Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет144/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
мемлекеттері өз одақтарын емес, өзге саяси жобалар мен альянстарға барар 
еді, бұл жерде Ресей мен АҚШ, аз да болса Қытай өз тараптарынан қуатты 
орталық жасауға ықпалдарын күшейтер еді. Жалғыз қалып, бытыраған 
түркі әлемі дұшпандарының қолына оңай түсті. Жаңа замандағы түркі 
мемлекеттеріне құлдилау мен құлдырау, бытырау мен дағдарыстар тудырған 
осынау тарих берген қиындықтар сабақ болуы тиіс. Тәуелсіздік әперген өңірлік 
ынтымақтастың басымдықтары мен замануи көзқарастың айқындаушылығы 
түркі қоғамына қазіргі әлемдік үрдістерге сабырмен, сарабдал ақылмен қарауға 
үйретеді. Олар Еуразиялық түркілік жүйені геосаяси жүйеде өзінің табиғи 
жағдайында құрылымдаудың альянстардың өзге нұсқаларына қарағанда қажет 
екенін және оның болашағы зор екенін ашық көріп, аңғарып отыр. 
Әрине, бірлік жоқ жерде бұған қарама қарсы жолдар керек болар. Оның ең 
нашар нұсқасына түркі мемлекеттерінің жалғыз қалуын жатқызуға болар. Түрлі 
саяси жағдайларды теріс пайдаланушылар түркі мемлекеттерінің төңірегін 
ұялы қасқырлардай торуылдауларын әлі қойған жоқ. Жалғыз қалғандарды 
олар осыдан бұрын айтқанымыздай, талауға түсіріп, жерлерін қанға бөктеруді 
әлі қойған жоқ. Тап осындай ауыр халге Ирак пен Ауғанстан және байлық 
пен мұнай дариясында жүзіп жүрген араб әлемі де түсіп, туысқан Ирак пен 
Ауғанстанға көмек қолын соза алмай отыр. Жасыратын не бар, бүгінгі ислам 
әлеміне жік түскен, бірлік жоқ, алауыздық басым. Орта Азиядағы шиеленісті, 
тұрақсыз ахуалдар әлсіз мемлекеттерден көрші елдерге тарауы әбден мүмкін. 
Мұндай қатерлі белдеулер Солтүстік Кореядан Иранға дейін созылып жатыр. 
Түркінің геосаяси өңірлері оңтүстігінде осынау қауіпті жолақтармен қанат- 
тас болса, солтүстігінде Ресейдің ұстамсыз белдеулерімен көршілес тұр.
Өзінің империялық ойларынан арылмай отырған Ресей қайткен күнде де түркі 
геосаяси жүйесін бұзып, одан ыдырағандарды Еуразиялық Одаққа тартуға 
тырысады. Өзінің геосаяси көлемінен бір қарағанда шағындау көрінгенімен 
Ресейдің өзінің Кавказ бен Орталық Азияға қатысты жаңа талаптарынан 
байқалып тұрғандай, оның кешегі ағалық мәртебесінен айырылу ниеті жоқ. 
Өздерінің аумақтық және демографиялық мәселелерімен бетпе-бет қалып 
отырған Қытай, Жапония және Корея, олардан сәл әріректегі Үндістан да 
Еуразияның халық аз тұратын аумақтарына елдерін қоныстандыруға талап 
қылулары әбден мүмкін.Түркінің геосаяси аймақтары жан-жағынан төніп тұрған 
осындай қауіптерден қорғануға мәжбүр және мүмкін қатері бар демографиялық 
экспансияға тосқауыл қоюға әзірленуі керек. 
ХХІ ғасырда ғаламдық деңгейлерде геосаяси мүдделер құру мен өздерінің 
геосаяси жобаларын ғаламдық саясаттың құбылған жағдайларында белсендіре 
түсу (240.3-20б) Еуразияның ішкі ахуалдарынан анық байқалып отыр және 
олар бүгінгіден де шиеленіскен қатерлі жағдайларға апаруы мүмкін. Болжаулар 
көрсетіп отырғандай, ғаламдық және өңірлік одақтар ғаламдық бәсекелестік- 
тегі күштердің теңгерімдерін басқаруға, өздерінің жағымды орталықтарында 


251
Жалпы түріктік геосаяси байланыстардың ырғақты даму жүйелері
геосаяси мүдделерге сай өмірге күшті одақтастық саясаттарын енгізуге 
қабілетті. ХХІ ғасыр – Жалғыздықтың емес, Одақтастықтың ғасыры

Осынау ақиқаттың келешегі бүгіннің өзінде айқын көрінуде. Түркі өңірінің 
мемлекеттері Еуразиядағы геосаяси қарым-қатынастардың дамуына бағыттал- 
ған оң қадамдар мен теріс әсерлерді де мұқият салмақтап, таразылап және де 
Түркі мемлекеттерінің Одағын құру ісіне қарсы келетін барша әрекеттерді өзге 
бауырлас елдермен бірлесе жойып отыруға міндетті. Еуразияның тарихындағы 
соңғы 3 мың жылда Түркілік Саяси таланттың арқасында ғұндарды, 
көктүріктерді, түркі-моңғолдарын, Сефевидтерді, Моголдарды шығарған жүзге 
жуық мемлекеттер, он алты империя ХХІ ғасырда да болашақтың жеңілмес 
саяси одағы – Түркі Мемлекеттері Одағын алдыңғы сапқа апаруы VШ деңгейлі 
геосаяси байланыстардың (ұлттық, жалпы түркілік және әлемдік) түріктік 
этносаяси ырғақты дамып келе жатқан саласын осынау Одақтың қалыптасуы 
бағытына бастап, кейіннен оның халықаралық қауымдастыққа енуіне жол ашу 
керек. Түркі Мемлекеттері Одағының оңтайлы стратегиясы оларды ғаламдық 
саяси жүйелендірудің ең жоғарғы деңгейіне тек қана одақтастық мәртебесінде 
ғана көтеруі керек. Бұл тек қана түркі мемлекеттері геосаяси байланыстарының 
ырғақты да жүйелігіне ғана тәуелді болады. Осынау байланыстардың жүйелілігі 
дегеніміз, өзара және халықаралық ауқымдарда да байланыстарын орнатқан 
бұл мемлекеттер өзара үйлестіріліп отыратын байланыстарының тұрғысынан 
жұмыстар жүргізулері керек. Түркі одағының ақиқаты байланыстарды 
үйлестіріп отыру болмаған жағдайда қандай да бір ынтымақ жайында сөз етудің 
мүмкін еместігін айғақтайды.
Егер геосаяси байланыстар жайында сөз етер болсақ, оны икемділігі мен 
серпінділігі ұстанымдар ретінде осынау байланыстардың өзегінде болуы 
тиіс. Егер осынау тәртіп сақталмаса, онда түркі одағы өзінің мұраттарын іске 
асыра алмайды, тіпті халықаралық геосаясатпен қатар дами алмайды да. Түркі 
мемлекеттерінің геосаясаттарына келер болсақ, олар байланыстардың жүйелілігі 
мен ырғақтылығын алдыңғы қатарда ұстауы қажет. Түркі мемлекеттерінің 
консенсусы осыны талап етеді.


252


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет