255
Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...
қандай орын алуын анықтауда айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазір әлемдегі,
әсіресе батыс елдеріндегі Әзербайжан мен Түрік диаспоралары осынау екі
ел мен түркі әлемінің жалпы алғандағы мүдделерін қорғаудағы және осынау
қызметке өзге де түркі диаспораларын тартып, әлемдік көлемде жалпы түркілік
ұйымдарға жаңа тыныс беру бағыттарындағы
тұжырымдамалық жобаларды
іске асыруға оңтайлы мүмкіндіктер тудыруда. Әлемнің түрлі елдерінде тұратын
әзербайжандардың ұйымын құрудағы маңызды оқиғаның бірі, 2004 жылы
Германияда, Берлинде Еуропа Әзербайжан Конгрессінің құрылуы болды. Оған
дүние жүзінің 28 елінен, атап айтқанда, Ресейден, Украинадан, Беларустан,
Молдовадан, Швециядан, Швейцариядан, Норвегиядан, Даниядан, Франциядан,
Голландиядан, Австриядан, Болгариядан, Румыниядан, Венгриядан, Бельгиядан,
Финляндия мен Германиядан сайланған әзербайжан
диаспорасының өкілдері
Еуропа Әзербайжандары Конгресінің ұжымдық мүшеліктерін құрады.
Өңірлердегі әзерилердің ұлттық-мәдени дәстүрлерін, қорғап, олардың
әлеуметтік және саяси-құқықтық мүдделерін қорғау Конгресстің негізгі
міндеттеріне жатады.ЕӘК-нің тағы бір міндетіне Әзербайжан, Қазақстан,
Кавказ бен Каспий аймақтарымен байланысқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын
қолдап, қорлар
және зерттеу институттарын, кітапханалар мен мұрағаттар
құрып, Еуропаның,ТМД-ының және өзге де аймақтардағы жұмыс істеп жүрген
әзербайжан диаспораларымен ықпалдасу, қызметтер істеу болып табылады. Бұл
тұста Еуропадағы түркілердің көбеюіне және олардың ынтымақтарының беки
түсуіне Германия Федеративтік Республикасы мен Түрік Республикасының
1961 жылы еңбек миграциясы жөніндегі Келісімге қол қоюлары айтарлықтай
ықпал еткенін атап өткен орынды. Саяси партиялардың сайлау науқандарында
түрік диаспорасын өз электораттарына тарту жөніндегі (бүгінде Германиядағы
түріктер саны 2 миллион 637 мыңға жетті) және түріктердің осындағы
диаспорасын Германия халқының бөлінбес бір бөлшегі екенін ел басшылары
мен саяси элитаның қабылдауын талап еткен бастамалары аса құнды болды.
Түріктер Германияның барлық қалаларында,
яғни Берлинде, Боннда,
Гамбургте, Штугартта, Майндағы Франфургте, Кёлньде, Кёнигсбергте,
Дюссельдорфте және Германияның өзге де қалаларында тұрып жатыр. Белгілі
фирмалар мен ірі компаниялар Германияда түрік кәсіпкерлерімен әріптестікке
көшіп, олардың бірлігі мен тәжірибелерін өз істерінде пайдалануда. «Ең ірі
шетел капиталы» мәртебесіне ие түрік бизнесмендері өздерінің этникалық осы
атағын ақтап, Германиядағы аса ірі жеке меншік капиталға ие этникалық қауым
саналады. Германияны өздерінің екінші отаны санайтын түрік диаспорасының
өкілдері спортта, медиа, ақпарат технологиялары мен банк салаларында ғана
емес, ғимараттарды жобалау мен құрлыстарын салуда, ғылым мен денсаулық
сақтау істерінде де белсенділік көрсетуде. Германиядағы түрік диаспорасы
өзінің ұлттық болмысын, дәстүрлерін, мәдениеті
мен өзіндік ас-ауқаттар
дәстүрлерін және дінін көздің қарашығындай берік сақтап отырған негізгі
диаспора саналады. Осындағы түрік зерттеу орталығының мәліметтеріне