Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


Еліміздегі «Çağ Öyrәtim İşlәtmәlәri »



Pdf көрінісі
бет152/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ


Еліміздегі «Çağ Öyrәtim İşlәtmәlәri
» 
түрік
-
Әзербайжан компаниясы ашқан 
жекеменшік лицей оқушылары білімнің әлемдік олимпиадаларында жарысқа 
түсіп, Әзербайжан елінің туын өзге елдерде асқақтата көтеріп жүр. Өзі құрылған 
1994 жылдан бүгінге дейін аталған лицейдің тәрбиеленушілері 102 алтын, 166 
күміс және 255 қола, барлығы 523 медаль алды. Жыл сайын аталған лицейдің 
оқушыларының 99 пайызы әлемнің түрлі университеттерінің өздері қалаған 
факультеттеріне түсіп, сабақтарын табысты жалғастыруда./46/ 


263
Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...
Түркия мен алдыңғы қатарлы батыс елдерінің заманауи білім беру 
бағдарламалары мен технологияларын табыспен игеріп жатқан «Кавказ» 
университеті елдегі және әлемдік жоғарғы оқу орындарының арасында 
жоғары рейтингке ие

Университет ғылыми-педагогикалық қауымдастықпен 
қатар әзербайжан халқы мен мемлекеттің де сенімін жеңіп алды. «Кавказ» 
университетінің жаңа ғимаратының іргесін қалау рәсіміне қатысқан Түрік 
Республикасының Президенті Абдолла Гүл өз сөзінде осынау білім беру 
мекемесінің негізін қалауда және ғылым мен білім беру және мәдениет 
салаларындағы әзербайжан-түрік байланыстарын орнықтыруда екі елдің жалпы 
ұлттық көшбасшылары Гейдар Әлиев пен Түркияның бұрынғы Президенті 
Тұрғыт Озалдың баға жетпес көмектер көрсеткенін атап өтті. Бүгінде «Кавказ» 
университеті елдегі ең жоғарғы көрсеткіштерге ие жекеменшік озық жоғарғы 
оқу орнына айналды. /84.с.346/ 
«Тамыры тереңде жатқан өткеннен – ұлы болашаққа» ұранымен жұмыс 
істеп жатқан Ахмед Яссауи атындағы /116/ Халықаралық Түрік-Қазақ 
Университеті Түркия мен Қазақстан республикаларының жекеменшік түріндегі 
республикалық бірлескен мемлекеттік университеті саналады. Негізінен түрік 
тілдес республикаларының жастарын оқуға қабылдап, жоғарғы білім беретін 
бұл университет «ғылыми зерттеулерге қабілетті, ұлттық және адамгершілік 
құндылықтар мен демократиялық өміртанымдарын игерген мамандар әзірлеу» 
миссиясын абыроймен орындап келе жатыр. Аталған университет бүгінде түркі 
тілдес елдер арасында үлкен беделге ие. Түркияда жыл сайын өтіп тұратын түрік 
тілінің Халықаралық Олимпиадасы түрік тілі мен мәдениетінің халықаралық 
ауқымда жүйелі түрде таралуының жарқын көрінісі. 
Әзербайжан да Түрік тілінің Халықаралық олимпиадасына табысты қатысып 
келеді. Бұл олимпиадаға әлемнің 140 елінен/47/ мыңдаған оқушылар келеді. 
Бұл дәстүрлі олимпиадалардың басты мақсаты түрлі елдердегі түркі тілдерімен 
танысу, түркі тілдес ұлттардың дәстүрлерімен және де өзге құндылықтарымен 
жақын танысуды, сонымен қатар, халықтар арасындағы сүйіспеншілікті, бірі-
бірлерімен тереңірек танысуды мақсат ұстанады. Осының баршасы түркілердің 
болмысында адамгершілік пен өнеге, әділдік пен өсу, бейбітшілік сүйгіштік, 
адамды сүю, мәдениет пен гүлдену жататын ұйымды құрушылар екенігіне назар 
салдырады. Осы қасиеттердің ортасындағы Түрік Мемлекеттері Одағын құру 
өзінің болмысында жалпыадамзаттық мұраттар мен әлемдік қоғамдастықта 
осынау идеяны жүзеге асырудың асқар шыңы жатқан мақсаттармен сабақтасқан 
мақсат саналады. Әлемдік деңгейдегі жалпы түркілік ұйым түркілік мемлекеттер 
мен қоғамдардағы бедел мен ықпалдылықтың өсуімен сабақтасып, түркі 
дүниесіне халықаралық адамгершілік және мәдени құндылықтарды, саяси-
экономикалық, ғылыми-технологиялық жетістіктерді жедел енгізуге қолайлы 
жағдайлар тудырады. Бұл болашақта Түркі Мемлекеттері Одағының Жалпы 
Әлемдік Тәртіп /New World Order/ саясатында өзінің лайықты орнын алуы 
жолындағы маңызды баспалдағы саналады.


264


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет