VI
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
қарағанда, түрік сайлаушыларының қолдауына ие партиялардың бірі-Социал-
Демократиялық Партиясы рет саны бойынша елдегі негізгі партия саналады.
Одан кейінгі орындарда Демократиялық Социализм Партиясы мен Жасылдар
партиясы тұр. Германиядағы түрік сайлаушыларының өздері дауыс беретін
саяси партияларға артар аманаттарының бірі – Гермаияның азаматтығын
алуда жеңілдіктерге қол жеткізу. Германиядағы түрік диаспорасы мен
әзербайжан диаспорасының арасында тығыз байланыстар орнаған. Өзара аса
жақын ынтымақтастықтағы түрік пен әзербайжан диаспораларының өкілдері
бір мақсатта келешек кемелділігі үшін қызметтер жасауда. Мысалға «Түрік
Ислам мәдениетінің федерациясы», «Түрік Ислам Мәдениетінің Еуропалық
Бірлестігі», «Түрік Ислам мәдениеті негізінің Еуропалық бірлестігі» және өзге
де ұйымдарда әзербайжандар молынан орын алған
.
Германиядағы Әзербайжан диаспорасы мен түрік диаспорасының өкілдері
түркі халықтарының тілдерін, ұлттық дәстүрлері мен әдебиеттерін, фольклорын
сақтап қалуда бірелесе қызметтер атқарады. «Әзербайжан-Германия
Қоғамы» 1988 жылы Берлинде құрылды. Осы қаладағы «Әзербайжан-Герман
Академиясы» (1986ж) «Әзербайжан мәдени ошағы» мен оның жанындағы
«Савалан» журналы, «Ошақ» (1988) «Оттар Елі» мәдени-ағарту қоғамы,
Бонн қаласындағы «Әзербайжан мәдени ошағы», Дюссельдорфтағы «Герман-
Әзербайжан Қоғамы» (1990), Кёльндегі «Әзербайжанның мәдени байланыстар
қоғамы», Нюрнбергтегі «Әзербайжанның мәдени қоғамы», Лимбургтегі
«Әзербайжан үйі» және басқа да диаспоралық ұйымдар Әзербайжан
Республикасы мен Германия арасындағы қоғамдық-мәдени және экономикалық
байланыстардың дамуына тікелей араласып, белсенділік танытуда.
1996 жылы Германиядағы Әзербайжан қоғамы Герман-Әзербайжан
Қоғамдық Федерациясы жүйесіне бірікті. Бұл федерацияның негізгі мақсаты
– диаспоралық ұйымдар арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсу.
1999 жылы Боннда аталған федерацияның бірінші сьезі өткізілді. 2004 жылы
Берлинде «Низами Гәнжәзи атындағы Мәдениет институты» құрылды. Сол
уақтта әзербайжан және неміс тілдерін оқытудың курстары ашылып, музыка
сабақтары өткізіле бастады, компьютерлік сауаттылыққа үйрететін курстар
жұмысы іске қосылды.
Еуропаның келесі бір дамыған елі - Ұлыбританияда Түркия мен Оңтүстік
Әзербайжаннан (Иран) және өзге де түркі мемлекеттерінен келген шамамен
100 мыңнан астам түркі нәсілді біздің қандастарымыз тұрып жатыр. Олар
да Ұлыбритания-Түркия қоғамын құрды. Олардың басым бөлігі мақта-мата
және азық-түлік өнеркәсіптерінде еңбек жасауда. Ұлыбританияға келіп оқып
жатқан түркі елдерінің (әсіресе, Әзербайжан елі) студенттерінің де саны
арта түсуде. Бүгінде аталған елдің жоғарғы оқу орындарында түркі тілдес 20
мыңға жақын студенттер мен магистрлар оқып жатыр деген мәліметтер бар.
Ұлыбританияда қос азаматтық туралы заң қабылданысымен оның талаптары
257
Әлемдік деңгейдегі жалпытүркілік ұйым...
толық қанағаттандыратын шетел азаматтары, оның ішінде түркі тектес ұлттар
өз азаматтығын сақтай келе, Ұлыбританияның да азаматтығын ала бастады.
2006 жылдың мәліметтеріне қарағанда, Англияда оның азаматтығын алғандар
саны 54 мыңға жеткен. Бұл елде түркі диаспорасының медиа ұйымы жұмыс
істеп, өз елдерінің мүдделерін алға тартып, насихаттаумен айналысады.
Әзербайжан ұлтының алғашқы өкілдері Англияға ХХ ғасырдың орта тұсында
келіп, қоныстана бастаған. Бүгінде Лондонда әзербайжандар саны анағұрлым
көбейіп, олардың құрған қуатты диаспоралары айтарлықтай жұмыстар атқаруда.
Мысалға, Әзербайжан-Англия Қоғамының, Еуропа-Әзербайжан Әзербайжан
жастары клубының белсенділері, Әзербайжан елінің ақиқат тіршілігі мен өз
қоғамдарының өмірлері қақында шындықты насихаттап, Қарабақ проблемасын
шешуге мақсат ұстайтын шараларды кеңінен атқаруда. Лондондағы әзербайжан
балаларының өз тілдерін ұмытпаулары үшін мұнда әзербайжан мектептері
ашылған. Бұдан басқа, Еуропа-Әзербайжан қоғамының қолдауымен ағылшын
тілінде «Visions of Аzerbaijan» журналы шығып тұрады. Бұл ұйым Қожалы
зұлматы мен Қарабаққа байланысты шараларды тұрақты өткізіп келеді.
Сондай-ақ, осы ұйым аталған проблемалардан туындаған көкейкесті жайларды
еуропалықтардың қаперлеріне жеткізу жолында үлкен жұмыстар жасауда.
Әзербайжан елінің тұңғыш өкілдері Алимардан бек Топшиев пен Джейхун
бек Гаджибейлилер мен басқалар Францияда ХХ ғасырдың басында пайда болса
да, диаспоралардың ұйымдасуы соңғы 20 жылда ғана өте бастады. Францияда
бірнеше мәдени ортпалықтар жұмыс істеуде, олардың арасында «Әзербайжан
Үйі» ассоциациясы да бар. 2003 жылдың қараша айында әзербайжан
студенттерінің күшімен Франция-Әзербайжан жастарының ассоциациясы
құрылып, қоғам әзербайжан студенттерінің елдегі ұйымдарымен байланыстар
орнатып, жұмыс істей бастады. 2004 жылдан бері ассоциацияның «Korpu-Le
Pont» журналы шығып келеді.
Швецияда да шамамен 20 мың әзербайжан тұрып жатыр. Олардың басым бө-
лігі Иран Ислам Республикасынан /Оңтүстік Әзербайжан/ қоныс аударғандар.
2001 жылы Әзербайжан-Швеция Федерациясы комитеті құрылды. Федерация-
ның жұмысына бірнеше ықпалды швед азаматтары қатысуда. 2001 жылдың
маусым айында әзербайжан эмигранттары Әзербайжанмен байланыстағы 14
ұйымды біріктіріп, қоғам құрды. Ол қоғамның құрамында «Ерік», «Улдыз»,
« Трибун», «Савалан» және басқа да ұйымдар бар. 2002 жылдың қазан
айында «Әзербайжан академиялық Қоғамы» құрылды. Бұл қоғам Әзербайжан
Республикасының мемлекеттік жүйелерімен және қоғамдық ұйымдарымен
ықпалдаса жұмыстар істеуде.
Голландиядағы әзербайжан-нидерланды қоғамы 2003 жылдың тамыз
айында құрылған болатын. Бұл қоғамның 1993 жылдан бері «Бенилюкс» газеті
шығады. Осы елдің Ден Хааг қаласында Әзербайжан-Түрік Мәдениетінің
қоғамы жұмыс істеп, осынау ұйым елдің қоғамын Әзербайжан және Түркия
258
Достарыңызбен бөлісу: |