Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет129/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
Бұл шешімнің елдер арасындағы ықпалдастыққа, әсіресе түркі тілдес 
елдердің ықпалдастығы жөніндегі кеңесті құрудағы жұмыстардың түрі мен 
мазмұнын жаңалаудағы маңызын жоғары бағалады. Осы сөзінде ол былай 
деп атап өтті:-Енді біздер алты мемлекеттегі бір ғана ұлтпыз. Осы кеңестің 
құрылуымен әрекет үстіндегі бірлік іске аса бастайтын болады. Барша түркі 
мемлекеттері осы құрылымға бірігуі керек. Бұл жердегі мақсат бюрократтық 
ұйым құру емес. Мақсатымыз - халықтардың іс үстіндегі рухы мен кәсіпкерлік 
әлеуеттерін жаңғырту/44/. Саммитте Әзербайжан Республикасының Президенті 
Илхам Әлиев тарихи геосаяси үрдістердің Түркі әлемінің жағрапиясына кей 
уақыттарда қалайша ықпал жасайтынын тілге тиек етіп, осы жағрапиялық 
өңірде тұрып жатқан түркі тілдес халықтардың замануи әлемдегі ақиқаттарға 
табан тіреген жоғарғы саяси мәдениеті бар мызғымас одағын құру үшін 
үлкен нартәуекелділік керек екенін ескертті. «Түркі әлемі – ұлы ғалам. 
Әзербайжаннан бір замандарда түркі дүниесінің көне де, ажырмас бөлігі 
болған Зангезкур ауданының бөлініп, Арменияға қосылуының салдарынан 
түркі әлемінің бағзыдағы біртұтастығы бүлінді. Картаға қарасақ, егер, осынау 
тарихи әділетсіздік болмағанда, бүгінде бүртұтас түркі әлемі мен оның кеңістігі 
жағрапиялық тұрғыдан қарағанда бірегей кеңістік ретінде өмір сүре берер еді. 
Дегенмен, осының баршасына қарамастан, бізді тек қана жағрапиялық жағдай 
ғана емес, біздің өткеніміз бен бүгініміз де бауырластыра береді. Бізді бұған 
қоса ықпалдастығымыз бен ұлттық терең тамырларымыз да біріктіреді». 
Жиырма жылдан бері біздің тәуелсіз мемлекеттеріміз егемендікте өмір сүріп 
келеді. Осы кездерде біздің мемлекеттігіміздің негізі қалыптасып, тұрақтанып, 
күшейе түсті. Бүгінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, 
Түрікменстан секілді елдер өз кезектерінде Түркияның күшейіп, Түркия да өз 
кезегінде аталған елдер әлеуеттерінің жоғарылауына әсер етуде. Біздің күшміз 
де – бірлікте. Біздер барлық салаларда да осы бірлігімізді нығайта беруіміз 
керек. Ол – БІЗДЕРДІ БІРІКТІРЕТІН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫМЫЗ 
БЕН ӨТКЕНІМІЗ ЖӘНЕ БҮГІНГІ КҮНДЕРІМІЗ.Түпкі мақсаттарымызда түркі 
әлемінің ұлы бірлігінің болмысы жатыр. Аталған келешекте Түркі әлемінің 
бүтін бір ағзадай қалыптасуы өз қызметінің белгілі бір деңгейлеріне ие 
болады. Осынау ұлы мақсатқа біртіндеп жетуі мүмкін. Осылайша түркі тілдес 
мемлекеттер жетекшілерінің Х саммитінде Нахчыван келісіміне сай түркі тілдес 
елдер ықпалдастығының кеңесінің негізі қаланды. 
Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған түріктерді біріктіруді 
дамытудағы бұл кеңестің рөлін жоғары бағалай келе, оның екі бауырлас ел, 
әлемде теңдесі жоқ ерекше байланыстары бар Түркия мен Әзербайжанның 
арасындағы байланыстарды одан әрі дамытып және аталған Кеңестің осынау 
туысқандық туын мәңгілік көтеріп тұратын тұғыр боларына сенімділік білдірді 
/43/. Түркі тілдес елдер ықпалдастығы жөніндегі Кеңестің І Саммиті 2011 
жылдың қазанында Алматыда өтті. Әзербайжан Республикасының Президенті 


221
Бірлесу анатомиясы: болмай қоймайтын ұлы ынтымақтастық
Илхам Әлиев Кеңестің қызметтерінде түркілік туысқандықты бекітуге 
бағытталған шаралардың маңыздарын атап өтті. Ол қызметтер елдердің іс 
жүзіндегі мүдделері мен жемісін бере бастағаны анық нәәтижелер аясында 
қорытындыланып отырулары керектігін де тілге тиек еткен. Президенттің 
ойынша, осы кезеңде ықпалдастық жөніндегі Кеңес қалыптасып болған соң, 
өз назарымызды нақты жобаларға аударуымыз керек. Неге десеңіз, осы күнге 
дейін салиқалы мәлімдемелер жасалып, құжаттарға қол қойылды. 
Егер, алдағы жылдар ауқымында нақты жобаларға көңіл бөлетін болсақ, ол 
біздің ұйымымыздың дамуында оң ықпалдар жасап, елдеріміздің арасындағы 
бірлікті бекіте түседі деді ол. Біздер бұған әзірміз және нақты жобаларды 
орындауға қатысты ұсыныстарымызды береміз деді Илхам Әлиев өз сөзінде. 
Біздер түркі әлемінің қазіргіден де күшейе түсуі үшін қолдан келгеннің 
барлығын жасауымыз керек деген пікірде Президент. Бұл үшін елде барлық 
мүмкіндіктер бар. Ең алдымен қуатты саяси еркіміз бар. Осынау кездесулерді 
жоғарғы деңгейлерде тұрақты өткізіп отыру және ықпалдастық жөніндегі 
бірінші Кеңесті өткізу, онда қабылданған шешімдер аса күшті саяси еріктің 
бар екенін көрсетеді деді ол /81/. Бұл тұста осынау жоғарғы деңгейлердегі 
кездесулерде Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің Баку қаласында түркі 
тілдес мемлекеттердің Мәдени қорын құру жөніндегі ұсынысы да қолдау тапты. 
Осыған байланысты TURKSOY-дің түркі әлемін гуманитарлық негіздерде 
біріктіріп келе жатқан өзгермес рөлін ерекше атап өткен жөн. Өзі құрылған 
күннен бастап, бүгінге дейін TURKSOY түркі халықтары мен мемлекеттерінің 
дәстүрлерін дамытуға, олардың арасындағы туысқандық байланыстарды тығыз 
бекіте түсіп, түркі әлемінің аса бай рухани және мәдени байлықтарын, замануи 
өркениеттің жоғарғы құндылықтарына жалғастырып, молайта түсуде. Сөйтіп, 
олардың халықаралық қауымдастыққа, жаһандық мәдениеттерге өлшеусіз 
қызмет жасап, адам құқықтарына да жұмыс істеуін қамтамасыз етуде. 
Бүгінгі Еуроодақты қандай да бір қиындықтарға тап келсе де, мемлекеттер- 
дің құрлықтық көлемдегі, экономикалық, саяси, құқықтық негіздерде бірігуінің 
ең көрнекі үлгісі деп тану керек. Сондықтан, неміс философы Юрген Хаббермас 
Еуропадағы үрдістердің кері ынтымақтық ахуалға ауысып кетуі қауіпін атай 
келе, Еуропаның бірігуінің саяси бағыттағы табысын әлемнің өзге өңірлеріне 
өнеге болардай сынақтық сипаттағы ахуал деп түсінуге шақырады. Осы 
себептен де ол Еуроодақ дамуының келешегін ХХІ ғасырдың бүгінгі күндегі 
ең үлкен жобасы деп таниды. Еуроодақтың құрылымдық үш жүйесін, яғни 
Еуроодақ қауымдастығын, жалпы сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласын 
құқықтық салалардағы құқық қорғау органдары мен сот органдарының 
ықпалдастықтары ол Еуроодақтың негізгі тіректері деп тұжырымдайды. 
Осынау үш тұғырға қондырылған Еуроодақ жетекші үш бірегей институтқа ие. 
Атап айтар болсақ, олар Еуропарламент, ЕуроКеңес, ЕуроКомиссия, Еуросот 
және Еуропалық Есеп комитеті және мүше-мемлекеттердің бірегей құрамы 


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет