21
біле отырып, басты ақиқатты өз мағынасында түсіне білулері қажет. Ол
мынау, ғасырлар тереңіндегі жазылған және жазылмаған да тарихта олар ұлы
мемлекет пен империя құра алды және осы мемлекет пен империя аясында
түрлі конфигурациялар бас қосып бірікті және,
өкінішке қарай, ыдырап та
кетті. Ендігі мақсат, бүгінгі күнгі тәуелсіз мемлекеттерді ең жоғарғы деңгейдегі
бірлік жағдайына жеткізу қажет. Түркі мемлекеттерінің өткен тарихы мен
қазіргі заманғы келбеті, олардың материалдық-экономикалық және өнегелілік-
санаткерлік ресурстарға негізделген үлкен әлеуеті, бүгінгі түркілерді –
Еуразияның саяси мазмұнын өзгертуге ықпалы күшті деп айтуға толық негіз
бар, бұл барып тұрған нақты шындық!
Халықаралық саясаттың өзгеруін қамтамасыз етуге қабілетті жалпытүркілік
бірлік жобасы бүгінгі әлемге өте қажет және пайдалы да. Өйткені ол өзінің
осы тұғырнамасында тұрып, саясатты ізгілендіру және демократияландыруды
дұрыс жолға бағыттау мүмкіндігіне ие болуымен пайдалы.
Түркілердің мәдени
саясатына
тән барлық құндылықтар (әділдік, теңдік, ізгілік, саяси өнегелілік,
жалпыадамгершілік,
ұлттық қағидаларды қастерлеу, ұлт пен мемлекетке
адалдық, халықтардың құлдықта болу секілді, бөгденің әрекетіне тәуелді жат
көріністерге қатал көзқарас) аталған мүмкіндіктерді жүзеге асырудың жолын
ашатын бірден-бір құрал.
Халықаралық саясаттың «тізгінін» бірқатар алып мемлекеттердің уысынан
шығармай ұстап отырғаны бүгінгі таңда ешкімге де жасырын емес. Олар түрлі
сылтаулармен, кейде тіпті «демократия» атауын жамыла отырып, халықаралық
кеңістіктегі ұлттық мемлекеттердің бет-бейнесін өзгертуге тырысып бағады.
Мұндай пасық әрекеттер халықаралық құқықтарға қайшы келіп жатса да,
олар мұндай әрекетті «дұрыс» санап, осылай жасауға өздерін өкілетті сезінеді.
Егер де, кімде-кім осындай «ережемен» келіспесе,
онда олар жазаланады,
олардың мемлекеттік жерлері жанжалдың ошағына айналады, аумақтардағы
мұндай соғыс ошақтары өзге де елдердің мысын басуға арналған көрнекі
құрал ретінде пайдаланылады. Демократия мен
империализмнің бір қазанға
сыйыспайтынына, сондықтан да осы бағыттағы бітіспес қайшылықтарға қарсы
бас қоса бірігудің қажет екендігіне бүгінгі қоғамның көзі әбден жетіп отыр.
Ешқашанда сарқылмайтын халықаралық пассионарлық дереккөздердің бірі
түркі әлемі болып табылады, сондықтан да оның әділдік пен демократияны
қорғау жөніндегі құқығын алып мемлекеттердің өздері де толық мойындауға
ықыласты. Бүгінгі жаhандық саясаттың күн
тәртібіне қазіргі заманғы
халықаралық жүйені демократияландырудың мүлдем басқа жобаларын енгізу
дегеніңіз, түркі мемлекеттері бас болған әлемдік мемлекеттердің бүгінгі
ұрпақтары үшін баламалы саяси парадигманың қарызына айналып кетеді.
Бірліктің айқындамасының күшейе түсуіне қарай, олар бүкіл әлемді, оның ішінде
ғаламшардың жүрегі саналатын Еуразияны алып мемлекеттердің доминанттық
қысымында қалып қоюына еш жол бермейді. Аталған алып мемлекеттер
22
өздерін «делдал» ретінде сезініп, жердің үсті мен астындағы байлықтардың
иесі санамаулары үшін, сондай-ақ аймақтық мемлекеттердің
өздерінің саяси
жігері мен іс-әрекеттері жоқтай оларға шошайтып көрсететін сілтеме таяқша
рөлін атқарып, айтылып отырған мемлекеттерді алға жетелеуші ретінде
тәкаппарлықпен шешімдер жасамауы үшін нақты саяси шаралар қабылдайтын
болады. Алып мемлекеттердің ғаламдық саясатқа деген көзқарасы мен олардың
жаhандық саяси кеңістіктегі өзін-өзі ұстаулары, бүгінде әбден ескірген және
саяси аренадан келмеске кетіп бара жатқан «Бөліп ал да билей бер» қағидатына
негізделген. Ұлы түркі империясы тарихындағы күш
пен қуатқа негізделген
«бірлік» тәжірибесін түркілер қазіргі алып мемлекеттерден көп уақыт бұрын
түсіне де игере де білген. Мұның барлығы да ескірген әлемнің ережелері
болып саналады. Қазіргі заманда
Достарыңызбен бөлісу: