215
Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы
ынтымақтастықты тереңдете түсудегі қызметтері еңбектерінің арқасында екі
елдің ынтымақтастығы ерекше күшейіп, ол халықаралық қатынастарда өзгелерге
өнеге бола алады. Екі ел де осынау саясатқа адал болуда. Біздер Әзербайжанның
жаңа басшылығы қай бағыттарда болмасын Гейдар Алиевтің салып берген
жолымен келе жатырмыз. Түрік-әзербайжан қатынастарына қатысты дамытуға
бағытталған істерде де сол саясатқа адалмыз» – деп атап көрсетті /36.295-297б/.
Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев Американың түркі
Ассоциациясының ХІV сьезіне жолдаған «ХХ1 ғасырдағы түрік-әзербайжан
байланыстары» атты хатында және өзге де шараларда Ататүріктің ұлы саяси
көрегендігін жоғары бағалап, ғаламшарымыздағы
дамудың келешегіндегі
түркі әлемінің алар орнының шарттары мен жағдайлары, ортақ құндылықтар
мен үлгілі мәдениет, белсенді саяси стратегия сөз етілді. Илхам Әлиев түркі
әлемінің бірлігі идеясын жүзеге асыру үшін оны бірегей және бөлінбес ақиқи
күшке айналдыру керектігін атап өтті.
Барлық салалардағы түрік-әзербайжан қарым-қатнастарының дами беруі
маңызды әрі шешуші бола береді. Мұстафа Кемел Ататүрік тек Түркияны
ғана ойлап қойған жоқ, ол барша түркі әлемінің қамын жеді. Оның ішінде
Әзербайжанда болып жатқан оқиғалар қай кездерде оны толғандыратын.
Оның елімізбен барша бауырлас әзербайжандарға
деген махаббаты мен
құрметі ерекше еді. Елдеріміздің арасында табысты ықпалдастықтар, барлық
салалардағы қарым-қатынастар бар. Біздің саяси, экономикалық, әскери және
мәдени байланыстарымыз дами түсуде. Бұл бізді қуантады. Бүгінде Түркия
мен Әзербайжан әлемдегі ең үлкен Баку-Тбилиси-Джейхан жобасын жүзеге
асыруда. Бұл жоба біздерді бұрынғыдан да жақындата түсуде. Жоба өңірлік
ынтымақтастыққа тамаша мүмкіндіктер ашатын болады.
Жалпы алғанда, болашақта да өңірдегі барша үрдістерге оң ықпалын тигізеді.
Біздің күшіміз – бірлікте. Тәуелсіздік алғаннан кейін Әзербайжан Түркияның
қолдауын үнемі сезіне бастады. Бұл тұрғыда біздер жалпыұлттық көшбасшымыз
Гейдар Әлиевтің «біздер бір ұлт, екі мемлекетпіз» деген сөздерін әрқашанда
жадымызда ұстаймыз. Көшбасшымыз: «Түркия қайда болса, Әзербайжан да
сонда болуы керек. Алда да осылай боларына сенемін» деген болатын. /36.т.3.396-
297б/. Бұның дәлелі үшін Әзербайжан мен Түркияның екі елдің одақтастығын
түркі мемлекеттері үшін және өңірдегі елдерге ынтымақтастық үшін де өнегеге
айналдыру жолындағы жасап жатқан жемісті қызметтерін айтсақ та жеткілікті.
Осының баршасынан көшбасшымыздың
жоғарыдағы ойларының айқын
келешекке арналып, түркі әлемінің бірігуі үрдістеріне идеялық демеу болып
отырғанын аңғарамыз. Биік деңгейдегі Әзербайжан-Түркия ықпалдастығы
Кеңесінің шеңберінде өткізіліп жатқан шаралар мен жұмыстар тарихи маңызға
ие және екі туысқан елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, тарихи
маңызын арттыра түсуде. Аталған кеңестің бірінші отырысы Түркияда өтсе,
екіншісі 2012 жылы Әзербайжанда болды. Соңғы шаралар мен одан кейінгілері