VI
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
күнінде дағдарысқа ұшырамай қоймайды. Неге десеңіз, өнім өндіру мен оны
тұтынудың арасындағы кереғарлықтар түптің түбінде қоғамның құлауына
әкеліп соғады. Прогресшіл саяси сана мұны көріп, оны түзетудің баламалы
өркенді жолдарын іздейді. Осыдан барып егеменді саяси субьектілердің-
әлеуетті ұлттық мемлекеттердің қызметтеріне деген сұраныстар артып,
дағдарыстарды тудыратын үрдістерге тежеу салынып, ғаламдық саясаттың
оң бағыттарды ұстанған жаңғыруларына жол ашыла береді. Осы баламалы
үрдістерде әлемнің саяси құрылымдары жаңа қалыпқа көшіп, ынтымақтастық
ықпалдары арта түседі. Сонымен, тарихи-саяси уақыт үшін мына жайлар
маңызды бола түспек:«Ақиқи саяси мемлекеттердің» ұлттық мүдделерін мүлдем
жауып тастауды көбейтіп, «ғаламды әлеует орталықтарының» /294.101-102 б/
пирамидалды жүйесіне тосқауыл қоюға тырысатын «Вестфальдық халықаралық
жүйенің» керексіздігін мойындау /244.5-6 б/ «Модернизм» аталатын орталық-
еуропалық тарихи жүйенің өнімдерінің көнергендігін тану/103.563 б/.
Ғаламдық саясаттың сыңарезу және біржақты үлгілерінен бас тарту үшін
Шығыс Еуропаны, Азия мен Еуропаның тегін азыққа айландыратын жалған
саясатқа бастайтын «ғаламдық саясатқа» тосқауыл қойып, «бір полярлы әлемдік
тәртіптің үстемдік либерализміне қатысты қарсы жобаларды» жүзеге асыруды
ойластыру қажеттігі /195.187б/.
– Батыстық бағыттағы әмбебап әлемдік жүйенің фундаменталды
ұстанымдарын әлемнің әмбебап жүйесіне айналдыруға бағытталған қызметтер
жасау:
– Осынау тарихи маңызы бар бетбұрысты жобада Орталық Азия
мемлекеттері орналасқан түркі геосаяси өңірі қазірдің өзінде жаңғыруларға
бет алған үдерістердің қайнаған ортасынан байқалуда. Сондықтан да, осынау
мемлекеттердің еркімен құрылатын Түркі мемлекеттері одағы әлемдік
маңызды жаңғыруларға серпін беретін табысты қозғалыс болатыны ақиқат.
Геосясаи болжамдардың орталығы болса, қазірдің өзінде-ақ, Еуразияның
саяси құрылымдарын өзгертудегі жаңарған түркі мемлекеттерінің шешуі
рөлдерін болжауда /300,91-119 б,289б.156б/. Әрине, Еуразия мен Түркі әлемі
ықылым замандардан бері өзара ажырамас бірлікте болғандықтан, жаңа
саяси, экономикалық және мәдени құрылыста өз орнын тауып, оның терең
демократиялық бастауларында өзінің геосаяси түпқазығында беки түседі. Түркі
әлемге Еуразия дамуының жаңа парадигмасын ұсынуы керек. Ал Еуразия болса,
өз кезегінде өзінің шекарасын ғана емес, болмысын да өзгертуі керек. Ол өзінің
жаңғырған болмысы арқылы ғаламдық саясаттың өркениетті өзгерістерін қолдап,
оған көшбасышы болуы тиіс. Осындай қажеттіліктің нәтижесінде пайда болған
Түркі Мемлекеттері Одағы шығармашыл және жасампаз күш ретінде ғаламдық
саясат пен халықаралық қарым-қатынастардың негізгі түпқазық бағыттарында
өмірге оң өзгерістерді енгізуі қажет. Ол сонымен бірге, үлкен әлеукеттерге
қозғау салып, алдыңғы сапқа маңызды тарихи-саяси мүмкіндіктерді шығаратын
283
Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...
болады. Еуразияда қуатты одақ – Түркі Мемлекеттерінің Одағын құрған
тәуелсіз түркі мемлекеттері өңірдің өзге де мемлекеттерінің оған мүшелікке
өтуіне мүмкіндіктер беруі керек.
– Еуразия өзінің ғаламдық кеңістіктегі орнында толық болмысына көшіп,
әлемдегі ең дамыған мемлекеттер өмір сүретін өңірге айналады;
– Еуроодақ пен Түркі Мемлекеттері Одағы Еуразияның екі аймағындағы
ықпалдастықтың басым бастауларын жасаудағы жұмыстарын аяқтап, тарихи
және жағрапиялық бастауларындағы бірліктерінде олар одақтас егеменді
мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықтардай қарым-қатынастарға
ауысады;
– Халықаралық саясатты адамгершілік қағидаттарына және демократияға
көшіру оның Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік Шығыс Азия құрлықтарында
ырғақты дамуын қамтамасыз етіп, әлемдік экономиканы либерализациялау
мақсаттары бұлжымас іске айналады;
– Түркі Мемлекеттері Одағы өз қызметінде халықаралық қарым-қатынастарды
немқұрайды өзгертпей-ақ, керісінше әлем дамуының стратегиялық үрдістеріне
сай халықаралық құқықтардың ақиқат талаптарына орай өзгертеді;
– Түркі Мемлекеттерінің Одағы Еуразияны барша өркениеттердің ең үлкен
үнқатысу кеңістігіне айналдырып, өзара сенімділіктің шұғыл өркендеуінің,
осынау өркениеттегі мемлекеттердің орнықты дамуының полигонына
айналдырады;
– Осының нәтижесінде Түркі мемлекеттерінің Одағы сөзсіз мойындалып,
әлемдік қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардағы оның саяси маңызы
жоғары баға алып, адамзаттың тарихи дамуының жарқын кезеңі ретінде
бағаланатын болады.
284
Достарыңызбен бөлісу: |