269
Жалпытүркілік стратегия: мақсаттар мен міндеттер
түркілік геосаясаи жүйеге-Түркі Мемлекеттері Одағына айналуына бастағанын
көрсетеді. Осының баршасы жетекші өңірлік саясат ретінде іске қосылған.
Осынау стратегия өзіне іргетас көзқарастар мен мәселені шешу жолдарын
топтастыра отыра түркі мемлекеттерінің ұлттық стратегиясының жуықтасуын
қалыптастырып, мүдделерге сай басымдыққа ие саяси жүйені құруы керек.
Былайша айтқанда, Түркі Мемлекеттерінің Одағы өзін Еуразияның «барлық
қабаттарында», яғни «төменгі» және «жоғарғы» саясаттарында өзін көрсете
білуі керек. Бұл үшін түріктің саяси көшбасшылары атап өткендей, Еуразиядағы
жүріп жатқан геосаяси үрдістерді зерделеп, күштердің арасалмағы нендей
бағытта және қалай жұмсалып жатқанын білу керек. Түріктің саяси ойы бұған
әбден де қабілетті. Осынау көкейкесті жәйларға орай қазіргі күндерде көптеген
зерттеулер алға тартылуда.
Атап айтар болсақ, түркі әлемінің халықаралық бірлігі дамуының өсу жолы
анықталып, жекелеген есептер жасалуда. Осы мазмұнда түркі мемлекеттерінің
Еуразияның орталық жолағындағы өзге де елдермен біртіндеп жуықтасуының
өзінің осы ортадағы геосаяси орнын анықтаудағы халдерін анық болжамдар
жасалуда. Жалпы түркілік саясаттың біртіндеп Еуразияда алдыңғы қатарға
шығуына қызметтер жасайтын үрдістерді зерделеу арқылы осынау саясаттың
стратегиялық бір арнасындай Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі
Ахмет Дәуітоғлының «Тереңдік стратегиясы» шығармасы алдыңғы қатарға
шығады. Аталған шығарма осы елде соңғы он екі жылдың көлемінде 78
рет басылып, көптеген тілдерге аударылды. Ахмет Дәуітоғлы өзінің бұл
шығармасында «суыққабақ соғыстан» соң пайда болған күрделі мәселелерді,
атап айтқанда, осы заманғы халықаралық және өңірлік саясаттарды кең ауқымда
талдай келе түркі ұлттық саясатының, негізінен Еуразия мен орталық өңірлердегі
осы үрдістерді, түркі әлем жайлаған Еуразия мен орталық аймақтардағы көп
тарапты белсенді саясаттардан туындайтын себептер мен салдарларды тереңнен
талдай отырып, Түркияның белсенді саясаты мен халықаралық ұстанымдарын
анықтауға күш салады.
Еуразияның саяси субьектілері мен ғаламдық күштердің күрделі
жағдайларының табиғатын талдай келе, ол түркінің ұлттық саясатының
«Еуразияның бұралаң жолдарында» не істеуі керектігін көрсетуге күш салады.
Түркінің стратегиялық орталығы Еуразияны «ішінен» де сонымен қатар «сыр-
тынан да» қарап тануға тырысып, ғаламшарымыздың ең үлкен аумағындағы
мемлекеттер арасында өздерінің «иелік» талаптарын іске асыруға тырысатын
елдерде өзара қайшылықтардың да жеткілікті екенін ашып көрсетеді. Бұл жерде
халықаралық күштердің тепе-теңдігі мен өңірлік күштердің де тепе-теңдігі
жалпы үйлесімсіздікті тудыруда.
Халықаралық жүйені үнемі ширықтырып тұратын мұндай үрдісті басқару
оңай емес. Бұған қоса ғаламдық басқарудың мұндай талаптары аз емес, олар
көп те, анағұрлым қуатты. Сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: