пәкстан жақтардан келе жатқан «Исламдық фундаментализмнің» 
толқыны Орталық Азия елдеріне айтарлықтай қауіп-қатерлер туғызады. 
Радикалды исламистер (мәселен, «Хазб-ут-тахрир» исламдық партиясы), 
аймақтарда «Талибан» секілді топтық қозғалыстар құрып, дәстүрлі исламдық 
қауымдастықтан қолдау табуға тырысады (210. 40 бет). Өзінің экономикалық 
әлеуеті бойынша әлем елдері арасында екінші және үшінші саналатын, сондай-
ақ Ресей, АҚШ және басқа да осыған мүдделі күштер арасындағы бәсекеде 
Еуразияның жаһандық геосаясаты теңгерімінің маңызды геосаяси құраушына 
айналған Қытай мен Жапония, бейтарап саясатты ұстана отырып, Орталық 
Азияның табиғи ресурстарын пайдалануға ынта танытады және осы аймақтағы 
өндірістік және тұтыну рыноктарының жандана түсуін жүзеге асырады. Әрине, 
халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың осы айтылған нұсқасы Орта- 
лық Азияның ішкі мүддесін мейлінше қанағаттандыруға жақын. Табиғи 


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет