Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет111/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
өңірлік төңкеріс жасауға бет алғызғанын мойындайды. 2007 жылы Еуроодақ 
кеңейе бастағанда, яғни Түркияның ЕО-ға мүшелігі ақиқатқа айналмай қалғанда, 
Түркияның өз реакциясы әлі күшті еді. Американың Герман Маршалл қоры 
жүргізген әлеуметтік талдау 2004 жылға қарағанда 2007 жылы Еуроодақты 
жақтаушылар саны Түркияда анағұрлым азайып кеткенін көрсеткен. Сайып 
келгенде бұл Түркияның Еуроодаққа деген сенімнің аздығын айғақтаумен қатар 
осынау елдің өз болашағына деген сенімінің мықтылығын дәлелдейді. Түркі 
мемлекеттері Одағына ерекше рухтағы пікірталасын арнаған Назми Чора да 
Еуроодақ тарапынан Түркияға қосарланған саясат ұстануының салдары аталған 
елдің ЕО-ға мүшеліктен бас тартуына себеп болғанын атап өткеніміз жөн. 
Еуроодақ Түркиямен ықпалдастықпен қатар оның ұлттық бірлігіне қатер 
төндіретін талаптар да қоюда. Сайып келгенде, ол талаптар Түркияның сыртқы 
және ішкі саясатын шектеп, түбінде «Еуроодақтың босағасында тұрғаннан 
гөрі Түркия біздермен ынтымақтастықтың баламалы түрін табуы керек. Ондай 
қадамдардың тағанына толық мүшелік құқықтың күн тәртібінен шығып
кедендік Одақтың Түркиямен қарым-қатынастарын шектеу және өмір сүру 
стратегиясына қарай икемлеуі керек. Мұнымен қатар Түркия барша әлеммен 
бірігіп, ғаламдық экономиканың идеясын алға жылжытуға көмектесуі қажет. 
Сөйтіп, заманауи әлеммен қатар жүрудің мүмкіндіктерін табуы керек» 
қағидатын ЕО басты міндет етіп қоюда (101.216 б). Ақиқат мынада жатыр: 
егер Түркия соңғы онжылдықтарда Еуроодақта болғанда, онда халықаралық 
деңгейлерде бүгінгідей тәуелсіз саясатын жүргізе алмаған болар еді. Осы 
жылдар ішінде Түркия Еуроодаққа мүше елдерге қарғанда, бұл бағыттарда 
айтқарлықтай табыстарға жетті. Осы кездерде Түркия өзінің өткен саясаты мен 
келешектегі жасайтын қадамдарын айқын көріп отыр.Түркия тәуелсіз саясат 
жүргізуді одан әрі де жалғастыра беру саясатын ұстанып отырған қадамдарына 
үйрене алмай келе жатқан АҚШ пен Еуроодақ бұл елдің үлкен әлеуеттерін анық 
байқауда (120.21 б). Осынау мүмкіндіктерді іске асыра берудің ең әлеуетті тұсы 
Түркияның Еуразиялық саясаты екені анық. Түркияның түркі мемлекеттерімен 
ынтымақтасуды ұйымдастыруға қатысты нақты қадамдары ЕО-ны алаңдатпай 
қоймайтыны рас. Айтары жоқ, бұл істегі Түркияның батыс қанатында аса 
күшті Еуроодақ орналасқан. Ал Шығыс жағында түркі әлемі кеңістігін бірі-
біріне тарту мен қосуға керекті бүкіл әлеуеттер шоғырланған. Рухани әлем мен 
ақыл-ойдың, тарихтың да кіндігі осы жер – теңдесі жоқ түркі әлемі өркениеті 
Отанының баршамыз мыңдаған жылдар басымыздан кешкен ұлы тағдырының 
шешілуі керек мұраттарының мекені. Бұл жерлер түркілер үшін тек қана ұлы 
дала емес, бүкіл түркі мәдіниетімен өркениетінің де Отаны саналады. Қазіргі 
уақыттың өзі де оны далалардағы түркі өркениетінің Моңғолиядан Балқанға 
дейінгі құлашын жайып жатқан түркі өркениетінің өзінің алты туелсіз елден 
тұратын Түркі Мемлекеттерінің Ұлы Одағын құруын талап етуде. Неге десеңіз, 
еуропалық өркениет өз тарихындағы ең қасіретті кезеңнен соң екінші әлемдік 


189
Еуропа мен түркілер
соғыстан кейін оның қирандыларынан шығып, Кеңестер Одағы мен АҚШ өз 
дамуының шырқау шегіне жеткенде шаңырақ көтеріп, мақсаттарына жете алды. 
Біз де өз мұраттарымызға қол арта аламыз.
Бұл тұстарда бір еске аларлығы: еуропалықтардың Еуроодақты құрудағы 
кезеңдердің бірде-бір шешуші уақыттарын жадыларынан тастамайтыны. 
Еуродақтың жетекші елдері - Германия мен Францияның көшбасшылары Ангела 
Меркель мен Француа Олландтың «Әлем сөзі» деген атаумен өткен одақтың 
50 жылдық мерекесіне арналған салтанатта 1962 жылы Франция президенті 
Шарл де Голльдің сөйлеген мына сөздерін еске алысты: «Біздер баршамыз 
үлкен халықтың үлкен қателіктер жіберген елінің перзенттеріміз» деп неміс 
тілінде айтқан ойларын еске түсірулері де тегін емес. Мінеки, осы мойындаудан 
кейін миллиондаған адамдарын жоғалтқан, әсіресе, бұл тұста көп қасіреттер 
көрген Германия мен Франция бірте-бірте жақындаса бастаған еді. Мерекелік 
аталған шарада әсіресе,Француа Олланд «Біздер – Еуропаның жүрегіміз» деп, 
Еуроодақтағы Франция мен Германияның ерекше жауапкершіліктерін атап 
өткен. Екі ел басшыларының да ішкі еуропалық бірлікті қорғаудағы және 
дағдарысты кезеңдерді жою және болашақ бірегей Еуропаға деген сенімді 
тереңдете түсу мақсаттарындағы шақырулары Ангела Меркельдің «Біздер 
өз бақыттарымыз үшін ынтымақтасқан еуропалықтармыз» деген жолдауы-
парадигмасында негізгі ойдың өзегі ретінде тартылған (259 б). 
Еуропалықтардың осыдан жарты ғасыр бұрынғы ұқсас тарихи тағдырлары 
түркілерге де келді. Бүгінде олар үшін де одақ құру жөніндегі сананың орнығуы 
стратегиялық көрегендікке, батыл шешімге келуге, ұлы мақсаттар жолындағы 
ынтымаққа ұмтылуға әкелді. Егер, олар бүгінде «біздер еуропалықтармыз» 
деп өздері жайында ерекше мақтанышпен айтатын болса, осындай қисынмен 
біздер де «біздер түркілерміз» деуге тиіспіз. Өз арманына Түркі Мемлекеттері 
Одағын құру идеясын тудырған біздер де ғаламдық өркениет мәртебесінде 
түркі әлемінің тұғырға қонуының айдай ақиқат екеніне сенеміз.


190


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет