241
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
деп ойлаймыз (122.72 бет). Түріктің осынау ұлы қолбасшысы Ататүріктің
соғыста қаза тауып, шәйіт болған жауынгерлерін жерлеп болғаннан кейін осы
шайқастарда қаза болған өзге ұлттың сарбаздары жайында аталған шараға
қатысқан елінің қорғаныс министрінің көзінше: «осынау Елдің аумағында
қаны төгілген батырлар, Сіздердің рухтарыңыз достас елдің топырағында
мәңгілікке тыным тапты. Жандарыңыз жаннатта болғай» дегені тарихта қалды
(117.6 бет). Адамзатқа берілген ұлы баға деп осыны айтсақ керек. Жүздеген
сарбаздары әлемдік соғыста қаза тапқан армияның Жоғарғы қолбасшысы
мемлекеттераралық және адамзатаралық дұшпандық қатынастарының ең
бір шиеленіскен шағының шырқау биігінде осылайша
қасиетті адамзаттық
сезімдерге ерік береді. Қолбасшылықтың, даналықтың және адамгершіліктің
бірлігін өз әрекеттерімен қалап берген Мұстафа Кемел Ататүрік жасақтаған
түрік армиясы бүгінгі әлемдегі ең қуатты қарулы күштердің сапынан саналады.
Бүгінде Түркі Мемлекеттері Одағын құрудағы аса маңызды әрекеттердің
қатарында Бірлескен Армия құру үрдісі екені рас. 2013 жылдың 23 қаңтарынан
Түркияның, Әзербайжанның, Моңғолияның және Қырғызстанның қатысуы-
мен бірлескен армия құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Баку
қаласында өткен әскери мәртебеге ие Құқық
Қорғау органдары Еуразиялық
қауымдастықтың отырысында бірлескен армия құрудың алғашқы келісіміне қол
жеткізп, оның алғашқы қызметтері анықталып, оның алғашқы атауы ТАКМ-
(Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия) болып бекітілді. Ол саясат
саласында (түркі тілдес мемлекеттердің Саммитеріне, Түркі тілдес елдердің
ықпалдастық Кеңестерінде), гуманитарлық салаларда (түркі халықтарының
достық, бауырластық және ықпалдастық құрылтайларында), заң шығарушылық
саласында (түркі тілдес халықтардың Парламеттік Ассамблеясында)
жалпы
түркілік идеологиядағы тұжырымдамалықты, ортақ бағыттылықты көрсететін
болады.
Түркі мемлекеттерінің Одағын құрудың жиырма жылдық идеясы мен
адамдардың, үйлестіру ұйымдарының және азаматтық қоғамдар жүйелерінің,
батыл азаматтардың, дипломат-прагматиктердің бір мақсатқа жұмылған
данышпан идеологтар мен көреген стратегтерің жанкешті еңбектерінен өзіміз
күресіп жүрген бірлесу идеясының негізінде, расында да мызғымас тұғыр
тұрғанын көреміз. Ақиқатын айтар болсақ, бұл мақсаттың отын сөндірер әлемде
ешқандай күш жоқ. Ал осынау ақиқатты баршаға жеткізушілер қатары өте көп
және олар бұлжымас мақсаттың тұғырында тұрғандар. Неге десеңіз, бұл идея-
ның тағанында ұлы мемлекеттік дәстүрлер, жоғары адамгершілік қасиеттер,
ұлттың
және заманның биік рухы, саяси этиканың құндылықтары, түркі
саясатының әмбебап дүниетанымы жатыр. Осы айтылғандар түркі
мемлекеттерінің одағын мызғымас бірлестікке айналдырып, оның қуаттарын
жеңілмес биіктерге көтеріп, бір байрақтың саясатын көтеріп, түркілердің
кемеңгерлік төзімдері мен данышпандық шешімдерін іске асыратын болады.