Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет114/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
қозғалысты прогрессшіл саясаткер, революционер-демократ Шейх Мухаммед 
Хиябани алдымен идеологиялық майданда бастап, өзінің бостандық пен 
тәуелсіздік жайындағы идеяларын халық зердесіне кеңінен терең ұялатып, 
елдің зор құрметіне бөленді. Оның Әзербайжан Демократиялық партиясы 
Иран Әзербайжанындағы тұңғыш партия болды. Ол 1917 жылы ашық майданға 
шықты. Хиябани де Саттархан секілді Иранның, Ресейдің және Англия мен 
Германияның биліктерін құлатуға мақсат ұстанды. 1920 жылы Тебризде 
Әзербайжан Демократиялық партиясы халық арасында аса үлкен ықпалға ие 
болған митинг өткізді. 
Сол жылдың 22 маусымында Әзербайжан Демократиялық Партиясы Ұлттық 
Үкімет құру туралы шешім қабылдады. Десек те, әлемдік империализмнің 
бірлескен саясаты тағы да Иранды құтқарып қалды. Демократиялық өзгерістерге 
жаны қас парсы-иран режимі Хиябани қозғалысын аса қаталдықпен басып 
тастады. 
«Бөліп ал да, билей бер» ұстанымын мақсат еткен империялық пиғыл 
Әзербайжанда әзерилер мен армяндар арасына от салып, кескілескен жанжал 
тудырып, 1905 жылы армян-орыстардың әзерилерге жасаған бірлескен 
кескілеуіне қарсылық ретінде Әзербайжанда тұңғыш рет ұлттық-саяси 
бағдардағы Дифаи партиясын құруға алып келді. Ұлттық тәуелсіздікке ұмтыл- 
ған халықтар үшін Ресейдегі революция толқынында Ресей империясынан 
бөлініп кетудің мүмкіндіктері пайда болды. Бұл мүмкіндікті солтүстік 
әзербайжанның перзенттері лайықты пайдаланып, ол жерде Әзербайжан 
Демократиялық Республикасы құрылды. Бұл республиканың қандай ауыр 
заманда өмір сүргенін елесетету қиын емес еді. Өйткені, бірінші дүниежүзілік 
соғыс аяқталар кезінде Таяу Шығыста аса ірі әсери күші бар Англия Кеңестік 
Ресейге әскери интервенция жасағандықтан, Баку одан бөліп алуға күш салды 
және Бакуге Германияны жақындатпауға әрекеттенді. 
Баку мұнайын басып алуға тырысқан империалистік күштер Әзербайжанда 
тек өздерінің ғана мақсаттарына қызметтер жасайтын қуыршақ билік құруға 
тырысты. Бірақ, Бакуге Нұры паша басқарған Осман Түркиясының әскері 
кірісімен жергілікті ұлт – Әзербайжандарға қарсы қанды қырғын жасау 
тоқтатылып, Әзербайжан Демократиялық Республикасын орнатуға жол 
ашылды. Бірақ дашнактік Арменияның Әзербайжан жерінің біртұтастығына 
қарсы жасаған дұшпандық әрекеттері бұл жердегі тұрақтылықты орнатуға 
кедергі келтіре берді және дұшпандарға қарсы күресетін жасақтар жинауға 
мүмкіндік бермеді. Осыны пайдаланған Қызыл Армия Әзербайжанды басып 
алды. Қарап отырсаңыз, Иран мен Әзербайжандағы ұлт-азаттық қозғалыстарын 
басудың еш айырмашылығы болмаған және екі елде де бір сценарий бойынша 
жүргізілген екен. Солтүстік Әзербайжан одақтас республика ретінде өзге де 
республикалар секілді КСРО-ның құрамына енді. Бұл формальды болғанымен, 
ұлттық тілді, білім мен мәдениетті дамытуға жол ашылды. Ал монархиялық 


195
Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...
Иранда осы мүмкіндіктердің өзі болмаған еді. Монархиялық Иранда парсы 
режимі күні бүгінге дейін оңтүстіктегі әзерилерге туған тілдерінде оқытатын 
бірде-бір мектеп ашқан жоқ. Солтүстік Әзербайжанның – КСРО-да, Оңтүстіктің 
– Иранда қысымға ұшырағанына қармастан, таразының екі жағында тұратын 
әзерилер әлі де бір-біріне ұмтылумен, қосылуға ынталанып келеді. Кеңес 
Одағының Иранға қатысты саясатында оңтүстік Әзербайжанды кеңестендіру 
белсенді түрде өрістеді. Оңтүстік Әзербайжанның әр уақытта да Ираннан 
бөлініп, тәуелсіздік алып, солтүстікке қосылуды армандаған демократтары 
жаңа тарихи ахуалды пайлануға күш салды. 
Олар Саттархан мен шейх Мұхаммед Хиябанидің дәстүрлеріне беріктік 
танытып, Тудэ партиясын, одан соң Әзербайжан Халықтық Партиясын 
құрды. Осының нәтижесінде КСРО-ның қолдауына ие болған ұлттық-
демократиялық күштер осыдан кейінгі революциялық қозғалыстарға қатысты. 
Иран Әзербайжанының астанасы – Тебризде Сейид Джафар Пишеваридің 
жетекшілігімен Әзербайжан Ұлттық Үкіметі құрылды (1945-1956 ж.ж.). Бұдан 
соң Әзербайжан Ұлттық Үкіметі мектептерде ұлттық тілде сабақтар беру 
туралы жариялап, Иран Мәжілісіне, АҚШ-қа, Ұлыбритания мен Францияға, 
Қытайға мәлімдеме жасады (302.с.140-144). 
Сөйтіп, Әзербайжан Ұлттық Үкіметі мектептерде сабақтардың ұлттық 
тілде жүрулеріне мүмкіндіктер ашты. Жұмысшылар үшін еңбек жөнінде заң 
қабылданды. Әйелдерге ерлермен теңесетін құқықтар берілді. Жер реформасы 
жүргізілді. Елді көріктендіру мен сәулеттендірудің бұрын-соңды болмаған 
жұмыстары жүре бастады. Оңтүстік Әзербайжандағы бұл демократиялық 
реформаларды дұшпандардың өздері де мойындады. Ол жылдары Батыстың 
реакцияшыл баспасөздері Пишеваридің жетекшілігімен Ұлттық Үкіметтің 
жарты ғасырлық жұмыстарды жыл ішінде ғана орындағанын жазып жатты.
Дегенмен, Оңтүстік Әзербайжандағы осынау демократиялық реформалар 
тек Иран реакционерлерін ғана емес, Иран байлықтарын пайдаланып отырған 
Ұлыбритания мен АҚШ-ты да шошытып, олар өзара бірігіп, Әзербайжан 
Ұлттық Үкіметін қанға бөктірді. Сөйтіп, бұл елдегі 15 мың әзери Кеңестік 
Әзербайжанға қашуға мәжбүр болысты. Оңтүстік Әзербайжанның ұлт-азаттық 
қозғалысын қатаң жазалау АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің және шығыстық 
Ислам елдерінің, әсіресе Иранның империалистік саясаттарының салдарынан 
туды. Олар Батыстық және мұнайлы Иранды бөлуге еш уақытта да жол бермес 
еді. Олар Оңтүстік Әзербайжанда автономды мемлекет құрудың аяғы Кеңестік 
Әзербайжанмен табиғи түрде қосылуға әкелетінін білді. Алғашқыда Кеңестер 
Одағы мен оның лидері Сталин 1945-1946 жылдарда Әзербайжандағы ұлт-
азаттық қозғалысын қорғады да, артынан бұл саясатын өзгертті. Кеңестер Одағы 
екінші Дүниежүзілік соғыстағы негізгі одақтастары – АҚШ пен Англияның 
дегеніне көнді. Тегеран режимі қарсы болса да, Кеңестер Одағы Иран мен 
Әзербайжанды емес, Шығыс Еуропаны таңдады (230.188б). 


196


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет