23. ЖАЛПЫТҮРКІЛІК СТРАТЕГИЯ:
МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
2007 жылдың қарашасында Бакуде алғаш рет өткен Түркі Мемлекеттері мен
Қоғамдарының Достық,Туысқандық және Ықпалдастық жөніндегі ХІ съезінің
қорытынды есебінде Түркі Мемлекеттері Одағының мәнмәтінінде осынау
идеяны бірегей стратегия ретінде басшылыққа алу мақсаты алға тартылды.
Съездің қорытынды Декларациясында түркі геосаяси өңірлерінің сатылап
дамуы мен түркі тілдес халықтардың қауіпсіздігі мен олардың бейбіт
өмірлерін қамтамасыз ету, халықаралық қауымдастыққа ықпалдасудың
жұмыстарын күшейту, түркі тілдес халықтардың арасындағы мызғымас
бірлікті нығайту, экономикадағы, саясаттағы, мәдениет пен сауда және өзге
де салалардағы ықпалдастықты тереңдете түсу мәселелері атап көрсетілді.
Сьездің Қорытынды есебінің бірінші тарауында-ақ түркі халықтарының
халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтуға бағытталған стратегиялық
мақсаттар тұжырымдалып, аталған түркітілдес мемлекеттердің одағын құру
үшін керекті ғылыми, идеологиялық, институционалдық және құқықтық
салалардың қалыптасуы мақсатында аталған тұжырымдаманың жасалғаны
атап көрсетілді./77.с.394/
Қырық баптан тұратын қорытынды есеп міндеттеген маңызды тап-
сырыстардың бір бөлігі соңғы алты жылда орындалса, келесі бөлігі жүзеге
асырылуда және қалғандары өз шешімдерін күтуде. Түрік мемлекеттерінің
стратегиялық ұстанымдарының үрдістері осы мемлекеттермен және мемлекет
басышыларының арасындағы екі жақты және көп тарапты ықпалдастықтардың
даму үрдістеріне тікелей байланысты. Бұл бағытта соңғы жиырма жыл аясында
аса өнімді және табысты алға басушылық байқалып, ел басшылары туысқан
мемлекеттерге жиі ресми сапарлар жасап, жоғарыда кездесулер өткізіп,
өзара ықпалдастықтарды одан әрі жемісті ете түсер маңызды құжаттарға
қол қойысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылдың
мамырындағы Әзербайжанға сапары уағында екі республиканың арасында
«Стратегиялық әріптестік пен одақтастық жөніндегі Шартқа» қол қойылды.
Тараптардың бірлескен баспасөз мәслихатында Әзербайжан Президенті Илхам
Әлиев осынау ықпалдастықтың стратегиялық маңызына тоқталып, былай деп
мәлімдеді: «Мемлекеттеріміздің бұл бағыттарындағы және өңірлік істеріміздегі
және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық шеңберіндегі екі жақты
ықпалдастық аясындағы бұл келісімдер ел ішіндегі дамуда болсын, сондай-
ақ, өңірлік саясаттағы ықпалдастық пен өңірлік қауіпсіздікте де болсын аса
маңызды.» /15.149б/.
265
Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер
Екі түркі мемлекетінің тарихи-геосаяи негіздердегі ықпалдастығына
тоқталған Қазақстан Басшысы өмірлік тәжірибесі тұрғысынан шын көңілден
ақтарылып, былай деп атап өтті: «Мен Қазақстанды Кіндік Азиядағы
Әзербайжан үшін негізгі мемлекет деп санаймын. Кавказда біздер үшін де
негізгі мемлекет Әзербайжан болып қала береді. Біздер тарихы, ұлы бабалары
мен тілі, мәдениеті мен дәстүрлері де ортақ бауырлас халықтармыз. Мен
де аулымызда әзербайжандармен бірге өстім. Халқымыздың сіздерге деген
көңілдері де осындай. Менің де, қазақ халқының да әзерилерге деген бейілдері
бауырластықтан туындайды. Ендігі кезекте Каспий теңізі бізді бөлмейді, қайта
біріктіре түседі. Сайып келгенде, біздер ортақ шекарасы бар тату көршілерміз.
Бүгінде біздің екі мемлекетіміз өңірдегі әлемдік нарыққа мұнай өндіретін
негізгі мемлекеттер саналады. Біздер өте күшті жұмыс істеп, әлемдегі еңбек
бөлісіндегі маңызды қатысушыларға айнала аламыз. Неге десеңіз, өңірдегі
лаңкестік пен өзге де экстремистік пиғылдарға қарсы бірлесе күресе келе, біздер
тұрақтылықты орнықтаруда еңбектер жасаудамыз.Біздер өз қуат көздеріміз
арқылы әлемдік кеңістікке ықпал жасай аламыз. Осылардың баршасы таяу
онжылдықтарда сүбелі үлестерімізге айналатыны рас. Бүгінде Ақтау-Баку-
Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын біздер лайықты түрде Ақтау-Баку-Тбилиси-
Джейхан деп орынды атап жүрміз. Бұл-Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа
шығарудың жылдан-жылға өсіп келе жатқан маңызды жолдарының бірі...»
/16.150б/.
Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиевтің 2007 жылдың
тамызындағы Қазақстанға ресми сапары стратегиялық ынтымақтастықты
ырғақты дамытудың маңызды кезеңіне айналды. Мемлекет басшылары қол
қойған «Бірлескен декларация» Әзербайжан мен Қазақстанның саясаттағы,
саудадағы, экономикдағы, мәдениет пен коммуникациядағы және ғылымдағы
жалпы қарым-қатынастарының ұстанымдарын көрсетті. Тараптар:«Үкімет,
парламент пен азаматтық қоғамдар деңгейлеріндегі тәжірибелер алмасулар мен
үнқатысулардың жалғасулары стратегиялық әріптестік келісімдерін тереңдете
түсуге мақсаттар ашады.» /28.с.292/.
Жалпы түріктік бірлесудің қызғылықты орталығы Түркия мен Әзербайжан-
ның қарым-қатынастары Түркі Мемлекеттері Одағын құруды стратегиялық
идея ретінде ұдайы жетілдіре отырып, дамытып келеді. Түркия Республикасы-
ның Президенті Абдолла Гүлдің Әзербайжанға сапарына орай Әзербайжан
Республикасының Президенті Илхам Әлиев екі бауырлас елдердің ғаламдық
трансұлттық жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірегей стратегиясын
жоғары бағалай келе, «мен трансұлттық осынау үлкен жобалардың екі елдің
дамуына әлі де талай жылдар өз үлестерін қосатынына сенемін. Олардың
артынан да үлкен жобалар туады. Біздер тап қазір Түркия мен Әзербайжанның
бастамаларымен қолға алынған көлік инфрақұрылымдарымызды біріктірумен
айналысып жатырмыз. Тарихи Жібек Жолын қалпына келтіріп, теміржолдар
266
Достарыңызбен бөлісу: |