Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет98/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
ресурстарды батыс бағытында Баку-Тбилиси-Джейхан тасымал құбыры арқылы, 
шығыс бағытында Қытай арқылы Атлантикалық мұхитына шығу, оңтүстік 
бағытында – Ауғанстан, Пәкстан және Үндістан арқылы Үнді мұхитының 
экономикалық аймағына шығу, Орталық Азияның экономикасын әлемдік 
экономикамен байланыстыру үдерісінде мүлде жаңа кезеңнің басталуына жол 
ашуы мүмкін.
«Орталық Азия және Кавказ: Жиырма бірінші ғасырдың Еуразиялық 
түйісі» фундаменталдық зерттеулер мен статистикалық мәліметтер жинағына 
жүргізілген талдау аталған аймақтарды жоғары деңгейде дамыту үшін нақты 
мүмкіндіктердің шексіз екендігін көрсетеді (217). Экономикалық және саяси 
келешекті дұрыс та сауатты айқындай білу нәтижесінде айтылып отырған 
мол мүмкіндіктерді жүзеге асырудың кепілдендірілген жолы ашылады. Осы 
мақсаттарға жетуге байланысты, Орталық Азия республикалары Еуразияның 
алып кеңістігінде ынтымақтастық орнату үдерісінің белсенді мүшелеріне 
айнала бастады.
Еуразиялық геосаясатты дамытудың осы жердегі барлық қисыны 
құрлықтық түркілік геосаясатты сәйкестендіру үдерісі мен оны ұйым- 
дастыру жүйесіне тікелей байланысты. 
Бұл екіжақты геосаяси кеңістік, 
осында орналасқан жеті республиканың ішіндегі бесеуі – түркілік болғандықтан 
да, олар Кеңес Одағы құлаған күннен кейінгі өздерінің қайта қалыптаса 
бастауы жолында осы қисынды жүзеге асыру бағытын ұстана дамып келеді. 
Түркиядан бастап Қазақстанға дейінгі барлық түркілік қауымдастық, қандай 
болмасын халықаралық ұйымдардың «бастарына май жағып қойса да» бәрібір, 
түркі мемлекеттерінің достастығы 
аталатын маңызды ұғымның бәрінен де 
жақын екендігін олар жақсы сезінді. Еуразияның геосаяси мәселелеріне, оның 
ішінде ұйымдар құру және олардың келешегіне агностикалық қадамдар жасау 
жөніндегі бастамашылықтардың бағаланғанына арналған зерттеулер жоқтың 
қасы.
Ал, Үндістанның көрнекті ғалымы Анита Сенгуптаның «Еуразияның 
үш жері: саяси кеңістіктің геосаясаты» деп аталатын шығармасы осындай 
фундаменталдық зерттеулердің бірі саналады. Автор өзінің осы еңбегінде 
дамудың «метатарихи» және «метагеографиялық» заңдылықтарында «түркілік 
буынның» артықшылыққа ие екендігін және бұдан кейінгі үдерістердің түркілік 
геосаяси жүйелердің күшеюіне алып келетіндігін растайды. Көрнекті ғалым: 
«Қазіргі заманғы түркі халықтары өркениетінің бірлескен мұрасы» олардың 
арасында маңызды рөл атқаратыны соншалық, аталған фактор осы қоғамның 
таңдаулы тобының интеллектуалдық идеясының ұлттық негізін қалыптастырады 
және түркі халықтарын шоғырландырудың да нақ осы өркениеті негізінде 
саналы түрде қабылданатынын көрсетеді (298.75-96, 108-109, 129-141 беттер). 
«Дүниежүзілік арал: еуразиялық геосаясат және Батыстың тағдыры» 
кітабының авторы Александрос Петерсен өз зерттеулерінің түбегейлі нәтижесі 
ретінде, ғұндар дәуірінен бері Еуразиянің ішкі жеріне иелік етіп келе жатқан 


169
Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»
түркі халықтары аталған аймақтың дамуына негізгі жауапкершілікті өз 
міндеттеріне алуға қабілетті деген қорытындыға келеді. Теоретик ұсынып 
отырған Батыс пен Еуразияның мүдделерін байланыстырушы «Еуразия үшін 
ХХІ ғасырдың геосаяси стратегиясы» атты мәнмәтіннің бойынан «түркілік 
тұғырнама» да айқын көрініс береді. Бұл ұғымдағы – «Еуразияның қақпасын 
Азияға ашушы» аталатын Әзербайжан көзқарасын қалыптастырушы топтама 
өте жоғары бағалауға ие болады (290.146-160 беттер). Тап қазіргі уақытта «Wall 
Street Journal» атты халықаралық деңгейдегі журналдың ақпараттық бюросының 
жетекшісі Хью Поуп, өзінің ұзақ жылдар бойғы жұмысында әлемдегі жиырма 
елдің ойлау дәстүрін егжей-тегжейлі зерттеп, сондай-ақ Кавказ бен Орталық 
Азия (оның ішінде Әзербайжан мен Нахчыван анклавы да бар) мемлекеттерін де 
толық аралап шыққан соң мынадай: «Жаулап алушылардың ұрпақтары: Түркі 
әлемінің жаңа күншығысы» атты құнды зерттеулер жазды. Осы зерттеулерінің 
негізгі қырларын аша отырып, ол түркі елдері туралы: «Менің кітабымда 
келтірілетін басты дәлелдер, олардың бұдан кейінгі уақыттарда Еуропа мен 
Орталық Шығыстың «шетке қақпайлайтын» қуыршақ ойыншылары болып 
қала алмайтындығы немесе АҚШ пен ЕО-ның алыс одақтасы болу рөлін 
таңдайтындығында болып отыр. Өйткені, олар жоғарғы құндылықты құптайтын, 
бір-біріне көп векторлықпен байланған, өз құқықтарын жақсы білетін халықтар, 
сондай-ақ күн өткен сайын гүлдене түсіп және ілгері қарай қарышты қадаммен 
дамып келе жатқан мемлекеттер» деп жазады (292. 18-19 беттер).
Өзіміз көріп отырғанымыздай
құрлықтың өзегі саналатын түркі әлемі, 
шын мәнінде, Еуразияны дамытудың ішкі ынтасын қалыпты қозғалысқа 
келтіре алатын қабілетті күш болып табылады. Еуразияның «үш жеріндегі» 
(Маккиндер) түркі мемлекеттері құрған геосаяси жүйелерді нығайту, аймақтағы 
басқа да елдердің де (тіпті Ресейдің де) мүдделерін қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет