281
Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...
керектігін түсінулері қажет. Халықаралық қатынастардың келешектегі
дамуы осынау үрдістерге елдердің қандай деңгейлерде және белсенділікпен
қатысуларына байланысты болмақшы. Жаңа уақыттың ғаламдық саясатының
басты парадигмасы әлем баршаға ортақ. Неге десеңіз, тек халықаралық барша
нысандар үшін баршаның жауапкершілігін орната отыра, әлемнің жаңа саясатын
құруға болады.
Жаһандану үрдістеріне жаңа бағыт пен сипаттар берген бүгінгі
заманғы
ғаламдық саясат өз мазмұнындағы парадигмалық жаңғыруларына саяси және
экономикалық капиталдарды жинап алғандықтан, белсенді демократиялық
елдерге тән алға баса беретін берік ұстанымға толы қуаттарын арттыра
түсуде. Бір сөзбен айтқанда, келешектің ғалымдық саясаты «құрып тынған
мемлекеттердің» емес, керсінше «жаңа заманға бейімделе алған елдердің»
иықтарында орнайтын болады /293.513-515 б/.
Бұл ойларды кездейсоқ деуге болмас. «Бүгінгі заманның жүйесі дағдарыста»
/313.503-515 б/, терең дағдарыстағы елдер өз тоқырауларын түрлі
қаржылық
сілкіністермен, өзге де субьективті себептермен түсіндіреді. Десек те, саясат
пен экономикадағы дағдарыстардың келесідей себептері бар:
– Әлемдік саясат пен экономикадағы теңгерімнің жоқтығы. Әлеуетті
мемлекеттердің бұралаң жолмен дамып келе жатқан әлемдік өндіріс пен
капиталдың тосыннан қорлануынан барынша пайда табуға ұмтылатыны:
– Халықаралық қауіпсіздікті сылтауратып әлеуетті мемлекеттердің арасын-
дағы «күштер теңгерімдерін» көпе көрнеу жалған бақылаған болу:
– Әлемді билеуде бар қуаттарын салып көшбасшылықтан айырылмау және
бұны саяси, экономикалық және әскери қаруға айналдыру:
– Батыс пен өзге де мемлекеттер арасындағы
ертеден қалыптасқан
алыс-берістерді жойып, шиеленістерді одан сайын күрделендіру, отаршыл
сабырсыздықты демократиялық төзімсіздікке ауыстыру.
– Әлемнің «әлсіз нүктелеріндегі» тұрақсыздықты, тұрақсыз және борпылдақ
мемлекеттерді тұрақсыз саяси режимдердің көшбасшы мемлекеттері тарапынан
құрал ретінде пайдалану негізінде өз мүдделеріне жұмылдыру.
– Әлсіз мемлекеттерді экологиялық тұрғыдан қарағанда ауыр саналатын
ымырашыл экономика арқылы әмбебап пайдалануда батылсыздық көрсететін
елдерді ояту.
– Ғаламдық дәрежедегі қаржылық-экономикалық айла-шарғылар, т.б.
Егер әлемнің маңызды әлеуетті орталықтарының ағымдағы экономикалық
дағдарыстар мен қаржылық бұралаңдар мен сілкіністер жайындағы
түсініктемелеріне көз салып отырар болсақ, егер әлем дағдарысқа шым батып
кеткен болса, неге әлемде миллиардерлер саны өсе түсуде деген заңды сауал
туындайды. Ендеше, дағдарыстың көздері әлемдік
кеңістіктегі теңізсіздік
пен үндестіктің бұзылуында жатқан болар. Кедейлерді кедейлендіре түсетін,
байларды байыта беретін кез келген экономикалық және саяси жүйе күндердің